Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Салауатты өмір сүрудің мақсаты




Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек. 

Осындай арнаулы нұсқауды және қоғамның салауатты өмір сүруін өз деңгейіне жеткізу барысындағы белгілі шараларды іске асыру үшін адамның жеке басына мынадай міндеттер жүктеледі:

• ең әуелі, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін дене құрылысының биологиялық, физиологиялық, анатомиялық құрылымымен таныс болу;

• ағзаның қай мүшесінде кемістік пайда болса, оны табиғи заттардың әсерімен қалпына келтіру;

• адам ағзасының өз деңгейінде дұрыс жұмыс істеуі үшін (әрине, өмірдің әр кезеңінде) оған саналы түрде жағдай жасау;

• денсаулықты сақтаудың негізгі қағидасы - Аристотельдің  «жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағидасын басшылыққа алу;

• табиғатта жанды да, жансыз да дененің өмір сүруінің негізгі көзі -ауа, күн, су құрылымдары болғандықтан, денсаулықты сақтау үшін осы аталған табиғат құбылыстарын дұрыс пайдалана білу;

• бүгінгі таңда, әсіресе, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайында әркім өз басының денсаулығын ойлайтын болса, ең алдымен осы ұсынып отырған қағидаға үңілуіне болады.

Ұсынып отырған тұжырымдаманың негізгі қағидалары бүгінгі өмір салтынан туындайды. Адам баласының салауатты өмір сүруі оның қоршаған орта мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ деген халықтың қанында бар тазалық жүйесін сақтай білуіміз қажет. Салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары бұдан гөрі кеңірек. Әр адамның өз денсаулығын ойлап, дұрыс тамақтанып, күйбең тіршілікте ауруға шалдықпауына бақылау жасап отырса, нұр үстіне нұр!

 

 

Тесттік тапсырмалар:

1. Геронтология - бұл ... ғылымы.

a) қарт адамдардың тыныс алу жүйесінің өзгеруін зерттейтін

b) асқазан-ішек жолдарының ауруларын зерттейтін

c) несеп жолдары ауруларын зерттейтін

d) ағзадағы өзгерістерді зерттейтін

e) қартаю үдерістерін зерттейтін

2. Геронтологияның негізгі мақсаты:

a) мәреге жету

b) жоғары шығармашылық жетістіктерге жету

c) зейнеткерлікке жету

d) белсенді ұзақ өмір суруге жету

e) шекараға жету

3. Егде жастағы адамдардың емінде дәрі-дәрмектерді ұтымды

пайдалуын ... зерттейді.

a) клиникалық фармакология

b) фармакогнозия

c) геронтофармакология

d) терапия

e) эндокринология

4. Егде жастағы адамдардың емінде дәрі-дәрмектерді ... тағайындау

керек. 

a) фармацевттің кеңесі бойынша

b) жанама әсерлерін ескере отырып, аз мөлшерден бастап

c) күніне бірнеше рет

d) әр сағат сайын

e) тамақ қабылдаған сайын

5. Егде жастағы адамдардың емінде бүйрек арқылы шығарылатын

дәрі-дәрмектердің толық терапевттік дозасын ... сәйкес азайту керек.  

a) креатининнің клиренс мөлшеріне

b) гемоглобин мөлшеріне

c) эритроциттердің тұну жылдамдығына

d) ақуыз мөлшеріне

e) кальций мөлшеріне

6. Егде жастағы адамдарда ... жиі кездеседі.  

a) полиморфизм

b) полиурия

c) полиморбидтілік

d) периодонтит

e) пилороспазм

7. Егде жастағы бронх демікпесімен ауыратын науқастардың емінде ...

дәрі-дәрмектерді қолдану нәтижелі болады.  

a) гипотензивті

b) антибактериалды

c) вирусқа қарсы

d) антиагреғантты

e) гормоналды

8. Егде жастағы бронх демікпесімен ауыратын науқастардың емінде

гормоналды дәрі-дәрмектерді ... түрде қолдану нәтижелі болады.  

a) ингаляциялық

b) парентералды

c) ректалды

d) ақуыз арқылы

e) сұйықтық

9. Атеросклероздың алғашқы морфологиялық белгісі:

a) майлы сызық

b) комплексті бұзылыстар

c) атероматоз

d) фиброзды табақша

e) қабыну

10. Егде жастағы бронх демікпесі бар науқаста аз уакытты күндізгі

ұстамалар аптасына 1 рет, түнгі ұстамалар айына 1 рет мазалайды,

ұстама аралықтарда белгілер байқалмайды, аурудың ауырлық

дәрежесі... болады.

a) жеңіл эпизодты

b) жеңіл персистирленген

c) жеңіл рецидивті

d) орташа-ауыр

e) ауыр

11. Егде жастағы бронх демікпесі бар науқаста күндізгі ұстамалар

аптасына 1-2 рет, түнгі ұстамалар айына 1-2 рет, симптомдары жеңіл,

бірақ қайталамалы, аурудың ауырлық дәрежесі ... болады.

a) жеңіл қайталанушы

b) жеңіл эпизодты

c) жеңіл интермиттирлеуші

d) ауыр

e) жеңіл персистирленген

12. Егде жастағы бронх демікпесі бар нау қаста күндізгі ұстамалар

аптасына 1-2 реттен көп, түнгі ұстамалар ұйқының бұзылуын

тудырады, тунгі ұстамалар айына 2 реттен көп болады; ТШПЖ және

ТТШК1 60-80%; аурудың ауырлық дәрежесі ... болады.

a) орташа

b) ауыр

c) салыстырмалы ауыр

d) жеңіл персистирленген

e) Жеңіл

13. Созылмалы обструктивті бронхиті бар егде жастағы науқастардың

өкпесін тыңдағанда... естіледі.

a) сықырлар

b) плевра үйкеліс шуы

c) сырылдар

d) құрғақ ысқырықты сырылдар

e) майда көпіршікті сырылдар

14. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруында дамитын өкпе

эмфиземасы кезінде өкпені тыңдағанда .... естіледі.

a) күшейген везикулалық тыныс

b) өзгермеген везикулалық тыныс

c) әлсізденген везикулалық тыныс

d) амфоралық тыныс

a) пуэрильді тыныс

15. ДДҰ ұсынған қазіргі заманға сай жасқа қарай жіктелуі бойынша

егде жасқа жатады:

a) 60 жастан 74 жасқа дейін

b) 70 жастан 84 жасқа дейін

c) 80 жастан 94 жасқа дейін

d) 50 жастан 64 жасқа дейін

e) 40 жастан 54 жасқа дейін

16. Ұйқы безінің қабыну ауруы ... деп аталады.

a) панкреатит

b) дуоденит

c) гастрит

d) холецистит

e) гепатит

17. Егде жастағы бронх демікпесімен ауыратын науқастардың емінде

гормоналды дәрі-дәрмектерді ... түрде қолдану нәтижелі болады.  

a) парентералды

b) ректалды  

c) ауыз арқылы

d) ингаляциялық

e) сұйықтық

18. ДДҰ ұсынған қазіргі заманға сай жасқа қарай жіктелуі бойынша

кәрі жасқа ... жатады.

a) 85 жастан 99 жасқа дейін

b) 65 жастан 79 жасқа дейін

c) 75 жастан 89 жасқа дейін

d) 55 жастан 69 жасқа дейін

e) 40 жастан 59 жасқа дейін

19. Қартаю үдерісінің дамуына ... тән.

a) гетерохрондық

b) гемофилия

c) гемолиз

d) гипертрофия

e) гипотрофия

20. Сол қабырға астының ауырсынуы, арықтау, диспепсиялық бұзылыстар ... ауруына тән.

a) пиелонефрит

b) миокардит

c) панкреатит

d) панкардит

e) эндокардит

Тесттік тапсырмаларының жауаптары:

1-е; 2-д; 3-с; 4-б; 5-а; 6-с; 7-е; 8-а; 9-д; 10-а; 11- е; 12-а; 13-д; 14-с; 15-а;

16-а; 17- д; 18-с; 19-а; 20-с.

Қолданылған әдебиеттер:

1. В.Н.Ярыгина, А.С.Мелентьева. «Руководство по геронтологии и

гериатрии», Клиническая гериатрия. Москва, 2010. Том 1. - 25, 438, 522

стр.

2. В.Н.Ярыгина, А.С.Мелентьева. «Руководство по геронтологии и

гериатрии», Клиническая гериатрия. Москва, 2010. Том 2. – 138 стр.

3. В.Н.Ярыгина, А.С.Мелентьева. «Руководство по геронтологии и

гериатрии», Клиническая гериатрия. Москва, 2010. Том 3. - 268, 347,

408, 557, 616, 762, 846 стр.

4. В.Н.Ярыгина, А.С.Мелентьева. «Руководство по геронтологии и

гериатрии», Клиническая гериатрия. Москва, 2008. Том 4. - 215, 220,

522 стр.

5. А.Б.Погодина, А.З.Газимов. «Основы геронтологии и гериатрии».

Ростов-на-Дону, 2007. - 8, 14, 34, 72, 115 стр.

6. С.А.Филатова, Л.П.Безденежная, Л.С.Андреева. «Геронтология».

Ростов-на-Дону, 2009. - 17, 293, 371 стр.

7. М.А.Ахметов. «Медициналық терминдер сөздігі». Алматы, 2009

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 93; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.051 сек.