Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Понятие, структура и основные черты кредитной системы в РФ. 1 страница




3.3

КІРІСПЕ

Агроөнеркәсіп кешені халық шаруашылығының ең басты салаларының бірі болып есептеледі, сондықтан елімізде, әсіресе біздің республикамызда оны әрі қарай дамыту мәселелеріне зор назар аударылып келеді.

Ауылшаруашылық өндірісінің алдында тұрған басты міндеттер болып халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, ал мал шаруашылығына тиісті жем-шөп қорын жасау болып табылады.

Бүгінгі күн талабына сай алда тұрған басты міндеттердің бірі-әр аймақтың климат топырақ ерекшеліктерін еске ала отырып, өндіріске ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің интенсивтік технологиясын және басқа прогрессивтік агротехникалық шараларды енгізу арқылы егіннің шығымдылығын молайту және әр гектар жердің берекесін арттыру. Нарықтық экономика агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарынан ғылыми-техникалық жетілу жетістіктерін енгізу, өндірісті басқару мен шаруашылық формаларының тиімділігі, кәсіпкерлік белсенділігі, ұсыныстары негізінде өндіріс тиімділігін жоғарылатуды талап етеді. Бұл есепті өткізудің басты рөлі шаруашылықтың қызметіне талдау жүргізу болып табылады.

Мұнда талдау өсімдік шаруашылығы өнімін өндірудің талдау мағынасы және есебі. Өсімдік шаруашылығы бойынша өндірістік бағдарламаның орындалуына кезеңдерде келтірілген талдау жүргізбес бұрын шаруашылықтың алғашқы жағдайы талданады, яғни шаруашылықтың тарихы, орналасқан жері, басқару құрылымы.

Екіншіден, шаруашылық оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге әсер ететін немесе оған байланысты көрсеткіштерге талдау жүргізіледі. Талдау нәтижесінде өсімдік шаруашылығы бойынша өнімді өндіру резервтері анықталады.

 

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасудан тұрақтану кезеңіне бет алуы ауыл шаруашылығы саласына да өзіндік әсерін тигізуде. Оған дәлел ретінде, елімізде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы ішкі өнімнің көлеміндегі үлесінің 9,3%-деңгейінде анықталып және 1999 жылдан бастап, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім өндірісінің көлемі жыл сайын орта есеппен 15,4%-ұлғаюын келтіруге болады.

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі қәзіргі кезде тиімді менеджмент жүйесінің қалыптасуын талап етеді. Ауыл шаруашылығын басқару мемлекет тарапынан жүргізілгенімен әлі күнге дейін елімізде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қалыптасып отырған мәселелер (техника мен технологиялар, машиналар мен тракторлардың моральдық және физикалық тозуы, су жеткізіп беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнының қымбаттығы және ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін берілетін несиенің жетіспеушілігі және т.б.) әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.

Елімізде ауыл шаруашылық тауарлары өндірісінің менеджменті төмен, барынша қарама-қайшы және асығыстық жағдайда қалыптасып отыр. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы өнімін тиімді ұйымдастыру мен үйлестіру және бақылау дәрежесі де төменгі деңгейде орын алуда. Осының нәтижесінде елімізде ауыл шаруашылығына жарамды ұлан-байтақ жері бола тұра, отандық өндірушілер өндірген азық- түлік өнімдерінің жетіспеушілігін бастан кешіруде. Осындай жағдайдан арылудың бірден - бір жолы ― ауыл шаруашылығындағы өнім өндірісі менеджментін қалыптастыру және ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арақатынасын теңестіре ұстауда тиімді менеджментті дамытудың ролі аса маңызды екендігін дүние жүзі елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Қәзіргі кезде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекеленген түрлерінің өзіндік құны мен нарықтағы бағаның арақатнасына жасалынған талдау ауыл шаруашылығы шикізатын дайындаудың және сатып алудың тиімді басқару жүйесінің жоқ екендігін көрсетеді; бұл ескірген ұқсату технологиясы мен қатар отандық тауар өнімдерінің бәсекелестік деңгейінің төмендігінің бір факторы болып табылады. Ауыл шаруашылығы саласында отандық өнімдердің бәсекелестік қәбілеттілігін арттыру және әлемдік кластеризация жүйесіне өнімдерді бағыттау үшін, ең алдымен ауыл шаруашылығы өнім өндірісінде менеджментті жетілдіруге назар аудару қажет.

Дипломдық жұмысымның объектісі Алматы облысының ауыл шаруашылығы өндірісі. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылдық аймағында орналасқан «Бастау» өндірістік кооперативінің өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруін талдау тақырыбына және осы кооперативтің экономикалық тиімділігін молайту мәселелеріне арналған.

Міндеті: Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерді ынталандыру механизмдерін анықтау, қалыптастыру.

Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын талдап, оның басым бағыттарын анықтап, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді ынталандырудың механизмдерін жетілдіру. Ауыл шаруашылығын дамытудың нақты шараларын ұсыну.

 

 

1. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМ ӨТКІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ауылшаруашылық өнім өткізудің экономикалық тиімділігінің маңыздылығы

Әлемдік қаржы дағдарысы қазіргі күні көп жағдайды өзгертіп, біраз мәселенің басын ашып берді. Бүгінгі күні кез келген мәселеде орындалатын іс-қимылға басты талап – тиімділік қойылады. Ал тиімділік шаруашылықты ең ың­ғай­лы тәсіл­дер­мен оңтайлы іске асыруды талап етеді. Бүгін тиімділік пен үнемділік алға қойылып отырғанда инновациялық әдістер бірінші орынға шығуда. Нәтижесінде ғылыми негіз­де­меге сүйене отырып өндіріс тех­нологиясы алға жылжып, шы­ғын­дар азаяды.

Экономикалық тиімділігі ауылшаруашылық өндірісінде натуралдық және құндық көрсеткіштер жүйесімен мінезделеді. Натуралды көрсеткіштер мал, ауылшаруашылық өнімділігі мен шығымдылығы.

Құндық көрсеткіштері – жалпы кіріс, таза кіріс және пайда.

Ауылшаруашылық өнім өткізудің экономикалық тиімділігі – ауылшаруашылық саласын дамыту, халыққа ауыл шаруашылық өнімдерін тиімді бағамен ұсыну және шикізат, отын, энергия ресурстарын, еңбек, қаржы ресурстарын үнемді қолдану, жоғарғы тиімділігі аз технологиялық процесстерді қолдану, яғни бір сөзбен айтқанда, экономикалық ресурстарды тиімді пайдалана отырып өнімді өткізу.

Экономикалық ресурстар дегеніміз - өнімдерді өндіру, өткізу үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар мен адамдардың өндіретін ресурстары. Түрліше барлық ресурстарды әртүрлі көзқарасқа сәйкес топтастыруға болады.

Кәсіпорынның маркетингтік ортасы – кәсіпорыннан тысқары жерлерде әрекет етуші, мақсатты клиенттермен ынтымақтастық қатынастар орнату және оны ұстап тұрудағы маркетинг қызметіне басшылық жасаудың мүмкіндіктеріне ықпал етуші белсенді субъектілер мен күштердің жиынтығы.

Қай тауардың болмасын бәсекелік қабілеті оның тұтынушы қызығушылығына ие және осы сұранысты қанағаттандыратын көрсеткіштерінің жиынтығымен анықталады, ал белгіленген шектен шығатын басқа көрсеткіштер бағалауда есепке алынбауы тиіс, яғни өндірушіге әсер ететін көрсеткіштерге тұтынушы мән бере қоймайды. Осылайша тұтынушыны өнімнің жобаланып, өндіріліп, тасымалданып, нарыққа түсуіне дейінгі жағдайлар қызықтырмайды, ал қызығушылық тудыратыны, өнімнің тұтынушылық құрамы. Мысалға, егер басқа барлық сипаттамларды сақтай отырып, өндірушінің өндірістегі материал сиымдылықты, еңбек сиымдылықты төмендетуіне қол жеткізсе, онда бұл өнімді өткізу деңгейі жоғарылайды, бірақ тұтынушы қызығушылығы, өндірістік шығындарды және материалдық шығындарды төмендетумен байланысты өнім бағасы төмендемесе еш өзгеріссіз болады./3/

Өнімді өткізуді бағалауда талданып отырған және бәсекелес өнімнің параметрлерін сатып алушының талаптарының деңгейімен салыстырып, алынған көрсеткштерді салыстыру керек.

Маркетингтік тұрғыдан алғанда қолдану саласында ғана емес сондай-ақ конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тек бір текті өнімдерді слыстыруға болады.

Маркетингтік қызметтегі өнімді өткізу микро және макро орталардан құрылады. Микроорта – клиенттерге қызмет көрсетуі бойынша кәсіпорынның өзіне және оның мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен, яғни жабдықтаушылармен, маркетингтік делдалдармен, клиенттермен және байланыстағы аудиториялармен ұсынылған. Кәсіпорынның табысы көбінесе оның делдалдарының, бәсекелестерінің және түрлі байланыстағы аудиториялардың әрекеттеріне қатысты болады. Кәсіпорынның микроорта шеңберінде әрекет етуші күштер келесі сурет түрінде көрсетілген. Маркетингтің микроортасы – кәсіпорын қызметіне тікелей қатысты болатын маркетингтік күштер. Маркетинг қызметінің жетекшілері маркетингтік жоспарларды жасау кезінде кәсіпорынның өз ішіндегі басқа топтарды ескеруі қажет. Мысалға: жоғары басшылық, қаржы, өндіріс, маркетинг, бухгалтерия бөлімі, т.б.

 

Кәсіпорынның өнімді өткізу ортасы
Жабдық-таушылар
Маркетингтік делдалдар
Байланыс аудиториялары
Кәсіпорын
Бәсекелестер
Клиенттер
Микроорта

 

1-сурет – өнімді өткізудің микроорта факторлары.

 

Осы микроорта факторларының ішінде ерекше орынды тұтынушыларға беруге болады. Себебі тұтынушы осы кәсіпорынның бәсекеге қабілетті болуына көмектесетін басты фактор. Оларды зерттеу арқылы кәсіпорын олардың қажеттіліктері мен қалауын, тауарлар мен сату көлеміне деген сұранысты біле отырып, олардың көңілінен шығатын тауарларды өндіруге бар күштерін салады. Тұтынушылардың елеулі өзгерістері байқалған жағдайда, кәсіпорындағы маркетингтік бағдарламаға толықтырулар мен түзетулер енгізілуі қажет.

Тұтынушылар арасында тауарлардың қозғалуына, өткізуіне және бөлінуіне компанияларға көмектесуші ұйымдар – маркетингтік делдалдар көмектеседі. Тиімді сауда делдалдарын таңдай білу компания тауарын өткізуде өте маңызды. Осы тұтынушылардың өнімді пайдалану дәрежесіне қарай кәсіпорын бәсеке қабілеттілікке қол жеткізеді. Кез-келген кәсіпорын көптеген бәсекелестермен бетпе-бет келеді. Бәсекелестерді анықтаудың ең жақсы тәсілі – тұтынушылардың тауарларды сатып алу туралы шешімді қалай қабылдайтындығын зерттеу керек. Бәсекеге жетудің тағы бір тәсілі – тиімді жабдықтаушыларды таңдай білу. Кәсіпорын және оның жабдықтаушылары мен делдалдары, бәсекелестері неғұрлым кең ауқымды макроортада әрекет етеді. Макроорта – неғұрлым кең шеңбердегі күштер арқылы берілген. Ол кәсіпорынды қоршап тұратын және оның қалыптасуына әсер ететін факторлардан тұрады. Бұл ортаны сипаттайтын факторлар келесі суретте келтірілген.

 

Кәсіпорынның өнімді өткізу ортасы
Макроорта
Демогра-фиялық факторлар
Экономи-калық факторлар
Әлеуметтік-мәденифакторлар  
Табиғи Факторлар  
Ғылыми-техникалықфакторлар
Саяси факторлар

/4/

2- сурет – өнімді өткізудің макроорта факторлары.

 

Суреттегі түсініктерге қысқаша тоқталатын болсақ, алғашқысы демографиялық фактор, яғни халықтың саны, орналасу тығыздығы тұрғысынан зерттейтін ғылым. Бұл ортаның зерттелуі бүкіл дүние жүзі біртұтас әлемдік нарыққа айнала бастауымен түсіндіріледі. Маркетингпен айналысатын маман үшін демографиялық орта үлкен қызығушылық тудырады, өйткені нарықтың өзі адамдардан тұрады. Нарықтың үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу мақсатында өнімді өткізудің макроорта факторларын әрдайым бақылап отыруы қажет. Өнімді өткізу саясаты кәсіпорын қызметіндегі тауар ассортиментін қалыптастыруды, олардың жаңа түрлерін шығаруды, олардың сапасының жоғары болуы мен бәсеке қабілеттілігін, өмірлік кезеңін талдауды, тауар белгілерін, қораптамасын, маркіленуін, және де сервистік қызмет көрсетуін талап ететін көп факторлы қызмет аясы.

Өнімді өткізу стратегиясы – бұл кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына жету құралы, ол ресурстық мүмкіншіліктері мен нарық конъюнктурасының жағдайына сәйкес тауар өндірісінің ұзақ мерзімді болашағындағы даму бағытын анықтайды.

Осындай түсініктермен қатар құрамына кәсіпорын шығаратын нақты тауар түрін ұйымдастыратын, оның сапасын, функцияларын, сыртқы түрін, маркіленуін, қораптамасын және қызмет көрсетуі кіретін өнім саясаты түсінігі бар.

Егер өнім сапасы оның компоненттерінің физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты болса, сыртқы түріне геометриялық фигуралар мен түстер комбинациясынан тұратын форма әсер етеді.

Дизайн – бұл белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруға арналған өнім функциясы мен сыртқы түрін сипаттайды. Дұрыс жасалған дизайн инновациялылықтың факторы бола отырып, бұйымның тартымдылығы мен эстетикалылығын көтереді. Бұл әрине шығындарды азайтып өткізу көлемін көбейтуге ықпал етеді.

Кәсіпорынның маркетинг қызметінің басты құрама бөлігі, өнімді өткізу саясатының тағы бір көрсеткіші – тауардың өмірлік циклі, бұл тауардың нарықта болу уақыты. Тауардың өмірлік циклі концепциясын американдық ғалым Теодор Левитт 1965 жылы жасаған. Оның айтуынша әр тауардың нарықта нақты кезеңдердің ауысуын сипаттайтын өзіндік өмірлік циклі болады және ол ерте ме, кеш пе жетілген немесе қымбат емес тауарлардың нарыққа келуінен ығысады. Ол өнімге деген сұранысты фирма табысын тауар ассортиментін, нарық сегментін, бәсекелестердің іс қимылын және әр кезеңдегі стратегиялық маркетингті зерттеуге мүмкіндік береді.

Тауардың өмірлік циклі концепциясы тауар түріне, типіне қатысты, сондай ақ сауда маркасына қарай қолданылуы мүмкін./7/

Тауар типі, әдетте тауар түрі мен сауда маркасына қарағанда дәстүрлі өмірлік циклде нақтырақ өтеді. Тауардың өмірлік циклі ең алғаш маркалы тауарлар мысалында зерттелген. Оның кезеңдеріндегі өзгерістер сәннің, дәмнің, стильдің, техникалық прогрестің әсер етуінен көрінеді. Тәуелді өзгермелі үлгілер өткізу көлемі, пайда немесе фирманың басқа да көрсеткіштері, тек жалғыз ғана тәуелсіз өзгермелі нәрсе ол – уақыт. Осы көрсеткіштердің дамуы уақытқа сай нақты үлгімен өтеді.

Тауардың өмірлік циклі құрылымы бірнеше фазалармен суреттеледі. Олардың саны әр авторларда әр түрлі 4 пен 6 арасында ауытқиды.

Тауардың өмірлік циклі әдетте 4 кезеңге бөлінеді: енгізу (нарыққа шығару), өсу, кемелдену, құлдырау немесе құлау. Жеке фирмалар үшін олар нақты мақсаттарына, ресурстарына, маркетинг жоспарына, бәсекелік ортасына, табыс деңгейіне және енгізу кезеңіне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Әр түрлі тауардың өмірлік циклі әр кезеңінде әртүрлі ұзақтықта болады: бірнеше күннен бірнеше жылға дейін.

Тауардың өмірлік циклі кезеңдері қажеттілік пен сұраныс шамасы; тұрғындардың өмірлік деңгейі (ол жоғары болған сайын тауарды жиі ауыстыру тенденциясы да жоғары), ҒТП–ң даму қарқыны, нарық конъюнктурасы сияқты факторларға

байланысты сараланады. Төмендегідей тұжырымдар анықталған: тауардың өмірлік циклі әр кезеңінде экономикалық және бәсекелік орта өзгеріп отырады:

әр кезең үшін басымды стратегиялық мақсаттарды анықтайды;

әр кезеңде шығындар мен пайда құрылымы әрқалай;

маркетингтік бағдарлама әр кезеңге бағытталуы керек.

Өнімді өткізудің міндеті – нарықтағы тауар өмірі ұзақтығын ұтымды түрде ұзарту, алайда ҒТП дамуы тауардың жылдам «ескіруіне» әкеп соғады. Тауардың өмірлік циклі кезеңіне табыс көлемі, инвестиция, маркетингке кеткен шығындар, бәсеке қабілеттілік деңгейі, тауар бағасы, тұтынушылар мінез құлқы тәуелді болады.

Тауардың нарыққа шығуы және ену кезеңі. Кезең мақсаты – тауарға нарық қалыптастыру. Ол анықталмағандықтың жоғары деңгейімен анықталады. Себебі, технология әлі даму сатысында, нарыққа нашар анықталған өндірістік күштер жұмылдырылмаған, тауарды шығару аз партиямен жүзеге асады және нәтижесінде үлкен шығындарға ұшырайды.

Арнаның өткізу қызметтерін тек өндірушілер де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер, жүйелер және өткізу нысандары деген құрамдастарын бөліп атайды./9/

Нарықтық экономиканың негізгі шегі – шаруашылықтарда айналым қорларының жетіспеушілігі. Осы мақсатта шаруашылықтарда өндіріс қажет ететіндей мөлшерде өндірісте қосалқы қорлар жасаған дұрыс. Олардың материалдық артық қоры болмағаны жөн.

Жұмыс күші – адамның табиғи және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның еңбекке деген қабілеттілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында «еңбекке қабілеттілігі» жұмыс күшін тауарға айналдырады. Жақсы іріктеліп алынған шаруашылықтың еңбек ұжымы – кәсіпкерліктің негізгі міндеттерінің бірі.

Бұл шаруашылық басшылығының түпкі ойын ұғыну, түсіну және оларды іске асыруға қабілетті пікірлес және серіктес ұжым болуы тиіс. Бұл кәсіпкерлік қызметінің табысына және шаруашылықтың өркендеуіне кепілдік береді.

Адам факторының ықпалы шаруашылық жұмысының икемділігін арттырудағы негізгі аспектілеріне мыналар жатады: кадрларды іріктеу және жылжыту, кадрлар дайындау және үздіксіз оқыту; қызметкер құрамының тұрақтылығы және икемділігі; қызметкерлер еңбегін материалдық бағалылығын жетілдіру.

Нарық жағдайында шаруашылықтарда еңбек ресурстарына деген көзқарастар өзгереді. Жұмыскер өндіріс процесінде бір ғана факторына емес, ал шаруашылық басшылығы тарапынан түпкілікті қамқорлықтың мақсаты мен көзіне айналып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі өтпелі кезеңді бастап кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарығына кері әсерін тигізуде.

Еңбек нарқының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салаларды және аймақ бойынша болудың тепе-теңдік үлесімділігіне жету.

Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні тиімділігі төмен шаруашылықтардың бағытын өзгерту, немесе мүлдем тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың кешуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік- экономикалық процесстер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігін жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.

 

 

1.2 Ауылшаруашылық өнім өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру негіздері және оның тиімділік көрсеткіштері

Өнімнің өткізілу қабілетін бағалау, бүгінгі күні, өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де маңызды. Cебебі, шығарылған өнімдердің өткізу нарығында бәсекелес өнімдерден артықшылығын немесе кемшілігін анықтау, сол арқылы өндірістік стратегиясын белгілеу - өндірушіге, сатып алатын өнімнің осы тектес өнімдерден құндылығын айқындау, сол өнімнің мейлінше тиімділігін бағалау – тұтынушыға қажет.

Бүгінгі таңда өнімнің өткізудің көптеген әдістемелері мен оларды жүргізу жолдары бар. Олардың бірқатары өнімді бәсекелес өнімдердің жалпы сипатымен салыстырып талдауға негізделсе, тағы бір тобы индекстік әдіспен бағаланады. Мұндай бағалаулардың негізі болып зерттелетін өнімнің сапалық және құндылық көрсеткіштерін тұтынушы талаптарымен салыстыру саналады. Алайда, тұтынушының талаптары туралы мәлімет алудың біршама қиындығына орай, өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау базалық өніммен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұл үшін нарыққа ұсынылған ұқсас өнімдердің ішінен өтімділігі жоғары, тұтынушылық қасиеттері сенім туғызатын және беделді өндірушінің тауары таңдап алынады. Осы үлгілі өнімнің көрсеткіштеріне салыстырмалы өнім көрсеткіштерінің сәйкестілігі немесе сәйкессіздігі өнімді өткізу деңгейін анықтайды.

Эксперттік әдістемені қолданудың көптеген тиімділіктері бар. Ең алдымен, ол – өнімді бағалау кезінде оның негізгі сипаттарын анықтаудың әр алуандығы. Екіншіден, өнімнің қасиеттерін сипаттайтын бағалаушыларды қарапайым тұтынушыдан, білікті маманға дейін тарту мүмкіндігі. Үшіншіден, өнімнің бәсекелік қабілетін нарықтың әр аймақтарында бағалау арқылы, оның сол өңірдегі нақты деңгейін анықтауға қолайлылығы. Алайда, бұл әдіспен өнімнің бәсекелік қабілетін бағалағанда, сарапшыларды таңдау мұқияттылықты қажет етеді. Өйткені, таңдалған әрбір сарапшы алынатын соңғы нәтиженің сапасына белгілі бір деңгейде ықпал етіп отырады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 93; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.04 сек.