Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

АҚ өзгерген кезде мынадай ережелерді сақтану қажет




Бірқатар зерттеулер АҚ-ң үйде өлшенген деңгейін клиникада өлшенген деңгейден болатындығын көрсетті, үйде өлшенген АҚ 125/80 мм с. б.б., 140/90 мм с. б.б. Клиникалық жағдайда өлшенген деңгейге сәйкес.

Науқастардың өзіндік АҚ бақылаудың негізгі факторы халықаралық стандартқа сәйкес құралдар қолдану болып табылады. АҚ саусақта немесе білезікті өлшейтін құралдар саналмайды, электр құралдарды автоматты пайдалану кезінде АҚ-ң өзгеріс инструкцияларын қатаң ұстану кажет.

АҚ тәуліктік мониторинг жүргізу

Қазіргі уақытта амбулаторияда АҚ ұзақ тіркеу үшін инвазивті емес автоматтандырылған құралдарды пайдаланады. Бағдарламаның ұсынысы бойынша АҚ тәуліктік мониторингтеу сергектік кезеңде 15 мин және ұйқы кезінде 30 мин интервалмен АҚ-ы тіркеу керек.

Сергектік жағдайда АҚ-ң қалыпты көрсеткіші 135/85 мм с.б.б. АҚ кезеңінде 120/70 мм с.б.б., түнгі уақытта АҚ-ң төмендеу сатысы 135/85 мм с.б.б. және жоғары сергектік кезеңге 140/90 мм с.б.б. және жоғары АҚ кезеңінде 125/75 мм с.б.б. және жоғары.

Толық физикалық тексеруге жататындар:

Халықаралық стандартқа сәйкес АҚ 2-3 рет өлшеу;

- бойды, дене салмағын өлшеу, дене салмағының индексін анықтау, жамбас н/е сан айналымын өлшеу, жамбас сан қатынасын есептеу;

- гипертониялық ретинопатияның дәрежесін анықтау үшін көз түбін тексеру;

- жүрек-тамыр жүйесін тексеру: жүрек өлшемдері,тондардың өзгерісі, шулардың болуы, жүрек жетіспеушілігінің белгілері;

- ұйқы, бүйрек немесе шеткері артериялардың патологиясы, аортаның коарктациясы;

- өкпені тексеру (сырылдар, бронхоспазм белгілері);

- құрсақ қуысын тексеру (тамыр шулары, бүйректің үлкеюі, аортаның патологиялық пульсациясы);

- шеткері артерияның пульсациясын тексеру немесе аяқ-қолдарда ісіктің болуы;

- цереброваскулярлы патологияның бар екенін дәлелдеу үшін жүйке жүйесін тексеру.

Міндетті тексерулер, емді бастау алдында жүргізіледі, зақымданған нысана-мүшелер немесе қауіпті факторларды анықтау үшін:

- зәр анализі;

- кең түрдегі қанның жалпы анализі;

- қан анализі (калий, натрий, креатинин, жалпы холестерин немесе жоғары тығыздықтағы липопротеид);

- ЭКГ анықталады.

Арнайы тексерулер анықтамасы сол науқасты емдеу тактикасына әсерін тигізеді:

- кең түрдегі биохимиялық қан анализі, төменгі тығыздықтағы липопротеидті, холестеринді, триглицеридті, зәр қышқылын, кальцийді, глюкозирленген гемоглабинді, креатинин клиренсін аныктау;

- тәуліктік зәрді анықтау (микроальбуминурия, тәуліктік протеинурия, зәрмен бірге катехоламиназаның экскрециясы);

- сол қарыншаның гипертрофиясын систолалық немесе диастолалық функциясын бағалау үшін эхокардиография;

- артерияның ультрасонографиясы;

- бүйрек УДЗ-і;

- АҚ-ң тәулікті мониторингі;

- ангиография;

- компьютерлік томография;

- АҚ-ң көтерілуінің себебін анықтау үшін қолданатын арнайы тексеру әдісі келесі жағдайларда қолдануы;

- жасы, анамнез, физикалық тексерудің анықтамасы және қарапайым зертханалық тесттер, гипертония ауырлығының екіншілік көрсеткіші болуын жоқка шығармайды;

- бұрын қатерсіз өтіп келе жатқан АГ-ң өршіп кетуі;

- анық вегетативті криздің болуы;

- АГ-ң 3-дәрежесі немесе медикаментті терапияға рефрактерлі ;

- АГ-ң кездейсоқ дамуы.

Гипертониялық криз  - систолалық немесе диастолалық АҚ-ның кенет жоғарлауы, сонымен қатар нысана ағзалар қанайналымы бұзылысынын жіті ауырлауы. Академик А.Л.Мясниковтың айтуы бойынша "криз дегеніміз артериялық гипертонияның квинтэссенциясы", яғни оның "койыртпағы", осы аурудың аз уакыттың ішінде күрт өсуі.

ГК тек артериялық гипертониямен емес, симптомдық гипертониямен сырқаттанатын науқастарда да дами береді. Гипертониялық криздер АҚ 160/95 мм с.б.б. көтерілгенде де дамуы мүмкін, бірақ көбіне криз кезінде САҚ 190-270 мм с.б.б., ал ДАҚ 120-160 мм с.б.б. дейін биіктейді.

Негізінде криздің ауырлығы қысымның биіктеу деңгейіне емес, ми мен жүрек жағынан болатын бұзылыстардың ауырлығына тәуелді.

Криздің дамуына түрткі болатын себептер:

• психикалық, эмоциялық стрестер, күйзелістер;

• сұйықтықты, тұзды тағамдарды мөлшерден асыра ішу;

• ауа-райының, атмосфералық қысымның өзгерістері,

метеосезімталдық, көбіне метеосезімталдық омыртқа жотасының мойын-кеуде бөлігінің  остеохондрозы бар немесе неврозға ұшыраған адамдарға тән, ауа-райының құбылысынан болатын криздер күз, көктем айларында жиіленеді;

• вертебробазиллярлық бассейнде қан ағымының жетіспеушілігіне әкелетін бас миының ишемиялық эпизодтары (әсіресе егде жастағыларда); оның бір себебі - түнгі ұйқы кезінде бастың ыңғайсыз жағдайы; осыдан болатын гипертониялық криздер таңертеңгі уақыттарда байқалады;

• инфекциялық ауруларға шалдығу (грипп эпидемиясы кезінде гипертониялық криздер жиіленеді);

• бұрыннан колданып келе жатқан емді бірден үзу (клофелинді, допегитті, β-блокаторларды, изобаринді), яғни "кері соғу" феноменіңпайда болуынан;

• бүйрек кан ағымының рефлекторлық бұзылыстары;

• екіншілік альдостеронизмнің өрістеуі.

Криз дамуының негізгі механизмдері:

• симпатоадренал жүйесінің аса белсенділенуі;

• орғанизмде натрий иондары мен судың тез немесе біртіндеп жиналған іркілісі;

• артерия мен артериолалардың тегіс салалы бұлшықет жасушаларында кальцийлік механизмнің активациясы;

• ренин-ангиотензин ІІ-альдостерон жүйесінің белсенділенуі.

Гипертониялық криздің клиникалық көріністері:

Жедел энцефалопатияның салдарынан болатын шағымдар: бастың қатты ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, фотопсияның әртүрлі белгілері: көздің уақытша көрмей қалуы, қос көріну, көз алдының бұлдырлануы немесе шыбын-шіркей тәрізді көлеңкелер көрінуі. Криздің II түрінде мидың ісінуі басым болады, сондықтан мидың өтпелі ошақты закымдану белгілері байқалуы мүмкін: қолдардың, беттің жансыздануы;

бет аймағында ерін мен тілдің ауырсыну сезімталдығынын төмендеуі;

қолдың әлсізденуі, кейде бір тәуліктің көлемінде сақталатын гемипарез,афазия, құрысулар болады.

Жүрек жағынан болатын белгілер: жүрек аймағының ауырсынуы, жүрек кағуы, шалыс соғуы, ентікпенің пайда болуы немесе күшеюі.

Вегетативтік дисфункцияның белгілері: дененің дірілі, қорқыныш сезімі, шөл, тершеңдік, кейде ыстықтау сезімі және криздің соңында кіші дәретке жиі отырып, көп мөлшерде ашық түсті зәр шығару. Бұл белгілердің себебі – симпатоадренал жүйесінің шамадан тыс белсенділенуі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 102; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.