Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 12 страница




Топырақтың мұнайлы ластануынан табиғи өзіндік тазаруы мен рекультвациялық үрдістер үзіліссіз биохимиялық үрдістер болады. Топырақтың өзіндік тазаруы процессі табиғи микрофлораның әсерінен Ұзақ (10-25 жылдан аса) және мұнай мен топырақтың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты. Бұл кезеңнің 5-7 жылға қысқаруы жоғарыда аталған биологиялық рекультивация мен агротехникалық шараларды (қопсыту, внесение сорбенттер мен тыңайтқыштар) қолданумен жүзеге асырады. Бұнда топырақтың сулы-ауалы режимі жақсарады және биогенділігі өседі, мұнайдың ыдырау уақыты кемиі және топырақтың мұнай өнімерінен тазаруы жеделдейді. Көмірсутектердің ыдырауы температураға (оптимал 37ºС), ал ыдырау жылдамдығы – топырақтың қышқылды-негізгі қасиеттеріне байланысты (оптимал рН). Топырақтың мұнайдан тазаруы процесіндегі басты рольді топырақ микроорганизмдері алады және олардың өмірлік әрекеті үшін шарттар жасауды биоыдырауды үдетеді.

Мұнайдың топыраққа өткеннен кейін 3 ай ішінде негізгі массасы жоғалады. Кейін үрдіс баяулайды, бірақ мұнай концентрациясының өзгеруімен оның құрамы да өзгереді, бәрінен бұрын нафтен фракциясы жоғалады (95% дейін бір жыл ішінде деградацияға ұшырайды), кейін қалғандары. Топырақты мұнайдан тазарту процестерін жаңбыр қалдықтары ұлғайтады, оны жуып шаю жағдайынан мұнайдың жоғарғы қабатында концентрациясын кемітеді. Мұнай өнімдерінің ауыр фракциялары топырақта тұрақты болады және деструктивті өзгерістерге ұшырамайды. Қалдық мұнай химиялық құрамы бойынша аналық жынысты битумнан тұрады, бұнда процесс аяқталған болып саналады, ал мақсатқа жеткен болады.

Әр мұнайды өңдейтін және мұнайды өндіретін өнеркәсіп бар аудандарда, бұларда барлық технологиялық үрдістер (барлау, бұрғылау, мұнай ұңғымасын пайдалану, мұнайды сақтау, тасымалдау мен өңдеу) қоршаған орта ластауының басты себептерінің бірі бола алады. Оған жататындар: топырақтың жер қабатын бұзу, бұрғылау процесінде жуушы сұйықтармен су қоймаларын, топырақ, жерасты суларына жағымсыз әсер, қатпар қысымын ұстап тұру үшін сулы горизонттарға тасымалдау үшін хлоридты ірітінді мен өндірістік ағындарды қолдану; бұрғылаудың мүмкін қалдықтарын жинақтау (шлам, бұрғылама ағынды сулар, өңделген бұрғылама ерітінді). Мұнай үңғымасын бұрғылау кезінде топырақтың ластаушылары ретінде ұңғыманың бетіне шламды шығаратын жуушы сұйықтар, ерітіндінің реологиялық параметрлерін жақсарту мақсатымен жуушы сұйықтар үшін қолданылатын химиялық реагенттер.

Жуушы сұйықтықтар үш көрсеткіш бойынша сарапталады:

- негізі бойынша (сулы, мұнайлы, эмульсиялық);

- тығыздығы бойынша (жеңілдетілген – тығыздығы 1,08 г/см кем емес, қалыпты – тығыздығы 1,08 ден 1,26 г/см дейін және ауырлатылған - тығыздығы 1,26 г/см3 артық);

- температуратұрақтылығы, төментемпературалы 90 °С дейін, шектеулі термотұрақты 140 °С дейін және термотұрақты 220 °С дейін.

Мұнай негізді бұрғылама ерітінділер технологиялық көрсеткіштер мен температура термотұрақтылықпен сипатталса да, маңызды зардапқа келтіреді. Құрамына кіретін мұнай мен дизель отыны жою кезінде қосымша қиындықтар тудыратын шламды ластайды және мұнай өнімдері, топырақ пен су қоймасына түсіп, биожүйенің экологиялық тепе-теңдігін бұзады.

Қазіргі бұрғылама ерітіндісінде қолданылатын химиялық реагенттердің көбісі улы заттар тобына жатады (тура немесе жанама әрекеті). Улылық деңгейі мен кумулятивті қабілеті бойынша берілген реагенттер классификациясы, көптеген реагенттердің улылығының зерттелмеуіне байланысты күрделенеді.

Кесте 9 жуушы сұйықтар үшін қолданылатын кең таралған улы химиялық реагенттердің тізімі беріледі. Улылықтың дәрежесіне ие бұрғылама ерітінділерін даярлауға қолданылатын материалдар – құрамында сілті, фенол, хром мен магний бар.

Осылайша, мұнайгаз саласы, мемлекеттік бюджетты қалыптастырудың басты көзі болуымен қатар, шикізат пен өнімнің спецификациясымен байланысты және жоғарытехнологиялық сонымен қатар өртқауіпті үрдістерді қолданумен экологиялық қауіптілік аймағын жоғарылуының аймағы болады.

Мұнайдың топырақ пен жерасты суларын ластаудан қорғауда алдыңғы шекте ластанудың алдын-алу шаралары үшін профилактикалық шаралар маңызды орын алады. Ластану ошақтарының алдын-алу қаражат пен уақыттың шығындарын талап етеді. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын рационалды пайдалану, табиғатты қорғау позициялары жағынан оптимал бұрғылаудың, мұнайды өңдеу мен өндірудің технологиялық сүлбелерін жасауға бағытталуы керек.

«Қара алтын» бағасы – бұл мұнайдың әр баррелі үшін төленетін доллар құны ғана емес, бұл мұнай қабығымен ластанған өзендер мен су қоймалары, бұрғылама алаңдары мен мұнай құбырлары құрылысы үшін шабылған ормандар, қалалардағы қара смог. Қазіргі табыс бағасы – бұл табиғатты қалпына келтіруге кететін ертеңгі көлемді шығындар.

 

Кесте 9 - Бұрғылама ерітінділерін жасауда қолданылатын улы химиялық реагенттер

Реагент Қолданылатын концентрация, % Мәні
Көмірсілтілі реагент (УЩР) 0,5-1,0 Су берілуін төмендету
Гипан 0,2-2,0 - " -
Хлорлы кальций 0,1-10 Саз диспергациясының ингибиторы
Бишофит до 40 - " -
Хлорлы натрий 0,5-2,0 - " -
Сұйық шыны 2,0-5,0 - " -
Хромлық 0,05-0,2 Термостабилизатор
Кальцинирленген 0,3-0,5 Са мен Mg иондарын
сода байланыстыру; рН реттеушісі
Майлау 1,0-2,0 Майлау қосындысы

 

Қалалар мен ауылдардың жанындағы мұнай мен газды өндіру бойынша технологиялық процесстерінің қарқындылығынан берілген өндірістерді орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар қиындатылды. Бұл қоршаған ортаға зиянды заттардың апаттық тасталуын болдырмау мақсатында олардың қызметінің жоғары сенімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігі. Сонымен қатар энерготехнологиялар, экономика мен экология талаптарын ескерумен әр агрегат пен барлық технологиялық сүлбелердің оптимал жұмысын ұйымдастыру маңызды. Материалды ресурстардың тиімді пайдалануын және зиянды заттардың тастаулары мен мүмкін қалдықтарын толық жойылуын қамтамасыз ететін аппараттар, реакторлар және т.б. жүктеменің оптимал таралуы.

Мұнайөндіру өндірісінің барлық циклының, оған дайын мұнай өнімдерін сақтау мен өңдеу, негізгі өндіріс қалдықтарынан қосымша өнімдер жасау да кіреді, экологиялық мәселелерін шешуге кешенді жақындық жасаған жөн. Осының ішіне міндетті түрде кіруі қажет:

- барлық өндірістің экологиялық қауіпсіздігін деңгейін жоғарылату әдістерін жасау мен енгізу;

- барлық өндірістік территорияның ауа ортасының газдалуы мен су бассейнінің ластануын сынама зерттеу;

- әрекеттегі өндіріс технологияларын интенсификациялау мен мұнай өнімдерінің өздерінің физика-химиялық қасиеттерін реттеу;

- жақсартылған экологиялық сипаттамалары бар отын өндірісі үшін кәсіпорындардың жабдықтарын реконструкциялау мен жетілдіру;

- суды тұтыну мен отын-энергетикалық ресурстарды рационалды пайдалану;

- кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігін ескерумен өндірістің басқару жүйесін жетілдіру;

- экологиялық кернеулікті талдау мен өндірістік толық қателікті бағалау. Қоршаған ортаны қорғау мониторингі жүйесінің негізіне өндірістік объектінің (метеожағдайды ескерумен) ауа және су бассейнінің күйін үзіліссіз бақылау жатады. Ластау көздерін анықтау, қауіпті және апаттық жағдайлардың алдын-алу мен технологиялық процесстерді басқаруға оперативті басшылық жасау бойынша шаралар тұрақты өткізілуі керек.

Бұл өндірістік территориясы мен санитарлы-қорғаныс аймақтарындағы ауадағы көмірсутек құрамының карталарын жасауға, және оларды есептеулермен дәлелдеуге (нормативтерге сәйкес) қажеттілік тудырады. Жоғарыда аталғандардың бәрі де алымның бақылаушы нүктелерінің оптимал жүйесін ұйымдастыру үшін негіз болу ғана емес, берілген мұнайды өндіретін кәсіпорын айналасындағы барлық ауалық орта мен барлық су бассейнінің экологиялық мониторингісін енгізуге негіз болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 712; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.019 сек.