Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Баяндауыш 1 страница. Баяндауыш та бастауыш сияқты сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің қатарына жатады




 

Баяндауыш та бастауыш сияқты сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің қатарына жатады. Ол, көбінесе, жіктік жалғауында тұрады. Баян-дауыш, негізінде, бастауышпен жақтық және жекеше, көптік жағынан қиыса айтылады. Солай болғандықтан да жіктік жалғауды баяндауыштық көрсеткіш деуге де болады.

Қазақ тілінде баяндауыш барлық сөз табынан жасала береді.

Зат есімнен болған баяндауыштар: Қарттың атыАмантай (Мұқанов). О с ыТереңсайдың тұсы (Әуезов).

Қазақ тілінде зат есімнен болған дара баяндауыш I—II жақта жіктік жалғауын қабылдайды: Мен ж а з у ш ы м ы н. Сен ж а з у - ш ы с ы ң. Ол ж а з у ш ы.

Сын есімнен болған баяндауыштар: Абайдың түсі құцүп-қу (Әуезов). Бұл балаға абайлап қарасам, сонша е с т і б а л а к е с -к і н д і (Ыбырай).

Сан есімнен болған баяндауыштар: Кореяның территориясы —2 20 мың к в а д р а т километр («Соц. Қаз.»). Бес жердегі бесж и- ы р м а б е с.

 

Есімдіктен болған баяндауыштар: Сенк і м с і ң? Оның жасы қ а н ш а д а?

Баяндауыш қызметін жиі атқаратын, негізінен алғанда, сұраулық есімдіктер.

Баяндауыш ролінде жиі қолданылатын сөз табы — етістіктер және оның есімше, көсемше тұлғалары: Рахмет біраз о т ы р д ы (Ерубаев). Арада жеті-сегіз күн өтті (Әуезов). Ол вокзалға қарай к е т к е н.

 

Дара және күрделі баяндауыштар

 

Жеке бір сөзден болған баяндауышты дара баяндауыш деп атай-мыз: Аспанды бұлт торлады. Жел басылды. Жарқ-жұрқ шақпақ ш а ғ ы л д ы. Көп ұзамай жауын б а с ы л д ы.

Бірнеше сөзден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты күрделі баяндауыш дейміз. Олар бір-ақ сұрауға жауап береді. Күрде-лі баяндауыштың құрамында ең кемі екі сөз болады: Парторг Ивановй л а н ы п қ а л д ы (Нүрпейісов). Айжан оған Айбаладан кем б о л ғ а н жоқ (Мұқанов). Ауылымыз бұл арадан о н-о н бес километр (Бақбергенов).

Күрделі баяндауыш, негізінен алғанда, мына жолдармен жа-салады:

1) Етістіктің күрделі түрлерінен: тез кел, мен күтіп о т ы р а алмаймын (Мұстафин). Асқар автомобилъмен жүріп к е т т і

(Мұқанов). Поездар оған ерекше бір қызықты көрінетін б о л ы п а л д ы (Иманжанов).

2) Қалыптасқан тұрақты сөз тізбектерінен (идиомалар-фразалар-дан) жасалады: Шошынған шешесі есінен т а н ы п қалыпты (Ыбырай).

3. Бар, жоқ, қажет, керек, жөн, тиіс тәрізді сөздер мен көмекші етістіктер тіркесіп келіп күрделі баяндауыш жасайды: төңіректе ешкім жоқ б о л а т ы н. Жиылыста Асқар да б а р е д і.

4. Көмекші етістіктер есім сөздермен тіркесе келіп күрделі баян-дауыш қызметін атқарады: Мен г е о л о г-б а р л а у ш ы б о - л а м ы н. Асқар м ұ ғ а л і м е д і.

5. Күрделі сан есімдер де күрделі баяндауыш қызметін атқара-ды: Жеті жерде жеті — қ ы р ы қ т о ғ ы з. Тоғыз жерде тоғызсексен бір.

Орыс тілімен салыстырғанда, қазақ тіліндегі күрделі баяндауыш-тық тағы бір ерекшелігі бар. Ол күрделі баяндауыштағы сөздердің орнына байланысты. Мысалы, орыс тіліндегі ему необходимо учиться, ему нужно читатъ деген сөйлемдер қазақ тіліне оған оқу қажет, оған оқу керек болып аударылады. Қазақ тілінде тұйық рай көмекші сөздің алдына шығып кеткен, орыс тілінде ол, керісінше, сөйлем соңында тұрады. Бастауыштың баяндауышқа логикалық жағынан ие екендігін, біріншіден, осы орын мәселесі көрсетсе, екіншіден, бұл олардың өз ара қиыса байланысуынан да байқалады. Бастауыш есімдіктен жасалған жағдайда, ол баяндауышқа тікелей өз сәулесін түсіріп тұрады: Мен к е л е-м і н. Сен к е л е-с і ң. Басқаша айтқанда, бастауыштың көрінуі екі жақтан бірдей болады. Бастауыш баяндауышпен қиысқанда, ол мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да көрінеді. Бастауыш басқа есімдерден бол-ғанда, мұндай қасиет байқалмайды.

Қазіргі қазақ тіліндегі баяндауыш сөйлемде айтылатын ойдың, хабардың өзегі. Ол грамматикалық тұлға жағынан да, семантикалық мағына жағынан да сөйлемнің ең маңызды мүшесі. Бір сөзбен айт-қанда, баяндауыш сөйлемнің мағыналық орталығы болып табылады.

 

Қазақ тіліндегі баяндауыш орыс тіліндегімен салыстырганда, бастау-ышқа анағүрлым бағынышсыздау болып келеді.

Баяндауыш сөйлемнің предикативтік ұйтқысы болып табылады. Сондықтан, әдетте, баяндауышсыз сөйлем жоқтың қасында болып келеді.

 

ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕР

 

Сөйлем, ең алдымен, тұрлаулы мүшелердің грамматикалық және мағыналық қатынасы (предикативтік байланыс) арқылы құралады да, айтылар ойдың аумақ-көлеміне, сипатына сәйкес күрделеніп оты-рады. Сөйлем екі бас мүшеден ғана құралып қоймай, басқа да сөз-дермен-мүшелермен толығып, құрамы кеңейеді. Мұндай мүшелер мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да сол екі тұрлау-лы мүшенің айналасына топталып, соларға қатысты болады, солар арқылы ғана хабарланар ой құрамындағы мағыналық элемент бола алады.

Сөйлем мүшелерін басты екі топқа бөліп қарау тек логикалық негізге ғана сүйенбей, грамматикалық заңдылықтарды да еске алады. Сөйлем мүшелерін тұрлаулы және тұрлаусыз деп бөлу, ең алдымен, сөйлем құрамындағы сөздердің өз ара синтаксистік байланыс характеріне сүйенеді. Егер сөйлем құраушы екі бас мүше — бастауыш пен баяндауыш өз ара қиысу арқылы (сандық және жақтық) байланысатын болса, тұрлаусыз мүшелердің бас мүшелер-мен, не өз ара байланысу тәсілдері мен байланыс түрлері бұдан тіпті өзгеше. Бұлардың (тұрлаусыз мүшелердің) бас мүшелермен, не өз ара байланысуы септік жалғаулары, орын тәртібі арқылы көрінеді. Соған орай, олардың байланыс түрлері қабысу, меңгеру, матасу болып келеді. Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрап, негізгі хабарланар ойды білдірсе, тұрлаусыз мүшелердің бір тобы баяндауыштың мағынасын түсіндіруші (пысықтауыш, толықтауыш), енді бірі бастауыштың мағынасын саралаушы (анықтауыш, бірақ бұл кейде есімнен болған басқа мүшеге де қатысты болады) есебінде ғана жұмсалып, сөйлем құрамында екінші дәрежелі қызмет атқарады.

Тұрлаулы мүшелердің айналысына топталып, соларға қатысты болатын, сөйтіп олардың сындық, сапалық, заттық қ а с и е т і н, әлде қимылдың тарау аумағын, көлемін, бағытталған объектісін т. б. білдіретін сөздерді сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп атайды. Тұрлаусыз мүшелер сол бас мүшелердің жетегінде айтылады, өз алдына дербес айтылып, ешбір жүйелі мән бере алмайды. Мұрат кітаптың атын қайта-қайта оқыды деген сөйлемдегі бас мүшелерді түсіріп, тек тұрлаусыз мүшелерді ғана қалдырсақ, ешқандай жүйелі мән ұға алмас едік. Кітаптыц атын, қайта-қайта деген сөздер тіркесі номинативтік мән бергенмен, коммуникативтік форма бола алмайды. Сөйлемнің бас мүшелерімен грамматикалық қатынасқа түсу арқылы ғана тұрлаусыз мүшелер коммуникативтік форма құрамында өздеріне тиісті қызметтерін атқарады. Ондай қызметтегі сөздер мен сөз тіркестері сол екі бас мүшеге грамма-тикалық тұрғыдан да, мағыналық тұрғыдан да қатысты, солармен бір жүйеде ғана қолданыла алады. Жоғарғы сөйлемдегі сөздердің өз ара қатысы былай болып шығар еді: Мұрат оқыды; қайта-қайта—оқыды; кітаптың—атын; атын--оқыды. Сөйтіп сөйлем ішіндегі тұрлаусыз мүшелердің барлығы дерлік баяндауыштың жетегінде айтылып, тек сол арқылы ғана сөйлем мүшесі қызметіне ие болған. Тек біреуі ғана (кітаптың) бас мүшеге тікелей қатысты болмай, есімнен болган тұрлаусыз мүшеге (тура толықтауышқа) байланысқан. Бірак, мұның өзі де сол мүше (тура толықтауыш) арқылы бас мүшеге (баяндауышқа) қатысты айтылғаны

 

көрініп тұр. Сонымен, тұрлаусыз мүше бас мүшеге тікелей қатысты, немесе кейде сатылы қатысты болуы мүмкін. Бірақ, қалай болғанда да бас мүшеге қатыссыз, онымен мағыналық байланыссыз айтыла-тын тұрлаусыз мүше болмайды.

Тіл білімінде тұрлаусыз мүшелерді үш түрлі негізгі топқа — анықтауыш, толықтауыш, пысықтауышқа бөлу ертеден қалыптасқан қағида.

Тұрлаусыз мүшелерді топтарға бөлу (классификациялау), әдетте, олардың бас мүшелерге мағыналык, қатысына негізделеді. Бас мүшенің бірі — баяндауыштың мағыналарын әр түрлі қырынан түсіндіруіне, саралауына қарай т о л ы қ т а у ы ш, п ы с ы қ т а у ы ш деп аталатын тұрлаусыз мүшелер, бастауыштың, немесе әйтеуір есімнен болған басқа бір мүшенің мән-мағынасын саралап айқындауына қарай анықтауыш деп аталатын тұрлаусыз мүше пайда болады. Тұрлаусыз мүшелерді топқа бөлудің бұл қазіргі грамматикалық қалыптасқан принципі. Дегенмен, осы қалыптасқан принциптің өзі де әлі де жетілдіруді, жіктелуді керек ететіні айқын. Егер, толықтауыш мүше баяндауыштың әр түрлі мағыналық қырларын ашып көрсететін болғандықтан, өз алдына сөйлем мүшесі деп қаралуға тиіс болса, тұрлаусыз мүшелердің басқа бір түрлері жайлы ойлана түсу керек болады. Анықтауыш бас мүшелерге мағыналық қатынасына қарай емес, қандай сөзден жасалған мүшеге қатыстылығы тұрғысынан ғана бөлектенеді. Қазіргі қазақ тілінде бірсыпыра сөздер сөйлем құрамында етістіктен болған мүшеге қатысты болса пысықтауыш деп қаралады да, есімнен болған мүше-мен байланысты айтылса анықтауыш деп қаралады, мыс.: Ол шебер сөйледі. Шебер кісінің қолынан бәрі келеді. Бір ғана сөз екі сөйлем құрамында екі түрлі мүшенің — бірде пысықтауыштың, бірде анықтауыштың қызметін атқарып тұр. Сөздердің сөйлем құрамын-дағы қызметін анықтаудың мұндай жолы сол сөздің қай сөз табына қатыстылығына ғана негізделгені айқын. Бірақ қатысты сөздің алмасуынан (бірде етістік, бірде есім) олардың мағыналық қатына-сы өзгереді деу қиын. Сонымен қазіргі грамматикаларда тұрлаусыз мүшелерді үш түрге бөлу тек қана олардың бас мүшелерге мағына-лық қатынастарына негізделген деп қарауға болмайды. Тұрлаусыз мүшелердің кейбірі қай сөз табына қатысты айтылуына қарай да бөлектеніп жүр.

Сөйлем құрамындағы сөздің морфологиялық тұлғасы мен байла-ныс тәсілі сол сөздің ойды білдіруге қатысты элемент есебіндегі грамматикалық көрінісі ғана. Интонациялық тұтастыққа, граммати-калық бірлікке негізделетін сөйлемді құрайтындар — сөйлем мүше-лері. Сондықтан оның құрамындағы сөздер мен сөз тіркестері өз ара мағыналық және грамматикалық қатынастар негізінде сөйлем құра-мындағы өз орнын, қызметін айқындайды. Сөйтіп барып ой білдіру-

дің элементіне айналады. Тұрлаусыз мүшелер де сондай қатынас-тар негізінде үш түрлі топқа бөлінеді.

Әр топтың өзіне тән грамматикалық та, семантикалық та негіз- дері бар.

Ең алдымен, тұрлаусыз мүшелердің әрқайсына ғана тән грамма- тикалық формалар мен байланыс түрлері бар. Мысалы, ілік септік-тің тұлғасы, негізінен, анықтауыш мүшелердің айырым белгісі болса, табыс септік тура толықтауыштың грамматикалық көрсет-кіші. Сол сияқты, өзінен кейінгі сөзбен матаса байланысу анықтауышқа тән болса, етістіктен болған мүшемен қабыса байланысу негізінен, пысықтауышқа тән заңдылық. Сонымен қатар, белгілі бір тұрлаусыз мүшелердің ғана қызметінде жұмсалуға біршама бейім сөз таптары да бар. Мысалы, сын есімдер көбіне-көп анықтауыштық қызметке бейім болып келеді.

 

Ал, үстеулер болса, көбінесе, тек әр түрлі пысықтауыш мүшелер қызметінде ғана жұмсалады.

Әрине, бұл айтылғандар (грамматикалық формалардың, байланыс түрлерінің, сөз таптарының жеке мүшелерге тәндік мәселесі) қатып қалған, ешбір бұлтарыссыз қағидалар емес. Жеке мүшелерге тән, соларға лайық деп отырған формалар мен байланыс түрлері, т. б. басқа ыңғайда да кездеседі. Бұл жерде солардың (формалардың, бай-ланыс түрінің) жиі кездесетін жағдайлары ғана ескеріліп отыр.

Мағыналық жағынан тұрлаусыз мүшелердің әрқайсысы белгілі бір семантикалық сфераны білдіреді. Айталық, анықтауыш өзі қатысты сөзді сын, сапа, мөлшер, көлем, тегі жағынан түсіндірсе, толықтау-ыш пен пысықтауыштың да өздеріне ғана тән мағыналық сфералары бары мәлім.

Кейде тұлғалас сөздер түрлі сөйлемдегі жұмсалу орнына қарай әр түрлі қызмет атқарады, мыс.: Әкең Мұқан б і з д і ң а у ы л ғ а жиен еді (Мұқанов). Ол біздің а у ы л ғ а келді. Бұл сөйлемдер құра-мындағы барыс тұлғалы ауыл сөзі екі түрлі мүше қызметінде жұмсалған: бірінші сөйлемде — жанама толықтауыш, екінші сөйлемде — мекен пысықтауыш. Алдыңғы сөйлемде ауылға сөзі есімнен болған мүшеге қатысты болса, соңғы сөйлемде етістіктен болған мүшеге қатысып тұр. Мекен пысықтауыштық мағына динамикалық қимыпды білдіретін сөзбен тіркес қараудың салдары болса керек.

Сөйтіп, сөздердің синтаксистік қызметі көп жағдайда өзі тіркесе-тін сөздің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты болады да, көбіне сөз тіркесі құрамында айқындалады.

Қазақ тілінде барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғаулы сөздердің синтаксистік қызметі әр қилы болып отырады. Олардың бірсыпы-расының қандай сөйлем мүшесі екендігін ажырату үшін грамматика-лық формасын, қай сөз табына жататындығын ескерумен бірге сол сөздердің лексикалық мағынасын да қарастыру қажет қолады. Сонда ғана олардың синтаксистік қызметі дұрыс ажыратылады. Мынадай мысалдарға жүгінейік: Мүрат Қарағандыға кетті. Ол қорыққаннан қабырғаға жабысты. Жығылған сүрінгенге күледі. Бұл сөйлемдер құрамындағы сирек терілген сездер бірыңғай тұлғалы болып, етістіктен жасалған мүшеге қатысты болғанмен, қызметтері бірдей емес. Қарағандыға сөзі мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалған, ал, қ абырғаға, сүрінгенге сөздері толықтауыш қызметінде тұр. Бұл жерде сөздің синтаксистік қызметі оның лексикалық мағынасымен астасып жатыр. Біршама кең аумақты, мекенді білдіретін Қарағанды сөзі мекендік мән берсе, зат пен субъектіні білдіретін қабырға, сүрінген сөздері сол тұлғада объектіні білдіреді. Осындай мысалдарды жатыс, шығыс, көмектес тұлғаларына да келтіруге бо-лады.

Сөйтіп, кейде сөздің лексикалық мағынасы мен синтаксистік қызметі үйлесіп келеді.

Тұрлаусыз мүшелердің құрамы дара, күрделі, үйірлі болады:

Ж а қ с ы н ы ң ісі де жақсы (мақал). Айналада к ө з тоқтар бір қара қалмапты (Мүсірепов). Б а л ы т а м ғ а н жас қамыс, ормасаңшы көктейін (Абай). Ушаковті қоршап а л ғ ан жұмысшылар а й т қ ы с ы келгендерін тыңдата алмай наразы қалып еді (Мүсірепов).

 

Толықтауыш

Сөйлем құрамында толықтауыштар, көбінесе, тек сөйлемнің ба-яндауышына ғана қатысты болады да, сол баяндауыш білдіретін іс-

 

қимылдың таралатын объектісін, немесе іс-қимылдың әсеріне, ықпа-лына ұшырайтын, не оған жанама қатысты болатын затты (кісіні), құбылысты, т. б. білдіреді, мыс.: Құлыншақ А б а й ғ а қарай түсіп, үлкен сар шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып, бір кезде көк бүйра насыбайын екі танауына құшырлана тартып қойды (Әуезов). Толықтауыш қызметіндегі сөздер: Абайға, шақшасын, тырнағымен, насыбайын, танауына. Осы толықтауыштардың баяндауышпен байланысу тәсілдері әр түрлі, Бірде толықтауыш табыс септікте тұрса (шақшасын, насыбайын), бірде барыс тұлғада (Абайға), немесе көмектес, барыс (тырнағымен, танауына) тұлғасында тұр. Олардың мәні де бірдей емес. Табыс септікті толық - тауыштар (шақшасын, насыбайын) субъектінің іс-әрекетінің таралған, жайылған объектісі ретінде үғынылса, барыс жалғаулы толықтауыш іс жанама бағытталған объектіні (Абайға) білдіреді.

Толықтауыштар мен меңгеруші сөз арасындағы мағыналық қа-тынас, басқа сөз тіркестеріне қарағанда, тығыз болады. Үйткені мең-геруші (толықталушы) сөздің шын мәні толықтауыш арқылы ғана толық ашылып, айқындалады. Мысалы, жоғарғы сөйлемнің бір компонентін талдап көрейік: үлкен сар шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып. Сөйлем құрамындағы шақшасын, тырнағымен толықтауыштарының бірін түсіріп, үлкен сар шақша-сын сыртылдата қағып отырып деп, немесе тырнағымен сыртылдата қағып отырып десек, меңгеруші сыртылдата, қағып отырып сөздерінің мағынасы толық ашылмас еді. Алдыңғы вариантта не арқылы сыртылдайтыны белгісіз болып қалады да, соңғысында тырнағымен сыртылдатып отырғаны не екені белгісіз. Сөйтіп, толықтауыш пен толықталатын сөздер арасындағы мағыналық қатынас тығыз болады да, толықтауыш тек іс-әрекеттің объектісі ғана емес, толықталушының мән-мағынасын түсіндіруші, саралаушы да.

Толықтауыштардың меңгеруші сөз білдіретін іс-әрекетке, қимыл- ға қатыстылық дәрежесі мен мағыналары, сондай-ақ сөйлем құрамындағы синтаксистік қызметі бірдей емес. Олардың мұндай синтаксистік және мағыналық ерекшеліктері тұлғалары арқылы көрінеді.

Сабақты етістіктен болған іс-қимылға, әрекетке тікелей қатысты болып, сонымен бір тіркесте ғана ұғынылатын толықтауыштарды тура толықтауыш деп атайды. Тура толықтауыш өзі жетегін-

де айтылатын сөзге мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да бүтіндей тәуелді болады. Оның мән-мағынасы да сонымен бір тіркесте ғана үғынылады. Оның (толықтауыштың) грамматикалық тұлғасы меңгеруші етістіктің лексика-грамматикалық ерекшелігімен айқындалады. Қітапты оқыды, тамақты ішті, баланы жұбатты тәрізді тіркестер құрамындағы кітап, тамақ, бала сөздерінің табыс септікте тұруы меңгеруші оқыды, ішті, жұбатты етістіктерінің лексика-грамматикалық қасиетімен айқындалған. Бұл етістіктердің қайыссы да мәңдеріне лайық нені? деген сұрақты қажет етеді де, бағынышты сөздің табыс жалғауда тұруы керек болады. Сөйтіп, табыс септік тура толықтауыштың грамматикалық тұлғасы болады да, олар сабақты етістіктердің жетегінде айтылады.

Етістіктен болған баяндауышпен не басқа бір мүшемен барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері арқылы байланысып, іс-әрекетті қосымша, жанама толықтайтын сөйлем мүшелері жанама толық-тауыш деп аталады. Жанама толықтауыштар меңгеретін мүшемен бірш ама еркін_байланыска түс еді. Тура толықтауыш сияқты, өзі бағынышты, тәуелді бола бермейді. Сонымен қатар, олардың мәндері де сан-салалы, көп қырлы болып отырады.

Тура толықтауыш. Қ азақ тіліндегі тура толықтауыштар меңгеру-

 

ші сөзбен, басқа да түркі тілдеріндегі сияқты, табыс септіктің ашық; және жасырын тұлғасы арқылы байланысады: Біз тарихи с п е к-таклъ қойып жүрген жоқпыз (Ахтанов). П ә л е н ш е н і ұрам деп, түгеншені қырам деп, Таршылықта қайраңдап, кеңшілікте ойрандап, көп батырға қалдыңыз (Абай).

Тура толықтауыштардың табыс септіктің ашық, жасырын тұлға-ларында жұмсалуы жәйлі тюркологияда әр түрлі пікірлер бар. Тюр-кологтардың бірсыпырасы (П. М. Мелиоранский, Н. К. Дмитриев-т. б.) табыс септіктің ашық, не жасырын келуін белгілілік (определен-ность), белгісіздік (неопределенность) теориясымен байланысты-рады. Олардың айтуынша, әңгіме болып отырған объекті белгілі болса, табыс жалғауы түсірілмейді де, айтылып отырған объекті сөйлеушіге белгісіз болса табыс жалғауы түсіріліп айтылады. Сөйтіп, ол теория бойынша, мен к и і м кидім, мен к и і м д і кидім дегендегі киім сөзінің табыс жалғаулы, не жалғаусыз (жасырын) жұмсалуы сөйлеушіге сол заттың (объектінің) бұрыннан белгілі, не белгісіз болуына ғана байланысты. Дегенмен, тіл фактілері табыс жалғауының ашық, жасырын қолданылу заңдылықтарының заттың сөйлеушіге бұрыннан белгілі, не белгісіз болуына ғана байланысты еместігін дәлелдейді. Қазақ тілінде сөйлеушіге бұрыннан белгілі объекті де табыс жалғауынсыз қолданыла береді. Көптен хабарсыз жолдасымнан хат алдым. Сөйлем құрамында тура толықтауыш қызметіндегі хат сөзінің табыс жалғауынсыз айтылуы әсте белгісіздіктен болмаса керек. Үйткені хабар көптен күтілген, бірақ хат енді ғана келген. Сөйтіп әңгіме болған объекті сөйлеушіге бұрыннан белгілі болса да хат сөзі табыс жалғауынсыз қолданылған.

Табыс жалғауының ашық, не жасырын келуі кейде даралық, жалпылық ұғыммен ұштасып жататын кездері болады. Ол к и і м киді, мен шаш алдырдым. Колхозшылар е г ін орып жатыр. Ба-лалар ағ аш тасыды. Құрылысшылар ү й салды. Оқушылар сабақ оқыды тәрізді сөйлемдер құрамындағы киім, шаш, егін, ағаш, үй, сабақ сөздерінің жалгаусыз қолданылуы, бір жағынан, сол сөздердің жеке, дара затты білдірмей, жалпылық ұғымда қолданылуымен де байланысты. Екінші сөзбен, нақ қай киімді кигені қажет емес, әйтеуір киімді; құрылысшылар нақ қай үйді салғаны қажет емес, әйтеуір үй салып жатыр, т. б. Бірақ бұларды сол заттың сөйлеушіге белгілі, белгісіздігімен байланыстыруға әсте келмейді. Тіл фактілеріне қарағанда, сөз бір өңкей заттардың бәрін емес, солардың бірін білдіру үшін ғана жұмсалса, табыс жалғауының ашық тұлғасында қолданылады. Мысалы, Құрылысшылар ү й д і салып бітірді десек, жалпылық мәнде емес, жекелік мәнде ұғынылар еді де, ү й сөзі табыс жалғауының ашық түрінде келер еді. Дегенмен, кейде жалпылық үғымда қолданылған сөздер де табыс жалғауының ашық тұлғасында келуі мүмкін. Мысалы: Көшкен ел малын айдап, азан-қазан боп жолға түсті. Мал сөзі осы жерде даралық мәнде қолданылған деуге ешбір негіз жоқ, сонда да табыс жалғауының ашық тұлғасында келген. Сірә, мұндай реттер сөзге логикалык, екпіннің түсуімен байланысты болса керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1616; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.038 сек.