Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ккккккккккккк 12 страница




Кұқық әуел баста әлеуметтік құбылыс және қоршаған ортаның нақты шындығын бейнелеуші ретінде, адамдардың әділеттілік ұғымына негізделген құқықтық нормалар, зандар жайындағы ниеттерінен барып қалыптасады. Әділеттілік деген бұл жерде бостандық, теңдік және коғамдық татулық, келісім деп түсініледі. Сөйтіп қоғам дамуының объективті қажеттіліктерін бейнелей отырып құқықтық сана құқықтың қайнар көзі болып табылады.

Құқықтық сана, құқықтық мә­дениет және құқықтық тәр­бие әрбір азаматтың қалыпта­суының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс.

Құқықтық сана дегеніміз – тұ­л­ғаның қолданыстағы не­ме­се қабылданатын құқық нор­­ма­ла­рына деген көзқарас­та­ры мен сезімдерінен, олар­ға тиісінше баға беру мүмкін­дік­терінің жи­ын­тығы болып та­былады.

Бұдан құқықтық сананың не­гізінен құқықтық психология және идея жиынтығынан құра­латынын көреміз. Өйткені, құ­қық­тық психология қолданыс­тағы құқық нормаларын же­тіл­діруге, жаңа құқықтық норма­ларды қабылдау қажеттілігінің деңгейін, сезімін білдірсе, құ­қықтық идея құқықтық сананың өз дәрежесіне көтерілуінің нәти­жесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін қажетті құқық нормаларының қабылдану қа­жет­тілігін білдіреді.

Құқықтық сана сезімнің бас­ты мақсаты – адам, азамат, қоғам мүддесіне сәйкес ке­ле­тін, олардың мүдделерін қа­на­­­ғаттандыратын құқықтық нор­­­­­ма­­ларды ортақ игілік үшін қа­былдау қажеттілігінің не­гіз­гі бастамашысы болып табы­латындығында. Құқықтық мәде­ниет болса – құқық нормаларын білу, толық түсіну, оларды бас­шылыққа ала отырып, адам­зат­тың ортақ мүддесіне қызмет іс­теуді білдіреді.

Құқықтық мәдениет құқық­тық сана-сезіммен тығыз бай­ланысты және содан негіз алып дамиды, жетіледі. Субъектінің өзінің іс-әрекетінде құқық нор­маларын басшылыққа алуы оның құқықтық мәдениетінің ерекшелігін, дәрежесін білдіре­ді.

Құқықтық тәрбие – қоғам мү­шелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалып­тастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым­дардың іс-әрекетінің көрінісі бо­лып табылады. Мемлекет не­­ғұрлым құқықтық тәрбиеге ерекше мән берсе – құқықтық са­на, құқықтық мәдениет, құқық­тық білім биік дәрежеден көрініс табады. Өйткені, құ­қық­тық сана, мәдениет, құқықтық ғылым – тәртіптің қайнар көзі, бастауы.

 

Құқық нормаларының мазмұнын түсіндіру, анықтау және ұғыну

Құқық нормалары мемлекеттің бекіткен әмірі ретінде құқықтық қатынас субъектілерінің мінез-құлыктарының жалпы сипаттамаларын жол-жора, ереже ретінде ғана айқындайды. Себебі, жеке тұлғалар мен занды түлғалардың өмірде жасалатын барлық іс-әрекеттерін құқық нормаларына сиғызу мүмкін емес. Мысалы, ұрлық құдайдың құтты күні сан алуан түрде, әр түрлі сипатта жасалынады. Түнде, күндіз және заттар үйден, қоймалардан, калтадан, гараждан, мейманханадан, автомобильден, магазиннен, базардан ұрланады. Заң шығарушы орган ұрлықтың құрамының барлық сипаттамаларын құқықтық нормада бекітпейді тек нағыз мазмұнын, қоғамға қауіпті ерекше сипаттарын ғана белгілейді. Объективтік жағынан ұрлық тек кана «бөтен мүлікті жасырын ұрлау» деген іс-әрекетті бекіткен. Адамды жауапқа тартуға біреудің мүлкін жасырын ұрлағаны жеткілікті. Ал, қай жерден, кімнің мүлкі екені көрсетілмейді. Бір сөзбен айтқанда заң шығарушы органның құқық нормаларында субъектілерінің бекітілген мінез-кұлықтарын толыққанды, терең түсіну үшін әділетті мағынада іс жүзіне асыру және дұрыс қолдану үшін оларды талкылау кажет. Бұл процесс ойлау арқылы болады және соның нәтижесінде құқық нормасының мәні айқындалады. Жалпы құқық нормаларын талқылаудың тарихына көз жүгіртетін болсак заңның нормаларын, оның сөздік мәнін түсіндіруге тыйым салынғанын аңғарамыз. Кезінде Юстиниан, Пий IV, Наполеон I, Ш.Л.Монтескье, Ч.Беккарна сияқты ірі кайраткерлер заңға түсінік беріп, оны талкылауға тыйым салуды талап еткен. Олардың ойынша мұндай әрекеттер заңның мазмұнын бұрмалауға әкеп соқтырып, заңсыздыққа тікелей жол ашады.

Түсінік беруші субъекі аталмыш сұрақтарға жауап беру үшін заң әдебиеттерін оқиды, сот практикасын таиып біледі, ғалым-дардан кеңес сүрайды. Сондай әрекеттердің нәтижесінде құқық нормасы жан-жақты талқыланады, құқықты дұрыс, әділетті қолдануға мүмкіндіктер жасалады.

Құқық нормаларын талқылау деп заң шығарушы органның қуқық нормаларында бекіткен еркін, мазмунын ұғынуға, тусіндіруге ба-гытталган субьектілердің қызметтерін айтады.

Талқылау құқық колданудыңең маңызды және жауапты сатыларының бірі болып табылады, ол арқылы құқық нормалары іс жүзіне асырылады. Талқылаудың өзінің мазмұны бар және оның кейбір жақтары негізінде екі үғыммен қамтылады: ұғыну және түсіндіру.

Ұғыну — субъектінің ойлау процесінің жемісі, құқық нормасын түсінудегі қорытынды пікірі. Ұғыну толғаныс, күйзеліс арқылы қалыптасады, тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде логикалық заңның күшімен тексерілген, дүрыс қорытынды туындайды.

Түсіндіру — интерпретатордың құқық нормасын дұрыс қолданудың мазмұнын айқындап, ашып көрсетуі. Түсіндіру — тек ғана ұғынудан кейін болатын саты. Алдымен ұғып алып, содан кейін ғана түсіндіруге болады. Ұғынусыз түсіндіру болмайды.

 

Құқықбұзушылықтың заңдық құрамы (субъект, субъективтік жақ, объект, объективтік жақ)

Құқықбұзушылықтың заңды құрамы –бұл құқықбұзушылықтың заңды жауапкершілікке тарту үшін қажетті және жеткілікті белгілерінің жүйесі. Заңды құрамға мыналар жатады:

1. Құқықбұзушылықтың субъектісі–бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықәрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.

2. Құқықбұзушылықтың объектісі–бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.

3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы–бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.

Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.

Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық. Менмендікте тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын түсінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға тырысады. Немқұрайдылықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын болжай алмайды, алайда дұрыс зейін қойғанда оларды байқауы мүмкін әрі тиіс еді.

Құқықбұзушылықтың объективтік жағы–бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) әрекет немесе әрекетсіздік; ә) құқыққа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

 

Құқық пен мемлекетті оқудағы диалектикалық әдістеме

Танымның диалектикалық әдісі - шындық өмірдің зерттелетін салаларының заңдылықтары бойынша білім негізінде қалыптасқан ережелер (талаптар) мен адамдарды олардың танымдық- өзгеру қызметінде бағыттайтын жүйе.

Танымның диалектикалық әдісі диалектикалық логика қарастырады. Сол шындық өмірдің жалпы заңдылықтары мен танымдары негізінде адамдарды олардың практикалық және танымдық қызметінде бағыттайтын қағидаларды қалыптастырады, ойлайтын және әрекет ететін обьектіге қатысты талаптар жасайды, танымның шындыққа қозғалысы жүзеге асырылатын түрлердің теориялық негізін береді.

Қазақстан - демократиялык, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың теориясы және тәжірибесі

Конституция Қазақстан Республикасын демократиялык, зайырлы, құқыктық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Демократиялык, мемлекет - Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы баска да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді.

Зайырлы мемлекет - Қазакстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстаудың мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да баска нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жүмыс істейді- сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.Наным немесе атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы тиіс.

Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтыны, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы, т. б.

Әлеуметтік мемлекет - жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес коғам мен адамға тұтас қызмет ететін мемлекет. Ол мемлекеттік қаржы көздері есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.

Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік камсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік істер арқылы анықтаған.

Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет.Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халык сайлаған Президент болады да, Премьер-министрдің баскаруындағы, өзінің алдында жауапты Үкіметті тағайындайды.

Қазақстандағы президенттік басқару нысанының ерекшелігі сол билік бөлісу жүйесінде Президент "билік буындарының үстінен қарау" құқығына ие әрі олардың келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарынын халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.Ол Конституциялық тәртіпке сәйкес Үкіметтің өкілеттігін ғана тоқтатып қоймай, Парламентті де тарата алады, соттарды тағайындап және қажет болған жағдайда заңдық күші бар жарлықтар мен заңдар шығарады (Конституцияның 45 бабы).

Қазақстанның біртұтастығы оның әкімшілік аумақтық бөлшектерден құрылатындығын (облыс, аудан, қалалық аудан, ауылдар мен селолар), автономияға бөлінбеуі.Әкімшілік аумақтық кұрылым туралы ерекше заң бар.Ол Қазақстанның тарихи және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.

 

Құқықтық талқылаудың әдіс тәсілдері: филологиялық, тарихи, логикалық, жүйелік, теологиялық, заңи

Заң ғылымында және практикада ұзақ тәжірибе арқасында құқықтық нормаларды талқылаудың белгілі бір әдістері қалыптасқан.

Әдістер – бұл құқық нормасының мәнін түсіну мен түсіндірілуде қолданатын нақты әдістер, тәртіп, технологиялар. Ондай әдіске мыналар жатады: логикалық, жүйелілік, грамматикалық (филологиялық, тіл), тарихи - саяси, арнайы – заңи, теологиялық және функциональді.

Грамматикалық талқылау – бұл лексико – стилистика және морфология тұрғысынан құқық н. анализ жасау, жеке сөз, сөйлемнің мағынасын, қос сөздерді, тұрлаулы мүшелерді анықтау.

Логикалық талқылау – бұл логика заңдары негізінде құқық нормасына анализ жасау. Норманың ішкі құрылымын, үш элементтердің байланысын анықтау, логикалық қарама – қайшылықтарды жою.

Жүйелілік әдіс – бұл ұқсас, біртекті қатынастарды реттейтін нормалармен бірге құқық нормаларын талқылау. Бұл құқық жүйесіне негізделген, әсіресе, сілтемелі бланкеті нормаларға негізделеді.

Тарихи – саяси талқылау – бұл нормалар қабылданған әлеуметтік шарттар бар ма, жоқ па, саяси, экономикалық жағдай өзгеруі мен сол тұрғыда құқық нормаларын талдау.

Арнайы – заңи талқылау – бұл құқық ғылымында және заңнамада ерекше терминдер мен ұғымдарды талқылау.

Теологиялық (мақсатты) талқылау – бұл нақты норманы шығарған кезде, заң шығарушы қандай мақсаты көздегенін анықтау. Бұл мақсаттар кіріспеде көзделеді. Бұл мақсат норманың мазмұнында да анықталады.

Көлемі бойынша талқылау үшке бөлінеді: сөзбе сөз, шектелген және кеңейтілген.

Сөзбе сөз талқылау – бұл құқық нормасының сөзбен бейнеленуі. Оның нақты мәніне сәйкес келеді, яғни рух және әріп сәйкес келеді.

Шектелген талқылау – бұл норманың мәнін шектейтін талқылау. Мысалы, әр адам салық төлеуге міндетті (мүгедек, бала).

Кеңейтілген талқылау – бұл құқық нормасының мәнін кеңейтіп талқылау. Мысалы, ҚР азаматтарының тек құқықтарды ғана емес, сонымен қатар тең міндеттерді атқарады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 943; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.