Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Гипертониялық криздердің жіктелуі




Гипертониялық криздің көптеген жіктемелері құрастырылған, бірақ солардың ішінде көптен келе жатқан және практикалық қолдануда әзірше өз құндылығын жоймаған Н.А.Ратнердің (1974 ж.) жіктемесі.

Н.А.Ратнер криздердің екі түрін айырған: адреналиндік және норадреналиндік (5-кесте).

Бірінші типті гипертониялық криз. Криздің бұл түрі көбіне артериялық гипертонияның алғашкы сатыларына тән. Оның дамуы адреналиннің қанға көптеп бөлінуінен болады. Көрінісі беттің қызаруы, жүректің қағуы, бастың ауыруы, дененің дірілі және жалпы қозумен білінеді. Мұндай  жағдайдың ұзақтығы - минуттар, сағаттарға ғана созылады. Әдетте, кризді басқаннан кейін зәр көптеп бөлінеді. Оның түсі

ашық және меншікті салмағы төмен болады.

Екінші типті гипертониялық криз. Оның даму негізі норадреналиннің гиперпродукциясынан болады. Көрінісінде тері жамылғыларының қуқылдануы назар аударады. Жүректің айнуына,құстыруға дейін алып баратын бастың ерекше қатты ауыруы тән.

Фотопсиянын әртүрлі белгілері пайда болады: көз алдындағы қара дақтар, көздің біршама уақыт көрмеуі, т.б. Осы белгілердің барлығы гипертониялық энцефалопатия синдромының көрінісіне жатады. Криз кезінде ми қанайналымының өтпелі бұзылысы немесе нағыз инсульт дамуы ықтимал. Сонымен қатар мұндай криз стенокардия  ұстамасына, миокард инфарктына, өкпенің ісінуіне де алып келуі мүмкін.

Екінші типті криз бірнеше сағаттан бірнеше тәул ікке дейін созылады және оңайлықпен басылмайды. Кей жағдайларда екі түрлі криздің белгілері қатар жүруінен оларды ажырату мүмкін емес. Бұл жағдайда аралас типті криз туралы айтуға болады. Бірінші типті криздің көрінісіне екінші типті криз белгілерінің қосылуы артериялық гипертонияның өрістеуіне тән қасиет.

Криз кезінде көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыру үшін соңғы кезде М.С.Ноustоn (1989),Gіfforol (1991) ұсынған жіктемелері қолға алынуда. Бұл авторлардың жіктемесінде криздер 2 түрге басқашабөлінген (асқынған және асқынбаған).

1. Асқынған гипертониялық криз. Егер криз кезінде төменде көрсетілген жағдайдың біреуі немесе бірнешеуі болса, онда криз асқынған болып табылады:

• гипертониялық энцефалопатия;

• сол карыншаның жедел шамасыздыгы;

• аорта аневризмасының жіті ажырауы;

• эклампсия;

• мидың ішіне немесе тор қабаты астына қан құйылуы;

• бас миының жедел инфаркты (инсульт);

• миокард инфаркты немесе тұрақсыз стенокардия;

• криз кезінде қан құрамында катехоламиндер деңгейінің күрт

жоғарылауы.

5 кесте. Гипертониялық криздердің салыстырмалы сипаттамасы

Криздің ерекшелігі І типті ІІ типті
Басты патогенездік ықпалы Адреналин Норадреналин
Пайда болу уақыты АГ-ның ертелеу сатылары АГ-ның кештеу сатылары
Барысы Жеңіл Ауыр
Дамуы Тез Біртіндеп, баяу
Гемодинамикалық ерекшеліктері Жүрек шығарымының басым ұлғаюы Тамырлардың шеттік кедергісінің басым күшеюі
Басым жоғары-лайтын артериялық қысым Систолалық Диастолалық
Басты клиникалық белгілері Бас ауыруы, үрейлі сезім билеуі, жалпы қозу, дененің дірілі, жүрек қағуы; мойыннын, кеуде-нің терісінде қызыл дақтардын пайда болуы Бастың қатты ауыруы, жүрек айну, құсу, көз көруінің бұзылыстары, яғни ми сауыт-ішілік қысымның биіктеу белгілері
Созылу ұзақтығы  Қысқа - бірнеше сағат, өте сирек - бір тәулікке дейін   Ұзақ - бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін  
Асқынулардың болуы   Тән емес  Инсульт, ми канайналымының өтпелі бұзылыстары, миокард инфаркты, стенокардия, жүректік астма, өкпенің ісінуі, көз көруінің бұзылысы  

 

Осы жағдайларда бас миы немесе ішкі ағзалардан болуы мүмкін кайтымсыз бұзылыстарды алдын алу, керек болса адамның өмірін сақтап қалу мақсатымен АҚ өте тез, 1 сағаттың ішінде төмендетілуі тиіс. Мұндай науқастар интенсивті терапия немесе реанимация бөлімшелеріне жедел түрде жеткізілуі керек, криздің бұл түрінде гипотензиялық дәрмектерді міндетті түрде вена ішіне салудан бастап, кейін ішуге беретін түріне ауыстырады.

2. Асқынбаған криз. Асқынуы жоқ гипертониялық кризге жатқызылатын

жағдайлар:

• 140 мм с.б.б. жоғары, асқынуы жоқ диастолалық гипертензия;

• асқынуы жоқ артериялық гипертония;

• операциядан кейінгі кезеңдегі асқынуы жоқ гипертензия.

Бұл кризде АҚ 12-24 сағаттың көлемінде баяу төмендетіледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 131; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.