Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 9 страница




 

Рамазан айының анықталуы

Шағбан айының жиырма тоғызыншы күнінен бастап, жа-ңа туған айды іздеу - уэжіп. Рамазан оразасының аяқталуы үшін де Шэууэл айын іздеу - уэжіп. Егер Рамазан айы кө-рінсе, ертеңіне Рамазан оразасы басталады. Егер де аспан бұлтты болса, Шағбан күндері отызға толтырылады. Одан кейін барып, ораза тұтылады. Сол секілді Рамазан айының жиырма тоғызыншы күнінде де Шәууәл айы көрінуін қада-ғалайды. Жаңа ай көрінсе, ертеңіне Рамазан айты бастала-ды. Ал егер көрінбесе, онда Рамазан отыз күнге толықтыры-лады. Яғни, ораза ұсталады. Жаңа ай көрінген кезде тэкбір айтылуы керек. Бұл - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жаңа айды көргенде былай деп дұға ететін: «Алланым! Мына айды бізге берекет, иман және амандыц пен тыныштыцца арцау ет. Ей, жаңа ай. Сенің де, менің де Раббым -Аллан»294. Біздің данышпан ата-эжелеріміздің жаңа ай ту-ғанда - «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» - дейтін дұ-ғалары осы Пайғамбар дұғасының мағынасы емес пе? Яғни, Аллаһым! Жаңа айда жарылқап, ескі айда жасаған қателік-теріміз бен күнэларымызды кешір. Дана ата-эжелеріміз ешуақытта айдан бір нэрсе тілеген емес.


 
 

Бухари, Никах, 84-85. Бақара, 2/185.

Бухари, Саум,5; Муслим, Сиям, 4.


 
 

Рамазан айы немесе ораза айты аспан ашық болған кезде бірнеше адамның айды көруімен анықталады. Әбу Ханифа-ның кей сөзі бойынша, екі эділ адам куэ болуы жеткілікті. Егер күн ашық болмай бүлт, тұман секілді кедергілер кез-дессе, тек қана бір эділ, парасатты, шыншыл адам ғана көр-се, оның куэсі жеткілікті. Бүл адам эйел де, ер де болуы мүмкін.

Айдың туылуы туралы алдын ала хабар берген астроном ғалымдардың сөзі іске аспайды. Рамазан айы мен айты жаңа айды көзбен көрумен ғана іске асады. Өйткені, Аллаһ Елші-сі (с.а.у.) «Айды көргенде ораза үстап, айды көргенде ора-заны бүзыңдар», - деген295. Сондықтан бір жерде бір жама-ғат немесе бір ел жаңа туған айға куэ болса, барлық мүсыл-ман елдерінде бұл жеткілікті. Сондыктан бір елде жаңа айды көргендер телефон, теледидар, радио, интернет арқы-лы бір-біріне хабар бёруі тиіс.

Оразаның шарттары

Оразаның парыз болу шарттары

1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сон-дықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құ-ранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандыктан тыйылса, өткен күнәлары кеші-ріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де»296.

2. Балиғат жасында болуы жэне ақыл-есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға ора-за ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандық-тан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз

 

Бухари, Саум. 5. Әнфал, 8/38.

(с.а.у.) былай дейді: «Үш адамга қалам жазылмайды: Бали-гат жасына жетпейінше балага, ақыл-есі түзу болганга дейін ақылы кеміске, оянганга дейін үйқыда жатқан адам-га'. Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың эмірі саналы жан-дарға келген. Жеті жасқа кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету ке-рек. Мақсат - балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза па-рыз емес. Ақылға орнына келсе, қазасы өтелмейді.

3. Ораза ұстауға күші жету жэне тұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза са-наулы күндерде. Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін»298. Кэрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Со-нымен қатар хайыз, нифас кезіндегі эйелдер жэне өзі неме-се баласына зиян тиуі ықтимал екі қабат эйелдер мен бала емізген эйелдерге де парыз емес. Кэрі адамдар ораза орны-на пидия береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді. Жо-лаушыға келсек, ол 90 шақырымнан астам жерге жолаушы-лап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бі-рақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.

 

Оразаның дүрыс орындалу шарттары

1. Хайыз бен нифастан таза болу: Хайыз бен нифас жағ-дайындағы эйелдер уақыты өткеннен кейін оразаның қаза-сын өтейді. Бірақ бір адамның түнде немесе күндіз жүніп күйінде болуы, ораза ұстауына кедергі емес. Бірақ мүмкін-дігіне қарай, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл алу - абзал.

2. Ниет: Барлық оразаға жүрекпен ниет ету - жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің ораза екенін біліп, бұл айда ораза ұстайтьшьш жүректен өткізсе немесе сэреге тұрса, бұл ісі ораза ұстауға ниет саналады. Бірақ тілмен айту мэндүп. Барлық оразаға түнде немесе таң уақыты кір-мей түрып ниет ету - абзал. Рамазан оразасына ниет етерде эрбір күніне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебі, эрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл - факңһтердің басым көпшілігі-нің пікірі.

Оразаға ниет ету екіге бөлінеді. Бірінші — түнде ниет ету. Бұларға қарыз болған оразалар жатады. Яғни, Рамазан қаза-сы ұстап, бірақ аяқталмай қалған нэпіл оразаның қазасы жэ-не кэффәрат оразасы мен жалпы атау (нэзір) оразасы осы топқа жатады. Міне, мұндай оразаны ұстайтын адамдар түнде немесе таң атпай тұрып ниет ету шарт. Ақшам уақы-тында шешім қабылдау мен сэреге тұру да ниетке жатады. Екінші — түнде ниеттену мен анықтау шарт емес оразалар: Бұған Рамазан оразасы, уақыты белгіленген атау оразасы және мұстахап, мэкрүһ, сонымен қатар, барлық нэпіл ораза-лар жатады. Мұндай оразаларға ақшамнан бастап, ертесі кү-ні түске дейін ниет ете алады. Бірақ бесіннен бұрын мұндай оразаға ниет ететін адам екінші шапақтан бері еш нэрсе ішіп-жемеген болуы керек. Бесіннен бұрын нэпіл оразаға ниет ете алуға мына хадис дэлел: Аллаһ Елшісі бір күні Айшаға былай деді: «Бесінге тамац бар ма?». Айша: «Жоц», — деп жауап цайтарды. Сонда Аллан Елшісі: «Онда мен ораза үстаймын», - деді.

Кісі түнде қандай да бір оразаға ниет етсе, бірақ екінші шапақ атпай түрып, ниетінен бас тартса, бұл бас тартуы дұ-рыс саналады. Сол секілді оразасын бұзуға ниет етіп, аузын ашпаса, оразасы дұрыс болып саналады.

Ниет еткенде екі ойлы немесе шарт қою арқылы ниет ет-пеу керек. Мысалы: «Ертең пэленше қонаққа шақыра қалса, аузымды ашуға, егерде шақырмаса, ораза ұстауға ниет ет-тім» дегендей ниет жарамсыз. Рамазан түні немесе күндіз есінен танып қалып, түс уақытынан бұрын айығып ниет ет-се, оразасы жарамды. Бір адам Рамазан айында уэжіп неме­се нэпіл оразаға ниет етсе, ол Рамазан оразасына ниет еткен болып саналады. Бұл мэселеде мейлі түрғын, мейлі жо-лаушы, тіпті науқас адам болсын ешқандай айырмашылық жоқ. Сол секілді бір оразамен эрі кэффарат, эрі нэпіл ораза-ға ниет етсе, оразасы кэффарат ниеті үшін жарамды. Бірақ бір оразамен эрі қазаға, эрі ант кәффаратына ниет етсе, екеуі де жарамсыз. Мұндай ораза нэпіл оразаға айналады. Бір әйел хайыз кезінде түнде оразаға ниеттенсе, екінші ша-пақтың атуынан бүрын хайыз мерзімі аяқгалса, оразасы жа-рамды. Қапастағы жандар Рамазан айының келгенін біле ал-май күмэнданса, өздерінің иштиһаттар - болжамдары бойынша, шешім қабылдап, бір ай ораза ұстайды. Бұл - құ-была мен намаз уақытының анықталуына ұқсайды. Кейін-нен рамазан күнінен кем ұстаған болса, ұстамай қалған күн-дерінің қазасын өтейді. Егер Рамазаннан бұрын ұстаған болса, бұл тек нэпіл оразаға жатады.

 

Ораза үстагандар үшін мүстахап нэрселер

Ораза ұстағандарға мына нэрселерді жасау - мұстахап.

1. Бір жұтым су да болса сэресіде тұрып, ішіп-жеу. Пай-ғамбарымыз (с.а.у.) бұл түрғыда: «Сәресіге түрыңдар. Өйткені, сәренің тамагында берекет бар»299. Басқа бір ха-дисінде: «Сәресі тамагы берекет. Бір жүтым су да болса, оны тастамаңдар. Өйткені, Аллан сәресіде тамацтанган-дарга рақымдылыц етіп, періштелері де олар үшін кешірім тілейді»,300 - дейді.

Бухари, Саум, 20. Ахмед б. Ханбәл, III, 44. Бухари, Саум. 45.

Екінші шапақ атқанға дейін сэресіні кешіктіру де - мұс-тахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Үмбетім ауыз ашарда асы-гып, сәресіні кешіктірген уацытта әрцашан жацсылыц-та»,ш — деген.

2. Ауызды ақшам намазынан бұрын ашу. Намазда адам-ның көңілі ауыз ашуға ауып тұратындықтан, ауыз ашуға асығу - мұстахап. Бұған жоғарыда айтылған хадис куэ. Со-нымен қатар, ауызды құрма немесе сумен ашу - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай ашқан.

3. Ауыз ашарда мына дұғаны оқу - сүннет:

 

и з с-ііі и £чУ

 

Оқылуы: «Аллануммэ ләкә сумту уэ бикэ ээмэнту уэ 'алэйкэ тэуэккэлту уэ 'ала ризкикэ эфтарту уэ саумэл-гади мин шэнри Рамадана нэуэйту, фэгфирлии мээ қад-дамтууэ мээ аххарту». «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен жэне келешек күнэларымды кешір».

Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажэ, Сиям, 48.

4. Аузы берік жандармен бірге ауыз ашу жэне жоқ-жі-тіктер мен кедейлерге қол ұшын беру - мұстахап. Пайғам-барымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы берік жанды ауыза-шарга шақырып тамақ берген - ораза ұстаган адамныц алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді '*02.

5. Таң уақыты кірмей жүніптік, хайыз жэне нифастан та-залану: Мұндағы мақсат - оразаны таза бастау. Бірақ аузы берік тұрып, жуынуға да болатынын ескерте кетейік. Мұн-дай кезде судың тамаққа кетіп қалмауын қатты қадағалау керек. Әйелдің хайыз яки нифас мерзімі түнде аяқталып, оразаға ниет етсе, жэне де жүніп кісі жуынбай ораза ұстаса, оразасы жарамды.

 

6. Аузы берік адамның жақсы сөздер сөйлеуі, бос сөз бен орынсыз іс-қимылдардан бойын аулақ ұстап байсалды-лық танытуы - мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жалган сөйлеу мен жалган сөздермен әрекет етуді қоймаган адамның ішіп-жеуді гана догаруы Алланқа қа-жет емес'т. Басқа бір хадисінде: «Небір ораза ұстаган-дар бар. Олардыц оразасында шөлдеу мен аштықтан басқа ешқандай пайдасы болмайды. Небір түнде тұрып, нәпіл ги-бадат еткендер бар. Бірақ бұл әрекетінен ұйқысыздықтан басқа ешқандай пайда таппайды»ш. Сонымен қатар, Рама-занда «Мен оразамын» деу - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс көтеріп, айқай шыгармасын. Біреу оган тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе оган: «Мен оразамын» десін305.

7. Аузы берік адам бос уақыттарын нэпіл ғибадаттар-мен, ғылыммен, Құран оқумен, зікір, салауат айтумен өткізу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанда Жебірейіл екеуі бір-біріне кезекпе-кезек Құран оқып, тыңдасатын»306.

8. Жалпы Рамазан айының ең соңғы он күнінде иғтиқаф-қа кіру - сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанның ең соңғы он күнінде көп ғидабат жасайтын3 1.

 

Аузьг берік кісіге мәкрүн жэне мэкрүн емес нэрселер

1. Себепсіз бір нэрсенің дэмін тату немесе шайнау - мэк-рүһ. Бұл оразаның бұзылуына себеп болуы мүмкін. Бірақ көп кісіге пісірілген тамақтың дэмін қадағалау үшін, тамақ-

 

 

Ахмед ибн Ханбэл, VI, 34. Ибн Мажә, Сиям, 21. Бухари, Саум, 2. Бухари, Бэдул-Уахи, 5. Муслим, И'тиқад, 8.

 
 

тың дәмін көріп, түкіріп тастауға болады. Дэмін татқан уа-қытта тамаққа кетпеуі шарт.

2. Аузы берік кісіге сулы мисуакты қолдану - мэкрүһ.

3. Дэрет алган кезде аузына, мүрнына суды көп пайдала-ну - мәкрүһ.

4. Бал немесе май секілді сатып алатын нэрселердің қан-дай екенін білу үшін дэмін татып көру - мәкрүһ.

5. Шайналып тәттісі кеткен ақ сағызды шайнау - мэк-рүһ. Ал, жаңасын шайнауға мүлдем болмайды.

6. Аузы берік адам элсіреп өзін сақтай алмайтындай бол-са, қан алдыруы - мэкрүһ. Егер көтере алса, мэкрүһ емес. Ең жақсысы, күн батқан соң қан алдыру.

7. Рамазанда қатты ыстыктап салқындау үшін ауыз бен мүрынды сулау жэне суық сумен жуыну - Әбу Юсуп бойынша, мэкрүһ емес. Өйткені, мүндай уақытта адамға же-ңілдік туады. Фэтуа осы үкімге берілген.

8. Өзіне сене алмаған аузы берік жанның эйелін сүюі -мэкрүһ. Өзіне сенсе, мэкрүһ емес. Хадисте Пайғамбары-мыздың (с.а.у.) зайыбын сүйгені жэне эзілдегені жайлы айтылады308.

9. Аузы берік адамның жүніп күйінде таң атыруы немесе күндіз ихтилам болуы оразаға зияны жоқ.

10. Аузы берік жанның гүл не этір секілділерді иіскеуі,
сүрме жағуы, мүртын майлауы - мэкрүһ емес.

 

Ораза бұзылганда ңазасы гана өтелетін жагдайлар

Емдік мақсатта денеге бір нэрсе кірсе, ораза бұзылады. Қазасын өтеу керек.

Қателесіп, бір нэрсе ішіп-жеу оразаны бұзады. Яғни бір адам ораза екенін біле түрып, қателесіп бір нэрсе ішіп-жесе, оразасы бүзылады. Мысалы, дэрет алып жатқан кезде

 

Ибну Мажэ, Сиям, 19.

байқаусызда тамағына су кетіп қалса, қарды аузына салып, ол да тамағынан өтсе, оразасы бұзылады. Қазасы өтеледі. Егер де ораза екенін ұмытып істесе, ораза бұзылмайды. Тіс-терінің арасынан шыққан қан түкірікпен бірдей немесе одан көп болып тамақтан өтсе ораза бұзьшады. Аз болса, бұзыл-майды. Өйткені, көлемі аз қаннан сақтану қиын.

Үмытып бір нэрсе ішіп-жеу немесе ұмытып ерлі-зайып-тылардың бір-біріне жақындауымен ораза бұзылмайды. Өзі-нің ораза екенін білмей бір нэрсе жеген адамның есіне ораза екендігін салмау - мэкрүһ. Егер элсіз, кэрі біреу болса, есі-не салмау абзал. Сол секілді өздігінен іштен келген ауыз толмаған құсық өздігінен қайта кері қайтса, ораза бұзьш-майды. Бірақ адамның өзі жұтса, ораза бұзылады. Жэне аузы берік адам өз қалауымен ауыз толтырып құсса, ораза бұзылады. Өйткені, бұл дэретті бұзумен қатар, аз немесе кө-бі ішке қайта кетеді. Бұның қазасы керек. Яғни, мейлі аз, мейлі көп, әдейі ішке құсық жұтылған кезде ораза бұзыла-ДЫ.

Ауыз толы кұсық қақырық болса, Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммед бойынша, оразаға ешқандай зиян тигізбейді. Жо-ғарыдағы мэселеге мына хадис дэлел: «Аузы берік адам күскысы келіп, өзіне ие бола алмаса, оган қазасын өтеу мін-детті емес. Өз қалауымен құсатын болса, оразасын қаза етсін»309.

Жеуге жарамайтын эрі ұзақ түру мүмкіндігі жоқ нэрсе-лердің тамақтан өтуі оразаны бұзбайды. Мысалы, ауаға жайылған түтін, шаң оразаны бұзбайды. Көз бен құлаққа сұйық дэрі тамызса, ораза бұзылмайды. Ал, мұрынға тамы-зылса, бұзылады. Қазасы өтеледі.

 

Ораза кезінде ине салдыруга бола ма?

Ине ектірудің оразаны бұзып-бұзбауына байланысты кейінгі Ханафи ғұламалары арасында екі түрлі үкім бар.

А) Әбу Ханифаның «терең жараға жағылған дәрілік майдың оразаны бұзатындығы» жайлы пікірін негізге алған ғалымдар, ине арқылы тамырмен денеге бір нэрсенің тарайтындьпын алға тартып, ораза бұзылады деген. Қоректік жағы дау тудырғанмен, қабылданған ондай заттың денені күшейтетіндігі белгілі.

Ендеше, дэрі мейлі ауызбен ішілсе де, инемен қабылданса да кэффаратты қажет етпейді, бірақ, оразаны бұзады және қазасы өтеледі. Ине ектірген адам не сол күні ораза ұстамауы не инені сэресі мен ауызашар уақыттарьша қалдырғаны жөн.

Ә) Ал Әбу Ханифаның шэкірттері Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің «терең жараға жағылған дэрілік май оразаны бұзбайды» деген пікірін негізге алған ғалымдар, ине ектірудің оразаны бұзбайтындығын айтқан. 1948 жылы Әл-Әзхар университетінің Фэтуа Комиссиясы ине ектірудің оразаны бұзбайтындығы жөнінде фэтуа берген. Өйткені, бұл емдік тэсілінің ауызға дэрі салып жұтуға ұқсамайтындығы анық. Сондай-ақ, демікпе не тыныс жүйелерінде ақауы барлар да ауызға дэрі шашыратса, ол өкпеден өтіп, асқазанға жетпейтіндіктен оразаны бұзбайтьіндығы алға тартылған. Кейбір аурулардан қорғану мақсатында ине ектіру де оразаны бұзбайды. Өйткені, бұндай жағдайда денеге қорек алу көзделмейді делінуде. Бірақ, қоректену мақсатында денеге қуат беретін арнайы гемоглобин секілді нэрселерді ине арқылы қабылдау оразаны бұзады.

Жоғарыдағы қай пікірді таңдаса да, ұстанса да негізгі жауапкершілік таңдаушыға тэн. Негізі, дініміз сырқаттанған немесе ем қабылдап жүрген кісілердің ораза ұстамауына рүқсат еткен. Сондықтан, емдікке ине қабылдап жүрген адамның жақсы емделіп, болашақта құлшылықтарын үлкен ықыласпен атқаруы мақсатында Рамазан кезінде ораза ұстамағаны жөн. Бұл көзқарас сақтық тұрғысынан да абзал екені сөзсіз. Ендеше бұл -өздері шешетін мэселе.

Ал, ауырса да көпшілікпен бірге ораза ұстап, Рамазан айының қасиетінен құр қалғысы келмеген кісі екінші топтағы фиқһ ғалымдарының пікіріне сүйеніп, ораза кезінде қоректік емес инелерді қабьшдай беруіне болады. Бірақ, сэресі уақыты шықпай тұрып немесе ауыз ашардан кейін ине салдыру мүмкін болса, онда күндіз салдырмағаны жөн.

 

Қойшы мен алма агашы

Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын, егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп: - Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой,- дейтін. Сөйткенше болмай дэмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бэкісімен элгі алманы асықпай тілімдеп кесіп, өзімен бірге ала келген торсығындағы айранымен қоса сэл жүрек жалғағаннан кейін экесінен қалған Құранын баппен қолға алып, жайлап оқи бастайтын. Қойшы қарт бұл алма ағашын осыдан жиырма жыл бұрын отырғызған кезде жиі-жиі суғарып, намаз алдында беті-қолын шайған дэрет суының қалғанын да ырымдап соның түбіне төгетін. Қарт жүзін шайған сол судың шарапаты тиді ме, эйтеуір, алма ағашының тамыры тез жан алып, аз уақытта-ақ бой көтеріп, жеміс бере бастады. Қойшы қарт ол кезде жас болғандыктан қай эдемі алмаға көзі түспесін, кішкене ғана ұмсынып қол созғаны жетіп жатыр еді. Алайда, одан бергі қаншама жыл ішінде қарттың бойы аласарып, белі бүгілді, ал алма ағашының болса, керісінше бойы барынша биіктеп, шынар ағашындай жайқалып кеткен-ді. Бірақ алма ағашы қанша жайқалып өскенімен мэпелеп өсірген баланың аты бала емес пе? Оны баласындай керетін қарт ағаш бұтақтарын алақанымен жай ғана сипап тұрып: - Қане, балам, - дейтін, - бүтінгі несібемді түсіре ғой? Айтқанындай, көп пэлсінбестен бір алма түсуші еді. Бүл көрініс дэл осы қалпында бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқан-ды. Тіпті қарт сұрағанда, алманың түспей қалған бір де бір күні кездескен емес.

Ауыл адамдары болса, таңғажайып бүл кұбылысты сырттай бірнеше мэрте байқап, қойшы қартты «эулиеге» жорысып қойғалы қашан.

Қарт кісі ағаш көлеңкесінде аздап тынығып, намазын оқығаннан кейін эдеттегідей сол күнгі алмасын сүрады. Алайда, бір таңғаларлығы, ағаш бұтақтары жеміске толып түрса да, қарт қолына ештеңе түспеді. Қарт өз қалауын қанша қайталағанымен бэрібір ештеңе бола қоймады. Күткені орындалмай, кірпігі мен сақалы тарам-тарам жасқа оранған қарт үнсіз ғана алыстап қойларына кетіп бара жатты.

Жеміс бергелі «баласы» қарттың көңілін еш қалдырып көрген емес еді. Мэпелеп өсірген баласына дэл осы жолы көңлі қатты қалды. Көңілі қүлазыған қарт бойы бүл жолы тіпті шөкімдей боп, бұрыңғыдан да аласарып, белі де бүрыңғыдан бетер бүкшие түскендей.

Малдарын қайырып, ауылға бет алғанда мешіттен эуелеп шыққан азанға құлақ түрді. Азан өте бір ерекше, эуезді үнмен оқылып жатқандай. Тіпті астарынан өзгеше қуаныш та сезілетін секілді. Бірден іркіліп, бойын жинап ала қойды. Қарт байғұс өмірге қайта келгендей күй кешті. Өйткені, есіне бір нэрсе түскен болатын.

Бұл жолы көзіне қуаныштан жас алып, балаша мэз болған қарт бірден элгіндегі алма ағашына қайтадан жеткенше асықты. Келе сала оны айналып-толғанып, кең құшағын төсей құшақтаған қарт:- Күнім, эшейін,- деді иегі кемсеңцеп жьшаған күйі,- айналайын, балам, жарығым! ¥мытшақ мен байғұсты ренжітпей түрып-ақ білдірсең болмас па еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы күні екен ғой?!..

***

 

Сонымен катар мына жагдайдагылар бүзылган оразасының тек ңана казасын отейді

1. Дэрет алып жатқанда немесе басқа себептермен тамақ-
қа су кету.

2. ¥йқыдағы адамға су ішкізу.

3. Ауыр жұмыста жүрген кезде ауырып қалу немесе өзі-не бір зиян тиюінен қорқып оразасын бұзуы.

4. ¥мытып бір нэрсе ішіп-жеген кезде «оразам бұзылды» деген оймен ішіп-жеуді жалғастыру.

5. Түнде ниет ете алмай күндіз ниет еткен адамның бұған көңілі толмай ішіп-жеуі.

6. «Күн батты» деп жаңылысып, аузын ашса, бірақ күн-нің одан кейін батқанын білсе, оразасын бұзғаны үшін, тек қана қазасын өтейді. Сэресіде тамақ ішіп отырған кезде таң уақыты кірсе дереу аузындағысын шығарса, ораза бұзыл-майды.

7. Түнде оразаға ниеттеніп, бірақ таң ертең жолға шы-ғып, жолда оразасын бұзатын болса.

8. Түнде ораза ұстауға ниеттенген жолаушының тұрғын болуға ниеттенгеннен кейін жеуі.

Бір адам Рамазан айынан тыс біле түра оразасын ішіп-жеу, зайыбына жақындау арқылы бұзса, Рамазан айында болмағаны үшін тек қана қазасын өтейді.

 

Әрі ңаза, эрі кэффарат ңажет еттірген жагдайлар

Бүлар екіге бөлінеді:

1. Ешқандай себепсіз азық немесе азықтың ерекшелігі бар барлық заттарды эдейі біліп жеу. Мысалы: эдейі жеу,




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 580; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.061 сек.