Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Артериялық гипертония қауіптілігінің критерийлері




Кауіптілік категориялары   Диагностикалық критерийлері  
Төменгі қауіп (І қауіп)   1-ші дәрежелі АГ.Қауіп факторлары жоқ, нысана-ағзалар зақымдалмаған және бірлескен аурулар дамымаған.  
Орташа қауіп (ІІ кауіп)   ІІ-ІІІ-ші дәрежелі АГ. Қауіп факторлары жоқ, нысана-ағзалар зақымдалмаған және бірлескен аурулар дамымаған. І-ІІІ-ші дәрежелі АГ. Қауіп факторлардың саны біреу немесе одан артық. Нысана-ағзалар зақымдалмаған, бірлескен аурулар дамымаған.  
Жоғары қауіп (ІІІ кауіп)   І-ІІІ-ші дәрежелі АГ. Нысана-ағзалар зақымдаған ± өзге қауіпті факторлар. Бірлескен аурулар жоқ.  
Аса қауіп (ІV қауіп)  І-ІІІ-ші дәрежелі АГ± қантты диабет ±өзгеқауіпті  факторлар. Бірлескен аурулар немесе жағдайлар бар.  

 

Артериялық гипертония ДДҰ, ГХҚ (1999) жіктемесі

Категория  САҚ    ДАҚ  
          Оптималды  <120 (100 -119)  <80 (60 -79)  
Қалыпты <130 (120 -129)  <85 (80 -84)  
Жоғары қалыпты  130-139  85-89  
1-ші дәрежелі гипертония  140 -159  90 -99  
2-ші дәрежелі гипертония 160 -179  100 - 109  
З-ші дәрежелі гипертония > 180  > 110  
Шектеу лі систолалық   > 140  < 90  

 

 

ЕСКЕРТУ: 1999 жыл ДДҰ жіктелуі бойынша мүше-зақымдалуы II

кезеңге, ал нағыз ассоцирленген клиникалық жағдай -ІІІ стадияға сәйкес

келеді.

АГ жіктемесі(ДДҰ\ҚААҚ,1999.) 3 дәрежесін көрсетеді.

1 дәреже - САҚ 140-159 мм с.б.б., ДАҚ 90-99 мм с.б.б.

2 дәреже - САҚ 160-179 мм с.б.б., ДАҚ 100-109 мм с.б.б.

3 дәреже - САҚ ≥180 мм с.б.б., ДАҚ ≥ 110 мм с.б.б.

Клиникалық көрінісі. Артериялық гипертонияның көрінісі оның барысына (кризді, қатерлі, рефрактерлі), сатысына және «нысаналық» ағзалардың зақымдану деңгейіне тәуелді. Егде жастағылардың АГ -ның өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, ұзақ уақыттан бері ауруы; екіншіден, патологиялық үрдістің қатерсіз ағымы; үшіншіден, субъективті

белгілердің, клиникалық белгілердің аз болуы. Егде жастағыларда көп жылдан бері АГ-ны тек кездейсоқ АҚҚ өлшегенде анықталады.АҚҚ қайта-қайта тексеру нәтижесінде егде жаста АҚҚ тек қысқа уақытқа, яғни,эмоционалдық, физикалық жүктемеде көтерілетіні анықталынады.

Шағымдарының бірі бастың ауруы. Бас аурудың «типтік», «жұлын сұйықтық», «ишемиялық» және «бұлшықеттік» түрлерін ажыратады. (Ронтберг Г.Е, Струтынский А.В., 2003).

«Типтік» бас ауырсыну - түнде немесе ерте таң сәріде басталады.

Әсіресе бастың шүйде бөлігінде жіті күйдірген ауырсыну, кейде маңдайға және бастың барлық бөлігіне беріледі. Бас ауырсыну көлденең жатқанда,басты төмен бұрғанда, ауыр жөтелде, физикалық күште қозады. Бет пен қабақ ісіңкіреп, тәулік барысында өздігімен басылады.

«Жұлын сұйықтық» бас ауырсыну - бастың бүкіл жері жарылып кететіндей сезім. Бас пен денені қозғалтқанда күшейеді немесе жөтел қысқанда ауырсыну үдейді. АГ-ның қатерлі түрінде, гипертониялық кризде, сауыт ішілік қысым көтерілгенге байланысты. Ауырсынуды және ми ісігін басу үшін дегидротациялық терапия қолданылады.

«Ишемиялық» бас ауырсыну – гипертониялық кризде кездеседі.

АҚҚ кенеттен көтеріліп, бас сынып ауырады. Егде кісілердегі церебральдық қантамырлардағы атеросклероздың әсерінен қантамыр тарылып периваскулярлық ісік дамиды. Сол себепті, ми ішілік қанайналым нашарлап, біріншілік ми қанайналым жетіспеушілік дамиды (бас айналу,мидағы шу, есте сақтау, жұмысқа деген құлшыныс төмендейді). Бұл науқастарда ишемиялық инсульттың болу қауіпі бар. Ауырсынуды басу және ми қанайналымды жақсарту үшін дезагрегаттар, спазмолитиктер кеңінен қолданылады.

«Бұлшықеттік» бас ауру типі – басты орамалмен қысып байлап тұрған сияқты сезім. Психоэмоциональды және физикалық күштемеден кейін біртіндеп басталады. Негізгі себеп – бастың жұмсақ бұлшықетінің жиырылуынан. Қанайналым мен қан тамырдың қатысы жоқ. Шағымы: бас айналу, жүрек айну, құсу. Ауырсыну спазмолитикпен анальгетиктерді қолданғанда басылады.

Дисциркуляторлы энцефалопатия. Егде жастағыларда АҚ көтерілгенде жіті басталады. Дисцеркуляторлы энцефалопатия негізінде ми қантамырларының диффузды зақымдалу орын алады.

Егде жастағыларда АҚ-ның дисциркуляторлы энцефалопатияның әртүрлі клиникалық неврологиялық синдромдар:

- вестибулярлы милық (бас айналу, шайқалу, жүрген кезде шайқалу);

- псевдобульбарлы (сөйлеудің анық еместігі, жұтыну кезінде шашалу);

- экстрапирамидтік (бастың, саусақтың дірілдеуі, қозғалудың баяулауы);

- қантамырлық деменция (сақтау қабілетінің төмендеуі);

1- кезең. Тез шаршау, тітіркенгіш, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі,

бас ауру, бас айналу, баста шу.

2- кезең. Апатия басталады, көңіл күйінің тез бұзылуы, күндіз

ұйқысырау түнде ұйқысыздық, ойлау қабілетінің төмендеуі.

3- кезең.Ипохондриялық-депрессивті синдроммен жүретін, кейде агрессиялық әлсіздік, науқастың өмірлік сапасын төмендетеді.

Невротикалық симптом – бұлшықет тонусының жоғарылауы, бастың қолдың қимылдауы, дизартрия, жұтыну кезіндегі шашалу.

Көз көрудің нашарлауы егде жастағы науқастардың көпшілігіндебайқалады. Көздің тор қабығының қанайналымы зақымдалғандықтан көз алдында «шіркейдің», «тұманның» қалқып тұрғандай сезімде болады. Бірте келе көз көру нашарлап, диплапия дамиды. Бұл көріністердің негізінде көз тор қабығының қантамырларында тұрақты ангиоспазм мен ангиопатияның болуы орын алып, күрделі өзгеріске (тамыр тромбозы, қанқұйылулар, тор қабығының сылынып түсуі, тор қабығының

дегенеративті өзгерістері) ұшыратады. Көздің жүйке жүйе дискісінің ісінуі

мен тор қабығының орталық артериясында тромбоздың салдарынан, көздің

зағиптығына әкеледі.

АҚ бар науқастарда жүрек аймағында ауырсыну байқалады.

Кардиалгия көрінісі басым болады. Ауырсыну физикалық күштемеге байланысы жоқ АҚ көтерілгенде жүрек ұшында байқалады. Ауырсыну ұзақтығы 10 минуттан бірнеше сағатқа созылып, нитроглицеринмен басылмайды. 

Аорта созылғаннан аорталгия типіндегі ауырсыну сезімі байқалады.

Гипертониялық криздің жоғарғы көрсеткішінде аорта аневризмасынан шыдатпайтындай ауырсыну болады.

Егде жастағы науқастарда АҚ мен бірге жүретін тәждік атеросклероз миокардттың оттегіге деген сұранысы артып, стенокардия ұстамасы кейбір ауыр жағдайларда миокард инфарктісіде дамуы мүмкін.

Ентігу, егде жастағы науқастарда АҚ жоғары көтерілгенде басталады.

Жүректің миокард гипертрофиясының диастолалық дисфункциясының әсерінен байқалады. Тыныш күйдегі байқаған ентігу жүректің сол қарыншасының жетіспеушілігін көрсетеді. Егер егде жастағы науқастарда қосымша атеросклерозды кардиосклероз, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және кәрілік эмфизема болса ентігу оңай және тез дамиды.

 Аяқтағы ісік аурудың соңғы кезінде бүйректің экскреторлы қызметінің бұзылуынан қантамырларда натрий мен судың тұрып қалуына байланысты

бұл ағым мына асқынуға әкеледі: бүйректің біріншілік бүрісуі, СБЖ, үлкен қанайналым шеңберінде қанның іркілісі, жүректің бивентрикулярлы жетіспеушілігін көрсетеді.

Эссенциальді гипертония кезіндегі бүйрек жетіспеушілігінің ерте дамыған церебрльді және кардиальді бұзылыстары (инсульт, инфаркт) АГ -ң катерлі ағымына тән. АГ-ң ешқандай асқынусыз дамуы, медикаментозды емнің эффективтілігі, сол ем әсерінен АГ-ң бір деңгейде ұсталып тұруы, АГ-ң катерсіз варианты екендігін көрсетеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 99; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.