Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Райберлер мен фрезерлер 2 страница




Құбырлар мен штангілерді бұрау және ашу кезінде қандай қолданылады.

Көтеріп-түсіру операциялары кезінде штангілерді бұрап және бұрап шығаруды автоматтандыру АШК деп аталатын автоматты штангілі кілт арқылы жүзеге асады. АШК кілт мынадай элементтерден тұрады:кілт блоктары, сағалық кронштейн және реверсивті ауыстырып қосқыш. Өз кезегінде кілт блогі қуаты 0,8кВт-тік жарылысқа қауіпсіз дайындалған электроқозғалтқыштан1, редуктордан, муфтадан, техегіштік барабаннан, штангілі ұстау түйінінен хәне шанышқысы бар контр-кілт жүйесінен тұрады. Сағалық кронштейн блогы ұңғы сағасындығы сорапты құбыр муфтасына бекітіледі. Ал кілттің өзі серіппелі ілмекпен кронштейінге ілінеді. Реверсивті ауыстырып қосқыш блогы 3-штангілерді бұрап немесе бұрап шығарғанда қозғалтқышты реверстеу керек. АШК автоматты кілті (Ногаев жүйесі) қолмен немесе аяқ басқышынан (педалінен) басқарылады және штанга шаршысына кигізілетін қималы айналдырмасымен жабдықталған. Редуктордың астында контркілт орналасқан. Ол ілініп тұрған штангілер тізбегін айналып кетуден сақтайды. Кілт блогінің массасы 36 кг, сағалық кронштейн блогімен қоса барлық кешеннің массасы-105кг. Кілттің қағып алу мүшесіндегі максимады айналдыру моменті 800 Н·м-ге тең. АШК автоматты кілтін қолдану қолмен жасалатын операцияларды жеңілдетіп және жұмысты тездетіп ғана қоймай, сондай-ақ штангілердің муфталы бірігуін бұрап қысу үшін тұрақты айналу моментін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде, апаттарды азайтып штангілердің өздігінен бұралып кетуден қорғайды.

Құбырды ұстаудың қай жағдайында құбыр ұстағышты, колоколды және метчикті қолданады.

Метчиктермен ұстау жұмыстары, бұрғылау құбырлары тізбегін ұңғы оқпанының ортасына дәл келтіргіш аспаптарды қслдану арқылы жүргізілу қажет.ұңғыда қалдырылған бұрғылау құбырлары тізбегіне 3-5м жетпей сорапты қосып, жуу сұйығының айналымын қалпына келтіреді.Тізбек салмағы мен сұйық қысымын анықтап,ұңғыда қалдырылған тізбектің есептелінген тереңдігін байқап көру керек.Сол тереңдіктен әмбебкап метчикті 80см,ал арнайы метчикті 20см-ден төмен түсірүге болмайды.Метчиктің бұрғылау құбырлары тізбегінің ішіне кіргендігін жуу сұйығының қысымының көтерілуі арқылы білуге болады.Жуу сұйығы қысымының басында көтеріліп, соңынан бастапқы қалпына қайта келу, сұйықтың қашау тесіктері арқылы өткенін көрсетеді.Метчикті 20-30кН салмақпен ротордың 0.3-0.5 айналымымен қатайтады.Метчикті ротордың көмегімен 2-3 айналыммен айналдыра отырып 10-20кН салмақпен бекітеді.Бұрғылыу құбырлары тізбегінің бастапқы салмағының азаюы метчикеің толық бұралып қатайғандығын көрсетеді.Одан әрі бұрғылау құбырлары тізбегін әрлі-берлі көтеру арқылы босату жұмыстарын жүргізеді.

КОЛОКОЛ. Колокол ұңғыда қалдырылған бұрғылау құбырлары тізбегін бас жағынан ұстап щығару үшін қолданылады /сынған немесе бүтін құбырларды/.Колоколды бұрғылау құбырларымен болған апаттарды жоюда жоғары бұрау моменттері және тізбекті әрлі-берлі қозғау қажет болған жағдайларда пайдаланады.Колоколды арнайы дайындамалардан жоғары шетіне бұрғылау құбырына жалғау үшін құлпылық муфта бұрандасы /МЕСТ-8565-81/, ал төменгі шетіне ішінен ұстағыш бұрандасын, сыртынан бағыттау воронкасын жалғау үшін құбырлық бұранда ойып жасайды.Бұрғылау құбырлары тізбегін ұстау үшін колоколдың үш түрі жасалады:

-бағыттау коронкасына арналған бұрандасы бар, диаметрі 219мм және одан жоғары ұңғылар үшін

-бағыттау воронкасы біртұтас, диаметрі 219мм ұңғылар үшін /4.1,б-сурет/;

-воронкасыз біртұтас жасалған

Бұл колоколдардың әр түрі оң және сол болып бөлінеді.Оң колоколдарды ұңғыда қалдырылған оң бұрандалы құбырларды ұстау үшін, ал сол колоколдарды құбырларды ашып бөлек-бөлек шығару үшін қолданады.Оң колоколдар, құлпылық ұстаушы және құбырлық бұрандамен, ал сол колоколдар, сол бұрандалармен жабдықталады.Колоколдар өлшемдері 7.4;7.5-кестелерінде /2/ көрсетілген.

Колоколдармен атқарылатын жұмыстар реті метчиктердікімен ұқсас.Колоколды түсірер алдында оның ену шамасы мен воронкасының диаметрін өлшеп,аспаптың құрамасының эскизін жасайды.

ҚҰБЫР ҰСТАҒЫШТАР. Құбыр ұстағыштар бұрғылау құбырлары тізбектерін шығару үшін қолданылады.Оларды шеттері пісіріліп жалғанған құбырларды шығаруда және метчиктерді қолдануға болмайтын жағдайларда қолданады.

Құбыр ұстағыш /ұстағыш төлкеден /2/ және аудармадан тұрады.Тұрқының конустық бетінің көлбеу бұрышы 2°-қа тең.

Құбыр ұстағыштармен жұмыс істеу реті төмендегідей: ұстағыш бұрғылау құбырлары тізбегіне жалғанып ұңғыға түсіріледі.Бағыттаушы конустың арқасында, құбыр ұстағыш тұрқы ұңғыдағы құбыр ішіне кіреді, әрі қарай түсіргенде ұстағыш төлке құбыр ішіне тіреліп, ең жоғарғы қалпына көтеріледі де бұрғылау құбырлары тізбегінің салмақ әсерінен қысылып, құбыр ішіне кіреді. Бұрғылау құбырлары тізбегін көтерген кезде, ұстағыш төлке тұрқының конусты бетімен жылжып, құбырдың барлық периметріне еніп құбырды ұстайды.

Мачталар мен мұнаралар не үшін қажет және оларды пайдаланудың негізгі ережелері.

Дөңгелекті немесе шынжырлы жүрісті қозғалмалы мачталар (мысалы, телескопиялық мачта ПТМТ-40), Башқұртстан және Татарстанның кәсіпшіліктерінде кеңінен қолданылады, ұңғының орталық үстінде монтаждалады және тұрақтылығы үшін арқанды созылымдармен екі ярусқа бөлінеді. (2.1сурет). Мачтаның секциялары трактордың шығырымен ажыратылады. Бірінші секцияны шығарған кезде мачтаның биіктігі –15м,жүк көтергіштік күші-400кН, екі секцияны шығарған кезде-20м және жүк көтергіштік күші-250кН. Осындай жүк көтергіштік кезінде ұңғыны жөндеу бойынша басым жұмыстар бөлігін орындауға болады.

cурет. Жұмыс режиміндегі жерасты жөндеу жұмыстары үшін арналған

қозғалмалы мачта.

Соңғы кездері ұңғыны ағымдағы күрделі жөндеу жұмыстары үшін өздігін жүретін агрегаттар көбірек қолданыс табуда. Осылайша, мысалы, КрАЗ-257 автомобильдің шассиіне монтаждалған А-507 өздігінен жүретін агрегат, жүк көтергіштік күші 500кН ұңғы алдындағы көпірге салынатын сорапты компрессорлы және бұрғылау құбырлары бар көтеріп түсіру операциялары үшін арналған, ол ұңғыны меңгеру, ағымдағы және күрделі жөндеу, ұңғыны жуу мен бірге диаметрі 146 және168мм құбырлардағы цементті тығындарды бұрғылау сағалық арматураны орнату сияқты жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар бұрғылау жұмыстарын атқарады.

А-50У агрегаты (2.2 сурет) трансмиссиядан шыққан жетегі бар екі барабанды шығырдан, тәлді жүйесі бар рамалы конструкциясы бар құрастырмалы мұнарадан, гидро жетегі бар ротордан, сорапты блоктан және басқару жүйесінен тұрады. Тартпалы төрттактты сегізцилиндрлі дизельді қуаты 177кВТ,валдық айналу жиілігі 2100мин-1ЯМЗ-238 автомобилі көтергіш шығырдың жетегі сорапты агрегат, компрессорлы агрегат, компрессор және басқа да қондырғы элементтері үшін қолданылады. Тәлді жүйені 4´3 жабдықтау кезінде ілмектегі агрегаттың жүк көтергіштік күші бірінші жылдамдықпен жұмыс істегенде 500кН, ал екіншіде –345кН, үшіншіде –126кН және төртінші жылдамдықта –75кН құрайды. Мұнаралық жердің деңгейінен кранблок өсіне дейінгі биіктігі 22,4м.Екі өсті дөңгелекті прицепте 9МГР-61 жуу сорапы қондырылған; ал 6,1m/c берілген кезде 16МПа қысымды сорап автомобильдің қозғалтқышынан шығатын кардонды біліктің көмегімен іске келтіріледі. Қыстырмамен бірге сорапты блоктың салмағы 4,1т.Бүкіл агрегаттың салмағы 31т.

Агрегатта ілмектің көтергіштігін шектеуіш бар, ол тәлді блокты ішке кіргізген кезде шығырды автоматты түрде өшіреді. Агрегаттық мұнарасы-екісекциялы телескопиялық жұмыс жағдайына гидродамкраттармен көтеріліп тіреуіш бұрандалы домкраттарға тіреледі. Мұнараның жоғарғы секциясы тәлді жүйенің көмегімен шығарылып, механикалық басқарылатын тіректерге бекітіледі.

Көтеріп түсіру операцияларындағыдай мұнараны жұмыс жағдайында орналастырған кезде агрегаттың барлық механизмдерімен басқару, автомобильдің сол жақ бетінде мұнараның артқы тірегінде агрегаттың рамасында орналасқан ашық басқару пультынан жүргізіледі.

Ұңғыны жер асты жөндеу үшін басқа түрдегі өздігінен жүретін агрегаттың бір түрі “Бакинец” (2.3 сурет) агрегаты болып табылады. Ол құбырлар мен штангілерді көпірге салумен бірге көтеріп түсіру операцияларын орындауға арналған. Агрегат шынжырлы Т-100МЗ тракторына монтаждалған. Ол беріліс қорабынан, бір барабанды шығырдан, тәлді жүйесі бар телескопиялық мұнарадан, мұнараны көтеретін кулисалы механизмнен, агрегатпен басқаратын жүйеден және басқа да көмекші механизмнен тұрады. Агрегаттық трактордың электр жабдығынан қоректенетін арнайы түнгі уақытта жұмыстарды жүргізу үшін өзінің жарықтандыру жүйесі бар. Биіктігі 17,4м мұнара жұмыс жағдайына бұрандалы жетегі бар кулисалы механизмнен көтеріледі. Жоғарғы секция тәлді жүйенің көмегімен шығарылады. Жұмыс жағдайында мұнара жерге көмілген зәкірлі ілмекке қарай алты созылмамен ажыратылады. Агрегаттың барлық механизмдерімен трактор кабинасындағы машинист басқарады. “Бакинец-3М” агрегаты тәлді жүйені жеті шекті жабдықтау кезінде максималді жүк көтергіш күші 370кН және ілмекті 0,17және 0,15м/с тең бірінші жылдамдықпен көтеріп алты шекті жабдықтау кезінде 320кН тең болады. Ең жоғарғы төртінші (0,7 және0,6) жылдамдықта ілмекті көтерген кезде, жүк көтергіштік күші 76-ға дейін төмендейді және тәлді жүйені алты шекті және жеті шекті жабдықтағанда 89 кН тең. Күштік қозғалтқыш білігінің айналу жиілігі 1070 мин-1кезінде қуаты 66кВТ, төрт цилиндрлі дизель Д-108.Агрегаттың салмағы 20 т.

Аталып кеткендерден басқа да өздігінен жүретін агрегаттар бар, мысалы “Азинмаш37А” жүк көтергіштік күші 280кН, жоғары өткізгіштігі бар үш өсті КрАЗ-255Б автомобиліне монтаждалған 18 метрлі телескоптялық мұнарасы бар немесе “Азимаш 43А” жүк көтергіштік күші 280кН,қуаты 75 кВТ гидрофицерленген шынжырлы Т-100БТС тракторына мантаждалған 18метрлі телескопиялық мұнарасы бар.

Бұл агрегат СҚҚ бұрап кіргізу мен бұрап шығаруға арналған электроинерциялы жетегі мен ауыстырып қысқышы бар ДПР-2ВБ автоматымен жабдықталған.

Сондай-ақ өтімділігі жоғары МАЗ-537 төрт өсті автомобильде КОРО-80 жабдығының ауыр өздігінен жүретін кешені жасалған. Кешен құрамында биіктігі 28м және жүк көтергіш күші 1000-кН-ға дейін болатын телескопиялық мұнарасы бар УПА-80 өздігінен жүретін көтергіш қондырғысы, екі ості қыстырмада монтаждалған сорапты блок, жұмыс алаңы мен саймандар арбасы бар және қозғалмалы қабылдау көпірлері болады. Қондырғы қозғалтқышының қуаты 386кВТ. КОРО-80,жабдықтар кешенінің массасы-69,5.

Жөндеуге арналған механизмдер кешеніне мыналар кіреді:

·ротор көмегімен уақытша айналып тұрған және ілмекке ілінген құбырлар арқылы ұңғыны жуу үшін жүккөтергіш күші 600кН-ға дейінгі жуу ұршықтары.

·шкивтер саны 4 дейін болатын және жүккөтергіш күш 150-ден 500-кН-ға дейінгі жеңідетілген тәл блоктары;

·жүк көтергіш күші 125-тен 500-кН-ға дейін баратын Крэ пайдалануы жеңілдетілген ілмектер.Олар ілмек сырғасына қатысты ілмек мүйізінің еркін айналуын мүмкін етеді және амортизациялық серіппемен жабдықталған.

Мұнаралар мен мачталардың конструкциясы мен арналуы.

Тұрақты мұнаралар мен мачталар ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарда пайдаланады. Оларға кронблок қондырылып, КТО-ны жүргізуге арналған тәл жүйесі ілінеді. Сонымен бірге, оларға жерасты жөндеуге қажетті тетіктер мен тораптар бекітіледі.

 

Жерасты жөндеу кезінде келесілер қолданылады:

·ұңғыны бұрғылау аяқталғаннан кейін ұңғы үстінде орнатылатын тұрақты пайдалану мұнаралары.

·бұрғылау мұнаралары, олар ұңғылар қиын жерде орналасқан болса,пайдалану уақытында қалдырылады.

Тұрақты/уақытты мұнаралар және А-типті мачталар қондырылады. Соңғылары сондай жүк көтергіштік кезінде жеңіл және алаңда орналастыру үшін едәуір ыңғайлы, сонымен қатар жерастында ұңғыларды жөндеуде қолданылады.

Пайдалануды бастаған кезде мұнаралар мен мачталарды келесі жерасты жөндеу кезінде мұқият тексеріп, маңызды назарды элементтердің түзу сызықты екеніне, пісірілген тістердің, балкондардың, баспалдақтар, қоршаулар және тартылымдардың, болтты қосылыстар тартылуларының жағдайына аудару керек. Мұнараның тіреуіш ірге тасында және мачталарда жарықшақтар мен коррозия болмауы керек.

Құбырларды және штангілерді, сонымен қатар ұзын өлшемді ұңғы ішіндегі жабдықтарды салу(қалау, төсеу) үшін, КТО-ны өткізу кезінде мұнара мен мачталардың қасында қабылдағыш көпірлер мен сөрелер құрылады.

Көпірлер тұрақты болуы мүмкін және тракторлар көмегімен құбырлар төсегіш қондырғыларда (полозья) тасымалданады, немесе дөңгелекті қыстырмаға (колесный прицеп) орнатылады.

Мұнара тәлді жүйемен жабдықталған, ол күшті шығыр барабанына оралатын арқанның жүрісті ұшынан, ілмекке беру үшін арналған. Арқанның жүрісті ұшында болатын күшпен салыстырғанда, жабдықталудың еселенуіне сәйкес ол ілмектегі күшті бірнеше есе арттыра алады. Сонымен бірдей уақытта осынша есе ілмектің орын ауыстыру жылдамдығы азаяды.

Мұнаралар (ВЭТ22´50-түтікшелі пайдалану мұнарасы, биіктігі 22м, жүк көтергіштік күші 500кН) құбырлардан жасалып, ұңғыға бұрғылау мұнарасының орнына қондырылады. Мачталар-екіаяқты, іріктелген СҚҚ-дан дайындалады, биіктігі 15 және 22м, жүк көтергіштік күші 150 және250кН.(МЭСН15-15 жәнеМЭСН 22-25) түтікшелі ферма түрінде тірегі бар, олар бір-бірімен жоғарғы бөлігінде кронблокпен қосылады. Мачталар марштық баспалдақпен жабдықталады, кейде штангілер ілмегі үшін жабдықтар және жоғарыдағы жұмысшыға арналған алаңмен жабдықталады, ұңғыда мачтаны қондырған кезде оларды созылмамен бекітеді.Тұрақты мұнаралар мен мачталар күнтізбелік уақыттың тек 2-3% қолданылады, сондықтан оның қондырылуы тек ұңғыларды өте жиі жөндеген кезде ғана аяқталуы мүмкін. Олай болмаса бұл ақталмайтын металл және ақшалай ресурстардың шығындарына алып келеді. Сондықтан кәсіпшілікте қозғалмалы мачталар, қозғалатын телескопиялық мачталары немесе жиналмалы мұнаралары бар агрегаттар қолданылады.

Пакерлер не үшін қолданылады.

Пакерлер ұңғыма оқпанының бөліктерін тігінен ажыратуға және шегендеу құбырларының бұзылған аймағын саңылаусыздандыруға арналған. Олар профилактикалық бақылаусыз және жөндеу жұмыстарын жүргізбестен ұңғымада бірнеше сағат (мысалы, қабаттың гидрожарылысы кезінде), бірнеше ай (мысалы, жылуұстағыштарды ұңғымаға айдау кезінде) немесе бірнеше жылдар (мұнайды өндірудің әртүрлі әдістерінде пайдаланылатын пакерлер) бойына жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ұңғымалық саңылаусыздандырғыш – пакер ұңғыманың шегенделген бөлігінде пайдалану барысында орнатылады. Пакерлер қабылдайтын қысым 7 - 70 МПа аралығында ауытқиды. Ұңғыманы пайдалану кезінде қоршаған орта температурасы 40-1000С аралығында болады. Ал қабатқа жылулық әсер кезінде кей жағдайларда 300...4000С –ге дейін жетеді. Саңылаусыздандыру элементтері шегендеу бағанасына өстік жүктеменің түсуі нәтижесінде (СКҚ салмағынан) ашылып – жабылады.

Резинадан жасалған элемент (кей жағдайда металды кордпен армирленген болады) 1000С температурасына дейін жұмыс жасауға бейімделген.

Резиналанған және графиттелген асбесттен жасалған элемент кеңейе алады және орта температурасы 300-4000С дейінгі температурада жұмыс жасауға арналған.

Элемент шегендеу бағанасына оның ішкі қуысында артық қысымның пайда болуынан ашылып-жабылады. Оның резиналы элементі үнемі кордпен бекітілген.

Саңылаусыздандыру элементі үшін маркасы 4326, 4327, 3825 синтетикалық резина пайдаланылады. Корд ретінде мақтақағазды, полимерлі немесе металды жіптер қолданылады.

Саңылаусыздандырғыш элементтер пакерлерде пайдаланады:

1) мұнай мен газды өндіру кезінде:

а) ұңғымада екі не одан көп оқшауланған арындарды жасау қажеттілігі туындағанда;

ә) ұңғыманы құбырсыз пайдалану кезінде (төменгі бөлігінде саңылаусыздандырғыш орнатылған ұңғымадан сұйықтықты шегендеу бағанасымен көтеруде);

б) газ немесе мұнай көріну барысында лақтыруды болдырмас үшін (бөлу клапаны бар пакер).

2) ұңғыманы зерттеу мен сынау кезінде:

а) бір ұңғымадағы қабаттарды жеке зерттеуде;

ә) шегендеу бағанасының саңылаусыздығын немесе цементтік сақинамен қабаттардың оқшаулану саңылаусыздығын тексеруде.

3) қабатқа немесе оның түбіне әсер ету кезінде:

а) қабаттың гидрожарылысында;

ә) қабат қысымын ұстауда;

б) жылуұстағыштарды қабатқа айдауда.

Пакердің негізгі элементтерінің бірі – тірегі. Тіректің арналуы – бірінші типті саңылаусыздандырғыш элементтері деформацияланған кезде СКҚ салмағынан болатын жүктемені қабылдау және барлық типті саңылаусыздандыру кезінде өстік жүктемені қабылдау. Бұл жүктемелер ондаған, жүздеген килоньютонға жетуі мүмкін және түрлі бағытта әсер етуі мүмкін.

Өздігінен нығыздалатын элемент – манжета шегендеуші құбырлар бойымен оларға тартыла жабысып төмен түсіріледі. Сол себептен резина мұндай жағдайға төзімді болуы қажет және манжетаны бірнеше рет қолдануға болмайды. Барлық басқа нығыздаушы элементтерде шегендеуші құбыр мен элементтің тірегінің арасында саңылау болады. Пакердің нығыздауыштары мен шегендеуші құбырлардың арасындағы саңылаудың диаметралды мөлшері 10...20мм. Қысымның өзгеруі салдарынан нығыздаушы элемент шегендеуші құбырға жабысады. Бірақ пакерді көтеру кезінде осы себептен ол тығырыққа тіреледі. Соған байланысты арадағы саңылауды шағын етіп жасайды, ал бірінші нығыздауыштың астында қалыпты жағдайда екінші элемент (6) орналасқан

Райбер мен фрезерлер-шегенделген ұңғылардағы металл бұйымдарды геометриялық формаға келтіру үшін оларды механикалық өңдеуге қажет.Ол қағып алу сайманын оларды ұстау үшін қолдануға мүмкіндік береді.

Ұңғы ішінде қалған құбырлардың жоғарғы ақау болған ішкі бетін өңдеу үшін райбер қолданады.Райбербұл жұмыс істейтін бөлігі,бетінде тістері бар конусты аймаққа өтетін цилиндрлі формада болатын және жуу сұйықтығын беруге арналған орталық саңылауы бар аспап.Райбер мен фрезер бұранда арқылы бұрғылау құбырларына қосыла алады.

Ұсталған құбырлар тізбегі айналмасындағы сақиналы кеңістікті тазалап,тегістеу үшін кесіп-қажалайтынФК фрезерлері қолданылады.Олардан басқа,пайдалану тізбектің ішкі бетін тазалау немесе оның шектелген аймағын өңдеу үшін тізбекті конусты фрезерлер қолданылады.Мөрбұл ұңғыда орналасқан апатты объекттің жоғарғы ұшының жағдайы мен орналасуын анықтау үшін керек.

Бұл мәліметтерді мөрдің пластинкалық сыртқабықшасының деформациясын талдап алады.Әрине бұл мөрді ұңғыдан шығарып алған соң болады.

Мөрлер шартты диаметрлері 114,140,146,168ммболатын шегендеу құбырлар тізбегінің жұмысы үшін арналған.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 1012; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.041 сек.