Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Балдырлар (водоросли) – algae 3 страница




түр (species) – морфологиялық жағынан ұқсас особьтардың жиынтығы;

туыс (genus) – жақын түрлердің жиынтығы;

тұқымдас (familia) - жақын туыстардың жиынтығы;

қатар (ordo) - жақын тұқымдастарлың жиынтығы;

класс (classis) - жақын қатарлардың жиынтығы;

бөлім (divisio) - жақын кластардың жиынтығы;

Осы келтірілген негізгі таксондардан басқа, аралық қосымша таксондар да бар. Оларға туыс тармағы, тұқымдас тармағы және т.б. жатады.

Түрлердің жартылай түр (subspecies) және түр тармағы (varietas), ал мәдени өсімдіктерде – сорттар (cultivar)болады.

Сорт дегеніміз адамның селекциялық жүргізген жұмысының жемісі. Оның шаруашылықта белгілі бір сапалық артықшылығы болады және ол қасиеті келесі ұрпағына беріліп отырады.

Өсімдіктер дүниесін арнайы бекітілген таксондардың рамкасынан тыс төменгі және жоғарғы сатыдағы деп бөледі. Туыстық жағынан жақындығы бар бірнеше бөлімдерді өсімдіктер дүниесінің жартылай тармағына біріктіреді.

Өсімдіктер дүниесінің жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі

Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thallobionta

I. Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы – Procytobionta

1. Вирустар бөлімі – Virophyta

ІІ. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы – Thallobionta procaryota

2. Дробянкалар бөлімі – Schizophyta

3. Көк – жасыл балдырлар бөлімі – Cyanophyta

ІІІ. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидті тармағы (төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер) – Thallobionta eucaryota

4. Жалтырауық сары балдырлар бөлімі – Chrysophyta

5. Сары – жасыл немесе әр түрлі талшықты балдырлар бөлімі – Xanthophyta

6. Диатомды балдырлар бөлімі – Diatomophyta

7. Пирофитті балдырлар бөлімі – Pirrophyta

8. Эвгленалы бардырлар бөлімі – Euglenophyta

9. Қоңыр балдырлар бөлімі – Phaeophyta

10. Қызыл балдырлар бөлімі – Rhodophyta

11. Жасыл балдырлар бөлімі – Chlorophyta

12. Хара балдырлар бөлімі – Charophyta

13. Қыналар бөлімі – Lichenophyta

IV. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидтері жоқ (төменгі сатыдағы гетеротрофты өсімдіктер) тармағы – Thallobionta aplastidae

14. Кілегейлілер бөлімі – Myxophyta

15. Саңыауқұлақтар бөлімі – Mycophyta

Жоғары сатыдағы өсімдіктер – Cormobionta

V. Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялылар тармағы – Procombionta archegoniatea

16. Риниофиттер бөлімі – Rhyniophyta

17. Псилот тәрізділер бөлімі – Psilotophyta

18. Мүк тәрізділер бөлімі – Bryophyta

VІ. Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы – Cormobionta archegoniatae

19. Плауын тәрізділер бөлімі – Lycopodiophyta

20. Қырықбуын тәрізділер бөлімі – Equisetophyta

21. Папоротник тәрізділер бөлімі – Polypodiophyta

22. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі – Gymnospermatophyta (Pinophyta)

VІІ. Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтылар тармағы – Cormobionita gynoeciatae

23. Жабық тұқымдылар бөлімі – (магнолиялар) – Angiospermatophyta (Magnoliophyta)

Бинарлық атау. Өсімдіктердің түрлері екі сөзбен аталады (белгіленеді): оның біріншісі осы түр жататын туысты білдіртеді, ал екіншісі түрдің атауы (эпитеті). Екінші сөзден кейін, осы түрді ашқан және оған ат берген ғалымның фамилиясы қойылады (қысқартылған түрде, немесе толығымен). Мысалы, қатты бидайдың ғылыми атауы – Triticum durum L. Мұндай биологиялық номенклатураны ғылымңа алғашқы ендірген атақты швед ғалымы К.Линней (1707 – 1778) болған.

ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР – THALLOBIONTA

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом,немесе словище деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы1, клеткаланбаған2, көпклеткалы болады, бірақ ол ұлпаларға және органдарға (мүшелерге)бөлінбейді, (сабаққа, жапыраққа, тамырға). Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) – оогонилері және антредилері бірклеткалы болады. Түрлерінің саны жағынан жіне іртүрлі экологиялық – географиялық жағдайларда таралуына қарай төменгі сатыдағы өсімдіктер бірінші орына тұрады.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер органлық заттарменде, минералдық заттарменде қоректене алады. Органикалық заттармен тек гетеротрофты организмдер (бактериялардың көпшілігі, саңырауқұлақтар, кілегейлілер), ал минералдық заттармен автотрофты организмдер (негізінен балдырлар және қыналар) қоректенеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің алғашқы екі бөлімінің өкілдері (вирустар,и дробянкалар) жоғарғы оқу орындарында микробиология курсында толық өтіледі, сондықтан да біз олардың біріншісіне мүлдем тоқтамаймыз, ал екіншісі негізгі бөлімдердің бірі болғандықтан оған аздап тоқталуды жөн көрдік.

 

____________

1 Көпклеткалылардан айырмашылығы сол, бұлардың клеткаларының арасында цитоплазмалық байланыс болмайды (плазмодесмасы жоқ), клеткалары тек механикалық тұрғыдан байланыста болады.

2 Өсімдіктің вегетативтік денесі көп ядролы, аса үлкен, мөлшері (размері) 30 -35 см болатын бір ғана клеткадан тұрады.

 

ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІНІҢ ТАЛЛОМДЫ ЯДРОҒА ДЕЙІНГІ ТАРМАҒЫ – THALLOBIONTA PROCARIOTA

ДРОБЯНКАЛАР БӨЛІМІ – SCHIZOPHYTA

Дробянкалар өз атын көбеюіне байланысты алған. Олардың клеткаларының жай екіге бөлінуі, ядролық аппаратының бөлінуімен аяқталады. Дробянкаларға жататын организмдердің мембранамен қоршалған ядросы болмайды. ДНК-сы шеңбердің ішінде жататын жалғыз ғана жіпше түзеді. Центриолдары мен митодикалық жіпшелері (митодическое веретено) болмайды. Клетканың бөлінуі былайша жүзеге асырылады. Клетка бөлінбес бұрын созылып жіңішкереді, содан соң біртіндеп теңдей екі бөлікке бөлінеді. Дробянкаларда пластидтерде, митохондрида болмайды. Клетка қабықшасының негізін гликокептид муреин түзеді (өсімдіктердегідей целлюлоза емес). Дробянкалардың әдетте талшықтары болмайды, бола қалғанның өзінде олардың құрылысы қарапайым болып келеді. Қореектенуі автотрофты және гетеротрофты жолдармен жүреді. Жыныстық процесі особьтардың бір – бірімен генетикалық материалдармен алмасуы жағдайында жүреді. Н.А. Красильникаовтың (1949) системасы бойынша дробянкаларды, мынадай 5 класқа бөлуге болады: нағыз бактериялар немесе эубактериялар (Eubacteria), актиномицеттер (Actinomycetes), миксобактериялар (Myxobacteria), спирохоттер (Spirochaetae), микоплазмалар (Mollicutes).

Осылардың ішінде табиғатта ең кең таралғаны нағыз бактериялар немесе эубактериялар. Сондықтанда бактериялардың құрылысына және физиологиясына толығырақ тоқталамыз.

НАҒЫЗ БАКТЕРИЯЛАР НЕМЕСЕ ЭУБАКТЕРИЯЛАР

КЛАСЫ (ЭУБАКТЕРИИ) – EUBACTERIA

Бактериялардың құрылысы. Бактериалар құрылысы өте қарапайым болып келетін бірклеткалы организмдер. Барлық прокариоттар секілді, олардың ядросы болмайды. Бактерияның клеткасының мөлшері (размері) көпшілік жағдайда 0,2-ден 10 мкм-дің аралығында болады, сиректеу оолардың ұзындығы 30 – 100 мкм-ге дейін жетеді. Сыртқы пішініне (формасына) қарай: шар тәрізді – көккалар, таяқша тәрізді – бациллалар, иілген – вибриондар, спираль тәрізді – спирахеттер, спираль тәрізді бұралған таяқшалар – спириллалар, түйіспеген сақина тәрізді, ерекше қатты иілген клеткалар – торидтер, теңіз жұлдызшаларына ұқсас клеткалар – жұлдыздар(звезды). Бактериялардың көпшілігі қозғаоуға қабілетсіз болады, аздаған түрлерінің ғана талшықтары болады (1 ден – 50-ге дейін) және қозғала алады. Талшықтары бар бактериялар өте жылдам қозғалады: бір секундта клетка өзінің ұзындығынан 50 есе артық жерге жылжи алады. Бактериялардың клеткалары қалың қабықшамен қапталған болады, сондықтанда олар өзінің тұрақты формасын сақтайды. Клетка қабықшасына мықтылық беретін негізгі тірек, ол ерекше полимергликопептид муреин. Мулеин клетканың сыртын бір немесе бірнеше қабат түзіп жауып тұрады.

Жалпы бактерияларды екі топқа бөлуге болады: грамша бояуға оң қарайтын (грамполажительные) және грамша бояуға теріс қарайтын (грмаотрицательные). Бұлайша шектеп бөлу, бактериялардың фиксацияланған клеткаларының қабықшаларын кристалловиолетпен қосылып, суда ерімейтін, спиртте немесе ацетонда нашар еритін ерекше бір комплекс түзеді. Осыдан кейін перпараттарды спиртпен өңдегенде, түзілген комплекс бактериялардың бір түрлердің клеткаларының қабықшаларын түгелімен жуылып кетеді де, препараттар түссізденеді. Екінші бір түрлерінді комплекс клетка қабықшаларымен тығыз байланысып, жуылмастан сақталады. Сондықтанда мұндай клеткалардың түсі көк болады. Йод пен кристалловиолеттің комплексін сақтап қалған бактериялар, грамша бояуға оң қарайтын (грамположительные), ал спиртте түзіліп түссізденетіндері грамша бояуға теріс қарайтын (грамотрицательные) болып табылады.

Бактериялардың клетка қабықшаларының құрылысына талдау жасаудың негізінде, грамша бояуға оң қарайтын бактериялырдың (грамположительные) муреин торының көп қабатты болатындығы және оның салмағының клетка қабықшасының бүкіл құрғақ заттарының 90% түзетіндігі дәлелденген. Грамша бояуға теріс қарайтын бактериялардың (грамотрицательные) муреиін комплексі клетка қабықшасының салмағының 5 – 15% ғана құрайды және бір қабат түзіп орналасады. Муреін каркасының сыртында борпылдақ белоктік болады, оны өз кезегінде липополисахаридті және липопротейдті қабаттар жауып тұрады.

Бактериялардың клетка қабықшаларының Грам тәсілі бойынша боялу ерекшеліктері, аса маңызды таксоманиялықбелгі болып табылады. Сондықтан да оны бактериялардың түрлерін анықтағанда үнемі ескеріп отырады. Бұл тәсілді алғашқы рет 1884 жылы неміс ғалымы К.Грам ұсынған.

Клетка қабықшасының құрамы мен құрылысы жағынан бактериялардың өсімдіктермен жанауарлардан айқын айырмашылығы болады. Бактериялардың клеткаларының көпшілігінің сыртын кілегейлі сауыт қаптап тұрады. Мұндай сауыттың болуы бактерияны фагоцитозға берілмеуін қамтамасыз етеді және олардың ауру тарақыш (жұқтырғыштық) қабілетін күшейте түседі. Қысқасы, сауыт бактерияны сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтап тұратын жабын, сонымен бірге ол клетканы кеуіп қалудан сақтайды. Сауыт пен клетка қабықшасының астында цитоплазмалық мембрана орналасады. Ол цитоплазманың ортасына қарай өтіп, митохондрийдің, эндоплазматикалық тордың, гольджи апаратының қызметіне (функцияларына) ұқсас қызмет атқаратын мембраналық комплекс түзеді. Сонымен бірге сыртқы цитоплазмалық мембрананың клетканың ортасына қарай өтуінің нәтижесінде мембраналық структуралар пайда болады, оларда фотосинтез процесіне қатысатын пигменттер болады. Соңғылары a, b, c, d бактерия хлорофильдері мен каротиноидтар түрінде берілген. Химиялық құрамы жағынан бұл пигментердің балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің пигменттерінен айырмашылығы болады (Е.Н.Кондратьев, 1972). Бактериялардың клеткаларының цитоплазмасында қосалқы заттар болады, олардың құрамында мынандай артық қор заттары жинақталады: крахмал, гликоген майлар. Сонымен бірге көптеген бактериялар фосфорды жартылай фосфаттардың түйіршігі түрінде және қарапайым күкіртті бойына жинақтауға қабілетті болып келеді.

Бактериялардың қоректенуі. Бактерияларды қоректену түріне қарай автотрафты және гетеротрофты деп негізгі екі топқа бөлуге болады.

1. Автотрофты қоректенетін бактериялар көп болмайды, олар органиқалық емес заттарды синтездеуіне қарай фототрофты және хемотрофты болып бөлінеді. Фототрофты – бактерияның ішіндегі ең маңыздысы пурпур бактериясы. Мұндай бактериялар жасыл өсімдіктер сияқты тіршілігіне жарықтың энергиясын пайдаланып ауадағы көмірқышқыл газын өзіне сіңіреді де, ауаға бос оттегін бөліп шығарады. Сөйтіп өзіне керекті көміртегін ауаның құрамындағы көмір қышқыл газынан алады. Алайда, бактерияларда фотосинтез процесі жасыл өсімдіктерге қарағанда басқаша жүреді. Хемоттрофты бактерияларға лептотрикс (темір бактериясы), беггиотоа (күкірт бактериясы) жатады. Олар ауадағы көмір қышқыл газынан көміртегін сіңіру үшін күрделі органикалық заттардың ыдырауының нәтижесінде және органикалық емес заттарды тотықтырғанда босайтын химиялық энергияны пайдаланады.

2. Гетеротрофты қоректенетін бактериялар өте көп. Олар паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді. Паразиттері адамның, жануарлардың және өсімдіктердің денесінде тіршілік етеді және оларға түрлі жұқпалы ауруларды тарады. Жалпы бактерияларда паразитизм өте кең таралған. Тіптен бактериялардың басқа түрлерінде паразит ретінде өмір сүретіндері де кездеседі. Адамға жұқпалы ауырулар тарататын бактерияларға обаны (чуманы), туберкулезды, холераны, дизентерияны, дифтерияны, менингитті және басқаларды қоздыратын бактериялар жатады. Ұсақ бірклеткалы организмдерді ұстап алатын жыртқыш бактерияларда болады. Ал сапрофиттері өлі органикалық заттардың қалдықтарында мекендеп, олармен қоректенеді (жануарлардың өлекселерінде, өсімдіктердің қалдықтарында). Гететротрофты бактериялар биологиялық синтезге энергияны органикалық байланыстарды (углеводты және басқаларды) тотықтандыру арқылы алады. Бұл процесс оттегінің қатысуымен (тыныс алу) немесе анаэробты жағдайда жүреді. Жалпы бактериялар қанша майда болғанымен өте обыр организмдер. Бактериялар, кейбір деректер бойынша тәулігіне өз салмағынан 20 – 30 есе артық азық қорытады.

Бактериялардың тыныс алуы. Тыныс алу ерекшеліктеріне қарай бактерияларды аэробты және анаэробты деп бөледі. Көпшілік бактериялар аэробты организмдер, олар оттегі бар жерде өсіп жетіледі. Анаэробты бактериялар оттегі жоқ ортада өмір сүреді және олардың көпшілігі паразиттік тіршілік етеді. Бұлардан басқа факультативті анаэробтар болады, олар оттегі бар жерлерде де, оттгі жоқ жерлерде де тіршілік етуге бейімделген болып келеді. Сонымен бактериялар әр түрлі экологиялық ортада кездеседі. Бірақ ол орталар бір бактерияар үшін қолайлы болғанымен, екінші біреулеріне қолайсыз келеді.

Бактерияның көбеюі. Бактериялар үш түрлі жолмен көбейеді: Вегетативтік, жынссыз және жынысты. Вегетативтік көбейю бактерияларда клетканың жай екіге бөлінуі арқылы әрбір 20 – 30 минут сайын қайталап жүріп отырады. Бұл процесс әдетте бактерияның хромосомы (ДНК-ның сақина тәрізді молекуласы) екі есе артқан жағдайда жүреді. Бактериялардың аздаған түрлері бүршіктену арқылы да көбейеді.

Жыныссыз көбеюі спора түзу арқылы жүзеге асады. Көптеген бактериялар қолайсыз жағдайда ДНК-ның молекуласының айналасында цитоплазманың тығыздалуының нәтижесінде қалың қабықпен қапталған эндогендік спора түзеді. Бактерияның споралары өте төзімді келеді және ұзық уақыттар бойы тіршілігін жоғалтпайды (20-30 жыл бойы, кейде одан да көп жыл). Бактерияларда жақын уақыттарға дейін жыныстық көбею белгісіз болып келді. Тек соңғы кездері жүргізілген зерттеулердің, әсіресе генетикалық талдаудың (анализдің) негізінде бактерияларда жыныстық процестің болатындығы анықталды. Ол екі клетканың бір – бірімен тікелей түйісуінің нәтижесінде жүреді. Мұндай клеткалардың бірінен (аталықтың қызметін атқаратын, донар клеткасынан) арнайы өсінді (көпірше) пайда болады, ол арқылы аталық клетканың материалы (ДНК), реципиент – клеткасына (аналықтың қызметін атқаратын клеткаға) өтіп құйылады. Мұны капуляциялық процесс деп атайды. Бактерияларда ұрпақтық материалдың берілуінің басқа да жолдары белгілі. Ол трансформация және трансдукция. Оның біріншісі, бір культураның зақымдалған клеткасынан алынған ДНК-ны екінші бір бактерияның тірі культуасына құю арқылы жүзеге асырылады. Сонымен транформация процесінде екі клетканың бір – бірімен тіклей түйісуі міндетті емес. Трансформация бактерияның тек жақын түрлерінің арасында ғана жүретін процесс. Ал, трансдукция бір культураның генетикалық материалының екінші бір культураға бактериофагтардың көмегімен құйылуы арқылы жүзеге асырылатын процесс.

Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Бактериялар табиғатта заттар айналымына қатысады. Олар органикалық күрделі заттарды минералды (өте жай) заттарға айналдырып, өсімдіктің пайдалануына жарамды етеді. Бактериялар болмаса жер бетін аз уақыттың ішінде жануарлардың өлекселерімен өсімдіктердің қалдықтары жауып кеткен болар еді. Түптеп келгенде, оның өзі неше түрлі жұқпалы аурулардың көбеюінен жер бетіндегі тіршілктің жойылып кетуіне әкеліп соққан болар еді. Бактериялардың көмегімен органикалық заттардың ыдырауын шіру деп атайды. Шіру процесі барлық жерлерде жүреді, және шіру кезінде көмір қышқыл газы, көптеген иісті газдар (индол, күкіртті сутегі, метан және т.б.) бөлініп шығады. Шіру процесі табиғаттағы азот айналымында ерекше орын алады және аэробты жағдайда жүреді. Топырақтың шіріткіш бактерялары жерді жануарлардың өлекселерінен және өсімдіктердің, басқа органикалық заттардың қалдықтарынан тазартады, олардың ыдыраған заттарын жалпы заттар айналымына қатыстырады. Шіри бастаған заттарда бактериялардың жаппай пайда болуы, олардың көбеюіне қолайлы жағдай туғандықтан болады, бұл жағдайда бактериялардың спорасы айналаны қоршап тұрған ортадан шіри бастаған денеге түседі. Ауыл шаруашылығында бактериялардың, әсіресе топырақ бактериясының маңызы ересен зор. Топырақтың құнарлығы осы бактериялардың іс – әрекетіне (тіршілік қызметіне) тікелей байланысты. Мысалы, (Rhizobium) түйнек бактериясы бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырларында түйнек түзеді. Azotobacter сияқты Rhizobium ауадағы бос азотты бойына сіңіріп, оны топырақтағы минералды азотқа айналдырады. Мұндай жердің топырағы әдетте құнарлы келеді. Сол себепті бұршақ тұқымдас өсімдіктерді ауыспалы егіске кеңінен пайдаланады.

Кейінгі кездерде геологиялық барлау жұмыстарында бактерияларды пайдаланады. Мысалы, темір бактерияларының тіршілігінің нәтижесінде, рудалы жер қабаттары пайда болған.

Күкірт бактериялары тіршілігінің әрекетінен Қара теңізде, Каспий және Азов теңіздерінде әр түрлі органикалық заттардың шіруінен балшықты қоспалар түзілген. Оның суының қол – аяқ ауруларын емдейтін шипалық қасиеті бар. Қысқасы бактериялар болмаса жер бетіндегі тіршілік дәл қазіргі деңгейге көтеріле алмаған болар еді. Бәлкім микроорганизмдер болмаса жерде құралмаған болуы мүмкін.

Бұлардан басқа да бактериялардың адам өмірінде пайдалы жақтары көп. Мысалы, бактериялардың көпшілігі ферменттердің көмегімен органикалық заттарды анағұрлым қарапайым қосылыстарға ыдыратады. Азотты қосылыстардың бактериялар арқылы айырылуы немесе ыдырауы ашу деп аталынады. Ашудың бірнеше түрі бар: сүт қышқылды ашу; сірке қышқылды ашу және т.б. Осылардың ішінде сүт қышқылды бактерияны алсақ, ол сүттен әр түрлі тағамдар жасауға пайдаланылады: айран ашытуға, сыр жасауға, ірімшік жасауға, құрт жасауға т.б. Мал азығын сүрлеуде осы сүт қышқылды бактериялардың ашу процесіне негізделген.

Алайда бактериялардың пайдалы жақтарымен бірге зиянды жақтары да аз болмайды. Көптеген адамда және жануарларда болатын жұқпалы ауыруларды осы бактериялар туғызады. Оларға чуманы, туберкулезді, холераны, дизентерияны, дифтерияны, миненгитті және басқаларды қозыдартын бактериялар жатады.

Әртүрлі тамақ өнімдерінің бұзылуы: еттің, балықтың, жұмыртқаның, колбасаның, майдың дәмінің бұзылуы, сүттің ашуы бактериялардың тіршілігімен тікелей байланысты. Мұндай бұзылуды болдырмау мақсатында әр түрлі тәсілдер қолданылады:1) Төменгі температурада (00С төмен) мұздатып қатыру; 2) сірке қышқылымен тағамды мариноват ету; 3) тұздау; 4) вареньяға қант қосу; 5) кептіру және ыстау; 6) жоғарғы температурамен әсер ету. Мысалы спора түзбейтін бактерияларды жою мақсатында, жарты сағат қайнату, немесе оларды 650С дейін қыздыру жеткілікті болады. Спора түзетін бактерияларды 1200С дейін қайнату қажет.

КӨК – ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ (СИНЕ – ЗЕЛЕНЫЕ ВОДОРОСЛИ) – СҮАNOPHYTA

Көк жасыл балдырлар өте ертеде пайда болған өсімдіктер. Түрлерінің жалпы саны 1,4 мың шамасында болады.

Құрылысы. Бұлар негізінен колониялы және көп клеткалы, сиректеу бір клеткалы түсі алуан түрлі болып келетін оргнаизмдер (көк – жасыл, сарғыш, қанықтау – жасыл). Олардың түсі клеткада әртүрлі мөлшерде болатын әртүрлі пегменттердің: көк – жасыл түсті фикоцианның, хлорофилдың, каротиноидтардың және қызыл түсті фикоэритриннің орайласып келуімен тікелей байланысты болады. Көк – жасыл балдырлардың клеткаларында қалыптасқан ядросы, хроматофорасы1 және клетка шырынына толы вакуольдері болмайды. Клетка қабықшасы негізінен пектинді заттардан тұрады және аздап шырышпен қапталған. Клетка қуысы цитоплазмамен толтырылған, ол екі қабаттан тұрады: қатты клетка қабықшасына жақын жатқан, мембраналар мен пигменттерден тұратын, көк – жасыл түске боялған қабат – хроматоплазмадан және ДНК-дан тұратын, түссіз ортаңғы бөлік центроплазмадан (132-сурет). Клеткасының құрылысының осындай қарапайым болып келуі, көк – жасыл балдырларды дробянкалармен көп жақындастырады. Көп клеткалы көк – жасыл балдырлар әдетте жіп тәрізді болып келеді. Жіптерінің ұзындыққа өсуі клеткалардың жай екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Жіп тізетін біртектес клеткалардың ішінде

1Балдырлардың фотосинтез процесі жүретін органелласы.

гетероциста деп аталынатын біршама үлкен, қабықшалары қалың, клетканың ішіндегі тірі заттарынан айырылған, сарғыш – қоңыр түсті дөңгелек өлі клеткалар болады (133 – сурет). Көп жағдайда бір клеткалы және жіп тәрізді көк – жасыл балдырлар өз бойынан шырышты заттар бөліп шығарады және бірігіп біршама үлкен колония түзеді.

Қоректенуі. Көк – жасыл балдырлар автогрофты жолмен қоректенеді. Алайда олардың көпшілігі шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір сүруіне байланысты миксотрофты (аралас) қоректенуне қабілетті болып келеді. Яғни фотосинтезбен бірге органикалық заттарды да өз бойына сіңіре алады. Артық қор заттары ретінде гликопротеид (гликогенге ұқсас), валютин юелок немесе көк – жасыл балдырларға тән цианофицин (липопротеид) түзеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 5577; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.031 сек.