Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

лтабар жарасының даму механизмін қысқаша келесі сызбамен келтіруге болады.




H. pylori

 

Антральдік гастрит

 

Гипергастринемия

 

Тұз қышқылының гиперсекрециясы

 

Ұлтабар эпителиінің асқазандық метаплазиясы

 

Ұлтабардың асқазандық метаплазияға ұшыраған эпителиінің

 

H. Pylori-мен колонизациясы

 

Дуоденит (бульбит)

 

Ұлтабардың жарасы

 

Жара ауруының жіктемесі

I. Аурудың түрі бойынша

а) алғаш анықталған;

б) рецидивтеуші.

II. Жараның орналасуы бойынша

а) асқазанда:

 кардийлік және субкардийлік;

 медиогастральдік (денесінің, кіші және үлкен иіннің);

 антральдік;

 пилорикалық каналдың.

б) ұлтабардың (бульбарлық, постбульбарлық).

III. Үдерістің фазасы:

а) өршу (жаралы ойықтық және асқазанда немесе ұлтабарда қабыну

белгілерінің болу кезі);

б) басыла келген өршу жара жазылып бітелген, бірақ қабын у белгілері

жойылмаған кез);

в) ремиссия (жара жазылып бітелген және қабыну белгілері жойылған

кез).

IV. Аурудың ағымына қарай:

а) ауыр (өршуі жылына 3 рет немесе одан жиі);

б) жеңіл (өршуі жылына 2 рет);

в) жеңіл (өршуі 1-2 жылда 1 рет немесе одан да сирек);

г) латентті (клиникалық белгілері жоқ, кездейсоқ рентгенография немесе

эндоскопия жасағанда анықталатын жара).

V. Секрециялық функциясына қарай:

а) жоғары;

б) қалыпты;

в) төмен;

г) ахлогидрия.

VI. Асқынулары:

а) қан кету;

б) пенетрация;

в) перфорация;

г) тыртықтық деформация;

д) пилородуоденальдік бөліктің стенозы:

 компенсацияланған;

 субкомпенсацияланған;

 декомпенсацияланған;

е) малигнизация (ойық жара обырға айналуы).

Клиникалық көрінісі

Жараның клиникалық көрінісі оның фазасына, орналасу

ерекшелігіне және асқынуларының болу-болмауына тәуелді. Жара

ауруының өршу фазасына келесі синдромдар тән:

 ауырсынулық (жараның орналасуына байланысты

ерекшеліктерімен);

 асқазандық диспепсия;

 ішектік диспепсия; 

 астеновегетативтік;

 жаралы кемістік синдромы;

 асқынулар синдромы.

Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері

1. Қанның жалпы анализі.

Жара ауруында эритроциттер және гемоглобиннің көбеюіне бейімділік

анықталады.

2. Асқазанның секрециялық функциясы.

Зерттеу мәліметтері нақты болу үшін стимуляцияны пентагастринмен

жасаған тиімді. Пентагастриндік стимуляциямен (МСС) тыстаушы

жасушалардың санын шамалап анықтайды, мысалы, пентагастриндік

стимуляциямен анықталған 1 ммоль/сағ МСС 50 млн. шамасындағы

тыстаушы жасушаларға сәйкес келеді, ал 22 ммоль/сағ деңгейде гі МСС

асқазанның кілегей қабығында 1 млрд. тыстаушы жасушалардың болуын

дәлелдейді.

Ер кісілердің қалыпты ВСС көрсеткіші 5 ммоль/сағ. аспайды, МАО 18-26 ммоль/сағ.аралығында. Әйелдердің қалыпты көрсеткіші бұдан 1/3 төмен.

Асқазанның жарасында секрециялық функция айтарлықтай өзгермейді, ол қалыпты күйде сақталады немесе сәл биіктейді. Секрецияның төмендеуі сирек кездеседі, төмендесе де сәл ғана төмендейді.

Әдетінде, ұлтабардың жараларында базальдік (БСС) және максимальді стимуляцияланған секрецияның (МСС) көрсеткіштері 1,5-2 есе жоғары болады. Секрецияның күшеюі, бұдан басқа антральдік және пилорикалық жараларда байқалады. Жара ауруына асқазан обырынан айрықша ахлоргидрия тән емес.

3. Рентгенологиялық зерттеу.

Рентгендік зерттеуде анықталатын жараның тікелей және жанама белгілерін айырады. Жараның тіке белгісі – асқазанның немесе ұлтабардың қабырғасында анықталатын ойық. Ойықтың пішіні сопақша, дөңгелек, саңылау немесе конус тәрізді болады.

 Жараның жанама белгілері:

 барийдің жараның қуысында тұрып қалуы (тұрақты контрастты дақ түрінде көрінетін);

 барий сульфатының асқазанда бөгелуі немесе одан тез өтуі;

 дуоденогастральдік рефлюкс;

 бүрмелердің жараның ауызына қарай бағытталуы (конвергенциясы);

 кардийдің шамасыздығы, асқазан-өңештік рефлюкс;

 асқазанның немесе ұлтабардың кейбір аймақтарының түйілуі;

 жараға қарама-қарсы қабырға аймағының, бұлшықеттің

циркулярлық  жиырылысынан, қуыс ішіне тартылуы – да  Кервеннің сұқ саусақ белгісі; жара табылмағанның өзінде, бұл белгі оның болуын дәлелдейді;

 перигастриттің, перидуодениттің салдарынан асқазанның немесе

ұлтабардың деформациясы.

4. ФЭГДС – жараны анықтайтын ең нақты әдіс.

Эндоскопиялық көріністердің түрінен жараның бірнеше күйлерін

айырады: активті жара, тыртықталып (жазылып) келе жатқан жара және

жара орнындағы тыртық. Өршу кезінде жараның шеті қызарады және жұмырланып сәл төмпектеу болады, түбінде ақшыл сұр немесе сарғыш

некроздық заттар көрінеді. Жараның айналасындағы кілегей қабық ісініп

қызарады.

Жара жазыла бастаса, оның айналасындағы гиперемия азаяды,

жараның шетіндегі қабыну мен ісінудің белгілері басылады, түбі тазарып

грануляциялық тінге тола бастайды, соңыңда жараның аузына қарай

бағытталған нәзік, қызғылт түсті тыртықшалар пайда болады.

Жара жазылуының «қызыл» және «ақшыл» тыртық аталатын 2

фазасын айырады. «Қызыл тыртық фазада, жараның орнында ошақты

гиперемиямен бірге сызықша немесе жұлдызша тәрізді ойық көрінеді

(жаңа жазылған жараның көрінісі). Жүре-бара тыртықтың жас

грануляциялық тіні коллагендік тінге ауысады. Бұл кезде тыртықтың түсі

ағарады, жара толық жазылған боп саналады. Жара жазылғаннан кейін

көбіне асқазанның немесе ұлтабардың деформациясы қалыптасады.

Эндоскопиялық зерттеуде обырдан күдік туатын болса, жара шетінің және

түбінің бірнеше нүктелерінен биоптаттар алынуы тиіс.

5. Нәжісті жасырын қанға зерттеу. Грегерсен-Вебер сынамасын аз

мөлшерде қан кетуден күдіктенгенде жасайды, мәселен, анемия болса.

Диагностикасы

Диагноз келесі белгілерге негізделеді:

Негізгі белгілер:

 осы ауруға тән шағымдар және жара ауруына тән анамнез;

 эндоскопияда жараның табылуы;

 рентгендік зерттеуде «ойық» белгісінің болуы.

Қосымша белгілер:

 эпигастрий аймағында ауырсыну нүктелері, бұлшықеттің

локальді ширығуы;

 базальді және стимуляцияланған секрецияның жоғарылауы;

 рентгендік зерттеудің «жанама» белгілері;

Емі

Қарт адамдардағы ойық жараны емдеу сызбасының айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Тек бұл сырқат түрін қарт және егде адамдарды емдегенде стационарлық жағдайда жүргізген дұрыс:

1. аурудың өршуіне түрткі болатын ықпалдарды тоқтау;

2. диетотерапия;

3.дәрмектік ем;

4. физиотерапия.

Эрадикацияны жасау жобалары

7-10 күнді «үшқұрамдық» емі («триплеттік») жобаларының сызбалары.

1- сызба

1. Омепразол 20 мг 2 рет немесе ланзопразол 30 мг 2 рет;

2. Метронидазол 400 мг 2 рет;

3. Кларитромицин 250-500 мг 2 рет немесе амоксициллин 500 мг 4 рет,

немесе 1 г 2 рет, немесе екеуін жұптастырып: кларитромицин 500 мг

+ амоксициллин 1 г күніне 2 рет.

2-сызба

1. Фамотидин (квамател) 20 мг 2 рет;

2. Амоксициллин 500 мг 4 рет;

3. Метронидазол (клион) 500 мг 2 рет.

Соңғы кездерде үшқұрамдық емнің (ремиссияға жету) және емнің

нәтижесін бекітіп жалғастыру (ремиссияны бекіту) принциптері

қолдануда:

3- сызба

Үшқұрамдық ем (контролок, клацид, клион).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 93; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.