Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Балдырлар (водоросли) – algae 1 страница




Тарау

ЖЕМІС

Жеміс дегеніміз тұқымды қорғауға, ал кейбір жағдайларды оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрықтану процесінен кейін, ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктерде ұрықтану процесі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды, олар әдетте дән байламайды (жүзімнің, алмұрттың, цитрус тектестердің кейбір сорттары). Жай жемістерден біріккен жемістің (соплодие) айырмашылығы сол, ол бір-бірімен біріккен (қызылша), бірнеше гүлден, немесе түгелдей гүл шоғынан пайда болады (тұт, инжир, ананас) (121-сурет).

Құрылысы. Жеміс перикарпийден (грек. «пери» - жанында, «карпос» - жеміс; демек жемістің тұқымды қоршаған бөлігі) және тұқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий дегеніміз бір немесе бірнеше аналықтың жатынының (гүл түйінінің) қабырғасынан, көп жағдайда гүлдің басқа да бөліктерінен – аталық негізінен, күлте жапырақшалардан, тостағанша жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып табылады. Перикарпий (околоплодник) үш қабаттан: сыртқы – экзокарпадан, ортаңғы – мезокарпадан және ішкі – эндокарпадан (125-суретті қараңыз) тұрады.

 

121-сурет. Тұттың гүлшоғыры мен жеміс шоғыры:

А-аналық гүлдерінің шоғыры; Б-аналық гүл; В-жеміс шоғыры; Г-жеміс (көлденең кесіндісі).

 

КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Жемістер алуан түрлі болып келеді. Оның өзі жабық тұқымды өсімдіктердің системалық топтарының ұшы – қиыры жоқ көп түрлілігімен және жемістердің өздерін тарататын агенттерге бейімдеушілігімен байланысты болады. Бұл жемістердің филогенетикалық классификациясын жасауды қиындатады. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген филогенетикалық классификация гинецейдің типіне негізделген. Қарапайым апокарпты гинецейден пайда болған жемістерді апокарпиялар, ал эволюциялық тұрғыдан қарағанда жақсы жетілген (ілгері басқандық байқалатын) ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокарпиялар деп атайды. Алайда, осы екі топтың одан арғы классификациясы өте күрделі және өсімдіктерді анықтау практикасында қолдануға келмейді. Сондықтан да жемістердің айқын жасанды морфологиялық классификациясына сүйенуге тура келеді.

Жемістерді жай және күрделі деп екі топқа бөледі. Егер жеміс гүлдің тек бір ғана аналығынан дамыса – ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса күрделі болып табылады. Кейде жай жеміс ұяларға ыдырайды (дробный), немесе бір тұқымды бөліктерге яғни бунақтарға (членистый) көлденең перделер арқылы бөлінеді. Күрделі жемістерді біріккен жемістер деп те атайды (122-124-суреттерді қараңыз).

Жай және күрделі жемістердің одан арғы классификациясын жасағанда мынадай белгілерді: перикарпийдің консистенциясын (қаттылығын, жұмсақтығын, құрғақтығын, шырындығын), тұқымның санын (көп немесе біреу), перикарпийдің қақырауын (қақырамайтын немесе қақырайтын, қақыраудың жолдарын – тәсілдерін), жеміс беретін жеміс жапырақшаларының санын негізге алады. Сонымен, жабық тұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жемістер деп, екі топқа айырады. Шырынды жемістердің ірі паренхимикалық, шырыны мол клеткалардан түзілген мезокарпиі жақсы дамыған. Экзокарпиі мен эндокарпиі кейде тек сыртқы және ішкі эпидермис түрінде ғана болады. Көбіне олар көп қабатты.

Құрғақ жемістерде шырындыларға қарағанда, мезокарпиі нашар дамыған. Кейде ол тіпті бір қатар клеткалардың тізбегінен ғана тұрады. Құрғақ жемістердің көпшілігінің мезокарпиі көп қабатты болады. Мұнлағы мозокарпий клетка ішілік заттарын жоғалтқан паренхималық, склеренхималық және қабыршық клеткаларынан түзілген.

Тұқымдардың жемістерден босанып шығуы үшін, перикарпийдің белгілі участкелерінде арнайы бөлгіш ұлпалар пайда болады. Жемістердің қақырауы көбінесе көптұқымды, құрғақ жемістерге тән. Қақырамайтын жемістердің перикапийлері механикалық жолмен немесе микроорганизмдердің әсерінен бірте-бірте ыдырап жойылады.

Құрғақ жемістің перикарпиі сүректелген болып келеді. Құрғақ жемістер: қақырайтын және қақырамайтын, ал шырынды жемістер: шиелі жемістер және сүйекті жемістер болып бөлінеді.

Жемістерді құрғақ және жемісті деп бөлу тек қана олардың морфологиялық белгілеріне негізделген. Бұл практикада жиі қолданылатын, жемістердің сыртқы морфологиялық белгілерін жақсы көрсететін, пайдалануға өте ыңғайлы жемістердің морфологиялық классификациясы. Бірақ мұндай классификация жемістердің эволюциялық даму сатыларын көрсетпейді, сондықтан да оның ғылыми тұрғыдан маңызы шамалы.

Қақырайтын құрғақ жемістердің ішіндегі тұқымның саны бір-бірден немесе өте көп болуы мүмкін. Бұларды қорапша тәрізді жемістер деп те атйды (122-сурет). Олар өздерінің қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай былай бөлінеді:

1. Таптама (листовка) – бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көптұқымды құрғақ, бір жағынан (бауыр жағындағы жігінен ғана) ұаұырайтын жеміс; апокарпты гинецейден бірккен таптама түзіледі (сборная листовка).

2. Боб – бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көптұқымды, екі жағынан (бауыр және арқа жағындағы жіктері арқылы) қақырайтын жеміс. Бобтар спираль тәрізді бұралған, бір жемісті, бунақты болып келеді (бұршақтар тұқымдасы).

3. Бұршаққын, бұршаққынша (стручок, стручочек) – екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, қос ұялы, тұқымы тік орналасқан, жалған пердесінің ұзына бойындағы рамкелерге бекініп тұратын, екі жағынан (бауыр және арқа жағындағы жіктері арқылы) қақырайтын жеміс (крестгүлділер тұқымдасы). Біршаққынша бұршақыннан ұзындығы мен көлденеңінің арақатынасына қарай ажыратылады. Біршақынның ұзындығы көлденеңіне қарағанда 3-4 есе, кейде одан да артық болады (левкой және шалқан – репа). Егер де осы тәрізді жемістің ұзындығы көлденеңінен 2,5 еседен аспаса, оны бұршаққынша деп атайды (жұмыршақ – пастушья сумка, ярутка т.б.). бұршаққындар бунақты (членистый) болып келуі де мүмкін.

4. Қорапша – екі немесе одан да көп жеміс жапырқашасынан пайда болған, көптұқымды, бір немесе көп ұялы болатын жеміс. Қорапшаның ашылуының әр түрлі жолдары бар: тесіктері, қақпақшасы, тістері, жақтаулары және т.б. арқылы ашылады.

Қақырамайтын құрғақ жемістердің перикарпиі құрғақ, бір тұқымды болып келеді. Бұларды жаңғақ тәрізді жемістер деп те атайды (123-сурет).

Бұған жататындар:

1. Жаңғақша – перикарпиі қатайып сүректенген, бір тұқымды, жоғарғы гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Апокарпты гинецейден топтасқан жаңғақша (сборный орешек) пайда болады. Филогенетикалық тұрғыдан қарағанда, көп жағдайда жаңғақшалар көп тұқымды жемістердің, тұқым бүршігінің (семяночка) редукцияға ұшырауының нәтижесінде пайда болған (сарғалдақ – лютик, эспарцет, қияқ – осока).

122-сурет. Қауашақ тәрізді жемістер: А-таптама (морозник); Б-біріккен таптама (шөмішгіл – водосбор); В-боб (асбұршақ); Г-бұршаққын (капуста); Д-бунақты бұршаққын (шомыр – редька); Е-бұршаққынша (ярутка); Ж-И-қауашақ (көкнәр-мак); З-меңдуана – белена; И-сасық мендуана (дурман).

123-сурет. Жаңғақ тәрізді жемістер: А – жаңғақ (орманжаңғақ – лещина); Б-жаңғақша (қарамық-гречиха); В-дән (бидай – пшеница); Г-шошқажаңғақ (емен-дуб); Д-қанатты жеміс (қарағаш – вяз); Е-бөлшекті қанатша (үйеңкі – клен); Ж-тұқымша (күнбағыс – подсолнечник); З-И-біріккен жаңғақша (З-сарғалдақ – лютик; И-бүлдірген – земляника).

2. Жаңғақ – перикарпиі қатайып сүректенген бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Оның түп жағы біріккен жабындық жапырақтардан пайда болған тостағанша тәрізді қосымшамен (плюска) қапталған болып келеді (лещина).

3. Шошқа жаңғақ (желудь) – перикарпиі сүректенген, бірақ онша қатты болмайтын, бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болған жеміс. Оның түп жағы тостағанша тәрізді қосымшамен (плюска) қапталған болады.

4. Тұқымша (семянка) – екі жеміс жапырақшасынан тұратын, төменгі гүл түйінінен пайда болған, қауыз тәрізденген перикарпиі тұқыммен тұтаспаған, бір тұқымды құрғақ жеміс (күнбағыс, бақбақ және т.б.).

5. Дән (зерновка) – құрғақ, бір тұқымды, перикарпиі тұқыммен тұтасып бірігіп кеткен жеміс; ол бір жеміс жапырақшасынан тұратын, жоғарғы гүл түйінінен пайда болады (бидай, қарабидай, арпа және т.б.).

6. Қанатты жеміс (крылатка) – екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, перикарпиі тұқыммен біріпеген, қауыз немесе жарғақ тәрізді қанатшаға ұқсас өскін беретін, екі ұялы құрғақ жеміс (үйеңкі – клен, шаған – ясень).

Шырынды жемістер жоғарыда айтылғандай жидекті жемістер және сүйекті жемістер болып екіге бөлінеді.

Жидекті жемістерге (жидек тәрізді жемістер) перикарпиі етженді болып келетін, көп жағдайда көп тұқымды жемістерді жатқызады (124-сурет).

Бұған жататындар:

1. Жидек (ягода) - перикарпиінің жұқа экзокарпасынан басқа бөлігінің барлығы шырынды және етженді болып келетін жеміс (картоп, банан, виноград, помидор).

2. Алма (яблоко) – бұл жемістің дамып жетілуіне гүл түйінінен басқа аталықтары мен аналықтарының түп жағы және гүл тұғыры қатысады (алма ағашы, алмұрт).

3. Асқабақ (тыквина) – гүл түйіні төменгі болып келетін гүлдің, үш жеміс жапырақшасынан пайда болған, экзокарпиі қалың, қасаңданған жеміс. Жемісінің етженді бөлігі, негізінен тұқымның жатынға бекінген жерінің ұлғайып өсуінің нәтижесінде қалыптасады (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр).

4. Гесперидий, немесе померанец – экзокарпиінде эфир майлары жиналатын жері бар; мезокарпиі құрғақ, борпылдақ, ақ түсті; эндокарпиі шырынды, етженді болып келетін жеміс (лимон, апельсин, мандарин).

124-сурет. Жидек тәрізді жемістер:

А-В-жидектер (А-жүзім-виноград, Б-картоп – картофель, В-банан); Г-алма (алма – яблоня); Д-геспаридий (апельсин); Е-асқабақ (қияр – огурец).

5. Гранат – бұл екі қабат (ярус) түзіп орналасатын, төрт жеміс жапырақшасынан тұратын, төменгі гүлтүйінінен пайда болатын жеміс. Жемістің сыртқы қабығы көн тәрізді, ал тұқымның сыртқы жабыны әрі етженді, әрі шырынды болып келеді (гранат ағашының жемісі).

Сүйекті жемістерге бір тұқымды, эндокарпиі қатты, сүректенген жемістер жатады (125-сурет).

Сүйекті жемістер (костянка) – көп жағдайда төменгі бір немесе көп ұялы гүл түйінінен пайда болған, перикарпиі жұқа экзокарпиге, етженді мезокарпиге және азды-көпті қалың, сүректенген эндокарпиге дифференциаланған жеміс. Бір сүйекті жемістерге грек жаңғағы, өрік, шие, алхары, шабдалы және тағы басқалар мысал болады (кокос пальмасы).

Жоғарыда келтірілген жемістердің бірқатары апокарпты гинецейдің жекелеген аналықтарынан пайда болады. Мұндай апокарпты жемістерді көп жағдайда жиынтық жемістер дет атайды (сборные плоды). Бұларға көп таптама (шөмішгүл – водосбор), көп жаңғақша (сарғалдақ – лютик), көп сүйекті жемістер (таңқурай – ежевика, малина) жатады.

 

125-сурет. Сүйекті жемістер:

А-сүйекті жеміс (қараөрік – слива); Б-құрғақ сүйекті жеміс (кокос пальмасы); В-біріккен сүйекті жеміс (таңқурай-малина); 1 – экзокарп; 2-мезокарп; 3-эндокарп; 4-дән.

Бөлшекті жемістер (дробные плоды)

Бұларға пісіп жетілген кезінде жеміс жапырақшаларына, немесе олардың тікесінен алынғандағы жартысына дәл келетін (мирикарпий) кейбір тұқымдастардың құрғақ ценокарпты, көп тұқымды жемістері жатады (шатыршагүлдер тұқымдасына жататын вислоплодник, төрт жаңғақшаға бөлініп кететін ерінгүлділердің жемістері, үйеңкінің – кленнің екі қанатшалы жемісі) (44-сурет).

Бунақты жемістер (Членистые плоды)

Бұларға пісіп жетілген кездерінде, көлденең перделері арқылы бір тұқымды бунақтарға бөлініп кететін жемістер жатады (жабайы шомыр-дикая редька, тиындық-копеечник).

Кейде жалған жемістер деп бөледі. Оларға жемістерінің түзілуіне гинецей ғана емес, сонымен бірге гүлдің басқада бөліктері қатысатын (мысалы, гүлтұғыры) жемістердің барлығын жатқызады (бүлдірген – земляника, алма).

Табиғатта мұндай жемістердің көп кездесетіндігі сонша, оларды жеке топқа бөліп қарау тиімсіз.

Біріккен жемістер (соплодие)

Бұларға бір-бірімен біріккен бірнеше гүлден, немесе түгелдей гүлшоғынан пайда болған жемістерді жатқызады (тұт, инжир, ананас).

 

ЖЕМІСТЕР МЕН ТҰҚЫМДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ

 

Көптеген өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымдары жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория), адам арқылы (антрохория) алысқа таралады. Себебі эволюцияның барысында жемістер мен тұқымдар көптеген бейімдеушілік қасиеттерге ие болған. Оларға жемістердің қанатша тәрізді өскіншілері (үйеңкі, қайың), түкті талшықтары (тал, терек, мақта), желайдары (бақбақ), қармақша тәрізді қайтарылған тікенектері (сарысояу), ұсақ тікенекшелері (итшоған), сояу тікендері (теміртікен) және басқалар жатады.

Қабықшалары шырынды болып келетін жемістерді жануарлар, әсіресе құстар жақсы жейді. Бірақ бұл жемістердің дәндерін құстар саңғырықтарымен бірге сыртқа шығарып тастайды. Көптеген өсімдіктердің (сиыржоңышқа, шытырлық) жемістері қақырап ашылған кездерде дәндері шашылады. Бірақ олар аналық өсімдіктін айналысында 15 см жерге ғана шашылады. Сондықтанда тұқымның таралуының мұндай жолы әдетте шектеулі болады.

Жемістер мен тұқымдардың көп жерлерге таралуы түрдің тіршілік етуі мен жер бетінде шарықтап өсуін қамтамасыз етеді.

 

ГҮЛШОҒЫ (ГҮЛШОҒЫРЫ)

 

Гүлшоғыры деп өркеннің жоғарғы, көп жағдайда шашыраңқы тарамдалған, гүл беретін бөлігін айтады. Гүлшоғының өсінің буындарында жапырақтар орналасады. Олар өркеннің вегетативтік жапырағына ұқсас болуыда, немесе түрі өзгерген, фотосинтездік қабілетін жоғалтқан болуыда мүмкін. Бұларға гүлдің жабындық жапырақтары (прицветники) және гүлсағағының жабындық жапырақшалары жатады.

Гүлшоғының жекелеген гүлдерден биологиялық артықшылықтары болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

1) Гүлшоғында тозаңданудың жүру мүмкіндігі бірден-бір арта түседі;

2) Гүлшоғындағы гүлдерің біртіндеп ашылуына байланысты, олардың сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен зақымдануы азаяды.

ГҮЛШОҒЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

 

Гүлшоғының екі типі болады: күрделі гүлшоғы, бұл жағдайда гүлдер негізгі өстің тармақтарында орналасады және жай гүлшоғы, бұл жағдайда гүлдердің сағағы болады, немесе сағақсыз тікелей негізгі өстің өзіне орналасады.

Күрделі гүлшоғы өстерінің ұзындыққа өсу ерекшеліктеріне қарай симподиальды (шектеулі) және моноподиальды (шектеусіз) болы екіге бөлінеді.

 

Күрделі симподиальды, немесе цимозды (шектеулі) гүлшоғы

Күрделі симподиальды гүлшоғының негізгі өсі гүлмен аяқталады, гүлдерінің ашылуы жоғарғы жағынан басталып, бүйірлік бұтақтарына қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса, онда олардың ашылуы шоқтың ортасынан шетіне қарай жүреді. Күрделі симподиальды гүлшоғына мыналар жатады (126-сурет).

Монохазий – негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екінші реттегі жаңа өс пайда болады, ол да гүлмен аяқталады. Бұдан соңғы пайда болған гүлдер де осы ретпен бүйірлеп өсіп, гүлдеп одан әрі жалғаса береді. Монохазий бұйра (завиток) және ирек (извилина) гүлшоқтары болып екіге бөлінеді.

Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төмнгі жағынан кеткен гүлдердің барлығы оның не кілең оң жағында, болмаса тек сол жағында бірыңғай орналасса, онда мұндай гүлшоғын бұйра гүлшоғы деп атайды (көкбасгүлде – синяк, помидорда, ландышта және т.б.).

126-сурет. Симподиальды гүлшоғыры:

А-монохазий, немесе бұйра (эгеверия); Б-дихазий (мүйізшөп – ясколка); В-плейхазий (бозкілем – очиток); Г-тирс (сылдыршөп – смолевка).

Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан кеткен гүл бұтақтарының бірі оның оң жағынан, екіншісі сол жағынан кезектесіп кетіп отырса, онда мұндай гүлшоғын ирек гүлшоғы деп атайды (гладиолуста, гравилатта және т.б.).

Дихазий – негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екі қарама-қарсы орналасқан жаңа өстер кетеді, олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады. Осылайша гүлшоғының бұтақтануы одан әрі жалғаса береді. Бұл жағдайда жаңа өстер аналық өстен біршама биік тұрады. Соның нәтижесінде төменгі реттік гүлдері – жоғарғы жағында орналасады (қалампырда – гвоздика, тенге жаппырақта – манжетка және т.б.).

Плейхазий – негізгі өсі бір гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екіден көп қарама-қарсы немесе кезектесіп орналасқан, өз кезегінде гүлдермен аяқталатын жаңа өстер кетеді (сүттігінде, қызыл ырғайда, гортензияда және т.б.).

Тирс. Тирс деп негізгі өсі моноподиальды бұтақтанып гүлмен аяқталатын, ал бүйірлік өстері симподиальды бұтақтанып гүлдер беретін аралас гүлшоғын атайды. Көпшілік жағдайда тирсті қосарлы ирек (сабынкөк – норичник), немесе қосарлы бұйра гүлшоғы ретінде (шайқурайда – зверобой) қарастырады.

 

Күрделі моноподиальды, немесе рацемозды (шектеусіз) гүлшоғы

Күрделі моноподиальды гүлшоғының негізгі өсі ұзақ уақыттар бойы шексіз ұзындыққа өседі, гүлдерінің ашылуы өстің төменгі жағынан басталып жоғары қарай жүреді, ал егер де гүлдері бір деңгейде орналасқан болса онда олар шоқтың шетінен ортасына қарай ашылады. Күрделі моноподиальды гүлшоғына мыналар жатады (127-сурет).

Сыпыртқы гүлшоғы. Сыпыртқы гүлшоғының төменгі бүйірлік гүл беретін өркендері жоғарғыларына қарағанда жақсы дамып, күшті тармақталған болып келеді.

Қалқанша гүлшоғы. Қалқанша гүлшоғының төменгі гүлдерінің сағағы жоғарғы гүлдерінің сағағына қарағанда ұзындау болып келеді. Соған байланысты гүлшоғындағы гүлдердің барлығы бір деңгейде орналасады (мыңжапырақ, түймешетен, тобылғының кейбір түрлері).

Күрделі масақ. Күрделі масақтың негізгі өсі монодиальды бұтақтанып, бүйірлік тармақтар береді. Осы бүйірлік тармақтарда гүлдер сабақсыз, отырмалы болып орналасады. Оларды масақшалар, ал тұтастай гүлшоғын күрделі масақ деп атайды.

127-сурет. Күрделі моноподиальды гүлшоғыры:

А-күрделі масақ (бидайық – пырей); Б-күрделі шатыр (аскөк – укроп); В-сыпырғы (сирень).

128-сурет. Жай моноподиальды гүлшоғыры:

А-масақ гүл (нарқайсар – вербена); Б-собықгүл (калла – белокрыльник); В-сырға гүл (терек – тополь); Г-шашақ гүл (мойыл - черемуха); Д-шатыр гүл (пияз – лук); Е-шоқпорбас гүл (беде –клевер; Ж-себет гүл (календула): 1-жамылғы; 2-ложе; 3-орама.

 

Күрделі шатыр. Гүлшоғының қысқарған негізгі өсінен, ұзындықтары бірдей екінші реттік өстер кетеді, ал олардың басында сағақтары қысқа болып келетін гүлдер орналасады. Көп жағдайда екінші реттік өстердің түп жағында олардың барлығына ортақ орама жапырақшалар (общая обвертка), ал гүл сағақтарының түп жағында жекелеген орама жапырақшалар түзіледі.

Жоғарыда келтірілгендерден басқа да күрделі гүлшоқтары болады, оларды агрегатты гүлшоқтарына жатқызады. Агрегаты гүлшоқтары деп әр түрлі гүлшоқтарының типтерінің бірігіп бір гүлшоғын түзуін айтады.

 

Өстері ұзын болып келетін жай гүлшоқтары

 

Гүлшоғының бұл түріне жататындар (128-сурет).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 3927; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.