Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Пульмонология -240 1 страница




 

~ 3 жастағы балада 3 апта бойы дене қызуының 37-37,5С жоғарылауы, тұрақты жөтел, тәбетінің төмендеуі шағымдарымен келіп түсті. Амбулаторлық жағдайда –пенициллин, кефзол алды. Түскен кезде – шамалы ентігу тыныс алу жиілігі - 42 мин, терісі бозғылт, “мәрмәрлік суретпен”, периоральді цианоз, өкпесінде – екі жақта төменгі бөлімінде орта – және ұсақ көпіршікті сырылдар естілуде. Кеуде клеткасының рентгенограммасында – өкпе алаңының біркелкі емес инфильтрациясы – “қарлы боран”, интерстициальдық және қантамырлық компоненттер есебімен өкпе суретінің айқын күшеюі. Жалпы қан зерттеуінде – гемоглобин - 100г/л, сегментядролы -75%, эозинофилдер-12%, ЭТЖ-30мм/сағ.

Осы жағдайға тән қоздырғышты көрсетіңіз.

| Микоплазма

| Стрептококк

| Пневмококк

| Стафилококк

| Көк ірің таяқшасы

~ 11 жастағы бала, шағымдары іріңді қақырықпен жөтелу, әлсіздік. Объективті: өкпесінде перкуторлы – кқораптық дыбыс, аускультативті – қатаң тыныс, барлық алаңда ылғалды әртүрлі калиберлі сырылдар. Бронхограммада – «кесілген ағаш» типінде бронхтар дистальдық бөліктерінің үзілуі.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз.

| Созылмалы бронхит

| Бронх демікпесі

| Ошақты пневмония

| Жедел бронхиолит

| Обструктивті бронхит

~ 7 жасар ұл бала 3 жасынан бастап обструктивті синдроммен жылына 3рет рецидив беріп ауырады. Өршу кезеңінде симптоматикалық ем алады. Өсе келе обструктивті бронхиттің өршу жиілігі азайды.

Жағымды әсер етуші фактор.

| Бронх саңылауының кеңеюі

| Бактериалды аллергияның азаюы

| Тыныс мускулатурасының күшінің артуы

| Лимфа тінінің реактивтілігінің азаюы

| Бронх ағашының кілегейінің секрециясының азаюы

~ 7 жастағы қыз баланы қақырықты жөтел мазалауда. Қарау кезінде тері түсі бозарған, дауыс дірілі күшейген.

Сіздің болжам диагнозыңыз.

| Инфильтративті өкпе үрдісінде

| Пневмоторакста

| Плевритте

| Өкпе эмфиземасында

| Ателектазда

~ 4 жастағы баланың дене қызуы түнде 380С дейін көтерілген, бұл жағдай 3күн бойы сақталған. Әлсіздік мазалауда. ТЖ 35-36 р мин. Қақырықты бактериологиялық себуде микоплазма анықталған.

Пневмонияны... препаратымен емдеген жөн.

| Ровамицин

| Линкомицин

| Цефтриаксон

| Нетромицин

| Ампициллин

~ Плевриті бар науқасқа пункция жасалған. Экссудаттың жасушалық құрамы лимфоциттер 80%, нейтрофилдер 15%, эритроциттер 5%.... плевритке тән көрініс.

| Серозды

| Іріңді

| Геморрагиялық

| Серозды-геморрагиялық

| Жарақаттан кейінгі

~ Бала 11 жаста. Пневмония диагнозымен емделіп жатыр, қақырығын бактериальді зерттеу кезінде грамм теріс флора анықталған. Ең тиімді антибактериальді ем ретінде таңдамалы препарат.

| Фортум

| Бисептол

| Амоксиклав

| Пенициллин

| Эритромицин

~ Бала 3 жаста, диагнозы:Стафилакоккты этиологиялы деструктивті пневмония. Ең тиімді антибактериальді ем ретінде таңдамалы препарат.

| кефзол+сумамед

| гентамицин+метрагил

| пенициллин+гентамицин

| ампициллин+гентамицин

| левомицетин+пенициллин

~ 5 жастағы ұл бала тыныс алуыдың қиындауына, жөтелге шағымданып келіп түсті. 7 күн бұрын дене қызуы 38,6оС, катаральдық белгілердің пайда болуымен басталған. 3-ші күні құрғақ жөтел және ентігу пайда болды. Анамнезінде: экссудативтік-катаральдық диатез көріністері болған. Тыныс алу жетіспеушілігінің 2 дәрежесі әсерінен жағдайы ауыр. Тыныс алуы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен, дем шығаруы шулы, қиындаған. Өкпесінде тынысы әлсіреген, құрғақ ысқырған және ылғалды сырылдар естіледі, тыныс алу жиілігі - 48 рет минутына. Спирограммада: өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) - 41%, функционалды ӨТС (ФӨТС) 46%, өкпенің максималды дем шығаруы (ӨМДШ) - 44%, максималды көлем жылдамдығы (МКЖ) 31%, дем шығарудың үдеме жылдамдығы (ДШҮЖ) 0,6%. Беротектен кейін: ДШҮЖ 12%.

Алдын ала қойылған диагноз.

| Обструкциямен жедел бронхит, тыныс алу жетіспеушілігінің 2 дәрежесі

| Бронх демікпесі, тыныс алу жетіспеушілігінің 1 дәрежесі

| Жедел обструктивті бронхит, тыныс алу жетіспеушілігінің 1 дәрежесі

| Жедел бронхит, тыныс алу жетіспеушілігінің 1 дәрежесі

| Екі жақты жедел пневмония, тыныс алу жетіспеушілігінің 2 дәрежесі

~ Тыныс алу жетіспеушілігі мен ұсақ көпіршікті сырылы бар 2 жастағы балаға рентгенография жасалынды.

Рентгенологиялық белгілер пневмонияны бронхиолиттен ажыратуға көмектеседі.

| Өкпеде инфильтративті көлеңкелер

| Өкпе суретінің күшеюі

| Өкпе суретінің төмендеуі

| Диафрагма түсуі

| Өкпенің желденуі жоғарылаған

~ 10 жасар ұл балада пневмоцисталық пневмония.... ең тиімді дәрілік зат.

| Бисептол

| Ровамицин

| Пенициллин

| Ампициллин

| Стрептомицин

~ 13 жасар қыз балада, алдын-ала диагноз созылмалы бронхит.

Ең ақпаратты диагностикада зерттеу әдісі.

| Бронхография

| Бронхоскопия

| Спирография

| Пикфлоуметрия

| Рентгенография

~ Науқас 5 жаста. Кенеттен дене қызуы 39,50 С-ге жоғарылады. Бас ауыру сезімі, сандырақ, ”тат тәрізді қақырықпен” жөтел, кеуде клеткасында ауыру сезімі пайда болды.

Сіздің болжам диагнозыңыз.

| Крупозды пневмония туралы

| Жедел бронхиолит туралы

| Жедел бронхит туралы

| Интерстициальды пневмония туралы

| Облитерлеуші бронхиолит туралы

~ 7жастағы ұл балада Жедел пневмония анықталды.Негізгі шағымдары:жөтелгенде және терең дем алғанда,оңға қарай еңкейгенде ауырсыну сезімі, сол жақ кеуденің үлкен бұлшықетінің пальпация кезінде ауырсынуы қосылған. Сіздің болжам диагнозыңыз.

| плеврит

| эмфизема

| ателектаз

| деструкция

| пневмосклероз

~ 5 жастағы бала, жағдайы ІІ дәрежелі тыныс жетіспеушілігі, интоксикация есебінен ауыр күйінде ауруханаға жеткізілді. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, тыныс шығаруы қиындаған. Өкпесінде перкуторлы өкпе дыбысы қораптық реңмен, аускультативті шулы тыныс шығарумен әлсіреген тыныс, көп мөлшерде құрғақ ысқырықты және ылғалды орта көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз.

| Жедел обструктивті бронхит

| Жедел бронхит

| Жедел пневмония

| Жедел бронхиолит

| Плеврит

~ Бала 11 жаста. Пневмония диагнозымен емделіп жатыр, қақырығын бактериальді зерттеу кезінде грамм теріс флора анықталған.

Ең тиімді антибактериальді ем ретінде таңдамалы препарат.

| Фортум

| Бисептол

| Амоксиклав

| Пенициллин

| Эритромицин

~ Бронх демікпесі ұстамасын қайтару үшін қолданытын дәрілік зат.

| Преднизолон

| Амикин

| Супрастин

| Метотрексат

| Интал

~ 8 жастағы балада пневмоторакс анықталуда, бұл жағдайдағы басты шара....

| Плевралді пункция және дренаж

| Зақымдалған жағына жатқызу

| Белсенді оттегілік ем

| Басын көтеріңкі жатқызу

| Интубация және жасанды тыныс

~ 3 жастағы баланың дене қызуы түнде 390С дейін көтерілген, бұл жағдай 4 күн бойы сақталған. Әлсіздік, дем шығару қиындауы мазалауда. ТЖ 38-40 р мин. Қақырықты бактериологиялық себуде пневмококктың бета-лактамаза өндіретін штаммдары анықталған.

Емдегенде.... препаратын қолданған тиімді.

| Амоксиклав

| Амоксициллин

| Ампициллин

| Азитромицин

| Феноксиметилпенициллин

~ 4 жастағы балада стафилококкты деструктивті пневмония анықталған.

Ең тиімді терапиялық схема.

| антистафилококкты иммуноглобулин, цефтриаксон, контрикал

| антистафилококкты иммуноглобулин, ко-тримоксазол, цефтриаксон

| антистафилококкты иммуноглобулин, ко-тримоксазол, гентамицин

| антистафилококкты иммуноглобулин, ко-тримоксазол, преднизолон

| антистафилококкты иммуноглобулин, азитромицин

~ Бала 7 жаста. Бронх демікпесінің ауыр ұстамасы анықталды. Ең тиімді дәрілік зат.

| Преднизолон

| Беротек

| Эуфиллин

| Супрастин

| Интал

~ Бала 11айда,вирусты инфекция фонында пневмониямен асқынған,зәр бөлінуі тоқтаған.ЖҚА:ЭТЖ 45 мм/сағ.эритроцит 3,3 х 10^12/л,гемоглобин 90 г/л,мочевина 19 ммоль/л,билирубин 14 ммоль/л,СКФ 10мл/мин.Бүйрек УДЗ:2 бүйрегінің көлемі ұлғайған,астауша-тостағанша жүйесі тарылған. Біріншілік емдік шара.

| перитонеальды диализ

| гемодиализ

| ультрафилтрация

| бүйрек трансплантациясы

| ультрафилтрациямен гемодиализ

~ 6 жастағы бала 3 апта бойы субфебрильді дене қызуының жоғарылауы, тұрақты жөтел, тәбетінің төмендеуі шағымдарымен келіп түсті. Амбулаторлық жағдайда –пенициллин, кефзол алды. Түскен кезде – шамалы ентігу, терісі бозғылт, “мәрмерлік суретпен”, периоральді цианоз, өкпесінде – екі жақта төменгі бөлімінде орта – және ұсақкөпіршікті сырылдар. Кеуде клеткасының рентгенограммасында – өкпе алаңының біркелкі емес инфильтрациясы – “қарлы боран”, интерстициальдық және қантамырлық компоненттер есебімен өкпе суретінің айқын күшеюі. Жалпы қан зерттеуінде – эозинофилия, шамалы нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылаған. Осы жағдайға тән қоздырғышты көрсетіңіз.

| микоплазма

| көк ірің таяқшасы

| стафилококк

| стрептококк

| пневмококк

~ 9 жастағы бала, шағымдары іріңді қақырықпен жөтелу, әлсіздік. Объективті: өкпесінде перкуторлы – коробкалық рең, аускультативті – қатаң тыныс, барлық алаңда ылғалды әртүрлікалиберлі сырылдар. Бронхограммада – «кесілген ағаш» типінде бронхтар дистальдық бөліктерінің үзілуі. Сіздің диагнозыңыз.

| созылмалы бронхит

| ошақты пневмония

| обструктивті бронхит

| жедел бронхиолит

| бронх демікпесі

~ Бала 7 жаста пневмония анықталды, 3күн бұрын әлсіздік,тәбеті төмендеген,дене қызуы 39,50 С жоғарылаған,терісі жер түсті,оң жақ бүйірінде ауырсыну,көп көлемді қақырықпен жөтел.Оң жақ жауырын астында тимпанитті тұйықталу,амфоралық тыныс,металл тәрізді дыбысты сырылдар естіледі.Болжам диагнозыңыз.

| өкпе абсцесі

| жедел оң жақты бөліктік пневмония

| крупозды пневмония

| плевра эмпиемасы

| буллалар

~ Қыз бала 9 жаста, жағдайы ІІ дәрежелі тыныс жетіспеушілігі, интоксикация есебінен ауыр күйінде ауруханаға жеткізілді. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, тыныс шығаруы қиындаған. Өкпесінде өкпе дыбысы қораптық реңмен, аускультативті шулы тыныс шығарумен әлсіреген тыныс, көп мөлшерде құрғақ ысқырықты және ылғалды орта көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз.

| жедел обструктивті бронхит

| жедел пневмония

| жедел бронхиолит

| жедел бронхит

| плеврит

~ Ұл бала 2 жаста, 5 күн бойына қызбасы болған. Жағдайы ауыр, дене температурасы - 39 С, ылғалды жөтел, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, танаулары кернелген, көз асты көгерулер бар. Өкпесінде - оң жақта жауырын бұрышының астында өкпе дыбысының жергілікті қысқарғандығы, сол жерде әлсіреген тыныс фонында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз.

| жедел пневмония

| обструктивті синдроммен жедел бронхит

| жедел бронхиолит

| жедел бронхит

| плеврит

~ Ұл бала 6 айлық, ауруханаға тыныс жетіспеушілік есебінен ауыр жағдайда келіп түсті, ТЖ-86 рет 1 мин. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, эксикозбен токсикоз. Өкпе үстінде тимпанит, аускультативті – ұзарған және қиындаған тыныс, өкпенің барлық аймағында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Гемограммада: лейкоцитоз. Сіздің диагнозыңыз.

| жедел бронхиолит

| обструктивті синдроммен жедел бронхит

| жедел пневмония

| жедел бронхит

| плеврит

~ 7 айлық бала. өмірінің бірінші аптасынан бастап тұрақты көкжөтел тәрізді жөтел мазалайды. Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Өкпе үстінен өкпе дыбысының қысқаруы және тұйықталу аймақтарымен перкуторлық дыбыс, аускультативті – екі жақты ылғалды әртүрлі калиберлі және құрғақ сырылдар естіледі. Нәжісі көп мөлшерде, сасық, жалтырақ құмалақты, жабысқақ тәулігін 8 ретке дейін. Сіздің алдын ала диагнозыңыз.

| муковисцидоз өкпелік-ішектік түрі

| обструктивті бронхит

| жедел жәй бронхит

| ошақты пневмония

| рецидивті бронхит

~ Тұқым қуалаушылық анамнез, респираторлы жолдың шырышты қабатының кірпікшелі эпителийдің морфологиялық ақауы, клиникасында – ішкі мүшелердің керісінше орналасуы, бронхоэктаз және синусит негізінде; рентгендік белгілер – ішкі мүшелердің керісінше орналасуы, базальді сегментте патологиялық өзгерістердің орналасуымен өкпенің диффузды зақымдалуы. Сіздің диагнозыңыз.

| Картагенер синдромы

| Гудпасчер синдромы

| Өкпенің идиопатиялық диффузды фиброзы (Хамман-Рич синдромы)

| Аэрс синдромы

| Өкпе гемосидерозы

~ Бала 9 айлық жағдай ауыр, жөтел. Бозару күшейген, жайылған цианоз, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен, ентігу. Перкуторлы – қораптық-өкпелік дыбыс. Өкпеде: екі жақты майда көпіршікті сырылдар. Рентгенде- өкпе аолаңының түссізденуі, көкеттің төмен тұруы. Сіздің диагнозыңыз.

| Бронхиолит

| Обструктивті бронхит

| Пневмония

| Плеврит

| Астматикалық бронхит

~ Бала 2 айлық. Қарағанда – жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 40С. Ылғалды жөтел. Айқын периоральды цианоз. Тері қабаттарының және көрінетін шырышты қабаттардың бозаруы. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ минутына 180. Оң жақ өкпеде тыныс әлсіреген, жауырын астында майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы жерде перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Іші ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 3,5 см шығып тұр. Нәжісі ботқа тәрізді. Кеуде клеткасы органдарының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде интенсивті инфильтрациямен көптеген буллалар анықталады. Сіздің диагнозыңыз.

| Оң жақты деструктивті пневмония

| Крупозды пневмония

| Интерстициалды пневмония

| Оң жақты экссудативті плеврит

| Оң жақтық құрсақ ішілік пневмония

~11 айлық балада қызба, терісі бозғылт, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, аралас типте ентігу байқалды. Өкпесінде екі жақта төменгі аймақтарында әлсіреген тыныс, ұсақкөпіршікті сырылдар, жүрек үндері кереңделген, тахикардия. Алдын ала қоятын диагнозыңыз.

| екі жақты ошақты пневмония

| обструктивті бронхит

| оң жақ төменгі бөліктік пневмония

| жедел бронхит

| оң жақты сегментарлық пневмония

~ Ерте жастағы балалардағы бронх обструкциясының патогенезінде... жетекші роль ойнайды.

| бронхтар шырышты қабатының қабынулы ісінуі

| Бронхоспазм

| мукоцилиарлы клиренстің бұзылысы

| бронхтардың дискинезиясы

| бронхтардың қысылуы

~ 12 жастағы науқаста дене қызуы жоғары, “тот тәрізді” қақырықпен ылғалды жөтел, ентігу, бронхиальдық тыныс, перкуторлық дыбыстың қысқаруы, нәзік сықырлы сырылдар көрсетеді. Сіздің алдын ала диагнозыңыз.

| бөліктік пневмония

| обструктивті бронхит

| бронхоэктазды ауру

| жедел бронхит

| экссудативті плеврит

~ Науқас 8 жаста. Кенеттен дене қызуы 400 С-ге жоғарылады. Бас ауыру сезімі, бред, ”тат тәрізді қақырықпен” жөтел, кеуде клеткасында ауыру сезімі пайда болды. Дәрігер ойлау керек.

| крупозды пневмония туралы

| интерстициальды пневмония туралы

| жедел бронхит туралы

| жедел бронхиолит

| облитерлеуші бронхиолит туралы

~ Балада пневмония. Негізгі шағымдарына - жөтелгенде және терең тыныс алғанда, оңға бүгілгенде ауру сезімі қосылды, сол жақты үлкен кеуде бұлшықетін пальпациялауда ауырсынады. Науқаста асқыну ретінде дамыды.

| плеврит

| пневмосклероз

| ателектаз

| эмфизема

| деструкция

~5 жасар бала, диагнозы: Стафилококкты этиологиядағы деструктивті пневмония. Тиімді антибиотиктердің комбинациясы.

| кефзол+сумамед

| гентамицин+ метрагил

| ампициллин + гентамици

| пенициллин + гентамицин

| левомицетин +пенициллин

~ Бала 2 жаста, тексеру кезінде анықталды: гайморит, оң жағында бронхоэктаздар, ішкі ағзалардың керісінше (айналық) орналасқан. Сіздің алдын ала диагнозыңыз.

| Картагенер синдром

| муковисцидоз

| өкпенің идиопатиялық гемосидерозы

| Гудпасчер синдромы

| Хамман-Рич синдромы

~Рентгенограммада сол жақ өкпе алаңының анық шектелген гомогенді қараюы. Диафрагма контурланбаған, синустар анықталмаған, көкірекаралық оңға ығысқан. Сіздің диагнозыңыз.

| Экссудативті плеврит

| Крупозды пневмония

| Сегментарлы пневмония

| Ошақты бронхопневмония

| Оң жақты орта бөлікті деструктивті пневмония

~Екі жасар балада ЖРВИ-дің 2-ші күнінде шулы инспираторлы ентігу, қабырға аралық кеңею, мұрын қанаттарының көтерілуі, үрмелі жөтел пайда болды.

| Вирусты круп

| Бронхиолит

| Эпиглоттит

| Бронх демікпесі

| Оң негізгі бронхта бөгде зат

~ Муковисцидозға сәйкес келетін симптомдар триадасын көрсетіңіз.

| респираторлқ, ішектік, физикалық дамуда артта қалу

| интоксикациялық, респираторлық, кардиалдық

| кардиалдық, буындық, респираторлық

| ангионевротикалық, респираторлық, буындық

| лимфопролиферативтік, гепатолиеналдық, буындық

~11 айлық бала. Ұсақ заттармен,түймелермен ойнаған.Аяқ астынан 5 мин кейін жоғалатын жөтел,ентігу пайда болды.Дене қызуы қалыпты, бала белсенді. Аускультацияда сол жақ өкпенің жоғарғы жағында дем шығарғанда ысқырықты сырылдар естіледі. Перкуторлы қорапты дыбыс. Сіздің болжам диагнозыныз.

| бронхтың бөгде заты

| обструктивті бронхит

| бронх демікпесі

| бронхиолит

| жүрек жеткіліксіздігі

~ Бронхиолиттің клиникалық көрінісіне... симптом қайшы келеді.

| құрғақ үрме жөтел

| дем шығарудың қыйындасуы

| көкірек қуысының жұмсақ орындарының тартылуы

| минутына 70 – 90 – ға дейін дем алу

| көптеген ұсақкөпіршікті және крепитирленген сырылдар

~ 5 жастағы Аня клиникаға ауыр жағдайда түседі, II дәрежелі тыныс жетіспеушілігіне, интоксикацияға байланысты. Шулы демалыс алыстан естіледі, дем шығару қиын. Өкпесінде қораптық сарында өкпелік дыбыс бар, аускультативті әлсіз тыныс шулы демалыспен және шашыраңқы құрғақ сырылдар мен ылғалды орташа көпіршікті сырылдар естіледі.

ЖҚА – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы байқалады. Кеуде қуысының R-графиясында өкпе түбірі қалыңдаған, өкпе суреті айқын көрінеді. Сіздің диагнозыңыз.

| жедел обструктивті бронхит

| жедел пневмония

| жедел бронхиолит

| жедел бронхит

| плеврит

~1 жастағы Сергейде 5 күн бойы жоғары температура болды. Жағдайы ауыр, Температурасы 38,5оС, ылғалды жөтел, ерін-мұрын үшбұрышының, көз астының көгеруі байқалады. Өкпеде өкпелік дыбыс тұйықталуы, оң жағында жауырынның астында әлсіз тыныстың болуы байқалады және ылғалды кіші көпіршікті сырылдар естіледі.

ЖҚА – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы байқалады. Кеуде қуысының R-графиясында өкпе түбірі қалыңдаған, төменгі бөлігінде ошақты өзгерістер бар.

Сіздің диагнозыңыз.

| жедел пневмония

| жедел бронхит обструктивті синдроммен

| жедел бронхиолит

| жедел бронхит

| плеврит

~ 4 айлық Арман клиникаға ауыр жағдайда түседі, II дәрежелі тыныс жетіспеушілігіне байланысты. ТЖ-84рет минутына. Шулы демалыс алыстан естіледі, токсикоз эксикозбен.

Өкпесінде тимпанит, аускультативті тыныс шығаруының ұзаруы мен қысқаруы байқалады. Ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар барлық аймақта естіледі. Гемограммада: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы байқалады. Кеуде қуысының R-графиясында төменгі аймағында өкпе суретінің күшеюі байқалады.

Сіздің диагнозыңыз.

| жедел бронхиолит

| жедел бронхит обструктивті синдроммен

| жедел пневмония

| жедел бронхит

| плеврит

~ 3 айлық бала. Бір жеті бойы коклюш тәрізді (көк) жөтел мазалайды. Тәбеті сақталған, бірақ салмағын қоспайды. Өкпесінде қысқартылған және тұйықталған перкуторлы дыбыс, аускультативті ылғалды неше түрлі және ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі.Нәжісі көп, иісті, жылтыр, түйіршікті қоймалжың, тәулігіне 8 ретке дейін болады.

Гемограммада: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы байқалады.

Кеудесінің R-графиясында өкпе түбірі қалыңдаған, өкпе суреті айқын көрінеді.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз.

| муковисцидоз өкпелік-ішектік түрі

| обструктивті бронхит

| жедел бронхит

| ошақты пневмония

| рецидивті бронхит

~ 7,5 айлық бала. Ілгектермен және ұсақ заттармен ойнап отырды. Кенеттен жөтел, ентігу пайда болды.Сосын 10 минуттан кейін кетті. Денесінің температурасы қалыпты, бала активті, перкуторлы қорапты дыбыс, сол жақ өкпе аускультациясында тыныс алғанда жоғарғы бөлігінде ысқырықты сырылдар естіледі.

Алғашқы диагноз.

| Бронхтағы бөгде зат

| Обструктивті бронхит

| Бронх демікпесі

| Бронхиолит

| жедел бронхит

~Тұқым қуалаушылық анамнезіне байланысты; кірпікші эпителиялардың респираторлы жолдардағы кілекей қабатының морфологиялық дефекті; клиникалық көріністе –ішкі құрылыстардың қарама–қарсы орналасуы, бронхоэктаздар мен синуситтердің болуы; ЖҚА– ЭТЖ–ның жоғарлауы байқалады.Рентгенологиялық көріністе – ішкі құрылыстардың қарама–қарсы орналасуы, өкпенің диффузді өзгерісі,

базалды сигменттегі патологиялық өзгерістер болып табылады.

Сіздің диагнозыңыз.

| Картагенер синдромы

| Гудпасчер синдромы

| Хаммана-Ричи синдромы

| Аэрс синдромы

| Өкпе гемосидерозы

~8 айлық бала. 7-8-айлығынан бастап қозғалу активтігі өзгерген, арасында неше түрлі қрзғалыстар болады, денесінің ритмді қозғалуы, аяқтарының гипертонусы байқалады. Баланың психикалық жетілісінің қалысы көрінеді. Арасында құсу приступы байқалады. Ерте адаптация сатысы өзгеріссіз. Бала анасының сүтімен коректенеді, қосымша тағамдар жасына сай берілген.

Объективті: Бала тұлғасы қалыпты, қанағаттанарлы. Тері жамылғысы ашық түсті,шаш ақшыл сары және көзі көкшіл. Баладан «тышқан» иісі шығады. Неврологиялық статуста: Бала анасын танымайды, арасында монотонды дыбыстайды, эмоционалды әлсіз, өз бетінше отыра алмайды, тұрмайды. Феллинга колоксит реакциясы. Диагнозыңыз.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 1492; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.142 сек.