Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сімдіктер мен микроорганизмдер. 3 страница




1. А.Тенсли;

2. Ю.Либих;

3. Ч.Дарвин;

4. Э.Геккель;

5. В.Сукачев.

3. Стенобионттарға қандай организмдер жатады:

1. судың тұздылығына толеранттылық ауқымы тар организмдер;

2. судың тұздылығына толеранттылық ауқымы кең организмдер;

3. ауа температурасына толеранттылық ауқымы тар организмдер;

4. ауа температурасына толеранттылық ауқымы кең организмдер;

5. барлық экологиялық факторлар бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер.

4. Қандай популяцияларда репродуктивтік жастағы организмдер популяцияның басым бөлігін құрайды:

1. шапшаң өсіп келе жатқан популяцияларда;

2. саны біршама тұрақталған популяцияларда;

3. саны кеміп келе жатқан популяцияларда;

4. санының өзгеруінде айқын заңдылық байқалмайтын популяцияларда;

5. өсу жылдамдығы нольге тең популяцияларда.

5. Бір популяция немесе организм пайда табатын, ал екінші популяция бұдан пайда да таппайтын, зиян да шекпейтін популяция аралық қарым-қатынас түрі қалай аталады?

1. комменсализм;

2. мутуализм;

3. бәсекелестік;

4. протокооперация;

5. паразитизм.

6. Адамның саналы еңбегі біздің планетамыздың дамуының басты (анықтаушы) факторына айналатын Биосфераның даму сатысы қалай деп аталады?

1. техносфера;

2. антропосфера;

3. витасфера;

4. ноосфера;

5. экосфера.

7. Демэкология нені зерттейді:

1. бауырымен жорғалаушылардың эпителий ұлпаларының құрылысындағы ерекшеліктерді;

2. амфибиялардың ми жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін;

3. популяциялардың жастық және жыныстық құрамын;

4. кеміргіштердің жекелеген дараларының жыныстық пісіп-жетілу мерзімін;

5. сүтқоректілер мен омыртқасыз жануарлардың зат алмасуындағы айырмашылықтарды.

8.Популяция санын шектеуші факторлардың қайсысының популяция тығыздығына тәуелді болуы мүмкін емес?

1. паразитизм;

2. жыртқыштық;

3. тіршілік қалдықтарының жиналып қалуы;

4. жер сілкіністері;

5. бәсекелестік.

9. Ірі сүтқоректі жануарлардың төлдерінің өлім-жітімі төмен болуының себебі неде:

1.тіршілік жағдайларының қолайлы болуында;

2.абиотикалық факторлардың деңгейі оңтайлы болуында;

3.биотикалық факторлардың деңгейі оңтайлы болуында;

4.төлдеріне көрсетілетін қамқорлықта;

5.азықтық ресурстардың мол болуында.

10. Тундралық экожүйелердің үшінші қоректік деңгейін қандай организмдер иеленеді:

1. поляр жапалақтары;

2. бұғылар;

3. бұталар;

4. қояндар;

5. мүктер

 

11. «Жылыжай эффектінің» пайда болу себебі:

1. Атмосферадағы СО2 концентрациясының артуы;

2. Атмосферадағы фреондардың концентрациясының артуы;

3. «Озон тесіктерінің» пайда болуы;

4. Территориялардың шөлденуі;

5. Атмосферадағы СО2 концентрациясының төмендеуі.

12. Биосферада органикалық заттарды ыдырату функциясын нелер атқарады:

1. консументер;

2. продуценттер;

3. редуценттер;

4. шөгінді тау жыныстары;

5. энергетикалық қазбалар.

 

13. Заттардың биосферадағы биотикалық айналымын қандай әселесулер қамтамасыз етеді:

1. продуценттер, консументтер және редуценттердің әсерлесуі;

2. консументтер мен редуценттердің әсерлесуі;

3. консументтер мен продуценттердің әсерлесуі;

4. редуцент мен продуценттердің әсерлесуі;

5. тек қана гетеротрофтардың өзара әсерлесуі.

14. Тіршіліктің жердегі тұрақтылығын ұстап тұратын жағдай:

1.биологиялық алуан түрлілік максималды сақталған жағдайда;

2.адамның шаруашылық салаларының барлығы қарқынды дамыған жағдайда;

3.планетаның жылдық орташа температурасы төмендеген жағдайда;

4.шөлдену процесі жылдамдаған жағдайда;

5.атмосферадағы СО2 мөлшері артқан жағдайда.

 

15. Биосфераның тірі затының орта түзушілік қызметінің нәтижесінде атмосферада газдардың белгілі бір құрамы түзіді, оның құрамында:

1. 70% СО2;

2. 21 % О2;

3. 95 % инертті газдар;

4. 1 % N2;

5. СО2 , CO, О2 , N2 - әрқайсысы 1% дан.

1. Адамның шаруашылық іс-әрекеті қоршаған ортаға қандай жағымсыз ықпал етуі мүмкін:

1. Биологиялық әралуандылық артады;

2. Құрлықтық экожүйелердің өнімділігі артады;

3. Сулық экожүйелердің өнімділігі артады;

5. Энергетикалық ресурстарды пайдалану қарқыны артады.

2. “Биосфера” терминін алғаш енгізген ғалым:

1. А.Тенсли;

2. Ю.Либих;

3. Ч.Дарвин;

4. Э.Зюсс;

5. В.Сукачев.

3. Стенобионттарға қандай организмдер жатады:

1. тек құрлықтық экожүйелерде тіршілік ететін организмдер;

2. барлық экологиялық факторлар бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер;

3. әртүрлі климаттық аймақтарда кеңінен таралған организмдер;

4. тек сулық ортада тіршілік ететін организмдер;

5. әртүрлі экологиялық фактолар бойынша толеранттық ауқымы кең организмдер;

4. Аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы дара организмдердің орташа саны нені көрсетеді:

1. түр әралуандылығын;

2. популяцияның өсімталдығын;

3. популяция тығыздығын;

4. популяция санын;

5. популяцияның өсу жылдамдығын.

5. Шөпқоректі жануарларға жататын тиін мен бұлан, бір орманда тіршілік еткенімен іс жүзінде бір-біріне еш қатынасы болмайды. Популяция аралық қарым-қатынастардың осындай түрі қалай аталады?

1. комменсализм;

2. протокооперация;

3. нейтрализм;

4. мутуализм;

5. жыртқыштық.

6. Тіршіліктің литосферадағы таралуының физикалық шегі қандай тереңдікте орналасқан?

1. 1 м;

2. 3 км;

3. 50 км;

4. 100 км;

5. 6000 км.

7. Аутэкология нені зерттейді:

1. қоршаған орта температурасының жекелеген организмнің зат алмасуына әсерін;

2. көлдің температуралық режимінің гидробионттардың (көлді мекендеуші организмдердің) түр құрамына әсерін;

3. климаттық факторлардың жануарлар әлемінің түрүр байлығына әсерін;

4. эдафикалық (топырақ) факторлардың өсімдіктер әлемінің түр байлығына әсерін;

5. өнеркәсіп мекемелерінің ауаға шығаратын заттарының Жер климатына әсерін.

 

8.Популяция саны бірнеше жыл бойы тұрақты болуы мүмкін, егер:

1. жыл сайын дара организмдердің белгілі бір бөлігі опатқа ұшырап отырса;

2. популяция тығыздығы артқан сайын организмдердің көбею қарқыны артып отырса;

3. өлім-жітім мөлшері туылым мөлшеріне тең болса;

4. популяция тығыздығы орташа мөлшерге жеткен кезде организмдер көбеюін тоқтататын болса;

5. организмдер ешбір сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне қарамастан көбеюін тоқтатпайтын болса.

9. Өсімдік тектес организмдер өз тіршілігі барысында энергияның қандай түрін пайдаланады:

1. электр энергиясын;

2. механикалық энергияны;

3. жылу энергиясын;

4. жарық энегиясын;

5. дыбыс энегиясын.

10. Тропикалық орман экожүйесі қоректік тізбегінің үшінші трофикалық деңгейін қандай организмдер иеленеді:

1. тоты құстар;

2.арыстандар;

3. пілдер;

4. маймылдар;

5. тасбақалар.

11. Экологиялық-эконмикалық тұрғыдан алғанда күн радиациясы қандай табиғи ресурстар тобына жатқызылады?

1. сарқылмайтын (таусылмайтын);

2. қалпына келетін;

3. сарқылатын (таусылатын);

4. қалпына келмейтін;

5. салыстырмалы түрде қалпына келетін.

12. Биосфераның тірі затына қандай қызмет (функция) тән:

1. вулкандық;

2. тектоникалық;

3. климатық;

4. энергетикалық;

5. бұзушылық.

13. Биосфераның тірі затының қызметінің негізінде не жатыр:

1. күн мен түннің ауысуы;

2. табиғи апаттар;

3. әлемдік мұхит суының химиялық құрамы;

4. атмосфераның химиялық құрамы;

5. заттардың биотикалық айналымы.

14. Экологиялық сукцессия нәтижесінде:

1.таулар түзіледі;

2.климакстық қауымдастық қалыптасады;

3.материктердің пішіні өзгереді;

4.найзағай разрядтары пайда болады;

5.жауын-шашын түседі.

15. Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

1. Биосферада жүретін процестердің бәрі термодинамика заңдарына бағынады;

2. Биосфера ашық жүйе;

3. Биосфераның тірі заты Жердің бүлінген территорияларын қалпына келтіре алмайды;

4. Биосфераның тірі заты энергетикалық пайдалы қазбаларды түзген;

5. Биосфераның тірі заты Жер эволюциясы барысында атмосфераны қалыптастырды.

 

1. «Адамның қоршаған ортасы» ұғымы қандай, бір-бірімен байланысты, екі бөлімнен (компонеттен) құралады:

1. Табиғи және қоғамдық ортадан;

2. Атмосферадан және гидросферадан;

3. Атмосферадан және литосферадан;

4. Жанды және жансыз ортадан;

5. Материалдық және рухани ортадан.

2. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын және жоғарғы географиялық ендіктерге қарай жылжыған сайын, өсімдік жамылғысының ұқсас сипатта өзеруінің бір себебі:

1. таулардың басын және жоғарғы географиялық ендіктерді үнемі бұлт басып жатады;

2. теңіз деңгейінен биіктеген сайын және жоғарғы географиялық ендіктерге қарай жылжыған сайын қоршаған ортаның температурасы төмендейді;

3. теңіз деңгейінен биіктеген сайын және жоғарғы географиялық ендіктерге қарай жылжыған сайын қоршаған ортаның температурасы өзгермейді;

4. теңіз деңгейінен биіктеген сайын және жоғарғы географиялық ендіктерге қарай жылжыған сайын қоршаған ортаның температурасы артады;

5. теңіз деңгейінен биіктеген сайын және жоғарғы географиялық ендіктерге қарай жылжыған сайын қоршаған ортаның температурасы күрт өзгереді;

3. Эврибионттарға қандай организмдер жатады:

1. тек судың тұздылығына ғана толеранттылық ауқымы кең;

2. тек атмосфералық қысымға ғана толеранттыдық ауқымы кең;

3. негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы кең;

4. тек азыққа байланысты ғана толеранттылық ауқымы кең;

5. негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер.

4. Популяция гомеостазисы дегеніміз, бұл:

1. популяция санының белгілі бір деңгейде сақталуы;

2. популяцияның өсімталдығының төмендеуі;

3. популяция санының өсуі;

4. популяция санының реттелуі;

5. популяцияның қоршаған ортамен әсерлесуі.

5. Бір организм басқа түрге жататын организмнің қоректік заттары есебінен қоректенетін, немесе ұлпаларымен қоректенетін популяция аралық байланыстардың түрі қалай аталады?

1. жыртқыштық;

2. паразитизм;

3. мутуализм;

4. комменсализм;

5. антибиоз.

6. Тіршіліктің атмосферадағы таралуының физикалық шегі қандай биіктікте орналасқан?

1. 1 - 3 м;

2. 1 - 2 км;

3. 18 - 23 км;

4. 200 - 220 км;

5. 460 - 480 км.

7. Жерде тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болуы туралы ілімнің ғылыми негізін салған:

1. В.И. Вернадский;

2. А.Тенсли;

3. Д.И. Менделеев;

4. А. Опарин;

5. Ч. Дарвин.

8.Төменде келтірілген популяция санын реттеуші факторлардың қайсысы популяция тығыздығына тәуелді болады?

1. қуаңшылық;

2.түр ішіндегі бәсекелесті;

3. қыстың қатаңдығы;

4. өрттер;

5. жер сілкіністері.

9. Жануарлар өз тіршілігі барысында энергияның қандай түрін пайдаланады:

1. электр энергиясын;

2. механикалық энергияны;

3. химиялық энергияны;

4. жарық энегиясын;

5. дыбыс энегиясын.

10. Шөлдік экожүйелерде қоректік тізбектің бірінші трофикалық деңгейін қандай организмдер иеленеді:

1. сарбас жылан;

2. өрмекшілер;

3. құмырсқалар;

4. шөлдің өсімдіктері;

5. кесірткелер.

11. Төмендегілердің қайсысы дәстүрлі энергия көздерінің қатарына жатпайды:

1. Мұхиттың толысу және лықсып кері қайту энергиясы;

2. Мұнай және табиғи ғаз;

3. Таскөмір және ағаш отын;

4. Жел энергиясы және таскөмір;

5. Күн энергиясы және табиғи ғаз.

12. Бирсфераның тірі затының жинақтаушылық (концентрациялаушы) қызметінің (функциясының) нәтижесінде биосферада болатын өзгеріс:

1. қоршаған ортада шашыраңқы кездесетін химиялық элементтерінің организмдерде жинақталуы;

2. өлі органикалық заттардың ыдырауы;

3. жер қыртысындағы тектоникалық процесстер;

4. планетаның көп бөлігінде су тасқынының болуы;

5. құрлық тақталарының қозғалысының жылдамдауы.

13. Заттардың биотикалық айналымының қозғаушы күші:

1. күн энергиясы;

2. мұхит суының толысуы мен қайту энергиясы;

3. жердің температуралық режиміндегі өзгерістер;

4. жел энергиясы;

5. литосфераның химиялық құрамы.

14. Экологиялық сукцессия – бұл қандай құбылыстардың кезектесіп алмасу:

1. жыл мезгілдерінің;

2. климаттық жағдайлардың;

3. белгілі бір территориядағы биоценоздардың;

4. жайылымдық территориялардың;

5. күн мен түннің алмасуы.

15. Ғалымдардың көпшілігінің пікірі бойынша біздің планетамыздың жасы:

1.4,6 млрд жыл;

2.1 млрд жыл;

3.100 мың жыл;

4.10 млрд жыл;

5.1 млн жыл.

1. Ауылшаруашылық өндірісінің экологиялық принциптері мен стратегиясы тұрақты өнім алудың қандай жолын қарастырады:

1. Топырақ құнарлығын арттырып отыру және ауылшаруашылық дақылдарының жағымсыз факторларға төзімді сорттарын шығару;

2. Минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану;

3. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау үшін пестицидтерді кеңінен қолдану;

5. Органикалық-минералдық құрама тыңайтқыштар қолдану.

2. Толеранттық дегеніміз бұл:

1. организмдердің қоршаған орта жағдайларының белгілі бір аралықта өзгеруін көтеру қабілеттілігі;

2. организмдердің жаңа тіршілік жағдайларына бейімделуге қабілеттілігі;

3. организмдердің жергілікті формалар түзуге қабілеттілігі;

4. организмдердің тәулік мезгілін анықтауға қабілеттілігі;

5. тіршілік ортасына ықпал етуге қабілеттілігі.

3. Экологиялық факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы кең организмдер қалай аталады:

1. стенобионттық;

2. эврибионтнттық;

3. продуценттер;

4. консументтер;

5. редуценттер.

4. Популяцияның динамикалық сипаттамаларына не жатады:

1. популяцияның жыныстық және жастық құрамы;

2. популяцияның экологиялық қуысы;

3. популяцияның туылымы, өлім-жітімі;

4. дара организмдердің кеңістікте таралуы;

5. организмдердің саны мен тығыздығы.

5. Күйісті жануарлардың өсімдік тектес қатқыл азықтарды қорытатын ферменттері болмайды. Бұл жұмысты олардың қарнында тұрақты тіршілік ететін ашытқыш бактериялар атқарады. Бактериялар күйісті жануарлардың қарнында өздеріне қолайлы микроклимат, азық, көбеюі үшін қажетті өзге де жағдайлар және сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғаныш табады. Бактериялар табиғатта бос күйде кездеспейді деуге болады. Осы байланысты түр аралық қарым-қатынастардың қандай түріне жатқызуға болады?

1. паразитизм;

2. комменсализм;

3. бәсекелестік;

4. мутуализм;

5. нейтрализм.

6. Дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер қай топқа жатады?

1. автотрофтар;

2. гетеротрофтар;

3. хемотрофтар;

4. продуценттер;

5. симбионттар.

7. Табиғи ортаның абиотикалық факторларына жататын мыналар (неғұрлым дұрыс жауапты таңдап ал):

1. орман экожүйесінің фаунасы, флорасы және топырағының химиялық құрамы;

2. судағы тұздардың концентрациясы және минералдық элементтердің құрамы;

3. өсімдіктер қауымдастығының құрамы, температура және жарық;

4. фитопланктон және судың минералдық элементтерінің құрамы;

5. сулық экожүйедегі тірі организмдердің жиынтығы.

8.Популяция саны экспоненциалды түрде өсуі мүмкін:

1. егер популяция санын шектеуші бірден-бір фактор азық болса;

2. егер популяция тіршілік үшін қолайлы жаңа территорияны қоныстанса;

3. жыртқыштар жоқ болған жағдайда ғана;

4. тек лабораториялық жағдайда ғана;

5. егер популяцияның өсуін тек тіршілік өнімдерінің жинақталып қалуы ғана шектейтін болса.

9. Адамдар өмір сүретін ортаның экологиялық жағдайын жақсартудың ең нәтижелі жолы қандай болар еді:

1. шыны ыдстарды қайтара пайдалану;

2. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдардың қабылдануына белсенді ат салысу;

3. автомобиль орнына велосипед міну;

4. вегетариандық азыққа көшу;

5. өндіріс көлемін қысқарту.

10. Далалық экожүйелерде қоректік тізбектердің үшінші трофикалық деңгейін қандай организмдер иеленеді:

1. қызғалдақтар;

2. құландар;

3. бүркіттер;

4. астық тұқымдас жабайы өсімдіктер;

5. қояндар.

11. Қазіргі кезде Әлемдік мұхитты ластаушы заттрадың қайсыс тірі организмдер үшін неғұрлым қауіпті болып отыр:

1. Полиэтилен;

2. Нитраттар;

3. Мұнай;

4. Құрылыс қоқыстары;

5. Өнеркәсіп қалдықтары.

12. Биосфераның тірі затының энергетикалық қызметінің нәтижесінде пайда болған қандай заттарды адам өзінің шаруашылық іс-әрекетінде энергия көзі ретінде пайдалана алады:

1. су ресурстарын;

2. судың толысуы мен қайтады;

3. күн радиациясы;

4. көмір және мұнай;

5. жел.

13. Заттардың биотикалық айналымын қандай үзіліссіз процесс ретінде қарастыруға болады:

1. органикалық заттар түзу процесі ретінде;

2. органикалық заттарды ыдырату процесі ретінде;

3. органикалық заттардың түзілуі мен ыдырауы процесі ретінде;

4. Жер температурасының артуы процесі ретінде;

5. Жер температурасының төмендеу процесі ретінде.

14. Бастапқы экологиялық сукцессия қандай жерде болады:

1.топырақ түзілу процесі басталған жерде;

2.бұрында органикалық қалдықтар болған жерде,

3.құнарлы топырақ қабаты бар жерде;

4.қылқан жапырақты ағаштар өскен жерде;

5.жылдың басым бөлігінде атмосфералық жауын-шашын түсетін жерде.

15. Биосфераның тірі затының әрекеті нәтижесінде Жер эволюциясы барысында не өзгерді:

1.күн сәулесінің спектрі;

2.атмосфералың химиялық құрамы;

3.циклондар мен антициклондар ара-қатынасы;

4.мұхит рельефі;

5.материктер көлемі.

 

1. Өнеркәсіптің экологиялық принциптері мен стратегиясы дамудың қандай жолдарын қарастырады:

1.Аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгізу

2. Табиғи ресурстарды шектеусіз пайдалана отырып мейлінше мол пайда табу;

3. Жаңа өнеркәсіп кешендерін тұрғызу үшін ормандарды шабу;

4. Өнеркәсіп мекемелерінің шайынды суларын өзендер мен көлдерге төгу;

5. Өнеркәсіп мекемелерін халық тығыз қоныстанған жерлерге орналастыру.

2. В.Шелфордтың "толеранттық" заңына сәйкес:

1.организмдер қоршаған орта факторларының кезкелген өзгерістеріне шыдай алады;

2.организмдер қоршаған орта факторларының кезкелген өзгерістеріне қарамастан өсіп-өркендей алады;

3.организмдер қоршаған орта факторларының шамалы өзгерістерінен-ақ өліп қалады;

4. организмдер қоршаған орта факторларының белгілі бір аралықтағы өзгерістерін ғана көтере алады;

5.организмдер қоршаған орта факторларының минимамалды ауытқуларын ғана көтере алады.

3. Экологиялық факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер қалай аталады:

1. консументтер;

2. стенобионттық;

3. продуценттер;

4. эврибионттық;

5. редуценттер.

4. Популяцияның статикалық сипаттамаларына не жатады:

1. популяцияның туылымы, өлім-жітімі;

2. тірі қалу мөлшері;

3. популяцияның өсу жылдамдығы;

4. популяция саны, популяция тығыздығы;

5. популяцияның лездік өсім жылдамдығы.

5. Экологиядағы 10% ережесіне сәйкес:

1.продуценттер күн энергиясының 10% жуығын органикалық заттардың химиялық байланыстар энергиясына айналдырады;

2.бір трофикалық деңгейден келесі трофикалық деңгейге энергияның шамамен 10% көшеді;

3. әр трофикалық деңгейде энергияның шамамен 10% метаболизм процестеріне жұмсалады;

4. шамамен Күн энергиясының 10% Жерге келіп жетеді;

5. әр трофикалық деңгейде энергияның 10% жуығы жылу түрінде бөлініп шығады.

6. Қай химиялық элемент Биосфераның негізгі биогендік элементтерінің қатарына жатпайды?

1. азот;

2. сутегі;

3. көміртегі;

4. стронций;

5. оттегі.

7. Табиғи ортаның биотикалық факторларына жататын мыналар (неғұрлым дұрыс жауапты таңдап ал):

1. жер бедері (рельеф);

2. ормандық экожүйенің флорасы;

3. жер бедері (рельеф) және ормандық экожүйенің флорасы;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 739; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.167 сек.