Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кімшілік жаза 3 страница




Заңды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылық жасауы олардың ішкі және сыртқы шығармашылық істерін жүзеге асыруға құқылы заңды өкілдері жеке тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауымен түсіндіріледі.Заңды тұлғалардың әрекеттері арқылы ерік білдірулері,егерде әрекет етуге не әрекет етпеуге уәкілеті бар өкілдер,әсіресе,лауазымды тұлғалар атынан жүзеге асса,шынайы болып саналады.

ҚРӘтК-нің 1б.сәйкес «Осы тараудың Ерекше бөлімінде тікелей көзделген жағдайларда заңды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықта болуы тиіс».Бірақ Ерекше бөлімнің баптарында заңды тұлғалармен бірге лауазымды тұлғалар да көрсетілген.Бұл нормалардың мағынасы бойынша бір құқық бұзушылық үшін мекеме басқарушысы,лауазымды тұлға және заңды тұлғаның өкілдері ретінде жауаптылыққа тартылады.Бұл ҚРӘтК-тің 14б. сәйкес келмейді,бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жазаға тартуға болмайды.Ерекше бөлімнің санкциялары заңды тұлғалармен лауазымды тұлғаларға байланысты аз емес мөлшерлі айыппұл салынады.Айырмашылығы - лауазымды тұлға ретінде құқық бұзушы айыппұлды өз қалтасынан төлесе,заңды тұлға заңды тұлғаныңың есеп шотынан төлейді.

Бұл мәселені қарастырып отырған Ж.Рамазановтың ойынша,әкімшілік заңшығармашылық заңды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылықтарын ғана емес одан туындайтын зардапты да байланыстыру керек.Сонымен қатар заңды тұлғалардың жауптылығы келтірілген зардап,заңға қайшылық арасындағы себептік байланыс болған жағдайда туындауы тиіс.

ҚРӘтК-нің 34б жеке кәсіпкерлердің әкімшілік мен қазіргі кездегі мемлекеттің кіші кәсіпкерлікті қолдау саясаты сәйкес келмейді.Бұл баптың нормаларына сай жеке кәсіпкер бірдей құқық бұзушылық жасаған заңды тұлға,лауазымды тұлғамен бірдей жауаптылықта болады.Егер де Кодекс нормалары ведомстволық нормашығармашылық басымдылығын ескерсек,Ерекше бөлімде құқық құқық бұзушылықты қарастыратын заңға тәуелді актілер бар.Яғни формальді заңды негізде кәсіпкерлерді көптеген негіздер бойынша жауаптылыққа тартуға болады.

Сонымен қатар заңды тұлғалар әкімшілік істер бойынша қорғалу құқығында шектеледі.Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс оған қатынасты қорғаушысы немесе заңды өкілінің қатысуымен қарастырылады. ҚРӘтК-нің 2б сәйкес қорғаушысы ретінде адвокаттар,жұбайы,жақын адамдары немесе қоғамдық бірлестік мүшелерінің істерін қарастыратын профсоюз өкілдері қатыса алады.Ал ұйымға жауапты тәжірибелі штаттық заңгерлер жөнінде мүлдем сөз қозғалмайды.Штатта заңгерлер бола отырып,кодекс нормалары заңды тұлға басқарушыларын көп ақша төлеп,ақылы адвокаттарды жалдуаға мәжбүр етеді.

Қорытындылай келе,Батыс-Қазақстандық әкімшілік басқармасының бас маман заңгері Ж.Рамазановтың ойынша барлық жоғары көрсетілген нормалардың ҚРӘтК-не сәйкессіздігі ҚР Конституциясымен,ҚРӘтК-нің 8-27 баптарындағы қағидаларымен жедел түрде сәйкестендіруді талап етеді.Конституциялық Кеңеске Кодекстің нормаларының конституциялық еместігі мен туындайтын қиыншылықтарды қарастыру жөніндегі мәселені соттар да қозғауы керек.

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 72-бабына сейкес әкімшілік, құқық бузушылық жасаған кезде 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандар деп танылады.

ҚР-дағы кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалатын әкімшілік-құқық бұзушылықтың қазіргі кездегі белсенді динамикасы мемлекеттік органдар,қоғамдастықтармен өткізілетін алдын-алу және профилактикалық шараларының жеткіліксіз екендігі дәлелдейді.Бұндай пікір әр түрлі зерттеушілермен өткізілген социологиялық сауалнама нәтижесінде де айқындалған.Сондықтан мемлекет саясатының осы аспектіде қарастыратын аса мәнді саяси бағыты -әкімшілік жауаптылық қолдану қажеттігін белгілейтін сәйкес құқықпен реттеу арқылы жүзеге асатын қоғамдық қолсұғушылықтан азаматтар нақты қорғалуы керек.

Қолданыстағы тәжірибе жастар арасында құқық бұзушылықтың өсуін көрсетеді.Мысалға,статистикалық мәліметтер бойынша 1997-2000ж. «Павлодар қаласының кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық жағдайы жөніндегі»анықтамасына сәйкес 9045 кәмелетке толмағандардың,әсіресе көп тараған:спирт ішімдіктерін ішу,масан күйде қоғамдық жерлерде жүру,есірткі заттарды қолданып,сақтау секілді делинквенттері орын алған.

Заң бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары колданылуы мүмкін.

Айыппұл көмелетке толмаған адамның өндіріп алуға болатын дербес жалақысы немесе мүлкі болған кезде тағайындалады. Айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Кәмелетке толмағанның өндіріп алуға болатын дербес жалақысы немесе мүлкі болмаған жағдайда айыппұл жалпы негіздерде ата анасына немесе олардың орнындағы адамдарға санылады.

Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағанда 1-жылдан аспайтын мерзімде қолданылуы мүмкін[18].

Кәмелетке толмағандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 45 бабында көрсетілген әкімшілік жазалар (әкімшілік қамауға алуды қоспағанда), сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 57-баптарында аталған өкімшілік құқықтық ықпал ету шаралары және мынадай тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін:

1) заңды түсіндіру;

2) ата-аналарының немесе олардың орньшдағы адамдардың, не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

3) келтірген зиянды реттеіліру міндетін жіктеу;

4) бос уақытын шектеу жөне кәмелетке толмағанның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.

Зандарда тәрбиелік ықпал етудің өзге де шаралары козделуі мүмкін. Сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.

Занды түсіндіру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетімен келтірілген зиянды және әкімшілік кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсіндіруден тұрады.

Ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандырылғай мемлекетгік ортанға қадағалауға беру кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпал ету және оның мінез-қүлқына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді жүктеуден тұрады.

Келтірілген зиянды жөнге келтіру міндеті кәмелетке толмаған, адамның мүліктік жағдайы мен тиісті еңбек дағдыларының болуы ескеріле отырып жүктеледі.

Бос уақытын шектеу жөне кәмелетке толмаған адамның мінез-кұлкына ерекше талаптар белгілеу белгілі бір орындарға баруға, бос уақытын өткізудің белгілі бір нысандарын, оның ішінде көлік құралдарын пайдалануға, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерлерде болуға кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа тұру талабы да қойылуы мүмкін.

Кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату. Әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уөкілетті орган (лауазымды тұлға) оған зандарда көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкімшілік жауаптылықтан немесе тағайындалған әкімшілік жазагны орындаудан босатылуы мүмкін.

Әкімшілік кодекстің 69 бабында көзделген ескіру мерзімдерінің көмелетке толмағандарды әкімшілік жауаптылықтан немесе әкімшілік жазаны орындаудан босату кезінде жаптысы қысқартылады.

Өзіне әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданьлған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап алты айдың ішінде ұшырады деп есептеледі.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияларды жергілікті атқарушы органдар комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссияның жауапты хатшысы құрайды. Кәмелетке толмағаңдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясьның төрағасы мен жауапты хатшысы тиісті мемлекеттік органдар аппараттарының шарттарындағы қызметінде болады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру мен оның қызмет істеу тәртібі заңдарда белгіленеді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық комиссиялар кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құкық бұзушылық туралы істерді қарайды.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе,кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылық ұғымы уәкілді орган немесе лауазымды тұлғамен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған тұлғаға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу,өндеп алу шараларын қолданылатын жауаптылықтың ерекше заңи түрін білдіреді.Ол превентивті,альтернативті,шектеу не құқық қорғау функцияларының спецификасымен сипатталатын жауаптылық.

Келесі тұжырымға келуге болады:

*Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы болашақта ескерілуі үшін оның санасына әсер ету шаралары және әкімшілік құқық нормаларын бұзу профилактикасы болып табылады;

*Кәмелетке толмағанның жауаптылығы тек мемлекет ықыласымен ғана емес,оның жеке ықыласымен жүзеге асады.Яғни әкімшілік құқық бұзушылықты бірнеше рет қайталануы-соныңда қылмыс ретінде сараланатынын естен шығармау керек.

*Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы кәмелетке толмағандардың жеке құқықтық мүдделерін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың билік произволынан қорғайтын арнайы құқық механизмін қалыптастырады.

 

Шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы

Азаматтар - әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде қоғамдық қатынастарға нормативтік актілерде мазмұндалатын нақты құқықтар мен міндеттарге ие болады.

ҚР-да әкімшілік құқық субъектісі ретінде шетел және азаматтығы жоқ адамдар жатады.Бұл тұлғалар жалпы құқықтар,бостандықтармен қоса арнайы құқықтық мәртебеге ие.

ҚР-да тұрақты тұратындар не уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық қатынастары алуан түрлі.Ол – азаматтық-құқықтық қатынастар,бұл тұлғалардың еңбектік-құқықтық қатынастары,т.б.Аса маңызды топты шетел және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік нормаларының әрекет ету аясындағы құқықтық қатынастар құрайды.

Мемлекетімізде шетелжәне азаматтығы жоқ тұлғалардың нәсіліне,ұлтына,тіліне,әлеуметтік шығу тегіне,мүліктік және қызметтік жағдайына,дініне,қоғамдық бірлестіктің мүшелігіне,өзге де жағдайларға байланысты құқықтары шектелмейді.Ал шетел азаматтарының өз мемлекеттерінің заңдарында белгіленген әр түрлі шектеулер ҚР-ның территориясында танылып,қолданылмайды.

Шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалардың мемлекеттік басқару аясындағы міндеттері республикамызда шетел азаматтарына байланысты бекітілген құқықтық режимдерге негізделеді.

Бұл жерде ғалымдар арасында шетелдіктердің құқықтық режимдеріне байланысты пікірталастар туындайды.Қазіргі кезде шетелдіктердің құқықтық режиміне берілетін анықтаманың аса көп тараған түрі ол – шетелдіктердің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.Ғалым Л.Н Галенскаяның ойынша: «Шетел азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы-олардың құқықтық статусы болып табылады.»

Заң әдебиеттерінде халықаралық,конституциялық,әкімшілік құқықтар бойынша ұлттық,арнайы секілді режимдер білгіленген.Ұлттық режим жөнінде сөз қозғасақ,онда шетел және азаматты жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебелері өз азаматтарымен теңестіріледі.Бірақ,дегенмен шетел азаматтарының құқықтары еш уақытта мемлекет азаматтарымен тең бола алмайды,құқықтарының ауқымы азырақ.Әсіресе,конституциялық және әкімшілік құқық аяларында.

Шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік уәкілеттікке ие бола алмайды.Яғни оларға мемлекеттікбилік және қызмет функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік берілмейді.Бұл тұлғалар мемлекеттік органдардың техникалық персоналында жұмыс істеуге құқылы.Конституцияға сәйкес олар еңбекке қабілеттлігіне сәйкес мамандығы тандайды.Шетел азаматтары еркін еңбектерін әр түрлі жүзеге асырады: өз мемлекетткрінің дипломатиялық елшіліктерінде,мемлекетімізде құрылған кәсіптік филиалдарда,банктер мен өзге занды тұлғалар ретінде.ӘҚтК-тің 37бабының 1.1 тармағына сәйкес Шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық ббөлімшелері (филиалдары,өкілдіктері) ҚР-ның қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапқа тартылады.Сонымен қатар шетел азаматтарына мемлекеттік қорғаныс,республиканың маңызды әкономикалық мүдделеріне байланысты,табиғи ресурстарға тәуелсіз құқықтармен қамтамсаыз ету саларында шектеуліктер қойылады.

Шетелдік және азаматтыжоқ тұлғалар бірлестіктер құра алады және ҚР азаматтарымен құрылған бірлестіктерге еркін кіреді.Жеке,меншік,отбасы,өзге құқықтарын қорғауға мемлекеттік органдарға,сотқа арыздануға құқлы.

Жоғарыда айтылғандай,барлық шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР азаматтарымен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие.Сәйкес ҚР аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдіктер,шетелдік заңды тұлғалар,азаматтығы жоқ адамдар жалпы негізде әкімшілік жауаптылықта болады.ҚР континенттік қайраңында ҚР-ның егемендік құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады.Ал шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және қорғанышты пайдаланатын өзге щетелдіктер ҚР жасалған әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық жөнінденгі мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.

Ерекшелеп кететін жай,шетел азаматтарының берілген құқықтары мен бостандықтары және міндеттерін бұзғаны үшін қолданыланын әкімшілік жаза – Республика аумағынан әкімшілік жолмен кетіру болып табылады.Бұндай жазаларды қолдануға әсер ететін салдар:

*мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қорғау мүдделеріне қайшы әрекеттер жасау

*халықтың денсаулығын қорғауға қажетті деп танылса

*жадпыға бірдей міндеттілікті сақтамаса

*еңбек құқығының нормаларын бұзса және т.с.с.

 

Әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Әкімшілік өндеп алуды мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға жүзеге асыру барысында құқық бұзушының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғай отырып оның іс-әрекетінде әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.

Қарастырып отырған мән-жайлар құқық бұзушылықтың белгілері ретінде саналмайды және құқық бұзушылыққа сәйкесөндеп алушенгін- белгілегенде ешбір әсер етпеуі тиіс.Бұл мән-жайлар Кодекстегі бапқа немесе нормативтік актілерінің шегінде әкімшілік өндеп алудың нақты түрі мен мөлшерін анықтауға әсерін тигізеді.

Заңшығарушы жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілік дәрежесіне әсер етуін қарастырады.Сонымен құқық бұзушылық құрамынан тыс,бірақ құқық бұзушыға тікелей,не жанама түрде қатысты болатын және өндеп алуға ықпал ететін мән-жайлар - әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін не ауырлататын мән-жайлар болып табылады

ҚРӘтК-нің 61-62 баптарында әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар белгіленген.

Кінәлі адамның өкінуі- құқық бұзушылықты жасаған тұлғаның өз кінәсін түсініп,шын жүректен өкінуін білдіреді.Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өндірістің басты мақсаттарының бірі-құқық бұзушылықтың алдың алу,азаматтарда заңды бұзбау рухында тәрбиелеу.Мақсаттың жүзеге асуы құқық бұзушыларда өз кінәсін түсінуіне әкеледі.Өкіну фактісінің болу,құқық бұзушылықты жасағаны жөнінде айтуы,өз кінәсін өтегісі келуі- әкімшілік өндап алуды жеңілдетуіне әкеледі.

Кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптардың болдырмауы,залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиятды жою-әкімшілік құқық бұзушылықтың физикалық немесе моральдік зардаптарын толық,не жартылай жоюымен айқындалады.Яғни кінәлінің талап етулерін шынайы орындауы жауаптылықты жеңілдетеді.

Зиянның орның ерікті толтыруы материялды,моральді түрінде жүзеге асады.Кінәлі келтірілген зиянды ақшалай,жеке еңбегімен,белгілі бір затты сатып алу арқылы өтей алады.Ал моральді түрде орнын толтыру –ауызша,не жазбаша кешірім сұраумен жүзеге асады.

Ерекше ескерілетін жай заңда көрсетілген жағдайлар кейде мемлекеттік орган не лауазымды тұлғамен ауқымды немесе шектелген түрде талқыланады.Мысалы, «өздігінен зиянның орнын толтыруда»кінәлі оны өз ниеті бойынша,үшінші тұлғаның ықпалынсыз болуы тиіс және мемлекеттік орган оны толығымен,жартылай толтырғанын ескереді.

Әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау.Адам өмірінде өз іс әрекеттеріне ие болуын төмендететін әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін(жұмысынан айырылуы,отбасын қамтамасыз ете алмау,т.б).Бұндай жағдайларда тұлға өз іс әрекет,ойларын бақылай алмайды.Жеке отбасылық жағдайлардың тоғысуы(жақын адамның ауруы,қайтысболуы,ажырасу,баланы асырап алуға келісім бермеу) адамның теріс іс әрекеттеріне себеп болуын лауазымды тұлға ескеруі қажет.Осыған тән сипаттағы мән-жайларда адамгершілік қатынастар орын алады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы.Кәмелетке толмағандар өзінің өмірлік тәжірибесінің жетіспеушілігіне,өзге адамдарға еліктеуге тырысу нәтижесінде құқық бұзушылық жасайалады.Сондықтан кәмелетке толмағанға ересек адамдармен бірдей жаза қолдану керексіздігі күмән тудырмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы.Мемлекет пен қоғамның аналар,балаларды қорғауы бұл жағдайды жеңілдетеді.Жүкті әйелдерге ызашыл болуы,психикалық өзгерістер тән.мемлекеттік органның шешімдерінен ананың уайымдары болашақ баланың психикалық дамуына әсер етеді.

Бір жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге жауаптылық жеңілдетіледі.Әйелдің психикалық жағдайына баланың ауыруы,ұйқысыз түндерден кейінгі ананың шаршауы әсер етеді.

1994ж. Өзбекістан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде мемлекет тарабынан ата-ана құқықтарын барынша кепілденген. «14 ж.дейінгі баланы жалғыз тәрбиелейтін тұлға»әкімшілік құқық бұзушылық жасаса,ол жауаптылы жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі.Біріншіден,баланы тәрбиелейтін тұлғаның мүдделері қорғалады (міндетті түрде ол әйел болуы тиісті емес).Екіншіден, «жалғыз тәрбиелейтін»әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін топты ерекшелейді.Сонымен қатар ӨРӘҚтК-тің 31бабында жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға «әкімшілік құқық бұзушылықты қауіп төну барысында қызмет орнымен,материялдық не өзге тәуелдігіне байланысты мәжбүрлеу»жатады.Қазір Қазақстанда әр түрлі жеке меншік,жалданбалы нңбек түрі пайда болды.Заң ғылымының кандидаты А.С Дугенецтің байқауынша,мүмкін біздің де ӘК-ке жалдамалы жұмыскерлерге байланысты толықтырулар енгізілуі керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1133; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.037 сек.