Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ішкі каюталар. 4 страница




- жолаушылармен жүктерді ұйымдастыратын автомекемелер;

- жөндеу кәсіпорны және автотранспорт құралдарына техникалық қызмет көрсету;

- жүргізушілерді дайындаумен айналысу және олардың мамандық дәрежесін жоғарылату орындары;

- өндірістік құжаттарды (жүргізушілік куәлік, анықтама, бланк және т.б), номер белгілерін, автотраспорт құралдарын сатумен айналысатын мекеме.

Автокөлік құралдарына арналған заңдарға сай Ресей Федерациясының территориясында немесе шетелдерге 6 айдан артық шыққанда органдарда қабылданған сертификатты алып жүру керек. Заңда жүгізушінің міндетті түрде медициналық куәландырған құжаты, сонымен бірге рейстен бұрынғы, рейстен кейінгі және ағымдағы медициналық тексеруден өткендігі туралы қарастырылған.

Автотранспорттағы автокөлікпен тасымалдау жүйе ережесінің ескіруінен кейін орнына, 1997 ж РСФСР Министерствасының тапсырысымен бекіткен «Ресей Федерациясында автокөлік транспортымен уақытша жолаушыларды және жүктерді тасымалдау» заңы жұмыс істеп келеді. Ережеде «жолаушы», «жүргізуші», «тасымалдаушы», «жүк», «автовокзал», «автостанция» және тағы басқаларға түсінік берген; жолаушыларды әртүрлі автокөліктер құралдарымен тасымалдау тәртібі қарастырылған; негізгі ереже мағынасы және тасымалдаушы мен жолаушының міндеттері қарастырылған.

 

Қазақстанда автокөлікпен қызмет көрсету.

Автокөлік көлігі жүрдек, анағұрлым ыңғайлы, жүкті қайта тиеусіз бірден тұтынушыға жеткізеді. Ол жақын қашықтыққа жук пен жолаушы тасымалдайды. Басқа көлік түрлері бара алмайтын таулы аудандарда жүк пен долаушы тасымалдауда жетекші орын алады. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын байланыстырып, қала мен ауылдық елді мекендердегі жүк тасымалын жүзеге асырады.

Қазақстанның автокөлік жолдары республикалық деңгейдегі (жалпы ұзындығы 22,2 % - ды құрайды) және жергілікті деңгейдегі жол (жалпы ұзындығы 77,8 % - ды құрайды) болып бөлінеді. Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 12,4 мың км.

Елімізде халықаралық бағытта транзиттік автокөлік жолдары жүргізілген. Олар Еуропа мен Ресейді, Орталық Азиямен байланыстырады.

Алматы – Астана автокөлік жолы халықаралық стандартқа сай қайта жөнделді. Бұл жол арқылы транзит жүктері Ресейден Қытайға және кері қарай, сонымен қатар Қазақстанды Қырғызстан, Пәкістан арқылы Үндістан мен байланыстырады. Осы оңтүстік бағыттағы жол қатынасы болашақта көптеген елдерді қамтитын ірі магистралға айналмақ.

Жуырда Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай арасындағы Қарақорым тасжолы арқылы Алматы – Қарачи арасын автокөлік жолымен байланыстыру идеясын ұсынылды. Оны салуға Пәкістан 500 млн АҚШ долларын бөліп отыр. Сонымен бірге ҰлыЖібек жолын қайтадан қалыпқа келтіріп, жандандыруға көңіл бөлінуде.

Егер Қазақстан автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы бойынша ТМД елдерінің арасында үшінші орында тұрса, жолдың жиілігі жөнінен ең соңғы орындардың бірінде.

Қазақстандағы ірі республмкалық деңгейдегі автокөлік жолдарының бірі Алматы – Бішкек – Тараз – Шымкент – Ташкент жолы. Алматыдан Семей және Өскеменге бағытталған жол Жаркент, Талдықорған, Текеліге қарай тармақталады. Жалғызтөбе темір жол станциясы маңында бұл жол Шығыс шеңбері автокөлік жолымен жалғасады.

Сонымен бірге жергілікті деңгейдегі автокөлік жолдары Қарағанды – Теміртау – Астана, Семей – Павлодар – Омбы, Орал – Атырау, Қостанай – Арқалық, Қарағанды – Жезқазған және т.б ірілі – ұсақты жолдардың шаруашылық үшін маңызы зор.

Маңғыстау түбегіндегі мұнай – газ кен орындарын игеруге байланысты Ақтау қаласын онда жұмыс істеуші барлық мұнай кәсіпшіліктермен байланыстыратын жолдар салынған. Солтүстік Қазақстанда Астана – Көкшктау, Петропавл – Қостанай автокөлік жолдары облыс орталықтарын өзара байланыстырады.

Қорытындылай келе, автокөлікпен жолаушылармен жүктерді тасымалдау оңай тәсіл болып табылады. Автокөлікпен тасымалдау ережесі әр елде әр түрлі болады. Сонымен қатар автокөлікпен тасымалдау арзанырақ, кез келген жерге тоқтау ыңғайлы болып келеді.

 

Автосаяхатты жоспарлау және талдау.

Автомобиль саяхатқа шығарудың ерекшелігі, олардың басым көпшілігнінің өлкенің көрікті жерлерін тану мақсатында шағын ара қашықтықта жасалады. Қазіргі уақытта автосаяхат жеке меншік, жалға алған, немесе қоғамдық транспортта жасалды. Қоғамдық транспорт туристерді бір елді мекеннен екінішісне жеткізу үшін қолданылады. Жалға алған және жеке меншік транспортты бірнеше күн ішінде тасымалдауға да, елді мекендер ішінде жол бағыты бойынша да қолдану неғұрлым ыңғайлы.

Автотранспорттың басқа да түрлері алдындағы ерекшеліктері мыналар болып табылады: жоғарғы жылдамдық, мобильдік, қолайлылық салыстырмалы төменгі тарифтер, кең шолу, вокзал, станция, пор-ң құрылысына капиталды шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін «есіктен есікке дейін» қызмет көрсетулері.

Тағы бір кемшілігіне жылдамдыылғының жоғары болмауы және қоршаған ортаны ластануы. Соңғы он жылдықта мамандар барынша жетілген автомобильдерді жасады. Туристер фи-ын тасымалдау үшін автобутар қолданылады. Автобустранспорттың құрлықтағы құрал түрі; кузовымен, көп орынды ең бастысы вагон түріндегі: микроавтобус-ң ұзындығы 5 м-ден аз, бұл транспорт құрамының өзі жіктелу бар:

1. Орындарының саны бойынша

2. Отынының түрі боыйнша

3. Категориясы бойынша

4.Жайлылық атрибуты бойынша

Автобустардың сыйымдылығы әртүрлі болуы мүмкін: 170 орыннан ерекше үлкен сыйымдылық, шағын микроавтобусқа дейін (5-12 адам)

Двигательдегі (қозғалтқыштағы) отын түрі: бензин, солярка, сұйытылған газ, сығылған газ. Электр қуаты, механикалық (энергия) қуат көзі маховка (гиробус), күн көзі қолданылады.

Этаждағы қабаттығы бойынша автобустар бір, біржарым, екі-үш қабатты және арнайы болады. Лифтілермен жабдықталған арнайы автобустар қозғалыс қызметі шектелген адамдарды турист, спортышыларды тасымалдайды. Автобус-ң категориясы жайлылық деңгейімен ұсынылатын қызмет түрлерімен анықталады. Категориясыз автобус-ң орындықтары қатты, жылытылмайды, олардағы шу деңгейі жоғары. 2 жұлдызды категориялы автобуста жастықшалары бар жұмсақ креслолар, жылу жүйесі, перделер, дауыс күшйеіткіш құрылған және микрофон бар. 3-жұлдызды автобуста екі жұлдызды автобуста жасалған жағдайымен қатар: тоңазытқыш, әжетхана, жеке жарық бер мен вентияция, көлеңкесі перделер бар. 4 жұлдызды катергорияда қосымша әжетханасымен душы (бірге), теледидарлар, рация, су қанатқышы бар мини бар, гардероб, қасындағы адаммен шалқайтылатын және қозғалтатын креслолар бар. Ең жоғарғы 5 категориялы ең жайлы: креслолар қатарға бір-біреуден орналасқан (яғни бар болғаны шынтақшасы бар креслолардың 2 қатарлы) горизонталь қалпына да қозғалады (жазылады, жатады)

Қазақстан туристік агентігі Мәскеуге дейінгі арзан баруды қамтамасыз етуге тырысуда, бірақ формалықпен бірге (шенген және транзиттік, Польша арқылы, визалар) жолдама құны екі есе дерлік өсті. Мұндай саяхаттарды жүзеге асыру Қазақстанның орталық және солтүстік-батыс облыстарында жасалады. Ішкі турлар және жақын жатқан мешекеттерге бару, фирмалық бұл бизнесіне мамандалған үшін әдеттегі іс болады.

Автосаяхаттарды ұйымдастыру кезінде ең алдымен, нормативтік-құқықтық акітілермен танысу керек. Құжаттарды білу, автотасымалдуларды реттейтін негізгі талаптарды білу үшін қажет. Олардың қатарында: Женева конвенциясы шеңберінде 01,03,1973 ж. қабылданған «жолаушылар мен багаждарды халықаралық автомобильмен тасымалдау келісім шарты туралы конвенция», 1989ж. туризм боыйнша Гаата деклорациясы материялдары, туризм боыйнша басқа деклорациялар және иеленген келісімі. ТМД елдері шеңберіндегі туристік тасымалдаулар 1993 ж. «Туризм саласындағы бірлестіктер туралы» келісім шартпен, 9,09,1994 ж. ТМД туризм-і бойынша Кеңес туралы», 29,10,94 ж. «мемлекет бірлестігінің негізгі принциптері туралы – туризм сала-ғы ТМД қатысушылары» келісім шартымен реттеледі.

Мемлекетте жолаушылар мен багажды тасымалдауда маңызды көмек көрсеткен бірқатар құжаттар жасалған, бұл ең алдымен 1994 ж. 21-қыркүйектегі» толықтырулар мен өзгерістер. Сосын басқа құжаттар қабылданды: «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы заң», т.б.

Автотурларды талдауда мемлекеттік және халықаралық ұйымдар, автомобиль транспортының халықаралық одағы (АТХО) үйлестірген транспорттық келісім (ҮКТ) 1991 ж. құрылған, 1993 ж. ұйымдастырылған АТХО 1995 ж. қабылданған ҚР-ы халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы (Қаз АТО) айтарлықтай маңызды көмек көрсетеді.

Сондықтан автотурды талдау алдындағы алдын-ала жұмыс көп уақытты алуы мүмкін. Автомобильмен саяхат ұйымдастыру – іс-әрекет жоспарын құру. Автосаяхатты жобалау мынадай кезеңдермен тұрады:

1. Саяхат мақсаты мен тақырыбын анықтау. Туристік кәсіпорын жүйелі түрде өткізетін маркетингтік талдау бұның алдында болу керек. Саяхат мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін (туристермен халықтың демалуға сұранысын қанағаттандыру жолымен табысқа жету. Өздігінен білім алу, өзін-өзі жетілдіру, белгілі бір бұхара халықты балаларды, егде кісілерді, мүгедектерді туризмге тарту, экскюзивті маршруттар құру, қызмет көрсетудің жаңа формаларын және т.б. құру) Саяхат тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін (діни, тарихи-өлкелік оқу, көңіл көтеру, танымдылық, этнографиялық және т.б.)

2. Жобаланған трассаны жобалау. Бұл кезеңде автожол-ң картасы зерттеледі, маршрут эскизі құрылады.

3. Туристік ресурстарды таңдау және онымен танысу, Ресурстарды таңдау кезінде ең алдымен тур тақырыбына сәйкес келетін көрікті жерлерінің болуына көңіл бөлінеді.

4. Маршруттағы шектеулерді анықтау. Олар қорықтар, тапсырыс берушілер, экологиялық және жол постылары, шекаралық және кеден айм ақмақтары, жолсыздық.

5. Өмірін қамтасыз ететін жерлерді зерттеу (білу); конатын пункттер, тұратын, тамақтанатын жерлер, медициналық санитарлық-тұрмыстық қажеттер, су көздері.

6. Маршруттағы қауіпсіздікдікті қамтамасыз ету

7. Маршрутты аралап шығу Оның мақсаты: Трассадағы шектеулерді ескеріп, уақытшхрорнметражы, автомобильге техникалық қызмет көрсету мүмкіндіктерін білу (сто, жанар май құю); жол ақпараты жоспарынқұру; жарнама үшін материалдар жинау; қызмет көрсету аяқталу үшін серіктестіктерді таңдау. Маршрутты аралап шығу туристік кәсіпоры, автокәсіпорын, қажет болған жағдайда МАИ қызметкері қатысады.

8. Маршрут схемасына өзгертулер енгізу. Осындан кейін саяхатқ қажетті барлық пункттер белгіленген маршреттың қажетті барлық пункттер белігленген маршруттың карта-схемасын құруға болады.

9. Келісім-шартқа отыру. Бұл (сапар) жолдама құнының көлемі, қызмет көрсету сапасы, маршруттағы қауіпсіздік тәуелді болатын маңызды кезеңдердің бірі. Келісім-шарттар тұратын жер, тамақтанатын жер, автокәсіпорын, топ жетекшісі немесе нұсқаушы мен және т.б. жасалады.

10. Маршруттың технологиялық картасын құру, ол алдын ала жасалады.сенімдіілік және қауіпсіздік береді. Ондағы негізгі пункттер мыналар: карта – схемалар, қозғалыс графигі, қонатын жерлермен тоқтайтын жерлерді белгілеу, МАИ посттары, жол – эксплуатациялық қызметтің, СТО дисиокациялау, жолдардың жағдайын, маршруттағы туристер саны, маршурт ұзақтығы (сағат және күнтізбелік күндермен)

11. Бағасын белгілеу. Жолдама құнын есептеу келісілген бағалардан алынады. Бір бағытқа бірнеше калькулация жасау керек. Бұл қызмет көрсетуді дифференциялау, әртүрлі сервис ұсынуға көмектеседі.

12. Маршруттық бекіту (қабылдау,мақұлдау). Бекітуді туристік кәсіпорынның жетекшісі барлық әдістемелік, келісімшарттық, қаржылық құжаттарды дайындағаннан кейін және автокәсіпорындармен маршрутты бекіткенінен кейін жүзеге асырады.

Автокөлікке техникалық қызмет көрсету технологиясы:

Автокөлікке техникалық қызмет көрсетудің мәні мен міндеттері. Техникалық қызмет көрсету түрлері және оны ұйымдастыру түрлері. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету үшін бекеттерді жабдықтау. Ақауларды жіктеу. Автокөліктік құралдарға техникалық қызмет көрсету тәртібі. Тұтынушыларға қызмет көрсету (қызмет көрсету аумағы). Қызметтерді орындаудың технологиялық үрдісі. Сервистік бөлімнің өндірістік бөлімі.

Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметтерін көрсету технологиясы

Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметтерін көрсету қызметтерінің маңызы. Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметтерінің анықтамалары. Киімдерді кірлеу дәрежесі бойынша жіктеу. Химиялық тазалау кәсіпорындарының қызметтерінің жіктелуі және сипаттамалары (көрсеткіштері). Химиялық тазалау, кір жуу кәсіпорындарының технологиялық бөлімдері. Химиялық тазалау, кір жуу кәсіпорындарының құрал-жабдықтары. Химиялық тазалау, жуу үрдісі. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және химиялық тазалау, бояу және кір жуудың қабылдау пункттеріндегі жұмыскерлерді басқару тәртібі. Қызмет көрстеу келісім-шартының мазмұны. Химиялық тазалау, кір жуу қызметтерінің сертификациясы.

Фототсуреттер дайындау, пленкаларды өңдеу бойынша фото қызметтер көрсету технологиясы

Фтотсуреттер дайындау, пленкаларды өңдеу бойынша фото қызметтер көрсетудің мәні мен анықтамасы. Жылдам суретке түсіру; фотолабораториялар және фото орталықтар; суретке түсіру қызметтерінің жіктелуі мен сипаттамалары. Суретке түсіру үшін қажетті технологиялық құралдар мен материалдар. Қызмет көрсетудің негізгі түрлері: кешендік, көшпелі. Құжаттарға арналған фотосуреттерге қойылатын негізгі талаптар.

Дәріс 12.

Тақырыбы: Авиациялық транспортпен туристерді тасымалдау.

1. Халықаралық авиатурларды ұйымдастыру.

2. Авиациялық саяхатты(әуе) дайындау мен жоспарлау.

Қолданылғын әдебиеттер:

1. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

2. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

3. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

 

Бүгінде әуе жолдарымен саяхат жасау Қазақстанда транспорттық саяхаттың көпшілік түрі. Тәуелсіз мемлекет бола отырып, республика шетел туризімі географиясын кеңейту үшін тамаша мүмкіндік алды. Жақында ғана, 15 жыл бұрын, Үндістанға немесе Қытайға барғысы келетін туристер алдымен Мәскеуге жетуі, сосын сол жақтан барып, қызықтыратын елге ұшақпен ұша алатын. Бұл уақыт жағынанда, шығын жағынанда және моральдық жағынан да өте ыңғайсыз болды. Қазіргі уақытта жағдай күрт өзгерді.

ҚР авиа кәсіпорын-ы Қазақстан астанасынан және басқа қалаларынан АҚШ-қа, Италияға, Түркия, Сирияға, БАӘғ Пәкістан, Үндістан, Корея, Сингапур, Қытай, Германияға, Польшаға, Францияға, Грецияға және т.б. мемлекеттерге ұшуды ұйымдастырады. Авиакомпаниялар бұл жердегі қызметтің көмегімен әуеде транспорттық аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейлерде транспорттық қызмет көрсететін сауда кәсіпорындары. Әр мемлекет пассажирларды және жүктерді тасымалдауда өз құқықтары мен ережелерінің бағдарламасы жасалған, бірақта олардың барлығы халықаралық құқықтарға бағынады. Олар, Варшава келісімі 1929 ж, Чикаго келісімі 1944 ж, Халықаралық әуе трансорты ассоциациясы ережелері (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (OASI). Халықаралық ұйымдар: авиатарифтерді қадағалайды; Авиа компаниялардың арасында қатынас жасауға жағдай жасайды; қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыздандырады; саяхатқа шығарушы агеттіктері мен авия компаниялардың арасындағы келісім шарттардың бұзылмауын қадағалайды; аэропорттар мен әуе жолдарын қолданушылардың арасында екі және көпжақты келісім шарттарды даярлайды; авиацияның дамуын әлемдік деңгейде болуына жағдай жасайды және мемлекет арасында қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді; пассажирларды тасымалдауда болып жатқан келеңсіз жағдайларды шешіп отырады.

Қазақстан әлемнің 188 елі қатарында халықаралық авиатранспорт ұйымының мүшесі болып табылады.

Әуе компаниялары мен туристік кәсіпорындардың ұйыдастыруымен Қазақстандық және шетелдік әуе кәсіпорындарының арнайы өтініші бойынша график бойынша ұшатын ұшақтар немесе арнайы рейстермен туристерді тасымалдауға мүмкіндік бар.

Авиакәсіпорын әртүрлі қызметтер ұсынады және олардың қызмет салалары әртүрлі: жолаушылар тасымалдау, жүктер тасымалдау, пошта тасымалдау, чартерлік тасымалдаулар, туристтік саяхаттарды ұйымдастыру, өндірістік – коммерциялық операциялар, сыртқы экономикалық операциялар, консалингтік – ақпараттық қызмет көрсетулер, жобалау және құрылыс, қозғалмайтын мүлікпен операциялар.

Әуе саяхатын ұйымдастыру мен жоспарлауда мамандардың білуі қажет:

- әуе тасымалдаудың нормативті-құқықтық базасы;

- әуе компаниялардың ұсынатын қызметтері, класс және оның айырмашылықтары;

- әуе билеттерін резервтеу жүйесі;

- жүк тасымалдау және оны рәсімдеу ережесі;

- чартерлі тасымалдауды ұйымдастырудың артықшылықтары;

- аэропорттарда қызмет көрсету жүйесі;

- туристік ұйымдардың әуе компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу реті;

- туристік топтың басшысы әуе маршрутында өзінің құқығын және міндетін білуі;

- ұшқанда сақтандыру жүйесімен қамтамасыз ету;

- пассажирлерді сақтандыру ережелері.

«ҚР транпорты туралы» заңында транспорттық кәсіпорын клиенттердің алдында жауаптылығы анықталды, және де кейбір бөлек пассажирлер категориясына жол жүру ақысына жеңілдіктер жүйесі бар. Мысалыға: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға, еңбек мүгедектеріне, жастайынан мүгедектерге және оның күтушісіне, кейбір студенттерге, курсанттарға және азаматтық авиация оқу бөлімінің күндізгі оқу формасындағы тыңдаушыларға, зейнеткерлерге, екі жаққа бірдей билет алған әуе жолаушыларына.

Туристік кәсіпорынның әуе компаниямен ұзақ уақытқа келісім шарт жасауы, бір уақытта анық мөлшерде билеттер алатын болса кәсіпорын оларға жүктерін тегін алып өтуге және туристік топ басшыссын тегін тасымалдауға жағдай жасайды.

Әуе компанияларда келісім шарттың стандартты формасы бар. Көптеген жағдайда туристік кәсіпорындар өздерінің реквизиттерін жазып және қол қойып мөрін баса салады. Бұл аз мөлшердегі топтарға арналған, егер чартерлі әуе рейсі ұйымдастырылатын болса, онда келісім шарт жеке әрбір туристік кәсіпорынмен жасалады.

Чартерлік авиациялық маршрут – бұл өте қиын орындалатын процес, әсіресе алыс шетелдерге саяхатқа шығатын болса, алдын ала есеп айырысуды қажет етеді. Өйткені, авиакомпаниялар алдын ала «ұшу жазықтығын» даярлап мемлекет арасында келісімге келіп, қонатын алаңдарға, жанар-жағар майларға тапсырыс беруі қажет.

Чартерлік қызмет көрсетуде келісім шартты жасағанда «екіжақты келісім» және «екі жақты жауапкершілік» негізгі бөлімдерін білу қажет. Авиакомпаниялар төмендегі бөлімдерде көрсетілген ережелержі орындау қажет:

1. Турфирма тапсырысы бойынша әуе суднасын, алдын ала рейстің қанша тұратынын құжат түрінде көрсету, пассажирлердің қаншалықты сиымдылығын, рейстің номерін, әуе судносының борттық номерін, ұшу жоспарын және маршрутын;

2. Келісім шартта көрсетілген рейстің жоспар мен маршрут бойынша қызмет көрсетуі;

3. Ұшу жоспары өзгеретін болса алдын-ала тапсырыс берушіге баяндау.

Тапсырыс беруші ұшақ алаңына 3 сағат бұрын ұшатын пассажирлердің паспортын, басқада құжаттарын, жүктерін жеткізу қажет. Сонымен қатар алдын ала берілген тапсырыс бойынша клиенттің фамилиясы, аты, жоні, паспорттың номері сәйкес болуы керек. Тапсырыс беруші пассажирлердің алып ұшатын жүктері де келісім шартта көрсетілген мөлшерден аспауы қажет. Пассажирлерді алдын ала құқықтарымен таныстыру қажет. Тапсырыс алушы бортта келісілген жерге жеткенше тамақтандыруға және керегінше тұрмыстық қажеттілігімен қамтамасыз етуі қажет. Егерде ұшақтың келеңсіз жағдайларға байланысты ұша алмаса, дер кезінде пассажирлерді қонақүймен және сол жерге дейін өз қаражатымен жеткізіп салуға міндетті. Қонақүй үш жұлдыздыдан кем болмауы, үш мезгіл тамақ, транспорт және байланыспен қамтамасыз ету.

Егерде рейс тапсырыс берушінің кесірінен ұша алмаса, немесе келісілген уақыттан кешіксе, жүктері көрсетілген мөлшерден асық болса тапсырыс беруші қайта құжаттар толтырылып үстеме ақшасын төлеуге міндетті. Егерде тапсырыс беруші келісілген уақытта қандайда бір жағдайлармен ұша алмайтын болса онда мерзімнен 3 күн бұрын қағаз жүзінде өтініш жазса алдын ала төленген ақысын қайтара алады. Ұшу барысында тапсырыс берушінің қандай бір жүктерінде жетіспеушілік болса, оның орнын қайтаруға міндетті. Тапсырыс алушы жанармайдың қымбаттауына байланысты немесе баратын жерде келеңсіз оқиғалар (табиғат құбылыстары, саяси тұрақсыздық, эпидемия және т.б.) болатын болса рейстен бастартуға құқылы, бұл жерде ешқандай штрафтық санкция жүрмейді.

Туристік кәсіпорын қызметкерлері чартерлік рейстің құнын және оны келісім шарт бойынша қалай төлеу керектігін алдын ала білуі қажет.

«Екі жақты міндеттеме» және «Орындаушы» тарауында пассажирлерді әуе транспортын қалай қолдану керектігін, ондағы ережелерді бұлжытпай орындау керектігін білу қажет – ол тасымалдауға болмайтын заттар.

Туристерге туристік кәсіпорын қызметкерлерге алдын ала жүкті тасымалдау ережелерін айтып түсіндіруі қажет. Онда қанша мөлшерде қымбат заттарды, ішімдіктердің санын, антиквариаттарды, асыл заттарды, темекі бұйымдарын алып жүруге болатындығын түсіндіру.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 937; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.