Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ыманы пайдалану коэффициенті дегеніміз не. 2 страница




Ілмектердің негізгі ақаулары мыналар: серіппенің 13 әлсіреуінен, әлде оның сынуынан ілмек жүрісі 130-145 мм қамтамасыз етілмеген; корпустар 4, кәдәрткәштен (стопордан) 5 және серіппеден 3 құралған ілмектің құлпы жабылмайды, бұл жиі серіппенің сынуынан болады; серіппемен 7 жабдықталған бұралу кідірткіші 6 ілмектің 1 айналуын тоқтата алмайды, бұл серіппенің немесе кідіріткішиің сынуынан болады.Барлық ақаулар ілмектің техникалық күйін тексеру кезінде анықталады. Істен шыққан бөлшектер жаңасымен ауыстырылады. Бұдан басқа, ілмектің ағымдағы жөндеуі кезінде бұрандалы қосылыстары тексеріледі және бекіту бөлшектері ауыстырлады. Ілмекті белгіленген тәртіппен бөлшектейді. Ілмек езуі құлпының саусағын итеріп шығарып, құлыпты шешіп алады. Өстерден 20 және 22 саусақтарды итеріп шығарып, бүйірлік мүйіздердің жақшаларын 21 шешіп алады. Өсті 19 итеріп шағарудан және оқпаннан 11 ілмекті 1 ажыратпастан бұрын, кідіртпе планканың болттарын бұрап алып, оны шешіп алады. Оқпаннан 11 гайканы 12 бұрап алу үшін, алдымен болттарды бұрап алып, қақпақшаны шешіп алады, сонан соң гайканың 12 өздігінен босап кетуін болдырмайтын, сақтандырушы планканы бекітіп тұрған оқпанның шетіндегі болттарды бұрап алады. Осы операцияларды орындап, кідіртпе планканы ұрып шығарады, гайканың бағыттаушысы болып табылатын, бойлық кертіктері бар, стаканның бүйірлік шпонкасының пісірулерін шауып тастайды. Шпонканы шығарып алып, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып (өйткені бұрап алудың соңында серіппенің 13 әсерінен гайка үлкен күшпен ұшып кетуі мүмкін), гайканы 12 бұрап алады. Сонан кейін траверстен 18 серіппе 13 мен оқпенды 11 шығарады. Болттарды бұрап алып және кідіртпелі жарты қамытты 6 шешіп алып, траверстен стаканды шығарады және тербелістік элементері 9 бар, жоғарғы және төменгі сақиналардан 10 және 8 тұратын тіректі 15 шешіп алады. Траверстен 18 штропты 16 ажырату үшін, өстердің 17 жылжып кетуін болдырмайтын, планкалардың пісіру тігістерін шауып тастайды, олардың шеттеріндегі майтесіктерді штуцерлерімен бірге бұрап алады, ал штуцерге арналған ішкі бұранданыитеріп шығарушы болттың көмегімен өстерді демонтаждауға пайдаланады. Ілмек езуінің кідңртпесі мен құлпын бөлшектеп болған соң бөлшектерді жуып, ақаулық ведомостыны жасауға кіріседі. Ілмектің бөлшектерін сырттай тексеру кезінде бұрандалардың күйіне, оқпанда, бірінші кезекте оның бұрандалық бөліктерінде пайда болатын, жарықтардың болуына және ұршықтың штопорынан ілмек езуін қорғап тұратын төсемдердің тозуына ерекше көңіл аудару керек. Қажалуы 3 мм астам төсемдерді балқыма құйып қалпына келтіреді немесе екі ескі тойтармасын алып тастап, орнына жағаларын қойып, оларды ауыстырады. Радиаль-тіректік мойынтіректердің жүгіру жолдарының тозған беттері тегістеледі және 0,15 мм аспайтын саңылауға шаблонмен тексеріледі. Ақаулы бетті шарлар ауыстырылады, ал қалғандарын, диаметрлерінің айырмашылығы 0,02 мм аспайтындайетіп, комплектілейді. Жоғарғы және төменгі сақиналардың шарларының орталық жүгіру жолдары диаметрлерінің айырмашылығы 0,2 мм аспауы керек.

Тәл жүйесін жабдықтауды қалай жүргізеді.

Ұңғымалар тереңдіктерінің артуымен бірге түсіру және қайта көтеру қажет болатын барлық бұрғылау тізбектерінің салмағы артады, ал тәлдік арқанның шығыр барабанына оратылу жылдамдығы барлық бұрғылау құрылғылары сыныбы үшін өзгеріссіз (V<20м/с) қалады. Сондықтан да құрылғылардың әр сыныбы үшін өзіндік еселік жабдықталған тәлдік жүйе қолданылады. Бұрғылау құрылғыларында тәлдік жүйелердің 4х5, 5х6, 6х7 жабдықталу түрі кеңінен қолданылады, сонымен бірге МЕМСТ бойынша 7х8 типтік жабдықталу жоспарлануда. Мұндай жабдықталуда диаметрлері 25, 28, 35, 38мм арқандар кеңінен қолданылады.

Тәлдік жүйенің еселілік жабдықталуын дұрыс таңдаудың маңызы зор. Жабдықталу еселігінен және ілгіш жүктемесіне ұңғымаларды бұрғылаудағы көтеріп-түсіру операцияларында қатысатын бұрғылау құрылғы кешенінің көтеріп-түсіру элементтерінің параметрлері тікелей байланысты. Сонымен бірге жабдықталу еселілігіне және ілгіш жүктемесіне қолданылатын тәлдік арқанның ұзындығы мен диаметрі, трансмиссиялық бөліктің кинематикасы және тәлдік механизм, бұрғылау шығыры және оның жетектерін қамтитын бұрғылау кешенінің барлық көтеру бөлігінің жүктелуі де байланысты. Тәлдік арқандар жұмыс процесі кезінде мынадай тозу түрлеріне ұшырайды:

1) шығыр барабанына орау және одан тарату кезінде орамдар арасындағы үйкелу, орамның бір қатарынан екіншісіне өту кезінде барабан фланеціне үйкелу және тәлдік жүйенің роликтернің арнашығына үйкелу нәтижесінде жүрістік шетіндегі қажалуға;

2) ораудың жоғарғы қабаттарының төменгілерге енуі салдарынан, сондай-ақ тәлдік арқанның майларына құм түсуінен ысырылу әрекеттеріне;

3) роликке орау кезінде майысу мен шығыр барабанына орауда кері майысу нәтижесінде шаршаулық тозуға;

4) айнымалы таңбалы күшсалмақ және арқан дірілі себебінен шаршаулық тозуға.

Нәтижесінде арқан ұзына бойына әркелкі қажалады. Кішкене телімде өткізбейтін жұмыс кезіндегі қарқынды тозу оның уақытынан бұрын істен шығуына келтіреді. Арқанның тозу дәрежесі иірім қадамында үзілген сымдардың санымен анықталады. Сымдар санының 10% үзілген арқандар бракталуы керек. Тәлдік жүйені жаңа арқанмен жарақтандыру XIV тарауда көрсетілген.

Жаңа арқанмен жарақтандырғаннан кейін ол азғантай уақыт аз күшсалмақпен жұмыс істеуі керек. Арқанды пайдалну кезінде шығыр барабанына дұрыс орау оның қызмет мерзімін ұзартады. Барабандағы орамдар барабан фланеціне жетпеген немесе фланец жанында орам үстңне орам түскенде арқан тез істен шығады. Бұндай оралулар шығырдың дұрыс қойылмауымен, яғни барабаннын көтеру білігінің өсі горизонталь еместігімен және кронблок өсіне параллель болмауымен түсіндіріледі. Ораулар дұрыс болуы үшін монтаждау ақауын жөндеу керек.

Тартальді арқандар мен каротажды кабельдерді ұстау үшін қандай аспаптар қолданылады.

ЕРШТАР. Ерштар ұңғыда қалдырылған сым арқандар немесе каротаж кабельдерін шығарып алу үшін қолданады.Оларды стерженьдерге, метчиктерге шахмат жолмен ілмектерді пісіріп жалғау арқылы /10.1-сурет/ немесе қашаулар дайындамаларына /10.2-сурет/, шегендеу құбырлары бойына ойықтар ойып сыртына бүгу арқылы дайындайды.Ілмектерден жоғары міндетті түрде ұңғы ішінде сыналанылып қалудан қорғайтын воронка болу қажет.Ілмектердің қайырылған жері ұңғыда қалдырылған арқан диаметрінен 15мм үлкен болу керек.Ерштар ұзындығы 2метрден аспауы тиіс.Ал оларға түсірілетін салмақ шамасы 20кН.

1-ілмектер; 2-тұрқы; 3-воронка;

Штангалы кілттердің конструкциясы мен арналуы.

Көтеріп түсіру операциялары кезінде штангілерді бұрап және бұрап шығаруды автоматтандыру АШК (3.2.сурет) деп аталатын автоматты штангілі кілт арқылы жүзеге асады. АШК кілт мынадай элементтерден тұрады:кілт блоктары, сағалық кронштейн және реверсивті ауыстырып қосқыш. Өз кезегінде кілт блогі қуаты 0,8кВт-тік жарылысқа қауіпсіз дайындалған электроқозғалтқыштан1, редуктордан10, муфтадан 2, техегіштік барабаннан 7, штангілі ұстау түйінінен 8 хәне шанышқысы 4 бар контр-кілт жүйесінен тұрады. Сағалық кронштейн блогы 5 ұңғы сағасындығы сорапты құбыр муфтасына бекітіледі. Ал кілттің өзі серіппелі ілмекпен 9 кронштейінге ілінеді. Реверсивті ауыстырып қосқыш блогы 3-штангілерді бұрап немесе бұрап шығарғанда қозғалтқышты реверстеу керек. АШК автоматты кілті (Ногаев жүйесі) қолмен немесе аяқ басқышынан (педалінен) басқарылады және штанга шаршысына кигізілетін қималы айналдырмасымен жабдықталған. Редуктордың астында контркілт орналасқан. Ол ілініп тұрған штангілер тізбегін айналып кетуден сақтайды. Кілт блогінің массасы 36 кг, сағалық кронштейн блогімен қоса барлық кешеннің массасы-105кг. Кілттің қағып алу мүшесіндегі максимады айналдыру моменті 800 Н•м-ге тең. АШК автоматты кілтін қолдану қолмен жасалатын операцияларды жеңілдетіп және жұмысты тездетіп ғана қоймай, сондай-ақ штангілердің муфталы бірігуін бұрап қысу үшін тұрақты айналу моментін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде, апаттарды азайтып штангілердің өздігінен бұралып кетуден қорғайды.

1 МШТК-16-60 атты механикалық штангілі-құбырлы әмбебап кілті дайындалған, ол диаметрлі 16,19,22,25,48 және 60 мм-лік СКҚ-дың бұрау және бұрап шығру үшін жасалған кілт электрқозғалтқышы бар айналдыршадан, электр-аппаратурадан, қажетті заттар мен саймандар. Электроқозғалтқышы бар, беріліс ауыстыру 2 жылдамдықты тісті қорабынан және электрқозғалтқыштан тұрады. Реверсивті механизм мен тісті беріліс арқылы электрқозғалтқыш білігінің айналуы червякті шестерняға тіреуіш-жетектеуіш бекітілген. Ол штангілі немесе құбырлы кілтке айналым береді. Реверсті механизмі бар беріліс ауыстыру қорабы мыналардан тұрады:червякты және оймакілтелі білікте жұп-жұбымен

3.2.Сурет. Штангілерді бұрап және бұрап шығаруға арналған автоматтық кілт АШК

отырғызылған 4 цилиндрлі шестернялар және реверс үшін істелген бір паразитті шестерня.

Оймакілтекті білікке I және II жылдамдықтарды қосатын екі дискті фрикционды муфталар отырғызылған.Көтеріп-түсіруге ауыскмен байланысты электроқозғалтқыш білігінің айналу бағыты яғни муфталы қосылыстарды бұрап шығарудан бұрап кіргізуге дейінгі  ПРВ типті реверсивті электрлік ауыстырып-қосқыштың көмегімен өзгертіледі.Электрқозғалтқыш білігінің бірінші соңына дейін орнатылған.Ол бұрандалы қосылыстарды бұрап кіргізу мен бұрап шығару кезінде қосымша айналдыру моментімен қамтамасыз етеді. Кілттің жүккөтергіштік күші160 кН. Бірінші жылдамдықтағы жетектеуіштің айналу жиілігі50 мин-1,екінші жылдамдықта –ПО мин-1.Бірінші және екінші жылдамдықтардағы айналу моменті 2600 дәне 1300 Нм.Электрқозғалтқышпен бірге айналдырғыштың салмағы 66 кг.Кілт болаттар арқылы шегендеу құбырының фланціне бекітіледі және онда құбырларды ілулі күйде ұстап тұруға арналған айналдырғыш тұтқасында сыналы ұстағышы бар. Ұңғыны жер асты жөндеуге арналған механизмдер жинағына бұдан басқа түрлі құбырлы және штангілі элеваторлар кіреді.Олардырдың көмегімен құбырлар немесе штангілер муфтаның астына ұсталып, сонымен қатар ілулі күйде тұрады. Жүк көтергіштігі 100-ден 800 кН-ға дейін элементін элеваторлардың әртүрлі конструкциялары бар. Бұдан басқа ағымдағы жөндеу кезінде түрлі өлшемді құбырлар, штангілі механизмдер мен кілттер қолданады.

Штангалы скважиндық сораптарды пайдаланатын ұңғыманы жөндеу

Балансирді шеткі жоғарғы жағдайда орнатқан соң, сағалық штокта штангілі қысқышты бекітеді, арқанды алқаны штоктан ажыратып, штангілі қысқыш сағалық сальник қақпағына отырғанша штангілер тізбегін түсіре береді. Осыдан кейін балансирдің төменгі ұшын арқанды штроппен ұстап алып, басын көтеріп балансирдің жоғарғы сөресіне сырт жағымен жатқызады. Ол мұнда бүкіл жөндеу мерзімі аралығында болады.

Жаңа тербелмелі қондырғылардың бұралатын бастары болады. Оларды алғашында тәл жүйесі көмегімен көтеріп, кейін қосалқы арқанша көмегімен қолмен не солға,не оңға тартады.

Сағалық шток пен балансир басының бұрылысын ажыратқан соң, сағалық жабдықты шешіп ағытады. Егер саға өздігінен тығыздалмайтын құрастырмалы сальникпен жабдықталса, онда алдымен сұйықтық шығатын желісті ажыратып, сағалық штокты көтеріп, оны қысқыштан босатады. Кейін сальникті сағалық фланецтің жоғарғы муфтасынан ығыстырып, келесі штангілі муфта шыққанша, сальникпен бірге штангілер тізбегін көтереді. СҚҚ муфтасының бүйір жағына (торец) келіп тірелетін штангілі элеваторды муфта астына орнатады. Осыдан кейін штангілі муфтаны элеваторға біркелкі отырғызады және ілініп тұрған сальнигімен бірге сағалық штокты бұрап шешеді. Сальник бұрандалы біріктіруді бұрап шешуге бөгет болмас үшін, сағалық штокты көтерместен бұрын, оны кіші диаметрлі арқанмен штангілі қысқышқа байлап қояды.

Сальнигімен бірге ажыратылған сағалық штокты көпірге жатқызады, осыдан соң ұңғы штангілер мен құбырларды көтеруге дайын болады.

Өздігінен тығыздалатын сальниктерді қолдану кезінде, ұңғыны ағытып шешу жеңілдейді. Себебі шеткі қайтаруды ағытып шешудің керегі болмайды.

 

Штангалы механикалық кілттердің конструкциясы мен арналуы

1 МШТК-16-60 атты механикалық штангілі-құбырлы әмбебап кілті дайындалған, ол диаметрлі 16,19,22,25,48 және 60 мм-лік СКҚ-дың бұрау және бұрап шығру үшін жасалған кілт электрқозғалтқышы бар айналдыршадан, электр-аппаратурадан, қажетті заттар мен саймандар. Электроқозғалтқышы бар, беріліс ауыстыру 2 жылдамдықты тісті қорабынан және электрқозғалтқыштан тұрады. Реверсивті механизм мен тісті беріліс арқылы электрқозғалтқыш білігінің айналуы червякті шестерняға тіреуіш-жетектеуіш бекітілген. Ол штангілі немесе құбырлы кілтке айналым береді. Реверсті механизмі бар беріліс ауыстыру қорабы мыналардан тұрады:червякты және оймакілтелі білікте жұп-жұбымен отырғызылған 4 цилиндрлі шестернялар және реверс үшін істелген бір паразитті шестерня. Оймакілтекті білікке I және II жылдамдықтарды қосатын екі дискті фрикционды муфталар отырғызылған.Көтеріп-түсіруге ауыскмен байланысты электроқозғалтқыш білігінің айналу бағыты (яғни муфталы қосылыстарды бұрап шығарудан бұрап кіргізуге дейінгі) ПРВ типті реверсивті электрлік ауыстырып-қосқыштың көмегімен өзгертіледі.Электрқозғалтқыш білігінің бірінші соңына дейін орнатылған.Ол бұрандалы қосылыстарды бұрап кіргізу мен бұрап шығару кезінде қосымша айналдыру моментімен қамтамасыз етеді. Кілттің жүккөтергіштік күші-160 кН. Бірінші жылдамдықтағы жетектеуіштің айналу жиілігі-50 мин-1,екінші жылдамдықта –ПО мин-1.Бірінші және екінші жылдамдықтардағы айналу моменті -2600 дәне 1300 Н*м.Электрқозғалтқышпен бірге айналдырғыштың салмағы -66 кг.Кілт болаттар арқылы шегендеу құбырының фланціне бекітіледі және онда құбырларды ілулі күйде ұстап тұруға арналған айналдырғыш тұтқасында сыналы ұстағышы бар. Ұңғыны жер асты жөндеуге арналған механизмдер жинағына бұдан басқа түрлі құбырлы және штангілі элеваторлар кіреді.Олардырдың көмегімен құбырлар немесе штангілер муфтаның астына ұсталып, сонымен қатар ілулі күйде тұрады. Жүк көтергіштігі 100-ден 800 кН-ға дейін элементін элеваторлардың әртүрлі конструкциялары бар. Бұдан басқа ағымдағы жөндеу кезінде түрлі өлшемді құбырлар, штангілі механизмдер мен кілттер қолданады.

 

Штроптың арналуы және арналуы бойынша қалай бөлінеді.

Сырғалар элеваторларды тәлді жүйенің ілмегіне ілу (асу)үшін арналған.Бір сырғалы элеваторларда бұл бөлшек үнемі тұлға саусақтарымен қосылып және пайдалану процесінде одан бөлінбейді.Екі сырғалы элеваторларға арнайы сырғалар қолданылады.Олар ось бойымен созылған овал формадағы болатты тұзақ (петля)түрінде болады.Жасалу технологиясы бойынша тұтас құйылған және пісірілген сырғалар түрлері ажыратылады,ал арналуы бойынша қалыпты бұрғылау ШБН,қысқартылған бұрғылауШБУ және пайдаланылатын ШЭ.

Бұрғылау құбырларын немесе СҚК тізбектері ілулі күйде болғанда орталықтандыруына арналған.Спайдер құбырды сыналы алқа көмегімен ұстап ілулі күйде ұстайды.Сондықтан оның көмегімен муфтаның кез-келген жағдайында құбырды бекітуге болады.Жұмыс кезінде спайдердіұңғы сағасында орнатады.

ҰҰҰҰҰҰҰ

Ұңғыманы ағымды жөндеудің агрегаты.

Ұңғыны ағымдағы және күрделі жөндеу кезінде бір түрдегі операциялардың көп бөлігі бірдей жұмыстарды атқаруға белгіленген, бірақ оны параметрлері әртүрлі машиналар мен агрегаттар атқарады. Осылайша мысалы, ағымдағы жөндеу кезінде көтеріп-түсіру операциялары үшін жүк көтергіштігі 30-35 т дейінгі жабдықтар қажет, ал күрделі жөндеуде –80 т және одан да көп. Сонымен қоса ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарында бірдей жабдықтар немесе саймандар қолданылады, мысалы элеваторлар, кілттер және т.б. Күрделі жөндеуде өте жиі ағымдағы жөндеу жұмыстарына арналған саймандар қолданылады, егерде олардың параметрлері, мысалы, жүк көтергіштігі талап етілген шарттарға сәйкес келсе.

Жалпы жерасты жөндеу жұмастарына арналған жабдықтар мен саймандар тармандандырылған және өзіндік конструкциясы бар, бұл мұнай және газ кәсіпшілігінде қолданылатын жабдықтар үшін сәйкес.

Жабдықтар мен саймандардың қамтамасыз ету ерекшеліктері:ұңғы диаметрінің шектеулі өлшемдері кезінде (0,25м және одан төмен) жұмыстарды ондаған метрден бірнеше мың метр тереңдікте атқару қажеттілігі. Осылайша диамердің ұзындыққа қатынасы шамамен 1:10000 құрайды; жұмыс саймандарын бекіту үшін құбырлар тізбегін жер бетіне шығару қажеттілігі;оны ауыстыру және қандай да бір жаңа операцияларды атқару, сондықтан құбырлар тізбегін көтеріп-түсіру өзіндік топ операциясына айналған, оларды орындау үшін көп мөлшерде машиналар мен саймандар жасалған; түрлі жұмыстар орындалатын ұңғылардың күрделі профилімен; түсірілген жабдықтар мен саймандарға әсер ететін жоғары гидростатикалық қысым,температура,химиялық активті және агрессивті заттармен.

Жер асты жөндеу жұмыстарында қолданылатын барлық машиналар мен жабдықтарды 2 негізгі топқа бөлуге болады:

·Көтеріп-түсіру операциялары үшін

·Технологиялық операциялар үшін

Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.

-Жоспарлы алдын ала жөндеу..

-Жер асты жабдықтарының ревизиясы.

-Жабдықтардың жер асты бөлігіндегі ақауларды жою.

-Ұңғы сорабын ауыстыру.

-Пайдалану тәсілін ауыстыру, ПЦЭН-нен ШСН-ге өту немесе керісінше, және т.б.

-СҚҚ-ларды парафин мен тұздардан тазарту.

-Кәдімгі СҚҚ-ларды жабыны бар (шыныланған құбырлар) құбырларға ауыстыру.

-Сорапты қондырғы ілмегінің тереңдігін өзгерту.

-Ұңғыны консервациялауға беру алдында ұңғы жабдығын көтеріп алу.

-Өнімді гаризонтты зерттеуге байланысты арнайы жер асты жөндеу.

-Апатты жөндеудің кейбір түрлері. Мысалы: плунжердің тұтынуы, штангілердің үзілуі, қысқыш немесе электрокабельдің үзілуі.

Жоғарыда аталған жөндеу жұмыстары мен бірқатар басқа жұмыстарды мұнай өндіруші кәсіпорындарда ұйымдастырылатын, ұңғыларды жер асты жөндеу бригадалары орындайды. Жер асты жөндеу бригадалары тәулік бойы (3 смена) немесе 2 сменада, кейде тіпті 1сменада жұмыс істейді. Бір вахтаның құрамына әдетте 3 адам кіреді. Көмекшісі бар- операторлар ұңғы сағасы маңында жұмыс істейді ал машинист-шығыр көтеруді басқарады.

Ұстағыш аспаптар.

Ішкі босататын ТВОК-144*168 09быр ұстағышы диаметрі 168 мм лік пайдалану тізбегінен диаметрі 114 мм лік СҚҚ лер тізбнгін тұтас немесе бөлшектеп шығару үшін арналған.

Сыртқы босататын 1ТНО-89-168 құбыр ұстағышы құбырлардың апатты тізбегін тұтас немесе бөлшектеп шығару үшін жасалған.Ол диаметрі 168 мм лік пайдалану тізбегіндегі муфта бетінен немесе сол құбырдың сыртқы бетінен ұстап қалады.

Кіші диаметрлі апатты құбырлар мен штангілерді шығарып алу үшін аралас ЛКШ –115 ұстағышын қолданады. Ол арқылы диаметрі 12 ден 22 мм ге дейінгі штангі денесін немесе муфтасын не болмаса диаметрі 48 мм муфтасы жоқ және екі ұшы тегіс құбыр денесін ұстауға болады. Ұңғыдан ұстап ала алмаған құбырларды ұңғылық штангілі сораптарды және басқа заттарды шығарып алу үшін овершоттарды пайдаланады. Олардың өзі ішінде жоғарыға бағытталған үш серіппелі жапырағы бар сақина орналасқан цилиндрлі тұлғадан құралады.

Овиршотты құбырлар үстінде түсіріп апатты объектіні онымен жауып қалды. Осы кезде овиршоттың серіппелі жапырақтары керіліп оны тұлға ішіне еркін өткізеді. Овиршотты көтеру басталған соң, серіппелі жапырақтар апатты объект бетімен сырғиды. Сөйтіп кезкелген шығыңқы жерге немесе бунаққа барып тіркелгенше сырғи береді. Содан кейін олардың біріккен көтерілуі басталады.

Ұңғыманы жөндеуге дайындау.

Егер қызмет персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоршаған ортаның ластануы мен мұнайдың ысырап кетуіне жол бермейтіндей жағдайларда барлық операцияларды жүргізу мұмкіндігі туса, онда ұңғы пайдаланунемесеайдау) жер асты жөндеуге дайын деп есептейді.Ұңғыны дайындау екі құрамдас бөліктен тұрады:

1)Ұңғыны жоспарланған жұмвстарға дайындау;

2)Сол кезде пайдаланатын жабдықтардыдайындау;

Бірінші топқаұңғыны тоқтату мен оның фонтандауын немесе жұмыстарды жүргізу үрдісі кезінде кез-келген көрінулердің алдын алумен байланыстыжұмыстар жатады.Екінші мыналар кіреді:көпірлерді орнату немесе жөндеу,зәкірлерді тексеру,жер асты жөндеудің қозғалмалы агрегатын орнату не болмаса,тұрақты мұнараны ретке келтіруедендер мен көпірлерді жөндеу,кронблок пен мачта жағдайын тексеру,шкивтерді майлау,тәл жүйесін жабдықтау,тартылулы аунақшаны орнату,ОТЭС-пен жабдықталған ұңғыларда жұмыс ітегенде мұнара белдеуіне аунақшаны ілу,алаңшада жабдықтарды орындарына қою.

Осыдан басқа дайындық жұмыстарына мыналар кіреді:ұңғыға қарай құбырларды,сорапты штангілерді,арқанды, тәл блогын,көтеру ілмегін жеткізу;құбырлар мен штангілерді сөрелерге қою,құбырларды райберлеу,муфталарды құбырларға бекіту,ұңғы жағдайын зерттеумен байланысты жұмыстар (сұйықтың деңгейін,тығынныңорналасуын,түптің тереңдігін,т.б. анықтау).Механикаландырылған тәсілмен пайдаланған ұңғыларды дайындауқажеттілігі,жер асты жөндеу кезінде оның көрініс беру мүмкіндігімен түсіндіріледі.Сондай-ақ,ұңғыны пайдалану үрдісінде түптегі жасалған депрессия көп болған сайын,ұңғының өздігінен төгілу ықтималдығы жлғары болады.Бұл келесідей түсіндіріледі:кен орындардың көпшілігін қабат қысымын ұстап тұрумен өндіреді.Егер ұңғының сулануы жоғары болып,ол өнімді жеделдетіп алу тәртібінде істейтін болса,онда қабат және түптік қысым арасындағы ауытқулар едәуір жоғары болады.Ал егер мұндай ұңғыны тоқтатқан соң,оны өшірмесе,онда салыстырмалы аз уақыт аралығында қысым қалпына келіп,сұйықтықтың статикалық деңгейі көтерілгені соншалық,ұңғының өздігінен төгілуі басталады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 911; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.048 сек.