Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Понятие, структура и основные черты кредитной системы в РФ. 6 страница




Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің төлем қабілетін көтеру үшін мемлекет астық базарын бақылауға алуға тиіс және оның 1 тоннасы үшін 100 АҚШ долларынан кем емес тұрақты бағаны қамтамасыз ету керек.

Тұқым шаруашылығы өсімдік шаруашылығы саласының маңызды бөлігі. Қазіргі кезде ол қиын жағдайы бастан кешіруде. Аудандастырылмаған сорттар тұқымының себілуі жиі кездеседі, сөйте тұра көптеген аудандастырылған сорттар тұқымын ешкім алмайды, өйткені қаражат жетіспейді. Тұқымды ұқсату, кептіру, тасымалдау, дайындау, сақтау ісін жақсарту қажет жоне тұқымның сапасына, сорттардың сақталуына бақылауды да күшейту керек. Тұқым шаруашылығын жүргізуге көптеген мемлекеттік және мемлекеттік мекемелер қатысуда. Бұрын олардың жұмысын мемлекет өзі үйлестіріп отыратын. Кейінгі жылдары бұл тәртіп бұзылды, мемлекет тарапынан бұл саланы реттеу бұрынғыдай айқын атқарылмайды.

Тұқым шаруашылығының жағдайын түбегейлі жақсарту мақсатында республикада тұқым шаруашылығын басқарудың біртұтас орталығын құру қажеттігі туындап отыр, оған тұқымды өндіру, тазалау, даярлау, сақтау, тасымалдау, тұқым сапасын бақылау ісін, сондай-ақ ауыл шаруашылығына инвестициялық қолдау жасау, түқымға баға тағайындау, салықты анықтау, лицензия беру жауапкершілігін жүктеу керек.

Ауыл тауар өндірушілерінің қаржылық жағдайын нығайтудың маңызды шарасының бірі-баға тепе-тендігінің бүзылуынан туындайтын шығынды азайту. Бүл түста төмендегідей екі бағытты бөліп қарау қажет:

Ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өнімдеріне, энергетикаға, ауыл шаруашылығына көрсетілетін қызметке баға тепе-теңдігінің жоқтығы;

Азық-түлік корпорациялары, астық компаниялары, делдаддар ауыл тұрғындарынан сатып алатын шикізат пен сауда косіпорындары арқылы сатылатын өнімдердің бөлшек сауда бағасы арасында тепе-теңдіктің жоқтығы.

Бұл мәселені ауылға жеткізілетін өнеркәсіп (техникаға, тыңайтқыштарға, химикаттарға, қуат көздеріне) бағаны мемлекет тарапынан реттеу арқылы және баға тепе-теңдігі бұзылу нәтижесінде ауыл шаруашылығы жоғалтқан сомаға тікелей төлемақы жасау арқылы да шешуге болады. Әуелгі кезде салалық бағдарламалар шеңберінде өнеркәсіп өнімдеріне бағаның төлемақы тетігін өзірлеу қажет. Оның бір нұсқасы ретінде тауар өндірушілер өнімдерге (мысалы, жанар-дағар майға және ауыл шаруашылығы машиналарына) ең төменгі бағаны тағайындауға, ал базар бағасы мен төменгі бағаның айырмасы көлемінде тиісті өнеркәсіп орындарының бюджетке салық төлемін азайтуға болады. Ал оны қайтару жолы — фермермен бір жыл өткен соң 10 пайыздық өсіммен қайтару жөніндегі келісімшарт жасау.

Ауыл шарашылығы, өнеркәсіп және сауда арасындағы баға тепе-тендігін реттеуге зандық сипат беру қажет.

Қазақстанда әлемдік тәжірибеде қалыптасып отырған ауыл шаруашылық несиенің мамандандырылған жүйесі жоқ. Оны ұйымдастыру үшін келесі шараларды жүзеге асыру ұсынылады:

а) ауыл шаруашылық несиенің мамандандырылған банкін мына жағдайларды ескеріп ұйымдастыру керек:

б) мемлекет оның жарғылық қорына кепілдік береді (мәселен 100 миллион АҚШ долларындай); осы сомаға акциялар шығарып, оны таратады; акцияны сатудан түскен қаражат мамандандырылған аграрлық банктің нақты жарғылық капиталын құрайды;

в) ауыл шаруашылық ипотека корпорациясын ұйымдастыру керек жоне ол мынандай міндеттер атқаруға тиіс. Біріншіден, корпорация өсімі аз

мемлекеттік дотация (жәрдем) алады және фермерлерге ұзақ мерзімдік несие береді. Кепілдіктің ең жоғары көлемі мүлік қүнының 70 пайызындай болуға тиіс; екіншіден, корпорация фермердің несие алудағы кепілі болуға тиіс. Бұл ұсынысты жүзеге асыру үшін өтімді жерлердің ипотекасынан бастау қажет;

г) ауыл шаруашылығына жеңілдігі бар (бонификацияланған — тауар өткізушілерге төленетін ақы) несие беру жүйесін ұйымдастыру.

Бонификация несиеге төленетін өсім көлемін төмендетуге мүмкіндік беретін мемлекеттік субсидия (ақшадай жәрдем) болып шығады. Ол біріншіден алынған қарыз үшін төленетін ақшаның бір бөлігінің төлемі үшін несие алушыға тікелей берілетін субсидия арқылы және сондай-ақ несиені алушыларға төменгі пайыздық ставка бойынша несие беруге мүмкіндік тудыратындай маманданған несие-қаржы мекемелеріне субсидия беру арқылы ыжүзеге асырылуға тиіс. Екінші деңгейдегі банктерге қайта қаржыландырудың (рефинансирование) төменгі ставкасымен (мәселен 25 пайыздың орнына 10 пайыз тағайындап) несие беруге болады және оларды ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге азын-аулақ пайда маржасымен мақсатты әдіспен несие беруге міндетті ету керек.

Мемлекеттің қазіргі кезендегі қаржылық мүмкіндігі ауыл шаруашылығының барлық салаларын қажетті деңгейде бір мезгілде қолдау жасауды көтермейді. Сондықтан бірінші кезеңде салалар мен өнім түрлерін олардың басымдылық дәрежесіне қарай бөлу қажет.

Екінші кезенде мемлекеттік мақсатты бағдармалар жасаған дүрыс, олардың шеңберінде ең төменгі кепілді баға (төменгі шегі) тағайындау керек, ол табыстың сала бойынша орташа деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. Мұндайларға «Астық», «Қой шаруашылығы», «Сүт», және «Суармалы жер» сияқты алғашқы кезекте жүзеге асырылуға тиіс бағдармаларды жатқызуға болды. Бұл бағдармалар шеңберінде тек аграрлық сектордың өнімді өндіруден оны ұқсатуға, сақтауға дейінгі барлық саласын бір мезгілде іске қосып қана қоймой, сонымен бірге өнеркәсіптің олармен байланысты салаларын да жандандыруға болады.

Биржалар мен көтерме базарлар жүйесі арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін сатудың өркениятты әдістеріне көшу қажет. Ең алдымен биржа тауарларының қатарына астық пен мақта сияқты стратегиялық өнімдерді көшіру қажет.

Ауыл шарашылық тауарларын өндірушілер өнімді сатуда елелулі қиыншылықтарға ұшырап отырғандықтан үкімет өкілеттік берген заңды түлғалар арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуда кепіл болғаны жөн. Мемлекеттің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерінің бүгінгі күнгі нақты жағдайын ескере отырып, алғашқы кезде өндірілген өнімнің 15-20 пайыздайын кепілді бағамен сатып алуға болады. Мемлекет сатып алатын өнімдер тізбесіне астықтан басқа етті, сүтті және оларды ұқсатудан алынған өнімдерді енгізуге болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруды көтермелеу үшін экспорттық сыйлықтар енгізсе болар еді.

Топырақтың құнарлылығын көтеру, жерді мелиорациялау, мал-дәрігерлік қызмет көрсету жөніндегі шараларға субсидия (ақшадай жәрдем) беруді, элиталық тұқым шаруашылығына, асыл тұқымды мал шаруашылығына және құс шаруашылығына толық көлемде дотация (мемлекеттік жәрдем) жасауды, ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсатып, экспортқа шығаратын олардың түр-түрін көбейту, бидайға балама бола алатын, рентабельділігі жоғары дақылдарды енгізуге талап етеді. Солтүстік Қазақстанда майлы дақылдардың егіс көлемін үлғайту оңды: күнбағыс Павлодар және Қостанай облыстарында, рапсты — Солтүстік Қазақстан және Қостанай, қышаны — Ақмола және Қостанай, қышаны — Ақмола және Қостанай, тары мен қарақұмықты Павлодар, Қостанай және Ақмола, қара бидайды — Ақмола, қара бидайды — Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының таулы және орманды дала аймақтарында мал өсіруге болады.

Еліміздің халқының мал шаруашылығы өнімдеріне деген сұранымын қамтамасыз ету үшін асыл тұқымды малдың генетикалық әулетін пайдалану, мал санын көбейте отырып, оны зоотехникалық норма бойынша жемдеуді қамтамасыз ету есебінен өнімділігін арттыру қажет.

Ірі қара шаруашылығын дамыту фермерлер шаруашылықтарына, олардың мамандануына, интенсивті технологияны тиімді пайдалану мақсатында мал санының оңтайлы шоғырландырылына бағдарлануға тиіс. Келешекте шошқа шаруашылығы мен құс шаруашылығы, индустриялық негізде (құс фабрикалары, шошқа кешендері), өнеркәсіпте өндірілетін құрама жемді пайдалана отырып, дамытылуға тиіс. Қой шаруашылығын, ешкі шаруашылығын, жылқы шаруашылығын кез келген түрінде табиғи жайылымдарды барынша толық пайдалан отырып, дамыту керек.

Кеңшарлар мен ұжымшарларды тарату процесінде ауыл түрғындарының елеулі бөлігі өзіне тиесілі жер үлесін сатудығ, сыйға тартудың, қүрылтай жарнамасы ретінде мерзімсіз пайдалануға берудің нотижесінде оған деген өз қүқығын жоғалтты. Түрғындардың бір бөлігі ауыл шаруашылық өндірісі көлемінің қысқаруы салдарынан жүмыссыз қалды. Осылардың салдарынан ауылда жерсіз және жүмыссыз шаруалар көбейді. Енді ауыл шаруашылығында жүмыс атқаратын халықтың саны 80-ші жылдарға қарағанда 2-3 есе аз болады деп кесіп айтыға болады. Бұл жағдай ауыл қоғамындағы қалыптасқан әлеуметтік қатынастардың үйлесімін бұзады. Қала болса, ауыл жүмыссыздарын өз бойына сыйдыра алмайды. Еңбекке жарамды ауыл түрғындарының жүмыстар босаған бөлігіне жаңа жұмыс орындарын құру керек. Бұл ауылда қызметтің ауыл салаларға инвестиция жұмсау ісіне жеңілдік жасауды көздейтін өндірісті іріктеп қолдау әдістерін қолданудың аясын кеңейту орынды.

Бәсекелестік жағдайында өндірілетін өнім көлемін көбейту ерекше маңызға ие болуда. Өнім көлемін көбейту экономикалық дағдарыстардың теріс әсерін кемітеді, олардың салдарын жұмсартады. Нарықтық қатынастар жағдайы дақылдарды іріктеп өсіруді, бір дақылмен шектелмей, шаруашылығы емес түрлерін де дамыту, мәселен, ауыл шаруашылық шикізатын бастапқы ұқсатуды, қолөнер кәсібін, қосалқы өндірісті, тұрмыстық қызмет көрсетуді дамыту жолымен ғана мүмкін. Бұл үшін төмендегі шараларды атқару керек: ауылды жерде өз бизнесін бастаған, сөйтіп өзін өзі жұмыспен қамтығандары 3-5 жыл мерзімге салықтардан босату; жеке адам, отбасы және цехтық қол өнерін дамытқан кәсіпкерлерге алғашқы кезде шағын несиемен қолдау көрсету; кәсіпкерлікке, бизнеске, жоспарлауға, несиеге қалай қол жеткізуді үйрету; қол өнер бұйымдарының тұрақты базарын құру; ауылдық шағын бизнеске әкімшілік тарапынан қолдау көрсету.

жердің мемлекеттік есебін жүргізу;

жерді пайдалану мен қорғауға бақылау жасау;

жер үшін ақы алынуын ұйымдастру;

жерді иеленушілер мен жерді пайдаланушылардың құқығын қорғау.

Жерге байланысты өзгерістерді және жер реформасын жүзеге асыру барысында республика аумағында барлық селолық елді мекендердің шекарасы белгіленіп, анықталды. Жерді қайтадан бөлу нәтижесінде олардың шекарасына бүрынғы ауыл шаруашылық кәсіпорындары жерлерінің құрамынан 16 миллион гектардан астам жер қосымша енгізілді.

Бүкілхалықтық референдум нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда қабылдаған ел Конституциясында жерге жеке меншік танылды. Жерді жеке меншікке берудің негіздері, шегі және шарттары Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 22 желтоқсандағы заңдық күші бар «Жер туралы» жарлығымен белгіленді.

Жаңа жер қатынастарының қалыптасып, дамуы жағдайында оларды реттеу мәселесіндегі мемлекеттік басқарудың селолық органдарының рөлі айтарлықтай өсті. Олардың өкілеттігіне жоғарыда аталған жарлықпен өздерінің қарамағындағы аумақта мемлекеттік меншіктен жеке меншікке жер учаскесін беру, басқа да бірқатар мәселелер енгізілді.

Қазіргі кезде республика аумағында жер қатынастарын реттеу 2001 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Ауыл (село) округі Қазақстан республикасының әкімшілік-аумақтық бөліну жүйесіне енеді. Ауыл округінің аумағында мемлекеттік басқару ісін әкімдер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңы мен басқа да заң актілерінде белгіленген өкілеттігіне сәйкес жүзеге асырылады.

Ауыл округі әкімі жер заңымен белгіленген өзінің құзыры шегінде өз қарамағындағы аумақта жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады.

Алматы қаласының айналасынан азық-түлік белдеуін дамыту мақсатында облыста егін шаруашылығы, мал шаруашылығы өндірісін ұлғайту, қайта өңдеу өнеркәсібін және өнімді сақтау инфрақұрылымын дамыту, типтік немесе шағын жанұялы жылыжай жүйесін, тауарлы-сүт фермасын, бордақылау алаңдарын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қаласының айналасынан азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 2009 жылдан бастап құны 79,3 млрд.теңгелік 153 инвестициялық жоба іске асырылды.

2015 жылы АӨК субъектілерін қолдауға 24,4 млрд.теңге бюджет қаражаты бағытталды, «КазАгро» АҚ арқылы 14,9 млрд. теңге несие берілді.

Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 5,8% (2014 ж. – 425,3 млрд. теңге, 2015 ж. – 450,0 млрд. теңге), өндірілген дайын азық-түлік тауарлары – 1,5% (2014 ж. – 325,6 млрд. теңге, 2015 ж. бағалау – 330,5 млрд. теңге) артты.

2015 жылы ауыл шаруашылығы айналымына 5,2 мың га егістік жер тартылып, барлық егіс көлемі 926,2 мың гектарды құрады, әртараптандыру шеңберінде 2014 жылмен салыстырғанда арпа – 23,9 мың га, мақсары – 4,1 мың га, дәндік жүгері – 2,5 мың га, қант қызылшасы – 2,8 мың га және азықтық дақылдар – 2,4 мың га ұлғайды.

2015 жылы 566 гектарға жеміс көшеттері отырғызылды, оның ішінде алманың «Апорт» сорты - 202 га.

Облыста жалпы жылыжай көлемі 66,8 гектарды құрайды, оның 76% немесе 50,8 гектары Алматы қаласы маңындағы аудандарда орналасқан (Еңбекшіқазақ - 15,8 га, Жамбыл - 4,1 га, Іле - 11,3 га, Қарасай - 10,9 га, Талғар - 2,6 га аудандары мен Қапшағай қаласында - 6,1 га).

Мүйізді ірі қара мал саны 0,6%, қой мен ешкі – 0,8%, жылқы – 1,4% және құстар – 2,0% өсті.

Алматы қаласының маңындағы аудандарда 111 мал бордақылау алаңдары бар (23 мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңында 13,6 мың бас, 53 қой бордақылау алаңында – 7,8 мың бас, 26 жылқы бордақылау алаңында – 277 бас, 9 шошқа бордақылау алаңында – 35,3 мың бас бордақылануда).

«Ырыс» бағдарламасы бойынша азық-түлік белдеуі аумақтарында 300 басқа 4 жанұялы тауарлы-сүт фермалары құрылды, барлығы 29 тауарлы сүт фермалары бар.

Қайта өңдеу саласында 2015 жылдың басынан бері 15 нысан іске қосылды, 7 кәсіпорын кеңейтілді.

Аталаған шараларды іске асыру нәтижесінде өндірілген дәнді дақылдар - 11,8%, майлы дақылдар - 1,9%, картоп - 3,5%, көкөніс - 1,6%, бақша дақылдары - 1,9%, жеміс-жидек - 5,5%, жүзім – 12,6% өсті.

Мал шаруашылығында өндірілген мал мен құс еті 4,7%, жұмыртқа – 7,6% және сиыр сүті – 1,9% артты.

Ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылдан бастап апта сайын облыс бойынша және Алматы қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жүргізіледі, 2015 жылы 1174 жәрмеңке өткізіліп, 2,8 млрд.теңгенің өнімі саудаланды, оның ішінде Алматы қаласында 220 жәрмеңкеде 626,8 млн.теңгенің өнімі өткізілді.

Сондай-ақ, көкөніспен маусым аралығында халықты қамтамасыз ету үшін 2015 жылы сиымдылығы 15,7 мың тонналық 6 көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды, атап айтқанда Қарасай ауданында 7000 тонналық «Долана Агро Инвест» ЖШС, Қапшағай қаласында 2000 тонналық «Агрофирма ТЖН и К» ЖШС, Талғар ауданында 3700 тонналық "Фреш Фруд Казахстан" ЖШС, Іле ауданында 2000 тонналық «Фирма УЛ-АЙ»ЖШС және 1000 тонналық «Терликбаев»ЖК. Алматы қаласының маңында барлығы 105,7 мың тонналық 62 қойма жұмыс жасайды, оларға 95,4 мың тонна өнім сақтауға салынды.

Шет ел инвесторларының қатысуымен Қарасай ауданында «Даму Транс Сервис» ЖШС ауыл шаруашылығы өнімдерін бөлу орталығы (көкөніс сақтау қоймасы) іске қосылды.

Құрамында микроклиматты ұстап тұратын, ылғалдылықты және температураны бақылайтын озық технологиялармен жабдықталған 10 қойма бар. Өнімнің сақталу қауіпсіздігі, құстар мен кеміргіштерден, атмосфералық жауын-шашыннан қорғалуы қамтамасыз етілген.

Жалпы, облыс өндірісі есебінен Алматы қаласының тұрғындарын негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамту деңгейі ең аз нормаға сәйкес ұн, картоп, маусым аралығында көкөніспен, ет және жұмыртқамен 100%, жеміспен - 52% және сүтпен – 29%

Әлемдік қаржы дағдарысы қазіргі күні көп жағдайды өзгертіп, біраз мәселенің басын ашып берді. Бүгінгі күні кез келген мәселеде орындалатын іс-қимылға басты талап – тиімділік қойылады. Ал тиімділік шаруашылықты ең ың­ғай­лы тәсіл­дер­мен оңтайлы іске асыруды талап етеді. Бүгін тиімділік пен үнемділік алға қойылып отырғанда инновациялық әдістер бірінші орынға шығуда. Нәтижесінде ғылыми негіз­де­меге сүйене отырып өндіріс тех­нологиясы алға жылжып, шы­ғын­дар азаяды.

АӨК тиімділігін арттыру мәселесінде оны оптималды басқару процесі маңызды орын алады. Ауылшаруашылығы өндірісін басқарудың оптималдылығы әрқашан да экономикалық жүйенің алға қойған міндеттері тұрғысынан қарастырылады. Оптималдылық критерийі экономикалық процестердің экономикалық-математикалық модельдерін құрумен тікелей байланысты. АӨК-ң оптималды құрылымын есептеу оның мақсатын қатаң негіздеу мен сипаттауды қажет етеді. Ауылшаруашылығы өндірісі құрылымы, оның тиімділігі мен практикалық маңыздылығы осы мақсаттың негізделу деңгейіне байланысты болады.

Табыс максимумы критерийі өндіріс дамуының стимулын, оған жіберілетін шығынды кемітуді, өндіріс көлемін арттыруды, жұмысшы мен ұжым талабын, қоғам қажеттігін де ескереді. Осы критерий бойынша шаруашылықтың оптималды құрылымын анықтау нақты өнімнің өзіндік құнын білуді, табыс көлемінің максимумын табуды, ал олар шаруашылықтың рентабельділігінің максималды деңгейін анықтауды қажет етеді.

Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру қажеттілігі факторларға және қоғамның бүгінгі экономикалық даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты.АӨК өндірісі тиімділігін арттыру мәселесін зерттеумен шұғылданған ғалымдар еңбектерін талдай отырып, АӨК тиімділігін арттырудың негізгі факторларын Сурет 1-дебейнеленген сұлба арқылы көрсетуге болады.

Әрбір шаруашылықтың алдына қойған міндеттерін табысты шешуі өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруы арқылы ғана мүмкін болады.

 

Ауыл шаруашылығы өндірісі тиімділігін арттыру жолдары

Сурет 1- Ауыл шаруашылығы өнім өткізу тиімділігін арттырудың негізгі факторлары

 

Аймақтық АӨК өндірістік жүйесінің тиімді жұмыс атқаруы сапалы құрылған басқарудың ақпараттық қамсыздандырылу жүйесіне де байланысты. Қазіргі таңда елімізде барлық салаларға ендірілген жаңа ақпараттық технологияларға техникалық қолдау жасайтын компьютерлер саны мен байланыс құралдарының прогрессивті артуы байқалғанымен, оларды өндіріске ендіру тұрғысынан Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы басқа елдермен салыстырғанда едеуір артта. Жаңа ақпараттық технологияларды АӨК экономикалық үдерістерін басқаруда қолдану бұл күрделі жүйенің өзіндік ерекшелігіне қарай бағытталауы тиіс.

Ауылшаруашылығы саласында ауқымды желіні қолдану ауылшаруашылығы кәсіпорындарына министрлік және жергілікті басқару ұйымдарымен ақпарат алмасу, есеп беру; ауылшаруашылығы заңнамалары мен нормативтік актілерінің өзгерістерімен дер кезінде танысу; еліміздегі ғана емес шет елдердегі де өнім өткізу арналарымен байланысып, келісім-шарт жасау; агрохимиялық өнімдер, агротехникалық машиналары өндіріс орындарымен серіктестік орнату, интернет-сауда жүргізу сияқты тиімді мүмкіндіктер береді.

Ауылшаруашылығы саласында шешім қабылдауды қолдау жүйелері, мәліметтер базасы, болжам жасау, кеңес берудің эксперттік сараптау жүйелері тиімді қолданыста. Шешім қабылдауды қолдау жүйелері АӨК басшыларының аймақ ерекшелігіне, қалыптасқан ахуалға байланысты өндіріс тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді. Болжау жүйелері өнім өнімділігін болжауда, өсімдік шаруашылығында маңызды орын алатын ауа-райы факторын ескеріп, метеорологиялық мәлімет алуға, соған байланысты әрекет етуге, агроөндірістің перспективалық дамуын бағдарлауға көмек беретін ақпарат алуда қолданылады.

Эксперттік сараптау жүйелері ретроспективті талдау нәтижелеріне сүйеніп, перспективті болжам жасау және күрделі ситуациялық жағдайда ахуалды дұрыс бағдарлап, саралауға, нәтижесінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кеңесші ролін тиімді атқара алады.

Экономикалық-математикалық модельдер негізінен әрбір аграрлық құрылымның жұмысын тиянақты түрде ұйымдастыруға, өндіріс көлемін арттыруға, өнім сапасын сұранысқа сай болжамдауға, келешекте атқаратын істің бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні әлі де ақпаратты өңдеу, сақтау, тарату және сипаттау мәселелеріне механикалық тұрғыда қарау басымдылық танытып, ал оны тиімді қолданылуына жеткілікті назар аударылмауда. АӨК саласына арналып мамандандырылған отандық компьютерлік программалар арасында өнімділікке болжам жасау, қайсыбір факторлар әсеріне орай өндіріс тиімділігінің артуын не кемуін айқындау, шаруашылық өндірісін тиімді орналастыру мүмкіндігін беретін программалық өнімдер жоқ деуге болады. Аймақтық күріш шаруашылықтарында дербес компьютерлер негізінен ақпарат жинақтау, алмасу, есеп беру (MS Word, MS Excel), еңбек ақыны есептеу (1С: Бухгалтерия, С: Предприятие) мақсаттарында ғана қолданыста.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 100; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.