Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекетті мойындау (тану)




Халықаралық құқықтық мойындау мәселесі жаңа мемлекеттің пайда болуымен байланысты. Танудың бұл түрі негізгі және ресми теориялар өкілдерінің арасында даулы талас тудырып тұр. Мемлекеттің халықаралық құқық субъектілігі халықаралық бірлестіктің басқа қатысушыларына тәуелді емес. Оның жақсы нұсқасы мынадай үлгіде болуы тиіс: жаңа мемлекеттің пайда болуы – жаңа жаңа субъектінің пайда болуы. Мұндай қарапайым арифметикалық формуланың салдары тану актісі болуы тиіс, себебі бұл мемлекеттер арасындағы өзара қатынастар үшін заң базасын жасайды.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының құрылу және даму тарихы тәжірибеде тану институтының теориялық ережелерінің қолданалатынына куә. Мәселен, біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасуының алғашқы жылдарында екі жақты және көпжақты негіздерде ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық базасы құрылды. Сыртқы саясаттың құқықтық негізін қалыптастырғаннан кейін ҚР шетелдердегі ұлттық мүдделерін қамтамасыз ететін болды. Оған елшіліктер, өкілдіктер, дипломатиялық миссиялар құру арқылы қол жеткізіледі. Қазақстан 1993 ж. аяғына таман халықаралық бірлестікте кеңінен таныла бастады. Оған ірі халықаралық ұйымдар қатарына мүше болу, әлем мемлекетерімен дипломатиялық қатынастар орнату дәлел бола алады.

Жаңа үкіметтерді тану. Мемлекетті таныған кезде үкіметтің де танылатыны мәлім. Бірақ халықаралық құқықта үкіметті тану туралы мәселе үкіметтің билікке конституциялық емес жолмен келген жағдайларында жиі қойылады. Жаңа үкіметті тану өлшемі жаңа мемлекеттерді тану өлшемдерінен басқашалау. Ондай өлшемге үкіметтің тиімділігі жатқызылады, яғни ол үкіметтің мемлекеттің барлық немесе көпшілік аумағында билік жүргізе алуы және халықтың негізгі бөлігі үкіметтің саясатын қолдай ма деген мәселе. Бұрын халықаралық құқықта үкімет заңдылығы деген өлшем кең таралған болатын. Бірақ бұл өлшемді осы заманғы халықаралық құқық қол сұқпаушылық қағидасына қайшы келеді деп алып тастады. БҰҰ үкіметті тану туралы мәселелер Чанкайши немесе Қытай үкіметіне қатысты; Пиночет немесе С. Альенде үкіметтерін мойындау; Ауғанстан үкіметін немесе тәлибтер үкіметін мойындауға қатысты шешілген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде эмигранттық үкіметін тану немесе қудалаудағы үкіметтерді мойындау тәжірибесі кең таралған еді.

Тану кезінде халықаралық конференцияға жаңа мемлекеттің немесе жаңа үкіметтің қатысуы міндетті емес. Халықаралық ұйымдарда өкілдік және үкіметті тану мәселелері халықаралық құқықтың екі дербес институттары. Оның айырмашылығы мынада; халықаралық ұйымға өкілдік туралы мәселеде ұйымның өзі шешім қабылдайды және ол оны тануға байланысты емес және оған негізделмейді. Ал жаңа үкіметтерді тану жеке мемлекеттердің ерекше құзыреттеріне жатады. Егер халықаралық ұйым жаңа үкіметтің өкілдігі туралы оң шешім қабылдаса, ол аталған үкіметті халықаралық ұйымның мүшелері міндетті түрде таниды деген сөз емес.

Қарсыласу органдарын тану, ұлт-азаттық қозғалыстарын, олардың органдары түрінде тану, соғусушы жақтың мәртебесін тану.

Қарсыласу органдарын тану мәселелері екінші дүниежүзілік соғыс тарихынан белгілі. Олар халықаралық құқықтың жалпыға танылған субъектісі деп есептелетін мемлекеттердің ішінде құрылды. Танудың мұндай түрінің тәжірибесі оларды үкіметтің де тануына жатқызбайтын. Ол көбіне билікті тану түрінде қарастырылды. Югослованияның ұлттық азаттық комитеті (1941-1943 жж.), “Шайқасушы Франция” (осы жылдары) қарсыласу органдары ретінде танылған болатын.

Ұлт-азаттық қозғалыстарынтану ұлт-азаттық революция барысында пайда болды. Танудың мұндай түрінің болуы өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтардың құқық субъектілігін растайды. Танудың мұндай түрінің үлгі мысалы ретінде Палистинаны азат ету ұйымы - ПАҰ, Оңтүстік-Батыс Африканың Халықтық ұйымы –СВАПО-ны айтуға болады.

3. Халықаралық құқықмирасқорлық институты

Құқықмирасқорлық - бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің белгілі бір оқиғалар мен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші субъектіге өтуі. Халықаралық құқықта қарастырылып отырған институт азаматтық құқықтағы құқықмирасқорлықтан өзгешерек екені сөзсіз. Мұндай айырмашылықтардың болуы халықаралық құқықтың ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, субъектілік құрам, құқықтар мен міндеттер көлемі, құқықмирасқорлық мәселелерін құқықтық реттеу сияқты болып келеді.

Халықаралық құқық тарихында екі диеметриалдық қарама-қайшы теориялар белгілі. Әмбебап құқықмирасқорлық теориясы 17-19 ғасырларда пайда болған. Бұл теорияның мәні субъект-мирасқордыңбарлық құқықтар мен міндеттерді толық көлемде мұраға алуынан көрінеді. Бұл теорияны Г.Гроций енгізген болатын. Ал келеңсіз теория ХХ ғасырдың басында пайда болды. Оның өкілі А.Кейтс болды, ол халықаралық құқықтың жаңа субъектісінің бұрынғы субъектісіне ешқандай қатысы жоқ деп есептейді. Осы теорияның бірқатар жүйесі де болды. Ол: tabula rasa теориясы – “таза тап теориясы” мен “мінсіз бедел теориясы” еді. Құқықмирасқорлықтың қазіргі жағдайында қарастырылып отырған теориялардың бірде-бірі дәлел таппай отыр.

Халықаралық бірлестік 1961 ж. осы институтты жүйелеу әрекетін жасап көрді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1961 ж. 18 желтоқсандағы 1686 қарары құқықмирасқорлық туралы мәселені бірінші кезектегі тізімге енгізді. Құқықмирасқорлықтың негізгі мәселелері әмбебап және аумақтық көпжақты шарттармен реттеледі: 1971ж. 23 тамызындағы мемлекеттердің шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы туралы Вена Конвенциясы, 1983 ж. 8 сәуіріндегі мемлекеттік меншік, мемлекеттік мұрағат және мемлекеттік қарыздарға қатысты мирасқорлық жөніндегі Вена Конвенциясы, КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен мұрағаттарының мирасқорлығы туралы 1991 ж. 4 желтоқсандағы шарт. КСРО таратылып, тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін, ТМД құқықмирасқорлық институтына қатысы бар мынадай шарттарға қол қойды:

- ТМД мемлекет басшыларының “Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі меншігі туралы” 1991 ж. 30 желтоқсандағы Келісімі.

- КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен активтеріне қатысты құқықмирасқорлық туралы шартын толықтыру жөніндегі 1993 ж. 13 наурыздағы Келісімі.

- Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі барлық меншігін бөлу жөніндегі 1992 ж. 6 шілдегі Келісімі.

- Бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік мұрағаттарына қатысты құқықмирасқорлық туралы 1992 ж. 6 шілдегі Келісімі.

- Бұрынғы КСРО-ның шарттарына қатысты өзара мүдделерді көрсететін құқықмирасқорлық мәселелері жөнінде өзара түсінісу туралы Меморандум.

- Құқықтардыөзара мойындау және меншік қатынастарын реттеу туралы 1992 ж. 9 қазандағы Келісім

- Бұрынғы КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен архивтеріне қатысты құқықмирасқорлық мәселелерін реттеу жөнінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 ж. 6 қыркүйектегі Келісім және басқалары.

Халықаралық құқықта мемлекеттердің құқықмирасқорлығы туралы мәселелері мынадай жағдайларда туындайды: а) әлеуметтік революцияларда; б) отарладан мемлекеттедің құрылуы кезінде; в) мемлекеттердің бір бөлігінің бөлек шығуы;г) мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа мемлекетке өтуі кезінде.

А) Әлеуметтік революциялар кезінде.

Мұндай тарихи мән жайлар кезінде құқықмирасқорлық мағынасы әлеуметтік революциялар нәтижесінде пайда болған жаңа мемлекетке бұрынғы мемлекеттің бірқатар халықаралық құқықтары мен міндеттерінің өтеуімен түсіндіріледі. Мұндай құқықмирасқорлыққа мысал ретінде 18 ғ. Аяғындағы Ұлы француз революциясын,1917 ж. Ұлы Қазан социалистік революциясын айтып өтуге болады. Әлеуметтік революциялар кезіндегі құқықмирасқорлық мынадай мәселелерді қозғайды:

- Аумақтық - жаңа мемлекет бұрынғы мемлекеттің аумағында қалады;

- Халыққа қатысты мәселелер – мемлекеттің қол астындағы бұрынғы азаматтар жаңа мемлекеттің азаматтары болып қалады; ал шетелдегі адамдар мұндай жағдайда өздері туралы хабарлауы тиіс;

- Шарттық міндеттемелер – жаңа мемлекет, әдетте бұрынғы әділетсіз шарттар жүйесін қайта қарайды;

- Меншік мәселелері – бұрынғы мемлекеттің активтері мен пассивтері жаңа мемлекетке берілуі тиіс;

- Халықаралық ұйымдарға мүшелік мәселелері - әлеуметтік революциялар халықаралық ұйымдардағы мүшелікке әсер етпейді – мысалы, Куба бұрынғыдай БҰҰ-ның мүшесі болып қала берді.

Б) Мемлекеттердің отарлардан бірігуі кезінде.

- Жаңа мемлекет бұрынғы отар аумағында қалыптасады

- Шарттық міндеттемелердің, әдетте, кейбір ескертпелері болады. Бұрынғы метрополийлардың (отарлап, билеуші мемлекеттердің) халықаралық міндеттемелерді өздеріне толық көлемде ала алмауына байланысты. Мысалы, Танганьика мемлекетті 1961 ж., ал Уганда 1962 ж. БҰҰ бас хатшысына екі жыл көлемінде бұрынғы метрополиялардың шарттарын іс жүзіндегі шарттар жүйесі деп есептеп келгендері туралы хабарлайды. Осы кезен ішінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер шарттық негіздердің тиімділігі мен қажеттілігін айқындаған болып шығады.

В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде

- Аумақтық ұмтылыстар шарттық тәртіпте келісіледі;

- Халыққа таңдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылу құқығы беріледі;

- Меншік мәселелері шарттық тәртіпте шешіліді;

- Мүшелікке өту мәселелеріәр нақты жағдайдажеке дара шешіледі. Мысалы,1963 ж. Малайзия Федерациясы құрылды (Малайзия, Сингапур, Солтүстік Борнео, Саравак Федерациясы). 1965 ж. Сингапур Малайзия Федерациясының құрамынан бөлек шығып, БҰҰқұрамына дербес мемлекет ретінде қабылданды.

Г) Мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа бір мемлекетке өтуі кезінде

- Аумақтық ұмтылыстар шарттық тәртіпте келісіледі;

- Халыққа таңдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылу құқығы беріледі;

- Меншік мәселелері шарттық тәртіпте шешіліді;

- Мүшелікке өту мәселелері әр нақты жағдайда жеке дара шешіледі.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру кезіндегі құқықмирасқорлық мәселелер.

КСРО-ның бұрынғы субъектілері – мемлекеттер - өздерінің арасындағы бұрынғы барлық қатынастарды түбегейлі қайта қарау керек деп шешті. Ең алдымен, ТМД-ға мүше –мемлекеттер үшін КСРО-ның халықаралық құқық субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатқаны аян болды. Соған байланысты, халықаралық құқықтың жаңа субъектілерінде де,сондай-ақ мирасқор-мемлекет Ресей Федерациясында да көптеген проблемаларды жеделдете реттеу қажеттілігі туралы мәселелері пайда болды.

ТМД-ның барлық мүше-мемлекеттері өздерінің құрылтай құжаттарында сыртқы саясаттың іс жүзіндегі мәселелерін жүзеге асыру үшін тиісті шарт-жағдайлар қалыптастыру туралы жариялап, бұрынғы Одақтың мүліктерінен тиісті, бекітілген әділ үлестеріне ТМД-ның әрбір мүше-мемлекетінің иелену, пайдалану, билік ету құқығын бекітіп жатты. ТМД- ның барлық мүшелері халықаралық шарттардың мемлекеттер арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту ісіндегі рөлі туралы мәселені шешуге ортақ мәмілемен келу қажеттілігі жөнінде мәлімдеді.

1991 ж. 8 желтоқсандағы ТМД-ны құру туралы келісімде, 1991 ж. 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясында, 1993 ж. 22 қантардағы ТМД жарғысында жалпы экономикалық кеңісткті, жалпы еуропалық және еуразиялық нарықты қалыптастыру және дамыту; жұрт таныған нормалар мен халықаралық құқық қағидалары негізінде демократиялық құқықтық мемлекеттер құруға ұмтылу; ТМД мүше –мемлекеттерінің азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралақ келісімді сақта жауапкершілігін сезіну мәселелерінде ынтымақтастықтың жолын қуу бірнеше мәрте бекітілді.

ТМД аясында құқықмирасқорлықты жүзеге асыру ТМД-ға мүше-мемлекеттердің мүдделерін, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен қатынастарын келістіру үшін уақыт талап ететін күрделі процесс.

4.Халықаралық құқықтың нормалары.

Халықаралық жария құқықтың қайнар көздеріне талдау жасамас бұрын, норма жасау проблемасымен танысып алғанымыз дұрыс. Норма жасау процесі кезінде құқық субъектілері өз қызметінің басым бағыттарын, яғни тұтастай алғанда халықаралық құқықтың мәнін анықтайды.

Латын тілінен аударғанда норма (латынша “norma”) – заңдастырылған міндет, міндетті деп танылған тәртіп, құрылыс. Кейбір құқықтық нормалардың мазмұны мен іс қимыл тетігі құқықтық нормаларына емес, халықаралық сыйласымдық, имандылық нормаларына ұқсас. Соңғылары заң жүзінде міндетті деп есептелмейді, бірақ халықаралық теңіз құқығы мен халықаралық дипломатиялық құқық онсыз өмір сүре алмайды. Мысалға, оның теңізде кемелердің бір-біріне салют беруін, дипломатиялық салтанаттарды алайық.

Халықаралық сыйластық деп, мемлекеттердің өз еріктерімен бір-бірін ерекше құрмет тутуын, тату көршілік, қонақ жайлық актілерін айтады. Бірақ халықаралық сыйластықтың қайсы бір ережелері халықаралық құқықтық ынтымақтастыққа қатысушылар үшін заң жүзінде міндетті болуы да мүмкін. Ол халықаралық келісім шарттарда (құқықтық келісімдік нормалары), халықаралық салт-дәстүрге де бекітілуі мүмкін (құқықтық әдеттегі нысаны).

Халықаралық құқықтық нормалар ұлттық-құқықтық нормалармен тығызбайланысты, осы тезистің дәлелдеуі бойынша өзара ықпал ету процесі болып табылады.

Халықаралық құқықтық нормалар – халықаралық жалпы құқық субъектілерінің белгілі бір мінез-құлықтары.

Ондай нормаларға мыналар тән:

Біріншіден, халықаралық құқық субъектілері арасындағы қатынастарды реттеу;

Екіншіден, міндеттемелік сипаты, яғни, құқықтық нормалардың өз міндеттемелік күші болмағандықтан, құқықтық норманың заң күшіндегі күші;

Үшіншіден, жалпы сипат – яғни, норманың ықпалы көптеген жағдайларға есептелген.

Халықаралық құқықтық нормалардың көбейюі оларды жіктеу қажеттілігін тұдырады. Соңғыларды шартты және әдеттегі нормалар деп екіге бөлу неғұрлым көбірек тараған. Бірақ бұл құбылыстың күрделігіне және көптармақтылығына байланысты, басқа да маңызды шарттарды назарға алу қажеттігі туады.

Іс қимыл саласы бойынша - әмбебаптық, аймақтық деп болінеді.

Әмбепап нормалардың болуы халықаралық нормалар арқылы қамтамасыз етіледі, онда соңғылар көпшілік таныған халықаралыққұқық нормалары деп аталады. Әмбепап нормалар БҰҰ Жарғысында, 1970 жылғы халықаралық құқықтар принциптер туралы Декларациясында, БҰҰ Бас Ассамблеясы қарарларының көпшілігінде орын алған, олар заң күшіне енгеннен кейін, мемлекеттердің көпшілігі оны халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары ретінде қабал алады.

 

Тақырып 3. Халықаралық құқық принциптері

1. Халықаралық құқықтың негізгі принциптерінің түсінігі

2. Халықаралық құқық принциптерінің жіктелуі

3. Егеменді тепе-теңдік принципі




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 3715; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.