Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 8 страница




Тірі организмдер үшін (гидробионттар үшін)рН=605-805 көрсеткіштері аса жағымды. Температура химиялық реакциялардың жүру жылдамдығына және ауа жетімсіздігін қалпына келтіру жылдамдығына әсер етеді. Температураның артуы гибрионттардың көбею процесінің жеделдеуіне, улы заттарға тірі ағзалардың сезімталдығын арттыруға әкеледі, судағы оттегінің ергіштігі төмендейді. Температураның +30 -ден артуында балдырлардың өсуі баяулайды, фауна зақымданады, балықтар аз қозғалады және тамақтануды тоқтатады. Температураның кенет өзгеруінен балықтар өледі.

Мұнай өнімдері: суға керосиннің дәмі мен иісін береді, су бетінде майлы дақтар түзіледі, су түбінде тұнба пайда болады. Су бетіндегі плека газ алмасу прцесін бұзады, суға жарықтың түсуіне кедергі келтіреді, жағалау мен өзіндіктерді ластайды.

Су қоймасында мұнай өнімдерінің күкірт окислы СО мен суға жайылуы суда еріген оттегінің мөлшеріне, су температурасына және ондағы микроорганизмдердің санына байланысты. Жаз кезінде мұнай өнімдерінің пленкасы 5-7 күнде 5-80%-ға жайылады және екінші рет судың ластануына бастау болады.

Қышқылды және сілтілі сулар судың рН көрсеткішін жайылған ауданында өзгертеді. Сілтінің артуында рН 9,5 балықтардың тері қабаты, уылдырығы мен желбезегінің тіндері бұзылады, су өсімдіктері жойылады, су қоймасының өздігінен тазалануы нашарлайды. Қышқыл ортада рН 5 балықтарға улы әсер беріледі.

Ванадий қосындылары –ағзада жинақталған у, бұл қанайналым органдарында, тыныс алу мүшелеріне, жүйке жүйесінде өзгерістер тудырады, зат алмасу процесі бұзылады, терісінде аллергиялық бұзылу пайда болады.

Никель қосындылары – өкпенің тінін бұзады, орталық жүйке жүйесінің функциясы бұзылады,асқазан ауруы пайда болады, қан қысымы төмендейді.

Мыс қосындылары. Жалпы улы әсер. Артық концентрацияда ағзада асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылады. Аз ғана мөлшерде болса да балықтар үшін қауіпті.

Гидразин, фтор,күшәла, сынап қосындылары адам үшін де, су қоймаларының фаунасы үшін де зиянды. Ауыз су үшін пайдаланылатын судан фтор-ионның анықталған еонцентрациясы 1-1,5 мг/л болуы керек. Концентрациясы аз болсын, көп болсын адам өмірі үшін зиян.

Нитритер мен нитраттар. Мөлшерден артық нитраттар мен нитриттер бар су ауыз су үшін пайдаланылмауы керек. Бұл ауыр метгемоглобинемияға әкеледі. Нитраттар охигртасыздар мен балықтарға кері әсер етеді. Амиак пен аммони тұзы судағы биологиялық процестерді тежейді. Аммоний тұздары нитратқа дейін қышқылданады.

4. Сарқынды суларды тазалау әдістерінің классификациясы

Механикалық әдістер. Қоспалардың тікелей бөліну әдістеріне мыналар жатады:

-торлар мен шілтерлердегі ірі қоспаларды механикалық жою;

-микросүзу-ұсақ тор;

-тұндыру мен ағарту;

-гидроциклондар;

-центрифералау;

-флотациялау;

-сүзгіден өткізу;

-электрофорез;

-мембраналық әдістер(кері осмос,электродиализ)

Сарқынды суларды тазалаудың тәжірбиеде көп қолданылатын әдістері;тұндыру,флотациялау,сүзгіден өткізу.

Физико-химиялық әдістер (судың немесе қосындылардың фазалық құрамын өзгерте отырып қосындыларды бөлу)

Екінші топтағы әдістердің ішінде жиі қолданылатыны сорбция мен коагуляция(ионды алмасу)

Химиялық және физико-химиялық әдістер (Қосындылардын химиялық құрамын өзгерте отырып тазалау)

-қиын еритін қосындылардың түзілуі-әктелуі т.б.

-аз диссоциациялық және кешенді қосылыстардың түзілуі-фосфатталу

-жинақталу және жайылу(сілтілерді енгізуде ауыр металдардың кешендерінің жойылуы)

-қышқылдандыру-қалпына келтіру процестері(күшті тотықтырғыштармен органикалық және органикалық емес қосылыстардың қышқылдануы)

-суды термиялық өңдеу(ауыр аппараттары,қалдықтардың жануы т.б.)

Бұл топтардың ішіндегі жиі қолданылатыны:тұндыру,әктеу,жайылу және тотықтыру процестері

Биохимиялық тазалау микроорганизмдердің кейбір түрлерінің іс-әрекетіне негізделген,олар органикалық және минералды заттарды пайдаланады,олар сарқынды суларда азықтық заттары мен энергия көзі ретінде қолданылады.

Мұнай өнімдерінен суды тазалау әдістері.

Тұндыру,флотация және сүзу әдістері қолданылады.

Тұндыру-әр түрлі тығыздықтың әсерімен май бөлшектерінің өздігінен бөлінуі.Мұнай өнімдерінің бөлшектері суда су бетіндегі ауырлық күшінің әсерімен 2-3 мкм өлшеміндегі сфералық формаға ие болады.

Дисперстік деңгейі-бөлшектің өлшеміне кері көлем.Дисперстіктің деңгейі жоғары болған сайын сарқынды судағы мұнай өнімдері бөлшектері соншалықты кіші болады.Тұндыру үшін мұнай ұстағыштар пайдаланылады.

1-сарқынды су; 2-қабылдау камерасы;3-тұндыру аймағы; 4-тазаланған су;5-тік жартылай батырылған қалқалар; 6-мұнай жинағыш құбырлар;7-жүзіп шыққан мұнай өнімдерінің пленкасы.

7.1-сурет.Типтін мұнай ұстағыштың сызбасы мұнай ұстағыштарды таңдауда келесі кемшіліктерге мән беру керек.

-тік қиылысудың барлық нүктелерінде су қозғалысының жылдамдығы бірдей;

-су ағыны ламикарлы сипатта;

-су легінің өту уақыты ішінде мұнай өнімдерінің бөлшектерінің жүзіп шығу жылдамдығы тұрақты;

Су температурасы жоғары болса,мұнай өнімдерінің созылғыштығы төмен болады және бөлшектердің бөліну жағдайы жақсарады.

30°С-ден төмен температурада мазут мұнай ұстағышта тұнады,30-40°С-де ілінген жағдайда болады,ал 40°С-денжоғары болса,бөлшектердің жүзіп шығу эффектісі байқалады.

1-қабылдау камерасы; 2-қалқа; 3-тұну аймағы; 4-қалқа; 5-шығару камерасы; 6-қайта құю жаймасы; 7-скребок; 8-бұрылысты жікті мұржалар; 9-приямок

7.2-сурет.Гипроспецпромстройдың скребоктың механизмі бар мұнай ұстағышы.

Флотация-май бөлшегі-ауа көбігі кешенінің құрылуы және осы кешендердің әрі қарай судан бөлінуі.

Кешендердің жүзіп шығу жылдамдығы май бөлшектерінің жүзіп шығу жылдамдығынан 100-1000 есе артық.Су-ауа бөлімінің үлкен қабатын құру керек;көбіктер қаншалықты үлкен болса,оның дисперстігі соншалықты жоғары.

Бөлшек-көбік кешенінің түзілу механизмі әр түрлі болуы мүмкін.Осыған орай ағынды флотацияны бөлектейміз,мұнда ауаның көбіктері оның судағы қанық ерітіндісінен бөлінеді,ал ағынсыз флотацияда суға арнайы құрылғылар арқылы енгізілетін ауа көбігінің көмегімен жүзеге асады.

Ағынды флотацияда (7.3а-сурет)ауа суда 0,5Па-ға дейінгі артық қысыммен ериді,ол үшін құбырға су сорғыштың алдында ауа беріледі,содан соң ауалы-сулы қоспа 8-10минут ішінде арнайы ағынды ыдыс ішінде ұсталады,одан флотаторға жіберіледі,ол жерде қысымның түсуі менкөбіктің түзілуі процесі жүреді,жалпы алғанда су мен қоспаны бөлудің флотациялық процесі ісіне асады.Флотаторға кірерде судың қысымын түсіруде суда,ерітілген ауа көбіктер түзе отырып әп сәтте бөлінеді.

Ағынсыз флотацияда (7.3б-сурет)көбіктердің түзілуі механикалық(су сорғыш)немесе электрлік күш есебінен жүреді және флотаторға көбіктер-су десперстік жүйесі енгізіледі.Көбіктердің онтайлы өлшемі 15-30мкм-ға тең.Мұнай бөлшектерімен ұсталған осындай өлшемдегі көбіктердің су бетіне қалқып шығу жылдамдығы орташа 0,9-10 м/с-ны құрайды,бұл 1,5 мкм өлшемді мұнай бөлшегінің су бетіне қалқып шығу жылдамдығынан 900 есе артық.

1-судың кіруі; 2-қабылдау резервуары; 3-соратын құбыр; 4-ауа құбыры; 5-су сорғыш; 6-флотациялық камера; 7-көбік жинағы; 8-тазаланған судың әкетілуі; 9-ағынды ыдыс.

7.3а-сурет.Ағынды флотацияға арналған құрылғының сызбасы.

 

1-судың кіруі; 2-қабылдау резервуары; 3-соратын құбыр; 4-ауа құбыры; 5-су сорғыш; 6-флотациялық камера; 7-көбік жинағы; 8-тазаланған судың әкетілуі;

7.3б-сурет.Ағынсыз флотацияға арналған құрылғының сызбасы.

 

Былғанған және майланған суларды сүзгіден өткізу тазалаудың соңғы сатысында жүзеге асырылады.Сүзгіден өткізу процесі сүзілетін материалдың сыртқы бетіне мұнай өнімдерінің эмульгациялық бөлшектерінің жабысуына негізделген.Сүзу процесінің алдында сарқынды суларды алдын-ала тазалау жүргізіледі,сүзудің алдындағы мұнай өнімдерінің концентрациясы жоғары емес және көлемдік үлесті құрайды.

Сарқынды суларды сүзуде мұнай өнімдерінің бөлшектері су легінен материлдың бетіне бөлінеді және арнаның аса тар жолдарын толтырады.Гидрофобтың қабаттарда(сумен өзара әрекеттеспейтін)бөлшектер сүзетін материалдарға жақсы жабылады,ал гидрофильді қабатта(сумен өзара әрекеттесетін)гидраттық қабықшаның болуынан жабысу қиындайды.Алайда жабысатын бөлшектер гидратты қабықшаны ығыстырады және біраз уақыттан кейін сүзгіден өтетін материал гидрофобты түрде жұмыс істейді.

Сүзгінің жұмысы кезінде мұнай өнімдерінің бөлшектері бірте-бірте қуыстарды толтырады да сүзілетін материалды қанықтырады.Қорытындысында браз уақыт өткен соң лектен қабырғаға бөлінетін май көлемімен сүзілетін материалдан пленка түрінде ағатын май көлемінің арасында тепе-теңдік орнайды.Мұнай өнімдерінің сүзгіден өтетін қабатының шамасына қарай сүзгі регенерацияға ажыратылады.

Сүзгіш жүктеуге арналған материал кварцты құм,антрацит кейде Nа-катионитті сүзгілерде өңделген мортен және домен пешінің қоқысы,керамзит т.б.

Регенерация 0,03-0,04 МПа қысымымен су буымен жоғарғы тарату құрылғылары арқылы жүргізіледі.Бу ұсталған мұнай өнімдерін қыздырады және олар қысымның күшімен қабаттан бөлініп шығарылады.Дегенерацияның ұзақтығы-3 сағаттан артық болмайды.

Үймелі сүзгілерді сарқынды суларды тазалаудың тиімділігі мұнай өнімдерінде- 80 %.Бұл жағдайда тазалаудан кейінгі мұнай өнімдерінің құрамы 2-4мг/кг.Сулар осындай сапамен технологиялық мақсаттар үшін ТЭС-ке бағытталады.

Тазалаудың толық сызбасы:

1.Әрқайсысы екі сағаттың өнімділіктегі 2 дана орташаландыру бактары.Аса ірі қатты диспресті қоспалардың бөлшектерін бөліп шығару;

2.Мұнай ұстағыш;

3.Аралық бак;

4.Флотатор.Бөлініп шығарылған мұнай өнімдері мазут қабылдағышқа бағытталады,созылғыштығын азайту үшін пармен жылытылады және эвакуацияланады.

5.Екі сатылы сүзгілік құрылғы.

1-саты.Кварцты құм мен антрациттен екі қабатты жүктеу.

2-саты.Белсендірілген көмірмен сорбциялық сүзгі.

Осы сызба бойынша толық тазалау деңгейі 90-95 %.

Бақылау сұрақтары:

1. Сарқынды суларды тазалау әдістері.

2. Су пайдалану сипаты бойынша су қоймасының неше түрі болады?

3. Сарқынды сулар сипаттамасы.

 

Дәріс 8 – Мұнайгаз өндірісінің қоршаған ортаға әсері – 2 сағ

Жоспар:

1. Мұнайгаз өндірісі кәсіпорындары әрекетінің атмосфера құрамы мен үрдістеріне әсері

2. Мұнайгаз өнеркәсібі кәсіпорындары әрекетінің су мен жер ресуртарының күйіне әсері.

3. Мұнай мен газ өндіру мен тасымалдау кезінде қоршаған ортаны қорғау

4. Мұнай мен газды өндірудің экологиялық мәселелері

5. Мұнай мен газды тасымалдаудың экологиялық мәселелері

6. Бақылау сұрақтары

 

 

1 Мұнайгаз өндірісі кәсіпорындары әрекетінің атмосфера құрамы мен үрдістеріне әсері

Ресейдегі мұнай құбырындағы ең ірі апат 1994 жылдың тамызында 15 жыл бұрын Коми Республикасының Усин ауданында болды.

Мұнай апаттары кейін де болған, мысалы, 2005 жылдың маусымында Тверь облысында Балтық елдеріне бара жатқан мазуты бар 26 цистерна төңкеріліп қалды. Қатты топыраққа қатты, тым қою, иісі артық түріндегі 600 т мазут төгілді. Теміржол жұмысшылары бұл апатты өз күштерімен жоя алмады. ТЖМ мазутты қатты массаға байланыстыратын химиялық заттарды шашатын самолеттер мен вертолеттерді 4 күнге ұстап қалды. Осы кезде топыраққа сіңген улы субстрат Мәскеу өзеніне енетін Вазува өзеніне түседі. Мұнай апатының көлемі мен оның ардаптары зор болды. Сәйкес жағдайда мұнай саласының кәсіпорындары түрлі улы мәндегі қауіпті заттармен ластайтыны белгілі.

Әрине, адам атмосфераны мыңжылдықтар бойы ластап келеді, бірақ отынды пайдаланудың зардаптары маңызды болған жоқ. Түтін тыныс алуға бөгет жасап, күл үйлердің қабырғасына жабысатын болса да, жылу таза ауадан да артық. Ауаның ластануы зор мәселеге әкелмегені адамдардың таза табиғи ортада кішігірім топтармен өмір сүруі. Осы жағдай ХIХ ғ. дейін болды. Кейінгі 100 жыл ішінде ғана өндірістің дамуымен адамның қиялына кірмеген өндірістік үрдістер дами бастады. Жағдайды ушықтырғаны тұрғын халқы 20 млн адамнан артық миллионер-қалалардың (Мехико, Шанхай, Дели, Нью-Йорк сияқты) пайда болуы. Бұл қалалардың өсуін тоқтату мүмкін емес.

Әрине, планета ауасының жалпы ластануында табиғи орта ластану көздері ретінде үлкен қалалардың үлесі әр түрлі – қала өлшеміне ғана емес, орналасу орнына да байланысты. Ауаның аса зор ластайтыны өндірістік өнеркәсіп екені белгілі, мысалы, ауаға түтінмен бірге күкіртті SO2 мен көміртегіқышқылды СО2 газдарын тастайтын көмір мен мұнайдағы электрстанциялары. Зиянды газдар ауаға отынды өндіріс қажеттілігі үшін ғана жағудан емес, үйлерді жылыту, көлік жұмысы, тұрғын және өндірістік қалдықтарды нәтижесінде де түседі.

Атмосфералық ластаушыларды бастапқы (атмосфераға бірден түсетін) және қосымша (соңғылардың атмосферада айналымының нәтижесі болатын). Қалдықтарды өңдеу кезінде түсетін күкіртті газ атмосферада күкіртті ангидридке SO3 қышқылданады, ол су булармен әрекеттесіп, күкіртті қышқыл түзеді. Ластаушы заттар мен атмосфераның түрлі компоненттері арасындағы химиялық, фотохимиялық, физика-химиялық реакциялар нәтижесінде көптеген өнімдер пайда болады. Осылайша, планетаның негізгі ластаушы көздері, әлемдегі өндірілетін қатты және сұйық отынның 70% тұтынатын жылулық электр станциялар, металлургиялық және химиялық кәсіпорындар болып саналады. Осылар "пирогенді» шығу тегі бар зиянды заттардың көбін береді. Ресейдің әр оныншы қаласы барлық табиғи аймақтардың жоғары ластану деңгейіне ие, бұл қалларда 50 млн жуық адам тұрады. Тұрғындары миллионнан асатын барлық қалалар, соның ішінде Санкт-Петербург пен Мәскеу экологиялық жайсыздықтың 1 категориясы - «тым жоғары» және II категориясына - «өте жоғары» жатуы қажет. Негізінен алғанда, бұлар экологиялық жағынан алғанда аса қауіпті – химия және мұнайхимия салаларының ірі өндірістік орталықтар. Мұнай саласы кәсіпорындары қоршаған ортаны түрлі улылық мәні бар заттармен ластайды. Ластаушылар құрамында, өзіндік көміртегілісутектер мен оларды өндіру өнімдерінен өзге, катлизаторлар мен ингибиторлар, сілтілер мен қышқылдар және де мұнай мен мұнай өнімдерінің химиялық түрленуінің өнімдері бар.

Газтәрізді, зиянды заттардың қоршаған ортада болу уақыты бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін. Аэрозоль ингредиенттері, жер үстінде тұнып, маңызды көлемде жинақталуы мүмкін. Атмосфера, литосфера, гидросферадағы зиянды заттардың болуы смог, топырақ эрозиясы, флораның жойылуына әкеледі, сонымен қатар адамдағы ісік ауруларының пайда болуына соғады.

Қосылыстардың түрлі топтарын қарастырамыз.

Көміртегілісутектер. Мұнай өнімдері мен бөлінетін газдардың улылығы олардың құрамына енетін көміртегілісутектер анықтайды. Ауыр бензиндер жеңілдерге қарағанда зияндылығы аз болады, және көміртегілісутектер қоспасы улылығы қоспаның түрлі компоненттерінің улылығынан жоғары. Мұнайөнімдерінің улылығы күкіртті мұнайды өндіру кезінде өседі, ең зияндысы көміртегілісутектер мен күкірттісутектер қосындысы болып табылады. Бұндай әсер оларды жеке қарастырудан гөрі, жылдам көрінеді. Көміртегілісутектердің күкірттісутектермен қосылып жасаған әсерінен біріншіден, орталық нерв жүйесі зардап шегеді, адамның вегетативті нерв жүйесінің жоғарғы орталығы болып саналатын ми зардап шегеді.

Көміртегілісутектер жүрек-тамыр жүйесі мен гематологиялық көрсеткіштерге де (гемоглобин мен эритроциттер құрамы кемиді) әсер етеді. Бауырдың зақымдануы, организмнің эндокринді аппаратындағы бұзушылықтар болуы мүмкін. Шикі мұнай буларының әрекеті оның құрамына байланысты, және ароматикалық көміртегілісутекі бар мұнай бензиндерге жақын. Шикі мұнай булары усыз, аса зиянды әсер ететіні адам терісінің сұйық мұнаймен әрекеттесуі (дерматит пен экзема).

Бензин тыныс алу жолдары арқылы түседі немесе асқазан-ішек трактысы арқылы қанға сіңіріледі (теріден сіңірілу қабілеті нашар). Бензиннің адам организміне әрекет етудің негізінде оның майлар мен липидтерді еріту қабілеті жатыр. Бензин орталық нерв жүйесі мен тері жабынын зақымдайды, кей кезде асқын улануларға әкеледі, олардың арты өлімге тартуы да мүмкін.Бензиннің барлық түрлері адамның жүрек-қан тамыры жүйесі мен алмасу процесстеріне маңызды болар әсер етуі мүмкін. Бас миының қыртысы адамның барлық органдары мен организмнің әрекетіне әсер етеді, оның қоршаған орта шарттарына бейімделуін, сезім органдарының қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Иіс сезу анализаторының рецепторларының тітіркенуі бас миының қыртысы қозуды тудырады, көру мен есту органдарын үрдіске енгізеді. Бензинмен улану кезіндегі адамның күйі ішіп алған адамның күйін меңзейді. Асқын уланулар ауадағы бензин булары концентрациясы 0,005-0,010 мг/м3 жеткенде көрінеді, 0,040 мг/м3 концентрация кезінде бірден өліп кете алады. Бензин буларымен жиі қайталама уланулары кезінде асқын нерв бұзылулары дамиды. Бірақ көптеген аз көлемнің әсері кезінде үйрену байқалады, бұл сезімталдықтың төмендуімен байланысты. Керосинның жалпы әсері бензинның әсеріне ұқсас, бірақ оның буларының шырышты қоздырушы әсері қаттырақ көрінеді. Керосин булары улы концентрациялары бойынша бензин буларына ұқсас, және теріге, дерматит пен экзема ауруына әсер етеді.

Шектеулі көміртегісутектер химиялық жағынан әлсіз, бірақ аса күшті есірткі болып табылады. Көміртегі атомдары санының өсуімен есірткілік әрекет өседі, бірақ су мен қандағы аз еруіне байланысты нашарлайды. Бұндайкөмірсутектердің кейбірінің буы әсерінен орталық нерв жүйесі реакцияларының тұрақсыздығы сипатталады. Бұл жоғары ғана емес, төмен (табалдырықты) концентрацияда да көрінеді. Байланыс қызару, қышыну, тері пигментациясына әкеледі. Күкіртті сутегі мен жоғары температура улылықты күшейтеді.

Табиғи газ негізінен зиянсыз болып есептеледі, бірақ әрекеті шектеулі көмірсутектер әсерімен бірдей. Ең басты қауіпсіздік оттегі жеткіліксіз кезде тыныс тарылуымен байланысты, ауада метанның СН4 жоғары құрамы болуы, парциал қысым мен оттегінің меншікті құрамы кемиді. Құрамында H2S бар табиғи газдар, өте улы. Бұл газ қоспаларымен лезде уланудың бірнеше жағдайлары белгілі. Күкірттісутегіден босатылған табиғи газ ауадағы концентрациясы 20% болған кезде улы емес.

СО көміртегі оксиды – дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, оның тығыздығы 0,967, адам қанында еру коэффициенті 0,1709. Адам үшін көміртегі оксидінің қауіптілігі гемоглобинмен әрекеттесіп, өкпеден ауаны тұтынушы ағзаларға жеткізе алмайтын карбоксигемоглобин түзуінде. Аноксемия пайда болады, ол орталық нерв жүйесіне әсер етеді, атеросклеротикалық процесс күшейеді.

СО2көміртегідиоксиды – түссіз, ауыр, реакцияға түсу қабілеті төмен газ. Шектеулі температура кезінде ащылау дәмі мен иісіне ие болады. Ауадағы құрамы 1% дейін болғанда, улы әсер етпейді, ал 4-5% тыныс алу органдарын тітіркендіреді, 10% күшті улануға әкеледі. Көміртекті газ адамға есірткілік әсер етеді және оның тәртібін өзгерте алады (жүрісі, көз реакциясы т.б.). Адам тыныстап шығаратын ауада СО2 құрамы 0,04%. Ауадағы СО2 ШМК 1% құрайды. Аз концентрацияда тыныс алу орталығын жетілдіреді, ірі көлемде оны қанайды және қандағы адреналинды көтереді. Адамдардың СО2 үйреніп кетуі мүмкін.

H2Sкүкірттісутегі – жағымсыз иіске ие түссіз газ, кішігірім концентрация кезінде де (1:100 000), бірақ үлесі мен иісінің қарқындылығы арасында байланыс жоқ. Жоғарыкүкіртті мұнайды алу мен өндіру кезінде атмосфера құрамындағы ең улы ингредиент күкірттісутегі. Ауаға қатысты H2S тығыздығы 1,912 құрайды. Осының нәтижесінде ол төменгі жерлерде (шұңқыр, ор, құдық) жинақталып, суда тез ериді, кейін ерітілген күйден бос күйге тез өтеді.

Күкірттісутегі организмге негізінен тыныс алу органдары, кей кезде тері мен асқазан арқылы өтеді, тыныс алу кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарында тұрып қалады. шырышты дымқыл бетімен әрекеттесу кезінде күкірттісутегі сілтілермен әрекеттесіп, күйдіретін әрекет беретін сульфид натрийын жасайды. Күкірттісутегі токсикодинамикасында негізінде үш процесс бар: орталық нерв жүйесіне, қышқылдану үрдістері мен қанға әсер ету. Аз мөлшерде күкірттісутегі орталық нерв жүйесін қанайды. Кішігірім мөлшерде оны қоздырады, үлкен мөлшерде тыныс алу мен тамыр орталықтарының сал ауруларына (бұл өзгерістер функционалды және кері қайтарымды) әкеп соғады. Күкірттісутегі қышқылдану үрдістерінің механизміне улы әсер етеді, осылайша қанның оттегімен қанығу қабілетін төмендетеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1515; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.