Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Реабилитация негіздері. Реабилитация туралы түсінік, себебі, ерекшелігі, түрлері




Реабилитация немесе оңалту емі - бұл денсаулық ақауларына байланысты туындаған өмірлік шектеулерді жоюға немесе орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар үдерісі мен жүйесі. Оңалту кезіндегі біздің басты мақсатымыз - бұрынғы қалпына келе алмайтынын біле тұра, науқасқа мүмкіндігінше функционалдық тұрғыдан, өзгелердің жәрдеміне мұқтаж болмайтындай жағдайға жетуіне толыққанды көмектесу.

Реабилитацияның бірнеше турлері бар:

1. Медициналық – функциясы жойылған дене мүшелері мен ағзаларын

қалпына келтіру:

а. физикалық реабилитацияның әдістері (электрлік ем, электростимуляция,

лазеротерапия, баротерапия, бальнеотерапия);

б. механикалық реабилитация әдістері (механотерапия, кинезотерапия);

в. уқалау;

г. дәстүрлі емдеу әдістері (акупунктура, фитотерапия, мануалды терапия, еңбек терапиясы);

д. шипа жай мен курортта емдеу.

2. Психологиялық – науқастарды ішкі және сыртқы орта өзгерістеріне адекватты реакциясын қалпына келтіру.

3. Әлеуметтік – науқастың қоғамда ешкімге тәуелді болмай өзін-өзі асырауын қалпына келтіру.

4. Еңбектік – науқастың жалпы еңбектік және кәсіби-мамандық қабілетін қалпына келтіру (емдік дене шынықтыру).

Қарт жастағы науқастарды оңалтудың минимальды міндеті болып -олардың өздеріне-өзі қарай алатындай жағдайға жетіп,максимальды кәсіби қабілетін қалпына келтіріп, тәуелсіз бола алатынын сезіндіру.

Гериатриялық оңалтудың міндеті:

1. Қайта белсендендіру – науқастың қозғалысы мен танымын арттыру.

2. Қайта әлеуметтендіру – қарт жастағы кісілерді әлеуметтік мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.

3. Қайта интеграциялау – гериатриялық науқастарды микро әлеуметтік ортаға бейімдеу болып табылады.

Оңалту келесі бағыттарда жүзеге асады:

1. Медициналық – бұл медициналық көмек көрсету.

2. Геронтологиялық күтім – науқастың жалпы физиологиялық және психикалық мәселелерін шешу.

3. Әлеуметтік – бұл әлеуметтік көмек көрсету.

4. Ағартушылық – бұл қоғамда қартайып жатқан ағзаның ерекшеліктері, қарт жастағы кісілердің мүмкіншіліктері  мен олардың қажеттіліктері туралы жалпы мағлұмат беру.

5. Экономикалық – бұл науқастарды материалды қамтамасыз ету, олардың басқа да адамдармен бірдей материалдық жағдайда болуын қадағалау.

6. Кәсіптік – қалған кәсіби мүмкіндігін жүзеге асыруын қадағалау.

Оңалту шарасын жүргізу ұзақтығы бойынша бірнеше топқа бөлінеді:

1. Жіті жағдайлар кезіндегі оңалту (басты әрекет етуші дәрігер).

2. Жіті алды жағдайлар кезіндегі оңалту (дәрігер мен медбике қатысуымен жүргізіледі).

3. Ұзақ уақытты оңалту (медбике мен әлеуметтік қоғам қатысуымен жүреді).

Науқаспен жұмыс жасау ережелері:

1. Қысқа әрі нұсқа сөйлемдерді қолдану.

2. Науқасқа нақты нұсқаулар беріп, оларды қаншалықты түсінгенін білу үшін қайталауын сұрау .

3. Кейде өзі жасай алуы үшін науқасқа кейбір емшараларды іс жүзінде көрсетіп беру.

4. Науқастарға дағдыларды үйрету барысында сабырлы болуын қадағалау.

5. Олардың дағдыларды меңгеруге деген ынтасын әрқашан ескеріп отыру.

6. Науқасты өздігінше тапсырманы орындауға ынталандыру.

7. Науқасқа тапсырманы орындау барысындағы қабілеті мен жетістіктері туралы айта отырып, кемшіліктерге көп көң іл бөлмеу.

Реабилитация бағдарламаларының орындалу қағидалары:

• Тізбекті реабилитацияны қажет ету көрсеткіштерін анықтау, науқасты сұраққа алу және клиникалық бақылау кезіндегі, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік бақылау барысындағы жағдайын анықтау, реабилитацияның мақсаттары мен міндеттерін белгілеу,

реабилитацияның тиімділігін анықтау және оны түзету, реабилитацияның жоспарланған мақсаттарына қол жеткізу, реабилитация тобының қорытындысы мен ұсыныстары.

• Кешенді реабилитация барысында емдеу және емдік-профилактикалық сипаттағы мәселелер, науқастың еңбекке жарамдылығын анықтау, оны еңбекпен қамтамасыз ету, жұмыс бойынша оқыту және қайта мамандандыру мәселелері, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек және зейнетақы заңнамасы, науқас пен оның отбасының қарым -қатынасы, қоғамдық өмірі сияқты сұрақтар шешімін табады.

• Үздіксіз - қалпына келтіру емі аурудың немесе жарақаттың пайда болған кезінен бастап адамның қоғамға қайта толығымен оралуына дейінгі реабилитацияның барлық түрлерін қолдана отырып жүргізу.

Ұзақ өмір сүрудің факторы мен негізгі себептері.

Өмірді ұзарту жолдары

Адам дүниежүзіндегі тірі ағзалардың бірі оған өмір сүру ұзақтығы анықталып қойған, өмірге деген белсенділігін әлсірететіні соншалық өлімнен қашып құтылу мүмкін емес.

Бұл түрлік шектеу қазіргі уақытта нақты анықталмаған, бірақ көптеген ғалымдар өмір сүру ұзақтығын 100-ден сәл ерте немесе кеш деп есептейді.

Соған қарамастан өмір сүру ұзақтығы түрлік шектеуге жетпейді (орташа өмір сүру ұзақтығы Ресейде ерлер үшін 57 жас , әйелдер үшін 72 жас).

Өмір сүру ұзақтығын биологиялық, әлеуметтік –экономикалық және саясаттық факторларға байланысты да анықтап отырады.

Халық денсаулығының маңызды көрсеткіші болып орташа өмір сүру ұзақтығын анықтау саналады. Бұл жылдар, орташа алып қараға нда қазіргі уақыттағы туылған ұрпақтың  өмір сүру жағдайы, киімі өмір ағымындағы әрбір жастық топтың өлім коэффициенті осы жастағы ұрпақтың өлім кестесіне сай болады.

Бұл берілген мәліметтер міндетті емес: ол өмір ағымына байланысты өзгеруі мүмкін, өмір сүрудің ұзаруы   немесе қысқаруы өмір сүрудің жағымды және жағымсыз жағдайларына тәуелді болып келеді.

Адамның денсаулығы оның өмір сүру жағдайына байланысты, яғни бұл адамдардың өмірді ұзартуы әсер ете алатындығын айқындайды.

Табиғи жолмен өмір сүру ұзақтығына жоғарылатуға:

 геродиетиканың қағидаларын ұстау;

 қозғалыс белсенділігі;

 жасының өзгеруіне байланысты әлеуметтік психикалық бейімделуі;

 күшейген еңбек;

 герогигиенаның ережесін сақтау жатады.

Қозғалыс белсенділігі

Қозғалыс - бұл өмір! Қимыл белсенділіктікке мүмкіндік бергендіктен, қарт жастағы адамдар үшін төмендегілерді білу өте маңызды:

 моторлы-висцеральдық рефлекстер қағидасы бойынша зат алмасу үдерістерін, вегетативті мүшелер мен жүйелер қызметін ынталандыру;

 бас ми қыртысындағы қозу және тежелу үрдістерінің тиімді қатынасын ұстау;

 резервті капиллярлардың ашылуына орай бастағы мидың қанайналымын жақсарту, миокардтың қысқарту қабілетін жоғарылату,

коронарлық қанайналымды жақсарту;

 өкпелік желдендіруді және өкпедегі газ алмасу қарқындылығын жоғарылату;

 асқазан – ішек жолындағы тегіс салалы бұлшықеттің жиырылуын қамтамассыз ету;

 тінде майдың көп жиналып қалғанын ескертіп қанда липидтердің деңгейін төмендетіп,тамыр қабырғаларында холестерин пайда болуының алдын алу;

 эндокриндік жүйені белсендендіру.

 бұлшықеттерді нығайту, байланыс аппараттарын, буындар қимылын сақтау, остеопороз көрінісін төмендету;

 жасы келген адамның эмоционалдық жағдайының жақсаруына ықпал ету;

 өмірге деген қуанышын арттыру;

 өзін сергек сезінуге мүмкіндік беру;

 ағзаның бейімделу мүмкіндігін жоғарылату.

Осындай мақсатпен, қимылдың белсенділік үдерісін ынталандырып, өмір ұзақтығына әсер етіп қана қоймай, оның сапасының жоғарлауына да әсер етеді.

Жасы келген адамдар дене жаттығуларын жасап тұру керек. Бірақ олар кәрі ағзадағы өзгерістерді ескерулері керек, себебі ауыр жүктемелер ағзаның функциясының декомпенсациясын дамытып ынталандыруы мүмкін.

Жасы келген адамдар физикалық жаттығулар жасағанда төмендегілерді сақтау керек:

 қимыл белсенділігін арттырар алдын емдеуші дәрігерден кеңес алуы керек;

 қатты бірден қимыл жасамау, ауыр заттар көтермеу.

 тыныстың тоқтауына алып келетін жаттығулардан бас тарту (бұл кіші қан айналымдағы қысымды жоғарылатады, бастағы мидың тамырларына, жүрекке қанның келуін қиындатады, өкпе эмфиземасының дамуына әсер етеді);

 жаттығуларды баяу темпте орындау;

 жас адамдарға қарағанда қарттардың ауыртпалықтарға бейімделуі өте баяу жүреді, сондықтан да жүктемелерді біртіндеп көтеру тағайындалады (5-10% аптасына);

 жасы келген адамдардың жағдайын жүйелі түрде бақылап отыру қажет:

әр жаттығу кезінде пульсті анықтау (максималды жиілігі 180-200) ,дәрігерге жылына 2 рет қаралу, жағдайы туралы ақпараты бар күнделік арнау;

 жаттығу кезінде қимылдарды мұқият жасау.

Жаттығу жүйелі түрде жасалуы тиіс. Физикалық ауыртпалықтың келесі түрі тағайындалады, мысалы: таңертеңгілік және кешкілік гигиеналық гимнастикалар әр бұлшықет тобына арналған жаттығулардың 8 -10 түрлерін қарастыру керек, серуендеу, жаяу жүру, би, жүзу үйірмелеріне қатысу, тенниспен ойнау, велосипед айдау (жаттығулар 45-60 минуттан,аптасына 2-3 рет).

Егде жастағы адамдардың рациональды тамақтануы (геродиетика)Қарт жастағы адам ағзасының және асқорыту жүйесінің өзгеруі, әлеуметтік және физикалық белсенділігінің төмендеуіне байланысты тамақтану қағидалары да өзгереді.

Ас мәзіріндегі ең  басты қағидалардың бірі энергетикалық теңдестіру болып табылады. Ағзаның қанша энергия жұмсауына байланысты, сонша каллорияны тағаммен қабылдау. Ол әр адамда әрқалай, бірақ орта жағдайда әйелдерде 1900, ерлерде 2000ккал/тәулігіне құрайды. Тағамдық рационның емдік-алдын алу шарасына үлкен мағына берілген. Оның құрамына:

• холестеринге бай жануар майын қабылдауды азайту (35% аспау қажет).

Бұл жануар және құс еттерін балық етімен алмастыру арқылы іске асырылады;

• рацион құрамына липотропты затты: холин, метионин, лецитин көп мөлшерде қосу ;

• 1кг адамның таза салмағына 0,8г ақуыз қабылдау. Ол көбіне жануар ақуызының есебінен(ірімшік пен сүзбенің майлы емес түрлері, басқа да сүт тағамдары,майсыз ет) болуы тиіс;

•өсімдік пен жеміс-жидектерде кездесетін өсімдік клетчаткалары мен пектинді қажетті мөлшерде қолдану;

• тез сіңірілетін көмірсуларды азайту: тәуліктік қант мөлшерін (50г) балмен (2 шәй қасықтан көп емес) болмаса фруктозамен алмастыру;

• көп мөлшерде кальцийді йогурт және ірімшікпен, балықтар, көкөністерді қабылдау;

• рационды йод, селен, мыс, цинк, магний микроэлементтерімен байыту;

Геродиетикада тағамды қабылдау тәртібіне үлкен мағына бөлінген:

науқас тағамды аз-аздан 5-6 рет қабылдауы қажет. Бұл артық салмақжинаудан, асқазанды тағам жүктемесінен сақтайды. Қарт жастағы кісілерге тәуліктік энергия шығынын үлестіру: таңғы ас - 20%, екіншілік таңғы ас - 10-15%, түскі ас - 35%, бесіндік - 10%, кешкі ас - 20%. Тәуліктік тұз құрамы 7-10г, ал ішке қабылданатын су көлемі 1,0-1,5 л аспауы қажет.

Жасы келген адам және отбасы

Ешқандай тірі тіршілік иесінің түрінде сонау бастапқы дамуында ата -бабасы, немересінің шөпшегімен мүлдем арасында байланыс жоқ.

Мүмкін біз енді махаббат және осындай күрделі құрылымдағы қатынасты оқып жатқан болармыз, отбасы қалай көрініс береді, жиі төрт ұрпақпен біріктірілген және өмірлік тәжірибесі мүлдем басқа.

Оларға қарым қатынас бұрыңғы қағидаларға негізделмеуі тиіс. Себебі бұрын жасы келген адамдар сауатсыздықтың әсерінен жасы келгенде өмірдің тез өтетінін ойламаған.

Жасы келген адамдардың қоршаған ортасы өте ұқыпты және мейірімге толы болу керек.

Әсіресе қарт адамдардың отбасындағы қарым-қатынасы отбасындағы өз баласымен, немересімен, енесімен, күйеу баласымен, келінімен қатынасы қалай екендігі маңызды болып табылады.

Адам өмірінің мәні бала-шағаларының бар екендігі және адамдарға пайда әкелетіні туралы жиі айтамыз. Егер ол қартқа қарай алмайтын, күте алмайтын болса, одан қандай пайда. Негізгі пайдалылығы, көмекке зәру қарттардың жанын жылуға бөлеп, сол жылу сезімін өшірмеуі. Қарт адамдар жас балаларға қарағанда көп күшті қажет етеді, себебі балаларда біздің болашағымыз яғни  ол қалады. Қарттарда біздің балалық, жастық шақтарымыз кетті. Біз бүгінгі күннің жетістіктері мен қызығы үшін бар ынтамызды саламыз, бірақ та сол бұрынғы өткізген қуанышты сәттерге

жауап береміз. Бұл қарттарға қиын екендігінің бірден-бір себебі екендігін көрсетіп тұр.

Кәрі адамдардағы барлық аурулар өзін ешкімге керек етпеймін, пайдам жоқ деп сезінгеннен болады. Жүректегі мұзды ерітудің соңғы мүмкіндігі көңілді де махаббатқа толы немерелердің, шөберелердің көз алдында болу.

Аталар мен әжелердің көптеген уақыты дәстүрлі ереже шеңберінде өтеді. Олардың көптеген уақыты мен күші балаларға қамқорлық жасаумен өтеді.

Олар теледидар алдында отырып телебағдарламалар қарайды, әсіресебалаларға арналған бағдарламаларды іздейді, олардың бұдан басқа ешқандай көңіл көтеретін орындары жоқ. Халықта: немере туған баладан тәттірек, - деген сөз бар. Сол үшін немерені өзінің баласынан қатты жақсы көреді. Қарт кісілердің қызығы да солар. Сондықтан олардың көңілін стресстік жағдайлардан сақтап, көп бақыт силап, көңілдерін табуға тырысуымыз қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 165; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.044 сек.