Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Омыртқа остеохондрозы




Егде және қарт жастағы адамдарда тірек-қимыл аппараты ауруларының ішіндегі омыртқа остеохондрозы негізгі өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі заманда өмірдің жағдайының өзгеруіне (аз қимылдау, тамақтану тәртібінің сапасының өзгеруіне) байланысты жер шары тұрғындарының 40-80% остеохондрозбен ауырады. Бұл ауру қарттарда кең тараған 60 және одан үлкен жастарда тұрғындар популяциясында остеохондроз жиілігі 95-100%-ды құрайды.

Остеохондрозбен ерлерге қарағанда әйелдер жиі ауырады, бірақ ерлерде жиі өршу болып көп жағдайда ота жасалынып мүгедектікпен зейнетке шығады. Жыл өткен сайын ауыратын науқастар  саны көбеюде.

Остеохондроз тек медицинаның ғана емес әлеуметтік мәселе болып табылады. Омыртқа остеохондрозы омыртқа жотасының дегенеративті-дистрофиялық өзгерістері жиі 30 жастан асқанда дамиды. Соңғы жылдағы зерттеулер нәтижесі бойынша остеохондроз жасаруда. Аурудың рентгенологиялық және клиникалық белгілері қазіргі кезде 12-15 жастағы балаларда да кездеседі. Омыртқа жотасының дегенеративті–дистрофиялық өзгерісінің идеологиясында эндогенді (дизэмбриогенез, омыртқаның

аномальды дамуы, тұқым қуалаушылық, жастық өзгерістер) және экзогенді (омыртқаның жарақаты, интоксикациялар және т.б .) өзгерістер болып табылады. Омыртқаның ең жиі зақымданушы бөлігі омыртқааралық дискі болып табылады, өйткені олардың қанмен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан регенерацияланбайды. 35-40 жаста дисктің барлық элементтерінде - ядро, фиброзды сақина, гиалинді пластинкасында

біртіндеп кебуі мен тығыздалуы байқалады. Содан кейін екіншілік спондилез – омыртқаның денесінің  шеттерінен сүйекті өсінділер (остеофиттер) дамиды. Остеохондроз кезінде остеофиттермен шығыңқы дискілердің жұлынды және өсінділерін, жұлын тамырларын қысуынан неврологиялық бұзылыстар болады.

Остеохондроздың клиникалық көрінісі полиморфты. Ол омыртқаның зақымданған деңгейімен анықталады. Омыртқа остеохондрозының негізгі түріне мойын және бел- сегізкөз бөлігінің зақымдануы болып табылады.

Мойын омыртқасының остеохондрозы-ағзаның анатомо-физиологиялық ерекшелігіне байланысты клиникалық көріністері және полиморфизммен айқындалады. Клиникасы көптеген: цервикалгия, кардиалгия, жұлындық, түбіршекті, омыртқа артериялары, алдыңғы сатылы бұлшықеттер, иық -жауырын периартрит, эпикондилит, білек сүйегінің стилоиды және т.б.

әртүрлі комбинациялық синдромдарды құрайды. Жас келе түбіршекті синдром жиілейді. Мойын бөлігі омыртқасы жұлыны түбіршектерінің қысылуы мойын, иық, бұғана, білек, қол басы, бұлшықеттерінің созылмалы парестезиялы ауырсынуымен байқалады. Қозғалыстағы бұзылыстар әсіресе білезік пен саусақтарда кездеседі. Терінің сезімталдығы бұзылады. Мойын омыртқасының остеохондрозы көп жағдайда созылмалы цервикалгиямен көрінеді. Ол басты ұзақ бір бағытта ұстағанда, белсенді  қозғалтқанда, жүйке түбіршектерінің компрессиясы және ирритациясы ретінде байқалады. Омыртқа артериясының

симпатикалық жүйке шоғырының ирритациясында және мойын

омыртқасының жарты ай тәрізді сіңірлі-сүйекті өсінділерімен

компрессиясында, доға өсінділері буындардың шығуында омыртқа

артерияларының синдромы туындайды. Ол бастың шүйде, төбе аймағының

қысып, басып ауруымен, бас айналуымен, құлақтың шулауымен, көздің көруі мен құлақтың естуінің төмендеуімен және т.б. сипатталады. Қарттар мен егде жастағы адамдарда синкопальды, вертебральды синдром байқалады. Бұл кезде басты тез бұрғанда омыртқа мен базиллярлы артериялар бассейнінде ишемия үдеуінен – науқастың басы айнып, жүрегі айналып, құсу, кейде талып қалу да байқалады. Мойын омыртқасының остеохондрозы жүрек аймағының ауырсынуымен (кардиалгиямен)

көрінеді. Спиналды синдромы кезінде мойын, иық аймағының ауырсынуы, әлсіздік, гипотензия, қол бұлшықеттерінің атрофиясы, беткейлі сезімталдылығының бұзылыстарымен көрінеді. Иық, жауырын периартритінде иық буынның ауырсынуымен, жиі оң жақтың, түнгі ұйқы кезінде тұмсық тәрізді өсінділердің ауырсынуымен, дельта тәрізді бұлшықеттің инсерциясының, иықтың ротациясының шектелуімен, қолдың қызметінің төмендеуімен сипатталады. Алдыңғы сатылы бұлшықет синдромында иық және қол басының ауырсынуы парестезиямен, қолдың әлсіздігімен, ауырлықты сезінуімен, терінің жергілікті бозаруымен, тері қызуының көтерілуімен, пульстің ассиметриясымен сипатталады. Зақымдалған жағының бұлшықетін басқанда, терең дем шығарғанда, басты қарсы жағы на бұрғанда

ауырсынулар сезіледі. Аурудың клиникалық белгілерін науқасты физикалық зерттеулер толықтырады. Мойын омыртқасының остеохондрозында мойынды алға еңкейткенде қысқаруына, лордоздың үдеуіне, кейде мойынның аздаған сколиозы әсерінен бір жағына қисаю ына және анталгиялық қалыпқа әкеледі. Қарттарда бұл өзгерістер қайта қалпына келмейтін орғаникалық сипатта болады. Мойынның тіндерін, кеуде қуысын пальпациялағанда, қозғалыс кезінде «сықыр» естіледі. Егде

жастағылар және қарттарда мойын омыртқасының остеохондрозында жұмсақ тіндерінде дистрофиялық өзгерістер анықталады. Жас ұлғайған сайын алақан апоневрозының контрактурасы, тыртықты тығыздалулар анықталады. Қарттарда мойын омыртқасының остеохондрозы жиі спондилезбен, унковертебральды неоартрозбен, артроздарм ен, Шморл жарықтарымен және т.б. бірге жүреді. Омыртқалардың рентгендік зерттеулерінде омыртқааралық қуыстардың кішіреюін, сүйекті өсінділермен омыртқаның денесінің субхондралды склероздану мен азғана

остеопороздар анықталады.

Бел омыртқаларының остеохондрозы

Клиникалық симптомдарына бірінші ауырсыну, түбіртекті және статикалық синдромдармен сипатталады. Бел омыртқасының остеохондрозының этиологиясында жарақаттық факторлардың алатын орны ерекше.

Негізгі клиникалық белгілеріне бел-сегізкөз аймағының (люмбалгия)ауырсынуы немесе оның жамбас пен сан аяққа иррадиациялануына (люмбоишалгия) немесе тек аяққа (ишалгия) берілуімен жүреді. Жиі ауырсыну бел аймағының, бел-сегізкөз аймағының физикалық күш түсуден кейін, ұзақ ыңғайсыз қалыпта отырғанда, бірден еңкей генде, қатты ауырсынумен басталады. Ауырсыну жайылмалы, шаншыған, сирек сыздаған сиппатта болады. Ауырсыну оқыс қимылда, дененің қалпын өзгерткенде, бір қалыпта ұзақ отырғанда, түшкіргенде, жөтелгенде, және т.б. жағдайда ұлғаяды. Ауырсыну және сипағандағы сезімталдылық төмендейді. Кейде гиперестезия болады. Тұрақты Ласега симптомында созылған аяқты жоғары көтергенде ауырсыну болады. Сонымен қатар қайшылы Ласега симптомында зақымданған жақтағы ауырсыну сау аяқты көтергенде пайда болады. Созылмалы белгілерінің симптомдарына: Нери –

басты пассивті еңкейткенде бел аймағында ауырсыну пайда болуы,

Дежерина жөтелгенде, түшкіргенде ауырсыну сол жерде пайда болуы,

Вассерман – науқасты  ішіне жатқызып, аяқта, жамбас-сан буынды

ауырсыну шап аймағында бүккенде пайда болуы. Мацкевич – тізе буынды

ішіне қарай бүктіргенде сан сүйегінің алдыңғы беткейін ауырсынуы

жатады, соңғы екі симптом сан жүйкесінің невритінде байқалады. Көп

науқастарда бел омыртқасының остеохондрозында балтыр бұлшықетінің

атрофиясы анықталады. Бұлшықеттер атрофиясы оның тонусының

төмендеуімен кейбір бұлшықет топтарының парезіне дейін байқалады,

бірақ сирек кездеседі. Омыртқааралық дискілердің дегенеративті өзгерістері вегетативті бұзылыстармен бірге жүреді. Ауа -райы өзгергенде, түшкіргенде ұлғаятын, ашып, шаншып, қышымалы ауырсынумен, жүйке түбіршектерінің зақымданумен жүреді. Сонымен қатар вазомоторлы бұзылыстар: аяқ-қолдың мұздауы, тері қызуының төмендеуі, тамырлы спазм, пульстың жоғалуына дейін білінеді. Вегетативті бұзылыстарға трофикалық симптомдар: цианоз, дисгидроз, терінің қабыршақтануы,

кебуімен білінеді.

Бел омыртқасының остеохондрозы висцеральды синдромдарына –зәрді ұстай алмауы, болмай қалуы, сфинктердің салдануы, жамбас түбі бұлшықетінің салдануы, зәр шығару кезінде ауырсынумен және қуықтың гипотониясымен байқалады. Бел омыртқасының остеохондрозы бел лордозының болмауымен немесе тегістелуімен сипатталады. Сирек гиперлордоз – «тақтай симптомы», «асқақ жүріс» пайда болады. Бұл ауырсынумен бірге жүреді. Бел омыртқасының остеохондрозы ауыр асқынуында «ат құйрығының» компрессиялық синдромы (салданған ишиас) бұның нәтижесінде баяу және жіті люмбоишиалгиялық синдромынан өкше парезі, зәр шығару бұзылып, зәрдің бөгелуіне дейін әкеледі: сонымен парезден кейін ауырсыну және вертебральды синдромдар жойылады. Бел омыртқасының остеохондрозының динамикасы клиникалық белгілерімен рентгендік симптомдардан (омыртқааралық аймақтың тарылуы) тұрады.

Емі

Остеохондроздың емі кешенді түрде жүргізіледі. Рационалды тамақтануды сақтау, емдік тамақ, семіздікпен күресу (майлы, тез қорытылатын көміртектерді қолданбау керек, аздыратын емдәм және т.б), адекватты қимыл тәртібін сақтап, емдік дене жаттығуларын орындау.Өршу кезінде зақымдалған бел омыртқа бөлігіне тыныштық жағдай жасау ұсынылады: жартылай төсекті тәртіп, төсеніш асты шитті кереует, тек бас

және мойынға арналған пәс жұмсақ жастық, құрғақ жылу тағайындау, ауырсынуды басатын тітіргендіргіштер: қыша қағаздар тағайындау. 8 -10 күндік қатаң емес төсек тәртібі ауырсынуды азайтады, қозғалу белсенділігін арттыру керек, ол остеопороз бен бұлшықет атрофиясын болдырмайды. Мойын омыртқасының остеопорозында құрсауды бастапқыда үнемі, кейіннен кезеңдік жартылай қатты жағына тағу керек.

Бел омыртқасының остеохондрозында кезеңдік құрсау  тағу керек, белге салмақ аз түсу үшін, физикалық жұмыс істеушілерге штангисттің белбеуін тағу керек. Дәрмекті емі қарттарда гериатриялық фармакотерапияның тәртіптері бойынша тағайындалады. Жіті кезеңде анальгезирлеуші дәрмектер (баралгин 1-2 таб – 2-3 рет тәулігіне, 0,5 мл бұлшықетке, анальгин 50% - 1 мл бұлшықетке, тәулігіне – 2 гр-нан аспау керек)

транквилизаторлармен бірге (феназепам, реланиум) берілу керек, новокаин -гидрокортизонды блокадалар: симпаталгияда финлепсинді антидепрессанттармен (амитриптиллин және седативті дәрмектермен) бірге берілу керек. Тиімді болмағанда тамыр ішіне инфузиямен анальгетиктер (баралгин) кортикостероидтар, новокаин,

десенсибилизирлеуші дәрмектермен бірге тағайындалады. Патологиялық бұлшықет тонусын төмендетуге баклофен, фенибут, реланиум, лидокаин және т.б. миорелаксанттар беріледі. Ісікті басу үшін жіті кезеңде алғашқы үш күнде: фуросемид және лазикс бұлшықетке; урегит, сорбитол тамыр ішіне, кейде күшті (фуросемид) және калий сақтаушы салуретиктер беріледі. Қабынуға қарсы терапия ретінде

вольтарен (диклофенак), мовалис, метиндол, напроксен бұлшықетке

тағайындалады. Жіті кезеңде айқын ауырсыну синдромында

кортикостероидтар (дексаметазон ішке және метипред бұлшықетке)

тағайындалады. Бейстероидты қабынуға қарсы дәрмектерді 10 -14 күннен

артық берілмеу керек. Қан айналымды жақсарту үшін трентал, эуфиллин,

но-шпа, компламин, эскузан, троксевазин тағайындалады. Кешенді

терапияға сіңіретін әсерлі: биогенді белсендіргіштер (шыны тәріздес дене, плазмол, ФиБС, гумизоль, алоэ) бийхинол, лидаза, пирогеналь, синаптикалық нейрональды өткізгіштік жақсарту үшін: прозерин, амиридин, сангвиритин беріледі: метаболикалық және жалпы қуаттандырғыш терапия: В тобының дәрумендері, токоферол, аевит,

фосфаден, АТФ, кокарбоксилаза, румалон, аскорбин қышқылы тағайындалады. Ганглиоблокаторлар (бензагексоний, ганглерон) ұзақ ауырсыну синдромында нейтрофикалық бұзылысында бұлшықет атрофиясында ретоболил Е дәрумендерімен және антихолинэстераза дәрмектерімен беріледі.

Жергілікті көңіл аударушы (отвлекающий) және қабынуға қарсы дәрмектер димексид тағайындалады. Негізгі кешенді емге емдік дене шынықтыру, әсіресе емдік гимнастика жатады. Ол омыртқа тініндегі метаболизмді қалыптастырушы, бұлшықет қызметінің белсенділігін жоғарылатып, қозғалу көлемін ұлғайтады.

Емдік гимнастика 5-10 күннен 35 минутқа дейін жүргізіледі Гериатрияда емдік гимнастиканы қауіптілікті сақтап қолданылады. Тез қимылды гимнастикаларды алғашқы кезде қолданбайды. Гимнастиканы, жаттығуларды бұлшықеттерді босататын жаттығулармен алмастырып отырады. Ауырсыну синдромдарында тыныс алу жа ттығуларын

тағайындайды. Керекті кешенді емге уқалау да жатады. Теріні механикалық тітіркендіру метаболизмді жақсартып, қан-лимфа айналымды жақсартып, жүйке жүйесінің қызметін жоғарылатады, бұлшықеттің жұмысын жақсартуға ауырсынуды басатын әсер береді. Уқалауды жіті ауырсынуды басқаннан кейін сипалаумен жайлап бастайды. Мойын омыртқасының остеохондрозында жағалық аймақты, жоғарғы кеуде

аймағын, керек болса қолды да уқалайды. Бел омыртқасының остеохондрозында осы аймақты, төменгі кеуде бөлігін, жамбас аймақт ы, аяқты уқалайды. Уқалауды күніне 20-30 минуттан 10-15 рет жүргізеді.

Физиотерапияны қарттарда байқап, кейбір шектеулермен қолданады.

Оларға ультра күлгін сәулелендіру, ультрадыбыс, синусоидальды модульдеуші токтар, фоноферез жатады. Гидрокартизон немесе новокаин, парафин, озокерит, балшықпен емдеу, гидротерапия – радонды, сульфидті, шөптік ванналар ем курсына 10-12 рет, мануалдық терапия, ине шаншу және т.б., қарт науқастарды санаторлы-курорттық емді өзінің климаттық аймақтарындағы санаторияларда өткізіледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 78; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.037 сек.