Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарға үй жағдайында күтім жасау




ДДҰ сарапшылары тарапынан Альцгеймер ауруы қоғамдағы маңызды әлеуметтік, экономикалық және психологиялық проблемалардың бастау көзі болып танылған. Сондықтан да науқастар медициналық -әлеуметтік қызметкерлердің ерекше назарына мұқтаж болады. Ал мұндай қызметкерлерде сыпайылық, шыдамдылық, науқасқа деген құрмет сезімі болуы керек.

Науқасқа сапалы жәрдем көрсетіп, оның азап-қайғысын мейлінше жеңілдету үшін, қызметкерлер Альцгаймер ауруының бастапқы және соңғы сатысындағы негізгі сиптомдары мен белгілерін білуі шарт.

Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастардың күтімі кәсіби біліктілікті қажет етеді, ал егер бұл міндет туысқандарға жүктелсе, бұл науқасты үлкен эмоционалдық стреске алып келуі мүмкін. Туысқандар өзінің жақын немесе сүйікті адамының кері кетіп жатқанына қиналады, бірақ көмектесе алмайды. Ал жақын адамдардың әлсіздігі тек науқастың ғана емес, олардың өздерінің де денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Осыған байланысты мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлер науқасқа үй жағдайында күтім жасаушыларға психологиялық жәрдем көрсетіп, көптеген қиындықтардың алдын алу амалдарын үйрету керек.

Науқастың үйінде күтім жасаушы туысқандары үшін арнаулы нұсқаулық әзірлеп, онда орындалуы қажет әрекеттер мен нұсқауларды рет -ретімен көрсету керек.

1. Күн тәртібін орнату

Науқастың өмірін ұйымдастырып, реттеу арқылы сіз оны өзі үшін қиын шешімдерді қабылдаудан арылтасыз. Күн тәртібі адам үшін қалыпты әрекеттерден тұруы керек: таңертең ояну, таңғы гигиеналық шараларды орындау, гимнастикалық жаттығулар жасау (тұлғаны айналдыру, қолдарды айналдыра қимылдату сияқты жеңіл жаттығулар болса да жаман емес), дәрі қабылдау, таңғы ас ішу, серуендеу, дәрі қабылдау, түскі ас, күндізгі ұйқы, бесіндік ас, өзіне күтім жасау немесе жеңіл үй шаруаларымен

айналысу (аурудың бастапқы кезеңінде) сияқты әрекеттерді қамтитын еңбек терапиясы, дәрі қабылдау, кешкі ас, кешкі гигиеналық шараларды орындау, ұйықтау.

2. Өзін қадірлеу сезімі

Науқасқа өзін қадірлеуге көмектесу маңызды. Туысқандар оның аса маңызды нәрсені ұмытып кеткенін немесе өзінің басқаша әрекеттер жасайтынын көрсетіп, кейімеуі керек. Көпшіліктің қателігі мынада: науқас олар үшін толыққанды, сана-сезімі дұрыс адам болудан қалады да, науқастың көзінше оның денсаулық жағдайын талқыға салады, ал бұл науқастың мазасыздығын тудырып, жағдайын нашарлатады. Ашу мен

реніш пайда болса, мәселе де қиындай түседі, өйткені науқас жақындарына деген сенімін жоғалтып, өз ішінде тұйықталып қалады. Қиын жағдайды жеңудің ең тиімді тәсілі – бірге көбірек күлу. Әзіл-қалжың – стрессті жеңудің ең жақсы құралы.

3. Қауіпсіз орта

Науқас жадын жоғалтса немесе қозғалыс үйлесімділігі бұзылса, оның зақымдану немесе жарақаттану мүмкіндігі де артады. Сондықтан оның туыстары әлеуметтік қызметкерлермен бірлесе отырып, үйде мейлінше қауіпсіз орта қалыптастыру керек.

 қамқорлықтағы адамды мүмкіндігінше жалғыз қалдырмау;

 шаруамен кету қажет болса, газды өшіру;

 қауіпті электр құралдарды тығып тастаңыз;

 кесетін немесе тесетін құралдарды, дәрі-дәрмекті науқастың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;

 тамақты жылыту үшін қысқатолқынды пешті жақсы орнатып қойыңыз;

 түнде білте шамды жағып қойыңыз;

 науқастың қатты суықтауына немесе ысуына жол бермеңіз, оған ауа райы жағдайына сай киім таңдауға және киінуге көмектесіңіз.

Бөлменің немесе үйдің жабдықталуына ерекше көңіл бөлінуі керек:

 терезелерге құлып салып, пәтер немесе бөлме есіктері іштен жабылмайтын болуы керек;

 науқасқа үйреншікті болып қалған жиһаздардың орнын ауыстырмау;

 жуынатын бөлмеде немесе дәретханада арнайы тұтқалар орнату;

 жуынатын бөлме немесе дәретхана құлпы сырттан ашылуы керек;

 едендер тайғанақ болмай, ондағы кілем-төсеніштер жылжымайтындай болуы керек;

 жиһаз мықты болуы керек.

4. Тығыз байланыс

Ауру дамыған сайын науқас пен оны күтуші адам арасындағы қарым-қатынас қиындай түседі. Қомқорлықтағы адамға шаршағаныңызды білдірмей, бойыңыздан оны соңына дейін тыңдауға күш табудың маңызы зор. Науқаспен неғұрлым көп қарым-қатынас жасалса, сырқат та соғырлым баяу дамиды.

 әңгімеге тартып немесе бір нәрсе сұрар алдында, науқастың сізді тыңдап жатқанын тексеріңіз. Егер тыңдамаса, оны қызықтыруға тырысыңыз;

 науқаспен анық, асықпай сөйлесіңіз. Көзіңізді оның көзінің деңгейінде ұстауға тырысыңыз;

 сүйіспеншілік пен жан жылуын көрсетіңіз. Науқасты қайта -қайта құшақтап, қолын ұстаудан, оған қарап күлімсіреуден қорықпаңыз;

 науқас жаңылысып жатса да, оның сөзін мұқият тыңдаңыз. Абайлап, сыпайылықпен оны дұрыс бағытқа салыңыз;

 оның қандай қимылдарға немесе сөздерге жақсы назар аударатынын анықтап, қарым-қатынас барысында соларды қолдануға тырысыңыз.

5. Сыртқы көрінісі

Альцгеймер науқастарын сыртқы көрінісі бойынша бірден тануға болады. Егер бұған көңіл бөлмесек, науқас дұрыс, үйлесімді киінуден қалады. 

 бірінен кейін бірі киілетін киімді ретімен орналастырыңыз;

 киім таңдаған кезде пішімі күрделі, түймесі мен ұсақ ілгегі көп киімдерден аулақ болыңыз. Резеңке немесе жабыс қаққа негізделген киімдер ыңғайлы. Матасына да көңіл аударыңыз, ол денеге жағымды тиетіндей болуы керек;

 науқастың үстіндегі дұрыс киілмеген киімді дұрыстап, оның жақсы кигенін, бірақ осылай болса, одан да жақсы болатынын айтыңыз;

 аяқ киімі де үлкен немесе тар болмауы керек.

6. Науқас гигиенасы

Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастар жуыну немесе басқа да тазалық шараларын қажет етпейді. Бұл әрекеттердің қалай орындалатынын ұмытатындар да болады. Өз жәрдеміңізді сыпайылықпен, оның намысына тимейтіндей етіп көрсетіңіз.

 жуыну барысын ұнамды етуге тырысыңыз;

 науқасқа душ немесе ванна қабылдау қажеттілігін сезіндіріңіз. Егер ол көнбесе, көңіл-күйі өзгергенге дейін біраз күте тұрыңыз;

 науқасты қимылсыз қалдырмаңыз. Шамасы келгенше барлық нәрсені өзі жасасын;

 ванна қабылдау барысында пациент қысылмауы үшін, дененің кейбір аймақтарын жауып қойыңыз.

Үй жағдайында науқастарды жуынатын бөлмеде орнатылған орындықта жуындырған ыңғайлы. Орындық алдын ала төселген резеңке кілемшеге орналастырылады. Науқасты шешіндіріп, орындыққа отырғызады да, аяқтарын мұқият ванна ішіне өткізеді (егер ваннаның аяқтары өте биік болмаса). Мұндай қалыпта сізге де, оған да ыңғайлы болады.

7. Дәретханаға бару

Науқастар дәретхананың қайда екенін ғана емес, онда не үшін баратынын да ұмытып қалуы мүмкін.

 дәретхана есігін үлкен түсті әріптермен белгілеп қойыңыз;

 дәретханаға барудың өзіндік тәртібін орнатыңыз;

 науқастың киімі оңай шешілетініне көз жеткізіңіз, ал егер өзі шеше алмайтын болса, әдептілікпен өз көмегіңізді ұсыныңыз;

 ұйқыға жатар алдында сұйықтық ішуді шектеңіз;

 егер адам дәретханаға қашан баратынын сезбесе, памперс пайдаланыңыз.

8. Тамақтану

Сырқаттану барысында тамақтанудың маңызы зор екенін ескерсек, күтім жасаушы адамдар келесідей ережелерді сақтауы қажет:

 науқас қақалып қалмауы үшін, асты майдалап турау керек. Аурудың кейінгі сатысында науқасқа езбе немесе сұйық тағам беріледі;

 асты жақсы шайнау керектігін науқастың есіне ұдайы салып отырыңыз;

 сезу қабілетін жоғалтқан науқас ыстық тамаққа күйіп қалуы мүмкін, сондықтан тамақ жылы болуы керек;

 науқастың шектен тыс көп мөлшерде тамақ жемеуін бақылаңыз.

9. Егер науқас сандырақтаса

Альцгеймер науқастарында галлюцинациялар мен сандырақ ойлар пайда болуы мүмкін. Жиі оларды біреу улап өлтіргісі келетіндей немесе біреу аңдып жүргендей көрінеді. Науқаста көру немесе есті галлюцинациялары болуы мүмкін, сонда ол шын мәнісінде болуы мүмкін емес нәрсені көрдім немесе естідім деп нандыруы ықтимал.

 ешқашан науқаспен көргені немесе естігені туралы дауласпаңыз;

 егер науқас үрейге салынып, қорықса, оның қолынан ұстап, басынан сипап тыныштандыруға тырысыңыз;

 онымен ұстамды әрі жұмсақ, бірақ нық дауыспен сөйлесіңіз;

 науқастың көңілін басқа жаққа аударуға тырысыңыз.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 85; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.019 сек.