Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Иерархия каталогов 7 страница




" Спекуляция " деп сатып алу және сату бағасының арасындағы айырымнан пайданы бөліп алу мақсатында белгіленген тауар немесе бағалы қағаздардың сату-сатып алу келісімдері аталады.

Хеджирлеу (сақтандыру) - нарық қатынасының дамуымен байланысты қаржы тәуекелінен болатын мүмкінді зиянды өтеудің жаңа әдісі. Жалпы түрде хеджерлеуді тауардың бағасын тәуекелдіктен сақтандыру деп анықтауға болады. Хеджирлеудің мақсаты нарықтағы акцияның, саудалық активтердің, валютаның, пайыздық үстемелердің және өзге де факторлар бағасының қолайсыз өсуінен қорғау болып табылады.

Валюталық интервенция - банктен шетелдік валюталардың үлкен партиясын сату немесе сатып алуды орындау жолындағы елдің орталық банкінің валюталық нарық және валюталық курсқа бағытталған маңызды әсері. Валюталық интервенция мемлекеттің мүддесіндегі шетелдік валюта курсының реттелуі үшін жүзеге асады. Қысқаша айтқанда, валюталық интервенция -бұл елдің орталық банкінің валюталық нарық және валюталық курсқа шетелдік валютаның үлкен көлемін сатып алу немесе сату жолының әсері.

Форекс валютааралық келісімнің және осындай операция еркіндігінің кепілдемелерінде мемлекет араласуының болмағандығын болжайтын тұжырымында валютаның еркін конвертация ұстанымына негізделеді.

 

58. Құнды қағаздардың тәуекеліне әртараптандырудың әсері. Есептеу мысалын келтір.

 

Құнды қағаздар портфелін әртараптандыру арқылы инвестициялық портфель табысының деңгейін төмендетпей, инвестициялық тәуекелді төмендетуге мүмкіншілік тудырады. Кәсіпорында нақтылы инвестициялық портфелі қалыптастыру барысында, бірнеше бағдарламалардың ішінен капитал сиымдылығын үлкен емес проектігебасым көңіл аударылады.

Кәсіпорындардың тауарларына сатып алушыларына әртараптандыру – пайда алу мақсатымен уақытша бос ірі сомалы ақша қаражаттарды бірнеше банктерге орналастыруды қарастырады.

Қаржылық қызметтің бірқатар аяларында тәуекел белгілі бір келеңсіз жағдайдың болу ықтималдылығы деп түсінеді. Ықтималдылық жоғары болған сайын, тәуекел де жоғары болады. Тәуекел деңгейі мен көлеміне қаржылық механизм арқылы әсер етуге болады. Мұндай әсер қаржылық менеджмент әдістері және ерекше стратегия арқылы жүргізіледі.

Тәуекел тосуға сәйкессіздік ретінде қарастырылады. Әр түрлі баламалар бола отырып, инвестор оларды бағалайды және салыстырады. Мұнда, болжамдалатын нәтижелер бақылай алмайтын факторлар әсерінен сай болмайтынын ескеру керек. Күтілетін шамадан әр түрлі мәндердің ауытқуы кездейсоқ шамаларға және амплитудалық сипаттамаларға тәуелді. Сондықтан да әрбір балама екі критерий бойынша өлшенеді. Біріншісі – нұсқаның болжамдалатын бағасын, ал екіншісі – мүмкін ауытқу шамасын, яғни тәуекел деңгейін. Нұсқа тәуекелділігінің өсуі күтілетін нәтижелікпен бірге өседі. Инвестор қандай баламаны таңдайтыны оның тәуекелге баруына, сондай-ақ тәуекел мен табыс қатынасының қандай пропорциясын алатынына тәуелді.

Қаржылық математика қаржы нарығына, соның ішінде бағалы қағаздар нарығына талдау мен болжау жүргізеді.

Жиынтық табыстылық екі компоненттің қосындысы ретінде анықталады.

төленген акцияның акцияның

дивидендтер соңғы бағасы – бастапқы бағасы

r = ————— + ——————————————— (1)

бастапқы баға бастапқы баға

 

r = табыстылықтың дивидендтік компоненті + табыстылықтың бағалық компоненті

Акция активінің тәуекелділігін өлшеудің бірлігі ретінде өзгерістілік, волатильдік кеңінен қолданылады. Өзгерістілік, волатильділік акция табыстылығының мүмкін мөлшерлеме диапазонымен және оларды алу ықтималдылығымен байланысты. Акция табыстылығының мүмкін мөлшерлеме диапазоны кең болған сайын, сонымен қатар экстремалдық мәндерді алу ықтималдылығы жоғары болған сайын, соғұрлым акцияның өзгеріс көрсеткіші жоғары болады. Нақты табыстылық болжамдалған көрсеткішінен не жоғары, не төмен болуы анық. Өзгерістілік мәнін түсіну үшін, акцияның әр түрлі табыстылық деңгейінде алу ықтималдылығын бөлуін қарастырайық. Барлық мүмкін болар табыстылықтың дейгейлері нөлден бірге дейін сай болады.

Табыстылықтың күтілетін мөлшерлемесі табыстылықты алу бойынша сәйкес ықтималдылыққа көбейту арқылы табыстылықтың барлық мүмкін болар мөлшерлемелерінің жиынтығы ретінде анықталады: n

E (r) = P1r1 + P2r2 + …+ Pnrn = Σ Piri (2)

i=1

Жоғарыдағы формуланы акция табыстылығын бағалауға қолдансақ, онда АҚ «Астана-Финанс» компания акциясының күтілетін табыстылық деңгейі 10 %-ға тең.

E (r) = 0,2*30% + 0,6*10% + 0,2* (-10%) = 10% (3)

АҚ «Астана-Финанс» және АҚ «NOMAD» акцияларының табыстылық ықтималдылығын бөлу:

Экономика жағдайы АҚ «NOMAD» акциясының табыстылығы, % түрінде АҚ «Астана-Финанс» акциясының табыстылығы, % түрінде Ықтималдылық
Өсу     0,2
Тұрақты     0,6
Құлдырау   -10 0,2

 

 

59. Зейнетақы жүйелерінің үлгілері. Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру қағидалары.

 

Зейнетақы (латынның pensio – төлем) – белгіленген жасқа жеткенде, мүгедектікке, асыраушысынан айырылғанда және де басқа да заңмен қарастырылған жағдайларға байланысты азаматтарға ақшалай, жүйелі түрде төленетін төлемдер. Әлемде әлеуметтік зейнетақымен қамтамасыз етудің екі жүйесі бар – ортақ және жинақтаушы.

1. Ортақ жүйе

Базалық зейнетақы -Еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей төленеді.

Еңбек стажы - Еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетке шығу уақытында алты айдан кем болмаған адамдарға.

2. Жинақтаушы жүйе

Міндетті жарналар - Ай сайынғы табыстан зейнетақы аударымдарының белгіленген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті аударымдар.

Ерікті жарналар - Ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақталған қаражат.

Әр жүйенің өзінің артықшылығы және кемшілігі бар.
Зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері:

Ортақ жүйе

Артықшылықтары

· зейнетақыны мемлекет төлейді

· кірісі аз адамдардың тұрақтылығы (қорғалуы)

· зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу

· демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді)

· зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Артықшылықтар

· салымшы кірісінің деңгейіне зейнетақы мөлшерінің тікелей тәуелділігі

· мзж мемлекет кепілдігі

· жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыру

· инвестициялық кіріс есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын ұлғайту

· мультиқоржындар жүйесінің көмегімен жинақталған зейнетақы қаражатын басқару мүмкіндігі (заңнамамен 2015 жылдан бастап белгіленген шектеулерді ескере отырып)

Кемшіліктер

· Инвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы

· ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ

· мзж сомасының жалақы мөлшеріне тәуелдігі

 

Зейнетақы жүйесінің үлгілері Әдістемелік негіз Экономикалық тетіктері
Басқарылуы Зейнетақы төлеу түрлері
  АҚШ   Америка үлгісі   Мемлекеттік реттеу -сақтандыру компаниялары -зейнетақы қорларынан -мемлекеттік бағдарламаларынан
Скандинавия елдерінде Әмбебап және әлеуметтік үлгі Бір орталықтан жоспарлау -мемлекеттен -сақтандыру компаниялары
Германия Бисмарк үлгісі Үкіметтен реттеу -мемлекеттен -сақтандыру компаниялары
Ресей Беверидж үлгісі Бисмарк үлгісі Бір орталықтан жоспарлау -мемлекеттен -сақтандыру компаниялары -жинақтаушы қорларынан
Өзбестан Кеңестік үлгі Бір орталықтан жоспарлау -мемлекеттен
Қазақстан Чили үлгісі Мемлекеттік реттеу -мемлекеттен -ынтымақты -жинақтаушы қорларынан

Зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымының қағидалары

- Инвестициялық қызметтің жоғары ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз етілу қағидасы. Ақпараттық қамсыздандыру зейнетақыактивтерін инвестициялаудың маңызды элементерінің бірі болып табылады.

- Нарықтың құбылмалы шарттарына бейiмделгiштiгінiң қағидасы. Бұл қағиданың іс жүзінде іске асуы барлық маңыздыфакторлардың қарқынына бағытталған нарық пен макроэкономикалықжағдайдың мониторингі;

- Нарықтық ахуалға жедел қимылдаушылық қағидасы. Қағида өз тәжірибесінде портфель басқаруының ерекше технологияларын (соның ішінде лимиттік ордерлер) қолдануға, сонымен қатар нарықтың әр түрлі келеңсіз жағдайларына қарай ситуациялық басқаруды қалыптастыру;

- Кіріс деңгейінің ұтымды жеткілікті қағидасы. Бұл қордың тым қатерлi салулардан бас тартуы мен портфель табысының белгілі шама бойынша шектеуі болуын көрсетеді;

- Инвестициялық шешiмдердiң қалыпсыздығы қағидасы. Бұл қағида дамушы нарықтарға ыңғайлы болып келеді, өйткені олар портфельдің басқарылуы мен рационалды құрылуының классикалық талаптарын орындай алмайды.

Аталған қағидалар ЖЗҚ-ның зейнетақы және меншiктi активтерінiң портфель менеджментiн ұйымдастырудың негiзгi тұжырымдамалық көзқарастарының жиынын және сипатын ескертедi.

 

60. Ұлттық банктің бақылаушы және реттеуші функциялары.

 

“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.

Қазақсан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамсыз ету болып табылады.

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде анықталады.

Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары. Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі.

Ұлттық банк жұмысының негізгі бағытттары:

Ø елдегі несиелік ресурстарды және айналасын басқару;

Ø өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

Ø халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысужәне кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ержелерді,есеп жүргізу жәе банктердің есп беруін ұйымдастыру;

Ø банк ісін лицензиялау, ақша – несилік реттеудің әдістерінң формаларын талдау;

Ø банк ісін бақылау және қадағалау;

Ø елдің банк жүйесінің тәуелсіз баланстарын жасау;

Ø ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;

Ø валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.

Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай функцияларды орындайды:

ü айналыстағы ақша массаның көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;

ü кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;

ü Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;

ü Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімен және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;

ü Қазақстан Республикасында валюталық ретту мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;

ü Банк ісі, есеп, еспе айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату,айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;

ü Бақылау және қадағалау функциясымен қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айныласатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізмін, формасын және мерзімін бекітеді.

 

 

Практически всегда файлы на дисках объединяются в каталоги.

В простейшем случае все файлы на данном диске хранятся в одном каталоге. Такая одноуровневая схема использовалась в CP/M и в первой версии MS-DOS 1.0. Иерархическая файловая система со вложенными друг в друга каталогами впервые появилась в Multics, затем в UNIX.

Wiki.txtTornado.jpgNotepad.exe(Одноуровневая файловая система)

Каталоги на разных дисках могут образовывать несколько отдельных деревьев, как в DOS/Windows, или же объединяться в одно дерево, общее для всех дисков, как в UNIX-подобных системах.

 

C: \Program files \CDEx \CDEx.exe \CDEx.hlp \mppenc.exe \Мои документы \Wiki.txt \Tornado.jpgD: \Music \ABBA \1974 Waterloo \1976 Arrival \Money, Money, Money.ogg \1977 The Album(Иерархическая файловая система Windows/DOS)

В UNIX существует только один корневой каталог, а все остальные файлы и каталоги вложены в него. Чтобы получить доступ к файлам и каталогам на каком-нибудь диске, необходимо смонтировать этот диск командой mount. Например, чтобы открыть файлы на CD, нужно, говоря простым языком, сказать операционной системе: «возьми файловую систему на этом компакт-диске и покажи её в каталоге /mnt/cdrom». Все файлы и каталоги, находящиеся на CD, появятся в этом каталоге /mnt/cdrom, который называется точкой монтирования. В большинстве UNIX-подобных систем съёмные диски (дискеты и CD), флеш-накопители и другие внешние устройства хранения данных монтируют в каталог /mnt, /mount или /media.

/usr /bin /arch /ls /raw /lib /libhistory.so.5.2 /libgpm.so.1 /home /lost+found /host.sh /guest /Pictures /example.png /Video /matrix.avi /news /lost_ship.mpeg (Иерархическая файловая система в Unix и UNIX-подобных операционных системах)

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 63; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.06 сек.