Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тест тапсырмалары




QQ1

ПОКАЖЧИК

Hypertext Markup Language, 113 Hypertext Transfer Protocol, 112 IP адреса, 99 IP з'єднання, 104

- постійне, 104.

- сеансові, 105

Uniform Resource Locator, 112 WWW, 87, 98, 111 WWW броузер, 111, 112

Авторське право, 294

- для мережевих технологій, 294

- методи захисту в Інтернеті, 303
База даних, 212, 222
Безпека, 33

- інформаційна, 28, 29, 33, 39
Безперервна освіта, 166
Безперервне навчання, 167
Веб конференція, 147

- Гостьова книга, 148

- Форум, 149
Відеоконференції, 154

- групові, 155
-персональні, 155

- студійні, 155
Віртуальна реальність, 265
Віртуальне підприємство, 267

- маркетингова концепція створення,

- програми колективної роботи, 277

- шляхи трансформації, 270
Віртуальний офіс, 277
Віртуальні співтовариства, 282

- освітні, 286

- приклади, 288



-.проблемно-орієнтовані, 285

- характеристики:, 289
Гіперпосилання, Ж09
Гіпертекст, 109
Гіпертекстова система, 110
Гнучке дистанційне навчання, 170

- комп'ютерна технологія, 171

- концепція розвитку в Україні, 178, 196, 199, 201
-користувачі, 176

- моделі реалізаці-ї, 171

- організаційні моделі розповсюдження, 186

- педагогічні технології, 204

- специфічні особливості, 172
Дезінформація, 22
Джерела інформації, 19

- відкриті, 19

- закриті, 21

- конфіденційні, 22

- міжособистісні, 19

- опосередковані, 20

- опосередковані, офіційні, 20

- опосередковані шеофіційні, 20

- правової, 25

- про фірми, 23
Доменне ім'я, 77, 143
Дистанційна освітга, 137

Експорт та імпорт" інформаційної продукції, 32 Електронна бібліо»тека, 162, 209, 211 — правові питання створення, 214, 227

- склад, 219

- структура, 222

- функціональні взимоги до створення, 214
Електронна колекщія, 211
Електронна комерція, 239, 244

- категорія «бізне^с-адміністрація», 241

- категорія «бізне^с-бізнес», 241

- категорія «бізне^с-споживач», 241

- категорія «спожг,ивач-сгіоживач», 242

- категорія «спожгивач-адміністрація», 242

- модель «електронний аукціон», 243

1. Рыноктың қызметтеріне жатады:

А) Табыстарды қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу.

Б) Тауар өндірісін реттеу, ынталандыру, өзін-өзі басқару.

В) Қаржы ресурстарын шоғырландыру, пайдалану және бақылау.

Г) Шаруашылық қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау.

Д) Рынок институттарын қалыптастыру, әлеуметтік қамтамасыз ету.

2. Рынок шеше алмайтын мәселелер:

А) Инфляция, жұмыссыздық, экология.

Б) Тауар сапасын арттыру, ҒТП жандандыру.

В) Рынок инфрақұрылымын, институттарын дамыту.

Г) Экономикалық тиімділік.

Д) Ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету.

3. Рынок жүйе ретінде өзінің дамуында келесідей белгілерге ие:

А) Стихиялы, бәсекеге негізделген, ұйымдасқан, монопольды.

Б) Дәстүрлі, рыноктық, аралас, жоспарлы.

В) Натуралды, тауарлы.

Г) Эволюциялық, революциялық, аралас.

Д) Жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі.

4. Рыноктың артықшылығы:

А) Әлеуметтік әділеттілік орнайды.

Б) Ресурстарды тиімді бөледі.

В) Экология мәселесін тиімді шешеді.

Г) Толық жұмысбастылық орнайды.

Д) Монополияны қалыптастырады.

СӨЖ үлгі тақырыптары.

1) Рыноктық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері.

2) Қазақстанда рыноктық қатынастарды дамыту мақсатындағы реформалар.

3) Қазақстандағы ақпараттық технологиялар рыногының даму жағдайлары.

4) Жер рыногы және оның ерекшеліктері.

5) Рыноктың классикалық либералды теориясы.

6) Ұлттық рыноктың аймақтық және әлемдік рыноктарға бағдарлануының алғы шарттары мен жолдары.

7) Бағалы қағаздар рыногының маңызы, құрылымы, қызметтері.

§ 2. БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ

Бәсеке- шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық бақталастық. Сонымен қатар, бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде сондай-ақ капитал салу аясындағы рыноктық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын рыноктық механизмнің элементі болып табылады.

Рыноктық экономикадағы қолданылатын бәсекенің нысандары өндірісті ұйымдастыру нормалары мен ережелерін, мемлекет пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды.

Бәсеке экономикалық процесс ретінде белгілі бір іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Бұл іс-әрекеттер ұлғаймалы ұдайы сатылардан тұрады:

1. Өндіріс үшін қажет құрал жабдықтар, ғимараттар және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету.

2. Өндірісті ұйымдастыру, шикізат, материалдармен және қаржы-несиемен жабдықтау.

3. Бәсекеге қабілетті өнім шығару.

4. Өнімнің сатылу көлемін, орынын, уақытын анықтау.

5. Пайданың бір бөлігін инвестициялық қорға аудару және оны өндірісті ұлғайтуға жұмсау.

Бәсеке деңгейі өнімнің рыноктағы өмір сүру уақытына байланысты. Бәсекенің пайда болуының объективті алғы шарттары: әрбір өндірушінің оқшау шаруашылық жүргізуі, олардың рынок коньюнктураларынан тәуелділігі, сұраныс үшін басқа сатушылармен күресі.

Бәсеке өндірушілердің бірін-бірі бақылап отыруға мүмкіндік береді. Тұтынушы үшін олардың арасындағы күрестің болғаны тиімді. Өйткені, бәсекеде жеңіп шығу үшін шығындарды азайту, тауалардың сапасын арттыру жолдары қарастырылады, нәтижеде баға төмендейді. Сонымен қатар, бәсеке нәтижесінде экономикалық мүдделер қайшылығы тереңдей түседі, адамдардың экономикалық жағдайларының алшақтауы күшейеді, қоршаған ортаға келтірілетін теріс әсер өседі, еңбек ету, табыс алу, демалу құқықтарының қамтамасыз етілуіне кепілдік төмендейді, монополиялық билік артады.

Мемлекеттің экономикаға араласуынсыз бәсеке теріс салдарлы күшке айналады. Сондықтан бәсекені экономикалық өсуді ынталандырушы құрал ретінде пайдалану үшін мемлекет заң арқылы «ойын ережесін» анықтайтын және оның орындалуын қадағалайтын шараларды іске қосады.

Рыноктағы жағдайларға байланысты бәсеке әртүрлі нысанда көрініс алады. Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни рыноктық мәмлеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді. Қазіргі кезде рынок субъектілері аралас нысандағы рыноктық типте әрекет етеді. Өйткені ешбір елде еркін бәсеке де, монополия таза күйінде қолданылмайды.

Жетілген бәсеке - өзара ұқсас, көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес. Оның белгілері: рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз, рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ, өндіріс факторларының мобилділігі жоғары, рыноктағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ, ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.

Жетілген (таза) бәсеке үш бағытта жүреді: сатушылар арасында, сатып алушылар арасында және сатушылар мен сатып алушылар арасында.

Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаған жағдайда жетілмеген бәсеке орын алады.

 

Таза бәсеке мен монополия арасындағы айырмашылықтар

 

Рынок жағдайының көрсеткіштері Таза бәсеке кезінде Монополия кезінде
сатушылардың саны көп біреу
рынокқа ену немесе шығу кезіндегі кедергілер жоқ бар (ену қиын)
рынок субъектілерінің бір-бірінен тәуелсіздігі бар жоқ
рыноктық бағаға әсер ету мүмкіншілігі төмен   жоғары
рынок субъектілерінің ақпарат алу мүмкіншіліктері жоғары төмен

 

 

Бәсекелік күрестің әдістері. Қазіргі рыноктық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу рыногынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші рыногын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да рынокта үстемдік ету жолдары бар. Әділетсіз бәсеке:

1) Бәсекелесі туралы жалған, теріс ақпар беру.

2) Тауарлардың сапасы, өндірілген жері, өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау.

3) Бәсекелес фирмалардың тауар белгісін, фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану.

4) Қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау.

5) Бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәйексіз салыстыруларды пайдалану.

6) Құпия ғылыми-техникалық, өндірістік, т.б. ақпараттарды жария ету.

Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық әдістері қолданылады. Яғни, өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады (бірдей тауарларды әртүрлі бағамен сатады).

Сонымен қатар, бағалық емес күрес әдістері де жиі қолданылады. Бұл әдістер екі топқа бөлінеді: 1) Өнім бойынша бәсеке. 2) Сату жағдайлары бойынша бәсеке. Өнім бойынша бәсекеде тауарлардың жаңа сұрыптамасын арттыру және сол бағада сапалы тауар сату жолымен рыноктағы бәсекелестерінің үлесін жаулап алу көзделеді. Мысалы: АҚШ-да ұнның 10 мың сорты, консервіленген жүгерінің 4 мыңнан аса түрі бір мезгілде сатылады. Сату жағдайлары бойынша бәсеке кезінде тұтынушыларды тартудың көптеген жолдары қолданылады. Оның ішінде: жарнама жасау, сервистік қызмет көрсету, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер беру және т.б.

Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері- тауарларды төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып сату және лизинг. Лизинг - өндіріс құрал жабдықтарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру.

Бәсеке заңының әсер ететін маңызды бағыттары:

1. Бәсеке тепе-теңдік бағаны қалыптастыруға жағдай жасайды. Егер, баға төмендесе, онда сұраныстың көлемі ұсыныстың көлемінен жоғары болып, сатып алушылар арасында бәсеке пайда болады. Нәтижесінде баға көтеріліп, сұраныс пен ұсыныс қайта теңеседі. Ал, баға өскен жағдайда, сұраныстың көлемі ұсыныстың көлемінен төмен болып, сатушылар арасында бәсеке пайда болады. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс қайта теңескенге дейін баға төмендейді.

2. Тауар өндіру мен өткізудің қоғамдық қалыпты жағдайларын қамтамасыз етеді. Жалпыға бірдей «ойын ережесін» басшылыққа алмаған тауар өндірушілер зиян шегеді. Мысалы: жетілген бәсеке кезінде жоғары пайда алу мақсатында сатушы бағаны өсірсе, онда сол тауарға сұраныс көлемі төмендеп, пайда мөлшері азаяды.

3. ҒТП ынталандырады және өндірістің тиімділігін арттырады. Бағалық бәсекеде кім төмен бағада өнім сатса, сол бәсекеге қабілетті болып табылады. Бірақ бағаның төменгі деңгейі барлық шығындарды өтеп қана қоймай, жоғары пайда алуды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпкер өндіріске жаңа техника мен технология енгізеді, еңбек процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін іздейді. Яғни, ресурстарды үнемді пайдалану жолдарын қарастырады. Нобель сыйлығының лауреаты Ф. Хайектің пікірінше: «Бәсекеге арқа сүйеген қоғам басқаларға қарағанда өз мақсатына сәтті жетеді. Бәсеке өнімдерді қалай тиімді өндіруге болатынын көрсетеді».

4. Рыноктық субъектілердің бәсекелік күресі әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті күшейтеді. Бәсекеге қатысушылардың мүмкіншіліктері (қаржылық, ресурстық, меншіктің болуы) әртүрлі екендігін ескерсек, үлкен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі жоғары болуы заңды

5. Рыноктық шаруашылықтың монополиялануына әкеледі. Шағын кәсіпорындар бәсекелік күреске шыдамай банкрот болады немесе өзара бірігеді. Нәтижеде ірі бизнестің рөлі артып, жетілген бәсеке жетілмеген бәсеке типіне ауысады.

 

Ізденіс сұрақтары.

1. Экономикадағы монополияның рөлі қандай? Нақты мысалдар келтіріңіз.

2. Кластер дегеніміз не, оның тиімділігі неде?

3. Қазақстанда кластерлік жүйені қандай бағыттарда дамыту көзделген? Нәтижелері қандай болмақ?

4. ҚР еркін бәсекені қорғау және қолдау көрсету іс-шаралары қандай?

5. Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері туралы не білесіз?

6. Жетілген бәсекенің жетілмеген бәсекеге айналуының себептері қандай?

7. Кәсіпорынды монополист деп танудың белгілері қандай?

8. Монополияға қарсы қандай заңдар қолданылады?

9.Сатушылар мен сатып алушылардың рынок туралы ақпарат алу мүмкіншіліктерінің шектеулі болуының себептері неде?

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 845; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.038 сек.