Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Диетатерапиятактикасы 3 страница




15 диета дені сау адамға арналған. Балансталған тамақтану түріндегі диета. Сауықтыру орындарында оны арнайы диетаны қажет етпейтін науқас адамдарға тағайындайді.

Қарастырылған емдік диеталардың барлық емдік тамақтануда кең қолданылады, ол науқастардың сауығып кетуінде үлкен маңызы бар диета. Бұл диеталарды тек қана арнайы орындарда ғана емес, үй жағдайында да, жартылай емделуде де қолдануға болады.

 

2 Емдік - профилактикалықтамақтану.

 

Емдік-профилактикалық тамақтану дегеніміз – организмнің белгілі бір кәсіптік зияндылықтарға қарсы күштерді жоғарлататын, арнайы бағытталған тамақтық элементтердің жиынтығы бар тамақтану. Ұтымды тамақтану организмде зиянды заттардың жинақталуын шектеп, олардың шығарылуын арттырады.

Қазіргі уақытта сапасыз тамақтану салдарынан әр түрлі кәсіби зияндылықтардың пайда болу дәрежесінің жоғарлағанын көрсететін статистикалық және тәжірибелік мәліметтер жеткілікті жиналды. Мөлшерлік және биологиялық қатынастағы сапасыз тамақтану кезінде, кәсіби улану белгілері мейлінше ерте және ерекше ауыр түрде кездеседі.

Емдік-профилактикалық тамақтану бірқатар принциптерге сүйене отырып жасалу керек. Емдік-профилактикалық тамақтану тиімділігі:

- организмге химиялық немесе радиобелсенді заттардың енуіне кедергі жасай отырып физикалық барьерлердің қозғалыс қызметін арттыру;

- қолайсыз физикалық факторлардың әсерінен организмнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- өнеркәсіптік улардың биотрансформациясын организмде әлсіз уытты алмасу өнімдерін түзуге бағытталған, тотығы, метилдену, дезаминде ж.т.б. биохимиялық процестер жолымен реттеу жағдайын тудыру;

- улардың немесе олардың алмасу өнімдерінің байланысу процестерімен организмнен шығуын тездету;

- өндірістің зиянды факторларынан зардап шеккен функционалдық күйді жақсарту бауырдың токсинге қарсы қызметін, әсіресе гепатотропты топқа жататын улардың әсерін арттыру;

- өндірістің зиянды факторының ықпалынан туатын тамақтық заттар жетіспеушілігін толықтыру, әсіресе организмде түзілмейтіндерін қамтамасыщ ету керек;

- организмнің ретттеу реакицясына қолайлы әсер туғызу, оның ішінде иммундық жүйенің нервтік және эндокриндік реттелуіне, зат алмасуына;

- организмнің жалпы қарсылық күшін, оның бейімделу қабілетін арттыру, көңіл-күйді жақсарту, жұмыс қабілетін арттыру, жалпы және кәсіби ауруларды азайту, белсенді өмірді ұзарту;

- емдік-профилактикалық тамақтанудың барлық түріне негізгі қойылатын талап – олардың жалпы биологиялық бағалығы физиологиялық қажеттілік деңгейде қамтамасыз ету керек;

Профилактикалық тағамдағы биологиялық белсенді заттың маңызды бөлігі – витаминдер болып табылады. Қазіргі уақытта роациондардың көбісінде бірқатар витаминдердің аскорбин қышқылы тиамин, «А» витамині, РР ж.т.б. витаминдердің қосымша мөлшері тиесілі орын алады. Оңтайлы биологиялық тиімділігі, барлық витаминдердің сәйкестендірілген кешенін пайдаланған кезде жетістік көрсеткіші ғылым жүзінде дәлелденген. Бұл профилактикалық тамақтану рационының құрамына витаминдер көлемін қосу болып табылады.

Осы орайда С, Р, РР витмаиндерін бірге қолданғанда тағамның жоғары қорғаныс тиімділігін және де организмнің сәулеленуден зардап шеккенде әр түрлі дозадағы С мен Р қатар В тобы витаминдерінің жоғары қоғаныс тиімділігі анықталыған.

Етті диета сәуле ауруының дамуына кедергі жасайтын көңіл аударарлықтай болса да, осы диетаны 7 түрлі витаминнен (С, Р, В1, В2, РР, В6, фолий қышқылы) тұратын дамытылған кешенімен байытылуы радиосезімлікті кәдімгідей төмендетеді.

А, В1, В6 және басқа витаминдердің детоксиндеуші қасиеттері, ароматты көмірсутектердің, ацетонның, қорғасынның, пестицидтердің, күкіртсутекті әсер етуі кезінде күшейетіні белгілі. Формальдегидпен әсерлесе отырып,, В1, В6, С, А витаминдерінің қорғаушы әсерінен С, В1, В2, В6, В15 витаминдері қорғаушы әсер көрсететіні анықталған..Организмге дірілдің әсер етуінен В1, В2, В6 витаминдерінің профилактикадық тиімділігі дәлелденген.

Кәсіби зияндылықтың алдын-алуда және төменгі дозалардың организімге әсерін тежеуші және кумулятивті әсерлі екінші бір маңыздысы –белоктар мен аминоқышқылдар-цистин мен метионин, тирозин мен фенилаланин, триптофан, глютамин қышқылы. Бұл аминқышқылдардың әр түрлі жиі кездесетін кәсіби зияндылықтарға қарсы профилактикалық тамақтану рационына қосады.

Кейбір аминқышқылдардың, белоктың жетіспеушілігі көп мақсатты окидоздың белсенділігін арттырады. Көбіне күкірті бар аминқышқылдар мен белоктар жеңіл ерігіш кешендердің түзілуін қадағалайды, ал белоктың 14 тобы ядро байланыстыруына тікелей қатысады. Лизин, метиониннің треониннің мұқтаждығы ГХЦГ-ң бауыр мен бұлшық еттерде жиналуын күшейтіп, бүйрекпен шығарылуын тежеген.

Тағамдағы белок жетіспеушілігі организмге басқа да пестицидтердің ХОС, ФОС, РОС т.б. токсиндік әсерінің жоғарлауына әкеп соқтырады. Белоктар мен аминқышқылдарының профилактикалық әсері, ционид, хлорлы детал, 4 хлорлы көміртегі, нитробензол, мышьяк, селен, қорғасын т.б. органикалық қосылыстардың токсиндік әсерін де тежейтіндігі анықталған. Рациондағы жанкра белогының жетіспеуішілігі созылмалы қорғасын интоксикациясының ағымын ауырлатады. райионда күкіртті аминқышқылдың көбеюі формальдегидпен уланғандағы ағымды жеңілдетеді.

Сонымен қоса бірқатар интоксикация кезінде белоктардың әсіресе күкіртті аминқышқылдарға байланыстарын тежеген дұрыс, себебі, удың детоксиндену процесі бұзылады. Белоктардың қорғаныс функциясы антидене түзілуімен қатар жүреді. Сондықтан, толық бағалы жануар белоктарының жеткілікті құрамы тері және бірқатар инфекциялық аурулардың алдын алуға маңызы зор.

Демек, адам организмінің оңтайлы жағдайы үшін, оның кәсіби зияндықтарға толық қарсы тұруын қамтамасыз етуі үшін белоктар организмге үнемі жеткілікті көлемде түсіп отыруы керек.

Майлардың кәсіби аурулар профилактика мақсатында қолданғанда өте сақ болу керек, өйткені олар тамақтағы удың, әсіресе кейбір пестицидтердің сіңірілуіне әр түрлі әсер етеді. Диеталарда майлардың көп болуы 2,4 динитротолуолмен созылмалы уланудың дәрежесін төмендетеді, сонымен қатар, тағамның майға бай болуы қорғасынның көмірсутегінің сіңірілуін тездетеді және де натрибензол мен толуолмен улануды тездетеді.

Кәсіби аурулар бауырдың барьерлік функциясын зерттеуде көмірсу организмін фосфор, хлороформ, мырыш қосылыстарына төзімділігін арттырады.

Организмнің биологиялық белсенді заттарға қажеттілігінің қакнағаттануы тек олардың организмге аспен бірге дайын түсуімен жүрмейді, оған организмдегі эндогенді синтез жолы да ықпалын тигізеді. Осыған орай, оргнаизмнің ситетикалық мүмкіндіктерін күшейтумен ынталандандыру өте қажет.

Биологиялық тұрғыда арахидон қышқылы, холин, перидоксин, витамин В12 сияқты т.б. зәру заттарымен организмнің негізгі қамтамасыз етілу жолы, ең әуелі организмнің ішкі синтезімен жүреді. Профилактикалық тамақтану міндетіне осы заттардың синтезі үшін ішкі ортаның оңтайлы жағдайын туғызу және де осы синтезге керек материалдардың жеткіщіліп тұруы кіреді, мысалы, В12 витаминдерінің синтезі үшін кобальттың арахидон қышқылы синтезі үшін перидоксин мен линоль қышқылының жеткізілуі т.б.

Қазіргі уақытта профилактикалық тамақтану рационы құрамына пектинді заттар мен глютамин қышқылының қосымша мөлшерін қосуға негіз жеткілікті, глактурон қышқылының еркін карбоксин тобының санымен біріккен пектиннің детоксиндеуші қасиеті жалпылай мойындалған. Оның калоидты қасиеті, жоғарғы адсорбциялық қабілеті, ерімейтін пектат түзуі пектинді заттарды профилактикаылқ тамақтануда маңызды.

Пектинді заттар организмнен қорғасын, сынап, марганец, металл қоспаларын шығаруда ерекше орын алады және де стронцидің радиобелсенді изотоптарын, когбальтты шығарады. Профилактикалық тамақатну рационында пектиннің жеміс-жидектің және пектинді заттардың құрамында болуы маңызды орын алады. әсіресе мармелад өндіруге пайдаланылатын пектині белсенді болады. Кәдімгі рационды сәбізбен, капустамен байытсақ, жануарлар организмінен қорғасынның 38-44% жойылуына көз жеткізуге болады. Санитарлық-гигиеналық, техникалық және басқа да шаруашылық кешенінде кәсіби меркуриализмді алдын алу үшін сынап өндірістеріндегі жұмысшыларға пектин тағамдарын екі айлық курс ретінде қолданған жөн. Авторлар пектинді үшінші тағам ретінде күнделікті 10 г есебінде пайдаланғанды ұсынады. Бірақ профилактикалық мақсатпен пектинді пайдаланғанда оның мөлшері көбейіп кетсе, асқорыту каналының қызметіне әсер етеді. Қазіргі уақытта пектинді қорғасын әсерін алдын алу үшін 2 г жоғары болмайтын мөлшерді қолданады. Қорғасын интоксикация кезінде эстерификациялық дәрежесі 37%-ке пектин мейлінше тиімді екені тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Глютамин қышқылының биологиялық белсенділігі ескірген мәселе болып табылады, профилактикалық тамақатнуда оны кеңінен қолданады. Глютамин қышқылының организмнен зиянды заттарды шығаруға, әсіресе аммиакты залалсыздандыру және шығаруға қатысы бар. Глютамин қышқылының орталық жүйке жүйесінің функционалды қабілетті жағдайын қалыптастыруда маңызды роль атқаратыны белгілі. Глютамин қышқылы организмге түскен бірқатар заттардың токсинді әсерін азайтуға қабілетті. Практикада қолданылатыны (глютамат натриі). Глютамин қышқылы организмнің тепе-теңдігін сақтауда маңызы зор. Қышқылдық, негізгі тепе-теңдіктің ацидоз жағына ығысу организмнің қорғаныс қызметінің бұзылуының себепшісі.

Профилактикалық тамақтану рационында еттің, балықтың меншікті салмағының жоғары болуы ацидоз болуына әкеп соғады. Сүтті, жеміс-жидектерді кеңінен қолдану қышқылдық, негіздік тепе-теңдікті керісінше сілітілік жаққа ауыстырады.

Профилактикалық рациондарда калий мен магний маңызды роль атқарады. Калидің сүйекке жинауда ролі қорғасын металдарын ж.т.б. заттарды оны профилактикалық тамақтанудың негізгі құрамының қатарына қосады. Организмнен зиянды заттарды шығару магний қасиетіне ие. Магния тамыр қасиетінде бар. Ол ішек перисальтикасын және өттің бөлінуін ынталандырады және май мен холестерин алмасуын реттейді.

Емдік-профилактикалық тамақтанудың тегін берілуі 3 түрде жүреді:

- Емдік-профилактикалық тамақтану рациондары.

- Сүт.

- Витаминді препараттар.

№1 рацион: липортропты заттарға (метионин, цистин, лецитин) бай тағамдардан тұрады. Олар бауырдағы май алмасуын реттейді, ынталандырады және оның антитоксиндік қызметін арттырады, қосымша 150 мг аминқышқылын бөледі. Ол радиобелсенді заттар мен иондаушы сәлелермен жұмыс істейтіндерге және липаритті концентрат өндіру саласындағы жұмысшыларға арналған.

№2 рацион: толық бағалы белоктарға, май қышқылдарына қаныққан, жемістерге, витаминдерге және микроэлемент көздеріне бай. Олар организмде әр түрлі қосылыстардың жинақталуын тежейді. Бұл рацион күкір және азот қышқылымен, фтор қосындыларымен, сілтілік металдармен, хлор және органикалық қоысылыстармен, цианист қосылыстарымен, азот тотығы және фосфогенмен жұмыс жасайтын жұмысшыларға беріледі. №2 рационға қосымша А витамині 2 мг, С витамині 150 мг беріледі.

Рацион 2а. хром және хром қосындыларымен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған. Рационның химиялық құрамы – 52 г белок (оның 34 г жануар белогы), 63 г май (23 г өсімдікті), 156 г көмірсу, энергиялық бағалығы – 1370 ккал. Бұл рационның аминқышқылдық құрамы = триптофан – 0,6 г, метионин-цистин – 2,4 г, лизин – 3,2 г, фенилаланин + тирозин – 3,5 г, гистидин – 1,2 г.

Рационға қосымша 100 мг аскорбин қышқылы, 2 мг ретинол, 15 мг никотин қышқылы, 25 мг метилметионинсульфат хлориді, 150 г нарзан асхана суы.

Жазғы мезгілде мүмкіндігінше тағам рационын капуста, асқабақ, қияр, алма, алмұрт, өрік, жүзім ж.т.б. тағамдармен көбейткен жөн.Бұл рационда көбіне пісірілген, бұға піскен тағамдар падаланылады.

№3 рацион: қоғасынның органикалық және бейорганикалық қосылыстарының әсерімен жанасатын жұмысшыларға арналған.Рационға қосымша 150 мг аскобин қышқылын береді. Бұл рационға сүт және сүт тағамдары кіреді, олар жануарлар белогы мен кальциге бай тағамдар.

№4 рацион. Бұл рационды ұсынудағы негізгі мақсат: бауырдың функционалды мүмкіншілігін және қан түзу аппараты мүмкіншілігін арттыру. Рацион бензолдың нитро және аминқосылыстарымен, хлорланған көмірсулармен, мышьяк қосылыстарымен, сынап, теллур, фосфор қосылыстарымен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған және де жоғары атмосфералық қысым жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған.Рационға қосымша 150 мг аскобин қышқылын береді. Мышьяк, фосфор, қорғасын қосылыстарымен жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша 4 мг тиамин береді. Рационға сүт және сүт тағамдары, өсімдік майы байыр қызметіне қолайлы әсер етуші липотропты факторлар көзі ретінде енеді. Сонымен қатар, майлы тағамдарды, балық, ет, саңырауқұлақтар сорпаларын және де тұздықтар мен құймаларды пайдалану шектелгені жөн.

Рацион №5. Рационның әсері жүйке жүйесі мен бауырдың қызметін қорғауға бағытталған. Бұл рацион тетраэтилқорғасынмен, көмірсулармен, күкіртсутегімен, фосфорорганикалық пестицидтермен, марганец пен барий қосылыстарымен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған. Қосымша 150 мг С витамині және 4 мг В1 витамині беріледі.

Электрокөмір бұйымдары өндірісінің жұмысшыларының кейбір кәсіптеріне апта алмастыра №4 және №3 рационы ұсынылады.

Емдік-профилактикалық тамақтану рационына сипаттама:

профилактикалық тамақтанудың барлық рационы тұз және төздалған өнімдерден және де май мен майлы тағамдардан шектелгені жөн. себебі, олар асқорыту жолдарының токсиндік заттарының сіңірілуіне ықпалын тигізеді.

Бензолмен, хлорланған көмірсутегілермен және мышьяк қосылыстарымен жұмыс істейтін қызметкерлерге сұйықтық көп ішу ұсынылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Санаторияларда, пансионаттарда диеталық тамақтану ерекшеліктері.

2. Кәсіпорындарды медицинамен қамтамасыз ету.

3. Санитарлық-техникалыққондырғыларменжабдықтар.

 

Қолданылған әдебиеттер:

Бренц М.Я. и Сизова Н.П. «Технология приготовления диетических блюд» М.,: Экономика, 1998г

М.С. Маршак. Диетическое питание. М.: Медицина. 2004 г..

Н.И. Губа, Б.Л. Смолянский. Диетическое питание и кулинария в домашних условиях. Днепропетровск, “Січ”. 1992.

Губергирц А.Я.,. Ю.В Линевский. Лечебное питание. Киев. “Выща школа”, 2003 г..

 

ДӘРІС 9

Тамақтану рационындағы миниралды заттарды нормалаудың ғылыми негіздері

Миниралды немесе органикалық емес заттар таптырмайтын және де адам организіміндегі өмірге маңызды үрдістерде қатысады: сүйек құрылуында, қышқылды-сілтілік тепе-теңдікте, қан құрамында, су-тұзды алмасу нормалауында, жүйке жүйесінің жұмысында.

Организмдегі миниралды заттар макроэлементтер, олар айтарлықтай мөлшерде болады, микро – және ультрамикроэлементтер, адам денесінің құрамында аз дозада болады – мыңнан он мың бөлшекті миллиграммдап (йод, фтор, мыс, кобальт және т.б.).

Кальций сүйек құрысылы, тіс, жүйке жүйесінің жақсы жұмыс жасауы, жүрек пен бойдың өсуіне қатысады. Кальций тұзымен сүт өнімдері, жұмыртқа, нан, көкөністер және бұршақтар өте бай. Тәуліктегі организмнің кальций қажеттілігі 0,8 г.

Фосфор ақуыз бен майлар ауысуында, сүйек тінінің құрылуында, орталық жүйке жүйесі жұмысына әсер етеді. Сүт өнімдері, жұмыртұа, ет, балық, нан және бұршақтар құрамында болады. Тәуліктегі организмнің кальций қажеттілігі 1,2 г.

Магний жүйке, бұлшық ет және жүрек жұмысына әсер етеді, қан жолдарын кеңейтетін қасиетке ие. Көптеген көкөністерде, сүтте, ет құрамында кездеседі. Тәуліктегі организмнің кальций қажеттілігі 0,4 г.

Темір қан құрамын жақсартады (гемоглобинге кіргенде) және қышқылдық үрдістерде белсенді қатысуша болып табылады. Ол бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сұлы және қарақұмық жармалары, қарабидай наны мен алма құрамында кездеседі. Тәуліктегі организмнің кальций қажеттілігі 0,018 г.

Калий адам организіміндегі су алмасу үдірісінде қатысады, яғни сұйықтықтың бөлінуін күшейтіп жүрек жұмысын жақсартады. Кептірілген жемістер, бұршақ, үрме бұршақ, картошка, ет және балық құрамында болады. Тәуліктегі организмнің кальций қажеттілігі 5 г.

Натрий калий сияқты су алмасуды реттейді, ылғалдылықты организімде ұстап, тіндегі жақсы остамикалық қысымды ұстап тұрады. Азық-түліктерде натрий өте аз, сондықтан оны ас тұзымен бірге енгізеді. Тәуліктегі организмнің кальций қажеттілігі 6 г.

Хлор тіндегі осматикалық қысымды реттеуде және асқазанда тұз қышқылының түзілуінде қатысады. Ол ас тұзымен бірге организмге түседі. Тәуліктегі организмнің кальций қажеттілігі 5-7 г.

Күкірт кейбір аминқышқылдар, В1 дәрумені, инсулин гормоны құрамына кіреді. Бұршақ, сұлы жармасы, ірімшік,жұмыртқа, ет және балықта болады. Тәуліктегі организмнің кальций қажеттілігі 1 г.

Йод қалқанша бездің құрылуы мен жұмысында қатысады. Көп мөлшердегі йод теңіз суында, теңіз орамжапырағы мен теңіз балықтарында шоғырланған. Фтор тіс пен сүйек қаңқасының құрылуында қатысады, ауыз су құрамында болады. Мыс пен кобальт қан құрылуында маңызды. Жануар және өсімдіктекті өнімдерде аз мөлшерде кездеседі.

Жалпы алғандағы миниралды заттардың тәуліктегі организмге қажеттілігі 20-25 г, жеке элементтер балансын сақтау қажет. Кальций, фосфор мен магний қатынасы 1:1,5:0,5 болуы қажет, бұл минералды заттарды организм қорытуын анықтайды.

Организмде қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті сақтау үшін сілтілі әсерлі миниралды заттар бар азық-түліктерді дұрыс үйлестіру қажет (Ca, Mg, K, Na), оларға сүт, көкөністер, жемістер, картофель бар және де қышқылды әсері бар (P,S, Cl) ет, балық, жұмыртқа, нан, жармаларда.

Тамақтану рационындағы дәрумендерді нормалаудың ғылыми негіздері

Дәрумендер – бұл әртүрлі химиялық табиғи төменмолекулярлы заттар, олар адам организімінде өмірге қажетті үрдістердегі биологиялық реттеуіш ролін атқарады.

Алғашында дәрумендер 180 жылы орыс ғалымы Н. И. Лунин азық-түлік тағамдарында тапты. Ол тәжірибе жасалатын жануарларды табиға және жасанды тағамдармен емізу арқылы өмірге қажетті заттар бар екеніне көзі жетті. Дәрумендер өз атауын латынның «вита» (өмір) және «аминдер» - NH2 химиялық қосындыдан 1911 жылы польшалық ғалым К. Функ ашты. Қазіргі таңда 30-ға жуық дәрумендер түрі ашылған, олардың әрқайсысының атаулары бар және көбісі латын әріптерімен белгіленеді.

Кейбір дәрумендер организмде синтезделмейді және қор болып жиналмайды. Сондықтан, тамақпен бірге енгізілуі қажет (С, В1, Р). Қалған бөлігі организмде синтизделеді (В9, РР, К).

Дәрумендердің тамақтануда жоқтығы авитаминоз ауруына әкеліп соқтырады. Дәрумендерді жетіспеушілікпен тамақтануда гиповитаминозға алып келеді, ол тітіркенушілік, ұйқысыздық, әлсіздік, жұмыс жасау қабілеттілігінің және инфекциялы ауруларға төтеп беруінің төмендетілуіне әкеледі. А және Д дәрумендерді артық мөлшерде тұтыну организмнің улануына әкеледі, оны гипервитаминоз деп айтады.

Дәрумендер барлық тамақтарда кездеседі. Алайда, кейбір тағамдарды олардың тағамдық құндылығын көтеру үшін жасанды дәрумендетіледі: сүт, айран, кілегей майы, кондитерлік бұйымдар және т.б.

Жұмыс істеуге сипатына және жас мөлшеріне байланысты дәрумендерді тұтыну нормалары.

Дәрумендерді тұтыну жас мөлшері, жұмыс жасау сипаты, климаттық белдеу мен денсаулық жағдайларына байланысты. Дәрумендерді тұтыну аяғы ауыр әйелдер мен емізетін әйелдерге өте қажет. Зиянды факторлы өнеркәсіптерде жұмыс жасайтын адамдарға қосымша дәрумендер комплексін қолдану ұсынылады.

Қартайған кезде физикалық белсенділік пен энергияны жұмсау теориялық негізде дәрумендерге деген физиологиялық қажеттілікті бәсеңдетеді. Алайды, бұл жас кезеңіндегі сіңірілудің бұзылуы болғандықтан үлкен ауқымдағы дәрумендері бар поливитаминдер препараттарын қолданған дұрыс, және де жас өспірімдердің тамақтануындағы сирек дефициттегі дәрумендерді де (В12, Е и др.).

Дәрумендердің шектеулі түрдегі қолданылуы оның жетіспеушілігіне және витаминді жетіспеушілікке әкеледі, яғни осы дәрумен қатысатын үрдістердің бұзылуы.

Авитаминоз немесе Адәруменділік – клиникалық белгідегі жетіспеушілік ауруының дәрумендердің терең дефицитінің жағдайы (мырыш, рахит, бери-бери ауруы, пеллагра, пернициоздық анемия).

Гиповитаминоз –дәруменнің бірқалыпты өшірілген дефицит, жетіспеушілік күйге тән емес (аппетиттің жоғалуы, тітіркендірілу, тез шаршау) және бөлек микросимптомдармен (қызыл иектің қанауы, терінің ірінді аурулары, оның құрғауы және қабыршықтануы, шаштың түсуі және т.б.) сипатталады.

Бақылау сұрақтары

1. Тамақтану рационында миниралды заттарды нормалаудың ғылыми негіздері қандай?

2. Тамақтануда майларды нормалаудың ғылыми негіздері қандай?

3. Тамақтану рационында көмірсуларды нормалаудың ғылыми негіздері қандай?

4. Тамақтану рационында ақуыздарды нормалаудың ғылыми негіздері қандай?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 654; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.05 сек.