КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Нефрология модулі 1 страница
«Нефрология» пәні бойынша 7 курс интерн-педиатрларға арналған тесттік тапсырмалар (2015-2016 о.ж.) 1. Балалардағы ЗШЖИ
#1 *!НШЖИ-ң ұзақ уақыт рецидивке қарсы емін антибактериалды препараттардың қандай дозасымен және қанша уақыт жүргізу керек?
*+Терапиялық дозаның 1/2-1/3-і, ұзақтығы ҚНР сақталуымен (5 жылға дейін рефлюкс-нефропатияның қауіптілігі) анықталады *Инфекцияны толық жойғанға дейін үнемі терапиялық дозамен *Айына 10 күннен үнемі *Толық дозамен 5-7 күн *Толық дозамен 10-14 күн
#2 *!7 жасар балада фебрилді қызу фонында катаралді белгілерсіз ішінде, бел аймағында ауру сезімі, қабақтарының ісіңкі болуы анықталды. ЖЗА лейкоцит 50 к/а, белок 0,033 г/л, несептің бак. себіндісінде гемолитикалық ішек таяқшасы 1 мл-де 100000 мкр. денешіктері анықталды. Баладағы мейілінше ықтимал диагноз:
*Жедел цистит *Цистит *Жедел гломерулонефрит *+Жедел пиелонефрит *НШЖИ
#3 *!7 жасар балада фебрилді қызу фонында катаралді белгілерсіз ішінде, бел аймағында ауру сезімі, қабақтарының ісіңкі болуы анықталды. ЖЗА лейкоцит 50 к/а, белок 0,033 г/л, несептің бак. себіндісінде гемолитикалық ішек таяқшасы 1 мл-де 100000 мкр. денешіктері анықталды. «Жедел пиелонефрит» диагнозы қойылды. Пиелонефриттің емін қай препараттан бастаған жөн?
*Пенициллин *Гентамицин *+Ампициллин *Рокситромицин *Нитроксалин
#4 *!Пиелонефрит кезінде бүйрек паренхимасының қай бөлімі зақымдалады:
*Шумақшалар *+Милы қабат *Қыртысты қабат *Астауша-тостағанша жүйесі
*Юкстагломерулярлы аппарат
#5 *!«Асимптомды бактериурия» термині төмендегі қай жағдайдың болуын немесе болмауын көрсетеді:
*+Зәр жолдарының шырышты қабатында қабынудың болмауы *Шырышты қабатқа микробтардың адгезиясы және жоғары өрлеуі *Қабыну үрдісі зәр жүйесінің эпителийінде *Қабыну үрдісі бүйректе *Қабыну уретрада
#6 *!Микробты-қабыну үрдісі дамитын бүйрек тінінің құрылымдық бөлімі:
*Астауша *+Интерстиций *Тостағанша *Шумақша *Юкстагломерулярлы аппарат
#7 *!Асқынбаған зәр инфекциясы деп айтылады, егер бүйрек пен зәр жолдарында:
*+Анатомиялық өзгерістер, конкременттер табылмаса *Сепсис белгілері болмаса *Зәрде протей табылмаса *Зәрде көк іріңді таяқша табылмаса *Өзгеріске байланыссыз тек балаларда кездеседі
#8 *!«Жедел пиелонефрит» термині айқын клиникалық және зертханалық белгілердің төменде көрсетілгендердің қайсысымен байланысты болғанда қолданылуы керек:
*Астауша мен тостағаншалардың кеңеюі *+Бүйрек тінінде бактериалды қабыну ошақтарының болуы *Туа пайда болған бүйрек пен зәр жолдарының ақауы *УДЗ-дегі өзгерістер және зәрдегі қабыну белгілері *Зәрде кез-келген инфекция белгілері немесе УДЗ-дегі өзгерістер
#9 *!Ауруханаішілік жағдайда дамыған зәр шығару жолдарының инфекциясында емдеуге резистентті қандай қоздырғыш ЕҢ жиі анықталады?
*Клебсиелла *Стрептококк *Ішек таяқшасы *+Көкірің таяқшасы *b-гемолитикалық стрептококк
#10 *!Ауруханадан тыс дамыған зәр шығару жолдарының инфекциясында қандай флора ЕҢ жиі анықталады?
*Протей *+Ішек таяқшасы *Көкірің таяқшасы
*А тобының b-гемолитикалық стрептококкы *В тобының b-гемолитикалық стрептококкы
#11 *!Бүйрек паренхмасының гематогенді жолмен зақымдануы болады:
*Циститте *Дисбактериозда *Бүйрекке ота жасағанда *+Сепсис дамыса *Рентгенурологиялық зерттеу әдістерін жүргізгенде
#12 *!Пиелонефрит кезінде нефронның милы бөлімінің зақымдалуын анықтау үшін мейілінше ақпаратты әдіс қандай?
*Шварц сынамасы *Амбурже сынамасы *+Зимницкий сынамасы *Нечипоренко сынамасы *Аддис-Каковский сынамасы
#13 *!Зәр жүйесі инфекциясының диагностикасында ең жиі қолданылатын және ақпаратты зерттеу әдісі:
*Цистография *+Бүйрек пен зәр жолдарының УДЗ *Аддис-Каковский сынамасы *Компьютерлік томография *Магнитті резонансты томография
#14 *!Зәр шығару жолдарының инфекциясы кезінде емдеу тактикасын анықтау үшін жалпы зәр талдауымен қатар қандай зерттеу әдісі міндетті түрде жүргізіледі:
*Амбурже сынамасы *Зимницкий сынамасы *Нечипоренко сынамасы *Аддис-Каковский сынамасы *+Зәрді бактериологиялық себу және флораның сезімталдығын анықтау
#15 *!Зәрді бактериологиялық себуге жинаудың қай түрінде зәрдегі кез-келген микроб саны зәр жолдары инфекциясының бар екендігін көрсетеді:
*Тәуліктік зәрден *Кез-келген зәрден *Қуықты катетеризациялағанда алынған зәрден *Стерильді ыдысқа орта порциясын жинағанда *+Қуық пункциясында
#16 *!15 жасар қыз бала. Белдегі, әсіресе оң жақтан сыздаған ауру сезіміне, дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, зәрінің лайлануына шағымданды. Объективті: тері жабындылары табиғи түстес, ісінулер жоқ, АҚ 100/70 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоциттер 16 мың., ЭТЖ 40 мм/сағ. Зәр анализінде: меншікті салмағы 1009-1016, белок 0,66 г/л, лейкоциттер – жаппай, эритроциттер 1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран. Мейілінше маңызды зрттеу әдісі:
*Бүйрек биопсиясы *Цистография, бүйрек УДЗ *Цистоскопия, бүйрек УДЗ *+Зәрді бактериологиялық себу, бүйрек УДЗ
*Экскреторлық урография тұрып жасалынған
#17 *!15 жасар қыз бала. Белдегі, әсіресе оң жақтан сыздаған ауру сезіміне, дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, зәрінің лайлануына шағымданды. Объективті: тері жабындылары табиғи түстес, ісінулер жоқ, АҚ 100/70 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоциттер 16 мың., ЭТЖ 40 мм/сағ. Зәр анализінде: меншікті салмағы 1009-1016, белок 0,66 г/л, лейкоциттер – жаппай, эритроциттер 1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?
*Нефроптоз *+Жедел пиелонефрит *Несеп-тас ауруы *Жедел гломерулонефрит *Созылмалы пиелонефрит
#18 *!Ішек таяқшасының қандай қасиеті зәр жүйесі инфекциясының дамуында маңызды емес:
*Вируленттілігі *Фимбрияларының болуы *Жіпшелерінің болуы *Адгезивті қасиеттері *+Шигатоксинінің болуы
#19 *!Пиелонефрит дамуында негізгі инфекция көзін көрсетіңіз:
*+Ішек және дистальді уретра *Кіндік жарасы және тері *Лас ауа *Су қоймаларында шомылу *Тамырішілік манипуляциялар
#20 *!Зәр жүйесі инфекциясының өршуінде келесі зерттеу әдісі мейілінше ақпаратты:
*УДЗ-дегі АТЖ деформациясы *Шумақ фильтрациясы *+Зәрді бак.себу және зәр талдауы *Зәрдегі кристаллдар *Зәр шығару жиілігін анықтау
#21 *!Қай симптом зәр жүйесі инфекциясы немесе пиелонефритке күдіктенуге негіз емес:
*Дене қызуының жоғарылауы *Лейкоцитоз *Іштің ауруы *Жиі кіші дәретке бару *+Бүйрек УДЗ-дегі «микролиттер»
#22 *!Қандай зерттеу әдісі пиелонефрит ошақтарын анықтауға мүмкіндік береді:
*Бүйрек УДЗ *Цистография *Цистоскопия *+Нефросцинтиграфия *Экскреторлық урография
#23 *!Зәр жүйесі инфекциясы бар науқастарда зәрлік симптомдарды зерттеудің заманауи әдісі:
*Нечипоренко сынамасы *Центрифугаланбаған зәр *Амбурже сынамасы *Аддис-Каковский сынамасы
*+Тест-жолақшалар және зәр тұнбасының микроскопиясы
#24 *!Жедел пиелонефритке ТӘН ЕМЕС зертханалық белгіні анықтаңыз:
*Лейкоцитурия көру аймағын тұтас жауып жатыр *+Ет жуындысы тәрізді зәр *Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы *Зәрдің меншікті салмағының төмендеуі *Бактериурия 1 мл зәрде 100000 м.д. асады
#25 *!Сәбилерде пиелонефриттің өршуі кезінде қандай зертханалық өзгерістер мейілінше басым болады:
*+Пиурия *Гематурия *Протеинурия *Лейкоцитурия *Цилиндрурия
#26 *!Нәрестеде зәр жүйесінің инфекциясына күдік туғанда қандай зерттеуді жүргізбеген жөн:
*Зәрді бак. себу *Қан талдауы *Зәр талдауы *+Экскреторлық урография *Бүйрек және зәр шығару жолдарының УДЗ
#27 *!Клиникалық көрінісі бар циститте зәрмен шартты-патогенді флораның қандай санда шығуының диагностикалық маңызы бар (1 мл зәрде микроб денешіктері):
*1000 *5.000 *10.000 *+50.000 *1 000.000
#28 *!8 жасар баладағы мына белгілер зәр инфекциясының белгілеріне жатпайды:
*+Оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі, жүрек айну, УДЗ – «микролиттер» *Іш ауруы, улану белгілері, қызу, мазасыздану *Қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, УДЗ – бүйрек ісінуі *Лейкоцитурия, бактериурия, лайлы зәр *Қанда лейкоциттер 12 х 109/л, нейтрофилдер 55%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 10%
#29 *!Жедел пиелонефрит белгілеріне жатпайды:
*1 мл зәрде бактериурия 100000-нан көп м.д., қанда лейкоцитоз *Қызу, улану белгілері, ЭТЖ жоғарылауы *+Ісіну, зәрде эритроциттердің көп болуы *Лайлы зәр, УДЗ – бүйрек мөлшерінің ұлғаюы *Зәрде лейкоциттер көру алаңын толтырған, иісі жағымсыз зәр
#30 *!Зәр жүйесі инфекциясын емдеу үшін антибактериалды препаратты таңдағанда маңызды емес:
*Клиникалық көрінісі мен науқастың жасы *Ауырлық дәрежесі мен баланың жасы *+Лейкоцитурия мен эпителиалды жасушалар *Микроорганизмнің сезімталдығы мен аурудың ауырлық дәрежесі *Зәр жолдарында обструкцияның болуы мен гипертермия
#31 *!Асқынбаған жедел циститті бір реттік мөлшермен емдеу үшін қолданылатын препарат:
*Цефазолин *Гентамицин *Амоксиклав *Цефураксим *+Фосфомицин
#32 *!Көкіріңді инфекцияны емдеуге арналған мейілінше тиімді препарат:
*+Цефтазидим *Тетрациклин *Трихопол *Гентамицин *Амикацин
#33 *!Зәр жүйесінің туа біткен даму ақаулары және зәр жүйесі инфекциясының қайталамалары бар науқастарды ұзақ уақыт диспансерлік бақылағанда қандай зерттеу әдісі міндетті түрде жүргізіліп отырылуы тиіс?
*+Цистография *Зимницкий сынамасы *Экскреторлық урография *Компьютерлік томография *Қан сарысуындағы креатинин мөлшерін анықтау мен ШСЖ есептеу
#34 *!Жедел пиелонефритте қандай препараттарды ҚОЛДАНБАЙДЫ:
*+Стероидтар *Антибиотиктер *Нитрофурандар *Фторхинолондар *Сульфаниламидтер
#35 *!Фосфомицин (монурал) қашан және қалай тағайындалады:
*Жүйелі ауруларда *Балалардағы зәр жүйесі инфекциясында *+Цистит кезінде бір рет *Постинфекциялық жедел гломерулонефритте *Постинфекциялық интерстициалді нефритте
#36 *!Зәр шығару жолдарының инфекциясын алдын-ала емдеудегі қате ұғым:
*Егер инфекцияның қайталануы 3-тен жиі болса 6-12 ай бойы өткізу қажет *Триметоприм + сульфаметоксазол + нитрофуран – ЗШЖИ қайталауы кезіндегі таңдамалы дәрілер (1/2-1/3 мөлшері) *Амоксициллин + клавулон қышқылы – альтернативті емдеу жолы *ЗЖИ алдын алуда аспапты зерттеу әдістерінің алдында және соңында антибактериалды ем жүргізу қажет *+Алдын алу үшін антибиотиктердің тұрақты емдік мөлшерін түнгі уақытта тағайындау қажет
#37 *!Зәр жүйесінің инфекциясы бар науқаста қуық-неспағар рефлюксінің 3 дәрежесі анықталса қандай ем жүргізу керек?
*Негізгі антибиотиктер курсынан кейін ұзақ уақыт фитотерапия *Емді нитрофурандардан бастау *Фторхинолондармен емдеген тиімді *Шұғыл хирургиялық ем *+Антибиотиктермен негізгі және профилактикалық емдеу курсын жүргізу
#38 *!Бүгінгі таңда зәр жүйесінің қандай ауруы өте сирек диагностикаланады?
*Жедел цистит *Жедел пиелонефрит *Зәр жүйесінің инфекциясы *+Созылмалы пиелонефрит *Қуық дисфункциясы
#39 *!«Созылмалы пиелонефрит» терминіне байланысты дұрыс пікір:
*Зәрде ұзақ уақыт бойы өзгерістер кездессе де бүйректердің өзгеріссіз болуы *Зәрде лейкоциттер мен бактериялар жоқ болуы мүмкін, бірақ УДЗ-белгілері бар *Аурудың басты симптомдары – белдегі ауру сезімі, пастоздық, УДЗ-белгілер *«Астауша-тостағанша жүйесінде деформациялар» болуы *+Көптеген апта, ай, жылдар бойы сақталып тұрған, паренхимадағы дәлелденген инфекцияның персистенциясы
#40 *!Біздің елімізде «созылмалы пиелонефриттің» гипердиагностикасы немен түсіндіріледі:
*Инновациялық диагностика әдістерінің болмауы *Компьютерлік томографияны сирек қолдану *Магнитті-резонансты томографияны сирек қолдану *Урограмма көрсеткіштерін дұрыс бағаламау *+УДЗ көрсеткіштерін дұрыс бағаламау
#41 *!«Созылмалы пиелонефрит» терминін бүйректе қандай өзгерістер болғанда қолданады:
*Астауша-тостағанша жүйесінің деформациясы *Бүйректегі кистозды өзгерістер *Зәр жүйесінің қайталамалы инфекциясы *+Бірнеше айлар немесе жылдар бойы сақталған бүйрек паренхимасындағы белсенді бактериалды үрдіс *Зәр жүйесі инфекциясының қайталамалы көріністері
#42 *!Неліктен зәр жүйесінің қайталамалы инфекциясын «созылмалы пиелонефрит» деп атай алмаймыз:
*Қайталамалы ЗЖИ әрқашан қуықтың зақымдалуы болып табылады *Қайталамалы ЗЖИ тек нефролитизға тән *Қайталамалы ЗЖИ иммунодефицитпен бірге жүреді *Пиелонефритттің басты симптомы УДЗ-дегі өзгерістер *+Қайталамалы ЗЖИ барлығы бірдей бүйрек паренхимасында созылмалы бактериалды үрдісті дамыта бермейді
#43 *!Бүгінгі таңда шынайы созылмалы пиелонефриттің сирек кездесуі немен түсіндіріледі:
*Диагностика әдістерінің жеткіліксіздігі *Жедел пиелонефрит кездеспейді *Пиелонефрит салдарынан бүйректің бүрісуі кездеспейді *+Күшті антибактериалды препараттарды кеңінен қолдану *Пиелонефрит дамуы зәр жүйесінің туа пайда болған ақауымен байланыссыз
#44 *!Қазіргі көзқарас бойынша, егер бактерия персистенциясы болмаса бүйректегі бактериалды үрдістің нәтижесінде дамыған бүйрек бүрісуі «созылмалы пиелонефрит» деп қарастырылмауы мынаған байланысты:
*+Склероз болғанымен бактерия болмаса антибактериалды ем тағайындалмайды * Бүйректегі кез-келген созылмалы үрдіс антибиотиктермен емделеді *УДЗ-дегі «астауша-тостағанша жүйесіндегі деформация» антибактериалды емді қажет етеді *Зәр жүйесіндегі туа пайда болған және жүре пайда болған өзгерістер – созылмалы пиелонефрит *АТЖ-дегі деформациялар, «құм» - созылмалы пиелонефрит белгілері
#45 *!«Зәр жүйесінің инфекциясы» термині қолданылады:
*Бактериурия анықталғанда *Қуықта инфекция орныққанда *Бүйрек тінінде инфекция орныққанда *Термин қазіргі уақытта қолданылмайды *+Белгілі бір орналасу орны жоқ зәр инфекциясын анықтайды
#46 *!Қыздар неге зәр жүйесінің инфекциясымен жиі ауырады:
*Иммунды жүйенің ерекшеліктері *Обструктивті уропатияның болуы *Қуықтың дисфункциясының болуы *Қуық-несепағар рефлюксінің болуы *+Анатомиялық ерекшеліктері және уретра мен анустың жақындығы
#47 *!Төменде аталғандардан «асимптоматикалық бактериурия» диагнозы қашан қойылады?
*Тек лейкоцитурия болғанда *Клиникасыз бактериурия 103 және гематурия болғанда *Басқа белгілерсіз бактериурия 102 м.д/мл болғанда *+Басқа белгілерсіз бактериурия 105 м.д/мл болғанда *Басқа белгілерсіз бактериурия 105 м.д/мл және лейкоцитурия болғанда
#48 *!Асимптоматикалық бактериуриямен антибактериалдық емді қажет етпейтін жағдай:
*+Пиелонефрит дамитын қауіп факторлары жоқ науқастарда *Физиологиялық жүктілікте *Патологиялық жүктілікте *Қант диабетінің 1-ші түрінде *Қант диабетінің 2-ші түрінде
#49 *!8 жасар қыз бала ауруханаға Т - 39°, интоксикациямен түсті. Тексергенде несебі лайлы, белок 0,066 г/л, лейкоциттер к/а тұтастай жауып жатыр, бактериурия +++. Қанда: лей- 10×109 /л, ЭТЖ – 45 мл/мин. Мына диагноздардың қайсысы мейілінше ықтимал?
*Цистит *Уретрит *Гломерулонефрит *+Жедел пиелонефрит *Интерстициалды нефрит
#50 *!Ерте жастағы балаларда пиелонефриттің кеш диагностикасы мен сәйкессіз емі ненің дамуына алып келеді:
*Цистит *Уретрит *Остеопороз *+Бүйрек бүрісуі *Бүйректің жедел зақымдалуы
#51 *!7 айлық ұл балада бірінші рет ЗШЖИ мен ІІ дәрежелі ҚНР анықталды. Негізгі антибактериалды ем курсынан кейін науқасты жүргізу тактикасы қандай?
*Цистоскопия жасау *Контрастты цистография жасау *Антирефлюксті ота жасау *Экскреторлық урография жасау *+Нитрофуран қатарының препараттарының емдік мөлшерінің ½-ын түнде тағайындау арқылы алдын алу
#52 *!2 жасар баланы мына төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы ЗШЖИ-ң рецидивтеріне әкеледі?
*Қысқа уретра *Ұзын уретра *Жиі тубулопатиялар *+Несеп жолдарының жиі туа біткен обструкциялары *Иммундық статусқа байланысты бейімділік
#53 *!Несеппен мына қоздырғыштың бөлінуі шынайы бактериурия деп саналады, әрі ЗШЖИ ең жиі қоздырғышы:
*1 мл-де стафилококктың 1000 м.д. *1 мл-де стрептококктың 10000 м.д. *1 мл-де протей вульгардың 50000 м.д. *1 мл-де ішек таяқшасының 50000 м.д. *+1 мл-де ішек таяқшасының 100000 м.д.
#54 *!1,5 жасар балада интоксикация, фебрилді Т° (38,7). Несеп талдауында лейкоцитурия, протеинурия 0,033 г/л. Несеп бак.себу талдауына алынды. Мына төмендегі тактикалардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
*Стероидтар тағайындау *Цистография *Экскреторлық урография *+Эмпирикалық антибактериалды емді тағайындау *Фитотерапия
#55 *!Төмендегі қандай қауіп факторлардың жиынтығы қант диабеті бар науқастарда зәр жүйесі инфекциясының дамуына бейімдейді және инфекцияның қай түрі кездессе де (асимптомды бактериурия, пиелонефрит, цистит) емді қажет етеді:
*Глюкозурия, дисбактериоз, иммунитеттің төмендеуі *+Глюкозурия, зәр жолдарының гипотониясы, иммунитеттің төмендеуі *Гиперкинетикалық қуық, глюкозурия, полиурия *Диабеттік нефропатия, глюкозурия, макроангиопатия *Артериалды гипертензия, гипергликемия, иммунитеттің төмендеуі
#56 *!1,5 жасар қыз баланың жағдайы фебрилді температураға, улану симптомдарына, абдоминалдық синдромға байланысты ауыр. Несепте – пиурия. Диагнозды нақтылау үшін мына тексеру әдісінің қайсысын жүргізу керек?
*Цистография *Зимницкий сынамасы *+Несепті бак.себу *Экскреторлық урография *Құрсақ қуысының УДЗ-і
#57 *!Туылғанына 10 күн болған нәресте мидың шүйде бөлігінің зақымдалуына байланысты қарқынды емдеу бөлімшесінде жатыр. 5-ші күні жағдайы нашарлай түсті: интоксикация синдромы өршіп, емуден бас тартты, дене қызуы көтерілді, несебі лайланды, иісі жағымсыз. Несеп талдауында – лейкоциттер барлық көру алаңында анықтала бастады. үлкен дәреті ботқа тәрізді, 5-6 рет тәулігіне, патологиялық қоспасыз. Төменде келтірілген аурулардың ішінде ЕҢ болжамалы диагнозы қандай?
*Энтероколит *Нейротоксикоз *Ротавирусты инфекция *+Жедел пиелонефрит *Энцефалит
#58 *!Мына симптомдардың қайсысы пиелонефритті төменгі зәр шығару жолдарының инфекциясынан ажыратады?
*Дизурия *Гематурия *Бактериурия дәрежесі *Лейкоцитурия дәрежесі *+Интоксикация, бүйрек қызметінің бұзылысы
#59 *!«Уросепсис» термині қай жағдайда қолданылады:
*+Нәрестелер мен ерте жастағы балаларда *Пиелонефритпен науқастарда *Кез-келген жастағы науқастарда *Иммунодефициті бар науқастарда *Жасөспірімдерде
#60 *!Бактериялар көбінесе зәр жүйесіне таралады:
*Ауалы-тамшылы жолмен *Қарым-қатынас арқылы *Гематогенді инвазия арқылы *Лимфатикалық жолмен *+Ретроградты инвазия жолымен
#61 *!Зәр шығару жолдарының инфекциясына күдік болғанда жалпы зәр талдауымен қатар қандай зерттеу міндетті түрде жүргізіледі:
*Амбурже сынамасы *Зимницкий сынамасы *Нечипоренко сынамасы *Аддис-Каковский сынамасы *+Зәрді бактериологиялық себу және флораның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау
#62 *!Жалпы зәр анализінің төменде аталған көрсеткіштерінің қайсысы зәр жүйесінің инфекциясын мейілінше анық көрсетеді?
*Реакциясы қышқыл *Түсі сары, толығымен тұнық *+Лейкоциттер көру аймағында 30-40 артық *Эпителиалды жасушалар – барлық көру аймағында жаппай *Эритроциттер барлық көру аймағында жаппай
#63 *!Төменде келтірілгеннің арасында 1 жасқа дейінгі балалардағы жедел пиелонефритке тән клиникалық-зертханалық көрсеткіштер:
*Диарея және гематурия *+Фебрилді қызба және пиурия *Дизуриялық бұзылыстар және гематурия *Артериалды гипертензия және протеинурия *Субфебрилді қызба және лейкоцитурия
Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 507; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |