Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

МУМИНУН 5 страница




Сондай қарсы келгендер, өздеріне кенеттен қиямет келгенге немесе сәтсіз бір күннің азабы келгенге дейін үнемі Құраннан күдіктенуде. (55)

Сол күні, иелік Аллаға тән. Олардың араларына үкім жүргізеді. Сонда иман келтіргендер, ізгі іс істегендер, бақытты жаннаттарда болады. (56)

Қарсы келіп, аяттарымызды жасынға айналдырғандар, міне соларға қорлаушы азап бар. (57)

Ал Алла жолында босқандар, сосын өлтірілген немесе өлгендер, әлбетте Алла оларға көркем несібе береді. Күдіксіз Алла, әрине Ол, несібе берушілердің жақсысы. (58)

Алла оларды разы болатын орынға кіргізеді. Рас Алла, аса білуші, өте жұмсақ. (59)

Міне осылай; кім өзіне істелгендей ғана істеген бола тұра; ол, қайта бұған соқтықса, әрине Алла, оған жәрдем етеді. Күдіксіз Алла, аса кешірімді, өте жарылқаушы. (60)

Міне шын мәнінде Алла, түнді күндізге қосып, күндізді түнге қосады. Күдіксіз Алла, әр нәрсені естиді, көреді. (61)

Міне күдіксіз Алла, Ол хақ. Расында олардың Алладан өзге сиынғандары ол, босқа. Рас Алла, Ол өте жоғары, аса ұлы. (62)

Көрмейсің бе? Рас Алла, көктен жаңбыр жаудырып, жерді жасылдыққа айналдырды. Шәксіз Алла, өте мүлайым, толық білуші. (63)

Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Шынында Алла, өте бай, аса мақтаулы. (64)

Рас Алланың, жердегілерді және өз әмірімен теңізде жүрген кемені сендерге бағынышты қылғанын және де өз бұйрығынсыз көктің жерге түсуін тоқтатқанын кермейсің бе? Күдіксіз Алла, адам баласына, әлбетте өте есіргеуші, аса мейірімді. (65)

Ол сондай Алла, сендерді тірілтті, сосын өлтіреді, сонан кейін және тірілтеді. Расында адам баласы нәсүкір. (66)

Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Ендеше (Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенімен бұл іс жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің. (67)

Егер олар сенімен таласса: “Алла, не істегендеріңді жақсы біледі” де. (68)

Алла, қиямет күні, араларыңдағы қайшылыққа түскен нәрселер жайында үкім береді. (69)

Алланың жер, көктегі нәрселерді білетінін білмейсің бе? Шәксіз бұлар, Кітапта жазулы. Күдіксіз бұл, Аллаға оңай. (70)

Олар, Алладан өзге, оған ешбір дәлел түсірілмеген және ол жөнде өздеріне де ешбір мәлімет болмаған нәрселерге табынады. Ол залымдар үшін, бір жәрдемші болмайды. (71)

Қашан оларға ашық аяттарымыз оқылса, кәпірлердің жүздерінен қарсылық сезесің. Сондай-ақ оларға аяттарымызды оқығандарды бассала жаздайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Енді сендерге бұдан да жаманның хабарын берейін бе? Ол, от! Алла оны, қарсы болғандарға уәде еткен нендей жаман орын!”,- де. (72)

Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар: Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлығы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де нашар. (73)

Олар Алланың қадырын біліп, шын мәнінде бағалай алмады. Алла аса күшті, өте үстем. (74)

Алла, періштелерден де адамдардан да елшілер ғана белгіледі. Шәксіз Алла, әр нәрсені аса естуші, тым көруші. (75)

Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Сондай-ақ барлық іс Аллаға қайтады. (76)

Әй иман келтіргендер! Рүкүғ, сәжде қылып, Раббыларыңа ғибадат қылыңдар. Және қайыр қылыңдар. Әрине құтыласыңдар. (77)

Алла жолында шынайы түрде күресіңдер. Сендерді Ол таңдады. Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолы. Алла бұрын да осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін, “Мұсылман” деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де Аллаға жабысыңдар. Иелерің Сол; нендей жақсы ие. Нендей жақсы жәрдемші! (78)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Шынында иман келтіргендер құтылды. (1)

Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады. (2)

Олар, бос нәрселерден аулақ болады. (3)

Олар, зекеттерін береді. (4)

Олар, ұятты жерлерін сақтайды. (5)

Бірақ жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ. (6)

Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шығушылар. (7)

Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы. (8)

Олар, намаздарына ұқыпты. (9)

Міне солар, мұрагерлер. (10)

Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жаннатына мұрагер болады. (11)

Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. (12)

Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық. (13)

Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла. (14)

Бұдан кейін әрине сендер өлесіңдер. (15)

Сосын сендер қиямет күні, күдіксіз тірілтілесіңдер. (16)

Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз. (17)

Көктен бір мөлшерде жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіне тоқтаттық. Рас оны жоғалтуға да күшіміз жетеді. (18)

Міне сонымен сендерге құрма ағаштары, жүзімдер және оның ішінде сендер қоректенетін көптеген жемістер бар бақшалар пайда қылдық. (19)

Сондай-ақ Тұрсинадан жеушілерге қатық түрінде майлы өсетін (зейтін) ді шығардық. (20)

Рас сендер үшін малдарда әлбәтте өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер. (21)

Мал және кемеменен тасымалданасыңдар. (22)

Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда ол: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?” деді. (23)

Онда елінің қарсы болған бастықтары: “Бұл өздерің сияқты ғана адам. Сендерге үстем болғысы келеді. Егер Алла қаласа, періште жіберер еді. Бұны бұрынғы аталарымыздан естімедік” деді. (24)

“Ол, жын соққан ғана бір адам. Сондықтан оны бір заманға дейін тосыңдар.” (25)

(Нұх Ғ.С.): “Раббым! Олардың мені жасынға шығаруларына қарсы маған нұсырат бер!”,- деді. (26)

Сонда оған: “Көздеуіміз де нұсқауымыз бойынша кеме жаса” деп уахи еттік. Қашан әміріміз келіп, тандыр (дан су) қайнаса, сонда әр жыныстан бір жұп және өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, семьяңды алып, кемеге түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған түк деме. Өйткені олар, суға батуға тиісті” деп уахи еттік. (27)

Сен қашан жолдастарыңмен бірге кемеге орналассаң: “Барлық мақтау бізді залымдардан құтқарған Аллаға тән” де. (28)

“Раббым! Мені құтты бір қонысқа қондыр! Сен ең жақсы орналастырушысың” де. (29)

Рас бұнда өнегелер бар. Әрине Біз сынаймыз. (30)

Бұлардан кейін басқа нәсілдер пайда қылдық. (31)

Оларға өздерінен жіберген елшіміз: “Аллаға құлшылық қылыңдар. Алладан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?”,- (деді). (32)

Елінің қарсы болған, ақыретті жасынға шығарған сондай-ақ Біз, өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: “Бұл өздерің құсаған ғана бір адам. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді” деді. (33)

“Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас сендер; сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар.” (34)

“Сендерге; өліп, топырақ және сүйек болғанда; шын тіріліп, шығатындарыңды ескерте ме?” (35)

“Сендерге бұл ескертілген нәрсе; ұзақ, тым ұзақ!” (36)

“Дүниедегі тіршілігіміз ғана тіршілік. Кейіміз өлеміз, кейіміз өмір сүреміз де қайта тірілтілмейміз.” (37)

“Ол (Һұд) Аллаға өтірік жала жапсырған адам. Біз оған сенбейміз.” (38)

(Һұд Ғ.С.): “Раббым! Мені жасынға айналдырғандарға қарсы, нұсрат бер!”,- деді. (39)

(Алла): “Олар аз бір заманда әлбетте өкінішке ұшырайды” деді. (40)

Шынайы түрде оларды ащы бір дауыс қолға алып, сыпырындыға айналдырдық. Залым қауым рахметтен ұзақ болсын! (41)

Сосын бұлардан кейін басқа нәсіл пайда қылдық. (42)

Ешбір қауым ажалын (белгілі мерзімін) ілгерлете, кейіндете алмайды. (43)

Сонан кейін елшілерімізді үздік-создық жібере бердік те әр үммет; пайғамбарлары келген сайын оны жасынға шығара берді. Сондықтан оларды, бірінен кейін бірін жойып, аңызға айналдырдық. Иман келтірмеген ел рахметтен ұзақ болсын! (44)

Артынан Мұса мен туысы Һарұнды белгілеріміз, ашық дәлелдерімізбен жібердік. (45)

Перғауын мен шонжарларына. Сонда олар дандайсыған, өр көкірек ел еді. (46)

Олар: “Елі, бізге құлдық істеп жүрген, өзіміз секілді екі адамға сене кетейік пе?”,- десті. (47)

Екеуін жасынға шығарды. Сондықтан жоқ етілді. (48)

Рас Мұса (Ғ.С.) ға; елі, тура жол табуы үшін Кітап бердік. (49)

Мәриям ұлы мен анасын бір ғибрат қылдық. Екеуін бұлақты, бір көтеріңкі жәйлі жерге орналастырдық. (50)

Әй пайғамбарлар! Таза нәрселерден жеңдер, игілік істеңдер. Расында не істегендеріңді жақсы білемін. (51)

Рас осы топтықтар, бір-ақ топтық. Мен, Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар. (52)

Алайда олар өзара (дін) істерінде бөлшектеніп, әр топ өз алдарындағысына мәз болды. (53)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларды бір мерзімге дейін адасқан бойынша тастап қой. (54)

Негізінде оларды, мал және балалармен қамдағанымызды: (55)

Олардың игіліктеріне ынтық болғандығымыз деп ойлай ма? Олай емес. Олар, түсінбейді. (56)

Ал олар Раббыларынан қорқып, үрейленеді. (57)

Олар, Раббыларының аяттарына иман келтіреді. (58)

Олар, Раббыларына серік қоспайды. (59)

Расында не берсе де Раббыларына қайтуларынан, жүректері қорқып, бергендер; (60)

Міне осылар, жақсылықтар да жарысады да олар, оның озаттары. (61)

Кісіге шамасы келетінді ғана міндеттендіреміз. Жанымызда шындықты сөйлейтін бір Кітап бар. Олар зұлымдық көрмейді. (62)

Бірақ олардың жүректері бұл Құраннан хабарсыз және олардың бұдан өзге де істеген істері бар. (63)

Олар мәз болған кезде, жазаға тартсақ, сол уақытта олар зар илейді. (64)

“Бүгін зарламаңдар! Расында сендер, Менен жәрдем көре алмайсыңдар.” (65)

“Сендерге аяттарымыз оқылатын еді де теріс айналатын едіңдер.” (66)

“Аяттарымызға тәкаппарсынып, мүлде сандырақтаушы едіңдер” (67)

Олар сөзді (Құранды) зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68)

Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарыса ма? (69)

Немесе: “Онда бір жындылық бар” дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де олардың көбі шындықты жақтырмайды. (70)

Егер шындық олардың көңілдері тартқан жаққа кетсе, әрине көктер мен жер және онда болған әркім бұзылып кетер еді. Олай емес. Оларға үгіт келтірдік. Сонда олар насихаттарынан жалтарды. (71)

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан жалақы сұрадың ба? Раббыңның сауабы қайырлы. Ол, ризық берушілердің ең қайырлысы. (72)

Әрине сен оларды тура жолға шақырасың. (73)

Ақыретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығушылар. (74)

Егер оларға мәрхамет етіп, бейнеттерін айықтырсақ та қасаруларында абыржып кете береді. (75)

Рас оларды азапқа алдық. Сонда да Раббыларына мойынсал болмады әрі жалбарынбады. (76)

Тіпті оларға бір азаптың есігін ашсақ, сол уақытта олар оның ішінде күдер үзеді. (77)

Ол, сендер үшін: есту, көру және ойлау қабілетін жаратты. Сонда да аз ғана шүкірлік қыласыңдар. (78)

Ол, сендерді жер жүзіне таратты. Сондай-ақ Ол Алла тарапына жиналасыңдар. (79)

Сендерді тірілтеді, өлтіреді және күндіз, түннің ауысуы Оған тән. Ал ойламайсыңдар ма? (80)

Жоқ, олар бұрынғылардың айтқанын айтады. (81)

Олар: “Біз өліп, топырақ және сүйектер болсақ та рас қайта тірілтілеміз бе?”,- деген. (82)

“Расында бұл бопса, бізге де бұрынғы аталарымызға да жасалған. Бұл бұрыңғылардың ертегілері ғана.” (83)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер білсеңдер, жер жүзі және жер жүзінде болғандар кімдікі?”,- де. (84)

Олар дереу: “Алланікі” дейді. “Ал сонда да зер салмайсыңдар ма?”,- де. (85)

“Жеті көктің Раббы және ұлы ғаршының Раббы кім?”,- де. (86)

Дереу: “Алла” дейді. “Сонда да қорықпайсыңдар ма?”,- де. (87)

“Егер білсеңдер, әр нәрсенің басқаруы қолында, өзі қорғаушы, қорғалмайтын (немесе Оған қарсы біреуді біреу қорғай алмайтын) кім?”,- де. (88)

Олар дереу: “Алла” дейді. “Ал онда қалайша жадыландыңдар?”,- де. (89)

Жоқ, олай емес. Оларға шындықты әкелдік. Олар мүлде өтірікші. (90)

Алла еш бала иемденбеді. Онымен бірге тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз жаратқаның алып кетер еді де бір-біріне үстемдік қылар еді. Алла, олардың сипаттағанынан пәк. (91)

Алла көрнеуді де көместі де біледі. Сондай-ақ олардың қосқан ортақтарынан үстем. (92)

(Мұхаммед): “Раббым! Оларға уәде етілген азапты әлбетте маған көрсететін болсаң, (93)

“Раббым! Мені залым елдің ішінде қылма!”,- де. (94)

Расында оларға деген апатты әрине саған көрсетіп, әкелуге де шамамыз келеді. (95)

Жамандықты жақсылықпен кетір. Олардың баян еткен нәрсесін жақсы білеміз. (96)

“Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сиынамын” де. (97)

“Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сиынамын…” (98)

Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: “Раббым! Мені дүниеге қайтар!” (99)

“Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы амал істермін.” Әсте олай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар. (100)

Қашан Сұр үрілсе, сол күні; олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды. (101)

Ал сол күні, кімнің таразысы ауыр тартса, міне солар құтылушылар. (102)

Ал және кімнің таразысы жеңіл тартса, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мүлде қалады. (103)

Олардың беттерін от өртеп, олардың онда тістері ақсиып қалады. (104)

“Өздеріңе аяттарым оқылғанда оны жасынға шығармадыңдар ма?” (105)

Олар: “Раббым! Сорымыз жеңіп, адасқан бір ел екенбіз ғой” дейді. (106)

“Раббымыз! Бізді бұдан шығар! Сонда егер қайта күнәкар болсақ; шын залымбыз.” (107)

Оларға: “Сонда сіңіп, жоғалыңдар! Маған сөйлеспеңдер” дейді. (108)

Құлдарымнан бір бөлім: “Раббымыз! Иман келтірдік, бізді жарылқа! Және бізге мәрхамет ет. Сен мәрхамет етушілердің ең жақсысысың” дейтіндер бар еді. (109)

Сонда сендер оларды келемежге алып едіңдер. Хатте оларға күлулерің Мені еске алуларыңды мүлде ұмыттырған еді. (110)

Рас бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті сыйлыққа бөледім. Олар анық мұратқа жеткендер… (111)

Алла, оларға: “Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?”,- дейді. (112)

Олар: “Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра” дейді. (113)

“Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар” дейді. (114)

“Шын Біз, сендерді босқа жараттық та тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?”,- дейді. (115)

Шынайы патша Алла, өте жоғары. Одан басқа тәңір жоқ. Ол, ардақты ғаршының Раббы. (116)

Біреу, Алла мен бірге дәлелсіз басқа бір тәңірге табынса, рас оның есебі Раббының қасында. Өйткені, қарсы болғандар құтылмайды. (117)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Раббым! Жарылқа, мәрхамет ет! Сен мәрхамет етушілердің ең жақсырағысың” де. (118)

24. НҰР

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Бұл сүрені түсірдік те оның үкімдерін парыз қылдық. Сондай-ақ үгіт алуларың үшін; мұнда ашық аяттар түсірдік. (1)

Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ақырет күніне сенсеңдер; оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын. (2)

Зинашы ер; зинашы немесе мүшрік әйелмен үйленуге лайық. Зинашы әйел де; зинашы немесе мүшрік ермен ғана үйленеді. Бұлар мүміндерге арам қылынды. (3)

Сондай абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандар; кейін төрт айғақ келтіре алмаса, онда оларға сексен дүре соғыңдар. Және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне солар, бұзықтар. (4)

Бірақ содан кейін тәубе етіп, түзелгендерге; Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (5)

Жұбайларына зина жаласын жауып, өздерінен басқа ешбір айғақтары болмағандардың әрбірінің куәлігі, шын айтушы екендіктеріне байланысты төрт рет Алланың атымен ант ішулері. (6)

Бесінші ретте (ер): “Егер өтірік айтушылардан болсам, Маған Алланың лағынеті болсын!”,- (дейді). (7)

Ерінің өтірік айтушылардан екендігіне байланысты әйел де төрт рет Алланың атымен ант ішіп, өзінен жазаны кетіре алады. (8)

Бесінші рет (әйел): “Егер оның айтқандары шын болса, маған Алланың қаһары тисін!”,- (дейді). (9)

Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса (не болар еді?), Расында Алла, тәубелерді қабылдаушы, аса дана. (10)

Шынында сендерден өсек айтып келген топтың сөзін жаман деп есептемеңдер. Керісінше ол, сендер үшін қайырлы. Олардың әрбіреуі күнә тапты. Олардан басшылық еткен үлкеніне зор азап бар. (11)

Егер оны естігендеріңде мүмін ер, әйел көңілдерінде қайыр ойлап: “Бұл бір ашық өсек” десе еді? (12)

Олар, оған төрт куә келтірсе еді? Сондай-ақ олар куә әкелмеді. Міне солар, Алланың қасында өтірікші. (13)

Егер сендерге дүние, ақыретте Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса еді, әрине өсек тартқандықтарыңның салдарынан зор азапқа душар болар едіңдер. (14)

Сол уақытта өсекті ауызекі жалғастырып, білмеген нәрсені айта отырып, оны жеңілге сайдыңдар. Ол, Алланың қасында зор іс еді. (15)

Егер оны естіген сәтте: “Бұны, біздің айтуымызға болмайды. Алла сақтасын. Бұл бір ірі жала” деген болсаңдар еді. (16)

Егер мүмін болсаңдар, Алла мұндайды мүлде қайта істемеулеріңді насихаттайды. (17)

Алла, сендерге аяттарын ашық баян қылады. Әрі Алла толық білуші, аса дана. (18)

Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге; дүние, ақыретте күйзелтуші азап бар. Алла біледі. Сендер білмейсіңдер. (19)

Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса. Рас Алла өте жұмсақ, ерекше мейірімді. (20)

Әй мүміндер, шайтанның басқан іздерін баспаңдар. Кім шайтанның іздеріне ерсе, күдіксіз ол, ұятсыздықты, жамандықты меңзейді. Егер сендерге Алланың игілігі, мейірімі болмаса еді, ешбіреуің әсте ағармайтын едіңдер. Бірақ Алла қалаған құлын ағартады. Алла әр нәрсені естуші, білуші. (21)

Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу етіп, кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (22)

Расында абыройлы мүмін, ақ ниет әйелдерге жала қойғандар; дүние, ақыретте қарғалды. Әрі олар үшін ірі азап бар. (23)

Қиямет күні, оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады. (24)

Сол күні Алла, оларға лайықты жазасын толық береді. Сондай-ақ рас Алланың ашық шындық екенін олар біледі. (25)

Сұм әйелдер сұм ерлерге, сұм ерлер сұм әйелдерге, сондай-ақ игі әйелдер игі ерлерге, игі ерлер игі әйелдерге лайық. Бұлар, олардың айтқандарынан ақ. Олар үшін жарылқау әрі көркем несібе бар. (26)

Әй мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін қайырлы. Әрине түсінерсіңдер. (27)

Егер үйде ешкім таппасаңдар, өздеріңе рұқсат бермейінше кірмеңдер. Егер сендерге: “Қайтыңдар” делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді жақсы біледі. (28)

Ішінде отырылмайтын, нәрселерің бар үйлерге кірулеріңнің оқасы жоқ. Алла көрнеулеріңді де көместеріңді де біледі. (29)

(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы. (30)

Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (31)

Іштеріңдегі бойдақтарды, сондай-ақ қолдарыңдағы құл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады. Алла, аса кеңшілік иесі, толық білуші. (32)

Үйлене алмағандар, Алла өз кеңшілігімен байытқанға дейін суық жолдан сақтансын. Қолдарыңдағылардан (құл, күң) хат тілегендерге, егер оларда бір қайыр білсеңдер, хат келісімін жасаңдар. Әрі оларға Алланың өздеріңе берген малынан да беріңдер. Өздері абыройлы болуды қалаған күңдеріңді дүние тіршілігінің пайдасы үшін жамандыққа зорламаңдар. Кім оларды зорласа; онда Алла, ол зорланғаннан кейін аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (33)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 328; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.109 сек.