Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Апомиксис




 

Апомиксис деп ұрықтың әр түрлі жағдайларға байланысты ұрықтану проценсіз (ядролардың қосылуынсыз) пайда болуын айтады. Апомиксис құбылысы қос және даражарнақты өсімдіктерде кездеседі. Олардың ішінде, әсіресе эволюциялық тұрғыдан қарағанда жақсы жетілген топтарда, мысалы, астық тұқымдасында, сарғалдақтар тұқымдасында, раушангүлділерде жиірек кездеседі.

Апомиксистің көптеген варианттары бар. Тұрақты апомиксисте қалтасы диплоидты және ұрық жұмыртқа клеткасынан (партаногенез), ұрық қалтасының жұмыртқа клеткасынан басқа кез келген клеткасынан (апогамия), нуцеллустың, интегументтің, халазаның клеткасынан (апоспория) пайда болуы мүмкін. Апоспориялы ұрық қалтасы, дұрыс жетіліп қалыптасқан ұрық қалтасы секілді. Әдетте 8-ядролы болады, бірақ олардың полярлылығы бұзылады және әр түрлі ауытқушылықтарға ұшырайды. Апоспория мен полиэмброния (дәннің көп ұрықтылығы) байланысты болады. Қосымша ұрықтар лимонда және басқа да цитрус тектестерге жататын өсімдіктерде жиі кездеседі.

Кейде апомиксиске гүлді алмастыратын пиязшықтарды немесе басқа да вегетативтік көбеюге арналған құрылымдарды жатқызады.

Апомиксисті өсімдіктер көп жағдайда морфологиялық ауытқушылықтарға ұшырайды. Олардың тозаңы көптеген жақсы қасиеттерін жоғалтып, бұрынғы қабілетінен айрылады (дегенрацияға ұшырайды), тозаң қабы (тозаңдық) редукцияға ұшырайды. Табиғатта осындай морфологиялық ауытқушылықтарға ұшыраған өсімдіктерді анықтаудың «антоморфологиялық» тәсілі осыған негізделген.

 

ТҰҚЫМ

 

Тұқым дегеніміз тұқымды өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше «орган). Ол сырты жеміс қаппен (спермодерма) қапталған ұрықтан және ұор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда (салқында, құрғақшылықта) тұқым тыныштық ұалпында топырақта ұзақ уақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті болған жағдайда тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі.

 

ТҰҚЫМНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

 

Қор заттарының қай жерде жиналуына байланысты: эндоспермде, периспермде, ұрықта, эндоспермде және периспермде, эндоспермде және ұрықта тұқымның бес типі болады (118-сурет).

 

118-сурет. Тұқымның типтері:

А-эндоспермі ұрықты қоршап жатады (көкнәр – мак); Б-эндоспермі ұрықпен қатар жатады (бидай – пшеница); В-периспермі бар (қарамықша куколь); Г-эндоспермі ұрықты қоршап жатады және периспермиі өте жақсы жетілген (бұрыш – перец); Д-эндоспермі бар және тұқым жарнақтарында қоректік заттар жиналған (зығыр – лен); Е-тұқым жарнақтарында қоректік заттар жиналған (асбұршақ – горох): 1-спермодерма; 2-эндосперм; 3-тамырша; 4-сабақша; 5-бүршікше; 6-тұқым жарнағы (3-6-ұрық); 7-жемісқап; 8-перисперм.

ЭНДОСПЕРМІ БАР ТҰҚЫМ

119-сурет. Сұлының дәні:

А-тік кесіндісі (сызба – нұсқасы); Б-ұрық; В-эндосперм: 1-ұрық; 2-эндосперм; 3-спермодермамен біріккен жеміс қап; 4-сабақша; 5-тамырша; 6-колеориза (тамыр қынап); 7-бүршікше; 8-колиоптиль; 9-тұқымжарнағы (қалқанша-щиток); 10-эпибласт; 11-алейрон қабаты; 12-қорлық крахмалдары бар клеткалар.

 

Сұлының дәнінің сыртын (119-сурет) біршама жұқа жарғақ қабат (пленчатый слой) тығыз болып жауып тұрады. Оны дәннің ішкі бөлігінен ажырату қиын. Бұл дәннің қауызымен бірігіп кеткен жемісқап болып табылады (околоплодник). Дән бір тұқымды жеміс болып саналады. Оның ішінде кішкентай ұрық пен эндосперм болады. Ұрық алғашқы меристемадан тұрады, онда болашақ өсімдіктің вегетативтік органдарының бастамасы болады: ұрықтық тамырша тамыр оймақшасымен, тамырдың қынапшасы немесе колериза, ұрықтық сабақша (гипокотиль) және бүршікше. Онда ұрықтық жапырақшалармен қоршалған сабақтың өсу конусы жақсы байқалады. Сыртқы ұрықтық жапырақша колеоптиле деп аталынады. Ол бүршікшені топырақ арқылы өткенде қорғап тұрады. Жалғыз тұқым жарнағы эндоспермге жанасып жатады, оны қалқанша (щиток) деп атайды. Сабақшаның қалқаншаға қарама-қарсы жағында эпибласт (қабықша) орналасады. Ол редукцияға ұшыраған екінші тұқым жарнағы болса керек (кейбір астық тұқымдасында эпибласт түзілмейді). Эндоспермнің шет жағында алейрон дәндері деп аталынатын, белоктың түйіршіктерінен тұратын клеткалардың қатары болады. Бұл алейрон қабаты, оның астындағы клеткалар (дәннің ортаңғы бөлігінде) күрделі крахмал дәндерімен толтырылған болып келеді.

120-сурет. Фасольдың дәні:

А-жалпы көрінісі; Б-ұрық; 1-корешок; 2-микропиле; 3-тұқым кіндік; 4-дәннің тігісі; 5-спермодерма; 6-бүршікше; 7-сабақша; 8-тұқым жарнағы.

 

ҰРЫҒЫНДА ҚОР ЗАТТАРЫ ЖИНАЛАТЫН ТҰҚЫМ

Ұрығында қор жиналатын тұқымға фасольдың дәні мысал бола алады (120-сурет). Оның сыртында біршама қалың болып келген жеміс қабы (спермодерма) болады. Дәннің жіңішке ойыс жағында тұқым дағы (рубчик) болады. Ол тұқымның сағаққа бекінетін жері болып табылады. Тұқым дағымен бір түзудің бойында тозаң тесігі (микропиле) орналасады, сол арқылы тұқымның ішіне су мен газ өтіп отырады. Тозаң тесігінің ұрықтық тамыршадан пайда болған кішкентай төмпешік (бугорок) болады. Тозаң тесігіне қарама-қарсы жақта, тұқым дағына тұқымның тігісі (семенной шов) жаңасып жатады. Бұл тігіс тұқым бүршігімен тұқым сағағының жапсарласып біріккен жері болып табылады. Жеміс қаптың (спермодерма) астында екі үлкен бүйрек тәрізді тұқым жарнағынан тұратын ұрық, ұрықтық тамырша, ұрықтық сабақша және бүршікшелер орналасады. Тұқымда эндосперм болмайды. Эндоспермнің қоректік заттарын ұрық сорып алады. Тұқым жарнағының клеткалары крахмал және алейрон дәндерімен толтырылған болып келеді.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 3968; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.