Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тыныс механизмі химизмі реттелуі 3 страница




Синапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңлауы және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады.

Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор - делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс с а ң л а у ы болады. Ол - клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады.

Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда амин май қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады.

Әрбір нерв клеткаларында көптеген тежеуші және қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв әрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп, синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады.Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.Нервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ т а р ьі деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.

Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бұл талшықтар арқылы қозудың өту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: І мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе а фференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Жүйкенің көпшілігі аралас нервтерден тұрады. Оның құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады.

79. Ми қыртысы жеке бөлімдерінің құрылымдық ерекшеліктері мен қызметі.

Ми,сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

Ми бөлімдерінің қызметі: Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.

Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.

Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.

Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.

Артқы ми - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінің өткізгіш доғасы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.

Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).

Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.

80. Ми қыртысындағы тежелу удерісі, түрлері.

И.П. Павлов жеке ағзаның мінез-құлығына тән жүйке үдерістерінің негізгі касиеттерін 3 топка бөліп көрсетті. Оның бірінші қасиеті - қозу мен тежелу үдерістерінің әсер ету күшіне байланысты. Екінші қасиеті - қозу мен тежелудің арақатынастарының біріне- бірінің сәйкестігі. Қозу басым болса, тежелу баяу жүреді, кейде керісінше тежелу басым болса, қозу баяу таралады. Үшінші қасиеті жүйке үдерістерінің қозғалғыштығына сәйкес жүзеге асады. Бұл қозу мен тежелудің бір-біріне алмасу жылдамдығы бойынша анықталады.

И.П. Павлов жүйке үдерістерінің қасиеттеріне сүйене отырып, жоғары жүйке қызметін 4 топқа (типке) бөлді:

1. Ширақ топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда қозу мен

тежелудің күші шамалас. Қозу мен тежелудің біріне-бірінің алмасуы тез жүреді. Оларды сангвиниктер (пысық, еті тірі, жарқын жүзді) деп атайды. Оларға тән қасиеттер - салмақты, сенгіш, сезімтал, өзін бірқалыпты ұстай біледі. Жұмыс істеуге кабілетті, жігерлі, елгезек, ашуы тез тарқайды. Ұстамдылығы басым. Қиындыққа төзімді әрі оны жеңе біледі. Көңіл күйі өте өсершіл.

2. Салмақты, байсалды топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда

қозудың күші айқын басымдылык көрсетеді. Тежелу үдерісі де айқын әрі күшті жүреді. Оларды флегматиктер (салбыр мінезді) деп атайды. Олар сылбыр, көңіл күйі айқын байқалмайды, бірақ жұмысқа қабілетті, шыдамды, ұстамды, көбінесе тұйық болады. Өзіне сенеді, ісі тындырымды. Бос сөзді ұнатпайды.

3. Ұстамсыздау топ. Оларда қозу үдерісі өте күшті жүреді, қозу

ми қыртысына кеңінен таралады. Тежелу үдерісі баяу жүреді, яғни қозу тежелуден басым болады. Мұндай жүйке жүйесінің тобына жататын адамдарды холериктер (қызу қанды) деп атайды. Олар өте ширақ, бірақ салмақты емес, ұшқалақ, көбіне ызақор, кекшіл, айтқанынан кетпейтін бірбеткей болады. Бірақ адамдармен тез тіл табады.

4. Әлсіз (сылбыр) топ - қозудың күші әлсіз, ми қыртысының қызметі төмен деңгейде жүреді. Әлсіз тітіркендіргіштің әсерінен-ақ тежелу байқалады. Осындай жүйке жүйесі бар адамдарды меланхоликтер (уайымшыл, мұңды) деп атайды. Олардың психикалық

белсенділігі айқын байқалмайды, баяу қозғалады. Өте сезімтал, тез ренжиді, өзіне өзі сенбейді, әрі тұйық, көңіл күйі бірқалыпты болғанымен, сырттай көрінісі көзге байқалмайды. Олар сылбыр, сөзге, сараң, жасқаншақ, ұялшақ, кекшіл, уайымшыл. Бірақ бастаған ісін аяғына жеткізуге тырысады. Өзін көпшіліктен аулақ ұстауға тырысады.

81. Мидың лимбикалық жүйесі, оның құрылысы, қызметі гомеостазды реттеуге, ішкі ағзалар қызметін реттеуге, организм реакцияларының тұтастығын қалыптастыруға қатысуы.

Лимбиялық жүйе латынның limbus— жиек деген сөзіне алынған. Өйткені бұл жүйеге жаңа ми қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршаған құрылымдар жатады. Олардың көбі ми сыңарларының ішкі бетінде сүйелді дененің жан- жағында орналасқан: белдеуші қатпар (gyruscinguli) теңіз жылқысы қатпары (gyrus hippocampi), миндаль, миндаль тәрізді комплекс, күмбез(fornix), гиппокамп, маммилярлық дене. Бұл құрылымдарды 1878 жылы лимбиялық қыртыс деп атаған. 1952 жылы П. Д. Мак- Лин оларды бір лимбиялық жүйеге біріктірді. Лимбиялық жүйенің ең көрнекті қызиеттерінің бірі ішкі ортаның тұрақтылығын және жануарлардың белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы әсерленістерін сақтау. Лимбиялық жүйенің әрбір бөлігін жеке тітіркендірсе түрлі вегетативтік функциялар, ішкі ағзалардың қызметі өзгереді. Мысалы, миндаль тәрәзді комплексті тітіркендіргенде жүректің соғу жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар тонусы өзгереді. Ас қорыту ағзаларының қызметі, ішек қимылы, сілекей бөлінуі көбейіп, шайнау, жұту қимылдары пайда болады. Мұнымен қатар, қуық, жатыр жиырылады. Мұндай өзгерістер лимбиялық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гиппокампын алып тастаса, жақын арада болған барлық оқиғалар естен шығып, ұмытылады. Ал операция кезінде бұл құрылым тітіркендірсе, бірден тез өтетін оқиғалар еске түседі. Кейбір жасөспірімдерге тән агрессивтілік пен мазасыздық миды көңіл- күйді реттеуге қатысатын лимбикалық жүйесінің құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Австралия зерттеушілері анықтаған ондай жасөспірімдер үшін миндальды дене мөлшерінің үлкеюі тән. Мельбурнск университетінің мамандары жүргізген зерттеулерде 11- 14 жастағы 137 ұл балалар мен қыз балалар қатысқан. Жасөспірімдер мен лоардың ата- аналарына қйқыға өту уақыты, интернетке қосылуды шектеу және үйдегі жұмыстар сияқты тақырыптарды талқылауды ұсынды. Қатысушылар тәртібі, әсіресе агрессивтілік және мазасыздық сияқты параметрлер арнайы көрсеткіш көмегімен бағаланған. Артынан жасөспірімдерге магнитті- резонансты зерттеулер (МРТ) жүргізді, оның барысында лимбикалық жүйеге жататын құрылымдар жағдайы бағаланды. Анықталған, агрессивті науқастарда импульсивтілікке жауап беретін миндаль тәрізді дененің үлкеюі екі жақтан байқалды. Сонымен қатар қыртыстың алдыңғы бөлігіндегі бел иірімі мөлшері кішіреюі, ұлдарда сол жақ жарты шарлардың орбитофронтальды қыртысының кішіреюі агрессиямен қатар дисфориямен ассоцирленген жоғары мазасыздық, ызалы немесе қайғылы көңіл күй. Көптеген зерттеушілердің ойынша жасөспірімдердің өз эмоциясы мен тәртібін бақылай алмауы сәйкес ми құрылымдарының толық жетілмеуімен түсіндіріледі. Зерттеулер басқарушысы Николас Аленнің айтуыншаолардың толық жетілуі тек 20 жасқа қарай болады. Зерттеушілер ойынша, дегенмен кейбір балаларда бұл параметрлер қалыпты жағдайға келмей қалуы мүмкін деген күдк бар. Ересек жаста миндаль тәрізді дене үлкеюі және бел иірімі қыртысының алдыңғы бөлігі мен орбитофронтальді қыртыстың асимметриясы психиканың әртүрлі бұзылыстарымен, әсіресе депрессия, мазасыздық және тұлға бұзылыстары мен байланысты. Қорыта келгенде, лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен қосылып организмнің вегатативтік және сомалық қызметтерін реттеу, үйлестіру жұмыстарына қатысады

82.Нейрон Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Синапстар арқылы қозу бір нейроннан екінші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір-бірімен байланысқан кезде бір нейронның ақсоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады. Екінші нейронның дендриті қозуды қабылдап өзінің денесіне әкеледі, қозу ары қарай аксонның бойымен жылжып кете береді. Егер синапс нейронмен бұлшық етті немесе без жасушаларын байланыстыратын болса, нейроннан келген қозу бұлшық еттің жиырылуына, ал бездің секреттің бөлініп шығуына әкеліп соғады.

Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай нейрондар 3 түрлі болады:

cезгіш (бұлар рецепторлер қызметін атқарып қозуды сезім мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді)

байланыстырғыш (қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нерондарға өткізеді)

қозғалтқыш (қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді)

Нейрон дегеніміз жүйке жасушасы. Ол жүйке жүйесі құрамындығы жеке бөлік, сол жүйенің морфоәрекеттік негізі.Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан – жақты қоршайтын құрылым. Нейрондар пішіні көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болсада да, ол дене және өсінділерден тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа жасушаларға тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид заттар болады. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның, ұзын ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір таксон, бірнеше дендрит болады. Дендрит аксонға қарағанда көп тармақты болып келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон төмпещігінің қозу қабілеті өте жоғары.

Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды айтады. Глия грек сөзі желім деген мағынада. расында да олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады.глиондар екі түрлі – астроциттер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара түйіспелер құрайды.

Синапс дегеніміз - нейронның бұлшық ет талшықтарымен түйіскен жері. Жүйке синапсын - нейронның қысқа өсінділері түзіледі. Безді синапс. Синапс арқылы сигналдардың берілуі химиялық заттар - медиаторлар арқылы іске асады. Жүйке импулстарының жүру жылдамдығы 0, 5 - тен 120 м/сек жылдамдықпен жүреді. Синапстар қоздырушы, екіншісі тежеуші. Синапстар зақымданатын болса нейрон қаншалықты қозады, ол жүйке жүйесіне берілмейді.

83. Оптимиум, пессимум. Жұмыс үстінде бастапқы деңгеймен салыстырғанда, құбылмалылықтың жоғарылай н/е төмендей өзгеруін Ухтомский ырғақ игеру д.а. Н.Е. Введенский тәжірбиелері жүйке-ет препаратының жүйкесін сирек ырғақпен тітіркендіргенде еттің күшті жиырылатынын дәлелдеген. Осындай ұлпа әрекеті үшін тиімді тітіркендіру ырғағы оптимальды ырғақ д.а. (лат.тіл-өте жақсы деген мағына). Ұлпаны мұндай ырғақпен тітіркендіргенде әрбір жаңа қозу импульсі экзальтация сатысында туындайды. Қозудың оптимальды ырғағы максимальды ырғақтан бірнеше есе кем. Мысалы, бақаның қозғағыш жүйкесі үшін максимальды ырғақ секундына 500, ал оптимальды ырғақ 100-150 тітіркендіруге тең, балтыр еті үшін бұл көрсеткіштер тиісінше, 120-150 ж/е 30-50 тітіркендіруге тең. Ұлпаға жиілігі оптимальды ырғақтан асып кететін тітіркендіргішпен әсер еткенде жауап реакция әлсірейді н/е тітіркендіруге жауап қайтарылмайды. Тітіркендірудің мұндай ырғағын пессимумдік ырғақ д.а.(лат.тіл-өте нашар деген мағына). Пессимум-тітіркендіру жиілігі құбылмалылық шегінен асып кеткенде байқалады. Мұндай жағдайда бірінші тітіркендіргіш әсерімен ұлпа қозады да, келесі тітіркендіргіш әсері оның абсолюттік рефрактерлік күйге өткен кезімен тұстас келіп отырады. Сондықтан бұл тітіркендіргішке ұлпа жауап қайтармайды. Оптимум ж/е пессимум құбылыстары барлық ұлпаларға тән жалпы биологиялық қасиет. Бапты тітіркендіру ұлпалар реакциясына оптимальды ықпал жасаса, күші, жиілігі, әсер мерзімі шектен артып кеткен тітіркендіргіштер пессимальды реакциялар тудырады. Оптимум мен пессимум құбылыстары тек қимыл әрекет-де ғана емес, секрециялық процес-де, жүрек-тамыр жүйесінің қызметінде де байқалады.

84. Ор(7)р. Организм дегеніміз-сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біттұтас жеке бөлшегі. Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады. Қоректену ерекшеліктеріне қарай организм автотрофты ж/е гетеротофты болып екіге бөл-ді. Автотрофты организм-ге жасыл өсімдіктер, бактериялардың кейбір түрлері жатады. Энергияны күн сәулесінен алады. Гететрофты организм-ге жануарлар, саңырауқұлақтар, әртүрлі микроорганизмдер жатады. Олар белоктар, майлар, көмірсулар, витамин сияқты органикалық қосылыстармен қоректенеді. Организм бір және көп торшалы болып бөл-ді. Бір торшалыларда: ядро,цитоплазма,вакуольдер,торша қабығы пайда болады. Көп торшалы организм-де эволюциялық даму процесі барысында торша-р тереңірек жіктеліп, олардың көлемінде, пішінінде, құрылысында, қызметінде өзіндік ерекшелік-і пайда болады. Бір деңгейде жіктелген торша-дан құрылысы мен қызметі біркелкі, тектес торша-р жиынтығы-ұлпалар(эпителий, дәнекер, ет, жүйке ұ.)пайда болады. Организм дамуының белгілі бір сатысында әртүрлі ұлпалар жиынтығынан мүшелер пайда болды. Организмде белгілі бір тіршілік әрекетін атқаратын мүшелер жиынтығынан құралған анатомиялық н/е функ-лық бірлекстік- мүшелер жүйесі д.а. Сыртқы ортамен байланысы. Ол сыртқы ортмамен затпен ж/е энергиямен үздіксіз алмасып отырады. Қоршаған ортаның алуан түрлі жағдай-ы-ауа-райы, дымқылдық, азықтың құрамы, жыл мезгілі, температура ауытқу-ы, т.б.себеп-р организмге үздіксіз әсер ете отырып, оның әртүрлі физиол-лық процес-ін – зат алмасу, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.с.с. не күшейтеді, не әлсіретеді.Демек, тіршілік ортасының әсерлеріне организм өзінің физио-лық функция-ын өзгерту негізінде бейімделеді. Сыртқы әсерлерге организм біртұтас жүйе ретінде жауап қайтарғанымен, оның әртүрлі орган-ның қызмет әрекет-і әр дәрежеде өзгереді. Тіршілік ортасының қолайсыз әсерінен организмнің әлсіз торша-ы жойылып, күштілері өніп-өсіп, олардың тіршілік әрекет-і өзгереді де, колайсыз жағдайға төзімділігі артады. Реттелуі. Организмнің айналадағы ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін физио-лық процес-ін реттеудің екі түрі болады: нервтік, гуморальдық.Нервтік реттеу-орталық нерв жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл реттеуге нерв орталықтары, нерв талшықтары мен тармақ-ы қатысады. Нерв жүйесінің негізгі қызметі рефлекс ретінде болады. Рефлекс деп-организмнің тітіркенуге қайтарған жауабы. Гуморальдық реттеу-заттар алмасуынан орган-да, клетка-да пайда болатын заттар қанға түсіп ж/е барлық денеге тарайды. Хим-лық зат-ға жатады-ішкі секреция без-нің гормон-ы, ұлпа гормон-ы, медиатор, қандағы электролиттер. Гуморальдық реттеу нервтік реттеуге қарағанда ерте пайда болған процесс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 335; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.04 сек.