Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Понятие, структура и основные черты кредитной системы в РФ. 4 страница




Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласыауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығыең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркəсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, əлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, əлем нарығында бəсекелестікке қабілетті агроөнеркəсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының əлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003- 2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сəйкес, агроөнеркəсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың əлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер əкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан əлдеқайда үлкен нəрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, əлеуметтік əрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегенімізсайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мəдениетіміздің, дəстүріміздің, əдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тəжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөндеп түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық- түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс жəне оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нəтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы жəне ауылдың əлеуметтік жағдайын көтеру мəселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды. Соңғы жылдары осы сала бойынша, қол жеткізген ең үлкен жетістік ретінде агроөнеркəсіптік кешеннің дамуының тұрақты арнаға түскендігін айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде осы салаға қатысты Жер, Орман, Су кодекстері, астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті сақтандыру туралы заңда, көптеген заң аясындағы актілер, сондай-ақ жоғарыдағы сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан тыс Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың негізіндегі жаңа ережесіжерге меншіктік құқықтың болуы аса маңызды болып табылады. Сондықтан, жер кодексінің мəні, сол заң арқылы ауылдың əлеуметтік экономикалық жағдайына əсерін айқындайды. Қазіргі кездегі Қазақстаның аумағындағы жер қатынастарының даму тарихыбұл өте күрделі əрі қызықты да тақырып. Реформалау процесінде қалыптасқан жерде меншік пен шаруашылық жүргізу түрлерін талдау мен жер қатынастарын жетілдіру мəселелерінің маңыздылығы сөзсіз. Аталған мəселе бойынша іс жүзінде əлі де толығымен зерттелмеген деуге болады, алайда, бұл тақырып, көптеген ғалымдарды, саясаткерлердің ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дəлел ретінде, бірақтар жазбаша қайнар көздерді, археология мен тарихи мəліметтерді айтуға болады. Қазақстанда феодалдық жер қатынастарын дамуын көптеген қазақстандық жəне шетелдік ғалымдары зерттеген. Жер қатынастарында мемлекеттік бақылау жерді пайдалану мен қорғау саласындағы жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ететін нормативті құжат бұл «Жер кодексі» заңы. Жерді құқықтық қорғау мен сақтау саласындағы жер құқық қатынастары қиын да əрі өзекті мəселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында аграрлық қатынастардың нарыққа бейімделуін қамтамасыз ететін оның даму мəселелерін, осы ауыл шаруашылығы саласындағы терең өзгерістерді тарихи ғылыми талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты, зерттеу жұмысының міндеттері төмендегі мəселелерді қамтиды.

1985-1990 жылдар аралығындағы республика ауыл шаруашылығының алдына тұрған проблемалар жəне оларды шешу жолдарын көрсету. Республикада осы жылдар аралығында жүргізілген Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатының шынайы бағыт- бағдарын, мəні мен сипатын жəне қайшылықтары мен зардаптарын айқындай түсу. Кеңес өкіметінің аграрлық салада жүргізген саясатының мəнін ашып, тəжірбиесін ой-елегінен өткізе отырып, ауыл шаруашылығының жағдайын сапалық жағынан жоғарғы деңгейге жеткізе алмауының себептерін ашып көрсету. Аграрлық қатынастардың даму кезеңдері мен жаңа əлеуметтік экономикалық мазмұнын айқындау. Орталықсыздандыру саясаты мен ауылдың аймақтарға жасаған ықпалын көрсету. 1985-2006 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар мен ауылдың əлеуметтік экономикалық дамуы көрсеткіштері нақты статистикалық мəліметтер негізінде зерттеу. Ауыл шаруашылығы саласындағы жекешелендіру процесі жəне оның нəтижелерін көрсету. Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, аграрлық қатынастардың жаңа əлеуметтік-экономикалық мазмұнын айқындау. Нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастарды жетілдіру бағыттарын қарастыру.Қазақстанда «Ауыл жылдары» кезінде жүргізілген аграрлық реформаның проблемаларына талдау жасау. Өтпелі кезеңге сəйкес келетін жер қатынастарының даму процессінің ерекшелігін қарастыру. Ауылдың жағдайын, ондағы əлеуметтік-экономикалық мəселелерді қарастыру. Қазақстандағы аграрлық қатынастардың даму кезеңдері мен жаңа əлеуметтік мазмұнын айқындалды, аграрлық өндірісіндегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, аграрлық саясат бағыттарына талдау жасалған. Өтпелі кезеңге сəйкес келетін жер қатынастарының даму процессінің ерекшелігі қарастырылған. Проблеманы зерттеу барысында соңғы кезге дейін ғылыми айналымға енбеген мұрағат қорларының деректері негізінде ауыл шаруашылық жағдайының мəні мен принциптері жан-жақты зерттелген. Ауылдың жағдайы, ондағы əлеуметтік мəселелері қарастырылған. Агроөнеркəсіп мемлекет иелігіне «алу» мен «жекешелендіру» колхоздар өміріндегі алғы шарттары мен қиыншылықтары, колхоз өндірісін басқарудағы орталықсыздандыру саясаты мен оның мазмұнының біртіндеп өзгеруі көрсетілген. Аграрлық саладағы дағдарыс себептері қарастырылып, нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында ауыл шаруашылығының проблемаларын одан əрі теориялық негізі талданған. Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылған реформалардың кемшілігін, өтпелі кезеңннің объективті заңдылықтарын, ең алдымен оның тарихи сипаты жан-жақты сипатталған. Аграрлық қатынастарға кешенді, жан-жақты анықтама беру арқылы кейбір теориялық жəне методологиялық тұжырымдама жасалға

Саланың негізгі көрсеткіштері.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі2014 жылғы2527,9млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артық (соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің шығарылымы 1327,9 млрд. теңгені, мал шаруашылығы өнімі – 1189,6 млрд. теңгені құрады).

Өсімдік шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 98,5%-ды, мал шаруашылығы өнімі - 103,9%-ды құрады.

Егіс алаңының құрылымы2014 жылы барлық ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары шамамен 21,2 млн. га құрады (2013 жылдың деңгейінде). Дәнді дақылдардың егіс алқаптары 15,2 млн. га құрады, оның ішінде бидай - 12,4 млн. га. Майлы дақылдар 2,3 млн. га, мақта – 127,5 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары – 414,3 мың га, малазықтық дақылдар – 3,1 млн. га алқапта орналастырылды.

Бұл ретте 2014 жылы жалпы республика бойынша картоп пен қант қызылшасын қоспағанда барлық дақылдар бойынша егіс алқаптарының құрылымдарын әртараптандыру бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігімен облыс әкімдіктерінің арасында жасалған меморандумдардың индикативті көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Бидайдың алқабы «ең жоғарғы» 2009 жылмен салыстырғанда 2,4 млн. га қысқарды. Қабылданған шаралар бидайға деген сұраныс пен ұсынысты теңдестіруге, баға демпингінің туындауы шарттарын болдырмауға, ауыспалы егісті жақсартуға және жемазықтық дәнді, майлы, жарма және көкөніс-бақша дақылдарының алқаптарын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Мал шаруашылығы 2015 жылғы 1-қаңтарда ҚР ҰЭМ статистика жөніндегі комитетінің мәліметтеріне қарағанда республика аумағында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда шаруашылықтың барлық категориясында жылқы малының саны 8.6%-ға артып, 1937.9 мың басты. ірі қара мал саны 3.1%-ға өсіп, 6032.7 мың басты; қой мен ешкі 2%-ға, 17,9 млн. басты, түйе 3,1%-ға 165,9 мың бас, құс 2,5%-ға 35,0 млн. басты құрады. Шошқалардың саны 4,1%-ға қысқарып 884,7 мың басты құрады.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында сәйкесінше 2013 жылмен салыстырғанда ет өнімі өндірісі (соғымдық салмақта) 3,4%-ға артып, 900,2 мың тоннаны, сәйкесінше сиыр сүті 2,8%-ға артып, 5067,9 мың тоннаны, тауық жұмыртқалары 10,1%-ға артып 4291,2 млн. дананы құрады.

Сонымен қатар оң өсім шаруа қожалығын қоса отырып,барлық агроқалыптасуларда байқалады. Осылайша мал және құстың саны 2011 жылмен салыстырғанда 5,6 %-дан 6,2%-ға, мал шаруашылығы өндірісі 2%-дан 15,8%-ға артты.

2.2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ

Республика көлемінде ауыл шаруашылығы саласында облыс мүйізді ірі қара, жылқы және құс бастары санынан, жүгері, қант қызылшасын, соя, табак, картоп және көкөніс өсіруде, ет, жұмыртқа және жүн өндіру бойынша бірінші орын алады.

2010 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өндіріс көлемі 227,8 млрд. теңгені құрады және соңғы бес жыл ішінде 2,2 есеге артты.

Алматы облысы жеміс-жидек өндіру бойынша ең ірі өңір болып табылады. Жеміс беретін жеміс-жидек ағаштарының егістік көлемі облыста 17,5 мың гектарды, жүзімдіктер - 4,4 мың гектарды құрады

 

2.1 кесте - Негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер

 

ЖІӨ(2015 жылғы млн, теңге) 2 084 528,4
ЖІӨ (2015 жылғы %) 104,1
Халық саны (2016 жылғы наурыз соңына) мың адам 1 952,2
Жұмыссыздық деңгейі (2015 жылғы %) 4,8
Орташа айлықжалақы (2016 жылғы қаңтар-наурызға, теңге) 99 237
Инфляция: (2016 жылғымамыр 2016 жылғысәуірге, %)   100,5
(2016 жылғымамыр 2016 жылғысәуірге %) 103,7

 

Алматы облысында аймақтық жалпы ішкі өнім көлемі 2 трлнтеңгеден асты. Ал экономиканың өсімдеңгейі 6% шамасында болды.

 

 

2.2 - кесте. Экономикалық салалардың өсу қарқыны (Нақты көлем индексі, 2016 - 2015 жыл)

Өнеркәсіп 101,0
Ауыл шаруашылығы 104,2
Инвестициялар 105,2
Сауда 98,6
Көлік (жүк тасымалы) 100,6
Байланыс 90,4

 

Алматы облысы аграрлық аймақ болғандықтан, мұнда егіншілік пен мал шарушылығының орны бөлек. Әр сала мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдіктерін пайдаланып, дамып келеді. Өткен жылы ауылшаруашылық өндірісінің жалпы көлемі 382 млрд теңгеге жетті.

2.3 кесте- Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымы

    Жалпы шығарылым одан
өсімдік шаруашылығы өнімдері мал шаруашылығы өнімдері
Алматы облысы 75 836,9* 3 318,9 72 502,1
Ақсу 2 420,4 5,0 2 415,0
Алакөл 3 118,1 - 3 117,7
Балқаш 2 857,6 - 2 855,3
Енбекшіқазақ 10 392,1 1 948,5 8 441,5
Ескелді 2 233,7 - 2 233,1
Жамбыл 4 212,8 170,0 4 042,7
Іле 13 155,5 91,6 13 062,9
Қарасай 7 348,1 315,3 7 032,5
Қаратал 1 752,9 20,6 1 732,1
Кербұлақ 3 228,2 - 3 228,2
Көксу 1 785,2 13,6 1 771,2
Панфилов 3 545,6 15,6 3 529,8
Райымбек 5 649,2 - 5 649,1
Сарқан 2 673,6 33,8 2 637,6
Талғар 5 179,0 71,0 5 106,1
Ұйғыр 2 401,1 12,3 2 388,7
Қапшағай қ. 1 190,9 511,1 678,8
Талдықорған қ.ә. 2 323,8 12,3 2 308,9
Текелі қ.ә. 369,1 98,2 270,9

2.4 кесте – Алматы облысы ауыл шаруашылығындағы ғимараттар саны

  саны, бірлік алаңы, шаршы метр сыйымдылығы, тонна құны, мың теңге
Өсімдік шаруашылығындағы құрылыстардың және ғимараттар нақты бар   1 089 322 493 326     220805,5
соныңішінде:        
дән-тұқымқоймасы (жемдікдақылдардықоса)   3 244 917 435 427 1 557 927,0
көкөнісқоймасы   52 363 37 746 789 928,9
тамыр-жемісқоймасы (малазығыүшін)   1 557   4 960,0
жемісқоймасы   25 898 4 270 741 603,4
минералдықтыңайтқыштар, сақтайтынқоймалар   13 212 15 603 14 520,9
көкөнісөсіругеарналғанжылыжайлар   208 781 - 2 564 051,0
гүлөсіругеарналғанжылыжайлар   100 896 - 1 191 841,0
Мал шаруашылығындағығимараттар   1 563 362 14 165 325 14 529 933
соныңішінде:        
іріқара мал ұстайтынқора-қопсылар   429 985 93 284 3 477 539
шошқаұстайтынқора-қопсылар   92 644 75 840 986 521
қойұстайтынқора-қопсылар   171 347 195 330 198 803
жылқыұстайтынқора-қопсылар   40 518 10 381 76 442
түйеұстайтынқора-қопсылар   16 953 7 400 30 537
құсұстайтынжайлар (құсфабрикаларынанбасқа)   1 168 24 400 5 480
құсфабрикасы   646 888 13 758 690 9 296 206
Ауылшаруашылығытехникасынжөндеушеберханалары   146 809 - 277 604,7
соныңішінде:        
жөндеушеберханалары   92 691 - 230 055,3
техникалыққызметкөрсететінтұрақтыпункттер   54 118 - 47 549,4

 

 

2.5 кесте - Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының анықталған егістік және жиналған көлемі

  Анықталған егіс көлемі Жалпы жиналған егіс көлемі
2015ж. 2015ж. 2014ж. %-бен 2015ж. 2015ж. 2014ж. %-бен
Жалпыалқап 926 243,7 100,6 1 492 792,2 101,3
Дәнділербұршақтыларжәнемайлыдақылдар 600 171,4 100,5 599 733,4 100,9
одан:        
Дәнділер (күріштіқоспағанда) жәнебұршақтыдақылдар 438 639,1 101,3 438 511,1 101,6
одан:        
Бидай 140 452,7 87,0 140 452,7 87,0
Жүгері 72 009,3 103,7 71 911,3 103,5
Арпа, қарабидайжәнесұлы 225 495,1 111,9 225 465,1 112,6
Майлыдақылдар 161 532,4 98,6 161 222,4 99,0
Күріш 10 553,0 74,4 10 553,0 74,4
Дәнді (күріштіқосқанда) жәнебұршақтыдақылдар 449 192,0 100,4 449 064,0 100,7
Көкөністержәнебақшадақылдары, тамыржемістілержәнетүйнекжемістілер 79 035,6 105,1 78 983,4 105,0
одан:        
Ашықтопырақтаөсірілгенкөкөністер 31 647,6 99,3 31 645,8 99,3
Бақшадақылдар 4 636,4 101,2 4 636,0 101,2
Картоп 38 948,6 101,6 38 929,6 101,6
Қантқызылшасы 3 803,0 868,1 3 772,0 861,0
Мал азықтықдақылдар 236 483,8 100,8 803 192,4 101,7
одан:        
Азықтықжүгері 8 679,0 110,6 8 679,0 110,6
Жүзім 4 736,4 99,9 4 519,1 96,0

2015 жылы қазіршімен салыстырғанда, дәнді дақылдардың егістік көлемі 4,2% - қысқарады, мұның есесіне малазығындық дақылдар 28,8% - ға, көкөніс – 36,8%-ға, майлық дақылдар – 35,1%-ға көбейеді. Дәнді дақылдар егістігін бөлек алып қарасақ, бұлардың арасында дәнді бұршақтылар, дәндік жүгері және қара бидай егістіктерінің 2-2,2 есеге дейін өсетінін атап өткеніміз жөн. Техникалық жіне майлық дақылдар бойынша келешек жылдары қант қызылшасы мен рапс егістігінің көлемін арттыруға баса назар аударылады.

Бұл-бірінші, екінші құрылымдық өзгерістер. Дәнді дақылдардың үлесі қазіргі 81,4%-дың орнына 2015 ж. 75,9%-ға келтіріледі, яғни 5,5%-ға төмендейді, оның ішінде бидайдың тиісінше, 67,7% және 60,6%.

Келешек егістік жерлердің 6,7%-ы техникалық дақылдардың, 5,4%-ы майлық дақылдардың үлесіне тиесілі. Малазығындық дақылдар қазіргі кезде барлық егістіктің 12,3%-ын алып жатыр, келешекте бұлар үлесі 15,5%-ға тең алқаптарға орналастырылады

 

2.6 кесте - Өсімдік шаруашылығы өткізілген өнім құны

  Өткізілген өнімнің1 центнерінің құны, теңге Өткізілген өнімнің 1 центнерінің өзіндік құны, теңге Өндірілген өнімнің 1 центнеріне жұмсалған шығын, теңге
Дәндібұршақ дақылдары және майлы тұқымдар 3 244 2 623  
Дәндіжәнебұршақдақылдары 2 545 2 209  
бидай 2 490 2 128  
жүгері 2 828 2 481  
арпа 2 177 1 893  
сұлы 2 447 1 810  
кептірілгенбұршақтыкөкөністер 2 447 1 810  
Майлыдақылдар 6 688 4 667  
күнбағыстұқымдары 3 683 2 830  
Күріш 3 084 3 373  
Дәндіжәнебұршақдақылдары 2 589 2 305  
Көкөністержәнебақшадақылдары, 3 840 3 114  
Көкөністер 4 598 3 784  
Бақшадақылдары 1 270 1 129  
Картоп 3 275 2 614  
Қантқызылшасы 2 011 1 089  
Азықтықдақылдар 1 079    
Жүзім 10 246 5 200  

2.7 кесте - Өңірлер бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өткізу нәтижелері




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 74; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.054 сек.