Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ккккккккккккк 8 страница




 

Құқықты қолдану актілерін мүдделі адамдарға жариялау

1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, Қазақстан Республикасының орталық атқару шы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы ресми басылымдар болып табылады.

2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспа басылымдары да жүзеге асырады.

Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткізілген жағдайда жүзеге асырады.

Нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің кейіннен ресми жариялануының белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды әділет органдары жүзеге асырады.

Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде аталған, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттілігі туралы өз бетінше шешім қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды.

2-1. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау олар күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.

3. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуы тиіс.

4. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.

Заң актілерін ресми жариялау

1. Қазақстан Республикасының заң актілері Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.

2. Заң актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.

. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.

. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау

1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, сондай-ақ басқа да мерзімді баспа басылымдарында ресми жарияланады.

2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.

3. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануға жіберіледі.

4. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде жарияланады.

Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау

1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.

3. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануға жіберіледі.

4. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында міндетті түрде жарияланады.

Нормативтік құқықтық актілердің мазмұны толық жарияламауға жол бермеу

Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар бар нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын ресми түрде толық жарияламауға жол бермейді.

. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылау

1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге

 

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп,олардың арасындағы байланыс

Қоғамдық тәртіп (ағыл. public order; нем. Gesellsch aftsordn ungj) - Азаматтың қадір-қасиеті мен басқа құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі.

Қоғамдық тәртіп - адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қоғамда қалыптасқан құқық пен мораль нормаларына немесе қандай да болсын ұйымның талаптарына сай келетін нұсқасы. Қоғамдық тәртіп қоғамның қалыпты тіршілік етуінің қажетті шарты болып табылады. Қоғамдық тәртіп арқасында адамдардың мінез-құлқы мен іс-қылығы тәртіпке келтірілген сипатқа ие болады. Мұның өзі ұжымдық қызметті және әлеуметтік ұйымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қоғамда әрқашанда жалпыға бірдей міндетті тәртіп пен белгілі бір ұйым мүшелеріне ғана міндетті арнаулы тәртіп (әскери тәртіп, еңбек тәртібі, т.б.) жолға қойылады. Коғамдық тәртіп әрқашанда қоғамдық қатынастармен айқындалады және ол осы қатынастарды қорғауға қызмет етеді. Саналы тәртіп, пайдакүнемдік пиғылдағы және мәжбүрлі тәртіп түрлеріне бөлінеді. Саналы тәртіп — қоғам мүшелерінің мінез-құлық нормаларын терең сезініп игеруі. Тәртіпті адам қоғамдық өмірде қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстау қажеттігін іштей түйсініп әдеп ретінде қабылдайды. Оларды сақтай алмаған жағдайда ұяттан қысылып, өзін кінәлі сезінеді. Қоғамдық тәртіп қоғам мүшелерінің жеке мүдделерінің, олардың қажеттерінің және олар орындайтын әлеуметтік мінез-құлық нормаларының бір-бірімен ұштасу дәрежесімен айқындалады. Егер бұл нормалар жеке адам іс-әрекетінің іштей құлшынысына айналмаса, онда мұның өзі мінез-құлықтағы түрлі ауытқуларға апарып соқтырады.

Мемлекет әртүрлі экономикалық, саяси, идеологиялық, ұйымдастық, құқықтық әдістері мен тәсілдері арқылы басқарылады. Осының ішінде заңдылық пен құқықтық тәртіп негізгі орынды алады, олсыз қоғам өмірі мен азаматтардың дұрыс өмір сүруі қамтамасыз етілмейді. Заңдылық адамдарды басқарудың ең ежелгі және өркениетті тәсілі. Қазір ол барлық демократиялық елдерде, әлемдік қоғамдастықта жалпы қабылданған[1]. Ертеден бері келе жатқан заңгер ғалымдар және бүтіндей қоғамның назарына заң ғылымы мен тәжірибесінің көптеген мәселелерінің ішінде құқықтық тәртіп пен заңдылық мәселесі ерекше орын алады. Қоғам, мемлекет, азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделері қоғам өмірінің негізгі тұстарында тұрақтылық пен реттілікті талап етіп тұр. ҚР –ның қазіргі кездегі дамуында нақты және қатаң қоғамдық құқықтық тәртіп одан әрі ілгерілеудің жалғыз жолы болып тұр. Құқықтық мемлекет құру және оның өркениетті демократиялық дамуы онсыз мүмкін емес. Ресми тұлғалар мен баспасөздің баяндамаларында «Приоритет-құқықтық тәртіп» деп белгіленеді, ал ол үшін билік, нормашығармашылықта және мемлекетік өмірдің басқа салаларында тәртіп қажет, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, мүдделерінің нақтылығы және барлық субъектілердің өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы, өзінің жүріс-тұрысы үшін жауапкершілікті жүзеге асыру, бұл демократиялық қоғамға сәйкес болып, тек осындай жағдайда ғана жүзеге асады.«Құқықтық тәртіп азаматтық қоғамның құқықтық негізін құрады. Оған оның барлық салалары негізделеді: әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси. Сәйкесінше ол барлық мемлекеттік нақтылықтың құқықтық негізі болады» дей келе құқықтық тәртіп пен заңдылықтың өзектілігі айқындаладыҚұқықтық тәртіп пен заңдылық турлы зерттеу және айта тұра «демократия» терминін қадағалау мүмкін емес. Оның маңыздылығы ҚР Конституциясының 1 б. «Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық, унитарлы мемлекет» деп аталуында.Сонымен, заңдылық пен құқықтық тәртіп – құқықтың іс-тәжірибеде жүзеге асрырылуы тұрғысынан алғанда оның құқықтық нақтылығының мазмұнын ашатын, заң ғылымының іргелі категориясы. Олар мемлекетпен, заң шығарушылықпен және сот төрелігімен бірге пайда болады. Құқықтың заңдылықсыз жүзеге аспауы анық.Қоғамдағы терең әлеуметтік қайта құруға дейін отандық заңгер-ғалымдар заңдылық және құқықтық тәртіпке деген көзқарастар мақалаларда және арнайы монографиялық зерттеулерде көрініс тапты.

Құқық нормаларын субсидиарлы қолдану

Құқық құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл — қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері. Олар құқықтың пәнімен бірге ҚР-сы құқығының кез-келген саласына, оның ішінде құқық құқыққа да толық сипаттама береді. Мұның сыртында, қоғамдық қатынастардың тобы бойынша, яғни құқықтық реттеудің пәні бойынша көптеген құқық салалары өте жақын болады, ал кейде тіпті өздерінің негізгі көріністерінде тура келеді (мысалы, мүліктік қатынастар, табиғи ресурстарды қорғау аясындағы қатынастар, қаржылық және кәсіпкерлік қызмет). Сондықтан реттеу әдісі кұқықтық салаларды айырған кезде айқындауыш белгі рөлінде жиі болуы мүмкін.

Жалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құқығының кез-келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген: нұсқама (міндеттеу), тыйым, ерік беру. Олардың жиынтығы қоғамдық қатынастардың кез келген түріне құқықтық ықпал жасаудың мазмұнын құрайды. Нұсқама (міндеттеу) — бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда зандық маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу. Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше емес, тап осылай істеу керек деп көрсетеді. Мысалы, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына өздерінің нормативтік — құқықтық актілерін ҚР-ның Әділет министрлігінде және оның жергілікті органдарында тіркеу міндеті жүктелген. Тыйым — шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің әдіресаттарына (жолданатындарына) осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Құқық тыйымға мысал ретінде ҚР-ның құқық құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған құқық бұзушылықтардың құрамдарын айтуға болады.

Ерік беру — бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру. Әрине, әрбір құқық саласы аталған әдістерді өзінің реттейтін пәнінің, яғни қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланады. Құқық салаларының арасындағы айырмашылықтарын әдістің қайсысын нақты пайдаланудың деңгейіне (үлес салмағына) қарай айыруға болады. Мысалы, қылмыстық құқыққа тыйым, азаматтық құқыққа ерік беру неғұрлым тән. Бірақта ерік беруді қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұнынан да табуға болады, ал сол бір кезде тыйымдар мен нұсқамалар сияқтылар азаматтық құқықтың нормаларында болуы мүмкін. Мысалы, Азаматтық кодекс азаматтық құқықтарды, бәсекелестікті шектеу, сондай-ақ тек қана басқа тұлғаға зиян келтіру ниетпен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер мақсаттарында пайдалануға жол бермейді. Сонымен бірге азаматтар мен заңды тұлғалардың осы Кодексте және өзге де заң құжаттарында белгіленген құқықтарын шектейтін мемлекеттік басқару органдарының құжаттары қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс делінген. Бұл жерде тікелей заңдық нұсқама екендігі белгілі болып отыр.

Құқық құқық шындығында құқықтық реттеудің барлық әдістерін пайдаланады. Сонымен бірге басқарушылық қатынастарға құқықтық ықпал жасаудың қандай да бір құралдарын таңдауға осы қатынастарда іске асырылатын атқарушы билік өзінің барлық айырықша ерекшеліктерімен шешуші әсер етеді. Бұл орайда ең маңыздысы мынада, қоғамдық қатынастардың ерекше түрін заң арқылы байланыстыру процесі пайда болады, осылардың шегінде бір тарап басқарушы рөлінде, ал екіншісі — басқарылушы рөлінде болады.

Соған сәйкес құқық құқықпен реттелетін қатынастарда басқарылатындардың еркінің бірыңғай басқарушы ерікке белгілі бір шамада бағынуы әрқашанда едәуір немесе шамалы деңгейде көрініс табады, оны білдіруші заңдық биліктік өкілеттіктер берілген атқарушы биліктің қандай да болмасын субъектісі болып табылады. Бұл объектінің бұлайша іс-әрекет етуінің себебі, ол мемлекет атынан өкілдік етеді және жариялы мүддені білдіреді. Осыдан бұл қатынастарда тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі де туындайды. Тараптары бір құқықтық дәрежеде болатын, мысалы, азаматтық-құқықтық мәмілелермен салыстырғанда, басқарушылық қатынастарда атқарушы билік субъектісінің ерік білдіруі басқарылатын тараптың ерік білдіруімен бірдей болуы мүмкін емес. Міне не себепті құқық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарды биліктік қатынастар деп жиі сипаттайды. Бұл формуланың ар жағында жасырын не бар? Ол басқарушылық қатынастар мәжбүрлеу құралдарының көмегімен реттеледі дегенді білдірмей ме? Әрине олай емес, сондықтан да құқықтық реттеудің сипаты мен тәсіліне тікелей әсер ететін ерекше шарттарын бөлу қажет.

Құқықтық реттеуге тұтастай алғанда нұсқама (өкім ету) мен тыйым неғұрлым тән. Бұл түсінікті де, өйткені реттелетін қогамдық қатынастардың міндетті түрдегі қатысушысы мемлекеттік өкілеттіктің ресми өкілі болып табылады. Оған жататын нұсқама нысанындағы өкім етушілік құқықтар көлемін іске асыру мүмкіндігі құқықпен тап соған берілген, олар екінші тарапқа міндетті болып табылады. Мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің басшысының бұйрығы өзі басқаратын қызметкерлер үшін міндетті, ал министрліктің нормативтік актісіне барлық адамдар мен ұйымдар өздерінің меншік нысанына қарамастан, егер олар осы министрлікке қарасты қызмет аясында жұмыс істейтін болса, бағынуға міндетті.

Бұл жағдай немен түсіндіріледі? Ең алдымен мынамен, қандай да болмасын атқарушы органға немесе лауазымды адамға тиісті заңдық биліктік өкілеттіктерді шындығында іске асыру белгілі болып отыр, ал бұл негізінен алғанда басқарушылар мен басқарылушылар арасындағы қарым-қатынастардың шарттық түрін болғызбайды. Мұны, мысалы, мынадай факт растайды, құқықтық реттеуді жүзеге асырғанда реттелетін қатынастың бір тарабының ерік білдіруіне жетекші рөл беріледі.

Құқық құқықпен реттелетін нақты басқарушылық қатынастарда тиісінше мынадай көрініс байқалады. Бір жағдайларда қатынастың қатысушысында, қандай да бір атқарушы органның өкілеттіктеріне ұқсас келетін (мысалы, осындай орган және азаматтың арасындағы қатынастарда) өкілеттіктері жалпы болмайды. Басқа жағдайларда бір тараптың заңдық биліктік өкілеттіктерінің көлемі мемлекеттік-басқарушылық қызмет субъектісінің рөлінде болатын органдікінен (лауазымды адамдыкінен) аз болады (мысалы, жоғары және төменгі тұрған атқарушы органдардың арасындағы қатынастарда). Мысалы, министрлікте оған қарасты мемлекеттік кәсіпорынның басшысынан өкім етушілік өкілеттіктерінің көлемі, әрине, көп. Ал бұл, өз кезегінде мынаны білдіреді, мемлекеттік басқару аясында реттеудің мынадай механизмі қалыптасады, ондағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, мемлекеттік емес құрылымдардың, т.с.с. мүдделеріне қатысты болатын заңдық акт (ерік білдіру) олардың өзара ерік білдіруінің (шарттың) нәтижесі болып табылмайды. Оны тек қана өкілетті атқарушы орган немесе лауазымды адам шығарады. Оларға құқық құқықтың нормаларына сәйкес, бұған дейін атап көрсетілгендей, құзырет беріледі, соның шегінде олар біржақты тәртіппен белгілі бір зандық міндетті шешімдер қабылдауға құқылы. Демек, бұл сияқты шешімдер органның (лауазымды адамның) қарауынша емес, құқықтық белгілеулердің (заң, заңға тәуелді кұқықтық норма) негізінде қабылданады. Сондықтан олар кімге жолданса, соған міндетті болады. Әрине, олар осы шешімдерді қабылдайтын атқарушы органның немесе лауазымды адамның өзіне де бірдей өлшемде міндетті. Басқарушылық қоғамдық қатынастағы тараптардың ең толық көрініс тапқан заңдық өзара қарым-қатынастары осындай. Шындығында, сипатталған реттеу механизмі мемлекеттік тәртіп пен заңдылық талаптарының мазмұнынан тікелей туындайды. Соларға сәйкес мемлекет басқарушылық тәжірибеде пайда болатын мәселелерді, олардың кімнің ынтасы бойынша туындауына қарамастан, біржақты тәртіппен, бірақ міндетті түрде заң мен заңдарға тәуелді құқықтық нормалардың негізінде шешуге өкілетті мемлекеттік басқару аясында ресмисаты (инстанция) белгілейді.

Бұл сияқты сатылардың қажеттігі түсінікті. Азамат, мысалы, қандай да бір құқық-басқарушылық қызметтердің заңсыз іс-әрекетіне өзінің шағымын өзі шеше алмайды. Сондықтан, ол бойынша заңды түрде міндетті болатын шешім қабылдауға кім ресми өкілетті екенін белгілеу керек; әйтпесе шағымды шешілген деп санауға болмайды. Шағым бойынша шешім азамат пен атқарушы органның арасындағы келісім тәртібімен емес, тек қана өкілетті органның алдын-ала заңмен немесе заңға тәуелді нормамен белгіленген өзінің биліктік құзыретін іске асыру ретінде қабылданады. Мысалы, бұл сияқты шағымдар бойынша шешімдерді кімнің іс-әрекеттеріне (құқықтық актілерін қоса) шағым жасалынса, соның жоғары тұрған органы (лауазымды адамы) қабылдайды деп белгіленген.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 905; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.032 сек.