Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Понятие, структура и основные черты кредитной системы в РФ. 2 страница




Өнімді өткізу көрсеткіштерін есептеуде оның сапасы мен бағасын бейнелейтін жекелей, топтық және интегралдық индекстерді қолданады. Көп жағдайда қолданылатын бұл индекстердің ерекшелігі, жоғарыда аталған әдістер сияқты, бағаланатын өнімнің әрбір көрсеткіштерін үлгілі өнім көрсеткіштерімен салыстыруында. Яғни, белгілі бір өнімнің артықшылығын төмендегі формуламен бейнелеуге болады:

Q = R/S (1)

мұндағы Q – өнімді өткізу деңгейі;

R – тиімділігі (өнімнің сапасы)

S – өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығындар.

Интегралдық әдісті есептеу жеке және топтық индекстердің жиынтық шамасымен жүргізіледі. Жеке және топтық индекстер сапалық және құндық көрсеткіштерге бөлек есептеледі және соңында біріктіріледі.

Өнімді өткізудегі сапалық көрсеткіштің жиынтық индекстері мына формуламен есептеледі:

Ik = ∑ qi ai , (2)

мұндағы Ik - сапаның топтық индексі

qi – сапаның i – параметрі бойынша жекелей индексі;

ai жалпы құрамда i – параметрінің салмағы.

Алынған топтық индекс өнімді өткізудегі қарастырылатын өнімге

сапалық қасиеті жағынан сәйкестігін көрсетеді. Алайда, сапа тұтынушы үшін өнімнің құндылығын толық көрсете алмайды. Сондықтан құндық негізде өнімнің экономикалық параметрлері есептеледі. Тұтыну құны индексімен бейнеленетін талданатын өнім мен базалық өнімнің бағадағы айырмашылығы олардың бағалық бәсекелік қабілетін көрсетеді.

Тұтыну құны тауарды сатып алуға және жеткізуге (өткізуге) кеткен шығындармен өлшенеді. Бұл көрсеткіш формула түрінде былайша бейнеленеді:

Іэ = ЦП / ЦПб = ∑ Ij fj , (3)

мұндағы ЦП,ЦПб бағаланатын өнім мен базалық өнімнің тұтыну құндары;

Ij, fj - бағаланатын өнім мен базалық өнімнің тұтыну құнындағы

j – түрінің шығыны.

Сапалық және құндық көрсеткіштердің топтық индекстері негізінде, бағаланатын өнімнің базалық өніммен салыстырғандағы бәсекелік қабілетінің интегралдық көрсеткіші төмендегі формуламен есептеледі:

К = Ik / Іэ, (4)

бұл көрсеткіштердің негізгі мәні салыстырмалы өнімдердің арасындағы тұтынушылық тиімділікті бейнелеу. Сапалық және құндық индекстер арасындағы өзгешелік өнімнің бәсекелік қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ik шамасы өскен сайын өнімнің бәсекелік қабілет көрсеткіші де арта түседі, ал І э көрсеткішінің мәні артқан сайын Ккөрсеткіші төмендейді. Егер алынған мәліметтер нәтижесінде көрсеткіші К<1 болса, онда бағаланған өнімнің базалық өнімге қарағанда бәсекелік қабілеті төмендеу болады. Ал К>1 болса, онда бағаланған өнімді өткізу деңгейі жоғары. К=1 жағдайда өнімдердің өткізілу деңгейлері бірдей.

Өнімді өткізу деңгейін анықтайтын өзіндік ерекшелігі бар келесі бір әдістеме – тұтынушыларға сұрау жүргізу арқылы жүргізілетін әлеуметтік әдіс. Бұл әдіс анкеталық сауал бойынша, өтімі көп өнімді анықтау нәтижесінде тиісті шараларды қабылдауға жағдай жасайды. Көптеген әдістердің ішінде бұл әдіс ең қарапайым және шығыны төмен болып есептеледі./10/

Негізінен, өнімді өткізу көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгеріп отыратынын ескерсек, онда аталған әдіспен оның деңгейін жиі – жиі бағалауға болады. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы, ол өнімнің тартымдылық қасиеті, оған өнімнің сыртқы келбеті, қорабының ыңғайлылығы, сауда белгісі және өнімнің танымалдылығы жатады. Кәсіпорын жұмысының тұтынушылардың талаптарына сай өнім өндіруге негізделуі оның өткізудегі тұрақтылығының жоғарылауына кепіл болады. Өнімнің сапалық және тартымдылық қасиеттерін балдық жүйе бойынша анықтау тұтынушылардың берген балдық бағаларын (ең төменгісі 1 балдан, ең жоғарғысы 10 балға дейін) топтастыру арқылы орташа мән алынады және маңыздылық коэффициенттері белгіленеді.

Бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бәсекелік қабілетінің бірден – бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Ішкі нарықтағы өнімдерінің бәсекелік ортасы, сондай – ақ, сыртқы тасымалдаушылардың бәсекелік ортаға әсері өндірушілерді баға саясатын дұрыс жүргізуге итермелейді. Аталған әдіс өнімдерді өткізу көлемін анықтауға кең мүмкіндік береді. Өнімнің сапасы мен тартымдылық қасиеттері, оның бағасына шаққандағы құны тұтынушы үшін сатып алатын өнімнің қаншалықты тиімді болатынын көрсетеді. Себебі кез – келген тұтынушы үшін өнімнің тұтынушылық құндылығы сол өнімнің белгілі бір қасиеттері үшін төлеуге болатын шекті бағасымен сипатталады.

Сипатталатын белгілерінің құрамы мен құрылымын анықтаудың негізгі бағыттары, өнімді өткізу деңгейін бағалайтын көрсеткіштер классификациясынан көрініс табады.

Мөлшерленуіне қарай натуралды бірліктермен (килограмм, метр, балл, көлемі шектеусіз), сондай-ақ бағалық бірліктермен сипатталалды.

Өнімді өткізу деңгейінің бағалануына байланысты – базалық және қатысты көсеткіштер.

Анықталу кезеңіне байланысты – болжамды, жобалық, өндірістік, эксплуатациялық көрсеткіштер.

Сипатталатын белгілеріне байланысты – бірліктік және кешенді (топтық, жалпылама, интегралды) болуы мүмкін. Бірліктік және кешенді өнімді өткізу көрсеткіштері, обьектінің (жүйенің) сыртқы ортамен қатынасының қызықтыруына тәуелді түрлі топтарға біріктіріледі. Көрсеткіштер топтарын талдаған кезде олардың арасындағы белгілі бір корреляцияны байқауға болады. Мысалға, өнімнің энергия сиымдылығы сияқты, өндірістің технологиялық деңгейінің көрсеткіші экономикалық және экологиялық көрсеткіштер топтарымен өте тығыз байланысты.

Өнімді өткізу, оның құрамын анықтаушылардың мөлшерін өлшеу негізінде бағаланады. Қазіргі заманда өнімді өткізу көрсеткіштерінің сәйкес топтары арқылы өнімнің (тауардың) құрамын келесі топтар бойынша классификациялау өте кең тараған: пайдалану бағытының көрсеткіштері, сенімділік, технологиялық, транспортабельділік, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері.

Пайдалану бағытының көрсеткіштері өнімнің қай салада, қай жағдайда қолданылатынын көрсетіп қана қоймай, осы өнімді пайдаланудан алынатын тиімді эффектті да айқындайды. Бұл көрсеткіш бағаланып отырған өнімнің көмегімен белгілі уақыт аралығында қандай көлемде өнім өндірілетінін немесе өндірістік қызмет көрсетілетінін айқындайды. Пайдалану бағыты көрсеткіштері тобына келесі топшаларды жатқызуға болады: классификациялық, техникалық тиімділік, функционалдық, құрылымдық және де құрамы мен құрылымдық.

Сенімділік өнеркәсіптік өнімнің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Әр түрлі құндылықтардың жұмыс интенсивтілігі мен күрделілік режимдері үздіксіз өсіп, атқарылатын функцияларға жауапкершілік жоғарылайды. Жауапкершілік деңгейінің жоғарылауына байланысты сенімділікке деген талаптар да өседі. Машиналар мен басқа да құрал жабдықтардың сенімділік деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты, олардың жөнделуі мен эксплуатациясындағы жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру шығындарымен қатар өндіріс шығындары да артады. Құндылық сенімділігі көінесе эксплуатациядағы температура, ылғалдылық, қысым, радиация, механикалық ауыртпалық және де басқа жағдайларға тәуелді.

Технологиялылықтың көрсеткіштері еңбек өнімділігін жоғарылату үшін қабылданған құрастырушылық-технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайды, өнімді дайындауда немесе жөндеуде нақ осы технологиялылық арқылы өнім өндіру қарқыны, материал шығындарды, өндірістің технологиялық дайындығы, өнімді дайындау мен пайдалану кезінде кезінде еңбек құралдары мен уақытты рационалды бөлу деңгейі анықталады.

Транспортабелділік көрсеткіштері - өнімді пайдаланбай немесе тұтынбай тасымалдауға қолайлылығын сипаттайды.

- Транспортабелділік көрсеткіштеріне мыналарды жатқызуға болады:

- өнімді тасымалдауға орташа дайындау уақыты;

- өнімді тасымалдауға дайындауда орташа еңбексиымдылық;

- өнімді белгілі бір тасымалдау құралына орташа орналастыру уақыты;

- тасымалдау құралының көлемін пайдалану коэффициенті;

- өнімді белгілі бір тасымалдау құралынан орташа түсіру уақыты;

Транспортабелділік көрсеткіштерін бағалау үшін өнім бірлігінің массасы және көлемі, физико-механикалық құрамының көрсеткіштері, бұйымның габариттік көлемі, өнімнің сақталу көрсеткіштері, тасымалдау режимдерінің шекті рұқсат етілетін мәндері (транспорт шекті жылдамдығы, инерциялық ауыртпалықтар және т.б.), тиеу-түсіру жұмыстарының нормасы, аталып отырған өнімді тасымалдауда транспорт құралының жүк көтергіштігін немесе сиымдылығын мүмкіндігінше максималды пайдалану, тасылатын жүктің сыртқы жылулық және механикалық әсерлерге төзімділігі және т.б.сияқты тасымалдау үрдісін сипаттайтын алғашқы мәліметтер болуы керек.

Материалдық және еңбек шығындарын бір мезгілде, тасымалдау жұмыстарындағы адам саны мен біліктілік деңгейін және де уақыт факторын есептеуге мүмкіндік беретін бағалық көрсеткіштер транспортабелділікті неғұрлым толық және жан-жақты бағалауға көмектеседі.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патенттік қорғалғандығын және патенттік тазалығын сипаттай отырып, бәсекелік қабілетті анықтауда маңызды фактор болып табылады. Патенттік-құқықтық көрсеткіштерді анықтағанда бұйымдағы жаңа техникалық және елдегі патентпен қорғалған шешімдерді, өндіруші және эспортталатын елдердегі бұйымның тауарлық белгісінің және өнеркәсіптік үлгісінің тіркеуден өтуін есепке алған жөн.

Өнеркәсіптік бұйымның патенттік-құқықтық деңгейі 2 көрсеткіштермен бағаланады, олар: патентпен қорғалғандық (патент қабілеттілік) көрсеткіші және патенттік тазалық көрсеткіші.

Патенттік қорғалғандық көрсеткіші – бұйымды жасап шығаруда, оның құрамына қатысатын, шетелдерде де өндіруші елде де патентпен және авторлық құқықтармен қорғалған отандық өнертапқыштар жаңалықтары мен идеяларының саны мен алатын орнын сипаттайды.

Патенттік тазалық көрсеткіші – бұйымның ішкі және сыртқы нарықтарды еш кедергісіз өткізілуін сипаттайды.

Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді жөндеуде, сақтауда, тасымалдауда тұтынушы немесе эксплуатациялаушы адамды механикалық, электрлік, температуралық, улы және жарылғыштардан, акустикалық шудан, радиоактивтік сәулеленуден қауіпсіздендіретін өнімнің артықшылығын сипаттайды.

Әр кәсіпорында өнімді өткізуге ішкі және сыртқы сияқты түрлі көрсеткіштер әсер етеді.

Ішкі көрсеткіштерге кәсіпорынның өнімді өткізуге сәйкес өнім өндіру қабілетімен, яғни кәсіпорынның қызметімен тікелей байланысты көрсеткіштер жатады. Оларды келесі топтарға бөлуге болады:

- техникалық;

- ұйымдастырушылық;

- экономикалық;

Техникалық көрсеткіштер - өнімді өткізуге тікелей әсер етеді, өйткені жаңа технологияны, жаңа материалдарды, неғұрлым сапалы шикізатты пайдалану – бәсеке қабілетті өнім өндірудің материалдық негізі.

Ұйымдастырушылық көрсеткіштер – еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен, өнім сапасына жаупкершілікті және өндірістік тәртіпті күшейтумен, өндіріс мәдениетін қалыптастыру және персоналдың біліктілік деңгейін сәйкестендірумен байланысты.

Экономикалық көрсеткіштер - өнімді өндіру және өткізу шығындарымен, баға саясаты және персоналды жоғары сапалы өнім өндіруге экономикалық ынталандыруға айтарлықтай әсер етеді, осының барлығы бәсеке қабілетті өнім өндірудің маңызды құрамдас бөліктері.

Нарықтық қатынас жағдайында сыртқы көрсеткіштер өнімді өткізуге әсер етеді. Сыртқы немесе қоршаған орта қай кәсіпорынның болмасын қызмет етуінің маңызды бөлігі болып табылады. Сыртқы ортаның барлық әсерлерін жеке-жеке мынадай: экономикалық, саяси, нарықтық, технологиялық, бәсекелестік, халықаралық және әлеуметтік факторларға бөліп көрсетуге болады.

Нарытағы жаңа тауарлар жетістігі үшін негізгі мәнге оның технологиялық сипаты, дизайны тұтынушылық қасиетіне ие. Ал тұтынушымен кері байланыс тауардың тұтынушы үшін тартымдылығын көрсетеді. Нарыққа жаңа тауармен шыққан фирма бәсекелестіктің мүлдем болмауынан немесе мәнсіз болуынан нарықта айрықша орын алады. Нарықтағы тауарға және тұтынушы талғамына байланысты фирма жоғарғы беделді бағамен бастайды. Бағалар басқа кезеңдерге қарағанда жаңашылдығы мен біртектілігіне байланысты жоғары болады. Бұл кезде баға саясаты мүмкіншілігін тиімді пайдалану керек. Алайда «сілкініс стратегиясы» кезінде фирма нарықтың төмен бағасын қолдануы мүмкін. Бұл кезде табыс уақытша болмайды немесе ол мәнсіз болып, фирма залалға ұшырайды. Бірінші тұтынушылар – барлық жаңа тауарға ұмтылатын және бірінші тұтынушы атынан қанағат алатын жаңашылдар. Тұтынушылар жаңа тауарларға уақытша енжарлық танытады. Сондықтан оларды жаңа өнімді алып көруге сендіру керек, бұл көптеген маркетингтік шығындарды талап етеді. Жарнама ақпараттық сипатқа ие және оған көптеген құралдар жұмсалады./12/

Өндірілген тауарды тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүзеге асырады: өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдар арқылы. Тауарды тікелей өткізу арқашан да тиімді емес, сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен, тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналарды қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құруға байсалды, байыпты қарауға тиіс.

Өткізу-өнімді кеңістік пен уақыт жылжытып ауыстыру жөніндегі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай-ақ тауарға меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру. Қысқаша айтқанда, өнім мен қызметтерді тұтынушыға жеткізу.

Бұл өткізу көлемінің айтарлықтай бөлігін құрайды. Жаңа тауарлар үшін өнімді өткізу арналарын бөлу жүйесі жасалады. Бұның барлығы сапалы басқарудың, ұйымдастырудың нақты жүйесі тұтынушы қызығушылығына бағытталып, іске қосылғанда ғана жүзеге асуы мүмкін.

Логистиканың тез дамуының басты деясы минималды шығындармен бизнестің соңғы мақсатына жету үшін ''сатып алулар – өндіріс-дистрибьюция – сатулар'' толық логистикалық торындағы фирманың логистикалық функциялары мен оның логистикалық әріптестерін максималды интегралдау болды. Логистиканы материалдық және олармен байланысты ақпараттық ағымдарды басқарудың теориясы мен практикасы ретінде қарастырады.

Материалды ағымдарды басқару, басқа кез келген объектілерді басқару сияқты, екі бөлімнен тұрады:

· шешім қабылдау;

· қабылданған шешімді жүзеге асыру.

Логистикалық процесс кезінде материалдық ағым кәсіпорынға дейін жеткізіліп, қойма және өндірістік учаскілер тізбегі арқылы оның тиімді жылжуы ұйымдастырылады, содан соң дайын өнім тұтынушыға оның тапсырысына сәйкес жеткізіледі.

Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпа-ратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір функция сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы – негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты – материалды ағымдарды толассыз басқару [1].

Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.

Қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындағандай логистиканы игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді.

Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем кабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым кұралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда [2].

Әрбір кәсіпорынның нарыққа дұрыс қадам жасау үшін логистика ауадай қажетті нәрсе, бірақ бұл логистика өз бетінше кешенді сала ретінде қызмет етеді деп айту қиын, себебі кәсіпорынға логистиканы жүргізу беймәлім белгісіз зат, оны қалай өткізу, қалай жоспарлау, қандай әдіс қолдану деген сұрақтар туындайды бұл сауалдардың әр бірі өз бетінше тағыда сұрақтар туғызады, ал осының бәрін дұрыс қолданбауы нақты мәліметтердің бетін ашпайды, яғни сондықтан нарықтағы кәсіби маманданған логистиканы жүргізумен айналысатын ұйымдарға жүгіну дұрыс шешім болады.

АӨК салаларын тұрақты дамуын қамтамасыз ету, отандық өнімдерінің ұлттық бәсекелес басымдықтарын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында бейімдеуге болатын шетелдік ауыл шаруашылығы тәжірибиесін дамыту оң жақтары тұрақты зерттеледі.

Ауыл шаруашылығы дамыған елдердің тәжірбиесі АӨК саласындағы мемелекеттік саясат ауыл шаруашылығын дамыту үшін өзекті фактор екендігін көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы өзінің негізгі көтерме саудадағы сатып алушысын жоғалтты. Өнімнің тауар қозғалысы ұдайы өндіріс сатысы бойынша бақылаусыз төтенше жағдайларға тап болды. Азық-түлік нарығына сыртқы жылтыр қорабына сәйкес емес және жоғары сапа да бола бермейтін импорттық тауарлардың ағылу кезеңінде, жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу мен сату проблемеларын туғызады.

2010 – 2014 жылдардағы стратегиялық жоспардың шараларын іске асыру нәтижесі агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік басымдылығын дамыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін және мемлекет қаржыны және материалдық активтерді басқару тиімділігін қамтамасыз ету, экономиканың ведомстволық бағынысты салаларын үйлестіруді жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Нәтижесінде, экономиканың аграрлық секторында тұрақтылық орныққандығын, осы жылдары қабылданып, жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде ауылдың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдары едәуір нығайтылып, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпкерліктің тартымды саласына айнала бастады[3].

Нарықтық экономика жағдайында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығыны өндірісінің экономикалық тиімділігіне баға беру үшін облыстың ауыл шаруашылығы саласына экономикалық талдау жасалады.

Қызылорда облысында қазіргі кезде ауыл шаруашылығын дамытуда мемлекет тарапынан бөлінген қаржы мол, осы салаға жеке меншік инвестицияларының тартылуына жол ашқандығын, соның нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінің соңғы жылдардағы даму деңгейіне біршама артты.

2012 жылдың есепті кезеңінде ауылшаруашылығы тауар өндірушілері арқылы барлығы 794,0 млн. теңге несие қаржысы игерілді. Оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 56,1 млн теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6,9 млн. теңге, II деңгейдегі банктер арқылы 335,0 млн.теңге несие қаржысы игерілді. «Ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс ұдайы өсіп отырған жағдайда еліміздің ауыл шаруашылығы саласын да ауқымды жаңғырту қажет».

Мемлекет басшысы былтырғы «Қазақстан -2050» атты стратегиясы жарияланған жолдауында осылай мәлімдеп, ел дамуының маңызды бағытын айқындаған болатын. Сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болуы тиістігін ескертіп, бұл үшін сала өндірісін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар жүктегені де белгілі.

Осыған орай, «Агробизнес - 2020» бағдарламасы қабылданып, соның аясында биылғы бюджеттен саланы серпілтуге 136,8 млрд теңге бөлінген болатын.

Республиканың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері үшін сауда-логистикалық желі құру жоспарлануда, ол арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін уақыт пен қаржыны үнемдей отырып тасымалдауды, сақтауды және сатуды іске асыруға болады, «Өнімдерді тасымалдау мен сату мәселесін шешу үшін фермерлер сауда-логистикалық желі (логистикалық хаб) жүйесін енгізуде. Бұл хабтың міндеті өз автокөлігімен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімдерін әділетті бағамен сатып алып, алып кету, оны өзінің қоймаларында сақтау және сауда жүйелерімен компьютерлендірілген тиімді өзара әрекеттестікті қалыптастыру» Сонымен қатар, логистикалық хабты құру Астананың Азық-түлік белдеуін қалыптастыруда көкейкесті және тиімді шара болып табылады. Оның аясында бүгінде 42 жоба жүзеге асырылған




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 73; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.056 сек.