Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ХУЖУРАТ 6 страница




Бірақ Біздің тарапымыздан бір мәрхамет және бір мерзімге дейін пайдалану болады. (44)

Қашан оларға: “Алдарыңдағы және арттарыңдағы жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер” делінсе; (45)

Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінен бір белгі келсе-ақ олар одан жалтарады. (46)

Қашан оларға: “Алланың сендерге берген несібесінен тиісті орынға жұмсаңдар” делінсе, сондай қарсы болғандар: “Алла қаласа, тамақтандыратын біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар” деді. (47)

Олар: “Егер шын айтсаңдар, бұл құқайларың қашан?” дейді. (48)

Олар таласып тұрғанда, оларды қолға алатын бір-ақ ащы дауыс күтіп тұрады. (49)

Сонда олар өсиет айта алмайды да үйлеріне де қайта алмайды. (50)

Сүр үрілсе, сонда олар қабырларынан Раббыларына жүгіреді: (51)

“Әттең-ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?”,-дейді. “Міне мейірімді Алланың уәдесі. Пайғамбар да шын айтқан” (делінеді). (52)

Бір ғана айғай болады да сонда тұтас алдымызға әзір болады. (53)

Ал енді бүгін ешкімге зұлымдық етілмейді. Сондай-ақ істегендеріңнің ғана бодауын көресіңдер. (54)

Расында жаннаттықтар, ол күні зауықты шұғылдануда болады. (55)

Олар да, жұбайлары да көлеңкелердегі дивандарға жастанған түрде болады. (56)

Олар үшін онда жемістер және өздеріне не тілегендері бар. (57)

Ерекше мейірімді Раббыларынан оларға: “Сәлем” сөзі болады. (58)

“Әй күнәкарлар! Бүгін араны ашыңдар!” (59)

Әй адам баласы! Сендерге: “Шайтанға табынбаңдар. Әрине ол, өздеріңе ашық дұшпан” деп, серт бермедім бе? (60)

“Маған құлшылық қылыңдар. Тура жол осы!” (61)

Расында ол, сендерден көптеген топты адастырды. Сонда да түсінбейсіңдер ме? (62)

Сендерге уәде етілген тозақ осы. (63)

Қарсы келулерің себепті бүгін оған кіріңдер. (64)

Ол күні олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтары айғақ болады. (65)

Мүбада қаласақ, олардың көздерін мүлде соқыр қылар едік те сонда олар жол іздесе, қайтып көрер еді? (66)

Егер қаласақ, олардың мекендерінде әлбетте бейнелерін өзгертер едік. Сонда олар ілгері де кейін де кете алмас еді. (67)

Әлде кімге өмір берсек, жаратылыста оны қайта бастырамыз. Олар түсінбей ме? (68)

(Мұхаммед Ғ.С. ға) өлең үйретпедік әрі оған ол, лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана. (69)

Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін. (70)

Олар үшін рас құдыретімізбен хайуандарды жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ өздері оларға иелік етеді. (71)

Малды, оларға бойсұндырдық. Олар кейіне мінеді, кейінің етін жейді. (72)

Олар үшін малдарда түрлі пайдалар, сусындар бар. Сонда олар шүкірлік қылмай ма? (73)

Олар Алладан өзге тәңірлер жасап алып, олардан көмек көретіндіктерін үміт етеді. (74)

Олар (пұттар), оларға көмек ете алмайды. Олардың өздері ол пұттарды қорғау үшін әзір әскер. (75)

(Мұхаммед Ғ.С) олардың сөздері сені кейітпесін. Әрине Біз олардың көрнеулерін де, көместерін де білеміз. (76)

Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді. (77)

Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал берді: “Міне шіріген сүйектерді кім тірілтеді?”,- деді. (78)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі” де. (79)

Ол сондай Алла, сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар. (80)

Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол, әр нәрсені жаратушы, толық білуші. (81)

Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйрығы оған “бол” деу. Сонда ол бола қалады. (82)

Барлық нәрсенің билігі қолында болган әрі сендер Соған қайтарылатын Алла; кемшіліктен пәк. (83)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт, (1)

Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт, (2)

Үгіт оқушы (періштелерге) серт. (3)

Тәңірлерің біреу. (4)

Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы. (5)

Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік. (6)

Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық. (7)

Олар, жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады. (8)

Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар. (9)

Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды. (10)

Енді олардан сұра: “Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық. (11)

(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (бұл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды. (12)

Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді. (13)

Бір мұғжиза көрсе, олар тәлкек қылады. (14)

“Бұл мүлде ашық жады” деседі. (15)

“Біз өліп топырақ және сүйектер болған кезде, рас тірілтілеміз бе?” (16)

“Әуелгі аталарымыз да ма?”,- дер. (17)

“Әрине сендер қор боп тірілесіңдер” де. (18)

Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады. (19)

“Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!”,- деседі. (20)

“Бұл сендер жасынға шығарған билік күні!” (21)

“Жинаңдар! Ол залымдарды да, сыбайластарын да олардың табынғандарын да.” (22)

“Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер;” (23)

“Оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады” (делінеді). (24)

Оларға: “Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?”,- (делінеді). (25)

Әрине бүгін олар еріксіз бой ұсынғандар. (26)

Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады. (27)

(Олар бастықтарына): “Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер” дейді. (28)

Олар: “Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер” дейді. (29)

“Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер.” (30)

“Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында дәмін татамыз.” (31)

“Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азғын едік.” (32)

Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады. (33)

Сөз жоқ, күнәкарларға солайша істейміз. (34)

Расында оларға: “Алладан басқа ешбір тәңір жоқ” делінген кезде, менменсіген еді. (35)

Олар: “Жынды бір ақын үшін рас тәңірлерімізді тастайық па”,- десті. (36)

Әрине ол, шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді. (37)

Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар. (38)

Сендер істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар. (39)

Бірақ Алланың ықыласты құлдары бір сәрі. (40)

Міне бұлар үшін белгілі бір несібе бар. (41)

(Түрлі) жемістер де. Олар құрметке бөленеді. (42)

Нығмет бақшаларында, (43)

Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады. (44)

Оларға қайнаған көзден кәселер айналдырыла ұсынылады. (45)

Ішушілер үшін аппақ, тәтті. (46)

Ол бас ауыртпайды да әрі мас қылмайды. (47)

Олардың қасында телмірген ботакөздер бар. (48)

Рас олар жарылмаған жұмыртқадай. (49)

Олар қарама-қарсы отырып, сұрасады. (50)

Олардан бір айтушы: “Расында бір ағайыным бар еді” дейді. (51)

(Ол, маған): “Шын-ақ растаушылардансың ба?’,- дейді. (52)

“Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба?” (53)

“Оны көргілерің келе ме?”,- дейді. (54)

Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де: (55)

“Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың” дейді. (56)

“Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине мен де тозаққа келтірілгендерден болар едім.” (57)

“Біз өлмейміз бе?” (58)

“Алғашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмаймыз.” (59)

Сөз жоқ, бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (60)

Ғамал қылуга тиісті. (61)

Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (62)

Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық. (63)

Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш. (64)

Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (65)

Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады. (66)

Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі. (67)

Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады. (68)

Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын. (69)

Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді. (70)

Олардан бұрын, алғашқылардың көбі адасқан еді. (71)

Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік. (72)

Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр! (73)

Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа. (74)

Расында Нұх (Ғ.С.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушымыз! (75)

Оны да, семьясын да зор қиыншылықтан құтқардық. (76)

Нұх (Ғ.С.) тың ұрпақтарын қалдырдық. (77)

Оны кейінгілерге дәріптеттік. (78)

Нұх (Ғ.С.) қа бүкіл әлемнен сәлем болсын. (79)

Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз. (80)

Өйткені ол, сенуші құлдарымыздан. (81)

Сосын басқаларын суға батырдық. (82)

Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында. (83)

Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді. (84)

Сол уақытта әкесіне де, еліне де: “Нелерге табынасыңдар?”,- деді. (85)

“Алладан өзге өтірік тәңірлер қалайсыңдар ма?” (86)

“Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар?” (87)

Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) жұлдыз жаққа назар аударып: (88)

“Мен науқаспын” деді. (89)

Сонда ел одан бұрылған бойда кете берді. (90)

(Ыбырайым Ғ.С.) олардың тәңірлерінің жанына оңаша барып: “Жемейсіңдер ме?- деді. (91)

“Неге сөйлемейсіңдер?” (92)

Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды. (93)

Олар, оған жүгірісіп келді. (94)

“(Қолмен) жонып, алғандарыңа шоқынасыңдар ма?”,- деді. (95)

“Алла сендерді де, жасаған нәрселеріңді де жаратты.” (96)

Олар: “Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер” десті. (97)

Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік. (98)

(Ыбырайым Ғ.С.): “Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді” деді. (99)

“Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер!” (100)

Оны өте мүлайым бір ұлмен қуанттық. (101)

Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: “Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?”,- деді. Ол: “Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың” деді. (102)

Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (103)

Біз, оған: “Әй Ыбырайым!”,- деп, дыбыстадық. (104)

“Рас түсіңді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз” (дедік). (105)

Шын мәнінде Бұл бір ашық сынау еді. (106)

Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (107)

Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық. (108)

Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем. (109)

Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. (110)

Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді. (111)

Оны пайғамбарлардың ізгілерінен; Ысхақпен сүйіншіледік. (112)

Өзіне де, Ысхақ (Ғ.С) қа да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар. (113)

Расында Мұса, Һарұн (Ғ.С.) ға да игілік бердік. (114)

Екеуін әрі елін зор апаттан құтқардық. (115)

Оларға жәрдем еттік те сонда олар, жеңіске ие болды. (116)

Екеуіне түсінікті кітап бердік. (117)

Екеуіне тура жол көрсеттік. (118)

Екеуіне, кейінгі нәсілдерде (жақсы даңқ) қалдырдық. (119)

Мұса және Һарұн (Ғ.С.) ға сәлем. (120)

Рас ізгі іс істегендерді өстіп сыйлыққа бөлейміз. (121)

Өйткені, екеуі де сенген құлдарымыздан еді. (122)

Әрине Ілияс (Ғ.С.) елшілерімізден еді. (123)

Сол уақытта еліне: “Алладан қорықпайсыңдар ма?”,- деді. (124)

“Ерекше жаратушыны қойып, “Бағыл” атты бұтқа жалбарынасыңдар ма?” (125)

“Алла, сендердің де, бұрынғы аталарыңның да Раббы!” (126)

Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі. (127)

Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа. (128)

Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық. (129)

“Ілияс (Ғ.С.) қа сәлем.” (130)

Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. (131)

Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді. (132)

Күдіксіз Лұт (Ғ.С.) елшілерден еді. (133)

Сол уақытта оны да, семьясын да түгел құтқардық. (134)

Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа. (135)

Сосын өзгелерін жоқ еттік. (136)

Әрине таңертең, олардан өтіп жүресіңдер. (137)

Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме? (138)

Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді. (139)

Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. (140)

Шар салғанда ол, жеңіліске ұшырады. (141)

Сонда оны балық жұтты. Ол, айыпталған еді. (142)

Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді, (143)

Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді. (144)

Сонда оны қырға шығарып, тастадық. Ол науқас еді. (145)

Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік. (146)

Оны жүз мың не тағы артығырақ елге жіберген едік. (147)

Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық. (148)

Енді олардан сүра: “Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме? (149)

Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме? (150)

Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді. (151)

“Алланың баласы бар” деп олар мүлде өтірік айтады. (152)

Алла ұлдардан көрі қыздарды артық көре ме? (153)

Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер? (154)

Түсінбейсіңдер ме? (155)

Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма? (156)

Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер. (157)

Олар Алла мен періштелер арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (158)

Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк. (159)

Бірақ Алланың нағыз құлдары өйтіп сипаттамайды. (160)

Сонда сендер де, табынған нәрселерің де (бірлесіп), (161)

Сендер Аллаға қарсы бұзақылық шығара алмайсыңдар. (162)

Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа. (163)

(Періштелер былай дейді): “Бізден орны белгіленбеген ешкім жоқ.” (164)

“Шын мәнінде біздер қатарланып тұрушыларданбыз.” (165)

“Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз.” (166)

Олар былай дейтін еді: (167)

“Егер бізде бұрынғыларға түсірілген үгіт болса еді,” (168)

“Әлбетте Алланың ықыласты құлдарынан болар едік.” (169)

Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі. (170)

Расында елші құлдарымызға сөзіміз бұрын бекіген болатын: (171)

“Сөз жоқ, оларға жәрдем болады.” (172)

“Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер.” (173)

(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бұра түр. (174)

Оларды көре тұр, олар да жақында көреді. (175)

Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма? (176)

Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман. (177)

Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол. (178)

Тағы оларды байқай тұр. Жақында олар көреді. (179)

Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк. (180)

Елшілерге сәлем! (181)

Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық. (182)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сад. Үгіт толы Құранға серт. (1)

Әрине қарсы болғандар, дандайсып, тартысуда. (2)

Олардан бұрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Сонда олар ойбайлады да; бірақ құтылар заман емес еді. (3)

Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да қарсы болғандар: “Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт” деді. (4)

“Тәңірлерді бір-ақ тәңір қыла ма? Әрине бұл тым таңғажайып нәрсе.” (5)

Олардың бастықтары келіп: “Жүріңдер, өз тәңірлеріңде сабыр ете тұрыңдар. Сөз жоқ, бұл бір мақсатты нәрсе.” (6)

“Тіпті бұны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол.” (7)

“Арамыздан осыған ғана үгіт түсірілді ме?,- (десті). Олай емес, олар Менің үгітімнен күдіктенуде. Әрине олар азабымды татқан жоқ. (8)

(Мұхаммед Ғ.С.) немесе өте үстем, аса жомарт Раббыңның мәрхаметінің қазынасы олардың қасында ма? (9)

Не көктер мен жердің әрі арасындағылардың иелігі олардікі ме? Ендеше, ыңғайын тауып, көтеріліп көрсін. (10)

(Олар) мұнда соққы жеген рулардан бір қол. (11)

Олардан бұрын Нүх, Ғад елі және салтанат иесі Перғауын да жасынға шығарған еді. (12)

Сондай-ақ Сәмүд, Лұт және Әйке халқы да. Міне осы топтар: (13)

Барлығы да елшілерді жасынға шығарғандықтарынан, азап лайық болды. (14)

Ал енді бұлар да тоқтаусыз бір ғана ащы дауысты күтеді. (15)

Олар: “Раббымыз, есеп күнінен бұрын көресімізді тез көрсет” десті. (16)

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты құлымыз Дәуіт (Ғ.С.) ті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой ұсынушы. (17)

Рас оған тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді. (18)

Оған құсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптеуші еді. (19)

Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік. (20)

Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді. (21)

Олар Дәуіт (Ғ.С) ке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: “Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал” деді. (22)

“Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол, “Оны маған тапсыр” деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді.” (23)

Дәуіт (Ғ.С.): “Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай” деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды. (24)

Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымызда әлбетте жақындығы, көркем келешегі бар. (25)

Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына ақиқатпен үкім ет, ойға ерме. Онда сені Алланың жолынан адастырады. Шәксіз Алланың жолынан адасқандар, есеп күнін ұмытулары себепті оларға қатты азап бар. (26)

Көк пен жерді әрі екі арасындағыларды босқа жаратпадық. Ол қарсы келгендердің ойы. Сондықтан оттан азап болатын қарсы келгендерге не өкініш! (27)

Немесе иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, жер жүзіндегі бұзақылардай қыламыз ба? (28)

(Мұхаммед Ғ.С.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын. (29)

Дәуіт (Ғ.С.) ке Сүлеймен (Ғ.С.) ді бердік. Ол не деген жақсы құл еді. Рас ол өте бағынышты. (30)

Сол уақытта бір кеште Сүлеймен (Ғ.С.) ге сәйгүлік жүйріктер келтірілді (31)

“Сөз жоқ, мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсы көремін” деді. Ақыр тұлпарлар көзден ғайып болған сәтте: (32)

“Оны маған қайтарып әкеліңдер” (деп,) сонда аяқтарын, мойындарын сипай бастады. (33)

Расында Сүлеймен (Ғ.С.) ді сынап тағының үстіне бір дене қойдық. Сосын ол, тәубе қылды. (34)

“Раббым! Мені жарылқа. Маған, менен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер. Әрине Сен өте жомартсың” деді. (35)

Сондықтан қалаған жерге жетуге, бұйрығымен оңай жүретін желді бағындырдық. (36)

Әр түрлі құрылыс жасаушы және сүңгігіш шайтандарды бағындырдық. (37)

Ал басқа біреулері шынжырларда матаулы еді. (38)

“Бұл Біздің бергеніміз. Ал енді қалағаныңа бер. Немесе бермей ұстап тұр, есеп емес.”,-(дедік). (39)

Күдіксіз ол үшін қасымызда жақындық әрі көркем келешегі бар. (40)

(Мұхаммед Ғ.С.) құлымыз Әйюб (Ғ.С.) ты есіңе ал. Сол уақытта Раббына: “Рас мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты” деп жалбарынды. (41)

Оған: “Аяғыңмен жерді теп. Міне саған шомылатын әрі ішетін суық су” (дедік). (42)

Бізден бір мәрхамет сондай-ақ ақыл иелеріне бір үгіт түрінде оған семьясын; олармен бірге бір есе артығымен бердік. (43)

“Қолыңа бір топ ши алып, сонымен бір ұр. Сертіңнен қайтпа!” Шынында оны сабырлы көрдік. Ол не деген жақсы құл. Өйткені ол, өте бой ұсынушы. (44)

(Мұхаммед Ғ.С.) құлымыз Ыбырайым, Ысхақ және Яғқұп (Ғ.С.) ты есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді. (45)

Расында Біз оларды нағыз ақыретті еске алуға арнадық. (46)

Сөз жоқ, олар, қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан. (47)

(Мұхаммед Р.С.) Ысмайыл, Ілияс және Зүлкәфіл (Ғ.С.) ді де есіңе ал. Барлығы жақсылардан еді. (48)

Бұл бір насихат. Күдіксіз тақуалар үшін тым көркем келешек бар. (49)

Олар үшін есіктері ашық Ғадын жаннаттары бар (50)

Олар онда жастанып отырады. Ол жерде мол жемістер, сусындар тілейді. (51)

Олардың қасында телмірген жасыт қор қыздары бар. (52)

Есеп күні үшін сендерге уәде етілгендер осы. (53)

Сөзсіз, таусылмас берген несібеміз осы; (54)

Я, осы! Ал расында азғындар үшін жаман орын бар: (55)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 323; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.186 сек.