Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

МУМИНУН 6 страница




Рас сендерге ап-ашық аяттарды әрі сендерден бұрынғы өткендерден мысал және тақуалар үшін насихат түсірдік. (34)

Алла (Т.) көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетті зәйтін майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші. (35)

(Бұл нұр) Алланың жоғары бағаланып, ішінде өз атының зікір етілуіне бұйырған үйлерде болады. Онда ертелі-кеш Оны дәріптейді. (36)

Өздерін сауда-саттық; Алланың зікірінен, намазды орындаудан, зекет беруден тоспайтын адамдар бар. Олар, жүректер мен көздердің қозғалатын күнінен қорқады. (37)

Сондықтан Алла, оларға істегендерінің ең көркем сыйлығын тіпті өз қасынан артылтып береді. Алла қалаған құлын есепсіз несібеге бөлейді. (38)

Сондай қарсы болғандардың істері, шөлдегі сағым сияқты. Шөлдеген кісі оны су деп ойлайды. Ақыр оған барған сәтте, еш нәрсе таба алмайды. Жанында Алланы табады. Ол, оның есебін толық көреді. Алланың есебі, жылдам. (39)

Немесе олардың мысалы: Терең теңіздегі қараңғылық тәрізді. Толқын үстіне толқын, оның үстін бұлт қаптаған қараңғылықтар; бір-бірінің үстінде. Кісі қолын шығарса, оны көре алмайды. Алла жарық қылмаған біреудің жарығы болмайды. (40)

Көктер мен жердегі әркімнің әрі қатар-қатар ұшқан құстың Алланы дәріптегенін көрмейсің бе? Барлығы өзіне тән намазын, тәсбихын біледі. Алла олардың істегенін толық біледі. (41)

Көктер мен жердің меңгеруі Аллаға тән. Және қайтар жер де Алла жақ. (42)

Көрмейсің бе? Рас Алла, бұлттарды айдайды. Сосын оның араларын біріктіреді. Сонан соң оны қабат-қабат қылады. Сонда бұлттың араларынан жаңбыр шыққанын көресің. Және аспаннан ішінде бұршағы бар (бұлт) тауларын түсіреді де ол арқылы қалаған пендесіне апат жеткізіп, қалағанынан бұрып, әкетеді. Найзағайдың жарқылы; көздерді әкете жаздайды. (43)

Алла; күндізбен, түнді ауыстырады. Рас бұнда, қырағылар үшін әрине ғибрат бар. (44)

Алла әр жандықты судан жаратты. Сонда кейбіреуі баурымен жүреді, кейбіреулері екі аяғымен жүреді және кейбіреуі төрт аяқтап, жүреді. Алла қалағанын жаратады. Рас Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші. (45)

Расында ашық баян етуші аяттарды түсірдік. Сондай-ақ Алла қалағанын тура жолға салады. (46)

Олар: “Аллаға, Пайғамбарға иман келтірдік, бой ұсындық” дейді де, сосын одан кейін олардан бір бөлімі жалтарады. Міне солар иман келтірмегендер. (47)

Қашан олар, араларына үкім беру үшін Аллаға, Пайғамбарына шақырылса, сол уақытта олардың бір бөлімі бас тартады. (48)

Егер оларға бір тиесі болатын болса, оған бой ұсынған түрде келеді. (49)

Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме? Не өздеріне Алла, Пайғамбары әділетсіздік істейді деп, қорқа ма? Олай емес. Олардың өздері залым. (50)

Шын мәнінде мүміндер, араларына үкім беруге шақырылғанда, олардың сөздері: “Естідік, бой ұсындық” деу болады. Міне бұлар құтылушылар. (51)

Кімде-кім Аллаға, Пайғамбарына бағынса, сондай-ақ Алладан қорқып, сақтанса, міне солар, қолы жеткендер. (52)

(Мұхаммед Ғ.С. мұнафықтар): “Егер әмір етсең (соғысқа) әлбетте шығамыз” деп Аллаға шынайы ант ішеді. Оларға: “Ант ішпеңдер! Бағынғандарың мәлім. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі” де. (53)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Аллаға, Пайғамбарына бағын” де. Егер бағынудан бет бұрсаңдар, шын мәнінде Пайғамбар, өзіне жүктелгенге, сендер, өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер Пайғамбарға бой ұсынсаңдар, тура жол табасыңдар. Сондай-ақ Пайғамбарға ашық түрде жалғастыру ғана міндет. (54)

Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге; өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені серік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар. (55)

Намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер. (56)

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы келгендер, жер жүзінде бізді әлсіретті деп, ойлама! Олардың орны тозақ, нендей жаман орын! (57)

Әй мүміндер! Меншіктеріңдегі құл-күңдер, әлі ержетпеген балаларың, осы үш мезгілде (жандарыңа) рұқсат сұрап кірсін: Таң намазының алдында, түсте киімдеріңді шешкен уақытта және құптан намазынан кейін. Сендер үшін осы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа уақытта) сендерге де оларға да айып емес. Өйткені, сендер бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. Осылайша Алла, сендерге аяттарын баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі. (58)

Ержеткен балаларың, бұрынғылар рұқсат сұрағандай рұқсат сұрап кірсін. Осылайша сендерге Алла аяттарын ашық баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі. (59)

Некеленуден күдер үзіп, үйде отырған кемпірлердің зейнеттерін ашпай сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан да сақтанса, олар үшін тағы жақсы. Алла толық естуші, әр нәрсені білуші. (60)

(Бір үйден тамақ жеулерінде) соқырға кінә жоқ, ақсаққа кінә жоқ, ауруға да кінә жоқ. Сондай-ақ сендерге өз үйлеріңнен (әйелдеріңнің, балаларыңның) не әкелеріңнің үйлерінен, я шешелеріңнің үйлерінен, я аға-інілеріңнің үйлерінен, я әпке-қарындастарыңның үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан көкелеріңнің үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан апайларыңның үйлерінен, я нағашы ағаларыңның үйлерінен, я нағашы апайларыңның үйлерінен, немесе кілттеріне ие болған не достарыңның үйлерінен тамақ жеулеріңде айып жоқ. Сондай-ақ бірлікте не жеке-жеке жеулерің айып емес. Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (Мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер! Осылайша Алла, сендерге аяттарын ашық баян етеді. Әрине түсінерсіндер. (61)

Шын мәнінде мүміндер, сондай Аллаға, Пайғамбарына иман келтіргендер, егер олар Пайғамбар мен бірге топты түрде бір істе болса, Пайғамбардан рұқсат алмайынша кетпейді. (Мұхаммед Ғ.С.) рас сенен рұқсат сұрағандар; міне солар, Аллаға, Пайғамбарға иман келтіргендер. Қашан олар кейбір жұмыстары үшін сенен рұқсат сұраса, олардан қалағаныңа рұқсат бер. Және оларға Алладан жарылқау тіле. Күдіксіз Алла, өте жарылқаушы, аса мейірімді. (62)

Пайғамбардың шақыруын өзара бір-біріңді шақыруға ұқсатпаңдар! Рас Алла, сендерден ептеп, далдаланып шығып кететіндерді біледі. Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын. (63)

Естеріңде болсын! Көктер мен жердегі нәрселер Алланікі. Расында Ол, сендердің неменеде болғандарыңды біледі. Сондай-ақ олар, өз жағына қайтқан күні, оларға, не істегенін білдіреді. Алла барлық нәрсені толық біледі. (64)

25. ФУРҚАН

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймьн.

Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары. (1)

Көктер мен жердің патшалығы Онікі. Ол, ешкімді бала қылып алмады да Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ. Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі. (2)

(Сонда да) олар Алладан өзге, бір нәрсені жарата алмайтын, өздері жаратылатын, сондай-ақ өздеріне де пайда, зиян келтіру күшіне және өлтіру, тірілту тағы өлгенді қайта тірілту күшіне ие болмағандарды тәңір жасап алды. (3)

Сондай кәпірлер: “Бұл Құран мүлде жасанды. Оны өзі шығарды, оған басқа ел де көмектесті” деп, олар орынсыз жала жапсырды. (4)

Және олар: “Ол Құран бұрынғылардың аңызы. Оны, бұл жаздырып алады да, ертелі-кеш өзіне оқылады” деді. (5)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Құранды көктер мен жердің сырын білетін Алла түсірді. Рас Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді” де. (6)

Тағы олар: “Бұл қалай Пайғамбар? Тамақ жейді, базарларда жүреді. Неге оған, онымен бірге жүріп, қорқытатын періште түсірмейді?”,-десті. (7)

“Немесе оған (шаңырақтан) бір қазына тасталса не оның бір қоректенетін бақшасы болса еді.” Сөйтіп залымдар: “Сендер мүлде жадыланған кісіге ересіңдер” деді. (8)

(Мұхаммед Ғ.С.) Қара! Сен үшін қалай мысалдар берді. Енді олар жол таба алмайтын түрде адасты. (9)

Сондай молшылық иесі Алла қаласа, бұлардан да жақсы, астарынан өзендер ағатын бақшалар бере алады. Тағы сен үшін; сарайлар жасай алады. (10)

Бірақ олар қияметті жасынға шығарады. Қияметті жасынға шығарғандар үшін; қайнаған тозақты әзірледік. (11)

Тозақ, оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте, олар оның қайнап, күркірегенін естиді. (12)

Олар, тозақтың тар бір жеріне қолдары, мойындарына байлаулы тасталғанда, сол жерде жоқ болуды қалайды. (13)

“Бүгін бір-ақ жоқ болуды тілемеңдер! Көптеген жоқ болуды тілеңдер” (делінеді). (14)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?”,- де. (15)

Олар мәңгі қалатын жаннаттта, не тілесе бар. Бұл, Раббың міндетті түрде орындайтын бір уәде. (16)

Ол; сол күні, оларды және Алладан өзге табынғандарын жинайды. Сонда олардан: “Осы құлдарымды сендер адастырдыңдар ма? Немесе жолдан өздері адасты ма?”,- деп сұрайды. (17)

(Ол табынылғандар): “Сен пәксің. Бізге Сенен өзгені ие қылуымыз лайық емес. Бірақ Сен, оларды да аталарын да қамтамасыз еттің. Тіпті Сені еске алуды ұмытты да жоғалуға лайық бір ел болды” деді. (18)

(Табынғандарың) рас айтқандарыңды жасынға айналдырады. Сонда оны қайтара алмайсыңдар да бір көмек те таба алмайсыңдар. Сендерден кім зұлымдық қылса, ірі азап таттырамыз. (19)

(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін ғана пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені көруші. (20)

Сондай бізге кездесуді күтпегендер: “Бізге періштелер неге түсірілмейді? Немесе Раббымызды көрсек” деді. Расында олар өздерін-өздері жоғары санады да тым шектен шығып кетті. (21)

Олар періштелерді көрген күні, күнәкарлар үшін қуанышты күн болмайды. Періштелер: “Жоқ, сендерге қуаныш жоқ” дейді. (22)

Олар нендей бір іс істеген болса, рас оны қолға алып, шашылған тозаңға айналдырамыз. (23)

Ол күні, жаннаттықтардың тұрар жері жақсы, тынығар жерлері өте көркем болады. (24)

Ол күні, аспан бұлттарша жарылып, періштелер жалғасты түрде түсіріледі. (25)

Ол күні, шын патшалық Алланікі. Ол кәпірлер үшін өте ауыр күн болады. (26)

Ол күні әр залым өз қолын шайнап: “Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді” дейді. (27)

“Нендей өкініш маған; Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім…” (28)

“Шынында ол, Құран келгеннен кейін мені одан адастырды. Негізінде шайтан адам баласы үшін опасыз болады.” (29)

Пайғамбар: “Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастап қойды” деді. (30)

Сол сияқты әр пайғамбар үшін күнәкарларды дұшпан қылдық. Раббың жетекшілік және көмекшілікте саған жетіп, асады. (31)

Тағы кәпірлер: “Оған Құран бір-ақ жолда неге түсірілмеді?”,-деді. Осылайша, көкейіңе қондыру үшін оны анықтап оқыдық. (32)

Олар саған бір мысал келтірсе; әрине саған шындықты және көркем түсінікті әкелеміз. (33)

Тозаққа бетімен жер бастырылып жиналатындар; міне солар, орындары жаман, жолдары қаңғырыс болатындар. (34)

Рас Мұсаға Кітап беріп, Онымен бірге туысы Һарұнды уәзір қылдық. (35)

Сонда оларға: “Екеуің аяттарымызды жасынға шығарған елге барыңдар” дедік. Ақыры ол елді мүлде типыл қылдық. (36)

Нұх (Ғ.С.) тың елін де пайғамбарларды жасынға шығарған кезде суға батырып, оларды адам баласы үшін бір ғибрат қылдық. Сондай-ақ залымдар үшін күйзелтуші азап дайындадық. (37)

Ғад, Сәмүд және Рес елін; бұлардың арасында көптеген нәсілдерді де… (38)

Барлығына да мысалдар берген едік те мүлде жоқ еттік. (39)

Расында (Меккеліктер) сондай пәлекет жаңбырға ұшыраған кентке келген еді. Олар оны көрмеді ме? Олай емес. Олар қайта тірілуді де үміт етпейді. (40)

(Мұхаммед Ғ.С) Олар сені көрсе-ақ болды: “Алланың жіберген Елшісі осы ма?”,- деп тәлкекке алады. (41)

Олар: “Егер оған шыдамасақ, тәңірлерімізден адастыра жаздады” дейді. Олар азапты көрген сәтте, кімнің жолдан адасқанын біледі. (42)

(Мұхаммед Ғ.С.) ойын тәңір жасап алғанды (ойының құлы болғанды) көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба? (43)

Немесе олардың көбін; тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсың ба? Олар мүлде хайуандар тәрізді. Бәлкім олар жолдан тым адасқан. (44)

Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны тұрақты қылар еді. Сосын күнді көлеңкеге бір дәлел қылдық. (45)

Сосын ұзын көлеңкені өз жағымызға қолай алдық. (46)

Ол сондай Алла, сендерге түнді киім, ұйқыны тынығу етіп, күндізді (кәсіпке) тарқау мезгілі қылды. (47)

Ол сондай Алла; рахметінің (жаңбырдың) алдында қуандырып, самалдарды жіберді. Аспаннан тап-таза жаңбыр жаудырдық: (48)

Ол арқылы өлі жерді жандандырып, біз жаратқан хайуандар менен көптеген адамдарды суару үшін. (49)

Расында үгіт алулары үшін; жаңбырды араларына айналдыра жаудырдық. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді. (50)

Егер қаласақ; әр кентке бір ескертуші жіберер едік. (51)

(Мұхаммед Ғ.С.) енді кәпірлерге бағынба! Олармен Құран арқылы ұлы күрес жаса! (52)

Ол сондай Алла, екі теңізді қоя берді; мынау тәтті сүйкімді және анау тұзды, ащы. Екі арасына (қосылып, араласпайтын) бөгет жасады. (53)

Ол сондай Алла, судан адам жаратып, оны ұрпақ және жегжат қылды. Раббың күшті. (54)

Олар, Алладан өзге өздеріне пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге шоқынады. Сондай-ақ кәпірлер Раббына қарсы шыққанға жәрдем етеді. (55)

(Мұхаммед Ғ.С.) негізінде сені қуандырушы, қорқытушы ғана қылып жібердік. (56)

Оларға: “Бұған сендерден ақы емес, Раббыларыңның жолын ұстағысы келген кісіні ғана қалаймын” де. (57)

Сондай еш өлмейтін тірі Аллаға тәуекел ет. Оны дәріптей мақта. Ол құлдарының күнәларынан хабар алуға жетіп асады. (58)

Ол, сондай көктер мен жерді және екі арасындағыларды алты күнде жаратып сосын ғаршыны меңгерді. Ол, тым қамқор, оны білгеннен сұра. (59)

Оларға: “Рахманға сәжде қылыңдар” делінсе: “Рахман деген не? Сен әмір еткен нәрсеге сәжде қыла берейік бе?”,-десті. Бұл, олардың жиренішін қоздырды. (60)

Сондай мол игілік иесі Алла, аспандағы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық (күн) және сәуле беруші айды жаратты. (61)

Ол, сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді, бірін-біріне ертіп қойды. (62)

Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік” деп, дұрыс жауап береді. (63)

Олар түнді, Раббыларына сәжде қылу, тіке тұрумен өткізеді. (64)

Олар: “Раббымыз! Тозақ азабын аулақ қыл! Рас оның азабы тұрақты” дейді. (65)

Шынында ол; орынның да, мекеннің де жаманы. (66)

Олар мал сарып қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады. (67)

Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе, күнәға жолығады. (68)

Қиямет күні, еселеніп азап болады. Олар онда қор болып, мүлде қалады. (69)

Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (70)

Кімде-кім тәубе қылып, түзу іс істесе, рас ол, Аллаға лайықты түрде қайтқан болады. (71)

Олар өтірікке айғақ болмайды да, бос (пайдасыз) сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді. (72)

Қашан оларға Раббыларының аяттары арқылы үгіт берілсе, оған құлақ салмай, көз жұмып, кете бермейді. (73)

Олар: “Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!”,- дейді. (74)

Міне бұлар, сабыр еткендіктері себепті жоғарғы сыйлыққа бөленеді. Аман-сәлеммен қарсы алынады. (75)

Олар онда мәңгі қалады. Ол нендей көркем тұрақ, жақсы орын! (76)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласын? Рас сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар” де. (77)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 327; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.055 сек.