Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Диетатерапиятактикасы 1 страница




Жоспар

ЛЕКЦИЯ 10

ЛЕКЦИЯ 2.

ЛЕКЦИЯ № 1.

Кіріспе

 

Адамға деген әсер ететін көптеген сыртқы ортаның факторларынан тамақтану ең маңызды болып табылады. Рационды тамақтану адамның дұрыс өсуін және ағзаның дамуын, сонымен қатар денсаулығының сақталуын және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Оған қоса адам өмірінің ұзақтығына әсерін тигізеді.Егер ол ағзаның энергетикалық шығынын толықтырып және керекті дәрумендермен қамтамасыз етсе, рационды тамақтану тиімді болып саналады. Латын тілінен аударғанда «рацион» сөзі тағамның тәуліктік үлесі деген мағынаны білдіреді.Тамақтанудың емдік маңызы бар. Тамақтанудың сипатын өзгертіп, адамның ағзасындағы зат алмасуын реттеуге болады және жүріп жатқан ауруға белсенді әсер ету керек. Бір жағдайда емдік, оның қабылданған атауы диеталық, тамақтанудың басты емдік факторы болып келеді.
Диета (грек тілінен аударғанда «тамақтану тәртібі»)–адам тағамдарының қолданудағы ережелердің жиынтығы. Диета тағамның химиялық құрамы, физикалық қасиеті, оларды аспаздық өңдеу, қабылдауының уақыты мен жиілігі сияқты факторлармен сиптталады.Диеталық тамақтану әр түрлі созылмалы аурулармен азап шегуші адамдардың жақсы көңіл күйін және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар ауру құбылыстарының қайталануын және асқынып кетуін ескертеді. Орташа және егде жастағылардың ағзасының жас шамасына байланысты аурулуарды алдын алу диеталық тамақтанудың ең маңызды рөлі болып табылады.Диеталық тамақтанумен қамтамасыз ету қоғамдық тамақтандыру жүйесі диеталық асханада және мамандандырған дүкендерде диеталық жолмен дайындалған аспаздық бұйымдарды сату арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдық тамақтандыру орындарының тез дайындалатын, емдік, диеталық және тағы басқа түрлері дамыған. Тамақтанудың емдік маңызы бар. Қазіргі таңда тұтынушылардың көбі диеталық асхананы талап етеді. Тамақтанудың сипатын өзгертіп, адамның ағзасындағы зат алмасуын реттеуге болады және жүріп жатқан ауруға белсенді әсер ету керек. Бір жағдайда емдік, оның қабылданған атауы диеталық, тамақтанудың басты емдік факторы болып келеді. Асхана жалпыға қол жетімді болуы немесе белгілі құрамға қызмет көрсетуі мүмкін, қаланың рационалды нормативтерімен анықталатын, халықты қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен қызмет көрсететін мекемелер тұрған жерлерде орналасады. Қазіргі жағдайларда тіпті шағын кәсіпорынның өзі де қызметті тиімді басқаруды сауатты жоспарлған кезде нарық сұранысына талдау жасап, бұл нарықта жетістіктерге жетуге мүмкіндіктер бар.

Соңғы жылдары дұрыс тамақтанбау салдарынан Қазақстанның көптеген аймақтарында тұрғындардың ауру көрсеткіші күн санап артып келеді. Қазақстандағы қазіргі таңда ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы 57 жасты құрайды.

Сол себепті, кез келген өнімнің тағамдық құндылығы денсаулықты сақтауға қажет негізгі тағамдық заттар мен энергияға адамның қажеттілігін анықтайтын теңестірілген тамақтану талаптарына сәйкес өнімнің химиялық құрамының қатынасы бойынша бағаланады.Теңестірілген тамақтану заңы тамақтану рационындағы жекелеген тағамдық заттардың тиімді пропорциясымен көрсетіледі. Бұл кезде басты назар тағамның алмастырылмайтын компоненттеріне бөлінеді.Өнімнің химиялық құрамы теңестірілген тамақтану формуласына сәйкес, онда өнімнің тағамдық құндылығы жоғары деп саналады.

 

Кәсіпорындарда емдік тамақтану мен оны жүргізудің негізгі ерекшеліктері

 

Жоспар:

1 Емдік тамақтанудың ғылыми негіздері

2 Тамақтанудың негізгі ережелері

 

Емдік тамақтанудың ғылыми негіздері

Диеталық тамақтану кезінде бірінші кезекте болып ағзаның немесе ағзаның бүкіл жүйесіне сәйкес сапалық және сандық өзгеретін дені сау адамның рационалды тәртіп түріндегі құрылған тамақтануы болып саналады. Бұл кезде тамақтанудан белгілі тағамдық заттар алынады немесе сол сияқты тағамдар дайындалады да, осы арқылы ағзаның бұзылған функциялары реттеледі.

Асқазан – ішек жолы механикалық, химиялық, термиялық әсерге тағам жағынан көп ұшырайды. Химиялық және механикалық тітіркендіргіштердің мөлшері мен сапасын өзгерту арқылы, сонымен қатар тағам температурасын өзгерту арқылы ішектің шырын бөлгіш, моторлық және эвакуациялық функциясына әсер етуге болады.

Емдік – профилактикалық тамақтанудың негізгі мақсаты – организмнің қорғаныш функцияларын жоғарылату, организмге зиянды химиялық, радиоактивтік және т.с.с. заттардың енуін тоқтату. Жүз жылдықтың 20–шы жылдарының өзінде универсалды профилактикалық құрал ретінда зиянды өндіріс орындарында жұмысшыларға сүт берілген.

Емдік – профилактикалық тамақтанудың негізгі қызметі болып:

· баллансталған тамақтану есебінде, организмнің жалпы беріктігін жоғарылату;

· асқазан – ішек жолының улы заттарды сіңіруін тамақтану рационының көмегімен баяулату;

· организмнен зиянды заттарды ығыстыруға қабілетті тағам өнімдерін қолдану;

· улы заттарды залалсыздандыру;

· организмдегі жеке тағамдық заттардың жоғалған көп бөлігін толтыру;

· зақымданған органдарға тағамдық өнімдер және заттармен әсер ету;

Бұл принциптермен сәйкесінше зиянды өндіріс орындарымен байланысы бар жұмысшылар үшін рациондар құрылған.

Рациональді тамақтану – бұл организмге қажетті энергетикалық, пластикалық және өмірге қажетті белгілі талаптарда анық қажет ететін биологиялық белсенді заттар қамтамасыз ететін тамақтану түрі. Рациональді тамақтану денсаулық сақталуына, жас организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, еңбек қабілеттілігі мен зиянды факторларға, инфекцияларға қарсыласуына, белсенді ұзақ өмір сүруіне қабілетін арттырады.

Рациональді тамақтану жас мөлшерін, жынысын, еңбек жағдайының сипаттамасын, этникалық және климаттық ерекшеліктерді ескере отырып организмді жаңа заманға сай барлық қажетті нутриенттерді сапасы мен мөлшерінің арақатынасымен оңтайлы түрде қамтамасыз етеді.

Организмді өндірістік зиянды факторлардан қорғау үшін (улы химиялық заттар, қышқылдар, сілтілер, иондаушы сәулеленулер), сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан әсерінен қорғау үшін организмнің беріктігін жоғарылататын емдік – профилактикалық рациондар қолданылады. Бұл арнайы рациондар құрамына: 1) бауыр және басқа органдар мен ұлпалардағы тотығу, қалпына келу және гидрологиялық расщепления үрдістерінің көмегімен улы заттардың метаболизмі мен утилизациясына қабілеті бар заттан тұратын өнімдер; өз кезегінде бұл ұрдістер ақуызды және аминқышқылды тамақтануының әсерінен күшеюі мүмкін. Липотропты заттар бауыр функциясын күшейтіп, оған токсиндердің әсер етуін тежейді; 2) зиянды заттарды сіңіруін төмендетіп олардың бөлініп шығуын күшейтетін өнімдердің маңызы зор. Мұндай қасиеттерге, галактуронды қышқылдың бос карбоксильді тобының есебінен қорғасын, сынап, марганец және т.б. байланысатын пектинді заттар ие. Бұдан басқа пектин өзінің бетіндегі бөгде улы заттарды ісіндіріп және адсорбілеуге қабілетті; 3) зиянды заттарды ығыстыруда, ішектің қозғалысын белсендіретін тағамдық талшықтардың – пектин мен клетчатканың, балластық заттардың маңызы зор; 4) организмнің қарсыласуы мен оның қорғаныштық күшін төмендететін зиянды факторлар әсерінен ПОЛ күшінің ұлғаюын тоқтататын антиоксидантты және басқа да витаминді препареттардың маңызы зор.

Бізде бір адам орта есеппен жылына 45-50 келі ет жейді деп есептелген. Бұл жеңіл қорытылатын, құрамында темірі көп негізгі азық. Мектеп оқушысы жасына қарай күніне кем дегенде 180 грамм ет жеуі керек. Ал мектепте ыстық тамаққа ет берілетінін ескерсек, жағдайы жоқ отбасынан шыққан бала мектептегі тамақ дұрыс ұйымдастырылса, 40 пайызға дейін өз қажеттілігін өтей алады. Әйтсе де, ет 25-30 жасқа дейін ғана пайдалы. Адам 24 жасқа дейін өседі, демек оған дейін етті көп жеу керек. Ал 25 жастан кейін етті аз тұтынып, балыққа басымдық берген дұрыс. Қазір ең ұзақ өмір сүру жағынан Жапония алдыңғы орында. Ол жапондардың балық, теңіз өнімдерін және ара балын көп тұтынғандықтан болса керек.

Екінші пайдалы тағам, сәбіз – А витаминінің чемпионы. Сәбіздің бір стақан шырынын таңертең аш қарынға ішіп алса, беті әрленіп, шашы түспейді, көру қабілеті жақсарады. Қазіргі оқушының көру қабілеті нашар екенін ескерсек, бұл өте маңызды. Одан кейін дәрігерлер балаларға жеуге рұқсат беретін тәтті тағам – бал. Әлбетте, оны көп жей алмайсың. Әйтсе де, мектеп оқушылары күніне 1-2 шай қасық бал – жесе, өздеріне зиян қантты тұтыну көлемін жартылай қысқартар еді. Ересектерге де таңертең аш қарынға жарты стақан жылы суға шай қасық балды ерітіп ішіп алса, сол пайдалы. 114 сүреден құралған Құран Кәрімнің толық бір сүресінің «Бал ара» деп аталуы тегін емес. Өйткені нағыз бал – көп ауруға шипа. Бал арасы ұшып өткенде экологияны жақсартады, топырақ құнары артады, өсімдік жақсы өседі. Әрі балды көп тұтынсақ, еліміздегі бал шаруашылығының (әсіресе, Шығыс Қазақстан облысында) дамуына септігін тигізер еді. Әйгілі Альберт Эйнштейн «Жер шарындағы соңғы ара өлгеннен соң төрт жылдан кейін адамзат та ажал құшады» депті. Бұл сөздің жаны бар. Бал арасы зиянды әдеттердің арқасында басымызға тілеп алған ауруларды жазу үшін жаралғандай. Төртінші орында – соя. Бұл Жапония мен Қытайда сүйсініп жейтін тағам. Әрине, генді модификациялық өнім туралы көп айтылып жүр. Соған қарамастан, соя «ұлы бұршақ» деген атауға ие. Өкінішке қарай, бұл өнім бізде кең таралмаған. Сондықтан оны кезең-кезеңімен рационға енгізуді бастау керек. Сояның құрамында барлық дерлік дәрумендер мен минералдар бар. Ең бастысы, сояның құрамында холестерин жоқ. Ал холестерин – бірінші жау. Бұл – инфаркт, инсульт. Холестерині жоғары адам жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққыш. Сол себепті сояны күнделікті мәзірге қосу үйреншікті дағдыға айналуы қажет. Ең соңында – сүт және сүт өнімдері. Ата-бабаларымыз ішкен ең негізгі сусын, батырлардың сусыны – қымыз бен шұбатты да ұмытпаған жөн.

1 Рацион. Радиоактивті заттардың әсер етуімен байланысты және сәулеленудің иондаушы көздерімен байланысты жұмыстарда қолданылады. Бұл рационға липотропты заттарға бай өнімдер (метионин, лецитин) сүт, сүт өнімдері, бауыр, жұмыртқа және т.б. жатады. Липотропты заттарды енгізу бауырдың антитоксикалық қасиетінің жоғарылауына және майдың алмасуын реттеуге, әсер етуге қабілетті.

2 Рацион. Бұл күкірт және азот қышқылдары, сілтілік металдар, хлор және фтор қосылысы, цианды қосылыстар және т.б. өндіріс орындарындағы жұмысшылар мен инженер – техникалық жұмысшылар үшін қолданылады. № 2 рационның профилактикалық бағыты еттің, балықтың, сүттің толық құнды ақуызымен, өсімдік майының, витаминдер мен минералды заттардың полиқаныққан май қышқылдарымен дәнді – дақылды және жеміс - жидекті тағамдардың көп мөлшерінің түсуі есебінде қамтамасыздандырылады.

Құрамында хром және хромы бар қосылыстармен байланысы бар жұмысшылар үшін № 2а рационы қарастырылған.Бұл рацион организмнің хром және оның қосылысына организмнің сенсибилизация процесін әлсірету немесе баяулату үшін арналған, ал бұл болса қатты аллерген (тітіркендіргіш) болып келеді. № 2а рационы организмнің реттегіш реакциясына – нервтік, эндокриндік және т.б. әсерін тигізеді.Рационда көмірсу мөлшері шектеліп (сіресе қарапайымдары), майдың бірнеше мөлшерін (рафинадталмаған өсімдік майлары) арттырады, ақуыз мөлшері төмендетіледі. Рационға С, РР, Р, К, Е, А витаминдеріне бай, пектинге және органикалық қышқылдарға бай өнімдер қосылады. Рационнан құрамында қымыздық қышқылы, хлор, натриі бар тағамдар шектеледі. Белгілі кулинарлық өңдеулер жүргізіледі – тағам буда піскен, бұқтырылған, көміп пісірілген түрінде ғана дайындалады. Тағамдық рационға қуырылған тамақтарды қосуға болмайды.

3 Рацион. Қорғасын (свинец) қосылысының органикалық және неорганикалық түрімен байланысы бар адамдардың емдік – профилактикалық тамақтануында қолданылады. Бұл тағамдық рационға сүт өнімдерін және сүт қышқылды өнімдерді, жеміс – жидектердің үлкен мөлшерін, пектин мөлшерін, көп шырын қолдануды ұсынады. Пектин организмнен қорғасынды байланыстырып шығарады. № 3 рационда ақуыз, май, көмірсу құрамын арттырады.

4 Рацион. Атмосфералық қысымы жоғарылаған жерде бензолдың және оның гомологтарының нитро – және амин қосылыстарының, хлорланған көміртек, мышьяк, сынап, фосфор қосылыстарының өндірісінде жұмыс істейтін адамдарға арналған. Рационның профилактикалық бағыты бауырдың функциялық қабілетінің жоғарылауымен байланысты. Рацион бауыр функциясына жағымды әсер ететін липотропты заттарға бай өнімдерден тұрады. Қуырылған өнімдер, күшті сорпалар, повидлолар ұсынылмайды.

5 Рацион. Көміртегімен, күкірт көмірсутегісімен (сероуглерод), фосфорорганикалық пестицидтермен, барий, сынап және т.б. әсері бар жерде жұмыс істейтіндерге арналған. Рационның негізгі профилактикалық бағыты – жүйке жүйесін және бауырды қорғау. В1 витаминіне, полиқаныққан май қышқылдарына бай өнімдерді ұсынады.

Емдік – профилактикалық рацион биологиялық белсенді заттардың дефицитін жабатын компоненттерден тұрады, зақымданған органдар мен жүйелердің функциясын жақсартып, зиянды заттарды нейтрелиздеп, олардың организмнен тез бөліну қабілетіне ие.

Профилактикалық және емдеу мақсатында табиғи, синтетикалық, микробиологиялық тектес тағамдық қосылыстар мен биологиялық белсенді заттар қолданылады.

Жаңа заман кезеңінде емдік – профилактикалық тамақтану зиянды факторлардың адам организміне қолданатын анық дифференция қолдануды ұсынады. Сондықтан ол тек қана организмнің реактивтілігін, қорғаныш қабатын жоғарылатып қоймай, сонымен қатар өзінің арнайы бағытымен әсер етуі қажет.

 

2. Тамақтанудың негізгі ережелері

 

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:

1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);

3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.

Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды.

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Тәбет дегеніміз – аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс.

Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.

Оңтайлы тамақтану – ағзаның калыпты өсуі мен дамуының, оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қызмет істеуінің негізгі жағдайларының бірі. Тамақ көлемі бойынша жеткілікті, оның құрамында ағзаның тіршілігі үшін қасиетті барлық нәрселер болуы, адамның жасына, оның тіршілік ету жағдайларына сәйкес жұмсалған күш- куатты орнына келтіретіндей болуы керек.Оңтайлы тамақ ішудің маңызды принципі режим болып табылады,яғни тамақ белгілі бір сағаттарда ғана ішілуі тиіс.

Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан аспасын.Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан –ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте үзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Тамақтанудың негізгі теорияларын айт.

2. Тамақтану әдебі.

3. Адамдардың дұрыс тамақтануы үшін басты қағидалар.

4. Функционалды тамақтану.

5. Диетаның пайдасы мен зияны?

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

Бренц М.Я. и Сизова Н.П. «Технология приготовления диетических блюд» М.,: Экономика, 1998г

М.С. Маршак. Диетическое питание. М.: Медицина. 2004 г..

Н.И. Губа, Б.Л. Смолянский. Диетическое питание и кулинария в домашних условиях. Днепропетровск, “Січ”. 1992.

Губергирц А.Я.,. Ю.В Линевский. Лечебное питание. Киев. “Выща школа”, 2003 г..

 

Емдік тамақтану мен кәсіпорындардағы диеталық тамақтанудың ерекшеліктері

 

Жоспар:

1 Диета түрлері.

2 Емдік– профилактикалық тамақтану.

 

1 Диета түрлері

Диета немесе емдәм (гр. δίαιτα — тұрмыс салты) – тамақтың құрамы, өңделуі, дайындау тәсілдері, тамақ ішу мезгілдері және уақытына қарай тамақ қабылдау әдісі.

Емдік тамақтану кез – келген ауру кезінде жалпы терапевтикалық шаралардың кешенінің негізгісі болып табылады.

Дұрыс тағайындалатын емдік тамақтану науқастың жақсы жазылып бітуіне, организмнің қорғаныш қабатын жоғарылатуға, анаболикалық процестің өтуін белсендіреді, бұл ақыр соңында денсаулықтың сауығып кетуіне әкеледі.

Ауырған адам сырқаттанған күннен бастап толыққұнды және жеткілікті тамақтанса тезірек жазылып асқынудың саны төмендейді. Тамақты азайту тек аз уақытқа дейін жүргізіледі, ол аурудың басталуы кезінде немесе тағаммен уланудан, жүрек айнығанда, дене температурасы көтерілгенде және т.б. Бұл жағдайда сырқат адамға сұйықтың мөлшерін арттыру керек. Тамақты азайтқан кезден кейін біртіндеп (1 – 4 күн аралығында) толыққұнды тағамға көшу керек.

Емдік тамақтануды тағайындаған кезде келесі факторларды ескеру қажет: жас мөлшері; аурудың сипаты; патогенез ерекшелігі мен метаболизмнің бұзылуы; аурудың стадиясы мен фазасы; тағайындалатын ем; тамақтану тәртібі; тамақтанудың тағамдық сипаты; рациондағы жеке тағамдық заттардың сандық бөлігі; технологиялық және кулинарлық өңдеудің тәсілі.

Денсаулық сақтау министрлігі емдік тамақтану диетасының номерлік жүйесін бекітіп, бұны емдік және сауықтыру (профилактикалық) орындарда қолданады. Бұл тағайындаудың көрсеткіші мен мақсатынан тұрады; өнім жиынтығының негізгі химиялық құрамының ерекшелігімен кулинарлың өңделуін; тағамдық рационның энергетикалық құндылығы мен химиялық құрамын; тамақтану тәртібін; өнімдер мен тамақтардың көрсеткішке қарсы тізімі; дайындаудың кейбір әдістері.

Көптеген диеталардың (1, 4, 5, 7) бірнеше түрі болады, олар әріптермен белгіленіп, негізгі диета номеріне 7 а, 7 б, 7 в, 7 г немесе сөзбен айтылып қосылады (1 ұсақталмаған).

Әрбір диета мынадан құралады:

- тағайындаудың көрсеткіші;

- тағайындаудың мақсаты;

- химиялық құрамның, өнім жиынтығы мен кулинарлық өңдеудің жалпы

- сипаттамасы (негізгі ерекшеліктері);

- өнімнің химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы;

- тамақтану тәртібі;

- жіберілімге рұқсат етілген өнімдер мен тамақтар, оларды дайындаудың негізгі тәсілі, көрсетілімге қарсы тізімі (перечень противопоказания).

Диеталардың сипаттамасы емдік және емдік - профилактикалық тамақтанудың менюін құрудағы негізгісі болып табылады. Біздің еліміздегі қолданып жүрген диетаның біріңғай номерлік жүйесі өте көп мөлшердегі сырқаты әр түрлі адамдарға қызмет көрсету кезіндегі индивидуализациямен қамтамасыз етеді. Бұл үшін диеталардың арасынан сәйкес келетін біреуін немесе вариантын тағайындайды, сонымен қатар бұл диетаны жеке өнімдер мен тағамдарды қосу немесе шектеу арқылы өзгертуге болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 1822; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.088 сек.