Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Балдырлар (водоросли) – algae 4 страница




Көбеюі. Көк – жасыл балдырлар негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Бір клеткалы организмдердің көбеюі клетканың бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуінің, ал көп клеткаларының жіптерінің гетероциста немесе маманданбаған өлі клеткалар арқылы үзіліп кетуінің нәтижесінде жүзеге асады. Жіпшенің вегетативтік көбеюге қажетті участогі гормогония деп аталынады. Арнайы маманданған уақытта талшықты формалар түзбейді. Жыныстық көбеюі жоқ. Қолайсыз жағдайларда клеткалардан қабықшалары қалың споралар түзіледі. Олардың ішінде қор заттары мол болады. Бұл жердер спораларды тыныштық қалыпқа көшкенклеткалар деп түсінген жөн, өйткені олар вегетативтік клеткаларға қарағанда сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына көп төзімді келеді.

Классификациясы. Көк – жасыл балдырлар үш класқа бөлінеді: хроококкалар класы (Chroococcophyceae), хамесифондылар класы (Chamaesiphonophycae), гормогониялар класы(Hormogoniophyceae).

Хроококкалар класына (Chroococcophyceae) мына туыстар жатады: глеокапса (Gloeocapsa), микроцистис(Microcystis); хамесифондылар класына (Chamaesiphonophycae) – дермокарпа (Dermocarpa), паширенема (Pascherinema - Endonema), хамесифон(Chamaesiphon);гормогониялар класына (Hormogoniophyceae) – осциллатория (Oscillatoria), спирулина (Spirulina), лингвия (Lyngbya), анабена (Anabena), носток (Nostoc), толипотрикс (Tolipotrix), ривулярия (Rivularia), глеотрикия (Gloeotrichia).

Таралуы және шараушылықтағы маңызы. Көк – жасыл балдырлар өте өзгергіш және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына тез бейімделеді. Олар тұщы және теңіз суларында, топырақтың бетінде, топрыақта жалаңаш жар тастардың бетінде, қардың астында және ыстық қайнар бұлақтарда да өмір сүреді. Кейбір планктонды түрлері ыластанған сулардың көкшіл түске боялуына («цветение») әкеліпсоқтырады (анабена туысы – Anabena), ал екінші біреулері, шіру процесінің өнімдерін минерализациялап, суды тазартады. Көк – жасыл балдырлардың топырақта кездесетін түрлері – формидиум (Phormidium) және плектонема (Plectonema) ауадыға азотты ьойына сіңіруге қабілетті келеді. Ностоктың (Nostoc) колониясын қоршап тұратын шырышты заттарға, ауадыға азотты бойына сіңіретін бактериялар қоныстанады. Көптеген түрлері саңырауқұлақтармен селбесіп, қыналар түзеді.

ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІНІҢ ЯДРОЛЫ ПЛАСТИДТІ ТАРМАҒЫ (ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ АВТОТРОФТЫ ӨСІМДІКТЕР) – THALLLOBIONTA EUCARYOTA

Бұл тармақтың құрамында «балдырлар» деген жалпы атпен белгілі өсімдіктердің суда өсетін 9 бөлімі және қыналар бөлімі кіреді.

Балдырлар өсімдіктер дүниесінің ең ерте пайда болған тобы. Өздері пайда болған сулы ортаның жағдайының біркелкі тұрақты болып келуіне байланысты, балдырлар тұтастай бір геологиялық эпоханы басынан өткізген. Алайда олардың көпшілігінің осы уақытқа дейін, алғашқы кездерде пайда болған формаларынан көп айырмашылықтары жоқ. Бұл қарапайым жануарларға жақын, бір клеткалы және колониялы формаларынан көпклеткалы, құрылысы күрделі болып келетін, ұзындығы ондаған метрге жететін, денесі дифференциацияланған ұлпалардан тұратын ересен үлкен (гигантский) өсімдіктерге дейін жеткен.

Қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге сүйенсек, балдырларды талшықтардан (жгутиковых – Flagellatae), яғни суда өмір сүрген 1 – 2 талшығы бар бір клеткалы организмдерден шыққан деп жорамалдайды. Олардың ішінде хлорофильдері бар (автотрофты) және түссіз (гетеротрофты) организмдер кезедеседі. Ьұлардың алғашқылары өсімдіктерге, ал соңғылары жануарларға жақын. Сондықтан көптеген систематиктер талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлардың арасын, жалғастырып тұратын, екеуіне де ортақ бастапқы топ ретінде қарастырады.

Қоректенуі. Балдырлардың көпшілігінде хлорофилл болады және автотрофты қоректенеді, бірақта олардың ішінде жасыл түсі басқа пигменттермен жабылып көрінбей тұратындары да аз болмайды.

Құрылысы. Талломы бірклеткалы, колониялы, клеткаланбаған және көпклеткалы болады. Сонымен бірге олар клеткаларының орналасуына қарай жіп тәрізді немесе пластинка тәрізді болып келеді. Талломның вегетативтік клеткалары сырт жағынан целлюлозадан және пектинді заттардан тұратын қатты қабықшамен қапталған болады. Клетка қабықшасының сыртының кремнеземмен немесе ою – өрнек тәрізді оның безегімен қапталуы жиі кездеседі. Цитоплазмасы клетканың бүкіл қуысын толтырады немесе онң қабырғасында жақын орналасады. Клетканың ортасында, іші клетка шырынына толы бір үлкен немесе бірнеше ұсақ вакуольдер болады. Клеткада бір немесе бірнеше ядросы бар құрамында пигменттреі бар, хроматофорлары болады. Хроматофорларының формалары алуан түрлі – пластинка, спираль, лента, астауша, жұлдызша тәрізді, торлы және т.б.болып келеді (9-сурет). Бұлар балдырларды анықтауға қажетті негізгі белгілері болып табылады. Кейбір балдырлардың хроматофорасында «пиреноидтар» деп алынатын ерекше беклоктік денешіктер болады, олардың айналасында артық қор жиналады.

Көбеюі. Балдырларда көбеюдің вегетативтік, нағыз жыныссыз және жыныстық типтерінің барлығы болады. Вегетативтік көбеюі бір клеткалы түрлерінде клетканың тең екіге бөлінуі, колониялы түрлерінде - аналық колонияның ұсақ колонияларға ыдырауы, көп клеткалы түрлерінде таломасының бөліктерімен, кейде вегетативтік көбеюге арналған органдары (мысалы, хара балдырларының түйнектері) арқылы жүзеге асады. Нағыз жыныссыз көбеюі зооспоралары гһнемесе қозғалмайтын споралары арқылы жүзеге асады. Спора вегетативтік клетканың ішінде немесе ерекше органдарда: зооспорангиларда немесе спорангиларда, олардың ішіндегі заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын бір клеткалы құрылым. Зооспоралар түзілгеннен кейін, көп ұзамай талшықтарын тастап, клетка қабықшасына оранып, жаңа особьқа айналады. Жыныстық көбеюі изо-, гетерогамия және оогамиялық формаларда жүзеге асады. Изо- және гетерогаметалары қатардағы вегетативтік клеткалардан түзеледі. Жұмыртқа клеткасы оогонилерінде, сперотазоидтары антеридилерінде жетіледі. Жұмыртқа клеткасы біреу немесе бірнешеу болады, ал сперматозоиды – көп. Балдырларды тіркесу арқылы көбеюде (коньюгация, немесе зигогамия) жиі кездеседі. Бұл жағдайда екі вегетативтік клетканың біреуінің ішіндегі протопласты екіншісіне құйылады. Осы сөз болған жыныстық көбеюлердің кез келгені зиготаның (2п) түзілуімен аяқталады. Біраз тыныштық кезеңін басынан өткізген соң, зиготадан редукциялық бөліністің нәтижесінде төрт зооспора түзіледі. Олардан келешекте жаңа особьтар пайда болады. Кейбір жағдайларда зигота тыныштық кезеңіне көшпей ақ, редукциялық жолмен бөлініп, бірден қозғалмайтын жаңа особьқа айналады. Бұл жаңа особьтар, тағыда жаңа жыныстық көбеюдің мерзімі келгенше, ұзақ уақыттар бойы жынссыз көбейе алады. Жаңа жыныстық көбеюдің мерзімінің келуі, көп жағдайда сыртқы ортаға байланысты болады. Алайда зиготадан жыныссыз фаза – спорофит (2п) түзіледі, ал онда жыныссыз көбею органы – зооспоранги жетіледі. Зооспорангидің ішіндегі заттардың редукциялық жолмен бөлуінің нәтижесінде гаплоидты (п) зооспоралар түзіледі. Зооспоралар өсіп гаметофиттер (п) береді, ал оларда жыныстық көбею органдары гаметангилер жетіледі. Гаметангилерден гаметаралар түзіледі. Гаметофит қосжынысты да, дара жынысты да болады. Сонымен, балдырлардың біреулерінің өмірлік циклінде ядролық фазалардың дұрыс алмасуы болмайды, ал екіншілерінде спора – және гаметофазаларының алмасуын айқын байқауға болады (134-сурет).

Таралуы және шаруашылықтағы маңызы. Балдырлардың көпшілігі суды, негізінен теңіз суларын мекендейді. Олардың біреулері, планктонның негізгі бөлігін түзіп, суда бос жүзіп жүреді, ал екіншілері судың түбінде бос жатады немесе субстратқа бекініп тұрады. Соңғылары бентостың балдырлар 100 – 200 метрге, ал жекеленген түрлері 500 метрге және оданда көбірек терңдікке дейін өседі.

Кейбір балдырлар өте төменгі температураның өзінде тіршілік қабілетін жоғалтпайды. Мысалы, полярлық ендікте және таулардың биік белдеулерінде (альпалық, субальпалық) балдырлар қардың үстінде өседі және оларды қызыл, жасыл, қоңыр, сары түстерге бояйды (қар хламидомонадасы).

134 – сурет. Балдырлардың өмірлік циклындағы диплоидты және гаплоидты фазалардың ара салмағы: А – улотрикс; Б – ульва; В - ламинария

 

Балдырлар топырақтың бетінде, топырақтың жоғарғы қабаттарында, тіптен атмосфералық ауада (хлорелланың кейбір түрлері) өмір сүреді. Балдырлардың жекелеген түрлері бактериялармен бірге өнім бермейтін, құнарсыз субтраттарға түсіп, оларды алғашқы мекендейтін пионерлер болып табылады. Олардың көпшілігі топырақ түзу процесіне актипті түрде қатынасады. Азотты ауадан бойына сіңіруге қабілетті балдырлар, топрыақты азотпен байытады. Жасыл балдырлардың кейбір түрлері комплексті организмдердің – қыналардың құрамына кіреді.

Балдырлар суды оттегімен байытып қана қоймайды, соынмен бірге балықтардың, суда жүзетін құстардың жемі болып табылады. Балдарлардан дайындалған ұнмен ауылшаруашылық жануарларын қоректендіреді. Балдырларды тыңайтқыш ретінде де пайдаланады. Қоңыр және қызыл балдырлардан кондиттер өнімдерін өндіруге және микробиологиялық өндірістерге қажетті агар алынады, ал олардың күлі бром және йод алуға қажетті шикізат болып табылады.

САРЫ-ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ(ЖЕЛТО-ЗЕЛЕНЫЕ ВОДРОСЛИ) XANTHOPHYTA

Бұл бөлімге 2,5 мыңдай түр жатады. Олардың талломы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған және т.б. болып келеді. Сары-жасыл балдырлар негізінен тұщы суларды, сиректеу түзщы суларды мекендейді. Бұл жерлерде олар плактондардың, кейде бентостардың да маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге сары-жасыл балдырлар топыраұта да жіне тастың бетінде де өседі. Олардың клеткаларының қабықшалары протопектинді, целлюлоза аз болады. Ядросы көп жаңдайда біреу, ал клеткаланбаған түрлерінің ядросы көп болады. Хроматофорында хлорофиллден басқа, толломға сара-жасыл түс беретін каратиноидтар болады. Пиреноидтары болмайды. артық қор заттары ретінде шыны майы, кейде лейкозиннің және валютиннің түйіршіктері жиналады. Вегетативтік көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы немесе талломдардың бөлшектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесі негізінен изогамиялы, сиректеу оогамиялы болып келеді. Зооспоралары мен сперматозоидтаоының ұзындыұтары әртүрлі екі талшығы болады: оның білеуі қысқа, түзу, жылтыр, ал екіншісі ұзын жіне қауырсынды олып келеді.

Классификациясы. Бұл бөлім мынадай 6кластан тұрады: ксантомонадалылар класы(Xaanthomonodophyceae), ксантоподалылар класы (Xanthopodophceae), ксантокапсалылар класы (Xanthocapsophyceae), ксантококкалылар класы (Xanthococcophyceae), ксантотрихалылар класы (Xanthotrichophyceae), ксантостфонлыдар класы (Xanthosiphonophyceae). Осы.кластың ең үлкені және теориялық тұрғыдан маңыздысы ксантосифондылар класы. Сондықтан осы класқа қысқаша тоқталамыз.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 6609; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.