Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ішкі каюталар. 7 страница




Жолаушыны немесе багажды тасымалдау кезіндегі ережені бұзу жағдайларында (поездардың жүруінің кідірісі немесе поездардың кешігуі, жоғалту, жетіспеушілік, багаждың бүлінуі, багажды кешігіп жеткізу) жолаушы алдымен тасымалдаушыға арыз-шағым беруге немесе сотқа шағымдануға құқылы. Тасымалдаушы атына арыз түсіргенде, арыздар 6 ай ішінде берілуі мүмкін, айыппұл мен өсімді есептемегенде, арыз беру мерзімі 45 күнді құрайды. Арызға сәйкес құжаттар, оның ішінде коммерциялық актілер ұсынылуы тиіс.

Тасымалдаушы берілген арызды қарауы керек және арыз берушіге оның нәтижесін 30 күн ішінде (арызды алған күннен бастап) жазбаша түрде хабарлауы керек. Егер тасымалдаушы арызға мойынсұнса, онда «РФ теміржол транспорты Ережесіне» сәйкес негіз көрсетілуі тиіс.

Егер арыз беруші тасымалдаушының шешімімен келіспесе, сол сияқты 30 күн ішінде жауап ала алмаса, ол тасымалдаушыны сотқа шағым бере алады. Талап беру мерзімі арыз берген күннен бастап – 1 жыл.

Тасымалдаушылардың жолаушыға, багаж жіберушіге, багаж алушыға, басқа мекемеге (оның ішінде туристік фирмаға) жолаушыларды тасымалдаумен, багаждарды, жүк багаждарды тасымалдау кезде пайда болған талаптар берулер болуы мүмкін екендігін әрқашан есте сақтау керек. Мысалы, арыз тыйым салынған багаждарды, заттарды тасымалдау кезінде берілуі мүмкін; тасымалдаушылардың мүлкіне материалдық шығын келтіргенде; тасымалдауға тапсырыс бермегенде және т.б. кезде берілуі мүмкін.

Теміржол саяхатын жоспарлау және ұйымдастыру:

Теміржолдық тур – теміржол транспорт көмегімен туристердің ұйымдасқан саяхаты.

Теміржол транспорты бір мемлекеттің бірнеше аймақтарын, сонымен қатар жеке мемлекеттерді байланыстыруда маңызды рольді атқарады. Кез келген мемлекеттің экономикасының қалыпты және үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Және де ол – туристердің саяхатындағы негізгі қолданатын транспорттарының бірі болып табылады.

Транспорттық қызмет көрсету сферасында теміржолмен тасымалдаудың басқа тасымалдаулардан тартымдырақ бірнеше ерекшеліктері бар. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады:

1. теміржол транспортының үлкен тасымалдау мүмкіндігі;

2. алыс ара-қашықтықтарды жеңу мүмкіндігі;

3. жіберу пунктінен күтіп алу пунктіне дейінгі жоғары жылдамдық;

4. жыл мезгілдеріне және тәулік уақытына қарамастан үнемі тасымалдау.

Қазіргі уақытта туристік мекемелері темір жол саяхатын мынадай сипатта жүзеге асырады:

- Бір немесе бірнеше жолдармен жүретін арнайы туристік – экскурсиялық пойыздарда, оның ішінде маршруттар және шетел бағытында жүретін;

- Жергілікті және қала сыртын қатынайтын пойыздар;

- Туристерді олардың демалыс орнына дейін немесе маршруттың бір пунктінен басқа пунктіне дейін тасымалдайтын жүйелі түрде алысқа қатынайтын пойыздар.

Теміржол туристік – экускурсиялық маршруттар кез – келген станциядан бастауы мүмкін.

Туристік – экскурсиялық пойыздарда мынадай қызмет түрлерін көрсетеді: орналастыру, тамақтандыру, жол жүру, экскурсиялық, мәдени көпшілік, спорттық – сауықтыру қызметтері. Мұнда қызмет көрсету саласының жоғарғы, ол қызметтердің білікті маман болуы ескерілуі тиіс.

Туристік – экскурсиялық пойыздарды қалыптастыру туристік фирма мен басқару араларындағы немесе темір жол бөлімшесінен басталады. Міндетті тәртіпте вагон ресторан қызметімен жеке келісім – шарт құрылады.

Келісім – шарттарды жасау және шығу мерзімін, қозғалыс графигін үйлестіруден кейін, қалалармен туристерді қабылдаулармен графикке сәйкес экскурсиялық қызмет көрсету бойынша жұмыстар басталады. Туристердің қалада болуы мүмкін. Кешкі уақытта дене шынықтыру, мәдени көпшілік іс – шаралары ұйымдастырылады.

Туристік поездардың қатарында, 12 купе-вагондар, 3 вагон-ресторан және «штаб вагон» мұнда туристерге қызмет көрсететін персоналдар: экскурсоводтар, ресторан қызметкерлері, туристік кәсіпорын қызметкерлері болады. Негізінде қызмет көрсету екі сменде жүргізіледі.

Туристік-экскурсиялық поездарда қызмет көрсетушілер екі категорияға бөлінеді: темір жол қызметінің жұмысшылары және туристік кәсіпорын мамандары. Темір жол қызметінің жұмысшылары – олар проводниктер, электрик-механик, поезд бригадирі, вагон-ресторан қызметкерлері, күзет. Туристік кәсіпорын қызметкерлері – олар маршрут директоры, инструктор, музыкалық-аниматор басшысы, тәрбиеші және дәрігер.

Маршрутты ұйымдастырушыға қойылатын талап өте жоғары, өйткені әр түрлі жастағы туристермен жұмыс істеу үшін қызмет көрсететін персонал өз ісіне адал және оны жетік меңгерген маман болуы қажет.

Маршрутты ұйымдастырушы лауазымына туристік-экскурсиондық мекеменің басшысының рұқсатымен тағайындалады және жұмыстан босатылады. Әр маман өзінің мамандығына сай дипломы, сертификаты және туристік-экскурсиондық маршруттарды ұйымдастыра алатын тәжірибесі болуы қажет.

Маршрут директорының міндеті. Туристерге қызмет көрсететін персоналдардардың бағдарлама шарты бойынша жұмыс істеуін қадағалайды. Туристік маршрут графигі, бағдарлама тексті, туристерді тіркейтін журнал, туристік-экскурсиондық ұйымдардың телефоны, мекен жайы, өз жұмысшыларының атқаратын қызметінің инструкциялары, күтіп алатын орындар, тамақтанатын орындармен келісім шарт, туристермен жұмыс істеу үшін қажетті барлық құжаттар рейске шығардан алдын дайын болуы қажет.

Маршрут директоры туристердің немен айналысатынын, оларды сақтандыру жолдарын, поезда жататын орындарын қамтамасыз етуі қажет. Туристердің біреуі ауырып қалған жағдайда оны госпитализация жасауға жағдай жасайды. Басшы құжаттардың барлығына өзі қол қояды, есебін өзі шығарады. Маршрут аяқталған соң туристік кәсіпорындарға өзі есеп береді және әр-бір жұмысшымен өзі есеп айырысады.

Аға инструктор (методист) тікелей маршрут директорына бағынады. Әр бір маршрутта екі инструтордан болады, олардың біреуі аға инструктор.

Аға инструкторрейстің алдын ала:

- маршрурт өтетін жерлерді зерттейді: тарихи кезеңдерге шолу жасайды, табиғи климатын, халықтың ұлттық дәстүрлерін, объект туралы мәліметтер жинайды;

- тақырып бойынша әңгімелер, ақпараттар дайындайды;

- туристерді тіркеуде және орналастыруда ат салысады.

Маршрут кезінде:

- радиодан туристерге маршруттың бағдарламасымен таныстырады;

- радиодан соңғы жаңалықтармен таныстырады, концерттер, радиожурналдар ұйымдастырады;

- басылымдармен қамтамасыз етеді;

- туристерге ақылы экскурсиялар жасауды ұйымдастырады, күнделікті өткізіліп отырған бағдарламаларға есеп жасайды. Екі инструктор болған жағдайда қызметтер бөлініп отырады.

Аниматор (бос уақытты ұйымдастырушы) – тек маршрут басшысына бағынады. Маршрут даярлау барысында төмендегідей қызметтерді атқарады:

- бағдарлама сценариін жазады, тақырыптық кештерде ойындар өткізеді, аудио-видео касеталарды даярлайды, дене шынықтырулар өткізеді, жарыстар ұйымдастырады, табиғатта болған кезде қоршаған ортада қауіпсіздік іс-шараларын жүргізеді.

Музыканы басқарушы (Диджей) – бос уақытты ұйымдастырушыға бағынады. Атқаратын қызметі:

- дискотекалар, кештер, дене шынықтыру кездерінде музыкамен қамтамасыз етіп отырады;

- туристердің арасында ән кештерінің, би кештерінің байқауларын өткізеді.

Туристік поездың дәрігерінің міндеттері н е – саяхатқа шығатын туристерге бірінші медициналық көмек, керекті дәрі-дәрмектер, поездың ішінде санитарлы-эпидемиялық тазалықты, тамақ өнімдерінің сапасын қадағалайды. Аурулар болатын болса госпитализация жасалғанға дейін медициналық қызмет көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Жолаушыларды теміржол транспорттарымен тасымалдау ережелері

2. Жолаушыларды қала сыртына қатынайтын пойыздармен және халықаралық қатынастарда тасымалдау ережелері

3. Қол жүгін, багажды және жүк багажын тасымалдау

4. Қол жүгін тасымалдау ережелері.

5.Теміржол саяхатын жоспарлау және ұйымдастыру.

6. Маршрут директорының міндеті.

7. Аға инструктор, аниматор, музыканы басқарушы, туристік поездың дәрігері – осылардың атқаратын міндеттеріне түсінік.

 

 

Дәріс 14.

Тақырыбы: Су транспортымен туристерді тасымалдау.

Туристік су маршрутын ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Су саяхатын жоспарлау және ұйымдастыру.

Су саяхатын ұйымдастыру бағдарламасы.

Су туризмі және өзендегі круиз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. Транспортное обслуживание туристов: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 368 с.

2. Железнодорожный транспорт: Энциклопедия. – М., 1995.

3. Авчинкин Д.В. Международные перевозки: Правовые аспекты перемещения грузов и пассажиров. – Минск, 1999.

4. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

5. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

 

Су көлігі – бұл халықты тасудың ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы жаңа жерлерді ашу, соғыс және сауда бағытында пайдаланылып келеді. Бұрынғы кезде параходпен жаңалық ашып жүретін болса, ал қазіргі кезде онымен жолаушыларды таситын болған, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм қарқынды дамыды, жолаушылар таситын судалар тұрақты жұмысын бастағаннан кейін туристік круизді суда қайта жабдықталынды.

Транспорттық құқықтық белгілері бойынша бүкіл су транспорты теңіздік және ішкі деп екіге бөлінеді.

Теңіздік транспортпен жолаушыларды багаждармен жүктерді халықаралық, алыс және каботажды тасымалдау орындалады. Каботажды теңіз қатынасында тасымалдаулар бір теңіз бассейініне жататын РФ-ның порты аралығы ресей жағалауларын бойлай жүзеге асырылады. Алысқа тасымалдаулар ресей порты арасында кемелердің ашық теңізде болғанда орындалады. Халықтық теңіз тасымалы РФ-ң тек арасының кесіп өтумен жасалады.

Құқықтық базаларды дамыту және халықаралық Женева конференциясында теңіз құқығы бойынша 4 конвенция қабылданды, онда ашық теңіз, аймақтық теңіз және оған тиіп тұрған аймақ, контингенттік рельеф және ашық теңіздің тірі су ресурсын сақтау туралы. БҰҰ қамқорлығымен халықаралық құқық бойынша үш конференция өткізілді.

Халықаралық теңіз транспорттын регламенттеуде теңіз саласында негізгі халықаралық теңіз ұйымы және жолаушыларды теңізбен тасымалдаудың халық ассоцияциясы ретінде бөлуге болады.

Халықаралық теңіз ұйымы 1948 ж наурызда Женевада ұйымдастырылған.

Ұйымның құрылу мақсаты:

Теңізде жүзу:

- қауіпсіздігі және тиімді кеме қатынасы салығын стандартты жасау мен қабылдау;

- халықаралық сауда кеме қатынасы салалық бірлестік механизмін қамтамасыз ету;

- теңіз үсті ластануын бақылау;

- ұлттық кеме қатынасын дамыту мақсатында халықаралық сауда саласын дискриминациялауды жою және шектеу қою;

- халықаралық конференцияларды өткізу және кеме қатынасы саласындағы халықаралық конвенцияны талдау.

Судалардың жеткілікті мөлшері және жауапты инфрақұрылымы болмағандығынан Қазақстанда су саяхаты әлі толық дамымаған, ал бар болғанда да жақсы ұйымдастырылмаған. Басты бірден бір кінә су проттардың жоқтығы. Порттар бұл жүктер мен жолаушыларды тасуда қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін арналған жағадағы белгілі бір зона немесе аймақ. Порттық зона мыналарға мыналарға қатысты: кемені арқанмен байлап қоятын және қауіпсіз зона, ол жолаушыларды вокзал ретінде күтеді және лайықты қызмет етеді, (байланыс, милиция, кеден, медпункт, және т.б.) тазалық жасайтын бөлім, жанармай қоймасы, зона судаларды жөндейтін және олардың бұзылған жағдайда жөндейтін шеберлер қоймасы сонымен қатар зонада жүктер мен багаждар сақталады.

Порттардың классификациялануы. Құрылысына қарай: олар табиғи болып қарастырылады, яғни оларға табиғи жағдайларда қолданылатын және адамдардың көмегімен құрастырылған порттарды айтамыз, демек олар жасанды болады. Орналасуына қарай: теңіздің жағасында, өзендердің жағасында және көлдердің жағасында орналасқан деп бөлінеді. Арналғанына тағайындалғанына байланысты; әскери, саудаға, жолаушыларға, спорттық. Ал тәртібіне қарай: қарапайым немесе ерекше, баж салығын жинау және кедендік тәртіптен басталуына деп қарастырылады. Тәніне қарай: мемлекеттік немесе жекеменшіктік болып келеді.

Теңіз порттары және судналарды көп пайдаланбастан капиталды жөндеу мен тез арада жаңартып тұруды қажет етеді, сонымен қатар оның шығыны да көп болады, сол себептен бұлардың жолдамасы да қымбатқа түседі. Су транспортының басқа да кемшілігі жылдамдығы аз және су круизінде теңіз ауруына, клаустрофобия ауруына шалдыққан кейбір туристтерге судың географиялық жағдайының қолданысы және де судың кеңістігінің шектеулі болғандығы біраз қиыншылықтар туындатады. Соған қарамастан, түрлі мақсаттардағы мүмкіншіліктерді бере алатын (іскерлік, оқулық, фестивальдық, және басқа да демалыстарда) жолаушылар таситын көлемі ерекше «жүзетін отель» басқа жерлерге баруда өте қолайлы. Су саяхатында туристік экскурсиялық мейрамдарды ұйымдастыру үшін теңіздік және өзендік судаларды жалға алады. Туристік экскурсияларда туристтерге барлық жағдайларын, қызметін қамтамассыз етіп, параходта жүрудің кестесін туристтермен бірлесіп жасайды. Маршрутта, яғни экскурсияларда саяхатшы, тарихшы, этнограф, архитектор және т.б. қызықты адамдармен кездесулер болып, олармен әңгімелесіз. Барлық жағынан комфортталған теңіздік және өзендік судаларда саяхат жасау, сіздің жақсы демалуыңызға себепші болады.

Су саяхатының бағдарламасы ерекше жоспармен өтіледі, өйткені сіз өзіңіздің маршрутыңызда басқа да мемлекеттің, облыстың, республиканың аумағымен жүріп өтуіңіз мүмкін, сол кезде сізге соларды таныстыру үшін ерекше жоспар қамтамассыз етілген. Жергілікті эксксурсиялардың арасын байланыстырушы бөлім – жолдағы экскурсиялық бағдарлама.

Әкімшілік су саяхатын ұйымдастырудан алдын параходтың графиктік қозғалысын, аялдама пунктін, табиғатта демалу орнын, тасымалдау орнын, міну және түсу уақытын, аренданың және төлемақы системасының қанша тұратынын түрлі класстағы каюттардың қанша тұратынын, саяхат графигінің айып пұлын, туристтерге қызмет ететін дәрігерді, турлық мейрамдарды міне осылардың барлығын саяхаттаудан алдын әкімшілік ұйымдастырып алады.

Келісім шартта келесідей параходтық міндеттемелер қарастырылуы тиіс: туристтерді тасымалдауды қозғалыс кестесі бойынша орындау, судалардағы каюталар, салондар және басқа да санитарлық және техникалық талапқа сәйкес келуі тиіс және жату бөлемелеріне керек – жарақ топтамасының зәрулі мөлшерімен жабдықтау.

Туристік кәсіпорынға мыналарды жүктейді: судадағы туристік және экскурсиялық қызметтердің барлық түрімен қаматамассыз ету және мәдени – бұқаралық мерекелерді келісімді жоспармен жасау, судадағы администрациялық тәртіпті келісімді сақтау, егер туристік рейс жүрмейтін болса, жапа шеккен жаққа ақшасын қайтарып береді, оның өлшемі алдын – ала талқыланады; берілген орын толық пайдаланылмаса және саяхаттың уақыты ұзаққа созылса, осылардың барлығы туристік кәсіпорындардың кесірінен болса шығынды кәсіпорын төлейді.

Судалық дәрігер каюталармен салондарда ұқыптылықпен тазалықты, саяхат кезінде ауырып қалған жағдайда алдын алу шараларын, жүзу, күнге күю және көкөністер мен жеміс жидектерді дұрыс пайдалану жолдарын және ауыз су жағдайларын оларды дұрыс пайдалануды және қатаң ұстап қатты ескерту керек екенін айтады.

Әдістемелік нұсқаушы саяхаттағы ең қызықты жәйттарды, радиограммаға қабылдау уақытын, кітапхананың жұмысын және кейін қайту рейстер үшін билетке тапсырыс беру тәртібі жайлы хабардар етіп, айтып отырады.

Аниматор (бос уақыт жетекшісі) яғни, кешкі демалысты, спорттық жарыстарды, тақырыптық кештерді және тағы да басқа мейрамдарды туристтерге ұйымдастырады. Теңіздік немесе өзендік маршрутты ұйымдастыруда туристік кәсіпорын жолдық кәсіпорын мәтінін дайындап қоюы керек; кітапхананы әдебиеттерге, анықтамалық материалдарға, буклеттерге толтыру; спорттық бұйымдарды, мәдени – бұқаралық мерекелер мен карнавалдар үшін костюмдерді дайындау, «Нептун күні» сияқты басқа да бағдарламалардың жоспарын жасау, диспетчерлік журналдар нұсқасының топтамасын дайындау, демалыс орнының көріктенуін қамтамассыз ету және т.б.

Су транспорты маршрутының басшысы. Бұл басшы туристік жолдамада қарастырылған саяхат жағдайларының және туристтерге қызмет көрсету бағдарламасын орындайтын туристік экскурсиялық ұйымдардың міндеттері мен жауапкершіліктерін қадағалаушы.

Маршрут аяқталған соң басшы аванстық есеп беруге міндетті. Осы есеп беру құжаттарымен бірге теплоходта саяхат жасаған туристтердің де пікірлерін тапсырады. Есеп берудің экономикалық бөлімінде маршрут басшысы рейстің сапалы жақтары жайлы баяндама жасайды. Мұнда экскурсия сапасы бағаланады, персоналдардың жұмыстарына баға беріледі, жоспардағы басты кемшіліктер мен ауытқуларды шағылыстырады және сонымен қатар маршруттағы жұмыстардың жақсаруына пікірлер айтылады. Баяндамалық жазбаға ұсынылатындар: соңғы жиналыстағы туристтердің хаттамасы, қызмет көрсету жоспарындағы әр түрлі бұзушылықтардың актілері. Маршрут басшысы турдың соңында берілетін есепке экономикалық бөлігін, онда: экскурсиялардың өтілуі, қызмет көрсеткен персоналдарға түскен шағымдар немесе алғыс хаттар, болашақта туристерден түскен хаттар бойынша жақсартулар, ескертпелер қосылуы тиіс. Сонымен қатар, турпакеттен бөлек шыққан шығындар: жоспарланбаған экскурсияға кеткен шығын, өткізілген кештер, сувенирлер, граммоталар, ресторанда сынған ыдыс-аяқтар, жиһаздар. Тамақтандыру бөліміндегі шығындар: жұмысшылар және қызмет көрсетуші персоналдың тамақтануы және т.б.

Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы - Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді.

Бүкіл әлем транспорттық саяхатқа үлкен ден қойып отыр. Өйткені милиондаған адамдардың өмірі осы транспорт арқылы. Қазіргі транспорттың қай саласы болмасын жаңа технологияларды қолданып жүріс-тұрысты ыңғайластыруда. Бүкіл әлемде адамдардың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне байланысты туристік саяхаттарда көбейіп келеді.

Су туризмі және өзендегі круиз.

Жақын және алыс жерлерге саяхаттауда мұхит, теңіз, көл және өзендермен өту ежелгі уақыттан бері ыңғайлы жол болып табылады. Параходтардың, желкенді флот пен судалардың пайда болуы суда тасымалдау құралдарының жұмысын оңайлата түсті. Қазіргі уақытта суда тасымалдау демалушы туристердің үлкен сұранысына ие болып отырған круиз секторы жақсы дамыған. Теңіздегі круиздің дамуы 1960 жылдан бастау алады. 1980 жылдан бері круиздік бизнеспен 15 ірі компаниялар алға шықты, бұлар: KARNIVAL GROUP (22 параход), ROYAL CARIBBEAN LINE (22 суда), PRINCESS, HOLLAND AMERIKA LINE және т.б. 1995 жылға қарай «жүзетін қонақ үйлер» индустриясы сиымдылығы 150572 орындық 220 ірі пассажирлік лайнерді жасауды ойластырды. Круиздерді ұйымдастырушы судалар жұлдызбен классификацияланады, 1-6 жұлдызға дейін және топтарға бөлінеді:

- стандарт (2-4 жұлдызды);

- премиум (5-5+ жұлдызды);

- люкс.

Круиз маршруттары бағасы бойынша 4 категорияға бөлінеді:

- экономикалық (күніне 75-150$);

- классикалық (күніне 100-200$);

- премиум круиздер (150-400$);

- круиз люкс (1000$).

Cу транспортымен тасымалдау:

- круиз және теңізде тасымалдау;

- өзен саяхаттары және өзендегі круиздер;

- яхталармен, паромдармен, қайықтармен саяхаттау;

- теңіз және өзен экскурсиялары;

Су туристік саяхаттары төмендегідей артықшылықтарды қосады:

- комфорттың жоғары деңгейі;

- көптеген тарифтердің болуы;

- толығымен демалу мүмкіндігі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Туристік су маршрутын ұйымдастырудың ерекшеліктері.

2. Су саяхатын жоспарлау және ұйымдастыру.

3. Су саяхатын ұйымдастыру бағдарламасы.

4. Су саяхатын ұйымдастыруда қызмет көрсететін персоналдардың атқаратын қызметі.

5. Су маршрутын ұйымдастырушы-басшының атқаратын қызметі.

6. Су туризмі және өзендегі круиз.

Дәріс 15.

Тақырыбы: Туристерге қызмет көрсетудің транспорттық жүйесінің жағдайы.

1. Транспорттық саяхаттар

2. Транспорттық құралдарды классификациялау

Қолданылған әдебиеттер:

1. Осипова О.Я. «Транспортное обслуживание туристов»: уч.пособие для студентов вузов.-м:.издат.центр «академия», 2004.-368с.

2. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. НОЛИДЖ. Москва. 1996

3. Гуляев В.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

4. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

10. Александрова А.Ю. «Международный туризм»: уч.пособие для вузов.-м:.аспект пресс,2001.-464с.

Транспорттық қызмет көрсету туристер мен экскурсанттарға ұсынылатын қызмет көрсетудің бөлігі болып табылады. Ол транспорттың әртүрлі түрлерімен: тікұшақ, ұшақ, өзен, теңіз және көл кемелері; автомобиль және т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.

Біздің республикамызда көбірек қолданылатын автотраспорт болып есептеледі. Автотраспортты мекеме адамдары тасымалдауға, азық-түлік және өндірістік тауарларды, туристік құрал-жабдықтарды тасымалдауға қолданылады. Жеңіл, жүк және мамандандырылған (туристік) автотраснпорт деп бөлінеді.

Автомобильдерді жалға алудың бірнеше түрлері бар, бірақ, туристермен жұмыс істеу үшін туристік мекемелердің көпшілігінде ыңғайлысы автобуспен қызмет көрсету болып табылады, негізгі бөлімдері автомекеме мен туристік кәсіпорынның міндеттері болып есептелетін келісім шарт жасалады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 905; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.084 сек.