Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ыманы пайдалану коэффициенті дегеніміз не. 3 страница




Фонтандаушы ұңғылар үшін,өшіру міндетті түрде қажет.Себебі,олай істемесе,ұңғының ашық фонтандауы басталады.Пайдалану ұңғылары үшін,оларды жөндеуге дайындау бірнеше тәсілдермен орындалуы мүмкін:

1.Пайдалану тізбегінің перфорациялық тесіктерінен жоғары орналасқан айыратын клапанды бөгеп тастау едәуір тиімді болады,ол үшін,ұңғыны өшірмей-ақ жөндеуге мүмкіндік беретін айыратын клапанды алдын ала орнату керек.

2.Өшірумен бірге ұңғыны жуу.

3.Қысым астында жұмыстар жүргізуге мүмкіндік беретін жабдықпен ұңғы сағасын жабдықтау.

5.4 Сурет. Көтеріп-түсіру кезенде жабдықтарды орнықтыру сұлбасы.

1-жерасты жөндеу агрегаттарын қондыру алаңы, 2-ұңғыма сағасы, 3-жұмыс алаңы,

4-тербелмелі-станок, 5-СКҚ шығару үшін арналған бағыттаушы желоб, 6-СКҚ және штангаларға арналған стеллаждар, 7-қосымша стеллаждарды қондыру аймағы, 8-саға арматурасының орнықтыру үшін қосымша алаң.

Ұңғыманы жуу мен батырудан кейін (қажет жағдайларда ғана),оның айналасына жер асты жөндеуге арналған жабдаықты орналастырып,монтаждайды.

Пайдалану тәсіліне байланысты,құрастырма ерекшеліктері ұңғыға түсірілген жабдықтар құрастырмасының еркшелігі,жер асты жөндеу мақсаттары және жабдықтар құрамы мен орналасуы әртүрлі болуы мүмкін.Көптеген жұмыстарға мыналар ортақ бола алады:ұңғы маңында сорапты компрессорлық құбырлар мен штангілерге (ШСН ұңғыларын пайдалану кезінде)арналған сөрелермен бірге қабылдау көпірлері,сақтандыру тартылулары бар біріктірулер үшін зәкәрлердің,көтергіш үшін алаңның болуы.УЦНЭмен жабдықталған ұңғыны жөндегенде жабдықтарды орналастыру басқаша болады.

Ұңғыманы күрделі жөндеу жұмыстарының түрлері.

Ағымдағы жөндеу бригадалары күшімен жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкін болмайтын және ол үшін арнайы жабдықтар мен маймандарды қажет ететін ұңғыларды күрделі жөндеуге жібереді. Әдетте күрделі жөндеуді бірлестікте ұйымдастырылған арнайы басқармамен жүргізіледі. Оған қабаттардың мұнай бергіштігінің жоғарлауымен байланысты ұңғылардағы барлық жұмыстарды береді. Сондықтан ол, қабаттар мұнай бергіштігін орнату және ұңғылардың күрделі жөндеуі бойынша басқармасы (ҚМБА жҰКЖББ) деп аталады. Онда барлық техникалық құралдар, жабдықтар, материалдар, көлік құралдары, маманданған инженерлі-техникалық қызмет пен бригадалар жиналған.

Берілген кен орындағы жұмыстардың жекелеген түрлері массалық сипат алған кей жағдайларда, мысалы, қышқыл мен өңдеу сияқты., онда оларды тек осы жұмыстарды орындайтын маманданған цехына береді.

Мұндай мамандану жұмыстар сапасын, тиімділігін арттырып, өндірісте жарақат алудың ахзаюына септігін тигізеді.

Ұңғымалардың күрделі жөндеуі бойынша жұмыстардағы маңызды орынды үстап алу жұмыстары алады. Жер асты жабдықтардың СҚҚ лардың, кабілдің бұрылуы немесе үзілуі кезінде немесе басқа желіністер кезінде бұлар қажет болады, үзілу және түпке ұрылу кезінде жабдықтардың үзіліп қалған бөлігі мыжылып, шегендеу тізбегінде сыналып қалады да, ұңғыны істен шығарады. Бұндай апаттарды жою үшін, ұңғыны сенімді өшірген соң, алғашында оның ішіне үзілу орнын зерттеу үшін мөрді түсіреді. Ұңғымаға түсірілетін және үзілген жерде басылатын мөрдің қорғасынды немесе алюминді дискіні үзілген бөліктің іздері қалады. Осы іздер бойынша үзілу сипаты оның шегендеу тізбегіндегі орны анықталады. Осылайша ұстағыш сайманын (овершот, өрмекші, құбыр ұстағыш, бұрау кілті, ұстағыш қоңырау) таңдау мәселесі шешіледі. Үзілген ұшын ұстағыш сайманмен ұстау сәтті орындалса да, жабдықтың үзілген бөлігін толығымен шығарып алуға және үңғыны тазалау үнемі мүмкін бола алмайды. Кейде гидравликалық домкраттар (бұл тәл жүйесінің тартылуы көтергіш құрылыстардың жүк көтергіштігінен асып кетсе) көмегіне жүгінуге тура келеді. Олардың көмегімен үзілген жабдықты бөлшектеп шығарып алады. Егер ұңғыны тазалаудың бұл мүмкіндігі, түсірілген сайманның (бұрғылау құбырлары) қайта үзілумен аяқталса онда ұңғының жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру үшін екінші оқпанын бұрғылап оң жаңа ұңғы ретінде игере бастайды. Бұл жұмысты арнайы фреза мен жеңіл бұрғылау жабдығын қолдану арқылы күрделі жөндеу бригадасы орындайды. Тот басу немесе мыжылу нәтижесінде анықталған ақаулары бар шегендеу тізбегін ажырату бойынша, цемент тиген құбырларды бұрап алу және шығару бойынша жұмыстарды орындау оңайға соқпайды. Осы кезде бұл құбырларды арнайы коренкалы қашаулармен немесе құбырлық фрезалармен айнала бұрғылайды.

Ұңғы қатты суланған болса, онда судың ұңғыға өшіп кеткен жерін немесе қабатшаны ажырату мәселесі туындайды. Мұндай тесіп өту цемент тасының бүтіндігі бұзылу нәтижесінде құбыр сыртқы кеңістік бойынша пайда болуы мүмкін. Сулы горизонттарға су бұл жағдайда түпке келіп, өнімді қабаттан мұнайдың ағысына кедергі келтіреді. Ашылған қабат қалыңдығы аралығында жатқан өткізгіштігі жақсы қабатта суланудың қайнар көзі болуы ықтимал. Осы қабатша бойынша су, айдау ұңғымасынан өндіру ұңғысының түбіне өтіп кетіп, оның өнімділігін төмендетеді. Түп маңы аймағында су конусының пайда болуымен бірге өнімді гаризонттың төменгі бөлігі бойынша да сулану пайда бола алады. Барлық кезде де сулану кездерін анықтау үшін геофизикалық әдістерді қолдану арқылы ұңғыны мұқият зерттейді. Бұл зерттеудің көрсеткіштерін талдаған соң ғана, су ағынын тоқтатып ажырату техникасы мен технологиясы бойынша нақты ісшаралар жүзеге асырылады. Су ағынын тоқтатып ажырату бойынша жұмыстар әрдайым ойдағыдай болып шықпайды, бірақ бұл жұмыстарды арнайы мамандалған ұйымға тапсырса олардың сәтті өту ықтималдығы жоғарылайды. Су ағынын тоқтатып ажыратудың көптеген тәсіл амалдары бар. Суланған қабатшаға немесе тізбек сыртқы кеңістігіне әртүрлі тампонаждау қоспаларын мен материалдарын, соның ішінде арнайы шайырларды айдау, бұл жұмыстардың негізін құрайды.

Ұңғылардың күрделі жөндеуі бойынша жұмыстардың нақтылы орындалуын жобамен және әртүрлі тәсілнамалық картолармен алдын ала дайындалып қояды. Онда операциялардың кезектілігі, қолданылатын техникалық құралдар мен жабдықтар көрсетіледі. Орындалған жұмыстар күрделі жөндеуге дейінгі және кейінгі ұңғыларды зерттеу нәтижелерін салыстыру арқылы ұңғылық суланудың өнімділігін коэффициентін және т.б көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықтайды. Ұңғы қоры ескірген сайын олардың өнімінің сулануы мен механикаланған өндіру үрдісі артқан сайын, олардың жөндеуге мұқтаждығы да артып тазалау және бұл жұмыстарды дәстүрлі әдістермен орындау жүзеге асырылмайтын мәселеге айналады. Осыған байланысты жаңа технологиялық әдістер жасалып, олар ұңғы жөндеуге кететін еңбек және матералды-техникалық қаражаттарын азайтады.

Ұңғыманы тұзды-қышқылды өңдеу.

Ұңғыманың түп аймағында нашар цементтелген тау жыныстарын бекіту.

ҰКЖ кезінде шегендеу тізбегі (ОК-ШТ) мен тізбек сыртындағы кеңістіктің саңылаусыздығын жоюдың негізгі әдісі-қысым әсерімен ұңғы сүзгісінің тесігі арқылы немесе мұнай горизонтын бөгде сулардың енуінен сенімді изоляциялау үшін қажетті есептелген ерітінді көлемін қабатты ығыстыру мақсатында тізбектегі ақау немесе тізбек сырты арқылы цементтеу. Бұл кезде ерітіндіні қабатқа баяу ығыстырған сайын, қысым жоғары болған сайын, бөгде сулардың қозғалу жолы сенімді жабылып, мұнай қабатының изоляциясы соғұрлым эффективті болады. Бұл кезде, алайда, қысым берілген пайдалану тізбегінің (ПТ) жағдайы, диаметрі және құбырлар болатының маркасын есепке алып оның бар мүмкін ішкі қысымынан аспауы қажет. Басқа жағдайда тізбектің бұзылуы немесе майысуы болуы мүмкін. Қысым әсерімен тампонаждау тәсілін ұңғыны толтыру мен операцияның жалғасу есебін тексеру кезінде тізбектегі сұйықтықтың динамикалық деңгейінің жағдайына тәуелді жобалау қажет. Ол тампонаждау материалының қоюлану мерзімінен 75% аспауы керек. Тәжірибеде қысым әсерінен тампонаждаудың келесі түрлері қолданылады.Ұңғыға СКҚ түсіріп,тізбек сүзгісінің жоғарғы тесігі немесе ақауларынан 5-10 м жоғары орнатып, солар арқылы қысым әсерімен тампонажды ерітіндіні ығыстырады. Ерітіндінің қалған артықтарын кері немесе тура жуутәсілімен жуады. Ұңғыда қоюланудан кейін, СКҚ ұшынан төмен жерде пайда болатын стаканды бұрғылап тастайды. Қысым әсерімен құбыр арқылы цементті ерітіндінің артықтарын жуумен бірге тампонаждау, тізбектегі цементті бұрғылауды болдырмау қажет болған жағдайда қолданылады. Бұл кезде СКҚ ұшы сүзгінің жоғарғы тесігінде орнатылуы керек.Ерітіндіні қабатқа ығыстырудан кейін СКҚ тізбегін ұзартып,ұңғыдан тампонажды ерітіндіні жуып шаяды. Бұл операцияны құбырларды ұзартусыз атқаруға болады, ол үшін олардың ұшын сүзгінің төменгі тесіктерін төмен жерде орнату керек. Бұл жағдайда ұңғыдан томпанажды ерітіндіні жуып шаю үрдісі қабатқа қарама-қысыммен жүреді, ал жуудың өзі цементті ұстау басталғанға дейін аяқталуы керек. Бұл тәсілді мұнай –цеметті ерітінділерді қолдану кезінде қолданады.

Аралас тәсілді ұңғыны қысым әсерінде ерітіндіні ұстап қалудың соңына дейін қалдыру қажет болғанда қолданады. Оның мәні келесіде қолданылады. СКҚ төменгі ұшын сүзгінің төменгі тесігінде орнатады. Құбырлардан томпанажды ерітіндіні айдау және шығарудан кейін соңғылары олардың ұштары ерітінді деңгейінен жоғары болатындай етіп көтереді; содан соң сағаны саңылаусыздандырып,тампонажды ерітіндіні сұйықтықты құбырлар мен құбыр сыртындағы кеңістікке айдау арқылы қабатқа ығыстырады. Содан соң ұңғыны саңылаусыз жауып,қысым әсерінде ерітіндінің ұсталуының соңына дейін қалдырады.

Ұңғыманы зерттеуге арналған жабдықтар.

Ұңғыманың түп аймағын жылумен өңдеу.

Құбырларды парафиннен бу қозғалтқыш қондарғылар(ППУ-БҚҚ)көтегімен тазалайды және ережедегідей процесті ағымдағы жөндеуге бейімдейді.Құбырларды ұңғыдан көтермей де және тізбекті шығарып алғаннан кейін,сонымен қатар көпірге төсегеннен кейін тазалауға болады.

Бу қозғалтқыш қондырғыны құбырлар қабатының қасына орнатады,одан шығатын буды,металдан жасалған ұштығы бар иілгіш шланг арқылы кезекпен әр құбыр қабырғасында қатып қалған парафинді жлйғанда діберіп отырады.

Бұл жұмыстарды жүргізу кезінде ұштықтың жағдайын бақылап отыру керек,себебі басқа жағдайда қыздырылған бумен күйік пайда болуы мүмкін.

Құбырларды буландыру процесін тездету үшін бу өткізгіштің ұштығын 3-5 қайтарымы бар тарақпен жабдықтайды.Тарақтар құбырларға арналған сөреде орнатылады.Ұңғы ішіндегі жабдықтарды бумен жылыту фонтанды,газлифтілі немесе механикалық тәсілдермен тоқтатусыз пайдаланылатын ұңғыларда жүргізуге болады.

Парфинді құбырларды көтермей жойған кезде сығылған ауаны беретін ұңғының құбыр аралық кеңістігін БҚҚ қосады(егер ұңғы газлифтілі тәсәлмен қолданса).Ерітілген парфин қабат сұйықтығының ағысымен кәсіпшілік коллекторына шығарылады.

Парафинді бумен жылытып жоюдан басқа мұнаймен,керосинмен және т.б. жылыту арқылы жою тәсілдері белгілі.Алайда бұл тәсілдерге БҚҚдан басқа арнайы жылуалмаслырғыштар мен сораптар қажет.Бұл осы тәсілдерді қолдануды қиындатады.Парафинделген құбырларды тазалау үшін болат жапырақшаларынан немесе бір бірімен пісірілген қолданыстан алынған траптардан дайындалған шотылықты(ванна)жалпы ұзындығы 14м болуы керек және оған бірнеше өңделетін құбырларды енгізуге болатындай көлемде болуы керек.

Шомылық ішіндегі түпке бу көзіне қосылатын ирек түтікті орнатады,мысалы қозғалталы бу генераторына шомылықты сыртқы жағынан шыныталшықпен жылу изоляциялайды,ал үстінен қақпақпен жабады.

Құбырлар тобын тельфер көмегімен шомылық торына төсейді.Осыдан кейін оны БӘЗ(ПАВ) қосылған сумен толтырады.Бумен қызған су төселген құбырларды 15-20мин ішінде жуып жылытады.Парафин еріп,судың бетіне көтеріледі,ол жерден оны арнайы төгіп құбыр желісі арқылы жояды.Содан соң құбырларды шығарып сөреларге төсейді.

Құбырларды парафиннен тазалау кезінде келесі ережелерді орындау қажет.Бу қондырғысының бу өткізгіш қазанында,сақтандырғыш клапан орнатылуы керек.Сақтандырғыш клапанның қайтару қондырғы еденінің астымен шығару керек.

Құбырларды буландырар алдын,ұңғыда бу желісі БҚҚдан ұңғы сағасына дейін,максималды күтілген қысымнан жартылай қысымға тығыздалған болуы керек,бірақ БҚҚ құжатында көрсетілген қысымнан аспауы қажет.Тығыздау кезінде жолақ қасында болуға рұқсат етілмейді.

БҚҚ ұңғы сағасынан 25м аралықта орнатылуы керек.Лақтырма жолағын буландыру кезінде саға мен жолақтың қасында адамдардың болуына тыйым салынады.

Ұңғыманы жөндеу жұмастарының жаңа технологиясы.

Ұңғыманы ағымды жөндеу жабдықтарының кешендік құрамына нелер кіреді

Ұңғыларды жер асты жөндеуі үшін көтергіш құрылыстар мен механизмдер, сондай-ақ арнайы сайман қажет. Көтергіш құрылыстардың 2 түрін қолданады: тұрақты және қозғалмалы, тұрақты көтергіш құрылыстар- бұл арнайы пайдалану мұнаралары мен тұрақты мачталар.

Тұрақты жабдықтар.

Жер асты жөндеу кезінде, өзінің көлік базасы жоқ ауыр, әрі үлкен өлшемді жабдықтарды көп пайдаланады. Операцияларды жүргізгенде, ол ұңғы жанындағы алаңда тұрақты қондырылады.

Тұрақты мұнаралар мен мачталар ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарда пайдаланады. Оларға кронблок қондырылып, КТО-ны жүргізуге арналған тәл жүйесі ілінеді. Сонымен бірге, оларға жерасты жөндеуге қажетті тетіктер мен тораптар бекітіледі.

Жерасты жөндеу кезінде келесілер қолданылады:

•ұңғыны бұрғылау аяқталғаннан кейін ұңғы үстінде орнатылатын тұрақты пайдалану мұнаралары.

•бұрғылау мұнаралары, олар ұңғылар қиын жерде орналасқан болса,пайдалану уақытында қалдырылады.

Тұрақты/уақытты мұнаралар және А-типті мачталар қондырылады. Соңғылары сондай жүк көтергіштік кезінде жеңіл және алаңда орналастыру үшін едәуір ыңғайлы, сонымен қатар жерастында ұңғыларды жөндеуде қолданылады.

Пайдалануды бастаған кезде мұнаралар мен мачталарды келесі жерасты жөндеу кезінде мұқият тексеріп, маңызды назарды элементтердің түзу сызықты екеніне, пісірілген тістердің, балкондардың, баспалдақтар, қоршаулар және тартылымдардың, болтты қосылыстар тартылуларының жағдайына аудару керек. Мұнараның тіреуіш ірге тасында және мачталарда жарықшақтар мен коррозия болмауы керек.

Құбырларды және штангілерді, сонымен қатар ұзын өлшемді ұңғы ішіндегі жабдықтарды салу(қалау, төсеу) үшін, КТО-ны өткізу кезінде мұнара мен мачталардың қасында қабылдағыш көпірлер мен сөрелер құрылады.

Ұңғыманы ағымды жөндеу кезінде көтеріп-түсіру операцияларын жүргізу үшін қандайкөтеру қондырғылары мен агрегаттар қолданады.

Ұңғыманы ағымды жөндеу дегеніміз не және онын мақсаты.

Ұңғыны ағымдағы және күрделі жөндеу кезінде бір түрдегі операциялардың көп бөлігі бірдей жұмыстарды атқаруға белгіленген, бірақ оны параметрлері әртүрлі машиналар мен агрегаттар атқарады. Осылайша мысалы, ағымдағы жөндеу кезінде көтеріп-түсіру операциялары үшін жүк көтергіштігі 30-35 т дейінгі жабдықтар қажет, ал күрделі жөндеуде –80 т және одан да көп. Сонымен қоса ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарында бірдей жабдықтар немесе саймандар қолданылады, мысалы элеваторлар, кілттер және т.б. Күрделі жөндеуде өте жиі ағымдағы жөндеу жұмыстарына арналған саймандар қолданылады, егерде олардың параметрлері, мысалы, жүк көтергіштігі талап етілген шарттарға сәйкес келсе.

Жалпы жерасты жөндеу жұмастарына арналған жабдықтар мен саймандар тармандандырылған және өзіндік конструкциясы бар, бұл мұнай және газ кәсіпшілігінде қолданылатын жабдықтар үшін сәйкес.

Жабдықтар мен саймандардың қамтамасыз ету ерекшеліктері:ұңғы диаметрінің шектеулі өлшемдері кезінде (0,25м және одан төмен) жұмыстарды ондаған метрден бірнеше мың метр тереңдікте атқару қажеттілігі. Осылайша диамердің ұзындыққа қатынасы шамамен 1:10000 құрайды; жұмыс саймандарын бекіту үшін құбырлар тізбегін жер бетіне шығару қажеттілігі;оны ауыстыру және қандай да бір жаңа операцияларды атқару, сондықтан құбырлар тізбегін көтеріп-түсіру өзіндік топ операциясына айналған, оларды орындау үшін көп мөлшерде машиналар мен саймандар жасалған; түрлі жұмыстар орындалатын ұңғылардың күрделі профилімен; түсірілген жабдықтар мен саймандарға әсер ететін жоғары гидростатикалық қысым,температура,химиялық активті және агрессивті заттармен.

Жер асты жөндеу жұмыстарында қолданылатын барлық машиналар мен жабдықтарды 2 негізгі топқа бөлуге болады:

·Көтеріп-түсіру операциялары үшін

·Технологиялық операциялар үшін

Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.

-Жоспарлы алдын ала жөндеу..

-Жер асты жабдықтарының ревизиясы.

-Жабдықтардың жер асты бөлігіндегі ақауларды жою.

-Ұңғы сорабын ауыстыру.

-Пайдалану тәсілін ауыстыру, ПЦЭН-нен ШСН-ге өту немесе керісінше, және т.б.

-СҚҚ-ларды парафин мен тұздардан тазарту.

-Кәдімгі СҚҚ-ларды жабыны бар (шыныланған құбырлар) құбырларға ауыстыру.

-Сорапты қондырғы ілмегінің тереңдігін өзгерту.

-Ұңғыны консервациялауға беру алдында ұңғы жабдығын көтеріп алу.

-Өнімді гаризонтты зерттеуге байланысты арнайы жер асты жөндеу.

-Апатты жөндеудің кейбір түрлері. Мысалы: плунжердің тұтынуы, штангілердің үзілуі, қысқыш немесе электрокабельдің үзілуі.

Жоғарыда аталған жөндеу жұмыстары мен бірқатар басқа жұмыстарды мұнай өндіруші кәсіпорындарда ұйымдастырылатын, ұңғыларды жер асты жөндеу бригадалары орындайды. Жер асты жөндеу бригадалары тәулік бойы (3 смена) немесе 2 сменада, кейде тіпті 1сменада жұмыс істейді. Бір вахтаның құрамына әдетте 3 адам кіреді. Көмекшісі бар- операторлар ұңғы сағасы маңында жұмыс істейді ал машинист-шығыр көтеруді басқарады.

Ағымдағы жөндеу – жабдық жұмыс қабілетті күйде ұсталатын көлемі аз жоспарлық жөндеу. Ол тікелей жабдық орнатылған жерде орындалады. Ағымдағы жөндеу кезінде жабдықтың күйі тексеріледі, және тез тозатын бөлігі ауыстырылады. Қажет болса майы ауыстырылады. Жабдықтың күрделі түйіндерін бөлшектеуді қажет етпейтін ақаулары жөнделеді. Жабдықтың техникалық күтім қызметінің күшімен жөнге келмейтін ақаулары шақырылатын жылжымалы жөндеу бригадалары көмегімен жүзеге асырылады.

Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.

  1. Жоспарлы алдын ала жөндеу..
  2. Жер асты жабдықтарының ревизиясы.
  3. Жабдықтардың жер асты бөлігіндегі ақауларды жою.
  4. Ұңғы сорабын ауыстыру.
  5. Пайдалану тәсілін ауыстыру, ПЦЭН-нен ШСН-ге өту немесе керісінше, және т.б.
  6. СҚҚ-ларды парафин мен тұздардан тазарту.
  7. Кәдімгі СҚҚ-ларды жабыны бар (шыныланған құбырлар) құбырларға ауыстыру.
  8. Сорапты қондырғы ілмегінің тереңдігін өзгерту.
  9. Ұңғыны консервациялауға беру алдында ұңғы жабдығын көтеріп алу.
  10. Өнімді гаризонтты зерттеуге байланысты арнайы жер асты жөндеу.

Апатты жөндеудің кейбір түрлері. Мысалы: плунжердің тұтынуы, штангілердің үзілуі, қысқыш немесе электрокабельдің үзілуі.

Ұңғыманы ағымды жөндеудің әртүрлілігі.

Ағымдағы жөндеу – жабдық жұмыс қабілетті күйде ұсталатын көлемі аз жоспарлық жөндеу. Ол тікелей жабдық орнатылған жерде орындалады. Ағымдағы жөндеу кезінде жабдықтың күйі тексеріледі, және тез тозатын бөлігі ауыстырылады. Қажет болса майы ауыстырылады. Жабдықтың күрделі түйіндерін бөлшектеуді қажет етпейтін ақаулары жөнделеді. Жабдықтың техникалық күтім қызметінің күшімен жөнге келмейтін ақаулары шақырылатын жылжымалы жөндеу бригадалары көмегімен жүзеге асырылады.

Ағымдағы жөндеуге келесілер кіреді.

  1. Жоспарлы алдын ала жөндеу..
  2. Жер асты жабдықтарының ревизиясы.
  3. Жабдықтардың жер асты бөлігіндегі ақауларды жою.
  4. Ұңғы сорабын ауыстыру.
  5. Пайдалану тәсілін ауыстыру, ПЦЭН-нен ШСН-ге өту немесе керісінше, және т.б.
  6. СҚҚ-ларды парафин мен тұздардан тазарту.
  7. Кәдімгі СҚҚ-ларды жабыны бар (шыныланған құбырлар) құбырларға ауыстыру.
  8. Сорапты қондырғы ілмегінің тереңдігін өзгерту.
  9. Ұңғыны консервациялауға беру алдында ұңғы жабдығын көтеріп алу.
  10. Өнімді гаризонтты зерттеуге байланысты арнайы жер асты жөндеу.

Апатты жөндеудің кейбір түрлері. Мысалы: плунжердің тұтынуы, штангілердің үзілуі, қысқыш немесе электрокабельдің үзілуі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 1461; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.066 сек.