Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 6 страница




Ақаудан болатын ысырапты азайтуға жатқызылатын сомаларға ақауға жатқызылған өнімнің ықтимал пайдалану бағасы бойынша құны; ақаудың пайда болуына кінәлі қызметкерлерден нақты ұсталған сомалар; сот тағайындаған немесе оларды пайдалану нәтижесінде ақауға жол берілген сапасыз материал немесе жартылай фабрикат жеткізгені үшін жеткізушілерден нақты өндірілген сомалар жатады.

Ақаудан болатын ысырап тиісті өндіріс түрінің шығынына ай сайын есепке шығарылады және ақау анықталған сол немесе басқа бұйымның немесе жұмыстың өзіндік құнына кіреді. Бұл ретте ішкі ақаудан болатын ысырап ақау анықталған айдың өндіріс шығынында, ал сыртқы ақаудың ысырабы – ақаулы өнімді сатып алушылардан талап алынған айда көрсетіледі.

Өткен есепті кезеңде өндірілген өнімге жататын сыртқы ақаудың ысырабы ағымдағы есепті кезеңде жасалған осындай өнімнің өзіндік құнының есебіне шығарылады. Егер есепті кезеңде осындай өнім шығарылмаса, онда сыртқы ақаудың ысырабы бүкіл шығарылған өнімнің арасында үстеме шығыстарды бөлу үшін белгіленген тәртіппен бөлінеді.

Өнімнің ақауынан болатын ысырап аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылмайды.

Тек жеке және шағын сериялы өндірістерде ғана ақаудың ысырабы осы ысырап белгілі бір тапсырысқа, аяқталмаған өндіріске жататын жағдайда аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылуы мүмкін.

Өндірістегі ақаумен байланысты операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында былайша көрсетіледі:

 

2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары

 

р/с№ Операцияның мазмұны Байланыстырылатын шоттар
Дт Кт
       
  А. Сыртқы жөнделмейтін ақау жөніндегі операциялардың есебін жүргізу
  Сатып алушы қайтарған ақаулы өнімнің нақты өзіндік құнына түзету енгізіледі.
 

  Сонымен біруақытта: а) ақаулы өнімді шығару жазбасына нақты өзіндік құн бойынша түзету енгізіледі    
ә) қайтарылған тауарлардың құны есепте көрсетіледі: – сатып алушылар мен тапсырысшылар төлемеген.     1210-1240
– сатып алушылар мен тапсырысшылар бұрын төлеген   3310-3340
б) сатып алушылар мен тапсырысшылар қайтарылған тауарлар бойынша ҚҚС есептен шығарылады: – төленбеген өнім бойынша.         1210-1240
– бұрын төленген өнім бойынша   3310-3340
в) сатып алушылар мен тапсырысшылар қайтарған бағалар мен сатудан жеңілдіктер есептен шығарылады: – төленбеген өнім бойынша.     1210-1240    
– бұрын төленген өнім бойынша 3310-3340  
  Түпкілікті ақаулы өнім нақты өзіндік құны бойынша есептен шығарылады.   8110, 8310  
  Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ақаулы өнімді жеткізушіге кері қайтару жөніндегі шығыстары.   3310-3340
Ә. Есепте ішкі жөнделмейтін ақауды көрсету
  Ішкі жөнделмейтін ақау нақты өзіндік құны бойынша есептен шығарылады.   8110, 8310  
Б. Ішкі және сыртқы жөнделетін ақау жөніндегі операциялардың есебін жүргізу
  Ақауды жөндеуге жұмсалған материалдардың құны   1310,1350
  Өнімнің ақауын жөндеуге қатысатын қызметкерлерге жалақы төлеу шығыстары    
  Өнімнің ақауын жөндеуге қатысқан қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударым    
  Сатып алушылардың өнімнің ақауын өздері жөндеумен байланысты шығыстары.   3310-3340
  Өнімнің ақауын жөндеу жөніндегі қосалқы өндірістердің қызметтері    
  Ақаулы өнімнен алынған материалдар мен құнды қалдықтар кіріске алынды    
  Ақаудан болатын ысырапты өтеу үшін кінәлі адамдардан ұсталған сома    
  Жеткізушіге ақаудың пайда болуына себеп болған сапасыз шикізат, материал, жартылай фабрикат жеткізгеніжұмыстар мен қызметтерді сапасыз орындағаны үшін талап қойылды (талаптың сомасының өтелетініне сенімділік болса)    

 

Бос тұрған уақыт ысырабының есебін жүргізу. Бос тұрып қалудан болатын ысырап өндірістік жабдықтардың жекелеген түрлерінің, цехтардың немесе бүкіл өндірістің жоспардан тыс бос тұру нәтижесінде пайда болады. Бос тұруға жабдықтардың ақауы, шикізатпен, материалмен, отынмен, энергиямен, газбен, сумен және т.б. қамтамасыз етілмеуі себеп болуы мүмкін.

Бос тұрып қалу бос тұру парағымен немесе актімен ресімделеді, онда бос тұрған уақыттың басталуы, аяқталуы мен ұзақтығы, оның коды мен кінәлілер көрсетіледі. Жұмысшының кінәсінсіз бос тұрып қалу, егер жұмысшылар басқа жұмыста пайдаланылмаса, онда осы жұмысшыларға қолданыстағы заңнама нормасы бойынша брс тұрған уақыттан болатын ысырапқа жататын орташа жалақыға дейінгі қосымша ақы белгіленеді.

Бос тұрып қалудың ысырабына сондай-ақ пешті қыздыруға және агрегаттар бос тұрғаннан кейін іске қосуға жұмсалған отынның, энергияның шығысы, егер жабдық толық қуатына болмаса да жұмыс істеуді жалғастырған жағдайда жұмысшылар бос тұрып қалған уақыттағы отын мен электр энергиясының шығысы және жабдықтардың жұмысымен байланысты шығыстар мен үстеме шығыстардың белгіленген бөлігі жатады.

Өндірістегі барлық бос тұрып қалу ішкі және сыртқы себептер бойынша бос тұрып қалуға бөлінеді. Кінәлілер (жеткізушілер, кінәлі адамдар) өтемейтін ішкі себептер бойынша бос тұрып қалудан болатын ысырап ҚР Ұлттық қаржы есептілігінің № 2 стандартының 224-бабына сәйкес өздері пайда болған кезеңнің шығысы ретінде запастардың өзіндік құнынан шығарылады және «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот пен шығындардың есебі жүргізілетін басқа шоттардың кредитінен «Жыинтық пайда (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебеті бойынша көрсетіледі.

Сыртқы себептер бойынша бос тұрып қалудан болатын ысырап «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шотқа жатқызылады.

Егер бос тұрып қалудан болатын ысырап үшін кінәлілерге талап қойылып, өтелсе, онда бос тұрып қалудан болатын ысырап осы сомаға азайтылады.

Табиғи зілзалалардың нәтижесінде бос тұрып қалудан болатын ысырап төтенше шығыстар ретінде «Өзге шығыстар» деп аталатын 7470 шотта есептеледі.

Запастардың бүлінуі мен жетіспеуінен болатын ысыраптың есебі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес материалдық-жауапты және лауазымдық тұлғалардың кінәсінен аяқталмаған өндіріс пен даяр өнімнің, бүлінуден болатын жетіспеу пен ысырап, сондай-ақ запастардың нормативтіктен тыс ысырабы солардың есебінен өтелуіге тиіс. Егер бүліну мен жетіспеу үшін кінәлілер анықталмаса, онда осы ысырап бухгалтерлік есепте: «Жиынтық пайда» (жиынтық кіріс) деп аталатын 5610 шоттың дебетіне есепке шығарылады.

Үстеме шығыстардың (өзге шығыстардың) құрамында запастардың нормалар шектеріндегі ысырабы ғана есептеледі.

Өнімсіз шығыстарға сондай-ақ бұйымға кепілді қызмет көрсету мен жөндеуді жатқызуға болады.

Кепілді қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалатын шығынға ұйымның белгіленген кепілді мерзім шегінде тұтынушыдағы бұйымдардың қалыпты пайдаланылуын (нұсқаулық, техникалық қызмет көрсету, реттеу, дұрыс пайдалануды тексеру және т.б.) қамтамасыз ететін қызметкерлерді ұстаумен байланысты кепілді қызмет көрсету мерзімі белгіленген өнміді жасайтын ұйымның шығыстары жатады.

Кепілді жөндеудің шығындары «Даяр өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7710 шоттың дебеті бойынша есептеледі.

 

2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі

 

ҚР Ұлттық қаржы есептілігінің № 2 стандарты мен халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын қолдану мен қаржы есептілігін табыс ету жөніндегі әдістемелік ұсыныстарда өндірістік үстеме шығыстарды өзгермелі және тұрақты шығыстарға бөлу ұсынылады. Өзгермелі өндірістік шығыстарға өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей немесе жанама тәуелді жанама өндірістік шығыстар, мысалы: жабдықтың жұмыс істейтін уақытының ұзақтығына байланысты жабдықты ұстау мен пайдалану шығыстары, материалдардың шығыны, жұмысшылардың кесімді еңбекақы бойынша жалақысы жатады.

Өзгермелі өндірістік үстеме шығыстарды өндірістік қуаттарды нақты пайдалану негізінде әр бір өнім бірлігіне жатқызу ұсынылады, мысалы, жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары әр бір өнім түріне жабдықтың жұмыс істеген уақытының санына пропорционал жатады, ақаудан болатын ысырап ақау пайда болған өнімнің нақты түрлеріне жатқызылады.

Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар өндірілетін өнім көлеміне тікелей тәуекел емес және кез-келген өндіріс көлемінде біршама өзгермейді. Осы шығыстарға негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы, жалгерлік төлем, өндірістік үй-жайларды жарықтандыру мен жылыту және т.б. жатады.

Бұл ретте жоспарда әр бір өнім бірлігіне жататын тұрақты үстеме шығыстардың сомасы да өндіріс көлеміне сәйкес өзгермейді. Бұл жағдайда бөлінбеген үстеме шығыстар өздері пайда болған кезеңнің шығыстары ретінде танылады және «Жиынтық пайда» (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебетіне жазылады. Бұл үшін жоспарда шығарылатын өнім мен орындалатын жұмыстың әр бір түріне (бірлігіне) жатқызылатын өндірістік үстеме шығыстардың нормативтік сомасын дұрыс анықтау керек. Ұйым өндіріс көлемі мынадай төрт өнім түрін шығаруды жоспарлады делік:

А бұйым – 2000; Ә бұйым – 3000; Б бұйым – 4000; В бұйым –1000;

Барлығы – 10 000.

Ұйым жоспарда 160 000 теңге тұрақты үстеме шығыстардың сомасын өнім түрлері бойынша былайша бөлуді қарастырды:

А – бұйым бірлігіне шаққанда 20 теңге немесе бүкіл бұйымға (2000х20)=40000 теңге.

Ә – бұйым бірлігіне шаққанда 10 теңге немесе бүкіл бұйымға (3000х10)=30000 теңге.

Б – бұйым бірлігіне шаққанда 15 теңге немесе бүкіл бұйымға (4000х15)=60000 теңге.

В – бұйым бірлігіне шаққанда 30 теңге немесе бүкіл бұйымға (1000х30)=30000 теңге.

Барлығы 160 000 теңге.

Іс жүзінде ұйым 8000 бұйым, оның «А» өнімін – 1500 өнім бірлігін, «Ә» – 250 өнім бірлігін, «Б» – 3000 өнім бірлігін, «В» – 1000 бірлік, нақты тұрақты үстеме шығыстар – 145000 теңгені құрады.

Нақты өнім көлеміне шаққанда тұрақты өндірістік жоспарлы үстеме шығыстар (норма) мынаны құрайды:

«А» өнімінің – 1500 х 20 = 30 000 теңге;

«Ә» өнімінің – 2500 х 10 = 25 000 теңге;

«Б» өнімінің – 3000 х 15 = 45 000 теңге;

«В» өнімінің– 1000 х 30 = 30 000 теңге;

Барлығы 800 130 000 теңге.

Бұл жағдайда нақты тұрақты өндірістік үстеме шығыстардың осы сомасы өнімнің өзіндік құнына жатқызылуға тиіс сомадан 15000 теңге көп. Бөлінбеген өндірістік үстеме шығыстардың 15000 теңге сомасы кезеңнің шығысы ретінде «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың кредитінен «Жиынтық пайда» (жиынтық залал) 5610 шотының дебетіне жатқызылады. Егер тұрақты өндірістік үстеме шығыстардың нақты сомасы өнім бірлігіне шаққандағы жоспарлық нормалар бойынша нақты шығарылған өнімнің көлеміне жатқызылуға тиіс осы шығыстардың сомасынан аз болса, онда шығарылатын өнімнің түрлері арасында өндірістік үстеме шығыстардың нақты сомасы нақты шығарылатын өнімнің көлеміне шаққандағы осы шығыстардың жоспарлы сомасына пропорционал бөлінеді. Бұл жағдайда өнім бірлігіне шаққандағы өндірістік үстеме шығыстардың нақты сомасы осы шығындардың жоспарлы көлемінен төмен болады.

Әр бір цехтың үстеме шығыстары осы цех жасайтын (өңдейтін) өнімнің өзіндік құнына (оның ішіенде басқа цехтар немесе өнеркәсіптік емес шаруашылықтар үшін орындалатын жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнына) кіреді. Өзінің күрделі құрылысы, негізгі құралдарды жөндеу, сондай-ақ өнеркәсіптік емес шаруашылықтар үшін орындалатын жұмыстарға (қызметтерге) жататын үстеме шығыстарды үлесін анықтаған кезде олардың құрамынан осы жұмыстар мен қызметтердің өндірісімен байланысты емес шығыстар, мысалы, арнайы конструкторлық және технологиялық бюроларды, ТББ қабылдаушыларын, арнайы цех зертханаларын ұстау шығындары, негізгі өнімді зерттеу, тәжірибе жасау мен сынау, өнертабыс пен жаңалық енгізу шығыстары алынып тасталады. Бұрын атап өтілгендей, өнімнің ақауынан болатын ысырап, өнім өндірісін дайындау мен игеру шығыстары мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары өздері өндірісімен байланысты өнім түрлеріне жатқызылады. Іс жүзінде өндірістік үстеме шығыстарды жекелеген өнім түрлерінің арасында бөлудің бірнеше тәсілі қолданылады. Жекелеген өнеркәсіп салаларының кәсіпорындары үстеме шығыстарды пропорционал бөлу базасы ретінде өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы (үдемелі-сыйлықақы жүйелері бойынша қосымша ақысыз) мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстарын пайдаланады. Осы әдіс әр түрлі бұйым түрлерін жасаудың еңбек сыйымдылығын да, сондай-ақ өндірістік процесті механикаландыру мен автоматтандыру дәрежесін де ескеруге мүмкіндік береді, сол себептен оны механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі әр түрлі кәсіпорындарға қолдану үшін ыңғайлы.

Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы (үдемелі-сыйлықақы жүйелері бойынша қосымша ақысыз) өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі бірдей кәсіпорындарда (тігін, аяқ-киім, тері, консерві) былайша қолданылады:

– шикізаттың, материалдар мен жартылай фабрикаттардың құны қосылмаған негізгі шығындардың сомасына пропорционал;

– өңдеу жөніндегі шығындарға пропорционал (химия, мұнай өңдеу өнеркәсібі).

– жасалған немесе өндірілген өнімнің санына (салмағына) пропорционал

(металлургия, құрылыс материалдарының өндірісі, тау-кен өнеркәсібі және т.б.).

Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары мен басқа да үстеме шығыстар даяр өнімнің өзіндік құнына кіретіндей тәсілмен енгізіледі. Аяқталмаған өндірістің көлемі шамалы өндірісте (айлық өндірімге қатысты) осы шығыстар аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына жоспарлы деңгейден (жоспарлы нормадан) аспайтын көлемде кіреді. Осы деңгейден ауытқу даяр өнімнің өзіндік құнына толықтай жатады.

Жекелеген өнім түрінің өзіндік құнын дұрыс анықтау үшін жекелеген шығыс баптары бойынша шығындарды мүмкіндігінше өнім түрлері арасында тиісті бөлу базасы бойынша, мысалы, негізгі құралдарды жөндеу шығындары – мен негізгі құралдардың тозуын – жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстарына пропорционал бөлу керек.

 

2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу

Қосалқы деп ұйымның негізгі өндірісін энергиямен, құрал-саймандармен, қаптамамен, жөндеумен, көлік және басқа да қызметтермен қамтамасыз етуге арналған өндірістері мен басқа да бөлімшелері аталады. Қосалқы өндірістердің есебін ұйымдастыру олар атқаратын функцияларға, технологиялық процестер мен шығарылатын өнімнің, өнім өндірісі мен ұйымды басқару нысандарының сипатына байланысты. Қосалқы өндірістер түрлері мен орындайтын функциялары бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

– құрал-саймандар (құралдарды, штамптарды, пресс-формаларды жасау, жөндеу және қалпына келтіру, сондай-ақ модульдерді жаңғырту);

– жөндеу (жабдықтарды, негізгі құралдарды құрастыру, жөндеу, жаңғырту, қосалқы бөлшектерді жасау және қалпына келтіру);

– энергетикалық (электр, жылу және өзге де энергия өндіру мен бөлу, сумен жабдықтау, ағын суларды тазарту, желдету, энергетикалық желілер мен қондырғыларды құрастыру, жөндеу мен оларға қызмет көрсету);

– көлік (тиеу-түсіру және көлік жұмыстары, көлік құралдарын жөндеу мен оларға қызмет көрсету);

– қаптама (жасау мен жөндеу);

– шаруашылық қызметтерін көрсету (өндірістік үй-жайлар мен аумақтарды жинау, арнайы киім-кешекті жуу мен жөндеу және т.б.).

Технологиялық процестің сипаты мен шығарылатын өнімнің біркелкілігіне сәйкес қосалқы өндірістер жай және күрделі өндіріске бөлінеді.

Жай өндіріске жартылай фабрикат пен аяқталмаған өндіріс жоқ, күрделі емес біркелкі өнімді (энергетикалық, көлік, шаруашылыққа қызмет көрсету және т.б.) тұрақты шығаратын өндірістер жатады.

Күрделі өндіріске әр түрлі өнім шығаратын және жартылай фабрикаттар мен аяқталмаған өндірісі (құрал-сайман, жөндеу, механикалық, қаптама) бар өндірістер жатады.

Шығаратын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) көлемі бойынша қосалқы өндірістер ірі және ұсақ болуы мүмкін.

Қосалқы өндірістер шығынының есебі «Қосалқы өндірістер» деп аталатын калькуляциялық 8310 шотында өндіріс түрлеріне сәйкес мына шығын баптары бойынша жүргізіледі:

– Материалдар.

– Жұмысшыларға жалақы төлеу.

– Жалақыдан аударым.

– Үстеме шығыстар.

«Материалдар» бабы бойынша материалдардың нақты құны, технологиялық мақсаттарға арналған отын мен энергия, сатып алынатын өнім мен жартылай фабрикаттар, арнайы мамандандырылған ұйымдардың қызметтері және т.б. көрсетіледі. Бұл ретте «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот дебеттеледі және «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 және «Өзге материалдар» деп аталатын (үдемелі-сыйлықақы жүйелері бойынша қосымша ақысыз) 1350 шот – өндіріске жұмсалған материалдар мен отынның құнына; «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот – өз ұйымының қосалқы өндірісінің басқа цехтарынан алынған будың, судың, газдың, электр энергиясының құнына; «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (жеткізушілерге, еншілес бірлескен қауымдастырылған ұйымдарға) деп аталатын 3310-3390 шоттар – технологиялық мақсаттар үшін бөгде ұйымдардан алынған будың, суықтың, газдың, энергияның құнына кредиттеледі.

«Жұмысшылардың жалақысы» бабы бойынша қосалқы өндірістердің өндірістік жұмысшыларының негізгі және қосымша жалақысы мен жұмысшылардың демалысын төлеуге арналған резерв көрсетіледі. Бұл ретте «Қосалқы өндіріс» деп аталатын 8310 шот дебеттеледі және «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 және «Қызметкерлерге сыйлықақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді міндеттемелер» деп аталатын 3430 шот кредиттеледі.

Жалақыдан аударым бабы бойынша әлеуметтік салыққа аударылатын аударым көрсетіледі. Бұл ретте «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі және «Әлеуметтік салық» деп аталатын 3150 және жұмысшылардың демалысын төлеу үшін жасалатын резервтің сомасынан белгіленген пайызда аударылатын «Қызметкерлерге төленетін сыйлықақы бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3430 шот кредиттеледі.

«Үстеме шығыстар» бабы бойынша «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шотында («Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың кредитінен) алдын-ала есептелген үстеме шығыстар көрсетіледі.

Қосалқы өндірістердің шығынының есебі цехтар бойынша жеке ведомостер мен калькуляциялық шығын баптары бойынша жүргізіледі. Жай біркелкі өнім шығаратын қосалқы өндірістерде шығынның есебі баптар бойынша кейін талдап бөлінбей жүргізіледі.

Күрделі қосалқы өндірістерде шығынның есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тапсырыстық әдіспен ұйымдастырылады.

Тапсырыстар жеке-дара құрал-сайманның керек-жарағын немесе біркелкі құралдар мен құрылғылардың тобына, жасалатын стандартты емес жабдықтарға немесе жөнделетін негізгі құралдарға, қосалқы бөлшектер сериясына және т.б. ашылады.

Қосалқы өндірістер өнім шығарғанда және қызмет көрсеткен кезде негізгі бастапқы құжатқа құралдар мен құрылғыларды, модельдерді пресс-формаларды, қосалқы бөлшектерді, қаптаманы тапсыруға арналған жүкқұжат; жөнделген, жаңғыртылған және қайта жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері; автокөлік жұмысының жол жүру парақтары; автоматты тиегіштердің, автоматикалық карлардың жұмысының есебін жүргіу ведомостері жатады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 1059; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.069 сек.