Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Азимут бойынша жылжу. 1 страница




Азимут бойынша жылжудың мәні — құлабыз көмегімен жергілікті жерде берілген азимут бойынша керекті бағыт таба білуден, жылжуда осы бағытты ұстап белгіленген пунктке шығудан тұрады. Азимут бойынша жылжуды жасай алу — жергілікті жерде сенімді қозғалу үшін, әсіресе бейтаныс және жалаң бағдарлануда, сондай-ақ көрінім шектеулі болған жағдайда адаспау үшін маңызы зор.

Ол үшін метрлік қашықтықтарды жұп адымға ауыстырады, өйткені оларды пайдалану жаяу ретте ыңғайлы. Орта бойлы адам үшін әрбір жұптық адым 1,5 м деп қабылданады. Өз адымының ұзындығын неғұрлым нақты анықтау үшін жергілікті жердегі өлшенген немесе белгілі қашықтық бойынша білуге болады.

Азимут бойынша қозғалыс мәліметтері

 

Маршруттың учаскесі Магниттік азимут, Жұп адымдағы
  градустар қашықтық
Сарай—мұнара Мұнара—қорған Қорған—жеке тұрған ағаш    
 

 

Азимут бойынша жылжу кезінде бір нүктеден келесі нүктеге жүйелі түрде ауысады, қосалқы немесе аралықтағы бағдар бағытын ұстай отырып, жұп адымды есеп жүргізіледі. Бастапқы және басқа да келесі бұрылыс нүктелерінде құлабыз көмегімен берілген азимут бойынша жергілікті жерде қозғалыс бағытын табады. Бұл бағытта нақты жағдайларға сәйкес аса қашықтау бағдар немесе қозғалыс маршруты бұрылыс нүктелеріне жақын орналасқан бағдар есте сақталады және таңдап алынады. Егер аралық бағдарда бұрылыс нүктесі көрінбейтін болса, онда келесі бағдарды анықтайды.

Жалаң бағдарлы ашық жерлерде жылжу бағыты тұстама бойынша ұсталынады. Қозғалыс бағыты бастапқы нүктеде құлабыз бойынша келесі нүктеге анықталады. Осы бағытпен жылжи отырып, кейбір қашықтықтарда бірінен соң бірін, қандай болмасын, белгілер қалдырады. Сосын мезгілімен оларға бұрылып қарап, алдағы қозғалыс бағыты түзу сызықпен сәйкес келуін қадағалайды. Қарлы жерлерде тұстама ретінде өз қозғалысының іздері пайдаланылады. Бақылау үшін кері азимут және аспан шырақтары бойынша қозғалыс бағыты мезгілімен тексеріліп отырады, берілген бағдарлар қол жеткізілген бағдарлармен үнемі салыстырылады, ал карта (схема) бар болғанда, онымен жергілікті жер мен қозғалыс маршрутын беттестіреді. Сол жолмен кері қайту қажет болған жағдайларда маршруттың бұрынғы сызбасы пайдаланылады, бірақ алдын ала тура азимуттар кері азимуттарға ауыстырылады.

Түнде аралық бағдарлар ретінде жергілікті заттардың нұсқасы және жарық жұлдыздар пайдаланылады; егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда құлабызбен бағыт ұсталынады, яғни құлабызды еркін түсірілген меңзерімен барлық уақытта бағытталған жағдайда өзінің алдында ұстайды, ал бағыт үшін түзу, ойық және қарауыл арқылы өтетін қозғалысты қабылдайды.

Қыс мезгілдерінде бағдарлар ретінде маршруттың бұрылыс нүктелеріндегі қар жамылғыларының үстінде немесе алыстан жақсы көзге түсетін жергілікті заттарды таңдап алады.

Бөгетті айналып өту керек болған жағдайда, мынадай сипат жасалынады: бегеттің қарама-қарсы жағына қозғалыс бағыты бойынша бағдар белгіленеді, оған дейінгі қашықтық анықталады және оны осы көлемде жүріп өткен жолдың ұзындығына қосады; бөгетті айналып өтеді және үзілген жол бағытын құлабыз бойынша алдын ала анықтап, таңдалып алынған бағыттан қозғалысты жалғастырады.

Азимут бойынша қозғалыстың нақтылығы жүріп өткен жолдың, шамамен 1/10 бөлігін құрайды. Сондықтан, егер тиісті қашықтықты жүріп өткенде сілтемелі бағдарды кездестірмесе, онда шығу нүктесіне белгі қойылады, ал жүріп өткен бұрынғы бағдардан осы нүкте айналасындағы радиусы 1/10 -ге тең жол ұзындығын айналып өтіп, бағдар іздестіріледі.

 

§ 1. Азаматтық қорғаныстағы медициналық қызметтің міндеттері.

 

Кез келген мемлекеттің басты міндеттерінің бірі — әрқашан оның қорғаныс қабілеттілігін нығайту болған және солай болып қала бермек. Мемлекеттің мықты қорғанысы Қарулы Күштерінің жоғары жауынгерлік әзірлігінен құралып қоймай, сонымен бірге еліміздің экономикалық дамуы, халық пен шаруашылық объекті-лерін қазіргі кездегі жаппай қырып-жою қаруынан қорғануға дайындаумен де анықталады. Жаппай қырып-жою қаруларының пайда болуымен материалдық құн-дылықтар мен адамдарды қорғау бойынша жүргізетін шаралардың мазмұны мен өрісі түпкілікті өзгерді, осы заманға сай жалпы мемлекеттік қорғаныс жүйесін құру талабы туындады. Халық пен халық шаруашылығы объектілерін қорғаудағы мұндай жалпы мемлекеттік жүйе Азаматтық қорғаныс (АҚ) болып табылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын өткізудегі басты рөлді халық шаруашылық объектілері (оку орындары, мекемелер, өнеркәсіп, құрылыс, энергетика кәсіпорындары, т.б.) атқарады. АҚ-тың басты мақсаттарынан келіп шығатын арнайы шараларды өткізу үшін шаруашылық объектілеріндегі төмендегідей азаматтык, қорғаныс қызметтері құрылады: хабарлау және байланыс қызметі, апаттык,-техникалық, паналар мен тасаларға күтім көрсету, радиациялық және химиялық шабуылға қарсы қорғаныс қызметі, медициналық қызмет, өртке қарсы қызмет, материалдық техникалық жабдықтау қызметі, автокөлік, қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі. Барлық қызметтің жалпы міндеті — қарсылас шабуылы қауіпі төнгенде, зақымдану ошақтары пайда болу кезінде, сондай-ақ зілзала апаттары мен ірі өндірістік апаттарға өз құрамаларын даярлау болып табылады.

Азаматтық қорғаныс күштері тапсырмаларды орындауға байланысты тікелей жұмыстарды жүргізу үшін құрылады. Оның қатарына әскерилендірілмеген құрамалар, АҚ әскери белімдері меи мекемелері жатады.

Әскерилендірілмеген құрамалар шаруашылықтың барлық объектілерінде, оқу орындарында, көліктерде құрылады. Үйымдастырылуына қарай олар: жасақтар, командалар, топтар, бригадалар, лектер, буындар және түрлі мақсаттағы постылар түрінде болады.

Құрылымдар әскери емес адамдар қатарынан жұмысқа қабілетті адамдармен толықтырылып, табельге сәйкес жарақталады және бағдарламаға сәйкес оқытылып үйретіледі. Олар Азаматтық қорғаныс объектілері жоспарының тиісті бөлімдеріне сәйкес дайындалады.

Барлық құрылымдар орындалатын жұмыс мақсаты мен сипатына байланысты негізгі екі топқа бөлінеді: жалпы мақсаттағы және қызмет көрсету құрылымдары.

Жалпы мақсаттағы құрылымға зақымдану ошағында зілзала апаттары болған аудандар мен ірі өндірістік апаттар кезіндегі жалпы тапсырманың негізгі бөлігін орындау жүктеледі. Оларға құрама топтар (командалар), жұмысты механикаландыру бойынша құрама жасақтары, құтқару жасақтары (командалар, топтар) жатады. Бұл құрамалар төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік (ТЖА) Азаматтық қорғаныс күштерін топтастыру құрамына кіреді.

Қызмет көрсету құрылымына қызмет көрсету тапсырмаларының ерекшеліктерін есепке ала отырып, арнайы жұмыстарды орындау жүктеледі. Кейбір арнайы құрылымдардың бір бөлігі тікелей құрама жасақтардың ұйымдастыру құрылысына кіреді.

Азаматтық қорғаныстағы медициналық қызмет Азаматтық қорғаныс шаралары кезінде жарақаттанғандарға медициналық көмек көрсету мақсатында құрылады.

Қызметтің міндеттері:

— республикадағы төтенше жағдайлар кезінде медициналық-санитарлық көмек көрсетудің қалыпты деңгейін қамтамасыз ететін біртұтас саясаттың негізін құру және жүргізу;

— Азаматтық қорғаныста медициналық шараларда жүзеге асыру, емдеу-эвакуациялық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;

— тетенше жағдайлардан соң туындайтын медицина-санитарлық эпидемиялық және санитарлық-гигиеналық қалыпты болжау, қазіргі замандық залалсыздандыру құралдарын қолдану, болуы мүмкін зардаптардың деңгейін төмендету үшін жоспар әзірлеу;

— медициналық құрлымдарды құру және жұмысқа тарту, оларды техникамен, мүлікпен және жабдықтармен қамтамасыз ету;

— медициналық құрылымдардың зардап шеккендерге көмек көрсетуінің тұрақты түрде дайын болуын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар аймағы мен зақымдану ошағына қарай медициналық қызметтің күштері мен жабдықтарын бірінші кезекте аттандыру;

— зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету, эвакуациялау және емдеу, жарақат алғандарды еңбекке тез оралту мақсатында денсаулығын тез қалпына келтіру;

— төтенше жағдайлардың салдарынан болған психо-неврологиялык және эмоциялық әскерлерді азайтуға бағытталған емдеу-сауықтыру шараларын жүргізу, халыққа қазіргі замандық залалсыздандыру құралдарын қолдану және тез қалыпты жағдайға келуге мүмкіндік жасау;

— тұрғындардың қолайлы санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, тетенше жағдайлар, зақымдану ошағы мен оларға шектесетін аумақтағы тұрғындар арасында жаппай жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралмауының алдын алу;

— құтқару және басқа да жұмыстарды атқару кезінде құрылымның жеке құрамының денсаулығын сақтау, оларға қажетті медициналық көмектер көрсету;

— тұрғындарға өзіне-өзі және өзара көмек жасауды үйрету;

— медицинальық мекемелерде медициналық дәрі-дәрмектердің қорын құру.

 

§ 7. Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары және санитарлың постылар жұмысын ұйымдастыру

Апатты жағдайлар — бұл табиғат құбылыстары (ормандағы өрт, су тасқыны, жер сілкінуі, дауылдар, қар кешкіндері, сел тасқындары және басқа құбылыстар). Олар төтенше сипатқа ие болуымен бірге, халықтың аз немесе көп топтарының қазаға ұшырауына немесе қалыпты өмір сүруін бұзуға, сондай-ақ материалдық құнды заттардың жойылып кетуіне әкеп соқтырады.

Апатты жағдайлардың қиратушылық әрекеті едәуір масштабтарға жетуі мүмкін.

Бейбіт уақытта туындайтын апатты жағдайлар бірқатар дәрежеде ракета-ядролық соғыс уақытында пайда болатын жағдайларды еске түсіреді.

Ірі өндірістік апаттар, апатты жағдайлар сияқты адамдардың зақымдануына, өндірістік процестің бұзылуына алып келеді және шаруашылыққа үлкен материалдық шығын келтіреді. Осы апаттар мен зілзалалар зардаптарын ойдағыдай жою үшін (АҚ) азаматтық қорғаныс құрамаларын зақымдалған аудандарда құтқару жұмыстарын өткізу тәсілдеріне үйретуге аса зор мән беріледі.

 

Орман және шымтезек өрттерімен күрес

Өрттер қауіпті апатты жағдай болып табылады. Олар құрғақшылық уақыттарда ормандарда, шымтезектерде және елді мекендерде пайда болуы мүмкін. Өрт шығуының себептері: өрт қауіпсіздігі ережесін дұрыс сақтамау, сондай-ақ табиғи құбылыстар әсерінен: найзағайдың түсуі, жер сілкінуі, жанар таудың атқылауы, табиғи газдар мен шымтезектердің өздігінен жануы.

Орман және шымтезек өрттері қауіпті апатты жағдай болып саналады, өйткені оның әсерінен орасан зор материалдық құндылықтар жойылуы мен адамдардың зақымдануы да мүмкін. Зақымдау факторлары: жануға және адамдарды зақымдауға бейімді заттардың тұтануына әкеп соқтыратын жоғары температура, адамдарға тітіркендіргіш әсері бар және өртпен күресуді қиындататын ірі аудандардың түтінденуі; көру мүмкіншілігін шектеу; адамдарға жағымсыз психологиялық әсер ету.

Өртпен күресуде су мен от сендіру қоспалары қолданылатын техникалық өрт сөндіру құралдары үлкен рөл атқарады. Өрт сөндіру кезіндегі жұмыстарда қолданылатын ең керекті аспаптар: күректер, балталар, сүймендер, т. б.

Өрт сендіруді өртке қарсы қызмет бастығы немесе өртке қарсы команда басқарады. Өрт сөндіру кезіндегі бақытсыз жағдайларда жапа шегушілерге медициналық жәрдем көрсету үшін медициналық бөлімшелер бөлінеді, олар өрт сөндіру командалары және азаматтық қорғаныстың өртке қарсы құрамаларымен бірге өрт шыққан аудандарда болады.

 

Жер сілкіну мен қар көшкіндері болған

аудандардағы құтқару жұмыстары

Жер сілкіну дегеніміз — жер асты соққыларымен жер бетін тербелте қозғап, аса көп мөлшерде қуат бөлетін жердің ішкі күштерінің зор дүмпу туғызуы. Оның босатылған қуаты жер қабығының бұзылуы мен бетіндегі (зілзалаларды) қиратуларды тудыратын сейсмологиялық толқындар түрінде таратылады. Жер бетіндегі қуат қарқындылығы балмен өлшенеді. Қазақстанда жер сілкінудің күшін анықтау үшін 12 балды шкала қолданылады.

Күн сайын Жер шарында көптеген жер сілкінулер өтіп жатады, ал бір жылда 100 000 дейін болады. Бірақ олардың бәрі қауіпті емес, бірнеше ондығының ғана қиратушы күші болады.

Жер сілкінулер пайда болуы себептері бойынша мынандай түрлерге бөлінеді:

— тектоникалық, тау процестері әсерінен жер қабықтарындағы массалардың ауысуы себебінен пайда болатындар;

— жанартаудың атылу себебінен шығатындар;

— опырылу, бос кеңістіктердің қиратылуы, тау жыныстары сумен сілтісіздендіру кезінде болатындар.

Жер сілкіну зардабы өте үлкен, олар ауыл, қала, бүкіл мемлекетті апатқа ұшыратады, адам өмірін қияды. Әлемде ірі қалаларды түгелдей қиратып, жайқалған аудандарды шөл далаға айналдырып жіберген көптеген апатты зілзалалар белгілі.

Көшкіндер — ауырлық күші әсерінен беткей бойымен тау жыныс массасының төменге қарай жылжуы. Көшкіндер жер асты сулары немесе жауын-шашынның тау жыныстарының тепе-теңдігін бұзу нәтижесінде пайда болады.

Олар ауыл шаруашылығы алқаптарын, өндірістер мен елді мекендерді көп шығынға әкеліл соқтырады.

 

Жер сілкіну аудандарындағы тұрғындар мен

АҚ құрылымдарының іс-әрекеі

Халық пен кұрылымдарға хабарлау апат басталуының алғашқы белгілері кезінде жүзеге асырылады. Хабар жасау үшін АҚ штабындағы барлық құралдар пайдаланылады. Айқас тұйықталу мен өрттің пайда болмауы үшін — газ, жылу және энергетика желілерін үзіп тастайды. Құтқару және шұғыл апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған тапсырмаларды орындайтын АҚ құры-лымдары дайындыққа келтіріледі. Тұрғын үйлерін тастап кеткен халық үшін шатыр қалашықтар тұрғызылады.

Жер сілкіну кезіндегі маңызды мәселе — тамақтану мен сауда жасауды ұйымдастыру, дәрі-дәрмектер және ең қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Жер сілкіну аудандарындағы құтқару жұмыстарын АҚ штабтары ұйымдастырады, бұл үшін осы ауданда орналасқан АҚ құрылымдары мен әскери бөлімдері тартылады. Жер сілкінудің жалпы жағдайына қарай отырып, инженерлік жұмыстар құрамын дұрыс анықтау қажет. Олардың тізімі мынадай болуы мүмкін:

— қала, объект сыртына қираған құрылыс үйінділерін шығару үшін көшелерде жүріп өту жолдары мен өткелдер жасау;

— қираған ғимараттар мен құрылыстар үйінділерінің астынан адамдарды шығарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету;

— апаттарды жайылдырмау және коммуналды-энергетикалық желілерді тез арада апаттан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

— ғимараттар, құрылыстар қабырғаларының қауіпті опырылымдарын құлату.

 

 

§ 1. Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін

алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату,

таңғыш салу құралдары мен түрлері

Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік

Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары әр түрлі жарақатты туғызады. Адам денесі, белгілі бір органы (мүшесі) немесе барлық ағзасы тіндерінің күшпен задымдануы жарақат деп аталады, мысалы: соғып алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы және т.б. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған және таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлық жаралар ластанған болады.

Жаралар беткі қабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) және терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналасқан тіндер бұзылады) болуы мүмкін. Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, іш және бас сүйегі ішіне еніп кеткен жаралар аса қауіпті болып саналады, өйткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган зақымдануы мүмкін.

Жаралаушы құрал түрі мен тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:

— кесілген (пышақпен, алмаспен, әйнек, шыны жарық-шақтарымен жаралану—жара шеті ажырап, қатты қанайды);

— шабылған (балтамен — сүйектер зақымдануы мүмкін);

— шаншылған, (түйрелген жаралар (пышақ, шеге, біз, қанжар, айыр, сүңгі-найзамен кейде терең болуы мүмкін, ішкі органдар, мысалы, кеуде немесе іш қуысы зақымдануы ықтимал);

— соғылған және т.б.

Ядролық қаруларды қолданған жағдайда екіншілей (қайталанған) снарядтар (тастар, кірпіш, ағаш бұтақтары және т.б.) әрекеті әсерінен мылжаланған және жұлынған, соғылған жаралар көп кездеседі. Бұл жаралардың шеттері тегіс емес, кесілген болып келеді және айналасындағы тіндердің едәуір зақымдануымен, қанның аз кетуімен сипатталады.

Жаралар оқ тиген (оқтық, жарықшақтық және т.б.), тесіп өткен (оқ немесе жарықшақ тіндерді тесіп өтіп, кірер және шығар тесік жасаса) немесе соқыр (оқ немесе жарықшақ тіндерде қалып қойса, яғни денеде жаттекті зат болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшелігі — бұл кезде ірі қан тамырлары, нервтер, сүйек және буындар, ішкі қуыстар (кеуде, іш, бас сүйегінің іші, буындар) жараланғанда енген зақымданулар болады. Кейде аралас зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен (күйік, сәулелену ауруы және т.б.) қабаттасып келеді.

Кез келген жаралану кезінде әр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан тамырлары жараланса, нәтижесінде, міндетті түрде қан кету байқалады, ол кейде қатты болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты қан кету кезінде жедел жүрек-қан айналым жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге әкеп соқтыруы ықтимал. Ауқымды зақымданулар — жаралар, сыну, күйік кезінде зардап шегуші шок деп аталатын ауыр жағдайға түсуі жиі кездеседі. Шок өте күшті ауырсыну тітіркендіргіштері, қан кету және басқа да себептерге байланысты нерв жүйесінің қозуы нәтижесінде пайда болады.

Қан кетуден басқа әрбір жара үшін ең қауіптісі—жараға микробтардың түсуімен байланысты туатын асқынулар мүмкіндігі.

Микробтар жараға жаралану кезінде (алғашқы инфекция) немесе алғашқы көмек, ем көрсету кезінде асептика ережелерін бұзу (екіншілей қайталанған инфекция) салдарынан түседі. Бір жағдайларда ірің туғызатын ұшыну процесі дамуы мүмкін (іріңтекті микробтар стафилококтар, стрептококтар), ал кейде тілме ушығуы жүреді (қалшылдау, дене ыстығының көтерілуі, жара айналасының қызаруы, оның шеттерінің тегіс еместігінің анық байқалуы).

Соғылған және мылжаланған тіндері бар жараларда және топырақ пен ластану кезінде газды гангрена туғызатын газды инфекция пайда болуы мүмкін (оттек жоқ жерде дамитын микробтардың көбеюінің, яғни анаэробты инфекцияның көрінісі — тіндердің тез өлі еттене бастауы). Жараның инфекцияға ұшырауымен байланысты дамитын тағы бір қауіпті ауру — сіреспе (жараның сіреспе таяқшасы бар топырақпен ластануы). Клиникалық тұрғыда сіреспе бұлшық еттердің тырысып қалуы, тыныс алу мен жүрек жұмысының бұзылуы, шайнау бұлшық еттердің қарысуы, тыныс алу мен кіші дәретке отырудың қиындығымен сипатталады. Соңғы екі жағдайда гангренаға және сіреспеге қарсы сарысу егу қолданылады.

Жаралану кезіндегі алғашқы көмек көрсеткенде, қан кетуді тоқтату, жараны таңғышпен жабу, тыныш қалыпта ұстау үшін дененің зақымданған бөлігін иммобилизациялау (тұрақтандыру) жұмыстарын жүргізу керек.

Қанды уақытша тоқтату — алғашқы медициналық жәрдем көрсету кезіндегі маңызды шаралардың бірі және қан кетудің түріне байланысты оның тәсілдері таңдалады.

Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама

Қан кету дегеніміз — зақымданған қан тамырынан қанның құйылуы (шығуы) қан кету деп аталады. Зақымданған тамыр сипатына сәйкес: артериялық, веналық, капиллярлық және паренхиматозды қан кету деп бөлінеді.

Артериядан қан кету ірі артерияның зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті қанның шапшып ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық) зақымдануы зардап шегуші өміріне қауіп төндіреді.

Венадан қан кету ірі вена тамырларының закымдануы кезінде болады. Жарадан қою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардың ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне әкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды.

Капиллярдан қан кету ұсақ қан тамырларының жаралануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі — жараның жоғарғы бетінен қан ағады.

Паренхиматозды органдардың (бауыр, көк бауыр) зақымдануы кезінде байқалады және ол көбіне аралас болып келеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 3400; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.