Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ташкентпенен болды да компания 3 страница




 

Білімді жақсы азайып,

Замана қалды «тұл» болып[246].

 

Қазақтың жерлеу ғұрпынан елеулі орын алатын, марқұмның өлген күнінен бастап жылына дейін созылатын міндетті салт – сөзбен жоқтап, жылау. Бұл жерленгенге дейін де, жерлеуден кейінгі азалау рәсімдерінде де (үші, жетісі, қырқы, жылы) үзілмеген.

Марқұмға қатысты атқарылатын түрлі рәсімдердің мән-мазмұнына сәйкес жоқтаудың да сипаты өзгеріп отырады. Мәселен, өлім хабары белгілі болып, жерленгенге дейінгі аралықтағы жоқтаудың мәні марқұммен сөйлесу, өзара қайғы-шер бөлісу сипатындағы дауыс салу, дауыс шығару деген ұғымдарды білдіреді. Бұл – арнайы жоқтау айтылғанға дейін әртүрлі дәрежедегі шер шығару үлгілерінен хабар береді. Яғни сөзбен жылаудың ең алғашқы бастауы – осы дауыста жатыр. Ол, ең алдымен, адам эмоциясының сыртқа шыққан ең алғашқы формасы болса, оның сөзбен толығуы – жылау өлеңдерін, дами келе жоқтауды туғызған.

Дауыс шығару үлгілері негізінен қысқа-қысқа ой түйіндерді, қайғының ауыр салмағын танытатын үзік-үзік ой-сезімдерді бейнелейді және ғұрыптық рәсімдерге қатысты туындайды да, көркем жоқтаудың бастауы болып табылады. Себебі «Шер өлеңі өлгенше ұзақ болмайды, шер мен қайғы үстінде кісі ұзақ сөйлесіп тұруға әлсіз болады. Сондықтан шын қайғы қысқа сөзбен көп мағынаны тізіп, тиімді қып айтады»[247]. Бұрын азалы үйге көңіл айта келген әрбір адам қатты айғайлап, жылап келуі міндет болған. Оның мәні: марқұмның тірілердің даусын естиді деген көне түсінікпен байланысты (сүйекті шығарғандағы және көміп келгендегі айғайдың мәні де осымен өзектес).

Сондықтан да айтылатын сөздің мағынасы өлген адаммен туыстық қатынасына байланысты көрінеді (атекем, апекем, бауырым, т.б.). Есік алдындағы адамдармен көріскен соң үйге кіріп, көңіл айтушы топпен азалы топ шулап жылап, мұң-шерін шығарады. Бұл Құран оқылғанша созылады да, дауыс қарқыны біртіндеп бәсеңдеп, соңы екі жақтың да марқұмды жоқтаған сарынына ұласады.

Марқұмды бірге жоқтап, жыласудың негізі көне рулық замандардан бастау алып, сарқыншағы бүгінгі күнге дейін жеткен.

Дауыс айту, жылау өлеңдерінің көркемдігі кемел болуы шарт емес. Онда бұрынғы айтылғандарды қайталау, ұқсас жағдайларды өзгертіп қолдану орын ала береді. Ал жоқтау бір адамға ғана арнайы шығарылып, бір-ақ рет орындалады. Дауыс салу, дауыс айтуда марқұм рухымен тілдесу сарыны басты мән иеленеді. Мәселен: күйеуі өлген әйел жарының рухына қарата отырып, өз мұң-шерін төгеді.

 

Артыңдағы балаларды

Кімге де кеттің, аллау, тапсырып?[248]

 

деп, келіп отырған әрбір туған-туысты да өлеңге қосады:

 

Туыстарың келіп отыр қасыңа,

Басыңды бір көтерсейші, бас ием![249]

 

 

Басыңды көтер, жан анам,

Балаларың жетті сағынып[250].

 

Немесе марқұмның қате-кемшілігіне жоғарғы күштерден кешірім тілейді.

Қатеңді, қарғам, кешірер,

Бір Алла өзі бар болса[251].

 

Және жиналған көпшілік назарын өзіне бұрып, қайғысына ортақтастырады. Олардың әрқайсысына қарата сөйлеу арқылы қайғы салмағын көпке де сезіндіреді.

 

Өңшең елдің билері,

Келдің бе бізді сүйеуге.

 

Келдіңдер бізді көруге,

Шашы ағарған шешелер

Жиылып келдің қалмастан

Көкемнің қатар жеңгесі

Тәңірі басқа салған соң,

Пенденің жоқ тұр көнбесі[252].

 

Бұл сарындардың бәрі арнайы орындалатын жоқтауларда кеңейіп, көркемденіп ұлғаяды. Ежелден келе жатқан сарындарды пайдалана отырып, өз жанынан өлең шығару қазақ әйеліне міндет саналған. Шығарып қана қоймай, оны жұрт алдында орындауы тиіс болған.

 

Жиналып келген, ел-жұртым,

Салайын қысым тіл-жаққа

Тағдыр солай бұйырды,

Бізді осындай қылмаққа[253].

 

Көп жоқтаудың өз бетінше шығарылған сарыны, даусы болады. Ескі әдет бойынша ертеңді-кеш сол сарынға жоқтау өлеңді қосып, дауыс қылады.

Марқұм жерленіп болған соңғы жылаудың аясы кеңейіп, көркемделе бастайды. Бұрын арнайы жоқтатып, арнайы тыңдалғандықтан жоқтауға ерекше мән берілген. Мұнда қайғы үстіндегі ауыр күйзелістен гөрі, тоқтам, мойынұсыну, көндігу басым бола бастайды.

Көркем жоқтаулардың сюжетін құрайтын негізгі сарындарды былайша топтастыруға болады: марқұмды арғы ата-бабасынан таратып, тізбектей жырлау; өлімнің себебін суреттеу; тірілердің қайғы-қасіретін суреттеу; ұрпағына үміт арту немесе тоқтам, тәубе ету сарыны.

Тоқтам, тәубе ету сарыны – жоқтаудағы сезім-күйдің, қайғы-қасіреттің, арман-аңсардың түйінделер тұсы. Ішкі шерін шығарып, жоғалтқанын жоқтаған адам өмірден таяныш, тірек іздейді. «Өлгеннің артынан өлмек жоқ», олай болса, тіріге тіршілік қажет. Ол тіршіліктің тіреуі, мәні боларлық нәрсе бар ма? Жоқтау қайғылы жандарға соны демеу етеді.

Жылы толғанша таңертең ерте және күн батарда әрі көңіл айта келгендерге қаратыла айтылатын жоқтау сарынымен арнайы орындалатын жоқтаулардың композициялық құрылымы, көркемдік кестесі әрқилы болып келеді. Сондай-ақ жыл аралығындағы атқарылатын кәделер үстінде айтылатын сөз бен жылау үлгілерінің жылында және асында айтылатын жоқтаулардан үлкен айырмашылығы бар. Көшкенде де қаралы үйдің көші ең алдында жүріп отырған, жолай ауыл кездессе, жақындағанда зарлы дауыспен жылап, жоқтаған. Мұндай жағдайда жолай кездескен ауылдың қаралы көшті тоқтатып, күтіп, басу айтып, ас-су ішкізіп, аттандыруы парыз саналған.

Халық дәстүрі бойынша айттырылып, қалыңмалы төленген, бірақ әлі ұзатылмаған қыздың кенеттен жігіті қайтыс болса, қыз күйеу ауылына көшіріліп, жылына дейін аза тұтып, сонан соң әмеңгерлік салт бойынша қайын жұртында қалдырылған. Мұндай жағдайда туған жоқтау «ақтай жоқтау» деп аталып, мазмұнында да өзгешелік болады.

 

Отауың келді, өзің жоқ,

Неге ермедің көшіңе?

Қурап қалған ақ үйдің,

Қуанайын несіне?

Немесе:

Келінің келді үй тігіп,

Боздағым, неге келмейді?[254].

 

Қазақ халқының қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарған Қазыбекті, Жәңгірді, Кенесарыны, Наурызбайды жоқтауларда – әлеуметтік сарын басты мән иеленеді. Таптық теңсіздік бітістіріліп, олардың «жаяулыға – ат, жалаңашқа тон» болған іс-әрекеті баса көрсетіледі. Яғни жоқтаудың ел басындағы елеулі оқиғаларға қатыстылығы аса маңызды арналы мәселе. Аза өлеңдерінің жоқтау дәрежесіне көтерілуі үшін оның кейіпкерінің (марқұмның) тіршілігінде халқына қалаулы, еліне елеулі қасиеті болу керек. Егер ондай болмаса қанша көркем дәріптелгенмен, заманнан-заманға жетпеген болар еді. Орақтың, Абылайдың, Кенесарының тұсында өзге де тұлғалар өмір сүрді, өлді, олар туралы жоқтау айтылды. Ал бұлар жайлы жоқтаудың бізге жету себебі – кейіпкерлер қасиетінің (батырлық, хандық) ел басындағы елеулі оқиғалармен сабақтастығы.

Ортақ сарындар көркемдік әдіс ретінде жұмсалғанымен, әрбір адамға шығарылатын жоқтау тыңнан толғанады. Өйткені, «басқа біреудің айтқан жоқтауын айту, жаттама өлеңді айту – қазақ ұғынысына мін»[255].

Қазақ халқының жерлеу ғұрпында күні бүгінге дейін марқұмды рулық зираттарда жерлеу дәстүрі кездеседі. Ол жер үстіндегі заңдылық жер астында да қайталанады деген көне түсінікке сәйкес, туыстардың бір-біріне жақын жерленуінің жалғасы. Осы дүниені о дүниемен теңестіру, қайтыс болған адамның бұрынғы дүниеден өткендерге барып қосылып, мәңгілік мекенде бірігіп өмір сүруі жайлы ұғымдар көптеген халықтарға ортақ. Марқұмды өлген туыстарына кетті деп сенудің сілемдері жерлеу фольклорының мазмұнындағы негізгі сарынды құрайды:

 

Өз еркімен кетіп пе,

Шақыртқан шығар бабасы[256].

 

Үмбетай атам, Жәнібек

Бабалардың рухы

Болар ма екен қауышқан[257].

 

О дүниелік өмір жайлы сенім ислам дінінде Алланың иелігі, пайғамбарлардың шапағаты тиетін орын дейтін түсінікке ұласқан. Бұл марқұмды Алла мен пайғамбарға тапсыру арқылы сипатталады.

 

Рухың барып, жолдас боп,

Пайғамбарға қосылғай[258].

 

Тапсырдым қайран анамды,

Жарылқа өзің, бір Аллам[259].

 

Көне замандардан желісі үзілмей, исламдық ұғымға дейін жалғасып, бірақ түрленіп, өзгеріске түскен сенім – марқұмның өлілер еліне сапар шегуі. Ол бірте-бірте күрделенген. Оның бірі көне ұғым болса[260], екіншісі мұсылмандық түсініктегі ақыреттен кейінгі жұмаққа баратын жол.

О дүниелік ұғымдар әуелгіде аспан, жер, батыс, солтүстік, т.б. бағыт-бағдар түрінде көрінсе, біртіндеп күрделеніп, нақтылана түскен.

 

Қарағым сапар шеккен соң,

Басыңа молда күңіренттім[261].

Құдай салды, мен көндім,

Бұл сапарды ұнаттың[262].

 

Жерлеу ғұрпында о дүние өмір сүрудің өзгеше формасы ретінде түсініліп, марқұм жаңа мекенге, бейтаныс өлкеге сапар шегуші ретінде көрсетіледі. Оның жолының түпкі мақсаты – бұрынғы өткен ата-бабалар еліне жету, сөйтіп, өзінің мәңгілік мекеніне орнығу. Мәңгілік мекенінің нақтылы сипаты берілмейді, ол көне табу ұғымдарымен байланысты.

Демек, исламға дейінгі о дүние туралы ұғымдарда біркелкілік жоқ, онда бір-біріне қайшы келіп жататын көптеген көзқарастардың тоғысы байқалады.

Өмірден өткендердің тірілерді желеп-жебеп, көмектесуі, қысылғанда сүйеп қолдауы көне діни сенім – ата-бабалар «аруағының кереметтігіне» табынуға байланысты туған. «Өлі жебемей, тірі байымайды» деген мақал да исламнан бұрынғы көзқарасты білдіреді. Себебі мұсылман дінінде бір Алла ғана игілік әкелуші, дүниені жаратушы. Адам бұл дүниеде белгілі бір уақытта сынақта жүреді де, Алла әмірімен өлім арқылы кері қайтарылады. Бұл «Өзге – өтірік, өлім – шын», «Тумақ – сүндет, өлмек – хақ» дейтін тұжырымдармен түсіндіріліп, санаға сіңдіріледі.

 

Бізден бұрын өткендер,

Бұл дүниеден кеткендер.

Уақыт жетіп өлгендер,

Жер қабырға кіргендер.

Таба алмаған өлімге,

Ешбір ислам хайласын[263].

 

Мұсылмандық түсінікте әр нәрсенің өмір сүру мерзімі, жан тапсыру уақыты, оның себебі Алла тағала қалауына сай белгіленеді. Бұл жөнінде Құранда айтылған[264].

Әр пенденің жан тапсыруы қылған амалына лайық болады:

 

Жеткізбей жанды алмайды

Шернеуде жазған сызыққа[265].

 

Лауху менен Махпузда

Ғұмырын жазған бір Құдай[266].

 

Бұл жөнінде Құранда: «Ол сондай, Алла ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы әрекет ететініңді сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан», – деп жазылған[267].

Мұсылмандық сенім бойынша жан адам баласына Алланың уақытша берген аманаты, мерзімі келгенде қайтарылып алынады:

 

Он сегіз мың ғаламда

Мақұлық жоқ өлмейтін.

 

Өлшеулі өмір біткен соң,

Аманатын бермейтін[268].

 

Мұсылмандық тұжырым бойынша: барша жәндікті, дүниені жаратқан Алла өлімді де жаратқан. Одан басқа жарататын да, өлтіретін де жоқ. Адамтке көшуі деген сөз. Ал қабыр осы дүниеден ақыретке өтудің өткелі, сынақ дүние мен ақырет арасындағы әлем.

Өлген кісіге алғашқы сауал қабырда қойылып: «Құдайың кім? Пайғамбарың кім? Дінің не?» – деп сұралады да, сауалға мұсылмандық тұрғыда жауап берген адтке көшуі деген сөз. Ал қабыр осы дүниеден ақыретке өтудің өткелі, сынақ дүние мен ақырет арасындағы әлем.

Өлген кісіге алғашқы сауал қабырда қойылып: «Құдайың кім? Пайғамбарың кім? Дінің не?» –䀠舚舚ȟ耐舠ɘȠ舘ȝȘ舚ȥȚȘ耐Ƞ舘ȡ舘舝ɉȘ舞艘舠舥ȝȞ舘Ȟ舚舥ɍ舡ɘ舠艉ȥȚȘț舘ȡ舘ȟ耐舘Ț舠舙舚ȞȘ舚амның қабірі көз жетерліктей дәрежеде кеңіп, марқұм болашақта жұмаққа баратын жолға бағыт алады. Сонымен бірге жауап бере алмағандар үшін тозақ отының азапты шарпуы да осы кезден бастап сезіледі.

Өлік қойылған түнде үзбей Құран сүрелерін оқудың негізгі мақсаты да – осы сұрақ алынып жатқанда марқұмға демеу көрсету, күнәсін кешуге тілек тілеп, жаратушыға жалбарыну.

Құранда баяндалатын[270] адам баласының жасаған жамандық пен жақсылығының таразылар күні барлығы бір Аллаға сеніп, шектеулерінен тыйылып, дұрыс жолда жүргендердің осы күні Алладан сыйлық алып, сенбегендері жазаланатындығы жайындағы түсініктер жерлеу фольклорындағы негізгі сарынның бірін құрайды.

 

Жеңіл де болсын сұрағың,

Әулие, пірлер медет қып,

Бейіште болсын тұрағың[271].

 

Сондай-ақ исламдық түсінікте – өлген соң тірілетін адамдардың жиналатын жері мақшар деп аталып, пайғамбарлардан бастап, барлық адам баласынан сұрақ алынып, жауапқа тартылатындығы жөнінде уағыздалады.

Бұл жайында Құранда: «Адамның жақсылығы мен жамандығы Алла білетін таразыда өлшенеді». «Сол күнгі іс-әрекет өлшенетін таразы әділ...»[272] – деп көрсетілген.

Мақшар күні жолығып,

Ғаріп көңілім тынар ма.

Есіткен жан, бата қыл,

Құран оқып бұларға[273].

Қиямет мақшар болғанда,

Көрсетсін Алла жүзіңді[274].

 

Сондай-ақ адал мұсылмандар ақыретте Алланы көру бақытына жетеді делінеді. Құранда: «Сол күн келгенде жарқ-жұрқ етіп жарқырайтын жүздер бар, (олар) жаратушыларына қарайды (оны көреді)», – деп бұйырылған.

 

«Бір Құдайдың дидарын

Сен көрмесең, кім көрер?»[275].

 

Көне заманғы марқұмның басқа дүниеге сапары мұсылмандық ұғымдағы жұмаққа жетудің өткелі ретінде көрінеді. Жұмаққа баратын жол қылкөпір арқылы өтеді. Ол – «қылдан да жіңішке, қылыштан өткір көпір» түрінде сипатталады. Барлық адам одан өтеді, ол әркімнің тіршіліктегі әрекетіне қарай не кеңейеді, не тарылады[276].

Қылкөпір ұғымының ғұрыптық мәтіндердегі сәулесі:

 

Дүниені жаратты

Пайғамбардың нұрынан.

Жіңішке, – дейді, – сиратты

Жылқының жарты қылынан[277], –

 

дейтін жолдардан көрінеді.

Ислам дінінде – Аллаһ тағала әмірлерінен именіп, бойұсынуда болғандар үшін жаннаттан орын дайындайды деп көрсетілген[278].

Жерлеу фольклорының негізгі сарындарын құрайтын жұмақтан орын тілеу тілегінің мәні де осыған байланысты:

 

Жаннаттан болғай талабың,

Ашық та болғай жауабың.

Нұрға толғай қабірің,

Жоғары ұшқай сауабың[279].

 

Алдыңнан Құдай жарылқап,

Бейіштің есігі ашылғай,

Періштелер жолдас боп,

 

Хор қыздары қосылғай.

Түрлі нығмет шашылғай[280].

 

Жұмаққа барғандар мәңгілік жас қалпында қалып, ғажайып рахат күй кешеді деп сендіріледі[281].

Ал тозақ – Алла тағаланың барлығы мен жалғыздығына иман келтірмей, оның әмірлеріне қарсы келгендер үшін дайындалған орын. Ол жаннатқа қарама-қайшы суреттеледі.

Шариғат талаптары жылап-сықтауды қоспағанымен, оған мүлде тыйым сала алмаған, халықтың ежелден келе жатқан салтын мүлде ығыстыра алмаған. Өйткені, жақынынан айрылған жан жүрек қайғысын шығаруда ежелден қалыптасқан дәстүрлі салтқа сүйенген.

Мұсылмандық шарттардың көне түсініктерге тыйым салғаны жоқтау жолдарынан да көрініп қалады:

 

Зарлаумен тілді шаршаттым,

Жылаудың кілтін мен таптым.

Жылағаннан не таптым,

Оқи бер Құран, молдалар[282].

 

Сонымен бірге өлім салған ауыр зардап (әсіресе, жас өлім тұсында) ешқандай шектеу, тыйымға бағынбай, сыртқа шығады. Мұсылмандық шектеуді есінде ұстай отырып, өз күйігін шығарған әйел:

 

Жаратқан өзі кешіргей,

Жоғалған соң қайғырдым,

Шам-шырақ, гауһар тасыма[283], –

 

деп тоқтайды.

Жинақтай келгенде, әу баста адам жанының өлмейтіндігі туралы ұғым дамып, аруақтар культі, бірқұдайлық дінге дейін жалғасқан. Осыған байланысты жерлеу ғұрпының рәсімдері де, оған қатысты фольклор да сан түрлі күйді басынан кешірген.

Әсіресе, «советтік өмір салтын орнықтыру» идеясын ұстанып, бұрынғы әдет-салттармен арнайы күрес шаралары жүргізілген кеңестік дәуірде аталмыш ғұрып елеулі өзгерістерге ұшырады. Көне рулық қоғамға ғұрыптың тұтастай магиялық қызметі (сөз, іс-әрекет, заттық әлем) тән болса, келе-келе ғұрыптың сөздік бөлігі басымдық алып, онда ғұрыпты тудырған көне таным-түсініктер көркемдік қызмет атқарды. Өлім жайындағы ұғымдардың өзгеріп, дамуы нәтижесінде ғұрып пен оған қатысты өлеңдердің негізгі қызметтері көмескіленіп, бүгінгі күнге сарқыншақ күйінде жетті. Ғұрыптың жекелеген рәсімдері ғана атқарылды да, марқұм жоқтаусыз-ақ жөнелтілді. Әрине, кейбір өңірлердегі жоқтап, жылау дәстүрінің сақталғандығын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ олар жеке адамның немесе отбасы мүшелерінің марқұмға деген қайғыру сезімін білдірумен ғана шектеледі. Яғни жерлеу ғұрпы фольклорының аясы тарылып, қайғы-шер шығару мағынасы ғана қалған. Сондай-ақ азалау рәсімдерінің көне түсініктерден туған белгілі бір уақытта бұлжытпай атқарылу міндеттілігіне де өзгеріс еніп, отбасының мүмкіндігіне, жиналған қауым уақытының ретіне қарай рәсімдерді жинақтап, біріктіріп өткізуге дейін өзгерді. Дегенмен халықтық дәстүрлердің құнды тұстары өзгерген, түрленген күйде күні бүгінге дейін жалғасуда. Сан ғасырлардан келе жатқан ғұрыптық рәсімдер қайғылы жандардың көңілін аулау, күйзелістен шығару, марқұм алдындағы өздерінің міндет-парызын атқарудың құралы ретінде әлі де аса бағалы, сол арқылы қайғылы жандар көңіл жұбатысып, тіршілігіне тәубе етеді. Халықтың «қайғыны бөліссең, азаяды, қуанышты бөліссең, көбейеді» дейтін тұжырымы да осыдан туған. Қазіргі кезеңдегі (әсіресе, қала жағдайындағы) азалы музыка, марқұмды еске алу сәттері, ел болып ас беру, ескерткіш тақта ілу, естеліктер жазу да жерлеу ғұрпының жаңарған, жаңғырған түрлері болып табылады.

 

 

§ 3. Магиялық фольклор




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 801; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.