Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 7 страница




Өндірілген және бөгде тараптан алынған электр және энергияның басқа түрлерінің, суық судың және т.б. есебі, сондай -ақ оны тұтынушыларға босату есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, ал аспаптар болмаған жағдайда жабдықтың қуаты мен оның жұмысының ұзақтығына сәйкес есептеу арқылы анықталады.

Есептеу аспаптарының деректері немесе бас энергетиктің (немесе энергетиктің) есебі бойынша энергетикалық ресурстарды тұтынушыларға табиғи түрде бөлу ведомосі жасалады. Осы ведомосте сондай-ақ олардың қандай мақсатта (технологиялық мақсатта, жабдықтарды қозғалысқа келтіруге, жалпы өндірістік және басқа да мақсаттарға) пайдаланылғаны көрсетіледі. Ведомость бухгалтерияға табыс етіледі және тұтынушылардың энергетикалық ресурстарды пайдалануының бастапқы құжаты болып табылады. Жай өндірістерде аяқталмаған өндірістің болмауына және біркелкі өнім шығарылуына байланысты калькуляциялық бірліктің өзіндік құны барлық шығындарды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) санына бөлу арқылы анықталады. Жөндеу, модельдік құрал-сайман және сол сияқты күрделі қосалқы өндірістерде әдетте тапсырыстық есеп жүргізу әдісі қолданылады.

Талдамалы шығын есебі жөнделетін объектілер, жасалатын құрал-сайман, керек-жарақтың, модельдер түрлері немесе топтары және шығын топтары бойынша жүргізіледі. Әр бір есеп жүргізілетін (калькуляцияланатын) объектіге талдамалы есеп карточкасы ашылады, онда есепті кезеңнің басы мен соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы, шығын баптары бойынша есепті кезеңдегі шығындар, есептен шығару: есептелетін шығындардың азаю реті бойынша (материалдың қайтарылуы, алынған қалдықтар және т.б.), шығарылған өнімнің немесе орындалған жұмыстардың (қызметтердің) құны көрсетіледі.

Есепті кезеңнің соңында «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шотта есептелетін шығындар олардың қызметтерін тұтынатын тұтынушылардың арасында бөлінеді. Жай қосалқы өндірістердің есепті кезеңдегі шығындары тұтынушылардың арасында тиісті өлшем бірлігінде (1 кВт.с электр энергиясы, 1 Гкал. жылу, 1 т бу, 1 000 м3 қысылған ауа, 1м3 су, 1 т тасымал, автокөліктің 1 сағат жұмысы және т.б.) олар тұтынған қызметтерге пропорционал немесе өндірістік тапсырыстар бойынша бөлінеді.

Әр түрлі өнім шығаратын күрделі өндірістерде бірінші сатыда өнім (жұмыс, қызмет) түрлері арасында үстеме (жанама) шығыс бөлінеді, ал екінші сатыда – аяқталмаған өндірістің қалдықтары бағаланады, тек содан кейін өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады.

Аяқталмаған өндіріс нақты өзіндік құн немесе жоспарлы (нормативтік) өзіндік құн бойынша бағаланады. Аяқталмаған өндірісті бағалаған кезде «Материалдар», «Қызметкерлердің жалақысы» мен «Жалақыдан аударылатын аударым» баптары бойынша шығындар бастапқы құжаттардың негізінде немесе есептеу арқылы анықталады.

Аяқталмаған өндірісті түгендеу деректері бойынша есептеу арқылы бағалаған кезде аяқталмаған өндіріс объектілерінің саны мен норма-сағаттағы олардың даярлық дәрежесі анықталады. Аяқталмаған өндірістің түрлері бойынша норма-сағаттың санын бір норма-сағаттың жалақысына көбейтіп жұмысшылардың жалақысын анықтауға болады. Жалақыны белгіленген пайызға көбейту арқылы жалақыдан аударылатын аударым анықталады. Материалдардың құны нормативтік (жоспарлы) калькуляция деректері бойынша, үстеме шығыстарды – оларды даяр өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) мен аяқталмаған өндірістің арасында қосалқы өндірістің өндірістік цех (учаске) жұмысшыларының жалақысына пропорционал бөлу арқылы анықталады. Осы баптар бойынша шығындардың сомасы аяқталмаған өндірістің өзіндік құнын құрайды. Аяқталмаған өндірісті жоспарлы (нормативтік) өзіндік құн бойынша бағалаған кезде шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған нақты шығындар мен аяқталмаған өндірістің даярлық дәрежесі (%) ескеріліп, қалған шығындар бойынша нормативтік шығындар ескеріледі.

Күрделі қосалқы өндірістерде өнімнің (жұмыстың, қызметтің) нақты өзіндік құны әр бір тапсырыс бойынша анықталады. Бұл үшін есепті кезеңнің басындағы әр бір тапсырыс бойынша аяқталмаған өндірістің қалдығына есепті кезең ішінде осы тапсырыс бойынша шығын баптары бойынша есептелген шығындар қосылады және есепті кезеңнің соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдықтары мен шығындарды азайтатын басқа да есептен шығарулар (қоймаға қайтарылған материалдардың, қайтарымды қалдықтардың құны және т.б.) шегеріледі. Айырма шығарылған өнімнің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің нақты өзіндік құнын құрайды.

Бір тапсырыс бойынша бірнеше өнім түрі шығарылған жағдайларда олардың арасында шығын әдетте жоспарлы (нормативтік) өзіндік құнға пропорционал бөлінеді.

Ішінара орындалған тапсырыстар бойынша өнімдер, жұмыстар мен қызметтер жоспарлы (нормативтік) өзіндік құн бойынша бағаланады, ал нақты өзіндік құн бүкіл тапсырыс орындалғаннан кейін анықталады.

Қосалқы өндірістердің ерекшелігі ретінде олардың арасында өзара (ыңғайласпа) қызметтер көрсетуді атауға болады. Мысалы, электр станциясы қазандық пен жөндеу-механикалық цехты энергиямен жабдықтайды. Ал электр станциясы қазандық пен жөндеу-механикалық цехтың қызметтерін пайдаланады. Жөндеу-механикалық цех та қазандықтың қызметтерін пайдаланады және оған ыңғайласпа қызметтер көрсетеді (№ 2.7-кестені қараңыз). Бұл жағдайда электр энергиясының нақты өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылған будың өзіндік құны мен жөндеу-механикалық цехтың қызметтерінің өзіндік құнын білу, ал будың өзіндік құнын есептеу үшін электр энергиясының өзіндік құны мен жөндеу-механикалық цехтың қызметтерінің құнын білу керек.

Өзара көрсетілетін қызметтердің нақты өзіндік құнын математикалық есептеу, яғни жүйелі жақындастыру арқылы анықтауға болады, алайда бұл тәсіл өте сирек пайдаланылады.

Іс жүзінде күрделі математикалық есептеулерді оңайлату үшін, әдетте, қосалқы өндірістердің өзара (ыңғайласпа) қызметтерін жоспарлы (нормативтік) өзіндік құн не болмаса өткен есепті кезеңнің нақты өзіндік құны бойынша бағалайды және есептен шығарады.

Бұл жағдайда орындалған жұмыстардың (қызметтердің) өзіндік құнының олардың жоспарлы (нормативтік) өзіндік құнынан немесе өткен есепті кезеңдегі олардың нақты өзіндік құнынан ауытқулары негізгі өндірістің цехтарына немесе бөгде тарапқа орындалған жұмыстарға (қызметтерге) жатқызылатын болады. біздің мысалда (№ 2.7-кестеден қараңыз) электр станциясы бір айдың ішінде 266 940 теңгенің 70 500 кВч мөлшеріндегі электр энергиясын өндірді, оның 3200 кВч 11200 теңге жоспарлы өзіндік құны бойынша басқа қосалқы өндірістерге өзара қызметтер ретінде және 67300 кВч 255 740 теңге өзіндік нақты құны бойынша зауытты басқару мұқтажына (әкімшілік шығыстары) негізгі өндірістің цехтарына, жабдықтарды жөндеу мен ғимараттарды, цехтарды ұстауға берілді және бөгде тарапқа сатылды. Қазандық бір ай ішінде 889 500 теңгенің 474 тонна буын өндірді. Оның 54 тоннасы 99 900 теңге жоспарлы өзіндік құны бойынша қосалқы өндіріс цехтарына өзара (ыңғайласпа) қызмет ретінде берілді және 789 600 теңгенің 420 тоннасы негізгі өндіріс цехтарына, зауыт басқармасына берілді және бөгде тараптарға сатылды. Жөндеу-механикалық цех 1 170 норма-сағат мөлшерінде жұмыс орындады.


2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі

 

теңге

Қосалқы цехтың атауы Өнімді (қызметті) өлшеу бірлігі Есепті айдағы нақты шығындарц (өзара ыңғайласпа қызметтердің құны мен басқа цехтарды қоспағанда) Басқа цехтардың жоспарлы (нормативтік) өзіндік құн бойынша ыңғайласпа қызметтері Цехтың барлық шығындары (3 т+7 т)     Аяқталмаған өндірістің қалдығы Бөлу
Басқа цехтарға жоспарлы (нормативтік) өзіндік құн бойынша көрсетілген ыңғайласпа қызметтер
Электр станциялардың қызметтері Қазандықтың қызметтері Жөндеу-механикалық цехтың қызметтері Басқа цехтардың барлық қызметтерінің құны айдың басында айдың соңында     Қазандыққа Жөндеу-механикалық цехқа Электр станцияға Барлық ішкі (ыңғайласпа) қызмет
Мөлшері Сомасы Мөлшері Сомасы Мөлшері Сомасы Мөлшері Сомасы
                                   
Электр станциясы кВт ч. 69 540 - 44 400       - - 1 200 4 200 2 000 7 000     3 200  
Қазандық тонна 715 300 4 200 -       - - - -            
Жөндеу-механикалық цех норма-час 941 900 7 000 55 500   62 500   16 000 18 000     - -        
Жиыны   1 726 740 11 200 99 900       16 000 18 000 -   -   -   -  

 

Кестенің жалғасы

  Қызметтерді тұтынушылар бойынша бөлінген шығындар Барлық есептен шығарылған
Нақты өзіндік құн бойынша Мөлшері (17+19 жол +21+23+25) Сомасы (18+20+22 жол +24 +26)
Негізгі өндіріс бойынша технологиялық мақсаттарға Жабдықтарды жөндеу мен цехтардың ғимараттарын ұстауға Зауыт басқармасның мұқтажына Бөгде тарапқа көрсетілген қызметтерге
Мөлшері Сомасы Мөлшері Сомасы Мөлшері Сомасы Мөлшері Сомасы
                   
Электр станциясы 20 500 77 900 10 900 41 420 5 400 20 520 30 500 115 900 70 500 266 940
Қазандық   94 000   253 800   159 800   282 00   889 500
Жөндеу-механикалық цех -     430 000   34 400   215 000 1 170 1 002 400
Жиыны - 171 900 -   - 214 720 - 612 900 -  
                     

Оның ішінде қосалқы өндірістерге (қазандық пен электр станциясына) 323 000 теңге жоспарлы өзіндік құн бойынша 380 норма-сағат, негізгі өндіріс цехтарына, зауыт басқармасы мен басқа ұйымдарға – 679 400 теңге нақты өзіндік құн бойынша 790 норма-сағат қызмет көрсетілді. Сөтіп, біздің мысалда 1 кВч 3-50 теңге, 1 т бу – 1 850 теңге және 1 норма-сағат жөндеу жұмыстары– 850 теңге жоспарлы өзіндік құнда осы қызметтердің бірлігінің нақты өзіндік құны тиісінше 3-79, 1876-58 и 856-75 теңгені құрады немесе олардың жоспарлы өзіндік құны нақты өзіндік құннан төмен.

Нарықтық экономика елдерінде ыңғайласпа қызметтерді сызықтық теңдеулер жүйесінің көмегімен бөлудің тура, қадамдық әдіс қолданылады.

Ұйымның екі негізгі өндірістік бөлімшесі (цехы) мен екі қызмет көрсететін қызметі (бөлімі) және олардың көрсеткіштер мынадай делік:

 

2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері

 

  Қызмет көрсететін қызметтер (бөлімдер) Өндірістік бөлімшелер Барлығы
Ақпараттық жүйе Жөндеу қызметі Механи-калық Жинау
1.Бюджеттік (сметалық) жалпы өндірістік шығыстар (теңге) 12 000 000 1 620 000 4 200 000 9 000 000 16 020 000
Қызметтерді бөлу пропорциясы:          
2. Ақпараттық жүйелер          
а) Еңбек-сағаттарының бюджеттік шығындары - 20 000 30 000 50 000 100 000
ә) Коэффициенттер  
3.Жөндеу қызметінің          
а) Жөндеу-сағаттағы бюджеттік шығындар   -     60.000
ә) Коэффициент 1/10   4/10

 

Тура бөлу әдісі. Осы әдіс кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда бір қызмет көрсететін қызметтің екінші қызметке көрсететін ыңғайласпа қызметтері ескерілмейді. Қызмет көрсететін қызметтердің барлық шығындары негізгі өндірістік бөлімшелерінің (цехтардың) есебіне жатқызылады.

Төменде келтірілген кестеде ақпараттық жүйе қызметтерін бөлу базасы ретінде негізгі цехтарда жұмсалатын адам-сағаттың жоспарлық (бюджеттік) саны қабылданған 80 000=(30 000+50 000).

Есептеген кезде жөндеу қызметі үшін жұмсалған 20 000 сағат назарға алынбайды. Негізгі цехтардың жабдықтарын жөндеуге жұмсалған 27000 сағат (24000+3000) мөлшеріндегі уақыт шығыны жөндеу қызметінің өндірістік шығыстарын бөлу үшін негізгі алынады.

Тура әдістің қарапайымдылығы оның негізгі артықшылығы болып табылады. Есеп былайша жүзеге асырылады.

 

2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу

  Қызмет көрсететін қызметтер (бөлімдер) Өндірістік бөлімшелер Барлығы
Ақпараттық жүйе Жөндеу қызметі Механикалық Жинау
Бөлу алдындағы бюджеттік (сметалық) жалпы өндірістік шығыстар 1 200 000 1 620 000 4 200 000 9 000 000  
Ақпараттық жүйенің шығындарын бөлу Бөлу коэффициенті     3/8 5/8 8/8
Сомасы        
Жөндеу қызметінің шығындарын бөлу Бөлу коэффициенті     4/9 5/9 9/9
Сомасы -      
Барлық шығын          

 

Бөлуді мына тәсілмен жүзеге асыруға болады:

1) Өндірістік бөлімшелердегі ақпараттық жүйенің 1 сағат жұмысының шығындары 15=00 (1200000:80000) құрайды, осыдан механикалық цехқа қатысты шығындар 450000 (15х30000) және жинау цехының шығындары 750000 (15х50000) тең болады.

2) Өндірістік бөлімшелердегі жөндеу қызметінің 1 сағат жұмысының шығындары 30 (1620000:540000) құрайды, осыдан механикалық цехқа жатқызылатын шығындар 720000 = (24000х30) және жинау цехының шығындары 900000 = (30000х30) тең болады..

Қадамдық әдіс. Осы әдіс қызмет көрсетуші қызметтердің ыңғайласпа қызметтерін бөлу үшін пайдаланылады, ол шығындарды тура бөлу әдісіне қарағанда неғұрлым дәл, ал шығындарды бөлу циклы әдетте тұтынудан гөрі көп қызмет көрсететін қызметтен басталады (біздің мысалда бұл жөндеу қызметі). Бұдан кейін келесі қызметтің шығындары бөлінеді және бөлу қадам-қадаммен жалғасады. Бөлуді ең аз қызмет көлемін көрсететін бөлімше (қызмет) аяқтайды.

 

2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу

  Қызмет көрсететін қызметтер (бөлімдер) Өндірістік бөлімшелер Барлығы
Ақпараттық жүйе Жөндеу қызметі Механикалық Жинау
Бюджеттік (сметалық) жалпы өндірістік шығыстар бөлудің алдында (теңге) 1 200 000 1 620 000 4 200 000 9 000 000 1 6020 000
Ақпараттық жүйенің шығындарын бөлу Бөлу коэффициенті 1/10 - 4/10 5/10 -
Сомасы 162 000 (1 620 000)   810 000 -
Жөндеу қызметінің шығындарын бөлу Бөлу коэффициенті - - 3/8 5/8 8/8
Сомасы (1 362 000) - 510 750 851 250 -
Барлық шығындар     5 358 750    

 

Қызмет көрсететін қызметтердің шығындарын келесі тәсілмен де бөлуге болады. Жөндеу қызметінің 1 сағат жұмысының шығындары 27 = 00 (1620000: 60000) құрайды, осыдан осы қызметтің: ақпараттық қызметке қатысты шығындары: 162000 = (6000 х 27), механикалық цехқа қатысты 648000(24000 х 27) және жинау цехына 810000 (30000 х 27) құрайды, ал ақпараттық қызметттің негізгі бөлімшелерде 1 сағат жұмысының шығындары 17025 (1200000 + 162000: 80000) құрайды, осыдан оның механикалық цехқа қатысты шығындары 510750 = (17.025 х 30.000) және жинау цехына қатысты шығындары – 851250 (17025 х 50000) құрайды. Демек, жалпы негізгі цехтардың шығындары: 16 020 000 теңгені, оның ішінде механикалық цехтың 5 358 750 теңгені, жинау цехының 10661250 теңгені құрады.

Механикалық есептердің күрделі болуына байланысты желілік басқару тәсілі өте сирек қолданылады және ол жуық деректер береді.

«Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот дебеті бойынша мына шотттардың кредитімен корреспондентелуі мүмкін:

–«Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 және «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – технологиялық мақсаттарға пайдаланылған шикізатттың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, отынның және т.б. құнына;

– «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот –өз ұйымының басқа қосалқы цехтары мен учаскелерінен алынған будың, суықтың, судың, электр энергиясының және т.б. құнына;

– Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (жеткізушілерге, еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға) деп аталатын 3310-330 және «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын 3390 шот – бөгде ұйымдардан алынған будың, суықтың, судың, электр энергиясының және т.б. құнына;

–«Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот– өндірістік жұмысшыларға есептелген негізгі және қосымша жалақының сомасына;

–«Әлеуметтік салық» деп аталатын 3150 шот – өндірістік жұмысшылардың жалақысынан әлеуметтік салыққа аударылған аударым сомасына;

–«Қызметкерлерге төленетін сыйлықақылар жөніндегі қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3430 шот – қосалқы өндірістердің жұмысшыларының демалысын төлеу үшін есептелген резервтің сомасына және жұмысшылардың демалысының төлемінің резервінің әлеуметтік салығының сомасына.

–«Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот – қосалқы өндірістердің үстеме шығыстарының сомасына.

«Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот кредит бойынша – мына шоттардың дебетімен корреспондеттеледі:

– «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот – өндірістегі ақаудың сомасына;

– «Даяр өнім» деп аталатын 1320 шот – қосалқы өндірістер шығарған даяр өнімнің құнына;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 1056; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.