Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ойық жара ауруы




Ойық жара ауруы (morbus ulcerosus) дегенiмiз үдеу және ремиссия кезеңдерiнiң алмасуымен өтетін созылмалы рецидивтi ауру, оның негізгі көрінісіне асқазанның және он екі елі ішектің қабырғасында ойық жараның пайда болуымен шектеледi. Ойық жара ауруының таралуы шамамен 7-10%, ер адамдар жиiрек ауырады. Ойық дефект ұлтабарда асқазанға қарағанда 4 есе жиірек кездеседі.

Этиологиясы мен патогенезі. Қазiргi заманғы көзқарас бойынша ойық жара ауруы асқазанның кiлегей қабатының бүтiндiгiн қамтамасыз етiп отыратын қорғаныш механизмдерi мен зиянды факторларға тұз қышкылы, пепсин, ет қышқылдары, Helicobacter pylori, астероидты қабынуға қарсы препараттар, арақ-шарап жатады. Қорғаныс механизмдерге кiлегейлi- бикарбонаттық кедергi, простагландиндер жатады. Созылмалы гастриті бар адамдарды зерттеу кезiнде олардың асқазанынан көптеген бактериялар табылған. Бұл бактерияларды алдымен Campylobacter тобына жатқызған,

кейiн Helicobacter pylori болып өзгерiлген. Гистологиялық зерттеулердiң нәтижесінде Helicobacter pylori 95% және 70% жағдайда ұлтабар және асқазан ойық жараларымен ауырған сырқаттарда табылған . Сондай-ақиммундық бұзлыстар, кiлегей қабатының созылмалы қабыну инфильтрациясы, гастриннің гиперсекрециясы да өз әсерлерін тигiзбей қоймайды. Кейде Helicobacter pylori сау адамдарда да кездесуі мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Ойық жара ауруының негiзгi көрінісі ауыру сезімі, ол асқазан тұсында ортаңғы сызықтан сәл солға немесе сәл оңға (ұлтабардың ойық жарасы) қарай орналасады. Субкардиалды ойық жара кезiнде ауыру сезiмi тура төс сүйегiнiң астынан байқалады. Ауыру сезiмi кеуде тұсының сол жағына, омыртқаның кеуделiк және белдiк бөлiмдерiне берiледi.

Ойық жара ауруы кезiндегi ауыру сезімі тағам қабылдауымен тығыз байланысты. Асқазанның субкардиалды ойық жарасында тамақ iшiсiмен ауырады, ойық жара асқазан денесiнде болса - тағам қабылдаған соң 30-60 минуттан кейiн пайда болады. Ұлтабардың ойық жарасында -тамақтан соң 2-З сағаттан кейiн, түнде, аш қарынға пайда болган ауыру сезiмi тән. Ауыру сезiмi холинолитиктердi, спазмолитиктердi антацидтердi қабылдағанда, жылумен емдеген кезде бәсендейді.

Диспепсиялық шағымдар – жүрек қыжылдауы мен жүрек айнуы, кекіру, кусу, нәжіспің қатуы ойық жара ауруында жиi кездеседі. 

Науқас адамдар қатты жүдеуi мүмкін, себебi олар ауыру сезiмiн болдырмас үшін тағам қабылдаудан бас тартады.

Жоғарыда айтылған белгiлер ойық жара ауруы бар барлық науқастарда бiрдей анықғалмайды. Кей жағдайларда ауыру сезiмi бiлiнбей, ол тек қана асқыну кезiнде табылуы мүмкін.

Ойық жара ауруы бар болса, iштi пальпация жасаған кезде құрсақтыңалдыңғы бұлшықеттерінің ауруы және  резистенттiлiгi анықталуы мүмкін. Осы тұста перкуссия кезiнде шектелген ауыру аймағы анықталуын "оң " Мендель симптомы деп атайды.

Зертханалық көрсеткiштер өзгермеуі мүмкін, анық немесе жасырын қанкету шағыңда анемия байқалады. Нәжістегі жасырын қанды анықтау(Грегерсон, Вебер реакциялары) ауруды табyға көмектеседi.

Асқазанның қышқыл түзгiш кызметі ұлтабардың ойық жарасында көтерiңкi деңгейді көрсетсе, асқазан ойық жараларында калыпты немесе төмендеген керсеткiштер бередi.

Эндоскопиялық зерттеу арқылы ойық жараның бар-жоғын, оныңорналасқан жерiн, пiшiнiн, тереңдігін, көлемiн, жан-жағындағы және түбiндегi тіндердің жағдайын анықтауға болады. Рентген әдiсi эндоскопиялық зерттеудi толықтырып, оны қосымша

дәлелдейтін белгiлердi (бұлшықеттердің циркулярлы жиырылуы, ойық тұсындағы жиырылымдардың конвергенциясы, т.б.) анықтайды.

Асқынуы, әр түрлi жағымсыз факторлардан (физикалық қатты күш түcipy, маскүнемдiк) ойық жара ауруының асқынуы мүмкін. Науқастардың 15-20%-ында ойық жарадан қан кетуі ықтимал, оның клиникалық көрінісі құсықтың түрі "кофе қойыртпағы тәріздес" болуы жене нәжістің қара түске боялуы. Ойық жара асқазанның бүкiл қабаттарын тесiп шығуы мүмкiн (перфорация), бұл  кезде эпигастрий тұсында "пышақ кескендей" ауыру сезiмi, коллапс, алдыңғы құрсақ бұлшықеттерінің "ағаш тәрізді"

қатаюы, iш пердесiн тiтiркендiру симптомдары (Щеткин-Блюмберг) анықталады. Ойық жараның көршiлес ағзаларға eтyiн пенетрация деп атайды. Пенетрацияның клиникалық көріністері: қатты ауыру сезiмi, дененің қалтырауы, ЭТЖ-ның тездеуi. Емдеу шаралары асқыну дамымаған шақта консервативтiк шаралармен (бактерицидтi препараттар, спазмолитиктер, Н2-блокаторлар, антацидтер, симптоматикалық ем)

шектеледi, көмектеспеген шақта хирургиялық ем шаралары колданылады.

Соңғы кезде жара ауруының дамуына бейімдейтін тұқымға, генге байланысты факторлар ажыратылған:

 қанның О (I) тобы, мұндай адамдардың асқазанның кілегей қабығында НР-ге рецепторлардың саны көп болады деген пікір айтылуда, қаны I топты адамдарда жара ауруы 35% -ға жиі кездесетіні анықталған;

 НLA жүйесінің В15, В5, В35-антигендерінің болуы;

 асқазан кілегей қабығында агрессиялық факторлардан қорғайтын заттардың тапшылығы: α2-макроглобулиннің, α1-антитрипсиннің, мукогликопротейндердің т.б.;

 париетальді және тыстаушы жасушалар санының көптігі және соған байланысты тұз қышқылы мен пепсин секрециясының жоғарылығы;

 гастриннің тамақ ішуге байланысты секрециясының шамадан артық жоғарылау ерекшелігі;

 дерматоглификаның жара ауруында кездесетін ерекшеліктері




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 88; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.