Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ыманы пайдалану коэффициенті дегеніміз не. 1 страница




Ыманы жою.

ШШШШШШ

Аударма.

ТТТТТТТТТ

ССССССС

.

Ротордың арналуы және қандай негізгі бөліктерден тұрады.

Бұрғылау роторлары келесі операцияларды орындауға арналған:

– роторлық бұрғылауда ұңғыны қазу кезінде бұрғылау тізбегін айналдыруға;

– түптік қозғалтқыштарды қолдану кезінде бұрғылау тізбегінің ротор тесігі арқылы төмен берілісін болдыруға және реактивті айналу моментін қабылдауға;

– КТО кезінде бұрғылау және шегендеу тізбегін ұстап тұруға;

– ұңғыны бұрғылау және шегендеу жұмыстарында кездесетін авариялық жағдайларда қосалқы аспапты айналдыруға.

Роторлар бұрғылау қондырғысының негізгі механизмдерінің қатарына жатады және өту тесігінің диаметрі, қуаты және рұқсат етілген статикалық жүктеме бойынша ерекшеленеді. Конструкциялық орындалуы бойынша роторлар жылжымайтын және ұңғы сағасына қатысты тік бағытта ілгері-кейінді қозғалатын деп бөлінеді.

Ротор жетегі бұрғылау шығырынан беріліс қорабы арқылы шынжырлы, карданды және тісті берілістермен қозғалыс алады немесе жеке қозғалтқышпен іске қосылады. Жетектеріне байланысты роторлар айналу моменттерінің және жылдамдықтардың сатылы, үзіліссіз-сатылы, үзіліссіз өзгеруілеріне ие. Реактивті айналу моментін қабылдау үшін олар ротор столында немесе тезжүргіштік білікте орналасқан тоқтатқыш құрылғылармен жабдықталады. Жылжымалы бөлшектер күшпен бүрку арқылы майланады. Роторлар екі орындалуда болуы мүмкін – құбырларды ұстауға арналған пневматикалық сыналы ұстағышпен ПКР және онсыз.

Ротор конструкциясы жоғары өнімді еңбекке қажетті қолайлылықты қамтамасыз етуі және қызмет етудің қауіпсіздік және сенімділік талаптарына сай болуы керек. Ротор өлшемдері бұрғылау алаңында орнатуға берілген кеңістікпен шектелуі тиіс. Бұрғылау қондырғыларының әртүрлі тобында және модификациясында қолданылатын роторлар техникалық параметрлері мен құрылымы бойынша мейілінше бірыңғай келеді

МЕСТ 162.93-82 бойынша ротордың негізгі параметрлері өту тесігінің диаметрлері: 460, 520, 560, 700, 950, 1260.

Жүккөтергіштігі бойынша: 2 МН, 3,2 МН, 4 МН, 5 МН, 6,3 МН, 8 МН

Айналу жиіліг бойынша 30...350 айн/мин болып бөлінеді

Ротордың корпусы қатты қызып кеткен жағдайда - Май ваннасында май көлемі жеткіліксіз немесе тым артық, май ластануы да мүмкін. Май көлемін реттеу, ласт анған болса ауыстыру қажет.

Ротордың біржақты қызып кетуі – ротор үстелі мен мұнараның остес болмауы, ротор үстелі мен ұңғыманың остестігіне көз жеткізу, дұрыс болмаған жағдайда дұрыстау және орталықтандыру қажет.

Ротор үстелі жұмыс барысында дірілдесе –үстелдің тірегінде үлкен саңылаудың болуы дұрыс реттелмеуі, саңылауды қажетті көлеміне дейін реттеу.

Заедание стола ротора –выход из строя опор стола, роторды жөндеуге жіберу қажет.

Спайдердің конструкциясы мен арналуы.

Спайдер АСГ-80тұлғадан тұрады.Онда сыналы алқа,ауыспалы орталықтандырғыш және сыналарды көтеретін механизм орналасқан.Тізбекті алқа үш сынадан тұрады,олардың жұмыс беті бұранда кескішпен (плашка) жабдықталған. Спайдердің құрамы: 1-орталықтандырғыш қаптамасы.2-корпус;3-сына корпусы; 4-плажка; 5-подвеска;6-пружина; 7-бағыттаушы.

Тұзақтың (петля) көмегіменсыналар серіппелі алқамен байланысқан.

Спайдер муфтаның сына үстінде үнемі бір қалыпты биіктікте тұруын қамтамасыз етіп,келесі түрде жұмыс істейді.Құбырларды сынаға отырғызар алдын алқа серіппенің әсеріненжоғарғы жағдайды алады. Төмен түсер кезінде элеватор сыналы алқаға әсер етіп

 

Спайдердің арналуы және қандай бөліктерден тұрады

Спайдер құбырды сыналы алқа көмегімен ұстап ілулі күйде ұстайды.Сондықтан оның көмегімен муфтаның кез-келген жағдайында құбырды бекітуге болады.Жұмыс кезінде спайдердіұңғы сағасында орнатады.

Спайдер АСГ-80(3.6 сурет) тұлғадан тұрады.Онда сыналы алқа,ауыспалы орталықтандырғыш және сыналарды көтеретін механизм орналасқан.Тізбекті алқа үш сынадан тұрады,олардың жұмыс беті бұранда кескішпен (плашка) жабдықталған.

Тұзақтың (петля) көмегіменсыналар серіппелі алқамен байланысқан.

Спайдер муфтаның сына үстінде үнемі бір қалыпты биіктікте тұруын қамтамасыз етіп,келесі түрде жұмыс істейді.Құбырларды сынаға отырғызар алдын алқа серіппенің әсеріненжоғарғы жағдайды алады.(3.7,a сурет).Төмен түсер кезінде элеватор сыналы алқаға әсер етіп

 

3.6 Сурет. Слайдер АСГ-80: 1-орталықтандырғыш қаптамасы.2-корпус;3-сына корпусы; 4-плажка; 5-подвеска;6-пружина; 7-бағыттаушы.

Тәлді жүйенің конструкциясы мен арналуы.

Тәл жүйесі бұрғылау қондырғысының ең маңызды бөліктерінің бірі. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі шығырдың айналмалы қозғалысын тәлді блоктың ілгер-кейінді қозғалысына ауыстыру және канаттағы жүктемені азайту үшін арналған.Тәлді жүйе – бұрғылау қондырғысының жүк көтергіш бөлігі болып келеді және құрамына кронблок, ілмегі бар тәлді блок, болат тәлдік канат, МКМК кіретін полиспастты білдіреред. Тәл жуйесинде блок өлшеми мен саны, сонымен қатар аркан тармак саны ілмектегі мүмкін жүктемемен, шығыр тарту күшімен, өлшемдермен анықталады. Бұл көрсеткиштер өзара ұштастырылған болу керек.Егер КТО саны үлкен болмаса- онда тіл жуййесинин беріктігі, ал КТО сан улкен болса-арканнын жане де баска элементтин абразивти жане шаршаулык тозуы шешуши фактор болып табылады. Тәл жүйесі – шекті мүмкін жүктемесімен жұмыс тармақ саымен жане аркан диаметримен сипатталады.Кронблок- еркін айналатын шкив топтары осьтегі мойынтірек орналсып тұрқыда бекіітіледі. Кронблок 3турге жіктеледі:үш тіректі,екі тіректі,көп тіректі.Тәлді блок-осьтер мен подшипнигінде шкивтер жинақталған құйып жасалынған,болат жиналмалы тұрқыдан тұрады.Тәл блок 2 топқа жіктеледі: бір секциялы жане екі секциялы. Бұрғылау ілмегі-бұрғылау процесс кезінде тізбек ұстап туру ушин колданылады.Шектік жүктемесі бойынша 2болинеди:екі мүізді жане үш мүйізді. Өндәруге байланысты: соғылмалы, тілімшелі, кұрамдалган деп жіктеледі.

Түп аймақтарға әсер ететін және ұңғыманы цементтеу кезенде қолданатын жабдықтар мен қондырғылар.

Жабдықтар: Цеметтеу агрегаты, Цеметтеу головкасы, Араластырғыш машина, Цементтеу муфтасы, Пакер, Цемент тығын. Қондырғы ҰКЖ кезінде шегендеу тізбегі (ОК-ШТ) мен тізбек сыртындағы кеңістіктің саңылаусыздығын жоюдың негізгі әдісі-қысым әсерімен ұңғы сүзгісінің тесігі арқылы немесе мұнай горизонтын бөгде сулардың енуінен сенімді изоляциялау үшін қажетті есептелген ерітінді көлемін қабатты ығыстыру мақсатында тізбектегі ақау немесе тізбек сырты арқылы цементтеу.Бұл кезде ерітіндіні қабатқа баяу ығыстырған сайын, қысым жоғары болған сайын, бөгде сулардың қозғалу жолы сенімді жабылып, мұнай қабатының изоляциясы соғұрлым эффективті болады

Теңіз ұңғымаларын жөндеудің ерекшеліктері.

Теңіз кен орындарын игеру кезінде кей жағдайларда кен орнының барлық ауданын игеру үшін бір ғана стационарлы платформаны орнату арқылы бұрғылау жұмыстарын (соның ішінде бағытталған-көлбеу ұңғылары) жүргізу аздық етуі, ал екінші платформаны орналастыру тиімсіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ұңғыларды су астына орналастыру тиімді. Кен орнын үлкен болған жағдайда кез-келген теңіз тереңдігінде ұңғы сағасын су астында орналасқан тиімді. Ал ауданы кішігірім кен орындарында теңіз тереңдігі 200 м артық болғанда бұл игеру әдісі салыстырмалы түрде тиімді келеді. Осылайша кез-келген теңіз тереңдігінде ұңғылары су астында пайдалану су үстінде пайдалануға қарағанда тиімді келеді. Алайда, су асты немесе су үсті ұңғыны пайдалану тәсілін таңдағанда судың тереңдігі, теңіз түбінің инженерлік-геологиялық жағдайлары, гидрометеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ ұңғылардың жағалаудағы базалардан қашықтығы есепке алынуы тиіс. Ұңғының саға жабдығы су астына орналасқан кезде, кездесетін қиыншылыққа тереңде орналасқан ұңғы сағасына жету мүмкіндігінің азаюы жатады.Сондай-ақ тағы бір кемшілікке тереңдіктерде жұмыс жасай алатын сүңгуірлерді пайдалану болып табылады. Су астында ұңғы сағасы жеке тіке бұрғыланған ұңғыда немесе шектелген ауданда шоғырланған ұңғыларға орнатылады. Саға жабдығы мен манифольдтты камераларды басқару үшін гидравликалық және электрлі гидравликалық жүйелер қолданылады. Әрбір ысырманы басқару жеке бөлу блогынан немесе қызмет көрсету кемесімен жалғанған жеке құбырлар арқылы басқарылады.

Тәл жүйесі не үшін арналған және қандай механизмдерден тұрады.

Свечаларды орналастыру арнайы тәл жүйесі мен механизмдер арқылы іске асырылады. Көтеріп–түсіру жұмыстарының реті төмендегідей. Бұрғылау құбырлары тізбегі бір свеча бойы мен көтеріліп, ротор столына ұстауыш сынамен ұстатылады да, автоматтандырылған бұрғышы кілтімен (АКБ) ашылады. Свечаны ашу кезінде бос тәл блогы төмен түсіріледі, ол төмен төменге жеткен кезде свеча ұстау, көтеру, жылжыту механизмдерінің көмегімен ұңғы ортасына шығарылады. Келесі свеча көтеріліп, шығарылған свеча орналастырылып қойылады. Бұрғылау құбырларын ұңғыға түсіру жұмыстарының реті, көтеру жұмыстарының ретіне ұқсас. Көтеріп-түсіру жұмыстарының кейбір бөліктерінің атқаратын механизмдері де, кеңінен қолданады. Көтеріп–түсіру механизмдер жинағы төмендегідей жұмыстарды атқарады:

1) ағытылған свечаларды орналастыру;

2) ағытылған свечалардың жоғарғы ұшын, элеватор мен тәл блогын қоса жоғары жұмысшыға қарай тарту:

3) ағытылған свечаны саусаққа кіргізу және ұңғы ортасына шығару;

4) бұрғылау және шегендеу құбырларын бұрап қатайру.

 

1.1-сурет- Көтеру кешенінің конструктивті сұлбасы:

1 – ілмек; 2 – тәл блогы; 3 –бағыттаушы тармақтар; 4 – кронблок; 5 –мұнара; 6 – шығыр;

7 – арқанның қозғалмайтын бөлігін қатайтуға арналған қондырғы; А және Б – арқанның қозғалмайтын және басты бөлігінің тармақтары; 0 – ұңғы өсі

Тәл блогы болат арқанға ілініп тұрады, ол кранблок пен тәл блок арқылы және сол тәртіпте кейін қарай өткізіледі. Арқанның қозғалмайтын ұшы мұнараның негізіне бекітілген, ал қозғалатын ұшы шығырдың барабанына бекітілген. Құбыр тізбегін көтеріп –түсіру кезінде мұнараның құлауынан сақтандыру үшін арқанның қозғалмалы ұшы шығыр барабанына бекітілуінің алдында, көпшілік жағдайларда мұнараның немесе мачтаның негізіне бекітілген тарту үшін арналған ролик арқылы өткізіледі. Шығыр барабаны айналған кезде арқан барабанға оратылып құбырларды көтере бастайды. Төмен түсу құбырлар тізбегінің өз салмақтары мен болады. Жеңіл құралдар мен жұмыс жасаған кезде арқанды шығыр барабанынан кран блоктың бір ролигінен өткізіп жіберіп ілмекке жалғастырып жұмыс жасай береді. Бұл кезде тәл блогын қолданбайды. Пайдалану мұнараларын әдетте істен шыққан бұрғылау құбырларынан немесе сорапты-компрессорлы құбырларынан биіктігі 24-28 м қылып жасайды. Жүк көтергіштігі 50 және 75т. Төменгі табанының өлшемі 8x 8 м, ал жоғарғы алаңы 2x2м. Мачта биіктіктері 15-22 м болса соған сәйкес жүк көтергіштігі 15 пен 25т. Мачталарды ұңғылардың сағасына орналастырғанда аздап кішкене бұрышқа қисайтып, оны арқанмен тартып қояды. Тұрақты мұнаралар мен мачталар тек қана жұмыс жасап тұрған кезде қолданады да қалғвн кезде бос тұрады. Пайдалану ұңғыларының жалпы жұмыс жасау уақытының 2-3%-ын ғана жер асты жөндеу жұмыстары алады екен, яғни мұнаралар мен мачталар жылына 6-10 күн ғана қолданады деген сөз. Сондықтан да көтеру-түсіру меxанизмдерін тиімді пайдалану үшін қозғалмалы мачталар мен оларды бірге үстіне салып жиналатын көтергіштер керек. Қозғалмалы мачталар арнайы арбаларға қондырылып ұңғылар арасында трактормен тасылып жеткізіледі. Олар шеген құбырлардан, екі аяқты, шана сияқты етіп жасалады. Өзінің мачтасын алып жүретін көтергіштер ретінде арнайы жасақталған автокөліктермен тасылып жеткізіледі. Олардың жүк көтергіштігі 16-дан 80т-ға дейін болады. Құбырлар мен штангілерді скважинаға түсіріп, көтеру үшін комплексті құралдар қолданады. Олар құбырлар және штангелі элеваторлар мен кілттерден және жәделдетіп қауыпсыздікті сақтайтын әртүрлі құрылғылардан тұрады. Құбырлар элеваторы құбырларды муфта арқылы ұстап тұруға олардың тізбегін көтеріп-түсіру жұмыстары кезінде ұстап тұруға арналған. Құбыр элеваторы-ортасында құбыр өткізетін тесігі бар екі жағында сырға кигізетін құлағы бар тұтас құйылған немесе қақталған темірден жасалған қамыт сияқты құрылғы. Элеватордың ішіндегі тесіктің диаметрі жіберетін құбырдың сыртқы диаметрімен сәйкес келеді. Элеватордың бір жақ бөлігі құбыр кигізу үшін ашық болады. Құбыр элеватордың ішіне кіргесін, оның қабырғасы рычаг арқылы жабылады. Құбырды көтерген кезде оның муфтасы элеватордың кесілген жеріне келіп тіреледі. Элеватордың екі жағындағы құлағына ілмекке жалғауына болат сырға кигізіп солар арқылы құбырларды көтереміз. Сорап штангілерін көтеріп–түсіру үшін оған жеңіл болат қамыт қолданады. Оны штангі элеваторы дейміз. Құбырларды бұрау және бұрап ашу үшін шарнирлі және шынжырлы кілттер қолданады. Қажалып тозған бұрғы қашауын ауыстыруда бұрғы құбырларын көтеру және түсіру жұмыстары қол күшін қажет ететін және көп қайталанатын операциялардан тұрады. Көтеріп-түсіру операцияларын жүргізу үшін бұрғылау бригадасы, құбырлар тізбегін ұстаушы, асып қоятын, ашып жабатын аспаптармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

Кронблоктарды, тәлдік блоктарды және арқандарды жөндеу

Кез-кедген бұрғылау қондырғы тәлдік жүйесінің құрылымына кронблок, тәлдік блок, тәлдік арқан және ілмек кіреді. Кронблок тәлдік жүйенің жылжымайтын түйіні болып табылады және тәлдік блокты, ілмекті және оған ілінген жүкті асулы күйде ұстауға арналған. Кронблокті баптаудың мағынасы негізінен бұрандалық бірігулерді тартудан және мойынтіректердің ұзақ және істен шықпай жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, оларды майлаудан тұрады. Роликті мойынтіректі қолдық сораптың көмегімен майтесік арқылы аптасына бір рет әмбебап балқымалылығы орташа жағармай УС-3 толтырады. Мойынтіректердің күйі арқандық блоктармен бақыланады. Олар кідірмей және шусыз, қаптамаға тимей өсте еркін айналуы керек. Жұмыс істеу кезінде мойынтіректердің температурасын қадағалап отырады. Ол 70С аспауы керек, өйткені одан жоғары температураларда жағармай өзінің сапасын жоғалтады. Бұл температурадан жоғарылап кету майдың жоқтығы немесе кірлеп кеткені жөнінде хабар береді. Соңғы жағдайда майлау арналары мен мойынтіректерді қолдық сорап көмегімен керосинмен немесе дизель отынымен жуып, сонан соң жаңа жағармай толтырады.Айналу кезіндегі мойынтіректердең шуылы олардың тозғаны жөнінде, ал арқандық блоктардың кідіріп қалуы олардың сынғаны жөнінде хабар береді. Екі жағдайда да мойынтіректер ауыстырылуы керек. Қысып қалу мен қармау жұмыстары кезіндегі өстерге түсетін асқын күшсалмақ оларды майыстырады, бұл блоктардың соғылысына және мойынтіректердің қарқынды тозуына әкеледі. Бұндай кронблоктер шеберханаларда жөнделеді. Кронблокті бөлшектеуде орындалуы керек: кожухты ашу және оны шешіп алу; рамадан көмекші роликті ажырату; тіректерді және босату; өсті жинақтаулы күйінде шешіп алу; кідіртпе шайбаның жапырақшаларын қайырып, гайканы бұрап алу; штифті алып тастау; өстен тіректерді және, төлкені, блокты роликті мойынтірегімен, сондай-ақ аралықтық сақиналарды және шешіп алу; роликті мойынтіректерді блок қабынан итеріп шығарып, серіпелі кідіртпе сақинаны алу; өстен майтесікті бұрап алу; кронблокті кірден тазарту және жуу; бөлшектердің ақауларын анықтау және ақаулау ведомостысын жасау

Мойынтіректерді итеріп шығаруды жеңілдету үшін газдық қыздырғышпен блок қабын 90-100С дейін қыздырады. Кронблокты жөндеу кезінде тозуы рауалы шамадан асып кеткен роликті мойынтіректі, қатайту және басқа бөлшектерін ауыстырады.

Роликті мойынтіректерді шамадан тыс люфт немес олардың сынуы себептерінен ауыстырады. №42234 рликті мойынтіректердің шектік рауалы люфтісі 0,3-0,4 мм тең. Радиальдық саңылауы 0,5 мм асатын мойынтіректерді ауыстыру керек. Жаңа мойынтіректерді салмас бұрын блок қабындағы тесікті өлшеу керек. Ол мойынтіректің жоғарғы сақинасының сыртқы іс жүзіндегі өлшемімен беттескенде 0,035 мм қысыңқы жинаққа кепілдік беруі керек. Мойынтіректі орнатар алдында блокты 100-160С дейін қыздырады, ол монтаждауды жеңілдетіп, блоктың орнату тесігінің тозуын азайтады. Әрбір күрделі жөндеу кезінде кронблок өсін магнитті дефектоскоппен тексереді.

Өстер мен блоктарды қайта қалпына келтіру әдістері ілгеріде қарастырылды. Әсіресі жүрістік шетке жақын орналасқан блоктар тезірек тозады. Сондықтан блоктарды жинақтау кезінде олардың орындарын ауыстыру керек. Көмекші блоктарды жөндеу кезінде арнашық пішінін қайраумен қайта қалпына келтіреді, ал блок өсі мен төлкені ауыстырады. Кронблок рамасында жарықтар мен үгітілулер болмауы керек; рама арқалықтары параллель болуы керек; параллельдіктен ауытқу арқалықтың бүкіл ұзындығына 5 мм аспауы керек; деформацияланғанраманы түзету немесе ақаулы арқалықтарды берікті сондай жаңасымен ауыстыру қажет.

Бөлшектерді жөндеп болған соң, кронблокты жинақтар алдында өстегі майлау арнасын керосинмен жуып немесе сығымдалған ауамен үрлеп, әрқайсысын жекелеп тазалау қажет. Сонан соң майтесікті өстің маңдайына бұрап орнатып, қол сорабымен бүкіл тесік арқылы майды енгізеді.

Жөнделініп болған кронблокты жинау тәртібі бөлшектеуге кері тізбекпен жүргізіледі. Блоктарды өске отырғызар алдында роликті мойынтіректерді мол етіп майлау керек. Жинап болған соң әрбір арқандық блокты қолмен айналдырып айналу жеңілдігін тексереді. Кез-келген блокты айналдырғанда көрші тұрған өс айналуы керек. Блок жылғасының ең алыстағы өлшенген нүктесінің маңдайлық соғылуы 1 мм аспауы керек. Жылғалардың жұмыстық бетіндегі диаметрі 5 мм және тереңдігі 2 мм кемшіндерді пісіріп, сонан соң тазалап қоюға болады. Кронблоктың пісіру тігісінде жарықтар, қождық қосылымдар, газ қуыстар, кесілген жерлер, күйіп кетулер және басқа тігістің беріктігіне әсер ететін кемшіліктер болмау керек.

Тәлдік блоктың бөлшектерінің тозу сипаты және оларды жөндеу кронблоктікімен бірдей, айырмашылығы тек қана сырғаны, сырға саусақтарын, жоғарғы щит пен төменгі щитті қалпына келтіруде. Тәлдік блоктың сырғасының бетінің қауіпті қимасының жазықтығында ені 10 мм дейін, тереңдігі 3 мм дейін тозулары болуына рұқсат етілген. Тозған беттерді пісіріп жөндеуге болмайды. әрбір 6 ай сайын жақтарды, сырға саусағын және өсті магниттік немесе басқа тәсілдермен тексеру қажет. Жөндеу кезінде тәлдік блоктың жақтарына ерекше көңіл аудару керек. Бұрғылау процесінде және түсіру-көтеру операцияларында ол кейбір элементтерінде кернеуді арттыратын статикалық, динамикалық және дірілдік күшсалмақтарды қабылдайды. Пайдалану поцесі кезінде саусақтардың 16 отыруларының әлсіреуі салдарынан жақтардың үзілулері болуы мүмкін. Диаметрі бойынша тозуы 2 мм асатын сырғаларды ауыстыру керек. Кожухтағы майысуларды газ жандырғышпен қыздырып, түзейді, ал жарықтарды пісіреді.

Тәлдік блокты жинау бөлшектеуге кері бағыттағы тізбекпен жүргізіледі. Барлық бұрандалы қосылыстар дірілдік күшсалмақ әсерінен өздігінен бұралып кетуден сенімді кідіртпеленуі керек.

Тәлдік арқандар жұмыс процесі кезінде мынадай тозу түрлеріне ұшырайды:

1) шығыр барабанына орау және одан тарату кезінде орамдар арасындағы үйкелу, орамның бір қатарынан екіншісіне өту кезінде барабан фланеціне үйкелу және тәлдік жүйенің роликтернің арнашығына үйкелу нәтижесінде жүрістік шетіндегі қажалуға;

2) ораудың жоғарғы қабаттарының төменгілерге енуі салдарынан, сондай-ақ тәлдік арқанның майларына құм түсуінен ысырылу әрекеттеріне;

3) роликке орау кезінде майысу мен шығыр барабанына орауда кері майысу нәтижесінде шаршаулық тозуға;

4) айнымалы таңбалы күшсалмақ және арқан дірілі себебінен шаршаулық тозуға.

Нәтижесінде арқан ұзына бойына әркелкі қажалады. Кішкене телімде өткізбейтін жұмыс кезіндегі қарқынды тозу оның уақытынан бұрын істен шығуына келтіреді. Арқанның тозу дәрежесі иірім қадамында үзілген сымдардың санымен анықталады. Сымдар санының 10% үзілген арқандар бракталуы керек. Тәлдік жүйені жаңа арқанмен жарақтандыру XIV тарауда көрсетілген.

Жаңа арқанмен жарақтандырғаннан кейін ол азғантай уақыт аз күшсалмақпен жұмыс істеуі керек. Арқанды пайдалну кезінде шығыр барабанына дұрыс орау оның қызмет мерзімін ұзартады. Барабандағы орамдар барабан фланеціне жетпеген немесе фланец жанында орам үстңне орам түскенде арқан тез істен шығады. Бұндай оралулар шығырдың дұрыс қойылмауымен, яғни барабаннын көтеру білігінің өсі горизонталь еместігімен және кронблок өсіне параллель болмауымен түсіндіріледі. Ораулар дұрыс болуы үшін монтаждау ақауын жөндеу керек. Арқан сымдары және өрімдері жұмыс процесі кезінде бір-біріне қатысты ығысып, нәтижесінде үйкеліс күші себебінен арқанның тозуына әкеледі. Пайдаланудың алғашқы кездерінде канатта заводтық майлауы болады, бірақ жұмыс процесінде ол сығылып шығарылып, тез таусылады. Сондықтан пайдалану процесінде арқан майланып тұруы керек. Арқанның сыртқы майлауы қажалудан және коррозиядан қорғайды. Майды жылдың кез-келген уақытында жылы күйінде арқанды барабаннан тарату кезінде қылқаламмен жағады. Майлау материалы ретінде жазда техникалық вазилинді және беймаусымдық май ретінде мазутты пайдаланады. 1500 м дейінгі тереңдікті бұрғылау кезінде майлауды екі-үш рейстен кейін, ал 1500 м кейін әрьір түсіру мен көтеру алдында жүргізеді. Арқанның 1 м ұзындығының жұмыс істеу уақытын артыру және ұзындыңы бойына тозу біркелкі болуы үшін пайдалану кезінде айналдырып жіберуді іске асырады. Ол үшін жылжымайтын шетін бекітетін құрылымнан кейін барабанда арқанның артық қоры болуы керек. Тереңдігі 2000 м асатын ұңғылар үшін тәлдік арқанның ұзындығы 1200-1500 м болуы қажет. Жаңа арқанды орнатқаннан кейін оның жүрістік шеті толық жұмыс істеп шығуы керек. Сонан соң жаңа жүрістік шетінің ұзындығына айналдырылады. Арқанды кесу ұзындығы былай анықталады: жүрістік шетіндегі арқанның тозу дәрежесі 20-25%, ал шығырдың барабанында – бірінші орауының тозуы 100% болуы керек. Әрі қарай жұмыс істеу барысында жүрістік шетті 45-60 м айналдырады. Келесі кесу қзындығын барабанда орамның бесінші қатары толығынан оралғаннан кейін жасайды. Кескен жерде оның екі шетінен де жұмсақ сыммен байлам жасайды. Айналдыру және кесу ұзындығы жөнінде мәліметтер бұрғылау жорналында жазылады. Тәлдік арқан күн сайын және де маңызды асқын салмақтан кейін тексерілуі керек. Тозған арқандар қалпына келтірілуі мүмкін, бірақ оларды тәлдік жүйелерді жарақтандыруға емес, ал такелаждық жұмыстарға пайдаланады. Арқанның бір иірімі тозған кезде оны толығымен ауыстырады, ол үшін сәйкес жабдықты қолдануды талап етеді. Үзілген арұанды жалғайды. Ол үшін үзілген жердің шеттерінен 0,5-1,4 м қашықтықтан жұмсақ сыммен қатаң байлам жасайды және үзілгеннен қалған шетін иірімдерге таратады. Иірімнің шеттерінің сымға тарауын болдырмау үшін олардың шеттері де жұмсақ сыммен оралады. Органикалық өзекшесін кесіп тастайды. Таратылған иірімді өреді. Жалғастыру ұзындығын арқанның 40 диаметріне тең етіп алады. Ілмектерді жөндеу. Бұрғылау ілмектері мен ілмекблоктар бұрғылау кезінде бұрғылау тізбектері мен ұршықты асулы күйінде ұстап тұруға, түсіру-көтеру операциялары кезінде штроптар мен элеваторлардың көмегімен шегендеу және бұрғылау құбырларын ілуге, сондай-ақ бұрғылау процесінде және монтаждау-демонтаждау жұмыстары кезінде көмекші жұмыстарды орындауға арналған. Ілмектер жасау тәсілі бойынша құйылған, иленген және құрама (пластинкалық) болып бөлінеді




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 1170; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.