Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Геродиететиканың негізгі принциптері. Тамақтану тәртібі




Ағза қартайған сайын зат алмасудың және ағза қызметінің бұзылуы әртүрлі болады және тамақтануда қажетті түзетулерді керек етеді. Қарт жастағы адамдарда тамақтану сұрақтарымен геродиететика ғылымы айналысады.

Қарт жастағы адамдарда негізгі байланыс және физикалық белсенділік төмендейді, сол себепті тағамның энергетикалық құндылығы төмендейді.

Қарт жастағы адамдарда тәуліктік энергияның қажеттілігі

Жасқа байланысты топтар                             Тағамның энергетикалық құндылығы, ккал  
Ерлер: 60-74 жас 75 жас және жоғары    
Әйелдер: 60-74 жас 75 жас және жоғары    

 

Қарт жастағы адамдарда дәрумендердің және минералдардың тәуліктік қажеттілігі

Дәрумендер және минералды элементтер

Ерлер Әйелдер

60-74 жас 75 жас және

жоғары

60-74 жас 75 жас және

жоғары

Тиамин, мг 1,4 1,2 1,3 1,1

Рибофлавин,мг 1,6 1,4 1,5 1,3

В6 дәрумені,мг 1,6 1,4 1,5 1,3

В12 дәрумені,мг 3 3 3 3

Фолацин,мкг 200 200 200 200

Ниацин,мг 15 13 14 14

Аскабин

қышқылы,мг

58 50 52 48

Е дәрумені,мг 15 15 12 12

Д дәрумені,мг 100 100 100 100

Кальций,мг 800 800 800 800

Фосфор,мг 1200 1200 1200 1200

Магний,мг 400 400 400 400

Темір,мг 18 18 18 18

Қарт жастағы адамдар топтарында атеросклероз, семіздік, қант диабеті, артериалды гипертензия, онкологиялық аурулар, остеопороз және т.б. аурулары жиі кездесетіндіктен аурудың алдын алу үшін тағамның құрамы таңдау қажет.

Физиологиялық қажеттілігіне орай тағамның энергосыйымдылығын шектеу қажет, тағамдағы холестерин құрамы тәулігіне 200-300 мг., жалпы тағамның энергетикалық құндылығынан майды 25-30 % төмендету қажет.

Көмірсу мөлшері жалпы тағамның энергетикалық құндылығының 55-60% құрайды, соның ішінде жеңіл сіңірілетін көмірсу (қант) 30-35 г/тәулігіне төмендейді.

Дене салмағының массасына ақуыздың мөлшері 1,0+-0,8г-нан аспауы қажет.

Қарт жастағы адамдарда ақуыздың, майдың және көмірсудың тәуліктік қажеттілігі

Жасқа

байланысты

топтар

Ақуыздар, г

Майлар,г

Көмірсулар,г

Барлығы Соның ішінде жануарлар
Ерлер: 60-74 жас 75 жас және жоғары        
Әйелдер: 60-74 жас 75 жас және жоғары        

Жас келе ағзаға алмастырылмайтын макро- және микроэлементтердің түсуі теңестірілген болуы қажет.

Бір ингредиенттің жетіспеушілігі немесе көп болуы кәрі жастағы адамдарда зат алмасудың бұзылуына алып келуі мүмкін.

Ресей федерациясының тағамтану институты егде және кәрі жастағы адамдарда ақуыз, май және көмірсудың келесі қатынасын ұсынады: 1,0:0,8:3,5.

Тамақтану тәртібі

Тәулік бойы тамақтану реті қатаң регламенттелген болуы қажет. Ең дұрыс рационалды тамақтану 4 реттік болып саналады. Осы жағдайдағы тамақтануда таңғы ас жалпы тәуліктік энергетикалық құндылықтың 25%, екінші таңғы ас 15%, түскі ас 35%, кешкі ас 25%-н құрайды.

Соңғы тағамды ұйқыға дейін 2 сағаттан кешікпей қабылдау қажет. Қарт жастағы адамдардың диетотерапиясы әр түрлі ауруларда геродиететиканың негізгі қағидаларына сәйкес құрастырылуы қажет. Ресей федерациясының тағамтану институты егде және кәрі жастағы адамдардың тамақтану мәзіріне келесі тәуліктік құрамды ұсынады. (4 кесте)

Қарт жастағы адамдардың тамақтану мәзіріне ұсынылатын негізгі тағамдардың тәуліктік жинағы

4-кесте

Тағам Салмағы,г

Қара және бидай наны 250

Макарон өнімдері 30

Жарма (қара құмық, сұлы, жүгері) 60

Өсімдік майы 20

Сары май 10

Қышқыл сүт өнімдері 400

Сүзбеше (майлы емес) 70

Ірімшік 10

Қаймақ 20

Картоп 200

Көкөніс 640

Өсімдік, шырын 300

Қант 30

Әсел 20

Ет (майлы емес) 150

Балық 50

Жұмыртқа 25

Бірнеше тиімді кеңестер

- Етті және балықты қайнатылған немесе бұқтырылған түрде дайындау.

- Ет және балық сорпаларынан бас тарту, өйткені оның құрамында холестерин және экстрактивті заттар құрамы көп болады, олар өз кезегінде атеросклероз дамуына алып келеді.

- Егер қуырылған еттен бас тарта алмаса, оны майсыз арнайы табада немесе грильді қолдан у керек, сонда канцерогенді заттардың түзілуі төмендейді.

- Көкөністерді буда немесе өз шырынында бұқтырса, сол арқылы құрамындағы құнарлы заттары және спецификалық иісі сақталады.

- Тағамның майын қалқып алу керек: май судан жеңіл, сол себепті тамақты қайнатқанда немесе бұқтырғанда тағам бетіне қалқып шығады.

- Әр науқастың тамақтануын бақылауды үйрету. Тамақты көп жеп қоймас үшін асықпаңыз, тойғанды сезіну үшін уақыт керек екендігін түсіндіру.

- Үйде түстену кезде, күнделікті порцияның жартысын салуды ұсыну.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 112; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.