Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тыныс механизмі химизмі реттелуі 1 страница




Ан сарысуы.

Плазма-сарғыш түсті сұйық зат.Оның түсі қанның құрамында әртүрлі бояғыш заттардың(пигменттердің)болуына байланысты(мысалы,жылқыда-лотеин,ірі қарада-кротин,құста-ксантофилл бояғыштары).Плазманың құрамында 90-92пайыз су,8-10пайыз құрғақ зат болады.Құрғақ заттың 6-8пайызы белоктардан тұрады.Плазма белоктары альбумин,глобулин,фибриноген фракцияларына бөлінеді.Плазма белоктарының қызметі әртүрлі.Олар онкостық қысым туғызып,қан құрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Плазма құрамында альбуминдер глобулинмен салыстырғанда,көбірек болады.Олар тек онкостық қысмның тұрақтылығын ғана сақтап қоймай,әртүрлі дәрі-дәрмек препаратттарын,дәрмендәрілерді,гормондарды,бояғыш заттарды тасымалдауда да зор рөл атқарады. Глобулиндерден қанда түрлі қорғағыш заттар түзіліп,олар организм иммунитетін қалыптастырады.Ал фибриноген қанның ұю процесіне қатысады.Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп,ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді.Сондықтан ұйыған қаннан сары түсті сұйық зат бөлінеді,оны қан сарысуы деп атайды.Демек, қан сарысуы-құрамында фибриногені жоқ плазмасы. Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер де (амилаза,липаза,сілтілі фосфатаза,трансаминаза)жатады. Қан плазмасы құрамында несепнәр,несеп қышқылы,пурин негіздері,креатин,амин қышқылдары,аммиак сияқты белок алмасуының өнімдері болады.Бұл қосылыстарды қалдық азот деп атайды.Қан құрамында аз мөлшерде (15-20мг%)гликоген және сүт,пирожүзім,сірке қышқылдары сияқты көмірсулар алмасуының аралық өнімдері болады.Қан плазмасы құрамында майлар мен олардың аралық алмасу өнімдері-глицерин,май қышқылдары да кездеседі.Қандағы майдың мөлшері онша көп болмайды,бірақ азық құрамындағы майдың шамасына қарай оның 0,7пайызға дейін көтерілуі мүмкін.

60. Қан тамырларының қызметтік топтары.

Қан айналым жүйесінің тамырлары құрылысы мен қызметі жағынан әртүрлі болып келеді.Атқаратын қызметіне қарай қан тамырлары амортизациялық(магистральдық),кедергілік,сфинктерлік(қысқыш),алмасу, сыйымдылық және төте(шунттық)тамырлар болып бөлінеді.

Амортизациялық тамырлар деп қанның бірқалыпты,тоқтаусыз жылжуын қамтамасыз етеін ең ірі артерияларды атайды.Бұл тамырлар қабырғасында бірыңғай салалы ет элементтері азырақ,ал оралымды талшықтар көбірек болады.Қан ағынына кедергінің көп мөлшері осы амортизациялық тамырларда қалыптасады.

Кедергілік(резистивтік)тамырлар прекапиллярлық (ұсақ артериялар)және посткапиллярлық(венулалар мен ұсақ веналар)болып бөлінеді.Осы пре- және посткапиллярлық тамырлардағы тонустың мөлшеріне қарай капиллярлардағы гидростатикалық және фильтациялық қысым деңгейі,демек,тамыр мен ұлпалар арасындағы сұйықтардың алмасу қарқыны қалыптасады.Тамырлардағы шеткі кедергілердің негізгі бөлігі (шамаамен 2/3)осы резистивтік тамырларда туындайды.Бұл тамырлардың физиологиялық күйіне қарай органдардан өтетін қан мөлшері өзгеріп отырады.Кедергілік тамырлар симпатикалық жүйкелермен мықтырақ жүйкеленеді және олардың ет қабығы қалың келеді.

Сфинктерлік (қысқыш) тамырларға прекапиллярлық артериолалардың соңғы бөлімдері жатады.Олардың жиырылуы не босаңсуы нәтижесінде қызметке қосылатын капиллярлар саны,алмасу кеңістігінң аумағы өзгеріп отырады.

Алмасу тамырлары деп нағыз капиллярларды атайды.Бұл қан айналым жүйесінің маңызды бөлігі.Капиллярлар қабырғасы арқылы қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасу процесі жүреді.Капиллярлар қабырғасында бірыңғай салалы ет талшықтары болмайды,сондықтан олар өздігінен жиырыла алмайды.

Сыйымдылық тамырларына қан айналым жүйесінің вена бөлімі жатады.Олар бүкіл денедегі қанның 2/3 бөлігін сыйдыра алады.Қан айналым жүйесіндегі жалпы кедергіні түзуде олардың үлесі аз.Кейбір веналар (мысалы,бауыр мен тері веналары)анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты қойма (депо) рөлін атқарады.

Төте (шунттық) тамырларға капиллярларға жетпей артерия мен вена тамырларын жалғастыратын анастомоздар жатады.Бұл тамырлар жұмысқа қосылғанда капиллярлар арқылы өтетін қан мөлшері күрт төмендейді,не мүлдем тоқтайды,веналар арнасында қысым жоғарылап,қанның венамен жылжу жылдамдығы артады.

Денеде қанды таратуда,тамырлар жүйесіндегі қысымды қалыптастыруда магистральдық және кедергілік тамырлар маңызды рөл атқарады.Ал ұсақ артериялар,артелиолалар,метартериолалар,капиллярлар,венулалар,ұсақ веналар мен төте тамырлар микроайналымдық арна құрайды. Микроайналымдық арнаға лимфа капиллярларын да жатқызуға болады.

Транскапиллярлық алмасу немесе қан мен ұлпалық сұйық арасындағы зат алмасу негізінен капиллярлар торабында жүреді.Капиллярлар қабырғасы жұқа дәнекер ұлпалы мембранада орналасқан бір қабат эндотелийлік торшадан құралған.Денедегі капиллярлардың жалпы саны жүздеген миллион,сондықтан жеке капиллярлар ұзындығы0,3-0,7мм,диаметрі 5-20мкм болғанымен,олардың жалпы ұзындығы жүз мың километрге жетеді.Бұл мөлшер жер экваторының ұзындығынан 2,5есе көп.

61.Қанның тамырлармен ағу ерекшеліктері және жылжу ерекшеліктері.

Қан қолқа мен өкпе артериясына тек қан қарыншалар жиырылған сәтте ғана қуылады.Қанның артерияларға оқтын-оқтын айдалуына қарамай,тамырларда қан ағысы толастамай біркелкі жүреді.Себебі артерияларға қуылған қанның әсерінен тамырлардың қабырғасы керіліп,жүрек босансыған кеде тамыр абырғалрының серпімділігін арттырып,тамыр бойымен жылжиды.Қарыншалар жиырылған кезде қанның ағысы жылдамдайды.Тек жүрекек жақын орналасқан артериялар да ғана қан толқынды сипатпен шапшыа ағады,ал жүректен алшақ орналасқан тамырларда ол үзілмей бір сыдырғы жылжиды.Қанның толқын тәрізді сипатта шапшып,іркіліп-іркіліп ағуы тек жүрекке жақын орналасқан тамырларда ғана байқалады.Тамырлар жүректен алыстаған сайын қан үзілмей ағады.Организмде қан ағысының көлемдік және сызықтық жылдамдығы болады.Көлемдік жылдамдық деп белгілі бір уақыт ішінде қан тамырлары арқылы өткен қан мөлшерін айтады(мл/c).Қан айналым жүйесі тұйық жүйе болғандықтан көлемдік жылдамдық өзгермейді.Қолқадан қанша қан өтсе,сонша қан артериялардан,капилярлардан,веналарданда өтіп үлгереді.Бір минут ішінде сол жақ қарыншадан қанша мөлшерде қан айдалса,сонша мөлшерде ол оң жақ жүрекшеге оралады.Қан ағысының сызықтық жылдамдығы деп қанның белгілібір уақыт ішінде өткен жолын айтады.Оны Людвинг сағатымен анықтайды.Көлемдік жылдамдық см/сек немесе мм/сек өлшемімен бейнеленеді.Қан ағысының сызықтық жылдамдығы(v) мен көлемдік жылдамдықтың(s) қан тамырларының көлденең қиындысына қатынасымен анықталады.Осы формуланы ламинарлық (латынша lamina-табақша)ағыспен сипатталатын тамырлар үшін ғана қолданады.Тамырда сұйыққабаттары бір-бірімен араласпай жылжитын болса,онда ол бірсыдырғы(ламинарлық) ағыс д.а.Қанның ағысы күрт жылдамдаса,арнада иірімдер пайдаболып,қанның түрлі қабаттары бір-бірімен араласып кетуін иірімді(турбуленттік)ағыс д.а.Латынша (turbelentos-ретсіз).Жануарлар денесіндегі қан ағысы ламинарлық ағысқа жатады.Қан ағысының сызықтық жылдамдығы тамырлардың көлденең қиындысына кері пропорционал.Тамырдың көлденең қиындысы үлкенйген сайын сызықтық жылдамдық азаяды,ал ол кішірейсе өседі.Капиллярлардың көлденең қиындыларының жалпы қосындысы қолқа қиындысынан 700-800 есе көп.Қанның толық айналым мерзімі деп қанның белгілі бір бөлігінің үлкен және кіші қан айналым шңберлерінен өтуіне қажет уақытты айтады.Минутына жүрек 60-80рет соғатын болса,бұл уақыт 22-24с немесе 26-27 жүрек айналымының уақытына тең.Қанның толық айналым мерзімін қанға залалсыз бояулар.радиоактивті заттар,тыныс орталығын қоздыратын препараттар (лобилин,циттитон)жіберу арқылы анықтайды.

61.Қан торшаларының түзілуі және қан жүйесі қызметінің реттелуі.

Қан организмдегі әртүрлі мүшелердің арасындағы байланысын қамтамасыз ететін сұйық ұлпа.Жүйке жүйесі қан құрамындағы қан торшаларының мөлшерін реттеп отыратын “Қан жүйесінің ”қалыпты қызметін қалыптастырады. “Қан жүйесі” деген терминді Г.Ф:Ланг ұсынған.Оған қан торшаларын түзетін,тарататын және бұзатын органдар бірлестігі жатады.Қан торшалар арнаулы мүшелер (сүйек кемігі,көк бауыр,лимфа түйіндері) түзіледі.Сүйек кемігінде-эритроциттер,түйіршікті лейкоциттер және тромбоциттер,,лимфа түйіндері-лимфоциттер,көк бауырда-моноциттер түзіледі.Барлық қан торшаларының дамуы гемоцибласт атты торшадан бастау алады.Сүйек кемігінде гемоцибласт торшаларының бір бөлігі эритропоэтин деген заттың әсерімен проэритробласт,соңынан эритробласт торшаларына айналады.Рибосомадан тұратын эритробласт түйіршіктерінде гемоглобин жинақталып,оның ядросы кішірейеді де,ол нормобластқа айналады.Гем түзу процесінде ферритин және сидерофилин белоктарының құрамындағы темір пайдаланылады.Нормобласттардың ядросы кішірейіп,олар цитоплазмасында базофильді заттары бар торшаларға –ретикулоциттерге айналады.Ретикулоциттер қанға түсіп,бірнеше сағаттың ішінде жетіліп.базофильді заттарын жоғалтады да эритроцитке айналады.Тәулігінде 200-250млрд эритроцит түзіледі.Олар орта есеппен 120 күн тіршілік етді де,бауыр мен көк бауырда бұзылады.Эритроциттердің түзілуі (эритропоэз)бүйректе түзілетін эритропоэтин деген затпен реттеледі.Эритропоэз жыныс бездерінің гормондары (тесторен,эстроген)бүйрек үсті безінің қыртысты затының (кортизон,дезоксикортикостерон)және қалқаншабез гормондарының әсерімен күшейеді.Эритропоэз дұрыс жүру үшін организм жеткілікті мөлшерде белок пен минералды заттарды қабылдау керек.Гемоглобин түзу процесі дұрыс жүру үшін тирозин,фениланин,пролин сияқты аминқышқылдары да қажет.Сүйек кемігінде гемоцитопласттың бірбөлігі алдымен промиэлоцитке,содан соң миэлицитке айналып,олардан базофильдер,эозинофильдер,нейтрофильдер түзіледі.Гемоцитобласттың бір бөлігі лимфобласт,содан соң пролимфоцит сатыларынын өтіп,лимфоцитке айналады.Гемоцитобласттың бір бөлігі торлы эндотелий жүйесінде промоноцитке айналып,одан моноцит түзіледі.Сүйек кемігінде гемоцитобласттың бір бөлігі мегакариобластқа,одан промегакариоцитке айналады.Соңғы торшадан мегакариоцит түзіліп,ол тромбоцитке айналады.Қан плазмасы құрамында тромбопоэтин деген зат болатынын анықталды.Қан құрамындағы торшалар саны орталық жүйке жүйесінің қатысуымен де реттеді.XIX ғасырдың 80-жылдарында С.П.Боткин зертханасында иттің сүйек кеміктерінде баратын жүйкелерді тітіркендіргенде қан құрамындағы эритроциттер саны көбейетіні анықталған болатын.Симпатикалық жүйке қан торшаларының түзілуін күшейтіп парасимпатикалық жүйке әлсіретеді.Вегетативтік жүйке жүйесінің қанның түзілуіне әсері әртүрлі.

 

63.Қозғыш ұлпалар физиологиясы, жалпы сипатттамасы

Эфолюциялық даму кезеңінде түрлі үлпалар терең жіктеліп жүйке оргондар белгілі бір қызмет атұаруға машықтанады.Осынық нәтижесінде биологияның негізгі талабының бірі- организиммен сырқы ортаның бір тұтастығын сақтау заңдылығы жүзеге асады. Сыртұы орта жағдайлары үздіксіз өзгеріп отырады, сондықтан бұл заңдылықты сақтау үшін организм қоршаған орта жағдайларына бейімделуге мәжбүр болады. Мұндай бейімделу процесі тірі құрылымдардың физиологиялық қасиеттерімен әрекеттерінің өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады.Өз ретінде организмде жүретін құбылыстар негізінде өозу және тежелу процестері жатады. Бұл екі физиологиялық процестің ұлпармен орандардағы арақатынасынан бүкіл организмнцің тіршілік әрекеті қалыптасады.

Филогенездік даму кезінде тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайына бейімделуінің нәтижесі ретінде ерекше Қозғыш ұлпалар -жұйке, ет,без ұлпалары пайда болады. Бұл қоздырғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде:физиологиялық тыныштық, қозу және тежеу жағдайында болуы мумкін.

64.Қозғыштық табалдырығы, тиімді мерзім, хронакция, құбылмалылық – лабильдік

Қозғыш ұлпаларғақозғыштықпен қатар финкционалды құбылмалық қасиеті тән. Оны 1982 жылы әр-түрлі ырғақты тітіркендірудің жүйке ет препаратына әсерін зерртеу үстінде орыс ғалымы Н.Е.Введенский ашқан.Лабильділік немесе фукционалдық құбылмалық деп ұлпада дара қозу тітіркенісінің пайда болып және өшіп үлгеру шапшаңдығын айтады.

Қ ұбылмалылық лабильділік бірлігі деп 1 с ішінде тітіркендіруге жауап ретінде ұлпада пайда болып үлгеретін тітіркеністің еғ көп шамасын айтады Жоғары құбылмалылық миелінді тұлғалық жүйкелерге,иал төменгі құбылмалылық миелінсіз вегетативтік жүйкелерге тән.Тұлғалық жүйкелерде 1 с ішінде 500 тітіркеніс,ипайда болып үлгерсе вегетативтік жүйкеде 200ғана импульс туындайды. Қанқа еттерінің құбылмалылығы бірыңғай салалы етпен салыстырғанда жоғары. Мысалы қаңқа еттерінде сикундыны 200 импульс туындай алатын болса бірінғай салалы еттерде бұл көрсеткіш 10 есе кем.Организмнің өсіп-дамитын кезеңдерінде құбылмалылық жоғарылайды, қартая келе төмендейді.

65.Қозғыштық, қозу

Жануарлар ұлпасына тітіркеніштік қасиетпен қатар Қозғыштық тән. Қозғыштық деп тірі құрылымдардың тітіргендіруге өзіне тән телімді реакциямен таралатын әрекет потенциялымен жауап беруін айтады

Қозу деп тітіркендіру салдарынан тірі ұлпалардың әрекетті, белсенді белгілі бір қызмет атқара алатындай жағдайға келуін айтады. Қозу түрлі физикалық- химиялық, фукционалдық өзгерістер жиынтығынан тұратын күрделі биологиялық реакция. Қозу тек тірі ұлпаларға, тірі организмдерге тән қасиет.Организмде қозғыштық қасиет жойылса, торшалардың қызметі бұзылып тіршілік тоқтайды.

Қозу процесіне әртүрлі өзіндік және жалпылама белгілер тән.Қозған ұлпаларда алдымен жалпылама белгілері сезіледі.Мысалы,зат алмасу процесі күшейеді,оның химиялық құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерінде сандық және сапалық өзгерістер пайда болады.Бұлшық етпен жүйкелер қозғанда мембрана бетімен жайыла таралатын электр тоғы пайда болады.Осымен байланысты мембрана бейкейінің электрлік зарядының өзгеруі қозу процесінің бір белгісі болып табылады.

Қозудың телімді белгісі әрбір органның өзіне тән қызмет әрекетімен бейнеленеді.Мысалы,қозған ет талшықтары жыйырылады,без ұлпасы секрет бөледі,жүйке талшықтарында тітіркеніс болады.

66.Қозу, тежелу үдерістерінің байланысы

Қозу- толқын сипатта таралатын процес.Ұлпаның бір жерінде пайда болған қозу оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке ұлпаларында қозу электірлік жолмен, әрекет потенциялы түрінде таралады. Ұлпаның бір торшасында немесе бір жерінде пайда болған әреккет потенциялы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді.

Тежелу тірі құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу процесіде тірі ұлпаның тітіркендіргіштерге белсенді реакциясы нәтижесінде қалыптасады. Тежелу кезінде ұлпалармен ағзаларға тән әрекеттер толастайды.

Тежелу процсі өзінің сыртқы белгілері жағынан физиологиялық тыныштыққа ұқсас.Бұл екі жағдайда да органдардың әрекеті байқалмайды,тоқтайды.Бірақ бұл екі күйдің арасында күшті ішкі айырмашылық бар:тежелу кезінде органдардың қозғыштығы лабльділік күрт төмендейді,теріс шыңды потенциялық тіркеледі.Тежелу процесі қозу процесімен бірлесе отырып тірі құрылымдардың сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.

67. Қозуды өткізу заңдары

Жүйке талшықтары қозу импульсн белгілі заңдылықтарға сәйкес өткізеді. Қозу толқыны жүйке талшығы тұтас және оның мембранасының иондық орналарының фукцияналдық белсенділігі қалыпты күйде болғанда ғана өткізіледі. Бұл- жүйке талшыұтарының тұтастық заңдылығы. Жүйке талшықтарының тұтастығы бұзылса немесе оның натри иондарынва арналған арналары істен шығарылса қозу толқыны өткізілмейді.

Қозу толқыны жүйкенің тітіркенген жерінен екі бағытта таралады. Бұл-жүйке талшықтарында қозуды қос бағытта өткізу заңдылығы. Бұл құбылыс жүйке құрамыында орталыққа тепкіш және орталықтан теккіш талшықтардың болуымен байланысты. Ет талшықтарыда қозуды тітіркенген жерден қос бағытта өткізеді.

Қозу толқыны бір жүйке талшығынан көршілес талшыққа берілмейді. Бұл қозуды жеке -дара өткізу заңдылығы. Жүйке талшықтарының бұл қасиетті оларды қоршап тұрған миелин қабығының болуына байланысты. Миелинсіз талшықтарда аталған құбыдлыс оларды қоршап тұрған сұйық кедергісінің төмендігімен байланысты. Осының натижесінде айналымды тоқтың негізгі тұзақтары көршілес талшықтарға жетпей торша аралық сұйық арқылы жайылып кетеді

68.Қозудың жүйке-ет синапсы арқылы өтуі

Қозу толқыны жүйке талшықтарынан атқарушы құрылымдарға-ет,без торшаларына жалғама(синапс)арқылы беріледі.

Синапс(грекше sinapsis-жалғау) деп қозуды немесе тежеуді біржақты өткізетін торша аралық үзілмелі байланыс.Олар бірнеше принципке жіктеледі:орналасу орнына қарай орталық және шалғай,қызметіне қарай қоздырғыш және тежеуші,қозудың өткізуіне қарай химиялық,электрлік,аралас,бөлетін медиаторлар табиғатына қарай-холинергиялық,адренэргиялық болып бөлінеді.Синапс үш бөліктен тұрады:алдыңғы шептік-пресинапстық,артқы шептік-постсинапстық мембраналардан және синапс саңылауынан тұрады.

Аяқталар жерінде аксон ұшы миелин жоғалтып,сәл жуандайды да,көптеген тарамдар түзілуін пресинапстық мембрана деп атайды.Оның ішінде митохондриялар мен медиаторлы көпіршіктер болады.Осы ет талшықтары мембранамен түйіскенде ойыстар мен қатпарлар пайда болады.Атқарушы орган торшалары мембранасының осы бөлігін постсинапстық мембрана,ал пресинапстық және постсинапстық мембраналар арасында ені 50нм кеңістік-синапстық саңылау д.а.Ет талшығының сиеһнапс түзуге қатысатын аймағын шеткей әрекет табақшасы д.а.

69.Қозудың рецепторларда туындауы және олардан таралуы

Рецепторлар(латынша recepio-қабылдау) деп ішкі және сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдап,жүйке импульстеріне айналдыратын арнаулы сезімтал жүйке ұштары.Рецепторлар сезім жүйесінің бастапқы буының құрайды.Олар тітіркеніс жүйке талшықтары арқылы импульс түрінде оарталық жүйке жүйесінің нейрондарына жетіп,талдаудан өтеді.Орналасу орнына қарай:сыртқы-экстеро,ішкі-интеро болып бөлінеді.Экстерорецепторлар тітіркендіруді қабылдау ерекшеліктеріне байланысты алшақтық(дистанциялық) және жанаспалы(контактық).Алшақтық-тітіркендіргіш әсерін белгілі бір арақашықтықтан қабылдай алады(көру,есту,иіс).Жанаспалы-тітіркендіргіштермен тікелеі жанасқанда ғана қозады.Интерорецепторларды ішкі ағзалардың бұлщықеттері құрайды.Мамандану сипатына қарай рецепторлар фото-,механо-,хемо- және ноциререцопторлар болып бөлінеді.Қозу ерекшеліктеріне қарай тікелей сезінетін(тері,бұлшықет,ішкі ағза,иіс талдағыштары,әсерді тікелей қабылдайды)және сатылы сезінетін (арнаулы маманданған эпителийлік немесе глиялық рецепциялық торшалар арқылы қабылдайды)болып бөлінеді.

70.Қоректік заттарды сіңіру

Сіңіру деп әртүрлі заттардың торшалар қабаты мен торша аралақ кеңістіктер арқылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесс.Ол дененің барлық ұлпасында орын алып,құрылымы мен қызметі жаңынан ас қорыту жолының эпителийі жақсы дамыған.Сіңіру процесін қамтамасыз етуде торша мембранасы мен торшааралық заттар маңызды рөл атқарады.Торшалардың белоклипидті мембраналар арқылы су,көмірқышқыл,оттегі,аммиак,түрлі дәрілер,бөгде заттар сіңеді.Осыған байланысты Дюбуа-Рейман сіңіруді физикалық-химиялық құбылыс деген.

Қоректік заттарды сіңіру процесі 3жолмен жүреді.Кейбір заттар ішек қуысынан қанға не лимфаға ықпалды тасымалдау нәтижесінде өз концентрацияларының айырмасына байланысты(осмос,сүзілу,диффузия)Қоректік заттар молекулаларының біраз бөлігі пиноцитоз арқылы сіңеді.Оларды жеке торшалар сіңіріп,одан әрі өзімен бірге ішек қабырғасына алып өтеді.Пиноцитоз құбылысы жаңа туған төлдерде жақсы байқалады.Бұл процестегі ең күрделі құбылыс-заттардың мембраналар арқылы тасымалдануы.А.М.Уголев энтероциттің апикальдық мембранасында бір-бірімен жанаса орналасқан ас қорыту ферменті мен тасымалдаушыдан құралған ас қорыту ансамблі болатыны жайлы болжам жасады.Бұл процесс мына ретпен жүреді:ыдрау өнімдерінің молекуласы энтероцит мембранасына сіңеді,тасымалдаушы белокпен байланысып,тек липидтнриен қосылады.Пайда болған қосылыстар АТФ-пен белсендіріп,мембрананың ішкі қабатына ығысып,субстрат пен тасымалдаушыға ажырайды.Табиғи субстраттар-амин қышқылдары,қанттар,пурин және пирамидин негіздері сіңеді.Ауыз қуысында сору процесі жүрмейді,тек кейбір дәрілер сіңеді.Қарында да қарқынды жүрмейді,кейде су,минералды заттар,глюкоза,спирт сіңеді.Алдыңғы қарында қатпаршақта ҰМҚ қарқынды сорылады.Мес қарында аммиак,несепнәр,калий,хлор,фосфор иондары жақсы сіңеді.Қоректік заттар негізінен аш ішекте сорылады.Ішек бүрлері пішіні жағынан адамның саусағына ұқсас,биіктігі 0,2-1мм.Кілегейлі қабықтың 1 мм2-20-40ал 1см22500-ға дейін бүр болады.Ішек бүрлерінің жалпы ауданы сиырда 17м2,жылқыда-12 м2,итте-0,52 м2 жетеді.Азотты заттар ішектен негізінениамин қышқылдар,кейде майда молекулалы полипептидтер түрінде қанға сіңіріледі.Аминқышқылдардың сіңу жылдамдығы әртүрлі.Көмірсулар қанға глюкоза,фруктоза,галактоза және мальтоза түрінде сіңіп отырады.Майлар глицерин мен май қышқылдары,не май эмульциясы түрінде сіңіріледі.Глицерин суда жақсы еритіндіктен,оңай сіңіріледі.Май қыщқылдары суда ерімейді,сіңіру үшін өт қышқылдары қажет.Су ас қорыту жолының барлық бөлігінде сорылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 143; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.044 сек.