Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Оооооооооооооооооооооооооо




ТТТТТТТТТТТТТТТТ

Тәртип тусінігі,заңдылық және тәртип

Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың, есерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс, Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда - қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.

Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері: құқықтық норма, құқықгық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы акті.

1). Құқықтық норма - арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.

2). Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.

3). Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.

Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы.

Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмінің жақсы сапалы жұмыс атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы керек. Мемлекет осы мәселелерге зор көңіл бөледі.

Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең күрделі, аса жауапты мүдде-мақсат - ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Сол арқылы халықтың бостандығын, теңдігін дұрыс дамыту, қоғамда әділеттікті, демократияны орнату, құқықтық мемлекетті

Объективтік және субъективтік құқық

Құқық теориясында объективтік және субъективтік мағынада құқықтар қолданылады. Бірақ кез-келген адам оларды айыра білмейді. Кей жағдайда адам «құқық – маған рұқсат, кепілдік береді, ол мені қорғайды, бостандықтың шегін белгілейді, құқыққа сәйкес және құқыққа қарсы әрекеттердің шегін айқындайды», -деп айтса; ал екінші жағдайда «менің құқықғым бар, басқа адамдардан тиісті әрекеттерді жасауды талап етуге құқығым бар», - деп айтуы мүмкін. Кейбір шет тілінде бұл екі ұғым екі термин арқылы түсіндіріледі. Басқа тілдерде оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде бұл құқықтық құбылыстар бір терминмен қолданылады. Мемлекеттің тиісті актілерде белгіленген заңи нормалардың жиынтығы - бұл объективтік мағынадағы құқық. Ал азаматтардың заңдарда белгіленген немесе көптеген құқықтың қатынастардан туындайтын тұлғаға туғаннан тән құқықтың, бостандық және міндеттердің жүйесі – бұл субъективтік мағынадағы құқық. Оның үстіне объективті құқыққа сот прецеденті, құқықтық әдет, нормативтік шарттар, ал субъективті мағынадағы құқыққа заңды мүдде кіреді.65 Объективті және субъективті құқық арасындағы айырмашылықтар заң ғылымында ерте кезде пайда болды. Алғаш рет Рим құқығында қолданды, кейін АҚШ-тың құқық жүйесінде қолданды. Объективті және субъективті мағынадағы құқық заңгерлер арасында пікір талас тудырады. Мысалы, Кеңес үкіметінде субъективті құқық жоққа шығарылды және ол социалистік қатынастарға сәйкес келмейді деп жарияланды. Бірақ, кейін бұл идея да жоққа шығарылды. Сондай-ақ, объективті және субъективті құқықпен құқытағы объективтілік және субъективтілік мәселелерін айыра білуі керек. Құқықтағы объективтілік және субъективтілік мәселелері –бұл құқықтың қалыптасуына әсер ететін объективті және субъективті факторлар, себептері. Құқықтың субъективтікке жататындығын, сондай-ақ субъективтікке тиесілі субъективтік құқықтың, оның еркіне, қалауына байланыстығын көрсетеді. Ал объективті құқық құқықтың жеке тұлғаның еркімен қалауынан тәуелсіз ешкімге тиесілі еместігін көрсетеді. Сонымен, объективті мағынадағы құқық – бұл мемлекеттің тиісті нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жеке субъективтіктерден тәуелсіз құқықтық нормалардың жүйесі, субъективтік мағынадағы құқық – бұл жоғарыда аталған актілерден туындайтын немесе тұлғаларға турмысынан тиесілі және қолдану барысында олардың еркі мен санасына тәуелді құқықтар мен бостандықтардың жүйесі. Егер де объективтік құқық бұл қандай да бір нысанда белгіленген құқықтық норма болса, онда субъективті құқық – бұл объективті құқық негізінде және оның көлемінде туындаған нақты заңи мүмкіндіктер.

 

ҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮҮ

Үкіметтің актілері, олардың заңдармен арақатынастары

1. Республика Үкiметi Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады.
2. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды.
3. Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады.
4. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
5. Үкiмет қаулылар мен Республика Премьер-Министрiнiң өкiмдерi Республика Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады.
6. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Президентi мен Үкiметi жоя алады.
7. Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн Республика Президентi, Үкiметi және Премьер-Министрi жоя алады.

 

ҰҰҰҰҰҰҰҰҰ

Ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы.

Халықаралық және ұлттық құқықтық реттеудің объектісі және халықаралық құқықтың объективті шектері. Халықаралық құқықтың субъективті шектері және мемлекеттердің ішкі құзыреті. Халықаралық құқық және ұлттық құқықтың экстерриториялық әрекеті. Халықаралық және ұлттық құқық арақатынасының теориялары. Ұлттық құқықтың халықаралық құқық дамуына әсері. Халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа әсері. Халықаралық құқық нормаларын жүзеге асыру (имплементация): түсінігі, нысандары және мазмұны. Трансформация теориясы. Халықаралық ұйымдардың актілері және ұлттық құқық. Қазақстан заңнамасы мен доктринасындағы халықаралық және ұлттық құқық арақатынасының мәселесі

Халықаралық құқық пен оның ғылымының тарихы. Халықаралық құқықтың пайда болуы және оның тарихын кезеңге бөлу мәселесі. Ежелгі заманның халықаралық құқығы. Орта ғасырлардың халықаралық құқығы. Халықаралық құқық ғылымының пайда болуы және дамуы. Халықаралық құқық ғылымының негізін қалаушысы Гуго Гроций және оның ізбасарлары. Жаңа дәуірдің халықаралық құқығы. Классикалық халықаралық құқықтың қалыптасуы және дамуы. Ұлттар Лигасы дәуірінің халықаралық құқығы. БҰҰ құрылу тарихы. БҰҰ Жарғысы қазіргі халықаралық құқықтың негізгі құжаты ретінде. "Қырғи қабақ" соғыс жағдайындағы халықаралық құқықтың дамуы. Отарсыздану процессі. ҒТР және оның халықаралық құқықтың дамуына әсері. Қазақстан тарихындағы халықаралық құқық.

3. Халықаралық құқықтың жүйесі және қайнар көздері. Халықаралық құқық жүйесінің түсінігі және негізгі элементтері. Халықаралық құқықтың құрылымы. Халықаралық құқық нормалары және олардың классификациясы. Халықаралық құқықтың институттары мен салалары. Халықаралық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері. Халықаралық шарт және әдет-ғұрып, олардық арақатынасы. Құқықтық нормаларды айқындаудың көмекші құралдары. Мемлекеттердің бір жақты мәлімдемелері. Ұлттық заңнаманың экстерриториялық әрекет етуі. Өркениетті ұлттар таныған құқықтың ортақ қағидалары. Халықаралық конференциялардың актілері. Халықаралық құқық шығарудағы қауымдастық және доктринаның ролі. Халықаралық құқықтық кодификациясы және прогрессивті дамуы.

4. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының түсінігі мен жүйесі. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының тарихи негізділігі. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын бекітуші құжаттар. Негізгі қағидалардың қалыптасуы, дамуы және нормативтік мазмұны. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының арақатынасы және диалектикалық байланысы. Халықаралық құқықтың жаңа негізгі қағидалары туралы мәселе.

5. Халықаралық құқықтың субъектілері. Халықаралық құқық субъектілігі концепциясының ерекшеліктері. Халықаралық құқық субъектілерінің түсінігі мен түрлері. Халықаралық құқық субъектілігінің мазмұны. Мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде. Мемлекеттік егемендіктің түсінігі мен белгілері, оның әлеуметтік-саяси және құқықтық мәні. Мемлекеттердің негізгі құқықтары мен міндеттері. Мемлекеттердің халықаралық құқықтың субъектілері ретіндегі түрлері. Тәуелсіздік үшін күресуші халықтар қалыптасу үстіндегі мемлекеттер ретінде. Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі: түсінігі, туынды сипаты және құқықтық негіздері. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мирасқорлығы. Мемлекет тәріздес құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Индивидтер мен заңды тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігінің мәселесі.

6. Халықаралық құқықтағы тану және құқық мирасқорлығы. Халықаралық құқықтағы танудың түсінігі, құқықтық салдары және маңызы. Танудың теориялары, түрлері және нысандары. Халықаралық ұйымдарға мүшелік және тану. Үкіметтерді тану теориялары. Мемлекеттердің құқықтық мирасқорлығы түсінігі және мәні. Халықаралық шарттар, мемлекеттік меншік, мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік қарыздарға байланысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы. КСРО ыдырауына қатысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы. Мемлекеттердің халықаралық құқық субъектілері ретіндегі сәйкестігі (идентичность). Мемлекеттердің сәйкестігі мен континуитетінің құқық мирасқорлығымен байланысы.

7. Халықаралық құқықтағы аумақ. Халықаралық құқықтағы аумақ түсінігі мен түрлері. Мемлекеттік аумақ. Анклавтар. Квазимемлекеттік аумақтар. Мемлекеттік аумақты өзгертудің құқықтық негіздері мен әдістері. Мемлекеттік шекаралар. Делимитация және демаркация. Шекаралық өзендер режимі. Халықаралық өзендер режимі. Халықаралық режимді аумақтар: түсінігі мен түрлері. Халықаралық кеңістіктер ортақ пайдаланудағы объектілер ретінде. Адамзаттың ортақ мұрасы концепциясы. Ашық теңіз, халықаралық әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі және теңіз түбінің халықаралық аймағы, Антарктиканың құқықтық режимі. Айрықша құқықтық режимдегі аумақтар. Арктиканың құқықтық режимі. Ядросыз аймақтар, бейбітшілік аймақтары, демилитарланған және бейтараптандырылған кеңістіктер айрықша құқықтық режимдегі кеңістіктер ретінде. Аралас режимдегі аумақтар. Ерекше экономикалық аймақ пен құрлықтық шельфтің құқықтық режимінің ерекшеліктері.

8. Халықаралық құқықтағы тұрғын халық. Мемлекеттің тұрғын халқының түсінігі және құрамы. Тұрғын халық жағдайын халықаралық құқықтық реттеу. Азаматтық мәселелері бойынша халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары және ұлттық заңнама. Азаматтықты иелену және одан айрылу. Бипатризм мен апатризмді жою және қысқарту бойынша халықаралық ынтымақтастық. Шетелдіктердің құқықтық режимінің түрлері. Кемсітуге тыйым салу және құқықтарды шектеу. Еңбекші мигранттардың құқықтық режимі. Баспана құқығы. Дипломатиялық баспана институты. Баспана мәселелері бойынша Қазақстан заңнамасы. Босқындардың халықаралық және ұлттық құқықтағы құқықтық жағдайы.

Халықтың тікелей құқықшығармашылығы. Референдум.

Референдум (лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. ин-т алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.

Референдумның негізгі екі түрі бар:

1. Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады;

2. Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Мұндай Референдумның қорытындысы өкімет үшін міндетті болмайды. Халықар. құқықтық мәселе бойынша Референдум (көбіне плебисцит делінеді) өткізу 20 ғасырдың соңғы жиырма жылы ішінде өріс алды. Мыс., Еуропа Кеңесіне мүше болу-болмау мәселесі бойынша Франция, Дания, Норвегия, Швеция, Ирландия елдерінде Референдум өткізілді. Қазақстанда Референдум өткізу туралы шешімді ҚР Президенті қабылдайды. Оған 18 жасқа толған Қазақстан азаматы қатыса алады. Сот төрелігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, салық саясаты, бюджет, билік орындарының құзыреті, басқару нысаны, адам бостандығы мен құқығы, әкімш.-аум. құрылыс пен шекара мәселесі Референдумға негіз бола алмайды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1700; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.028 сек.