Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тыныс механизмі химизмі реттелуі 5 страница




Темір -организмдер азық құрамында бейорганикалық қосылыс түрінде түседі.Ол денеде гемоглобиннің,миоглобиннің,тотығу-тотықсыздану ферменттері-пероксидаза,оксидазалар,каталаза мен биологиялық тотығу процесін жүргізетін цитохромдық ферменттер құрамында кездеседі.

97-Сүт түзу физиологиясы.

Сүт -күрделі процестер нәтижесінде пайда болатын биологиялық сұйық.Бұл процесс бірнеше сатыда өтеді.1-Сүттің өзіне тән құрамаларын түзу.2-Сүт құрамына енетін заттарды қаннан сүзу.3-түзілген заттардың біраз мөлшерін кері сору.Сүттену кезеңінде екі процесті ажырату керек.олар, уыздану (лактогенез) жане сүттену (лактопоэз).Уыздану деп- буаздықтың соңы мен мал төлдегеннен кейін алғашқы күндерде сүт бездерінде секрециялыұ процестің басталуын айтады.Осы процестің бүкіл сүттену кезеңінде өршіп,жалғасуын сүттену дейді.

Сүттің өзіне тән құрамалары –белоктар,майлар,қант, төрт сатылы процесс нәтижесінде түзіледі1.-желін альвеоларының безді торшаларының қан құрамындағы сүт құрамаларының алғы заттарын сіңіру.2-альвеолалардың секрециялық торшаларында сүттің өзіне тән заттардың түзілуі.3-түзілген заттардың сол торшаның апикальдық бөліктеріне ығысып, жинақталуы.4-олардың без торшаларынан желін альвеолалары қуысына шығарылуы.

Сүт беру –күрделі рефлекстік прцесс. Ол жүйке жүйесімен эндокриндік бездер әрекеті нәтижесінде желін мен организмнің басқа да мүшелерінде жүретін функционалдық өзгерістер жиынтығы түрінде атқарылады. Бұл процесс екі кезеңде-таза жүйкелік және жүйкелі-гуморальдық өтеді. Сүт беру механизмінде окситоцинмен қатар вазопрессин мен ацетилхолиннің де маңызы зор.Оларда миоэпителийді жиырылата алады.

98-Сүттену организм біртұтастық қызметімен байланысы

Сүттену (лактация) - сүттің түзілуін,жиналуын және желіннің мезгіл-мезгіл бөлінуі. Сүттену – күрделі физиологиялық процесс. Ол бүкіл ағзаның көптеген функционалдық жүйелерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде атқарылады. Мысалы: сиыр жылына 305, ешкі 200-300 күн.

Сүттің құрамы өте күрделі. Құрамында белоктар, майлар, 30- дан астам май қышқылдарынан, әртүрлі көмірсулар, 17 витаминдер, ферменттер, 40 шақты минералды заттар болады. Бұл заттар қаннан сүтке еш өзгеріссіз, сүзілу процесі нәтижесінде өтеді.

Сүттенудің физикалық-химиялық қасиеттері: сүт плазмадан және әртүрлі заттар бөлшектерінен тұратын дисперсиялық жүйе. Сүт құрамында қант пен минералды тұздар ерітінді, белоктар мен органикалық тұздар коллоид, ал май ірі дисперсиялық түйіршік түрінде болады.

Қалыпты жағдайда сүт ақ немесе сарғыш түсті, дәмі тәтті биологиялық сұйықтық. Сүттің ақ болуы құрамында майлар эмульсиясы және казеиннің кальцийлі тұзы болуымен байланысты. Сүттің құрамы: белоктар, майлар және көмірсу, минералды зат және мөлшерде су болады. Сүт пен уыз құрамында гликопротеидтер - лактоферрин де кездеседі. Сүттің өзіне тән құрамалары белоктар, май, қанттарды түзу.

Сүттің бөліну екі кезеңде өтеді:

1. Жүйкелік кезеңі – желін рецепторларының тітіркенуінен басталып жұлынға, сопақша миға, гипоталамустың супраоптикалық ядролары мен ми жарты шар қыртысына қозу барады. Қозуға жауап гипоталамустың супраоптикалық трактысы арқылы нейрогипофизге, онан әрі симпатикалық жүйкелер арқылы желінге барады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 1-4 секунд.

2. Нейро-гуморальдық кезең - гипоталамустың супраоптикалық ядроларынан бөлінетін окситоцин гормонымен байланысты. Бұл гормон желін альвеолаларының жиырылдырып, сүттің бөлінуіне тікелей әсер етеді. Сүттің толығымен бөлінуі үшін малды жылдам сауу керек. Себебі, окситоцин гормоны бірнеше минут ішінде қанда окситоциназа ферментінің әсерінен ыдырайды. Сүттің пайда болуына пролактин, самототропин, тиреотропин мен АКТГ сияқты аденогипофиздің гормондары әсер етеді.

99 сұрақ
Т, В лейкоциттер қызметі.

Қарапайым организмдер сияқты (амеба) жалған аяқтарымен активті қозғалу қабілеті байқалады яғни жалған аяктарының көмегімен микроорганизмдерді қармалап (өте қалса) алып, өзінің вакуолдарына жібереді де оны қорытып жойып жібереді. Бұл процесс фагоцитоз деп аталады, кезінде Мечников ашқан. Олай болса лейкоциттердің қорғаныштық қызметі олардың фагоцитоздық қасиетіне негізделген.
Лейкоциттердің жалпы санының 21-35%-ын құрайтын лимфоциттердің көгілдір түске боялған цитоплазмасы, клетканың көп жерін алып жататың ядросы болады. Лимфоциттер дербес екі тармаққа бөлінеді; Т және В клеткалар. Т-клеткалар (жемсау безінде) немесе тимуста, ал 13-лимфоциттер лимфа ткандері мен ішек қабырғасында дамиды. Қалыпты жағдайда Т және В-лимфоциттер өзара байланыста жұмыс істейді, Т-лимфоциттер клеткалық иммунитетті қамтамасыз етеді, В-лимфоциттерге антигендік мәліметтер береді.

100сұрақ
Талдағыштар (анализатор) физиологиясы.
шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын мижабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. Анализаторлардың көмегіменадамменжануарларорганизмдерімен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады

101сұрақ
Тамырдың соғуы (пульс).
Тамырдың соғуы - жүрек әрбір жиырылғанда пайда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі. Тамырдың соғуы бойынша жүректің бір минуттағы жиырылу санын анықтауға болады. Тамырдың соғу толқынының артериямен таралу жылдамдығы, шамамен, 10 м/с құрайды. Тамырдың соғуы кәрі жілік артериясынан, табанның сырт жағындағы артериядан оңай сезіледі. Ересек адамда тамырдың соғу жиілігі тыныштық кезінде минутына 60 соққы құрайды және дене еңбегіне, эмоциялық жай – күйіне байланысты. Жүректің әр түрлі аурулары кезінде аритмия - тамырдың соғуында ырғақсыздық байқалуы мүмкін.Қан жүректің ырғақты жұмысына байланысты қозғалады.

 

102-Тамырлар арнасының, қан айналымының реттелуі.

1Тамырлар арнасының реттелуі- Қан тамырлары жүйкелердің әсері жайлы алғашқы мағұлматтарды орыс ғалымы А.П.Вальтер 1842 ж жинақтаған.Қан тамырларының арнасын кеңейтетін жүйкелер негізінен парасимпатикалық жүйкелерге жатады.Оларды возодиляторлар деп атайды. Қазіргі кезде тамырларда a- және- B- адренорецепторлар болатыны анықталды.Адреналин мен норадреналин а-рецепторларға әсер етсе,тамыр арнасы тарылады,ал B-рецепторларға әсер етсе – кеңиеді.Қан тамырларының арнасы қан құрамындағы түрлі химиялық заттар әсерінен де өзгереді.Адреналин возопрессин гормондары тамырларды тарылтып қан қысымын көтереді.Қан тамырлары бүйректе түзілетін ренин деген заттың әсерінен де тарылады.Ренин өздігінен тамырды тарылта алмайды.Ол қан тамырындағы ренин күшейткішінің әрекетінен гипертензинге айналған соң ғана тамыр тарылатын қабілетке ие болады.

2Қан айналымының реттелуі- Қан қысымының салыстырмалы тұрақтылығы орталық жүйке жүйесінің жүрек пен қан тамырлары арнасын реттейтін орталықтарының әрекеті нәтежиесінде сақталады.Қан тамырларының сезімтал жүйке ұштары жинақталға аймақтарын рефлексогендік аймақтар деп атайды.Қан айналуының реттеуде қуыс веналар сағасында орналасқан сезімтал жүйке ұштарының- Бейнбридж аймағының да маңызы зор.Егер жүрекке көбірек оралса,жүрекшелер мен қуыс веналар керіліп олардың қабырғаснда орналасқан барорецепторлар тітіркенеді де,рефлекс түрінде жүрек жұмысы жиілеп қан тезірек артерияларға қуылады.Қан қысымы рефлекс түрінде өкпе,көкбауыр,ішек тамырлары сезімтал жүйке ұштары тітіркенгенде де өзгереді.Организмнің кез келген рефлекстік реакциялары жүрек пен қан тамырлары қызметіне әсер етеді.Қан айналым жүйесінің қызметіне шартты рефлекстер оңай қалыптасады.Жылылықтың әсерінен терідегі қан тамырлары қан тамырлары кеңейіп ішкі органдар тамырлары тарылады.

103-Тежелу үдірісі оның маңызы,оның маңызы

Тежелу — физиологияда қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.

  1. бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;
  2. салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.

Шартты және шартсыз тежелу

Шартты рефлекторлық әрекетті зерттей келе И.П. Павлов шартты және шартсыз тежелуді ашты.

Шартсыз тежелу бүкіл жүйке жүйесіне тән құбылыс. Ол тез пайда болады да, онша ұзаққа созылмайды. Тежелудің бұл түрі сыртқы Тежелу және шектеу болып бөлінеді. Шартты тежелу ми қыртысына ғана тән құбылыс. Ол біртіндеп қалыптасады да, ұзаққа созылады. Оның өшу, жіктеу, бөгеу, шартты тежелу деген түрлері бар.

Шартты тежелу бірте бірте ми қыртысында ғана пайда болады. Оны кейде ішкі тежелу дейді. Шартты тежелу кезінде бұрын пайда болған шартты рефлекстер жойылады. Шартты тежелудің пайда болуына шартты тітіркендіргіштердің шартсыз тітіркендіргіштермен күшейтілмеуі себеп болады. Мысалы, егерде итте жарықтың әсерінен пайда болған рефлексті тамақ беріп күшейтпесе, шартты рефлекс бірте- бірте жойылады. Табиғи жағдайда ағзаларда күшейтілмеген шартты рефлекстер жойылады. Олардың орнына жаңа табиғи жағдайларға сәйкес жаңа рефлекстер пайда болады

104. Терінің экскрециялау қызметі

Экскреция - жасушадан зиянды, керек емес заттардың шығарылуы (несеп, несеп қышқылы).
Бездердің көбісі эпителий ұлпасының құрамында болады. Тек бүйрек үсті безінің, гипофиздің паренхималары нейрогенді. Бездер қан тамырларымен, жүйкелермен және дәнекер ұлпаларымен жақсы қамтамасыз етілген. Тер және май бездерінің әрекеті нәтижесінде тері экскрециялау қызметін атқарады. Тер құрамында су, минералды заттар (хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар), несепнәр, зор қышқылы, креатинин, май қышқылдары т.б. зат алмасу өнімдері бөлінеді. Тер бездері көп торшалы, қарапайым, түтікше бездерге жатады. Олар нағыз теріде (дермада) орналасады. Тер бөлу ерекшеліктеріне қарай тер бездері екі топқа бөлінеді. Эккриндік бездер сұйық секрет бөледі және әрекет үстінде өздері Бұл інбейді. Олар жылқыда кездеседі. Эпокриндік бездер құрамында май тектес заттары көп шайырлы тер беледі. Әрекет үстіңде Бұл бездердің біраз торшалары бұзылады. Олардың секреті құрамында су аз, құрғақ зат көп болады. Бездің секрециялық бөлімінің сыртқы қабаты миоэпителиалъдық торшалардан, ал ішкі қабаты — безді текше торшалардан құралады. Без өзектері иректеле келіп түк қапшықтарына немесе түк шанағына, ал дененің түксіз жерлерінде — тері бетінде арнаулы тесікпен ашылады. Май бездері көбіне түк қапшықтарының жанында орналасады. Бұл бездер голокриндік бездерге жатады. Олардың өзектері түк қапшықтарына ашылады. Тер бездері дененің әр түрлі беткейінде бірдей таралмаған. Адамда олар алақан мен табанда көп болады. Терінің жұқарған жерінде (құрсақ пен кеуденің вентральдық бөлігінде, қолтық пен шатта, құлақ қалқанында т.б.) олар көбірек. Адаммен салыстырғанда малда тер 2-3 есе аз бөлінеді, оның себебі тер бездері қанмен нашарырақ жабдықталады. Тәулігіне адам — 1 л (жазда 2-2,5 л), жылқы 2,5-3 л, сиыр — 4-5 л тер бөледі. Тер бөлуді реттейтін орталық жұлында орналасады. Тер бездері үшін симпатикалық нервтер секрециялық нерв болып табылады.

105-сұрақ.

Тітіркекендіру деп - әр түрлі тітіркендіргіштердің тірі ұлпаларға әсер етуін айтады. Тітіркендіргіш дегеніміз – өз әсерімен тірі ұлпаларда қозу процесін тудыратын ішкі немесе сыртқы орта факторлары. Тітіркендіргіштер әр түрлі негізде жіктеледі.

Энергиялық табиғатына қарай химиялық (қышқылдар, сіілтілер, тұздар, улар, т.б.), физикалық (механикалық, термиялық, электрлік, дыбыстық, сәулелік: альфа-, бета-, гамма-трентген сәулелері), биологиялық (гормондар, микробтар, вирустар), т.б. болып бөлінеді.

Ұлпалар мен организмге биологиялық әсеріне қарай тітіркендіргіштерді үйреншікті (адекватты) және тосын (инадекватты) деп жіктейді. Ұлпаларға қалыпты, табиғи тіршілік жағдайларында әсер ететін тітіркендіргіштерді адекватты (үйреншікті) тітіркендіргіш дейді. Олардың әсеріне ұлпалар мен органдар эволюциялық даму барысында бейімделіп үлгерген. Мысалы, ет талшықтары үшін жүйке тітіркенісі, көздің торлы қабығы рецепторлары үшін – сәуле, есіту рецепторлары үшін –дыбыс адекватты тітіркендіргіштер болып табылыды. Инадекватты (тосын) деп ұлпалармен органдарға табиғи жағдайда әсер етпейтін тітіркендіргіштерді айтады. Қалыпты жағдайда олар ұлпаларда қозу процесін тудырмайды, бірақ әсері күшті немесе ұзақ болса, тітіркендіргіш рөлін атқарады. Мысалы, әртүрлі механикалық әрекет (соғу, шаншу, қысу), электр тогы, қышқылдар, т.б. бұлшық етті жиырылтады.

Әсер күшіне қарай тітіркендіргіштер табалдырықты, табалдырықтан төмен және табалдырықтан жоғары болып бөлінеді.

Тітіркендіру табалдырығы (бастау күш) деп қозу процесін тудыратын тітіркендіргіштердің ең аз шамасын айтады. Әсер күші бұл шамадан төмен табалдырықтан төмен, ал артықтарын– табалдырықтан жоғары тітіркендіргіш деп атайды.

Ұлапалар физиологиялық тыныштық күйінен қозу жағдайына көшу үшін тітіркендіргіштің белгілі деңгейде күші, әсер мерзімі және әсер күшінің өсу шапшаңдығы болуы шарт. Осы тәуелділікті үш заңмен бейнелейді.

Күш заңы - тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым, ұлпаның жауап реакциясы да күшті болады.

Мерзім заңы – тітіркендіргіштің әсер мерзімі неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым ұлпаның жауап реакциясы да күшті болады.

Градиент заңы - тітіркендіру градиенті неғұрлым күрт, шапшаң болса, соғұрлым тірі ұлпа реакциясы күшті болады.

106 Торлы құрым және оның маңызы

Орталық жүйке жүйесінде сұр және ақ заттармен қатар торлы құрлым деген атпен белгілі болған түзіліс кездеседі.Ол пішіні мен мөлшері әр түрлі торшалардың шоғырлануы нәтижесінде пайда болады.Осы торшалардың шашырыңқы орналасқан өсінділеірі бір бірімен айқасып,қиылысып,тор тәрізді зат құрайды.Торлы зат орталық жүйке жүйесінің көптеген бөліктері орын тебеді. Жұлында ол астынғы және үстінгі мүйіздер аралығында бүйір бағанында орналасады.Торлы құрлым жұлынның мойын бөлігінде анық байқалады.ОЛ ми сабағында жақсы шоғырланған. Торлы құрлым ми сабағының медияльдық бөлігі мен өзегін ала жатады да көру төмпешіктеріне дейін созылады.

Торлы құрлымды алғаш рет XIX ғасырдың аяғында Дейтерс ашқан.XX ғасырда оның морфологиясы терең зерттеліп коптеген ерекшелігі анықтаған.

107Төлдеу және оның реттелуі

Төлдеу немесе туу деп іштөл мен оның жолдасының аналық жыныс ағзасынан қуылып шығуын қамтамасыз ететін күрделі физиологиялық процесті айтады.Қалыпты туу процесі іштөл толық жетіліп, сыртқы орта жагдайларында тіршілік етуге дайын болған кезде басталады.

Туу процесі кенеттен бастала салмайды,организм оған алдын ала дайындалады.Туар алдында жатыр мойнын қоршап тұрған ұлпалар,қынынап,жыныстық ернеулер ісіне бастайды.Мал желіндейді,желінде уыз түзіледі мал уызданады.Жыныс жолдары байлам аппарттары босаңсып,құйымшақ түбінде ойыстар пайда болады. Байлам апапраттардың босаңсуы буаздық сонында сары денеден бөлінетін релаксин гормонының әсерімен жүреді.

Сара дене мен жолдастан бөлінген прогестерон гормоны буаздық кезінде жатыр еттерінің қоздырғышын төмендетіп,төлдін өсуімен байланысты оның керіліп,үлкейіп оралуына мүмкіндік туғызады.Туу процесін жыныс жолының ашылуы,төлді шығару,шудың бөлінуі деп үш кезеннен тұрады.

108.Тыныс ағзалары.Сыртқы тыныс. Тыныс алу дегеніміз - организмнің қоршаған ортадан оттегіні сіңіріп,көмірқышқыл газын бөлуі.Организмнің күрделенуімен байланысты арнаулы тыныс органдары пайда болады.Мысалы,насекомдарда газ алмасу процесі тарамдалаорналасқан ерекше түтікшелер жүйесі арқылы атқарылады.Бұл түтікшелердегі ауа қоры арнаулы тыныс қимылдарының органдарымен алмасып отырады.Суда мекендейтін жануарларда арнаулы тыныс органы-желбезек пайда болады.Тыныс алу процесі бірнеше кезеңге бөлінеді:1.Сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағыауаалмасу.2.өкпе альвеолалары мен қан арасындағы газ алмасу.3.қанның газдарды тасымалдауы;4.қан мен ұлпалар арасындағы га алмасу;5.торшалардың оттегіні пайдаланып,көмірқышқыл газын бөлуі. Сыртқы тыныс. Сүт қоректі жануарлар өкпесіне альвеолалық құрылым тән,ол көптеген өкпе көпіршіктерінен тұрады.Тыныс алу механизмі алма-кезек ауысып отыратын дем алу және дем шығару кезеңдерінен тұрады.Дем алу арнаулы тыныс алдыратын еттердің жиырылуының нәтижесінде көкірек қуысының ені мен тұрқының кеңеюінің салдарынан жүреді.

109.Тыныс ағзаларының организмнің басқа жүйелермен байланысы.

Тыеыс ағзалары мен қан айналым жүйесінің арасында тығыз анатомиялық ықпалдастық та бар.Жүрек көкірек қуысында оң және сол өкпелердің арнаулыойысында орналасады.Өкпенің тоқтаусыз желдетілуі салдарынан оның температурасы жүрек еттерінің температурасынан төменірек.Тыныс органдары дене жылуын реттеу процестеріне де қатысады.Өкпе тыныстық ауаны жылыту үшін біршама жылу энергиясын шығындайды.Ас қорыту ағзалары мен тыныс жүйелерінің арасында да байланыс бар.

 

Тыныс механизмі

Тыныс алу механизмі алма-кезек ауысып отыратын дем алу және дем шығару кезендерінен тұрады. Дем алу (инспирация) арнаулы тыныс алдыратын еттердің жиырылуының нәтижесінде көкірек қуысының ені мен тұрқының кенеюінің салдарынан жүреді. Тыныс жиілеп,тереңдеген кезде дем шығару (экспиация) арнаулы еттердің жиырылуының нәтижесінде атқарылады.

Тыныс химизмі

Дем алған кезде өкпеге атмосфералық ауа барады. Ол 79,03% азоттан, 20,9% - оттегіне, 0,03% – көмір қышқыл газынан және 1% оқшау газдардан – аргон, неон, гелий құралған. Дем шығарған кездегі ауаның құрамы: азот 79,7%, оттегі-16%, көмірқышқыл газы – 4,4% болады.

Тыныс алудың реттелуі. Т ыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Кезеген жүйке өкпеде екі түрлі механорецепторлар түзеді. Олардың бірі өкпе ұлпасы керілгенде, екінші – ол созылғанда тітіркенеді. Тыныс орталығына автоматизм қасиеті де тән. Ағзада немесе оның жеке ұлпаларында оттегінің жетіспеуін гипоксия деп атайды. Гипоксия көп жағдайда қан құрамында оттегінің жетіспеуінің (гипоксемия) салдарынан туындайды. А) өзін-өзі реттеу - өкпенің өз механорецепторларымен байланысты өкпенің керілуі мен сығылуы. Б) жүйкелік – тыныс алу орталығы сопақша мида орналасқан. В) гуморальдық - қанның газдық құрамындағы оттегі мен СО2шамасы биологиялық белсенді заттар – гормондармен реттеледі.

111.Тыныстың физиологиялық мәні.

Тыныс алу дегеніміз- организмнің қоршаған ортадан оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын бөлуі. Организмнің тіршілігі үшін қажет энергия сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың тотығуы нәтижесінде алынады. Бұл күрделі процесті қамтамасыз ету үшін оттегі үшін қажет. Сондықтан тыныс алу аз ғана уақытқа толастағанның өзінде организмде күрделі өзгерістер туындап, тіршілік тоқтайды.

Тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды түрге айналдырып, көмірқышқыл газын денеден бөлуде. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі торшаларға жеткізіліп, онда ол ірі молекулалы заттардан бөлінген көміртегі мен сутегіге қосылады да, ақырғы ыдырау өнімдері – көмір қышқыл газы, су және басқа қосылыстардың құрамына енеді.

Қос мекенділерде қапайым өкпе пайда болады, бірақ газ алмасу процесі (2/3) тері арқылы жүреді. Бауырымен жорғалаушыларда, құстарда және сүт қоректілерде өкпе жақсы дамып, оның құрылысы күрделенеді де, тері дененің сыртқы жабындысына айналады.

Сүт қоректілердің тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы мен жұтқыншақ) және төменгі (кеңірдек, бронхы және бронхиолалар) тыныс жолдары мен оң және сол өкпеден тұрады.

Дем алу кезінде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарып, жылиды, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.

112.Үлкен ми жарты шарларының қыртысы қызметін зерттеу әдістері.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 286; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.